«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»
Оценка 4.9

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
классное руководство
Детсад—4 кл
02.05.2017
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»
Тәрбие сағаты жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға арналады арналады.Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. .Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру..Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Абайды окы-танырка!.docx
Сабақтың тақырыбы: «Асыл  сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!» Сабақтың мақсаты:  1.Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы,   өскен   ортасымен     таныстыру.   Ақындығы   мен   композиторлығын таныту.  2.Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім­ғылымға құмарлығын арттыру.3.Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып  өсуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:  слайд, бейнетаспалар, көріністер Ұйымдастыру: «Шаттық шеңбері» Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз Үлгі алсын көрген жан мына бізден Кіріспе. Әр сөзінде астарлы ой тұрады. Оқысаң, ашылады ой тұманы. Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы, Абай сөзі – қазақтың бойтұмары –   дегендей   бүгінгі     сабағымыз  «Асыл     сөзді   іздесең,   Абайды   оқы   – таңырқа!»  атты,   артында   өлмейтұғын   сөз   қалдырған   ұлы   дана   да,   дара ақын атамыз – Абай Құнанбайұлына арналады. Биыл міне Абай атамыздың туғанына 170 жыл толады. Еліміздің  түкпір­түкпірінде мерекелік  шаралар өтіп  тойлануда. «Абай ауылына саяхат» жасаудан бастаймыз. І топ: жас  ақындар  тобы ІІ топ: жас өнерпаздар  тобы ІІІ топ: жас оқырмандар  тобы   І кезең:  Абай  дана, Абай  дара  қазақта. Бұл   сабаққа   дайындалу   барысында   біз   оқушылармен   шағын   зерттеу жұмысын жүргізген болатынбыз. Сөз кезегін сол зерттеушілерге берейік. Телехабар: Абай  әлемі. Жүргізуші: Қайырлы  күн  құрметті  қонақтар, көрермендер,  оқушылар ! Бүгінгі  кезекті  «Абай  әлемі»  атты  хабарымызды  бастаймыз. Бүгін   қонақта Абай мұражай­үйінің  қызметкерлері Исатай  мен Айнара,   келіңіздер. Жүргізуші: Исатай  сіз  Абай атамыздың  дүниеге келген  кезеңдері туралы   әңгімелеп  берсеңіз.  Абай 1845 жылы жылан жылында дүниеге  Негізгі аты – Ибраһим болса да,  «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл  есіммен Абай тарихқа енді.Абайдың бар өмірі өзі   туып өскен Шыңғыс  болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.  Жүргізуші: Айнара, сіз ата­анасы  жайлы  әңгімелеп  берсеңіз.        Әкесі ­ тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын­ туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби  шағынан­ақ  Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті.   Исатай Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының,  мінез­құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі,  аңыз­әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі  бала­Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз  халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.   Жүргізуші: Абай  атамыз  қай  жерде  білім  алды  екен? Айнара: Абай 10­12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында  Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде  14  жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды. Исатай: Осы 4 жылдық медреседегі  және  3айлық орыс мектептеріндегі оқуы  аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне  қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел­жұрт оны би етіп сайлайды.  Жүргізуші:  Бізге  көрермендер  сұрағы бар  екен, соларды  тыңдайық. Достық: Абай  атамыз  қандай  тілдерді  меңгерген екен? Исатай: 20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа  заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі,орыс тілдерін үйренді. Жүргізуші:  Бізге  көрермендер   келесі сұрағы бар  екен, соларды   тыңдайық.  