Қазақ әдебиеті : "М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі 7 класс
Оценка 5
Разработки уроков
docx
русская литература
7 кл
24.02.2017
Пәні: Әдебиет
Класы:7
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі,жазушының ой-түйіні
Сабақтың мақсаты: әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетіне бойлау.
білімділік: оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны тануға,ой айта білуге іздендіру.
дамытушылық: Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу,ойларын дамыту.
тәрбиелігі: адамгершілікке,табиғатты қорғай білуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақтадан жазушы портретін, «Көксерек» киносында рөлде ойнаған кейіпкерлер суреттері.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, салыстыру,ойқозғау,топтастыру,сот,қасқыр, кейіпкелерін ойнау
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру
А(түгелдеу
ә) сабаққа назарларын аудару
«Ойқозғау» Қай жазушының шығармасын алсақ та,табиғат мәселесі назардан тыс қалған емес.
Мына сөйлемге назар аудараайық:
Табиғат –күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя,талбесігі.
Осы сөйлемді оқығанды еске,ойға не түседі? (оқушылар сөзі)
Табиғат –қоршаған орта,халық қазынасы.Пәні: Әдебиет

Табиғат –қоршаған орта,халық қазынасы.
көксерек.docx
Пәні: Әдебиет
Класы:7
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі,жазушының ойтүйіні
Сабақтың мақсаты: әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлердің ісәрекетіне бойлау.
білімділік: оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны тануға,ой айта білуге
іздендіру.
дамытушылық: Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу,ойларын
дамыту.
тәрбиелігі: адамгершілікке,табиғатты қорғай білуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақтадан жазушы портретін, «Көксерек» киносында рөлде ойнаған
кейіпкерлер суреттері.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақжауап, салыстыру,ойқозғау,топтастыру,сот,қасқыр, кейіпкелерін ойнау
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру
А(түгелдеу
ә) сабаққа назарларын аудару
«Ойқозғау» Қай жазушының шығармасын алсақ та,табиғат мәселесі назардан тыс қалған емес.
Мына сөйлемге назар аудараайық:
Табиғат –күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя,талбесігі.
Осы сөйлемді оқығанды еске,ойға не түседі? (оқушылар сөзі)
Табиғат –қоршаған орта,халық қазынасы.
Өзінің шығармасында табиғаттың тіршілік иелерін асқан шеберлікпен суреттеген М.Әуезовтің
«Көксерек» шығармасымен біз таныспыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А)М.Әуезовке Топтастыру жасау.
Б) Композициялық жоспар құру.
В) Шығармашылық жұмыс түрлері.
Г) Қасқырлар туралы мақалмәтел жинау.
Көркем сөз шебері, көп қырлы талант иесі М.Әуезов кім?
. Жазғанын кім оқиды?
(слайдтан жасалған топтастыруды көрсету)
Ой қозғау: Қасқыр қандай? Қасқырға байланысты қандай мақалмәтелдер білесіңдер? Ізденіп
келуге берілген болатын.
Қасқыр жайлы тағы не білеміз? Циркте ойнатыла ма?
Сұрақ: Бұл тақырыпқа жазушы қалай келді? (оқушыдан сұрау)
Біз бұл шығармадан нені ұқтық,оқыдық ?
Сұрақ: 1.Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?
2.Негізгі оқиға не? Табиғатқа жасалған қиянат.
ІІІ. Жалпы шығарма желісі бойынша мазмұнына шолу жасайық.
1. Қараадырдағы қасқырлар мекені. Тағылардың тіршілігі.
2. Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры.
3. Көксерек ауылда. Адамдардан көрген зәбірі.
4. Көксерек және Құрмаш. Баланың таза көңілі.
5. Көксеректің ауылдан кетуі.Ұяластарымен табысуы.
6. Көксеректің жойқын,дүлей күшке айналуы. Құрмаштың қазасы.
7. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
Енді бір сәт экранға қарайық. «Көксерек» киносын көрдіңдер ме?
Ендеше, сол кино барысынан үзінді суреттер тамашалайық. (мағлұматтар айту)
1.Құрмаштың рөлінде ойнаған кім?
2.Нағашы ағасы болып ойнаған актер?
3.Хасен ролінде кім ойнады?
4. режиссері кім?
5.Бай баласын сомдаған және Құрмаштың әжесін ойнаған кім? Адам –саналы тіршілік
өмірді
сүйеді,мейірімді
,қамқор, кешірімді, ұрпақ
өсіреді, өмірін жалғайды
т.б.
Еңбекпен күн көреді.
Тіршілік иелері, ұрпақ
жалғастырады, тамақ табу үшін
күреседі.
Қасқыр –табиғаттың тағысы.
Қатал, ызалы, долы, басты
мақсаты –тән азығын табу.
Ұрлық жасайды.
Ү. Қасқыр мен адамның ісәрекетінде ұқсастық бар ма? Салыстырайық:
ҮІ. Оқушылар,біз өз білгенімізді ортаға салып жатырмыз. Жақсы Көксеректі Құрмаш өсірді.
Бірақ Құрмаш қаза болды. Кім кінәлі? Біз адамдар қай кезде де өзіміздің ісімізді дұрыс деп
санаймыз. Кінәліні табу үшін, кімге барып жүгінеміз?
Ендеше ортаға сот үрдісін өткізушілерді шақырайық.
Соттың сөзі. Айыпталушы Көксеректі алып келіңдер.
Прокурордың сөзі: Көксерек кінәлі. Ол жазасын тартуы керек.
Ақтаушылар сөзі:
Қаралаушылардың сөзі:
Айыпталушы Көксеректің сөзі: Мені адамдар ызаландырды. Олармен түсінісе алмадым.
Ақтаушылардың қорытынды сөзі: Ол –түз тағысы.
Адвокат сөзі
Сот үкім шығарады:
Оқушылардың қорытынды сөзі айтылады.
Соңғы қорытынды ойларыңыз?
ҮІІ. Қоғамдағы ең саналы биік тұлға адам. Барлығы адам игілігі,адам өмірі үшін жаратылған
деп түсінеміз. Бірақ табиғат тіршілік атаулыға бірдей ортақ. Қасқыр да –табиғаттың бір бөлшегі.
Жазушы өз шығармасында түз тағысын қолға үйретуге болмайтынын, табиғатқа адамдар
қамқорлық жасай білуі керектігіне ой түйіндейді.Табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің өмір сүру
құқы бар.Табиғаттағы әр нәрсеге мейіріммен қарау керек.
Бізде бұл шығармадан адамдардың табиғатқа жасаған қиянаттарын ұғындық.
Қасқырды асырауға болмайды,себебі,ол табиғаттың тағысы.
(уақыт болып жатса Көксерекке топтастыру жасату)
Жазушының «Көксерегі» оның ең таңдаулы шығармаларының бірі.
ҮІІІ.Бағалау
ІХ.Үйге: Адамдарға арнап хат жазу.
Қазақ әдебиеті : "М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі 7 класс
Қазақ әдебиеті : "М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі 7 класс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.