Қазақ_тілі_В1_оқу_құралы
Оценка 5

Қазақ_тілі_В1_оқу_құралы

Оценка 5
Разработки уроков +1
docx
преподавание
29.11.2020
Қазақ_тілі_В1_оқу_құралы
учебное пособие
Қазақ_тілі_В1_оқу_құралыАмангелді.docx

А.А. Амангелді

 

 

               

ҚАЗАҚ ТІЛІ

https://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=65939fd124ab8b60&mb=imgdb_preview_1839

 

 

 

 

 

 

 

Нұр-Cұлтан, 2019

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

А.А. Амангелді

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

 

 

Оқу құралы ретінде университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұр-Cұлтан, 2019

 

 

ӘОЖ 811. 512. 122 (075.8 )

КБЖ 81.2 (5 Қаз)  73

Т 48

 

А.А. Амангелді. 

Қазақ тілі (оқу құралы). Нұр-Сұлтан: "С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасы," 20019.- 144 б.

 

 

Пікір жазғандар:

Т.Ж. Тоқсанбаева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

С.Қ. Иманбердиева, филология ғылымдарының докторы

Ж.М. Искакова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Оқу құралы жоғары оқу орындарының В1 (бағыты) деңгейін меңгеретін барлық мамандықтың студенттеріне арналып құрастырылды.

Еңбекте берілген  материалдар студенттің кәсіби деңгейде сөйлесе білуіне, әңгіме құра алуына, жан-жақты білікті маман ретінде өмірдің кез келген саласы бойынша  тұжырым жасай алуына, сөздік қорын молайтуына, сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқу құралында берілген мәтіндер негізінде студенттер мамандық бойынша тың ақпарат алып, өз ой-пікірін, көзқарасын нақты, анық жеткізуге дағдыланады.

Ұсынылып отырған еңбекте тілдік қатысымның төрт деңгейі де (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) қамтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті, мемлекеттік тілді жетік білетін мамандарға деген сұранысы артып, қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгертудің әдістер-тәсілдері артып, талап күннен-күнге күшейіп келе жатқандығы белгілі.

2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығымен бекітілген жоғары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жасалған жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ жоғары оқу орнының В1 (бағыты) деңгейін меңгеретін барлық мамандықтың студенттеріне арналып құрастырылды.

B1 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгерудің міндеттерін шешуді көздеу мақсатында құрастырылған.

Болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.

Сөйлеу әрекетінің төрт қағидаты (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) қамтылған. Мәтіндерге байланысты түрлі деңгейдегі сызба, кесте, жаттығулар түріндегі тапсырмалар берілген. Ол тапсырмаларды орындау арқылы студент сабақтада мүмкіндік алады және  студенттердің ойлау үрдісін жан-жақты жетілдіру, өзіндік ойын жеткізу, пікір қоса білуі, негізгі ойды анықтау, нақты деректерді айқындай білу дағдыларын қалыптастыруға, мамандығына сай білім деңгейлерін кеңейтуге тірек болады. Еңбекте берілген лексикалық материалдар мен грамматикалық тапсырмалар мазмұндық жақтан жүйеленіп берілген.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында тілді білу В1 деңгейі 1- курста білім алатын студенттерге қазақ тілі пәнін оқытуда қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-      модуль. ЖЕКЕ ТҰЛҒА

 

1- сабақ

 

Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны.  Жеке тұлғаның іс-әрекеттің, қарым-қатынас пен жеке басының белсенділігінің алатын орны.

Грамматикалық тақырып: Зат есімнің септік жүйесі. Қабыса, матаса байланысқан зат есімді тіркестердің қолданысы.

 

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма . Жаңа сөздермен танысыңыздар:

Жеке адам, тұлға - личность

Жеке адамдық ерекшеліктер- особенности индивидуальные 

Аңғарылған түрткілер- мотивы осознанные

Даралық даму- развитие индивидуальное

Даралық сана-  сознание индивидуальное

Есте қалдыру түрлеріиды запоминания

Жеке адамның қасиеттеріачества личности 

Жеке бас ерекшеліктерін ескеру – учетиндивидуальных особенностей 

Жеке бастық дүниетаным- мировоззрение личности 

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар:

 

Жеке тұлға – индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады.Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.

