Қасым хан (1511-1518)
Оценка 4.7

Қасым хан (1511-1518)

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
история
8 кл
19.01.2017
Қасым хан (1511-1518)
Мақсаты: білімділік: Қасым хан тұсындағы қазақ хандығына кең көлемде сипаттама бере отырып, білімдерін толықтыру, тақырыптың мәнін ашу. дамытушылық: Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының жеткен жетістіктері мен жаулап алған жерлері жайлы мәлімет бере отырып ,оқушылардың бойында батылдық пен ерік жігерін қалыптастыру. тәрбиелік: Оқушыларды отанын сүюге, адамгершілікке, адалдыққа, Қасым хандай ойы ұшқыр, талабы биік ,жігері мықты адам болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан картасы, Қасым ханның қасқа жолына байланысты талдау кестесі, Қасым ханның суреті, үн таспа, интерактивті тақта Түрі: Ашық сабақ Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, пікір-алмасу,картамен жұмыс, дәптермен жұмыс. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару) ІІ. «Менің білетінім» (үй жұмысын сұрау) ІІІ. Жаңа сабақ ІҮ. Қорытындылау ( тарихи сынақ хат, «орнын тауып қой» ойыны) Ү. Бекіту («Білім биржасы» ойыны, тарихи сөзтізбе, презентация қорғау) ҮІ. Бағалау ҮІІ. Үй тапсырмасы ІІ. «Менің білетінім» 1. Қазақ хандығының негізін салушыларкімдер? 2. Жәнібек пен Керей сұлтандар қай хандықтың территориясына қоныс тепті? 3. Хандықтың этникалық құрамы қандай болды? 4. Хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды? 5. Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы не білесің? 6. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесің? ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады. Қасым хан — Шыңғыс хан ұрпағы. Шыңғыс ханның кім екендігі баршаға мәлім. Қасым хан оның үлкен ұлы — Жошыдан тарайды. Жошының он төрт ұлының бесеуі және олардан тараған ұрпақтар ХШ-ХV ғасырларда Еуразияның шығыс бөлігіндегі саяси тарихта үлкен рөл атқарады. Орда Ежен, Бату, Шибан, Тұқай Темір ұрпақтары Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Қазан, Қырым, Қажытархан, Сібір, Хорезм хандықтарының және Мауреннахрдың (XVІ-XVІІІ ғ.ғ.) хандары болған. Қасым ханның шежіресін былайша өрбітеміз: Шыңғыс хан — Жошы - Орда Ежен – Сартақтай – Қоныша – Сасы Бұқа – Шымтай – Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан және Жәнібек хан. Көріп отырғанымыздай, Қасым хан жай ғана Шыңғыс ұрпағы емес, ежелден бері келе жатқан хандық әулеттің тікелей жалғасы, заңды өкілі, Орда Еженнен Орыс ханға дейін Қасым ханның аталары Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінде билік құрған. Алғашында Орда Ежен ұлысы деп аталған бұл бөлік XIV ғасырдың басынан бастап Ақ Орда деп аталады. Саяси-әкімшілік орталық Сыр өңіріне көшіріліп, астана алғашында Сауран, кейіннен Сығанақ қаласында болады. Қасымның әкесі Жәнібек ханның кім болғандығы көпке мәлім. Қазақ хандығының негізін қалаушы және Керей ханнан кейін қазақта хан болған. Ол билік құрған жылдар шамамен 1460 жылдардың соңы мен 1470 жылдардың бас кезіне сәйкес келеді. Жоғарыдағы қысқаша шолудан байқаға¬нымыздай, атақты Қасым хан жай ғана Шыңғыс ұрпағы емес, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында үздіксіз билікте болған текті әулеттің өкілі болып саналады. Ата-бабасынан қалған дәстүр, тектілік оның бойынан да табылады. Ол тек қана хандық әулеттің жолын жалғастырушы емес, сонымен бірге қалыптасқан жаңа саяси, этникалық жағдайларға сай хандық билікті, мемлекеттілікті дамытушы қайраткер ретінде тарихта өз орнын алған тұлға болып саналады. Қасым хан – Жәнібек ханның тоғыз ұлының бірі. Оқушылардың білімін тексеру үшін берілетін зерттеу сұрақтары: 1. Қасым ханның өмірбаяны 2. Бұрындық хан мен Қасым сұлтанның арақатынасы 3. Қасымның билікке келуінің заңдылықтары 4. Қасымның ішкі және сыртқы саясаты 5. Қасым ханның Шайбани ханмен соғыстары 6. «Қасым ханның қасқа жолы» 7. Хандықтың экономикалық және саяси күш-қуатының нығаюы ІҮ. Қорытындылау: 1. Тарихи сынақ хат. Бұнда оқушылар сөйлемдердің арасына тиісті сөзді қойып сөйлемді толықтырып айту керек. 