Әуежай сияқты теміржол бекеті де қаланың келбеті болып табылады. Поездың табалдырығынан түскен адам бірінші кезекте соны көреді. Біз қазақстандық темір жол бекеттерінің ішкі құрылғылары туралы, жолаушылардан не жасырылатыны туралы репортаждар топтамасын бастаймыз. Фотосуретшіміз Виктор Магдеев олардың алтауында болып қайтты, бүгін үшеуі – Защита, Достық және Жетіген бекеттері туралы әңгіме қозғалады.
Күні: Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Саяхатқа шығайық.Әуежайда.Темір жол бекетінде.
Біріккен сөздердің емлесі. Құрмалас сөйлем. Себепсалдар мәнді құрмалас сөйлем.
Өзгелік етістік.
Сабақтың мақсаты: Теміржол тақырыбында тілдерін дамыту, құрмалас сөйлем
туралы түсініктерін қалыптастырып, жасалу жолдарымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Құрмалас сөйлем туралы және де теміржол тақырыбында білімдерін
толықтыру.
Дамытушылық: мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ойпікірін жазбаша тіл арқылы
білдіруге дағдыландыру. Қазақ тілінде сөйлеу тілін, жазба жұмыстарына баулу,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушы бойында адами қасиетке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың әдістәсілдері: сұхбат, сұрақжауап, түсіндіру, сөздік, диалог, инсерт
әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: сөздік, үлестірмелі тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Топ білім алушыларымен амандасамын.
Топты түгендеймін.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Жаңа білімді меңгерту
1 тапсырма:
а) Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну. (Оқылым)
Теміржол бекетінде.
Теміржол бекетінде болып көрдіңіз бе? Қанша рет пойызға міндіңіз? Сіз таңғалатын
шығарсыз, бірақ мен пойыз дөңгелегінің гүрсілін жақсы көремін. Оның себебі
жастық шағымда жатыр ма деп ойлаймын.
Мектепті бітірісімен оқуға түсіп кеттім. Алматыдай әсем қалада оқу бәрінің арманы
болатын. Ал менің арманым орындалып, студенттік өмірім осы қалада өтіп жатты.
Бірақ өзім шалғай жерден келгендіктен, демалыс болса ауылға кеткім келіп
тұратын. Себебі ол жақта анам сағынып, мені күтіп жүретін. Анама тезірек жету
үшін пойызға отыру керек. Пойыз маған онша ұнамайтын. Вагондар лық толы
адамдар. Ушу, бөтен адамдармен бірге жол тартасың. Мен ол кезде ұялшақ
болдым. Қасымдағы адамдармен араласып кету қиын болатын. Қорқатынмын, анам
ылғи: "Жолда абайла, жалғыз тамбурға шықпа, заттарыңды ұрлатып алма" депескертуден шаршамайтын еді. Ол кісінің айтқаны жадымда тұрады.
Қасымдағыларға сенімсіздікпен қарайтынмын. Тезірек ұйықтап қалуға
тырысатынмын. Екінші сөреден орын болса, қуанамын. Төменгі сөреге жатсаң,
жолаушылар келіп отыра береді, мазаңды алады. Өз орныма орналасқаннан кейін
біраз кітап оқимын да, сосын дөңгелектердің бір ырғағындағы гүрсілін тыңдаймын.
"Тықыдықтықыдық", бір гипноз сияқты, "міне, аз қалды, міне, аз қалды" деп
сендіретін сияқты. Соны тыңдап жатып ұйықтап қалатынмын...
ә) Сөздікпен жұмыс
пойыз дөңгелегінің гүрсілі стук колес поезда
жастық шағымда в юности
шалғай жерден издалека
лық толы битком набиты
жол тарту здесь: ехать
ескерту предупреждать
жадымда тұрады хранила в памяти
ұйықтап қаламын – засыпаю
Тілдік бөлім. Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем сложное предложение
Салалас құрмалас сөйлем сложносочиненные предложения
Сабақтас құрмалас сөйлем сложноподчиненные предложения
Аралас құрмалас сөйлем сложное предложение с сочинительной и подчинительной
связами
шылаулар арқылы байланысады связываются с союзами
Құрмалас сөйлем екі не одан көп жай сөйлемдерден құралады, ол жай сөйлемдер
өзара интонация немесе шылаулар арқылы байланысады.
Мысалы: Біз әуежайға ерте келдік, тіркеуден өттік. Біз әуежайға келдік, әрі
тіркеуден өттік.
2 тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударып, бағанға бөліп жазыңдар
Тікұшақ, ұшақ, жеңіл көлік, ғарыш кемесі, кеме, ат арба, пойыз, электропойыз,
автобус, жүк көлігі, трамвай, машина, желкенді қайық
Құрлық жолы:
Теміржол:
Әуе жолы:
Су жолы:
3 тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар. Көлік атауларын табыңдар.
Айман, жол болсын! Қайда шықтың?
Алматыға. Ал өзің не істеп жүрсің?
Түркістанға бара жатырмын.
Қандай көлікпен барасың?
Автобуспен барамын.
Егер асықсаң, ұшаққа билет алмайсың ба? Жоқ, мен асығыс емеспін, сондықтан автобуспен барамын.
Автобуспен неше сағат жүресің?
Автобус жолаушылар пойызына қарағанда тез барады.
Неге пойызбен бармадың? Автобусқа қарағанда сенімді ғой!
Сен Алматыға қандай көлікпен барасың?
Мен Алматыға жеңіл машинамен барамын, өйткені жолда екі қалаға кіруім керек.
4 тапсырма .Жақшаны ашып ,сөздерді қажетті формада қолданып жауап жаз.
Құрмалас сөйлем жаз.
Айтып жіберіңізші, (метро) қалай баруға болады?
Осы автобуспен (орталық мұражай) жете аламын ба?
Қазір 2тролейбусқа ауысып мінсеңіз (темір жол бекеті), тура барасыз.
Мен кітап оқып отырып ,(күткен бекет) жетіп қаппын.
Алыстан келе жатқан туыстарымызды,(Алматы 1 – бекеті) күтіп алуға бардым.
5тапсырма. Берілген мәтінді толықтырыңдар. Біріккен сөздердің астын сызыңдар.
Өткен аптаның сенбі, жексенбісінде біз Астанаға _________________________.
Онда жаңа, үлкен қонақүйге __________________________. Бөлмелеріміз шағын,
бірақ __________________________. Таңертең қонақүйде _________________, ал
кешке мейрамханада __________________________. Астана керемет әдемі қала,
__________________________. Кешке қарай теміржолға келіп, __________.
6 тапсырма. Өзгелік етіс жұрнақтарын (дыр, дір, тыр,тір.ыр,ір,ғыз,гіз,қыз,кіз)
қолданып аударма жасап сөйлемдерді жазыңдар.
Ол мені (заставил поверить). Серік бәрімізге жалықпас үшін қалжың, қызықты
оқиғалар ( вынудил рассказать). Мен лас тамбурды ( затавиль вымыть).
Қарындасынды ұйықтар алдында (умой).Пойыз бір сағатка кешігіп, бізді (вынудили
ждать).
7 тапсырма. Өз бастарыннан өткен темір жол беткетңндегі қызықты оқиғаны 510
сөйлеммен жазындар.
Үйге тапсырма
2) Ережені жаттау
3) Біздің қаламыздың теміржолы туралы мәлімет әкелу.