Тұлғаның басқадан айырмашылығын көрсететін белгілердің жиынтығы, сонымен қоса қабылдау негізінде алынған жобаның жиынтығы оның мәнін даралық ретінде анықтайтын ерекшелігін білдіреді. Содан болар оның психо-физиологиялық қызметі өзінің адамзат популяциясына қатыстылығын, өзі туралы пікірін, табиғат құбылыстары жайлы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табу арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып отыр. Белсенділік және оның жеке тұлға дамуындағы маңызы әрекет ( http://referatkaz.kz/сайтынан алынды).

 

АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ  құрастырыңыздар: 

Үлгі: Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4- тапсырма . Сөйлем құрастырыңыздар:

Жеке тұлға, даралық, адамгершілік, зейін қою, зер салу, икемділік, көңіл бөлу, көрнекті әсерлі ойлау, қабылдау көлемі, қайталау, мәдениет, мінез-құлық, сапа, сезім, сыртқы іс-әрекет.

 

5- тапсырма Мәтіннен түсінгеніңізді айтыңыздар:

  Адам мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.

Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді.

Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.

Даралық – адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндікі іс әрекет стильдерінен байқалады.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Осы орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет. Жеке тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының ықпалы зор. «Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері деп белгілі бір адамға тән оның мінез құлқындағы, ақыл ойындағы, қабілетіндегі, тағы басқа басты қасиеттерін басқа адамдардан елеулі айырмашылығын айтуға болады. 

 

2- сабақ

Тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Мәтінге қатысты лексикалық қормен танысыңыздар.

Адамгершілік қасиеттері, дара ерекшеліктері, жауапты адам, тәжірибесінің молдығы, дүние танымы, қоршаған орта, адамның ішкі әлемі.

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді айтыңыздар:

Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Жеке тұлғаның өзегі – оның «Мен» – жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен» - жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет.

Жеке тұлға дүниедегі бар нәрсені сол дайын түрінде қабылдап қана қоймай, өзіндік саналығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның өзгеруіне, қоғамның дамуына әсер ете алады.

Жеке адамның индивид қалпынан тұлғатұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері әсер етеді.

Ұлттық тәрбиенің негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты адамдар жер шарының әр бұрышындағы кез келген ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық жаңалықтарды біліп отыруларына мүмкіншіліктері бар. Соның нәтижесінде адамның дүние танымы да кеңейе түсуде.

Әр жеке тұлғаның дүние танымы дегеніміз адамның дүниеге, қоғамдық қатынастарға, табиғатқа, өзіне деген көз қарастар жүйесі, оның бағыттылықтарының формасы. Ал адамның дүние танымы арқылы оның құндылықтары, өмірлік идеалдары мен ұстанымдары байқалады (Ғаламтор материалдарынан).

 

ЖАЗЫЛЫМ

3- тапсырма. Мәтін бойынша бес-алты сұрақ жазыңыздар.

 

АЙТЫЛЫМ

4- тапсырма. Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің рөлі туралы ой бөлісіңіздер.

 

3- сабақ 

Тақырып: Азаматтығы, ұлты, білімі, оқу орны

 

ТЫҢДАЛЫМ

Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысыңыздар,есте сақтаңыздар:

туған жылы, күні, айы – год рождения, число, месяц

туған жері – место рождения

ұлты – национальность

отбасы жағдайы – семейное положение

азаматтығы – гражданство

мамандығы – специальность

еңбек өтілі – стаж работы

 тілдерді білуі – знание языков

компьютерлік сауаттылығы – компьютерная грамотность

білім - образование

жоғары білім - высшее образование

орта білім - среднее образование

ата-ана – родители

оқыдым – учился

түстім – поступил

бітірдім – окончил, закончил

ауыстым – перевелся

өмірбаян автобиография

үйінің мекен-жайы мен телефоны – домашний адрес и телефон

толтырылған күні мен жеке қолы – дата и личная подпись

жеке қасиеттері – личные качества қызығушылығы – хобби (интересы)

 

ОҚЫЛЫМ

Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңымен және осыларға сәйкес басқада ҚР заңнамаларымен реттеледі. Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болады:

1.                  Туғанынан.

2.                  Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау арқылы.

3.                  Қазақстан Республикасының мемлекеттер арасындағы келісімдермен белгіленген тәртібі немесе негізі арқылы.

4.                  Осы Заңмен белгіленген басқа негіздер арқылы.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 16 б. сәйкес ҚР азаматтығына қабылдана алады: - Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде бес жылдан кем емес тұрған немесе Казақстан Республикасының азаматымен 3 жылдан кем емес некеде тұрған адамдар; - Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасы азаматтары арасынан жақын туыстарынан біреуі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары: -балалары (оның ішінде асырап алған балалары), жұбайы (зайыбы), ата–анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындастары, аға-інісі, атасы немесе әжесі.

