Арғынбек Алтын Мешітбайқызы
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық
тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК
Тарих пәнінің оқытушысы
«Қазақ дастарханының қысқаша тарихы»
факультативтік бағдарламасының тиімділігі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Қaзіргі кeзeңдe білім жүйесін жаңартудың маңызды міндеттерінің бірі - бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой - өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру. Егеменді еліміздің халықтық тәлім тәрбиелерін жинақтап оқу процесіне енгізу зияткер ұлтты қалыптастырудың басты құралы.
Қазақтың ауызбіршілікпен, тұтастықтарын сақтап өмір сүруінің сыры- дәстүр талаптарын орындауда жатыр
Қазақ халқының жиып терген мол тәжірибесіне негізделген ұлттық дастархан тарихындағы ауқаттану, ас қабылдау, тағамды дайындау, ас беру, аспен сыйлау тәртібі жас ұрпақты ізеттілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке адамгершіліктің асыл қасиеттерін күнделікті тұрмыста үнемі үйретуге бағытталған.
Аз ғана өнім түрінен сан-алуан тағам дайындап, оларды сапасын, пайдалы қасиеттерін, дәмін сақтай отырып өңдеуді шебер меңгерген қазақ халқының өз жаратылысына сай болмысымен үйлескен ұлттық дастарханы, оның тұрмыс-тіршілігінің айнымас бөлігі ғана емес, тарихы, көшпелі мәдениеті мен салт-дәстүрін толық сипаттайды.
Бағдарламада халқымыздың тағамдары тарихы, ұлттық дастарханға байланысты салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдары кеңінен қамтылған, қазақтардың ұлттық дастарханы туралы тарихнамада ұмыт қалған деректер берілген, ұлттық ас мәзірлері, оның ерекшеліктері туралы баяндалған.
Тақырыптар мазмұны ұлттық болмысты, қазақы тәлім-тәрбиенің мәнін ұғындыруға, теориялық тұрғыда білім алушыларға қазақтың ұлттық тағам мәзірі, оның тарихы туралы өздігінен білім алуына жағдай туғызуға, сала педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыруға, кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.
Тақырыптарды игеру барысында:
- білім алушылар қазақтың ұлттық дастарханына тән тарихнамада ұмыт қалған құнды деректер арқылы ұлттық тәрбие құндылықтарын түсінеді;
- қазақтың ұлттық дастарханына байланысты әдет-ғұрыптар, ырым, тыйымдар мен түсiнiктер арқылы білім алушылардың адамгершілік - рухани сапаларының дамуына ықпал ететін ізгілікті білім беру ортасын құруға жағдай жасайды;
- болашақ мамандар ұлттық руханият контексінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.
36 сағаттық факультативтік курсқа арналған тақырыптық күнтізбелік жоспарлау «Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Тамақтандыру өндірісі тағамдарының технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша жұмысшы біліктілігі мен орта деңгей оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларында көзделген жалпы кәсіптік пәндер шеңберінде жасалып, болашақ мамандардың білімін тереңдетуге бағытталды.
Бағдарлама халқымыздың тағам тарихы, ұлттық дастарханына байланысты салт дәстүрлерге қызығушылық білдірген тұлғаларға, білім алушылар мен оқытушылар кәсіби білімін арттыруда көмек бере алады.
Бағдарламаның өзектілігі — қазақ елінің мемлекеттілігінің көне замандардан қалыптасқандығын, түркілердің өз заманына сай әлемдік өркениетті қалыптастыра алғандығын зерттеу, кеңінен насихаттау.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.