Қазақстан топонимикасының даму тарихы
Оценка 4.8

Қазақстан топонимикасының даму тарихы

Оценка 4.8
docx
30.11.2020
Қазақстан топонимикасының даму тарихы
ҒПК Әл Фараби іс-шара.docx

 

ШҚО, Өскемен қаласы  

Шәкәрім атындағы  №1 орта мектеп

Ожаева Бахытнур Бахытбековна тарих пәнінің мұғалімі

 

Әл-Фараби әйгілі ғалым, ұлы ғалым

/сабақтан тыс іс- шара/

Аңдатпа: Әбу Насыр әл-Фараби әлемге әйгілі ғалым, ұлы ғалым, энциклопедист, данышпан философ, әдебиетші – ақын, математик, медицина, астрология, логика, тіл білімі ғылымдары.

Мақсаты: Халқымыздың ұлттық қасиеті мен адамгершілігі, азаматтылығы мен ақыл-ой парасаты, имандылығынан терең мағлұмат беріп, жас ұрпақты ізгілікке баулу.

         Оқушының шығармашылық белсенділігін басшылыққа ала отырып, өзіндік ізденуі мен танымдық білімін дамыту.

         Шығыстың Екінші Аристотелі атанған ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылығын оқып үйрену арқылы бала бойында ғылымға қызығушылық, еңбексүйгіштік, адалдық, ата-дәстүріне құрмет сезімдерін ояту.

 

Көрнекілігі: Ұлттық қолөнер бұйымдарымен безендірілген киіз үйдің үлгісі.       

Оқушылар жасаған плакат, ғылым шығармаларының жинақтары.

         Араб тіліндегі төте жазу мен қазақ тіліндегі шығарылған газеттер.

         Әбу Насір әл-Фараби суреті.

 

«Фараби сазы» күйі.

 

1-жүргізуші: Тыңда мені ХХІ ғасыр перзенті. Біз қазір осыдан 10-11 ғасыр бұрын біздің туған топырағымызда дүниеге келген, жер жүзі мәдениетінің Шолпан жұлдызы іспеттес, ұлы ғалым, энциклопедист, данышпан философ, әдебиетші – ақын, математик, медицина, астрология, логика, тіл білімі ғылымдары бойынша көптеген құнды ғылыми еңбектер қалдырған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың рухына бағыштап, әруағына бас иіп, оның ерлікке толы ғұмырының қойнауына көз жібереміз.

 

2-жүргізуші: Әбу Насыр әл-Фараби әлемге әйгілі ғалым болған. Ол 870-950 жылдары өмір сүрген. Ежелгі Фараб қаласында туып - өскендіктен, араб елдерінде оын Фараби атап кеткен. Оның толық аты жөні Әбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат Түрки.

         Әл Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. Өйткені, көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуреннахрда балаларды түрлі қолөнер мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезінен бсталатын болған.

 

1-жүргізуші: Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы таяу және орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбу Насыр Бағдатқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан, Бұқара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді.

         Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар салып, Бағдаттан Шамға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді.

 

2-жүргізуші: Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Оның «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Реторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты.

 

1-жүргізуші: Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Әбу Насыр Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.

          Әбу Насыр әл- Фараби көзінің тірісінде-ақ ”Шығыстың Аристотелі" аталған. Сонымен бірге ол атақты философ, математик және музыкант болған. Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб, түрік, парсы, еврей және грек тілдерін жетік білген. Ол 200-ге жуық ғылыми кітаптар жазған. Солардың 117-сінің аттары белгілі ( мысалы ”Кемеңгер меруерті",”Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", ”Мәселердің түп мазмұны", ”Ғылымдардың шығуы", ”Батысқа жету" сияқты т.б.көптеген трактаттар), ал әзірге табылған 36 кітап әр елдің кітапханаларында сақтаулы.

Көрініс: «Ұшқан ұя Фараб- туған елім»

1-жүргізуші: Әл-Фараби саяхаттағанды жақсы көрген. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетілуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәр кісіге әрі ғажап, әрі таңысық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтарында Бағдад, Шам, Каир, Хорасанда болған.

Слайд: Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылымы өркен жайған елде тұруы тиіс. Әл-Фараби

 

Мұғалім: Сонымен, әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдад қаласында өткізді. Ғұлама- ғылым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдер ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.

Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып,

бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40 жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциколпедист ғылым екендігін дәлелдейді.

