Түсінік хат
«Мәтінді есептерді шығару әдістері» бағдарламасы оқушылардың математика пәні бойынша білімін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі, оқушыларға өміріміздің жан-жақты өзекті мәселені қарастыратын есептер шығаруға үйретеді. Курс математиканың өмірімен байланысын, қолдану аясының көптігін, өмірде қолданылуын көрсетеді.
Бұл курстың педагогикалық қажеттілігі – мәтінді есептерді шығаруда оқушылардың көбінде қиындық туғызады. Мәтінді есептерді шығарудың әмбебап әдістері жоқ, бірақ есеп шығару кезінде төменде келтірілген ережелерді сақтау қажет:
1. Белгізідерді таңдап алу.
Көптеген жағдайларда есептерді теңдеу құру арқылы шығару оңайға түседі. Басты шарты белгісіздердің саны болып табылады; неғұрлым белгісіздер саны көп болса, теңдеу құру оңай болады, бірақ теңдеудің өзі күрделенеді; жаңа белгісіз енгізу қажет емес, егер бірде- бір шама алдында енгізілген белгізідердің біреуі арқылы өрнектелсе.
2. Теңдеу құру.
Теңдеу құру кезінде есептің барлық шарттарды қолдану өте маңызды. Теңдеулер саны белгісіздер санымен тепе-тең болу керек.
3. Белгісізді немесе белгісіздер жүйесін табу.
Табылған түбірлердің ішінен қажет емес түбірлерді есеп шартына қарай анықтау керек.
Мәтінді есептерді төмендегі топтарға бөлуге болады:
- қозғалысқа берілген есептер;
- жұмысқа берілген есептер:
- концентрацияға және пайыздық мөлшеріне берілген есептер;
- арифметикалық амалдардың компоненттерінің тәуелділігіне берілген есептер;
- пайызға берілген есептер және т.б.
Бұл курстың маңызы зор, мәтінді есептерді шығару әр адамға өмір бойы қажет. Курс 34 сағатқа есептелген және Ұлттық Бірыңғай тестлеуге дайындалуға қажет.
Курс мақсаты: мәтінді есептер шығару тақырыбы бойынша оқушылардың білім аясын кеңейтіп, тереңдету.
Курс міндеттері:
§ «Мәтінді есептерді шығару» білімін тереңдету, жүйеге келтіру;
§ логикалық және шығармашылық ойлауын дамыту;
§ есепте берілген сөйлемдерді тез және ешқандай кідіріссіз математикалық түсініктерге айналдыру дағдыларын дамыту;
§ берілген есептерді шығару алгоритмі, қаолдану аясының көптігі, күнделікті өмірде қолануда әмбебап екендігін көрсету;
§ қаржы, демографиялық, әлеуметтік және өміріміздің басқа да салалары бойынша мәтінді есептер шығару дағдыларын дамыту;
§ оқушылардың математика дан меңгерген білімдері бойынша саралау, практикалық дағдыларын дамытып, қалыптастыру;
§ өздігінен білім алу және оны қолдану дағдыларын дамыту;
§ оқушылардың математикалық мәденитетін көтеру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар курсты оқу нәтижесінде мынаны білуге тиіс:
- бір пункттан екінші пунктке бір бағытта және қарама-қарсы бағытта қозғалысқа қатысты есептерді шешу;
- өзен бойымен қозғалысқа қатысты есептерді шешу;
- бірігіп істелетін жұмысқа, бассейнді сумен толтыруға берілген есептерді шешу;
- қоспалармен ертінділерге берілген есептерді шешу;
- пайызға берілген есептерді шешу.
Тексеру әдістері:
- бақылау жұмыстар мен өзіндік жұмыстарды алу;
- тесттік тапсырмаларды орындау;
- дербес үй тапсырмаларды шешу.
Бағдарламаның жүзеге асыруының қорытындысын жасау әдісі:
Іскерлік ойын
«Мәтінді есептерді шешу әдістері» бағдарламаның
оқу-тақырыптық жоспары
(барлығы 34 сағат)
№ |
Тақырып |
Теория |
Практика |
Ұйымдастыру түрі |
Тексеру түрі |
Мерзімі |
1 |
Бір пункттен екінші пунктке қозғалысқа берілген есептерді шешу |
1 |
3 |
Лекция, практикум, |
Бақылау жұмысы |
|
2 |
Өзен бойымен қозғалысқа берілген есептерді шешу |
1 |
3 |
Лекция, практикум |
Бақылау жұмысы |
|
3 |
Жұмысқа берілген есептер |
1 |
3 |
Лекция, практикум |
Өздік жұмыс |
|
4 |
Қоспамен ерітінділердің концентрациясына берілген есептер |
1 |
3 |
Лекция, практикум |
Тест |
|
5 |
|
1 |
3 |
Лекция, практикум |
Тест |
|
6 |
Пайызға берілген есептер |
1 |
4 |
Лекция, практикум |
Бақылау жұмысы |
|
7 |
Логикалық есептер |
1 |
3 |
Лекция, практикум |
Өздік жұмыс |
|
8 |
Қайталау сабақтары |
|
4 |
Лекция практикум |
Тест |
|
9 |
Қорытынды сабақ |
|
1 |
Іскерлік ойын |
|
|
Қозғалысқа берілген есептерді шешу
Негізгі компоненттері:
S –жүрілген жолы, v-жылдамдығы, t-уақыты;
Есеп: Ара қашықтығы 900 км болатын екі қаладан бір біріне қарама-қарсы екі поезд шығып жолдың ортасында кездеседі.Егер бірінші поезд екінші поезға қарағанда 5 км/сағ жылдамдықпен шығып
Шешуі: Екінші поездің жылдамдығы - х(км/сағ); х>0 деп белгілейік.
