Ашық сабақ жоспары "Жапсырмалау" 5 сынып көркем еңбек
Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
труд
5 кл
16.04.2019
открытый урок по технологии для девочек 5 класса на тему аппликация .задачи урока: научить девочек эстетическому оформлению исполняемой композиции, чувства вкуса, аккуратности, бережливому отношению используемого материала, технике безопасности при выполнении работы.Использование казахского национального орнамента , знать значение и использование орнаментов
Жапсырмалау.docx
Тақырыбы: Жапсырмалау.
Мақсаты:
1. Жапсырмалау туралы бастауыш сыныпта алған білімдерін терендету, матамен
жапсырмалауды үйрету;
2. Белгілеу, қиып алу, жапсырмалау сияқты жұмыстарды дұрыс орындауға
машықтандыру;
3. Оқушыларды әдемілікке, ұқыптылыққа баулу. Эстетикалық тәрбие беру.
Құралдар: Мата қиындылары, қайшы, қарындаш, ине, жіп, қатырма қағаз.
Көрнекіліктер: дайын бұйым үлгілері, буктемелер.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, үйрету, сарамандық жұмыс.
Қолданылған технология: ойын, СТО.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. «Кім жылдам ?» ойыны арқылы өткен сабақты қайталау
1. Бутербродтардың қандай түрлері болады?
2. Жабық бутерброд қалай аталады?
3. Бутербродты кім ойлап тапқан?
4. Бутерброд – қай елдің тілінен шыққан сөз?
3. Балалар, қазір кластер арқылы бастауыш сыныпта не жапсырмалауды үйренгенімізді
еске салайық.
4. Мағынаны ашу.
Түрлі дән тұқымдары
Ою-өрнекті
жапырақтарды
қағазбен
Жапсырмалау
Күзгі
Түрлі түсті
Ал бүгін матамен жапсырмалауды үйренеміз. Белгілі бір сурет бойынша жұмыс
жасағанда өзімізге қажетті мата түрін таңдап алып, белгілі бір өлшемде қиып қағаз бетіне
немесе картонға жапсырмалаймыз. Матамен жапсырмалау өте ыңғайлы еш қиындық
туғызбайды, жұмыс барысында мата сынбайды, артық кеткен, шетке шыққан тұстары болса
жеңіл қиылып алынады және матамен жапсырмалау көп уақытты алмайды, міне осындай
артықшылықтары бар. Тек желімдегенде артық желім жағып жібермеуді ескеріңдер. Арнайы мамандар жасаған бұйым ұзақ сақталып, мықты болуы үшін матаны алдын ала
крахмалдайды.
4. Балалар, енді суреттерге қарап, мына сұраққа жауап беріндер:
Мына архитектуралық ансамбльді ата,ол қай қалада орналасқан?
(Қорқыт Ата кесенесі, Ақ Орда, Бәйтерек суреттерін көрсетемін)
5.«Бәйтерек» туралы аңыз
6. 16 желтоқсан күні қандай мейрам атап өтеміз? (Тәуелсіздік күні)
Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне неше жыл толады? (20 жыл)
Бүгінгі біздін жұмысымыз, Бәйтерек бейнесі Тәуелсіздіктің 20 жылына тартуымыз.
«Талаппен бастап, талғаммен аяқта» деген халық мәтелін еске ұстап, жұмысты
бастаймыз.
7. Нұсқау карталары таратылады.
Алдыменен жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Жіпті тісімен үзуге болмайды.
Инені жіпсіз тастауға болмайды.
Қайшыны жолдасына үшкір жағымен усынба.
Үтікті мұғалімнің рұксатынсыз қоспа.
8. Өзіндік жұмыс.
9. Сергіту сәті: «Полиглот» ойыны.(Жұмбақты шешіп, онын жауабың орыс, ағылшын
тілінде айту )
1.Тұмсығы мықты
Қырмен ойды тегістеп шықты.(үтік, утюг,iron)
2. Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы, ножницы, pair)
3.«Естіртпе, деп, ине жіптің күңкілін»
Бүтіндейді қағаз кітап жыртығын. ( желім, ножницы, cluar)
4.Бар екен дүниеде жалғыз көзді, Сол көзбен дүниені жалғыз кезді.
Әлемді өзі түгел киіндіріп,
Дүниеден жапжалаңаш өзі безді, (ине, иголка,nudle)
10.Сабақты бекіту:
Мата
қағаз
11. Үй тапсырмасы: Жапсырмалауды аяқтау.
Насибуллина З. М.
Технология пәні мұғалімі
Шәріптоғай негізгі мектебі
Кокпекті ауданы
Ашық сабақ жоспары "Жапсырмалау" 5 сынып көркем еңбек
Ашық сабақ жоспары "Жапсырмалау" 5 сынып көркем еңбек
Ашық сабақ жоспары "Жапсырмалау" 5 сынып көркем еңбек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.