 2-жүргізуші: Әл-Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотельі» атанған есімі әлемге мәшһұр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.

1-жүргізуші: Фарабидің «Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін ең алдымен нені білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зеріттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.

1-жүргізуші:  Әл-Фарабидің әлеуметтік – қоғамдық, және этикалық көз -қарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала тұрғандарының көзқарастары», «Бақытқа жол сілтеу», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.

2-жүргізуші:  Слайд:Қайырымды қала басшысының қасиеттері туралы.

Өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана басшы бола алады.

Біріншіден, бұл адамның мүшелері мүле мінсіз болуы тиіс, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай ұғып алатын болуы керек. Өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін есіне жақсы сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын болуы керек. Алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт. Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық айтып бере алатын ділмар болуы шарт. Өнер білімге құштар, оқып үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай бұған оңай жететін болуы керек. Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келденде қанағатшыл болуы керек. Сауық құмарлықтан аулақ болуы керек. Шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп өтірік-жалған мен суайттарды жек көруі керек.

1-жүргізуші:  Әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» деген трактатында этика-эстетика мәселелеріне талдау жасай келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы білім категориясының ғылыим негіздерін ашып көрсетті. Этика жақсылық пен жамандықты ажыратуға түсінуге мүмкіндік беретін ғылым екендігін дәлелдеді. Әл-Фарабидің гуманистік идеясының басты шарты- адам бойындағы білім, мейірімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте тұтастықта өмір сүру керек деп білді.

2-жүргізуші: Бақыт туралы. Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып соған ұмытылуы керек. Содан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек.

Бақыт-өз басын үшін көксейтін игілік.Бақыттың ар жағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жеткізетін еркін әрекет – тамаша әрекет.Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайрымдылы.Қайрымдылық дегеніміз – оның өзі белгілеген , бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық.

...Бақыттың мәні – парасаттылықта ,әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде...адамның өз мінез -құлқын , іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп , игілікке бағыштап отыруында.

1-жүргізуші:  Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазған. Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы» т.б еңбектері бар.

2-жүргізуші:  Әдебиет саласы бойынша Фарабидін бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі – « Өлең өнері» деп аталады.Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселеріне арналған. Екіншісі- «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»деп аталатын еңбегі .Мұнда Фараби грек поэзиясының жанырларына ,терминдеріне талдау жасаған.

15 оқушы  Әл-Фарабидің өлеңдерін оқиды.

Қашықтасынң туған жер- қалың елім

Небір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен , қанатым талды менің,

Шыңыт жолға қарауменен.

***

Бауырым,қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

***

Тамылжып бал тыныштық айналамнан

Тылсым түнге құшағын жайған далам

Мен жатырмын ұйықысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

***

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзінді

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

***

Слайд: Барлық поэтикалық шығармалар бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеу үшін ғана шығарылған.

Әл – Фараби

 

1-жүргізуші:  Араб музыкасын жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г.Фармер: «Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби- Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ әл-Фараби бас король болып табылады. Басқаша айтқанда музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған»- дейді.

Мұғалімнің сөзі: Қорыта айтқанда әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабы» - музыка өнері қақында толық білім беретін қайнар көз. Оқырман бұл кітаптан музыкалық өнердің тәжірибесі және теориясы туралы пайдалы білімдерді табады.

Фараби музыканың емдік қасиетін,жағымды әсерін жан –жақты дәлелдеді , сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты.Ол музыка теориясын жазып қана қойған жоқ, ол музыкалық аспаптарды да қолдан жасап,сол аспаптарда керемет ойнай да білген Ойлап тапқан аспаптарынын бірі «канун»Қазақ домбырасының атасы –ұлы бабамыз әл-Фараби.

Күй орындату

Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.

Әл - Фараби

Мұғалімнің сөзі: Әл-Фарабидің мұрасы, әл-Фараби туралы білетініміз аз. Әл-Фараби әлем халықтарын біріктіретін тұлға. Оны хан тұтатын 3 мемлекет бар біріншісі-Иран /олар әл-Фарабиді бізден шыққан дейді/, екіншісі-Қазақстан /ол Отырардан шыққан/, үшіншісі-Араб елі, Мысыр, Сирия т.б мұсылман елдері әл-Фарабиді айрықша қастерлейді.

