қазақ тілінен сабақ жоспары тақырыбы: "Мамандықтар"

  • Разработки уроков
  • docx
  • 21.01.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

10-сынып. Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру Міндеттері: -мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету; -оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету; -оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру; -оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру. Түрі: жаңа сабақ Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы» ойқозғауы, INSEPT – cтратегиясы, СИНКВЕЙН стратегиясы, кластер жасау, көрініс көрсету, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: мамандық аттары жазылған карточкалар
Иконка файла материала сабақ жоспары Мамандықтар.docx
10­сынып. Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау Мақсаты:  Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру Міндеттері: ­мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету; ­оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету; ­оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру; ­оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру. Түрі: жаңа сабақ Әдіс ­ тәсілдері: «Ми шабуылы» ойқозғауы, INSEPT – cтратегиясы,  СИНКВЕЙН стратегиясы, кластер жасау, көрініс көрсету, сұрақ­жауап. Көрнекілігі: мамандық аттары жазылған карточкалар Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу. 2.Әріптерден сөз жасау (түсті қағаздарда жазылған әріптерден сөз жасау). ­ Қандай сөздер шықты? (заңгер, ұстаз, дәрігер)  Бүгін сабақтың тақырыбы қандай? (Мамандық. Мамандық таңдау). 4. Дәптерге жазу. ( Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау) ­Мамаңдықтың түрлерін атаңдар. ­Заңгер, ұстаз, дәрігер немесе басқа маман болғанда адам жұмыс істегенде  қандай болу тиіс? (білімді, білікті, жан­жақты, ұқыпты, тәртіпті ...) ­ Дұрыс, сондықтан , балалар, болашақта сіздерге мамандық алғанда және  жұмыс істегенде білімді, білікті, жан­жақті, ұқыпты, тәртіпті, мейрімді  болуыңызды тілеймін. ІІ. Үй жұмысын тексеру. Талдауларды қайталау және екі сөзді талдау (Әр топ  өзіне қоржыннан талдау таңдайды, морфологиялық пен синтақсистік талдау  және жіктеу). Әріптен жасаған сөзді талдайсыңдар. ІІІ Жаңа тақырыппен танысу және бекіту: Мамаңдық таңдау. Мамандық дегеніміз не? ( Бұл адамның еңбек қызметіні түрі, кәсіп, сүйікті іс,  шығармашылық, қызығушылық, табыс.) Мамандықты таңдау – тағдырыңды таңдау. Осы сөйлемді қалай түсінесіңдер? 1.Жаңа сөздер: Мамандық таңдау – выбор профессии Мектеп бітіруші, түлек – выпускник Өз жүрегінің қалауымен – по желанию сердца Қабілет – способность  Талпыну, ұмтылу­ стремиться Сапалы білім­ качественное знание (сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркестерді жасау, мәтінде табу) 2. Мәтінмен жұмыс : ­ Мәтінді оқу;­ INSEPT – cтратегиясы (+ түсінемін, ­ түсінбеймін); ­ топпен жұмыс: 1­тапсырма:  пантомима жасайды (мәтіндегі мамандықтарды тауып пантомима ретінде көрсету) (әнші, дәрігер, жазушы, ұстаз); 2­тапсырма: кластер жасайды және ол арқылы мәтінді мазмұндайды; 3­тапсырма: мамандық таңдағанда не істеу керек? (сұраққа кластер ретінде  жауап береді). IV.Сабақтың қорытындысы:  СИНКВЕЙН стратегиясы: 1­ Зат есім: мамандық 2­      Сын есім: 3­      Етістік: 4­      Сөйлем: 5­      Түйін: V. Үй тапсырмасы: эссе «Менің отбасымдағы мамандықтар».  VI. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау: VII. Рефлексия  (оқушылар баспалдақтың нешінші кезеңінде көрсетеді).