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.

Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

 

  ӨМІРБАЯН

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады.

 

ЖАЗЫЛЫМ

 

5-тапсырма. Үлгіні пайдаланып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

ӨМІРБАЯН

   Мен, Марат Дәулетұлы Тағаев, 1963 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Нарынқол орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. Ата-анам бар: Әкем Тағаев Дәулет – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Тағаева Сатылхан – ұзақ жылдар бойы Нарынқол орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Үш балам бар, олар орта мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенанттық әскери шенім бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын тілдерін жетік білемін. Компьютерлік бағдарламаларды толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекен-жайым: Семей қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 177 үй.

 

Сөздік

жеке қасиеттері – личные качества

қызығушылығы – интересы (хобби)

тілдік дағдылары – владение языками

жауапкершілік-ответственность

мақсаттылық– целеустремленность

адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділігі – коммуникабельность

алға қойған міндеттерге шығармашылық қөзқарас – творческий подход к выполнению поставленных задач

образование – білімі

специальность – мамандық

место работы – жұмыс орны

специализация – мамандану

предыдущий опыт работы – бұрынғы жұмыс тәжірибесі

владение иностранными языками – шет тілдерін білу дәрежесі

личные качества – жеке басының қасиеттері

увлечения - әуестігі (құштарлығы, қызығушылығы)

предпологаемая должность – қабылдануы мүмкін лауазым

начиная от нулевого положения – нөлдік деңгейден басталып

начинается с новой строкой – жаңа жолдан басталады

 

АЙТЫЛЫМ

«Университет  - білім ордасы»  тақырыбына әңгімелесіңіздер

 

№1 СОӨЖ тапсырмасы:

Тапсырма: «Мен Қазақстан азаматымын» тақырыбына монолог құрастырыңыздар.

 

2- модуль.  ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДӘСТҮР

 

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, отбасы берекесі

 

Граммматикалық тақырып: Жалпы және жалқы зат есімдер; көптік жалғаулы сөздің тәуелденуі (менің туыстар+ым);тәуелді септеу

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді.

В казахском языке притяжательная форма существительных показывает принадлежность предмета.

●Тәуелдік жалғаудың ерекшелігі:

Если слово оканчивается на п, к, қ, то после прибавления притяжательных окончаний глухие согласные переходят в звонкие б, г, ғ. (п – б, к – г, қ – ғ).

Мысалы:

І Менің мектеп + ім – мектебім      І Біздің мектеп + іміз - мектебіміз

ІІ Сенің мектеп + ің  - мектебің      ІІ Сендердің мектеп + терің - мектептерің

Сіздің мектеп + іңіз - метебіңіз     Сіздердің  мектеп +теріңіз -мектептеріңіз

ІІІ Оның мектеп +і – мектебі           ІІІ Олардың мектеп + тері -  мектептері

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Сөздердің аудармасын жаттап алыңыздар:

қазақ халқында – у казахского народа.

некеге қатысты- согласно браку.

ежелден келе жатқан – с давних времен.

әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері – обычаи и традиции.

өзгешелік – особенность, различие

үйрету – учить, обучать, научить

өнегелі – примерный, образцовый

дәстүрлі – традиционный

тәрбиелі – воспитанный

қамқор – заботливый

сыпайылық – скромность, вежливость

қонақжай – гостеприимный

парасаттылық – разумность, рассудительность

маңыздылық – важность, значительность

мемлекеттің іргетасы- основа государства.

 

ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. Кестедегі сөздерді сәйкестендіріңіз

Отаным --- Оның

Елі ------ Сіздің

Еліңіз -------- -Менің

Туған жерің ----- Олардың

Ордасы ------- -Біздің

Елбасымыз------ Сенің

Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыз:

Жерің, Отаным, еліміз, бақыты, тілім.

Үлгі: Жерің

Жер – түбір

ің – тәуелдік жалғау жекеше түрінің ІІ жағы.

 

ОҚЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар:

Отбасы – басты құндылық

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.

Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. «Бала – жағасындағы құрақ», - деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.

Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.Демек, Отбасы – басты құндылығымыз.

(http://yznaika.Ғаламтор материалдарынан)

 

АЙТЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар:

5- тапсырма. Сұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап беріңіздер:

1. Отбасы дегеніміз не?