1.Жәнібек пен Керей хандарынан кейін қазақ хандығының тағына ..............1474-1511 жж ..................... кім отырды. 2................ханның ұлы Қасым сұлтан ........... қай жылдан бастап хандық билікті қолына алды? 3. Алайда ханның ел ішінде беделі болмағаннан ол ........................қай қалаға көшіп кетті? 4. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қыдырғали .................. «Жәнібек ханның ұлдарының ішіндегі аса белгілі болғаны................еді» дейді. 5. Қасым хандықтың ..................мен ............белсене араласып, өз елін алыс...........елдердің бәріне танымал еткен ...............тұлға . 6. Қасым хан бүкіл ..........................қыпшақтың ханына айналды. 2. «Орнын тауып қой» ойыны онда картамен жұмыс жасаймыз. Мұнда мұғалім сұрақ қояды оқушылар қойған сұрақтың жауабын тауып,оны картаға апарып іледі. 1. Бұрындық хан қай өзен бойындағы қалаларды қазақ хандығына қаратуға күш салды. (Сырдария) 2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды? ( Шу өзенінің бойындағы Қозыбас деген жерде құрылды) 3. Қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, қай аймақтан Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды? (Түркістан) 4. Шығыс Оңтүстіктегі жерінің басым бөлігі қай өзендердің алабына қарады? (Шу, Талас, Қаратал, Іле, Лепсі өзендерінің алабына қарады) 5. Солтүстікте және шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып,қай тау тармағына дейін жетті? (Қарқаралы) 6. Қазақ хандығының астанасы Қасым хан тұсында қай қала болды? (Түркістан) 7. Хан өмірінің соңына дейін қай қалада отырып, билік жүргізді? (Сарайшық) 8. Мұхаммед Шайбани қаза болғаннан кейін Қасым хан қай қаланы өзіне қаратты? (Сайрамды) 9. Қасым хан тұсында қазақ хандығының сауда экономикасының орталығы қай қала болды? (Сығанақ) Ү. Бекіту: 1. «Білім биржасы» Онда 1,2,3 деңгейде тапсырмалар конвертке салынып, тақтаға ілінеді. Жауап акциямен бағаланады. Дұрыс жауап: жасыл түспен бағаланады. Жақсы жауап беріп бірақ сұрақты аша алмаса: онда қызыл түспен бағаланады. Толық емес жауап: сары түспен бағаланады. 1. Мұхамед Хайдар Дулатидің айтуы бойынша Қасым ханның әскер саны қанша болды. (300 мың) 2. Қасым ханның заңдары туралы не білесің (Қасым ханның қасқа жолы жайлы айтылады) 3. Қасым ханның қол астындағы халықтар қанша болды және оларда қандай тайпалар болды? (1000000 ) 4. Қасым хан сыртқы саясатта қандай саясат ұстанды? 5. Қасым хан қазақ мемелекетін дамытуда қандай жетістіктерге жетті? 6. Қазақ хандығының Қасым билігі кезінде күш-қуаты мен беделінің артқанын неден көруге болады? 2. Тарихи сөзтізбе: Бұнда М.Х.Дулатидің «Жошыдан кейін қыпшақ даласында Қасымдай хан болған емес» деген сөзі шығады. Қ А Ш П Ы Қ Н Д Х Й А Д М І А А М Е Н Ы Й Л Н Е С А С Е А Б О Л Ғ А К С Ы Н Д А Қ Н Ж О Ш Ы Д А ҮІ. Бағалау: ҮІІ. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, «Қасым хан тұсындағы аса маңызды тарихи оқиғалар» кестесін толтыру, Қасым ханға мінездеме беру.
Қасым хан (1511-1518).docx