Жасұлан: Абай атамыздың  туған  жерінде мұражайы  жайлы  айтсаңыз. Исатай: 1945 жылы  туған  жерінде мұражай – үйі ашылды. Абайдың Жидебайдағы  мұражай ­ үйі ­ ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық  мағлұмат беретін мәдени мекеме. Айнара: Мұражай­үйдің бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған   Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс­келбетін сақтаған. Ішінде Абай  . атамыз  ұстаған  заттары, ыдыстары, кітаптары  сақталған. Исатай: Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады Жүргізуші:  Биыл міне Абай  атамыздың  туғанына  170 жыл толады. Осы мерейтойға  елімізді  мерекелік шаралар, Абай оқулары сайыстары өтуде, атсалысыңыздар, қалып   қалмаңыздар. Сіздерге   қатысқандарыңызға   көп рахмет білдіремін. Хабарымыз  осымен  аяқталды. мұрасы   халқымыздың­асыл   мәдени   Мұғалім:  Абай     қазынасы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Абайды   таныту   арқылы   біз Қазақстанды   әлемге   танытамыз,   қазақ   халқын   танытамыз.  Абай   әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс». Абай  атамыздың  өлеңдері, даналық нақыл, қара сөздері,   адамгершілік   құндылықтарға толы, жастарға үлгі­ өнеге  мектебі.Қазіргі қоғамда өмір  сүріп  отырған  адамдар  үшін ауадай ұлттық  құндылықтар рухани байлықтар, адамдық  биік  қасиеттер Абайдың даналық  ой  толғамдарынан  табылады. Абай ел билеу ісіне ерте араласып, халықтың мұң­мұқтажын көре білді. Ол қазақтың ақылшысы, ұстазы, досы, ар­ынсабының әділ таразысы бола білді Бейнекөрініс: Абай шығармашылығы қалыптасу  кезеңі.   ІІ  кезең:  Абайды оқы , таңырқа   І топ: Жас ақындар  «Абай өлеңдері » ІІ топ Жас оқырмандар «Абайдың қара сөздері » ІІІ топ  жас әншілер  «Абайдың әндері»  . Абай­ақын.   Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне,   жүрегіне   әсер   етіп,   оның   ақындығына   ықпал   етті.   Енді   өзіміз   лирикалық білетін   Абай   атамыздың   жыл   мезгілдеріне   өлеңдері:«Қыс»,«Жазғытұры»,«Жаз»,«Күз».   шақырған өлеңдері: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Сабырсыз, арсыз еріншек, Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, Интернатта оқып жүр талай  қазақ баласы, Әсемпаз болма әрнеге,Құлақтан  кіріп  бойды алар,Ғылым таппаймақтанба.   арналған     Өнер­білімге   Мұғалім: ­   Көріп   отырғандай   ақын   өз   өлеңдерінде   қараңғылық,   надандық, кертартпалықпен   күрескен,   халық   қамын   ойлаған,   жастарды   білімге, еңбекке, өнерге шақырған. ІІІ топ «Абайдың әндері»  Абай – сазгер. ­ Абай   қазақтың   ән­күйін   сүйіп   тыңдаған.   Жаяу   Мұса,   Біржан   сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.  Тәңір қосқан жар едің сен  Сегіз аяқ  Көзімнің қарасы  Қор болды жаным  Бойы бұлғаң  Айттым сәлем, Қаламқас  Ән «Көзімнің қарасы»,   ІІ топ «Абайдың қара сөздері »   Біреуден біреу артылса  Көңіл   құсы   құйқылжытар шартарапқа  Сен мені не етесің?  Ата­анама көз қуаныш  Сүйсіне алмадым сүймедім  Желсіз түнде жарық ай  Абай – ойшыл    . Дана Абайға тең келмес ешбір ақын, Танытты ол адамзаттың асыл затын. Қырық бес қара сөзді жазып кетті, Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.       Абай­ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.   Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.   Жақсы   мен   жаман   туралы   баяндайды,   халқын   алға   ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар.  Кейін 1933 жылы М. Әуезов Абайдың   қарасөздерін   өңдеп,   жүйелеп,   жаңа   баспадан   шығарған. Абайдың   қарасөздері   көркем   әңгіме   емес,   даналықсөздер. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,  (Үнтаспадан қара сөздер тыңдау(17,))       Абай – аудармашы. ­ Абай   орыс   ақыны   А.С.Пушкиннің   «Евгений   Онегин»   романынан үзінділер,   М.Ю.Лермонтовтың,   И.Гетенің   шығармаларын   сүйіп   оқып, аударған.   Біз   оқыған  «Шегіртке   мен   құмырсқа»  мысалын   да И.А.Крыловтан аударған  Абай атамыз екен.       31­сөз­   Естіген нәрсені ұмытпасқа 4 түрлі себеп бар; Әуелі көкірегі байлаулы берік   болмақ   керек;   екінші   сол   нәрсені   естігенде,   я   көргенде ғибрәтлану   керек;   көңілденіп,   тұшынып   ынтамен   ұғыну   керек; үшінші­ сол нәсені ішінен бірнеше уақыт қайталап ойланып, көңілге бекіту   керек;   төртінші­   ой   кеселді   нәселерден   қашық   болу   керек. Егер   кез   болып   қалса,   салынбау   керек.   Ой   кеселдері:   уайымсыз, салғырттық, ойыншы­ күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, ябір нәрсеге құштарлық   пайда   болу   секілді.   Бұл   төрт   нәрсе­   күллі   ақыл     мен ғылымды тоздыратын нәрселер.  37­сөз­  Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылдықтың қарызына еңбек қыласың, Алланың сүйген құлының бірі   боласың.   