2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?

3. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді қалай түсінесіз?

4. Неліктен «Отбасы – шағын мемлекет» дейміз?

5. Отбасындағы ата-ананың, баланың міндеттері қандай?

6. Отбасыңызда мереке, атаулы күндерді қалай тойлайсыздар?

7. Өз ұлтыңыздың салт-дәстүрі туралы не білесіз?

 

ЖАЗЫЛЫМ

6-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді теріп, аудармасын жазыңыздар.

7-тапсырма. Отбасы жайында 10 мақал жазыңыз.

 

2-сабақ

Тақырып: Отбасы - шағын мемлекет

 

СӨЙЛЕСІМ

ОТБАСЫ  тақырыбына сұхбат

1-тапсырма.Сұхбатты рольге қойып, айтуға дағдыланыңыздар.

- Отбасы қандай мемлекет?

-  Отбасы шағын мемлекет.

- Біздің тәуелсіз елімізде қандай адам отбасын құруға құқылы?

- Біздің тәуелсіз елімізде  кәмелетке толған  әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы.

- Отбасы адам өмірінде қандай орын алады?

- Отбасы  адам өмірінде маңызды орын алады.

 -Әр адам өз отбасын қалай бағалап, құрметтеуге міндетті?

- Әр адам өз отбасын жоғары бағалап, құрметтеуге міндетті.

- Қазақ халқы отбасын, шаңырақты қалай бағалаған және артында қандай ұрпақ қалдыруға тырысқан?

- Қазақ халқы отбасын, шаңырақты жоғары бағалаған және артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.

- Сіз неше ағайындысыз және олар кімдер?

- Мен үш  ағайындымын.

- Сіздің қарындасыңыз (ағаңыз, ініңіз, сіңліңіз) бар ма?

- Менің екі апам және інім бар.

- Ата-анаңыз кім?, Олар қайда жұмыс істейді?

- Әкем – Талғат Асқарұлы ауылшаруашылығында инженер болып жұмыс істейді.

Анам - Жанар Талғатқызы  мектепте мұғалім  болып қызмет істейді.

- Сіз отбасыңызбен қандай мерекелерді қарсы аласыз?

- Біз отбасымызбен Жаңа жыл, туған күн, наурыз мерекелерін бірге қарсы аламыз.

- Сіздің отбасыңызда нені дәстүрлі түрде орындап ұстанасыздар?

- Біздің отбасымызда дәстүрлі түрде отбасы мүшелерінің туған күндерін, Наурыз, Жаңа жыл мерекелерін бірге қарсы аламыз.

-Сіз отбасыңызды қалай бағалайсыз?

- Мен отбасымды  жоғары бағалап, мақтаныш тұтамын.

 

ЖАЗЫЛЫМ

2- тапсырма. Берілген сөздерді аударыңыздар:

мой дом  

моя квартира  (пәтер) ...........................

мой ст. брат       ..........................

ее сестра          

его отец        .....................................

ваша дочь     ....................................

наш дом      .....................................

наша семья  .....................................

моя семья   .........................

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар, көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар.

 Отбасы - әр адамның алтын ұя...... «Отбасы – мемлекеттің кіші «моделі» деуге болады. Отбасында белгілі дәстүрлер болу керек. Бұл отбасы үшін өте маңызды. Менің ат.... . Отбасы.... үлкен. Ата-әже...., әке-шеше.... бар. Апам....ның аты – Шынар. Бір қыз....., екі ұл... бар.

Біздің үй......дің салт-дәстүр... бойынша әр сенбі сайын кең дастархан басында отбасымыз бен туысқандарымыз жиналып әңгімелесеміз. Алыс-жақындағы туыстар....мен хабарласамын. Маған осындай басқосулар ұнайды, себебі мен туысқандарымның жағдайын біліп, өзіммен болған қызық оқиғаларды айтып беремін. Отбасы...да туған күн әрдайым тойланады.

Менің ой....ша, отбасының дәстүрлер... отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады.

Біз мықты отбасылық қарым-қатынастардың құндылығын бағалауымыз керек.

 

ОҚЫЛЫМ

4- тапсырма. Сұрақтарға ІІІ жақтан жауап беріңіздер.

а. Оның есімі кім?               

ә. Оның ата-анасы бар ма?

б. Олар әр сенбі сайын қайда жиналып тұрады?

