Жалаң және жайылма сөйлемдер
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту.Жалаң және жайылма сөйлемдер
ашық сабақ Жалаң және жайылма.docx
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы
түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету,
сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту,
оқушылардың ой өрісін, тіл байлығын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, топпен жұмыс, талдау
Көрнекілік: постер, тапсырмалар, сурет
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІҮ Жаңа сабақты бекіту
Ү Қорытынды
ҮІ Үйге тапсырма беру
ҮІІ Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз
қонақтармен амандасайық.
Амандасу рәсімі:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды
жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды
болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!
«Бір сыңарым мен, бір сыңарым сен» ойыны арқылы топқа бөлу
Ойынның шарты түстерді таңдау арқылы өз топтарын табады
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар қазір қай мезгіл?
Қазір қыс мезгілі.
Қыс мезгіліндегі қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
Қыс мезгілі суық, аязды, боранды болады.
Дұрыс айтасыңдар.
Балалар қыста не қалайды?
Аққала. Балалар ендеше мен сендерді Аққала қалауға шақырамын ол үшін сендер
өткен сабақ бойынша алған білімдерімізді көрсете білулерің керек.Келісеміз
бе?
4 топқа аққалланың бөліктері бөлініп беріледі .Әр топ сұрақтарға жауап
береді.
«Аққала » ойыны арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
а) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
ә) Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
б) Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
в) Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
г) Жай сөйлем дегеніміз не?
д) Жай сөйлемнің түрлері қандай?
е) Жалаң сөйлем дегеніміз не?
ж) Жайылма сөйлемнің жасалу жолдары қандай?
(оқушылар аққала бөліктерін апарып іледі)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Жақсы,балалар сендер өткен сабақ бойынша білімдеріңді көрсете білдіңдер.
Аққала да сендерге разы.
Енді жаңа сабағымызға көңіл аударайық.
―
білетіндеріңді еске түсірейік.
Сөйлемнің негізгі белгілерін атайықшы.
А) сөздер мағыналық байланыста болады.
Ә) аяқталған ойды білдіреді.
Б) бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады.
В) соңына (.), (!),(?) қойылады.
―
Тірек сызба көрсетіледі:
Жай сөйлем
Балалар, жаңа сабақ бастамас бұрын алдымен сөйлем туралы
Өте жақсы!Жарайсыңдар!
Жалаң жайылма
Ереже.Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп
атаймыз.
Мысалы:Қыс басталды.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма
сөйлем дейміз.
Мысалы:Қыста қар қалың жауды.
Дәптермен жұмыс
Балалар енді дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз.
Сабақ тақырыбы : Жалаң және жайылма сөйлем.
Көркем жазу ЖжжЖжжжж
Оқулықпен жұмыс.
Балалар,оқулықтарыңның 90бетін ашып
2. 102 тапсырма
Жай сөйлем
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Тұрлаулы мүше Тұрлаусыз мүше
Бастауыш Бастауыш
Баяндауыш Баяндауыш
3. Дидактикалық ойын
104 жаттығуды «Тиісті пойызға орналастыр» ойыны түрінде орындайды.
Сөздерден сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдап, жалаң немесе жайылма
екенін анықтайды. Содан соң тиісті пойызға сөйлемдерді орналастырады.
Бұл сөйлемдердің бір –бірінен ерекшелігі неде?(ережені пысықтау)
4) Сергіту сәті: Әуенге билеу.
ІҮ. Топтық жұмыс. 1топ:
(сөйлемдерді тиісті кестеге жаз)
Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем
Күн салқындады. Қар жауды. Кебеже ағаштан жасалады. Жарыста Әсем
жеңіске жетті. Орман жасыл желекке бүркенді. Алмас келді. Кеш болды.
Ғалия еңбек сабағында кесте тікті.
2топ: «Ойлан, тап»
(берілген адам аттары мен сандарды байланыстырып жайылма сөйлем
құрастырады).
3топ: «Жұмбақ сағат»
(Сағат тілі бойынша екі әріптен тастай отырып, жасырынған мақалмәтелді
тап)
р
б
ң
а
і
ң
а
е
а
д д
е
ғ
р
4топ:Сәйкестендір:
Сәйкестендір
Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем
к
т
ы
ш
н
ы
Е
ы
Жолдасты жол айырады
Өнерлі өрге жүзеді
Жаңбыр сіркіреді
Қаз қаңқылдады
Екі дос мектептен қайтты
Қорытындылау:
Енді алған білімдерімізді қорытындылайық. Тақтада сұрақтар бәйтерегі
ілініп тұр. Сол бәйтеректен сұрақтар алып, жауап беріп көрелік. Қәне, әр
топтан бірбір оқушы шықсын
а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? 1топ балалары жалаң сөйлем айтады
(Мысалы Бауыржан келді.) 2топ балалары жайылма сөйлемге
айналдырады(Бауыржан сабақтан келді).3топ балалары жалаң сөйлем мен
жайылма сөйлемнің ұқсастығын айтады.4топ айырмашылығын айтады.
Рефлексия
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
(күн, бұлт,жаңбыр) тиістіге апарып іледі.
Ашык сабак
Ашык сабак
Ашык сабак
Ашык сабак
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.