Шама |
Қозғалыс |
Жалпы |
|
1 поезд |
2 поезд |
||
S(км) v(км/сағ)
|
450 х+5
1 сағатқа |
450 х
кем
|
900
|
Теңдеу құру және оны шешу:
450(х+5-х)=х(х+5);
х2+5х-2250=0;
-50-есеп шартын қанағаттандырмайды
х1,2=
45
Жауабы: 50 км/сағ, 45 км/сағ.
Өзен бойымен қозғалысқа берілген есептер
Өзен бойымен қозғалысқа берілген есептерді шешу үшін мына деректерді есте сақтау керек:
vөзен ағысымен= vөздік + vағыстың
vағысқа қарсы = vөздік - vағыстың
vплоттың = vағыстың
Есеп: Өзен ағысымен жүзгенде кеме жолына 3 сағат кетірді ал қайту жолына 5 сағат кетірді. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Кеменің тынық судағы жылдамдығын табыңдар?
Шешуі: Кеменің тынық судағы жылдамдығын х (км/сағ);х>5 деп белгілейік.
Шама |
Өзен бойымен қозғалыс |
S=v*t
v (км/сағ) t(сағ) |
өзен ағысымен өзен ағысына қарсы
3(x+5) 5(x-5) тең х+5 х-5 3 5 |
Жұмысқа берілген есептер
Негізгі компоненттері: А-жұмыс, t-уақыт, N- жұмыс өнімділігі
А=N*t
Есеп: Жоспар бойынша бригада 14 күнде егіс алқабын жырту тиіс.
Бригада күнде 5 га артық жыртып жұмысты 12 күнде бітірді. Қанша га жер жыртылды?
Шешуі: жоспар бойынша күніне х (га);х>0 деп белгілейік.
Шамалар |
Жырту |
A=N*t (га) N (га/күніне) t (күндері) |
Жоспар бойынша Нақты жыртылған жер 14x 12(x+5) бірдей
X x+5 14 12 |
Теңдеу құру және оны шешу:
14х=12(х+5);
2х=60;
х=30.
Жоспар бойынша – күніне 30 га болса, онда жыртылған жер алқабының ауданы 30*14=420 га.
Жауабы: 420 га
Концентрацияға берілген есептер
Негізгі компоненттері: А,В,С әртүрлі үш зат массалары mA, mB, mC.
Қоспаның массасы: M= mA+ mB+ mC
Қоспадағы А заттың массалық концентрациясы (қоспадағы таза заттың мөлшері) деп СА шаманы айтады:
СА, СВ және СС массаслық концентрациялары келесі теңдікпен байланысқан:
СА+СВ +СС =1
Қоспадағы заттың А проценттік мөлшері деп шаманы айтады:
РА= СА·100%
Есеп шығару жоспары:
1. Белгісіздерді анықтау.
2. Таза затты анықтау : СА-таза зат мөлшері, (1- СА) қоспа мөлшері
3. Пайыздарды ондық бөлшектерге аудару.
4. Қоспаның өзгерісін бақылау.
5. Теңдеу құрастыру.
6. Жауабын тқжырымдау.
Есеп: Теңіз суының құрамында тұз мөлшері 5%.80кг құрамында 4 % тұз болу теңіз суына қанша таза су құю керек?
Шешімі: х кг таза су құю керек болсын: х>0. Таза зат ретінде тұзды аламыз.
Қоспаның өзгерісі |
Таза зат мөлшері mA=M·CA |
Қоспаның жалпы мөлшері (М) |
Массалық концентрациясы (CA) |
1 |
0,05·80 |
80 |
0,05 |
Қосу |
0,05·80 |
80+х |
0,04 |
Кестенің екінші жолы бойынша теңдеу құрамыз:
0,05·80=(80+х)·0,04
80+х=100
х=20
Жауабы: 20 кг
Арифметикалық амалдардың компоненттерінің
тәуелділігіне берілген есептер
Санның формуласын пайдалануға берілген есептер
1. Есеп: екітаңбалы санын оның цифрларының қосындысына бөлсе, қалдығы 3 болатын 4-ке тең бөліндінің мәнін аламыз.Егер сол санын цифрларының көбейтіндісіне бөлсе, қалдығы 5 болатын 3-ке бөліндінің мәні шығады. Сол санды табыңыз.
Шешімі: a, b Є{0,1,2...9}
ab=10a+ b берілген екітаңбалы сан
Есептің шарты бойынша:
10a+ b=4(a+ b)+3 2 a - b=1 b=2 a - 1
10a+ b=3ab+5 10a+ b=3ab+5 2a2-5+2a =0
a1= 2
a2= есептің шартына келмейтін жауап
Егер a= 2, b= 3
Жауабы: 23
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.