в. Осындай басқосулар Қуатқа  неліктен ұнайды?

г. Ол қандай оқиғаларды айтып береді?

ғ. Отбасы дәстүрлері не істейді?

д. Ол нені бағалайды?.

 

5- тапсырма.Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыздар.

Алтын ұясы – основа всему (фразеологизм), самое дорогое, өте маңызды, салт-дәстүрі бойынша, кең дастархан басында, алыс-жақын туыстар, басқосулар ұнайды, өзіммен болған оқиғалар, қарым-қатынастарды нығайтады, мықты (күшті).

 

Сөздік

 

 Өте тату – очень дружная.

Әкемнің жасы .... ( анамның жасы ... )

Отбасымыздың  ең үлкені – самый старший в нашей семье

Жанұямыздың отағасы ( иесі) – глава семьи

Отбасымыз қонақжай – семья  наша гостепреимная

Ата –анамыз бізге жақсы тәрбие берген – родители дали нам хорошее воспитание

«Тәртіпті болыңдар»,- дейді – говорят будьте воспитанными.

Қонақтарды қарсы алуды жақсы көреміз – любим встречать гостей

Ата – анамызды  тыңдауды міндеттіміз – обязаны слушаться родителей

Сыйлы кісілер (адамдар ) – уважаемые люди

Өмірдің  қиындығына төзу – терпеть трудностям в жизни

Бізді үйретеді – учат нас чему –либо

Тәртіпті болуға үйретеді – учат нас быть воспитанными

Отбасымыздың дәстүрлері – традиции нашей семьи

Дәстүрлі мерекелеріміз – наши традиционные праздники

Отбасылық дәстүрлері – семейные традиции

 

6- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дағдыланыңыз.

Менің отбасым туралы

 

Отбасы – шағын мемлекет. Біздің елімізде кәмелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы. Отбасы – адам өмірінің ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға міндетті.

Қазіргі таңда отбасы құрушылардың саны қанша көп болса, ажырасушылардың саны одан да көп. Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.

Мен  1986 жылы Көкшетау облысы Әулиекөл ауданында тудым. Менің атым Жасұлан. Біздің отбасымыз үлкен, отбасымызда бес адам бар. Олар : әкем, анам, апам, інім және мен. Отбасымыздың отағасы (иесі) және ең үлкені - әкем. Оның аты-жөні  Ыбраев БекболатҚанатұлы. Мамандығы – инженер, лауазымы- бас инженер.  Қазіргі уақытта Қазақстан  Темір жолында  жұмыс істейді. Жасы қырық екіде. Әкемнің келбеті: қараторы, шашы қалын, көзі қара және үлкен, кең иықты және денелі. Мінезі: қолы ашық, ақ көңіл, қарапайым  Біз әкемізді өте сыйлап, құрметтейміз.    

Менің анамның аты-жөні ИскаковаРаушанБағдатқызы. Ол тәрбиеші,  балабақшада еңбек етеді. Анамның жасы елуде. Апайым  институттың екінші курсында оқиды. Оның болашақ мамандығы – дәрігер. Жанар көп оқиды, керек кітаптарды кітапханадан алып, кейбір кезде тіпті  кеш жатады.

 Менің інімнің аты Еркін. Ол  оныншы сыныптың оқушысы. Болашақ мамандығын әлі білмейді. Сурет салғанды өте ұнатады. Ал, өзім биыл мектепті бітіргенмін. Қазір С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ бірінші курс студентімін. Ата- анамыз бізге үнемі «Ақылды, тәртіпті болыңдар»,- дейді және бізге жақсы тәрбие берген адамдар. Сондықтан ата-анамызды тыңдауды міндеттіміз.

Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді. Сондықтан біздің үйімізге үнемі қонақтар көп келеді. Отбасымыз өте қонақжай және тату – тәтті тұрады.

7- тапсырма. Отбасындағы сыйластық жайлы әңгіме құрастырыңыз.

 

 

3- сабақ

 

Тақырыбы: Жас отбасы және дәстүр. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүр

 

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Оқыңыздар, бірнеше сөйлем құраңыздар.

Отбасы, қуаныш, шаттық, мейрімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік, рухани құндылықтар, негізгі дәстүрлер, ұлттық салт-дәстүр, қазақтың болмысы, жас отбасы, құрметтеу, тірегі, сенім, қиянат жасамау, ақыл айту, ағайындар, қарындас, бауыр, сіңілі.