Бақпен   асқан   тапшадан   мимен   асқан   қара   артық, сақалын   сатқан   кәріден   еңбегін   сатқан   бала   артық.   Жаман   дос көлеңке, басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт шалса,   іздеп   таба   алмайсың.   Досы   жоқпен   сырлас,   досы   көппен сыйлас.Қайғысыздан сақ бол,қайғылыға жақ бол.  Үнтаспадан 17 қара сөзін  тыңдау ­ ­  Абай  атамыз толық  адам қандай  қасиеттерге  ие болады дейді? ( ыстық   қайрат,   жылы   жүрек,   нұрлы   ақыл   дегенді   қалай түсінеміз) ­ 1­   топ     ыстық     қайрат     деген     не?   (   күш­жігері,   төзімділігі, шыдамдылығы) ­ 2­ топ     жылы     жүрек деген   не?   ( ақкөңіл, мейірімділігі, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілігі, кішіпейілділігі) ­ 3­ топ    нұрлы   ақыл  деген  не?  ( талапты, ұшқыр ойлы, кешірімді)  ИӘ , Толық   адам   дегеніміз   адамгершілік құнды   қасиеттер   иесі. Өмірін   Абайды   зерттеуге   арнаған   М.   Әуезов   былай   дейді:   «Абай сөзінің   негізін   адамгершілікке   тірейді.   Барлық   өсиет   ой­толғау еңбектерінің   қорытындысы   тағы   да   адамгершілік   тәрбие   екенін танытады.»    ІІІ кезең:  Абайды оқы, ерінбе!  І топ: Жас өнерпаздар:     Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен.  Абай атамыздың   еңбектеріндегі   жағымды, жағымсыз   қасиеттерді Венн  диаграммасы  бойынша  салыстыру. ІІ топ: Жас ақындар:  көрініс.  « Абай  мен Әбіш» ІІІ   топ:Жас   оқырмандар:   Абайдың     нақыл   сөздері.  Абайдың көптеген   сөздерінің   нақылға   айналып,   күні   бүгінге   дейін   мәнін жоймағанына таң қаласың. Нақыл  сөздерден постер құрастыру.      . .ІІ топ  Мұхтар ауылы  көрініс.  « Абай  мен Әбіш»     Абай: — Қалқам Әбіш, осы әуелдегі жаратылыста ақ зат асыл ма?, қара зат асыл ма?  Әбіш: — Ақ зат асыл ғой!  Абай: — неге қара зат асыл емес пе?  Әбіш: — Қараны қалай асыл дейсіз?  Абай:   —   Біріншіден   дүниедегі   барлық   адам   баласы   жаратылысты көзбен   көреді   емеспе.   Барлық   көздің   ағы   көрмейді,   ортасындағы қарашығы көреді.Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды,  үстіне жазған қара сиядан оқып білім алады. Үшіншіден, Жастық шақта адамның сақал шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады.Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Ал адамда қайрат та азаяды. Сондықтан қара да асыл ма деп ойлаймын!  Әбіш:­ Оның бәрін қалай білдіңіз?  Абай: — Ақылмен білдім  Әбіш: — Олай болса ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе? Екіншіден ақыл­нұр, жарық зат о да аққа ұқамай ма?  Автор.  Абай атамыздың қуанышы ұзаққа бармайды. 1895 жылы 27 жасында Әбіш қайтыс болады. Әке үміті ақталмайды.  1.Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез       ІІІ  топ: Әбіш  ауылы:       Нақыл сөздер айту   2.Адам баласына, адам баласының бәрі дос.  3.Адал  еңбекпен мал іздемек ол арлы адамның ісі.  4.Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол.  5.Пайда ойлама, ар ойла.  6. Адам баласы адам баласынан — ақыл, ғылым, ар, мінез деген  нәрселермен озады. 7. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. ІІІ. Сабақты бекіту: Кубизм  әдісі      І топ: Жас ақындар  «Абай  атамыз  жайлы  әңгімеле» ІІ топ Жас оқырмандар «Абай  еңбектері »   ІІІ топ  жас әншілер  «Абай  еңбектерінен  не үйрендік? »  «Жүректен   жүрекке» ойыны.  Сыныбымыздың   адамгершілік  құндылықтарға  толы  жылы   жүрегі,  Әрқайсымыз     осы   сабақтан   қандай   қасиеттерді   бойымызға жинағанымыды жазып, сынып жүрегіне саламыз.      Мұғалім:  Қазақтың   заңғар   жазушысы   Мұхтар   Әуезов   Абай атамыздың     өмір     жолы   туралы   «   Абай     жолы»   атты   4     томдық романын  1959 жылы жазып шықты. Бұл  еңбегі  дүние  жүзінің 116 тіліне аударылып, бүкіл әлемге қазақ халқын,  тілін  танытты.  Абайдың атамыздың     асыл   мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды.  Абай  туған   елін  қаншама   сүйсе,  елі   үшін  күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі   тірісінде   жетпеген   арманына   біздің   заманымызда   жетіп   отыр. Өйткені,  бүгінгі   ұрпақ   көзі   ашық,  ғылымға,  білімге,  өнерге  құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.              

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.05.2017