Омарова Гульшат Амангельдиновна                                            №18 жалпы білім беретін орта мектеп                                                       Тарих пәні мұғалімі                                                        Қарағанды қаласы Сабақтың тақырыбы:  Қасым хан (1511­1518) Мақсаты: білімділік: Қасым хан тұсындағы қазақ хандығына  кең көлемде сипаттама бере отырып, білімдерін толықтыру, тақырыптың мәнін ашу. дамытушылық:  Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының жеткен жетістіктері мен   жаулап алған жерлері жайлы мәлімет бере отырып ,оқушылардың бойында батылдық пен  ерік жігерін қалыптастыру. тәрбиелік:  Оқушыларды отанын сүюге, адамгершілікке, адалдыққа, Қасым хандай ойы  ұшқыр, талабы биік ,жігері мықты адам болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі:  Қазақстан картасы, Қасым ханның қасқа жолына байланысты талдау кестесі,  Қасым ханның суреті, үн таспа, интерактивті тақта Түрі:  Ашық сабақ Әдіс­тәсілі:  Сұрақ­жауап, пікір­алмасу,картамен жұмыс, дәптермен жұмыс. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару)                  ІІ. «Менің білетінім» (үй жұмысын сұрау)                  ІІІ. Жаңа сабақ                  ІҮ. Қорытындылау ( тарихи сынақ хат, «орнын тауып қой» ойыны)                 Ү. Бекіту («Білім биржасы» ойыны, тарихи сөзтізбе, презентация қорғау)                 ҮІ. Бағалау                 ҮІІ. Үй тапсырмасы ІІ. «Менің білетінім» 1. Қазақ хандығының негізін салушыларкімдер? 2. Жәнібек пен Керей сұлтандар қай хандықтың территориясына қоныс тепті? 3. Хандықтың этникалық құрамы қандай болды? 4. Хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды? 5. Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы не білесің? 6. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесің?  ІІІ. Жаңа сабақ:    Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады.                 Қасым хан — Шыңғыс хан ұрпағы. Шыңғыс ханның кім екендігі баршаға мәлім. Қасым  хан оның үлкен ұлы — Жошыдан тарайды. Жошының он төрт ұлының бесеуі және олардан  тараған ұрпақтар ХШ­ХV ғасырларда Еуразияның шығыс бөлігіндегі саяси тарихта үлкен  рөл атқарады. Орда Ежен, Бату, Шибан, Тұқай Темір ұрпақтары Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Қазан, Қырым, Қажытархан, Сібір, Хорезм хандықтарының және  Мауреннахрдың (XVІ­XVІІІ ғ.ғ.) хандары болған. Қасым ханның шежіресін былайша өрбітеміз: Шыңғыс хан — Жошы ­ Орда Ежен –  Сартақтай – Қоныша – Сасы Бұқа – Шымтай – Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан және Жәнібек хан. Көріп отырғанымыздай, Қасым хан жай ғана Шыңғыс ұрпағы емес, ежелден бері келе  жатқан хандық әулеттің тікелей жалғасы, заңды өкілі, Орда Еженнен Орыс ханға дейін  Қасым ханның аталары Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінде билік құрған. Алғашында Орда  Ежен ұлысы деп аталған бұл бөлік XIV ғасырдың басынан бастап Ақ Орда деп аталады.  Саяси­әкімшілік орталық Сыр өңіріне көшіріліп, астана алғашында Сауран, кейіннен  Сығанақ қаласында болады. Қасымның әкесі Жәнібек ханның кім болғандығы көпке мәлім.  Қазақ хандығының негізін қалаушы және Керей ханнан кейін қазақта хан болған. Ол билік  құрған жылдар шамамен 1460 жылдардың соңы мен 1470 жылдардың бас кезіне сәйкес  келеді. Жоғарыдағы қысқаша шолудан байқағанымыздай, атақты Қасым хан жай ғана Шыңғыс  ұрпағы емес, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында үздіксіз билікте болған текті әулеттің өкілі  болып саналады. Ата­бабасынан қалған дәстүр, тектілік оның бойынан да табылады. Ол тек қана хандық әулеттің жолын жалғастырушы емес, сонымен бірге қалыптасқан жаңа саяси,  этникалық жағдайларға сай хандық билікті, мемлекеттілікті дамытушы қайраткер ретінде  тарихта өз орнын алған тұлға болып саналады. Қасым хан – Жәнібек ханның тоғыз ұлының бірі. Оқушылардың білімін тексеру үшін берілетін зерттеу сұрақтары: 1. Қасым ханның өмірбаяны 2. Бұрындық хан мен Қасым сұлтанның арақатынасы 3. Қасымның билікке келуінің заңдылықтары 4. Қасымның ішкі және сыртқы саясаты 5. Қасым ханның Шайбани ханмен соғыстары 6. 