10Б сыныбында өткізілген сабақ жоспары
Өткізілген күні: 13 қаңтар 2017 жыл
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны
Сабақтың мақсаты:
1. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы кең ақпарат алу, ойларын тиянақтау бір жүйеге келтіріп, қорытындылау. Лексика тақырыбын қайталау
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, көпшілік алдында өздерін сабырлы әрі мәдениетті ұстауды ескеріп, өзін тыңдата білу мен өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: “Детальдарын қосу” стратегиясы, “Стикердегі сұрақ” стратегиялары, “Ойлан, Бірік, Бөліс” стратегиясы, Пайдалы кеңес айдары
Сабақтың көрнекілігі: постер, презентация, сабақтың эпиграфы.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ұйымдастыру |
Амандасу Оқушыларды түгендеу Топқа бөлу (кәмпит тарату бойынша) (4мин) |
Амандасады Кампит ішіне топ атауы жасырынған |
Үй жұмысын тексеру |
“Детальдарын қосу” стратегиясы Ең алғашқы компьютерлер... Компьютерлер мәліметтер базасы үшін... Әр түрлі құрылғылармен қолданылады... Кеңседе, үйде ... пайдаланыды (4+2мин) |
Сөйлемдерді толықтырады |
Жаңа сабақ |
Компьютердің пайдасы мен зияны
МАҚСАТЫ: Сабақтың эпиграфы “Ақылды компьютерді уақытты үнемдеу үшін пайдаланса, қалғандары уақытын өткізу үшін пайдаланады”
А/Б нұсқадағы Мәтінмен жұмыс “Ойлан, Бірік, Бөліс” стратегиясы бойынша (12+3минут)
|
Мақсатын айтады
Топ өздері оқиды, бір-бірлеріне түсіндіреді, Постерге түсіріп басқа топпен бөліседі |
Сергіту сәті
|
“Апта күндері” 4-5 минут |
|
Практикалық тапсырма |
2 тапсырма бір топ компьютермен жұмыс жасайды, екінші топ қағазға орындайды. (орындалу уақыты мен сапасына назар ауд.)5 минут |
1. Сөздерді дұрыс қолдану 2. Сөздердің антонимін анықтау |
Бекіту |
“Стикердегі сұрақ” (4-5 минут) |
Әр топ стикердегі сұрақты бір-бірлеріне қояды, екінші топ жауап береді |
Қорытындылау |
Мақсатқа оралу
“Пайдалы кеңестер” айдары (4-5 минут) |
Әр оқушы қосымша берілген үй тапсырмасы бойынша копьютермен жұмыс істеу бойынша кеңестер береді. |
Бағалау |
|
Топ басшысы бағалайды (1мин) |
Үй тапсырмасын беру
|
Тақырып бойынша жұр болып диалог құру (1 мин) |
Қиылған суреттердің бөліктері бойынша жұп құрылады. |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.