2-жүргізуші:  Біріншіден, әл-Фараби антикалық заман мен исламды өзара жақындастыра синтез жасап, жаңа бір мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Екіншіден, әл-Фараби грек ойшылдарының асыл мұрасын жаңғыртты. Сөйтіп шығыста үлкен қозғалыс жаңа бағыттар бастады.

Слайд: «Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу»

Әл-Фараби

 

1-жүргізуші:  Әл-Фарабиді Қазақстанда тұңғыш зерттеген-Ақжан Машани, Ағын Қасымжанов.

Мұғалімінің сөзі: Әл-Фараби- бүкіл түркі дүниесінің ғұламасы. Әл-Фарабиді қазақ елімен қауыштыруға көп еңбек сіңірген Ақжан Машани.Ақжан Машани- Әл-Фараби дің зиратына елімізден тұңғыш барған адам.,1968 жыл.

Ағын Қасымжанов шетелдерде әл-Фарабидің рухани мұрасы жөнінде баяндамалар жасап,кітап шығарған. Ол кісінің жетекшілігімен Философия және құқық институты жанынан 1975жылы әл-Фараби мұрасын зерттеу орталығы құрылды.

Сол жылы А.Қасымжановтың Б.Ғафуровпен бірлесіп жазған «Әл-Фараби – мәдениет тарихында» деген монографиясы Мәскеуде жарық көрді.Бұл еңбек қоғамда үлкен серпіліс тудырды.

2-жүргізуші:  Жалпы Әл-Фарабидің қазақ жұртына оралуы, танылуы 1970 жылдан басталады. 1993 жылы А.Қасымжанов ұйытқысы бойынша С.М.Киров атындағы университетке Әл-Фараби есімі берілді және сонда Әл-Фараби туралы орталық берілді.

Әбу Насыр Әл-Фараби өміріне қатысты оқиғалар шежіресі (хронологиялық тәртіп бойынша )

Шығармашылық:

Әл-Фараби тұлғасының әлі ашылмаған қырлары қандай ?

*Әл-Фарабдің адамзат мәдинетіне сіңірген еңбегі зор.Ғалым мұрасының қазақмәдинеті үшін қандай маңызы бар ?

*Әл-Фараби айналыспаған ғылым саласы кемде-кем.Бірақ соңын ішінде қай ғылымға ерекше үлес қосты деп ойлайсыз?

Сіздің ойыңызша,әл-Фараби тұлғасының әлі ашылмаған қырлары қандай?

Әл-Фараби - біздің үлкен бәйтерегіміз!

             Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу Насырәл-Фараби « Адамдар баққытты болуы үшін біріне-бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала- ізгі қала болады .Халықы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам

да ізгі қоғам болады Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады.Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа үмытылып, біріне-бірі көмектесіп отырса ,бүкіл жер жүзі ізгі болар еді »,-дегендей осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып,рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласына енгізген сайын егеменді еліміздің ертеңі айқын,болашағы жарқын болары сөзсіз.

әл-Фарабидің қазақ мәдинетіне тигізген үлесі орасан зор.

« Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында

« Біз өзіміздің ұлтық мәдинетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек

Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады»-делінген.

Бірлік ,ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық,ең алдымен,өзімізг- қазақтарға керек. Осы айтылған ойдың мән-мағанасын түсінсек ,ұлы ғұламаның бай мұрасындағы ғибратты сөздермен ұштасып жатқандай.

Қазақ ойшылдық тарихындағы дара тұлғаның филасофия,таным теориясы, музыка,логика,жан, саясат пен этика туралы пәлсапалық ойлары-ұрпақтан ұрпаққ мұра болар ой қазынасы.

 

Қолданған әдебиеттер:

1.     Б.Ысқақов. «Сөнбес жұлдыздар»  Алматы,1989.

2.     А.Көбесов «әл-Фараби» Қазақстан баспасы  Алматы

3.     Ә.Дербісәлиев «Қазақ даласының жұлдыздары» Алматы «Рауан»


 

4.    

ШҚО, Өскемен қаласы Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп

ШҚО, Өскемен қаласы Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп

Бірақ Әбу Насыр Бағдатқа бармас бұрын жолай

Бірақ Әбу Насыр Бағдатқа бармас бұрын жолай

Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың

Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың

Фарабидін бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады

Фарабидін бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады

Күй орындату Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді

Күй орындату Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді

Фарабидің қазақ мәдинетіне тигізген үлесі орасан зор

Фарабидің қазақ мәдинетіне тигізген үлесі орасан зор
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020