7. Хандықтың экономикалық және саяси күш­қуатының нығаюы  «Қасым ханның қасқа жолы» ІҮ. Қорытындылау:  1. Тарихи сынақ хат.  Бұнда оқушылар сөйлемдердің арасына  тиісті сөзді қойып сөйлемді толықтырып айту керек.  1.Жәнібек пен Керей хандарынан кейін қазақ хандығының тағына ..............1474­1511  жж ..................... кім   отырды. 2................ханның ұлы  Қасым сұлтан ........... қай жылдан бастап хандық билікті қолына  алды? 3. Алайда ханның ел ішінде беделі болмағаннан ол ........................қай қалаға көшіп кетті? 4. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қыдырғали .................. «Жәнібек  ханның ұлдарының ішіндегі аса белгілі болғаны................еді»  дейді. 5. Қасым хандықтың ..................мен ............белсене араласып, өз елін алыс...........елдердің  бәріне танымал еткен ...............тұлға . 6. Қасым хан бүкіл ..........................қыпшақтың  ханына айналды. 2. «Орнын тауып қой» ойыны  онда картамен жұмыс  жасаймыз. Мұнда мұғалім сұрақ   қояды оқушылар қойған сұрақтың жауабын тауып,оны картаға апарып іледі. Бұрындық хан қай өзен  бойындағы қалаларды қазақ хандығына қаратуға күш салды. Қазақ хандығы қай жерде құрылды? ( Шу өзенінің бойындағы Қозыбас деген жерде  Қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, қай аймақтан  Шығыс Оңтүстіктегі жерінің басым бөлігі қай өзендердің алабына қарады? (Шу,  Солтүстікте және шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен  Балқаш көлінен асып,қай  1. (Сырдария) 2. құрылды) 3. Сырдария бойындағы  қалаларды қосып алды? (Түркістан) 4. Талас, Қаратал, Іле, Лепсі өзендерінің алабына қарады) 5. тау тармағына дейін жетті? (Қарқаралы) 6. 7. 8. (Сайрамды) 9. болды? (Сығанақ) Қазақ хандығының астанасы Қасым хан тұсында қай қала болды? (Түркістан) Хан өмірінің соңына дейін қай қалада отырып, билік жүргізді? (Сарайшық) Мұхаммед Шайбани қаза болғаннан кейін Қасым хан қай қаланы өзіне қаратты?  Қасым хан тұсында қазақ хандығының сауда экономикасының орталығы қай қала  Ү. Бекіту: 1. «Білім биржасы»  Онда 1,2,3 деңгейде тапсырмалар конвертке салынып,  тақтаға ілінеді. Жауап акциямен бағаланады. Дұрыс жауап:  жасыл түспен бағаланады. Жақсы жауап беріп бірақ сұрақты аша алмаса: онда қызыл түспен бағаланады. Толық емес жауап: сары түспен бағаланады. Мұхамед Хайдар Дулатидің айтуы бойынша  Қасым ханның әскер саны қанша  1. болды. (300 мың) 2. айтылады) 3. болды? (1000000 ) 4. 5. 6. көруге болады? Қасым ханның заңдары туралы не білесің (Қасым ханның қасқа жолы жайлы  Қасым ханның қол астындағы халықтар қанша болды және оларда қандай тайпалар  Қасым хан сыртқы саясатта қандай саясат ұстанды? Қасым хан қазақ мемелекетін дамытуда қандай жетістіктерге жетті? Қазақ хандығының Қасым билігі кезінде күш­қуаты мен  беделінің артқанын неден  2. Тарихи сөзтізбе: Бұнда М.Х.Дулатидің «Жошыдан кейін қыпшақ даласында Қасымдай  хан болған емес» деген сөзі шығады. Қ Д А Л А С А Х А Н Б Ы Ж Ш Й М Е О Н О П А Е С Л Д Ш Ы Д Н А Ғ А Ы Қ М Ы С А Қ Д Н І Й Е К Н А   ҮІ. Бағалау: ҮІІ. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, «Қасым хан тұсындағы аса маңызды тарихи  оқиғалар» кестесін толтыру, Қасым ханға мінездеме беру.

Қасым хан (1511-1518)

Қасым хан (1511-1518)

Қасым хан (1511-1518)

Қасым хан (1511-1518)

Қасым хан (1511-1518)

Қасым хан (1511-1518)

Қасым хан (1511-1518)

Қасым хан (1511-1518)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2017