Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оценка 4.9

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Оценка 4.9
Лекции
docx
русский язык +1
Взрослым
23.01.2018
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соңын бірі – ақпараттық коммуникациялық технология. Ақпараттық коммуникациялық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өндеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық –технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседіҚазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру.
мақала.docx
Қазақ тілі сабақтарында                      ақпараттық коммуникациялық технологияларды                                                  пайдалану                                                                                 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің                                                                               мұғалімі – А.О.Есенова         Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды әр сабақта жан­жақты  қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман  талабы.  Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соңын бірі – ақпараттық коммуникациялық  технология.  Ақпараттық коммуникациялық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өндеу үшін  бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны  қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін  көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға,  қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.Осылардың барлығы  ақпараттық­коммуникациялық технологиялардың дәстүрлі әдістемеге қарағандағы  артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл үйренушінің білім сапасының артуына,  қатысымдық құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік білім беруде ақпараттық­ коммуникациялық технологияларды қолдану тіл үйренушілерді әлемдік мәдени  құндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мәдени аралық  коммуникацияға жағдай жасайды. Бұл технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктері  ғылыми­теориялық тұрғыдан жан­жақты дәлелденген. Алдағы уақытта жоғары талаптарға  жауап беретін ақпараттық­коммуникациялық технологиялардың түрлері арта беретіні  сөзсіз.  Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту  технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту  мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу­ тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі  мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа  технологиялар қолданудың маңызы зор.  Қазақ тілін оқыту – ең маңызды іс. Әрі жиырма бірінші ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепке, мұғалімдерге үлкен талаптар жүктеліп отыр.  Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, біз  оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз  ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингистикалық  жұмысты қарым­қатынас түрінде жүргізіп,бір мезгілде іске асырамыз.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін  қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың  білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін  тигізеді.           Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс  тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы  мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады.  Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы  қарым­қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген  ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер  педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс­әрекеттерімен, ізденушілігіне  байланысты.        Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы  оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой­өрісін дамыту,  шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман  сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің  нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін  қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да  болмасын жаңа әдіс­тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып,  шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне  ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану  оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде  қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс­тәсілдерді мән­мағыналарына, ерекшеліктеріне  қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.  Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына  көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы  құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.  Білім берудегі интерактивті тақтаны қолдану бағытының артықшылығын қарастырсақ:  1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану  2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы  3. Уақыт ұтымдығы  Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара  байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой  операциясының күрделенуіне байланысты болады.  Интерактивті технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ интеллектуалдық қабілеті  дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада  пайдалана білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп есептеймін.  Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолдануда. электронды оқыту  әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты. Оқыту  технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу­ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс – тәсілдерінің  жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық  және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері.  Адамдардың мәлімет алмасуына, қарым­қатынасына ақпараттық коммуникациялық  технологиялар кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпаттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау қабілеттерін  дамыту, ақпаратты сауатты болып өсу, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын  қалыптастыру.  Бүгінгі таңда білім берудің ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Олар:   Электронды оқулықтар   Мультимедиялық технологиялар   Қашықтықтан оқыту   Телекоммуникациялық технологиялар  Мұғалім сызбаларды, суреттерді, жазушы өмірбаянын көрсетуде, тестерді шешуде  электронды оқулықтар мен мультимедиялық технологияларды, интерактивті тақтаны  пайдалана алады. Сыныптарда қазақ тілі әдебиеті сабақтарында интерактивті тақтаны  қолданып, сабақтарымды өткіземін. Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін  тексереді.  Ақпараттық технологияларды пайдалану бұл оқушылардың компьютерлік сауаттылығын,  оқушылардың өзіндік жұмыс жүргізу дағдыларын, ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады.  Компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаны көрсетеді. Компьютер  бір мерзімде сыныптың білімін тексеруге көмектеседі. Заман талабына сай сабақта  қолданылатын электронды байланыс оқушылардың, қызығушылығын арттырып, түсінбей  қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматттарды нақтылауға  мүмкіндік береді. Білімге қызығушылығын арттырады.  Оқыту жүйесінде компьютерді енгізбеген оқу орындары көп ұзамай заман талабына ілесе  алмайтыны сөзсіз. Сондықтан теориялық дәрісті компьютерде көрсету­ұсыну тәсілімен  ұштастыруды өз тәжірбиемде қолданамын. Сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын  ұғымдарды компьютер көмегімен ұғындырамын. Осы сатыда алдын­ала дайындаған сурет,  график және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асыра аламын.  Оқушыға тез есте сақтау, сөйлемді ойда сақтау дағдысын қалыптастыру үшін мынадай  жұмыс түрлерін пайдаланамын. Компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем  белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз  компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап  берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем  мағынасын түсіну, ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы  қандай дәрежеде орындағандығына байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім  дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде  орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты,  өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық  ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды  болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.  Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы  инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап  қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек­ сызба,  дамыта оқыту, деңгейлеп­саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық  тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық  технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін.  Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана  оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Қорыта айтқанда, жаңа  технология арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық  әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі сабақта тиімді әдіс –тәсілдерді, жұмыс түрлерін  қолдану ұстаздың біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Әрбір сабақта  оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді.  «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»  деп Елбасымыз айтқандай, заман көшіне ілестіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алатын,  жан­жақты интеллектуалдық деңгейі жоғары, технологияны меңгерген шәкірт тәрбиелеу  біздің қолымызда.

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2018