 

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Жас отбасы және дәстүр

Отбасы дегеніміз – туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар тобы. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер, дәстүрлер адамға өмір бойы серік болады.

Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс. «Балаңды бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла. Жетіден он беске дейін құлыңша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра».

Қазақ отбасындағы ең жақсы дәстүрлердің бірі – балаға ата-бабасын, яғни жеті атасын және нағашы жұртын таныстырып отыру. Ата-ана баласына кіммен (қай румен) тұрмыс құруға болатынын айтып отырады.

Жеті ата - бір кісіден тараған аталас қауым. Олар жеті атаға жеткенде, түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасайды.

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

(http://yznaika.Ғаламтор материалдарынан)

 

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін оқып, естеріңізге сақтаңыздар.

 

Лексикалық минимум:    

Бала кезінен іздестіре бастайды- начинают искать еще с детства.

Құда түсу  – сватовство.

Атақты жерден іздестірген- искали из известных мест.

Құда түсу дәстүрі – традиция сватовства.

Арнайы рәсім – специальный обычай .

Іс-шаралар өткізіледі- проводятся мероприятия.

Қыз ұзату- проводы девушки замуж.

Келін түсіру- женитьба сына .

Беташар – открывание лица невесты.

Неке қию рәсімі- традиция бракосочетания.

Зор маңызы бар – имело важное значение.

Ата-аналары рұқсат етсе- если родители дадут разрешение.

Шешім жастардан шығады – решение принимают молодые.

Көп уақыт бір-бірін жақсы біледі – хорошо узнают друг-друга.

 

4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

 

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық, салт-дәстүрлер

 

Қазақ халқында отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар.  Отбасы – мемлекеттің іргетасы.

Ата-ана өз ұлын үйлендіруді әрқашан ойластырып жүреді. Бұрынғы кездері, болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастаған оқиғалар да болған. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып атастыру рәсімі болады. Құдаларды құрметті, атақты жерден іздестірген. Құда түсу салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілді.

Үйлену әдет-ғұрыптарына келесі іс-шаралар өткізіледі: құда түсу, келін түсіру, беташар, қыз ұзату, той жасау, төсек-орын әкелу, неке қию рәсімі.

Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізіп, сыйлықтар жасайтын.Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, маталар, мал басынан тұратын.

Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы бар. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайды. Қыздың жасауына ыдыс-аяқ, жиһаз, төсек, тұрмыстық техника, киім-кешек, мал басы және т.б. кіреді.

Қазіргі кезде ең алдымен қыз бен жігіт танысып, көп уақыт бір-бірін жақсы біліп, содан соң  әке-шешелеріне үйлену ниеттерін айтады. Содан соң  ата-аналары рұқсат етсе, жігіттің туған- туыстары қыздың үйіне барып, құда түседі, кейін «Қыз ұзату» және «Үйлену» үлкен тойын  жасайды. Әр ата-ана балаларының бақытты болуын тілейді. Барлық жақсылық атауларын ата-ана балаларына арнайды.

(http://yznaika.Ғаламтор материалдарынан).

 

5 –тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.

СӨЙЛЕСІМ

6- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.                     Қазақ халқында отбасы мен некеге қатысты нелер бар ?

2.                     Отбасы дегеніміз не ?

3.                     Болашақ келінді қай кезден бастап іздестіре бастайды ?

4.                     Бала дүниеге келмей жатып қандай рәсім болады ?

5.                     Құдаларды қайдан іздестірген ?

6.                     Үйлену кезінде қандай іс-шаралар өткізіледі ?

7.                     Үйлену кезінде құдалар бір-біріне не сыйлайды ?

8.                     Ата-ана жастарға қандай той жасайды?

 

 

7-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын (синонимін) мәтіннен табыңыз.

айлық жалақысынан тұратын   ...................................

ерекше көңіл бөлу         .................................................

әр адам үйленерде ........................................................

жанұялық ақшаның мөлшері   .....................................

ақша көп кетеді   .........................................................

19 жасқа келгенде  .....................................................

 

8-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінннің көмегімен аяқтаңыз.

Отбасы бюджеті ..........................9 еңбек ақысынан тұратын ақшалай қаражат. Бұл ................. өмір сүруіне көмектеседі. Біздің елімізде көп балалы және ........................... отбасы бюджетіне қосымша  ........... төленеді. Қарапайым отбасы бюджетінде қаражат ....................  жұмсалады.  ............– отбасын құрудың және оны .....................  айтуға болады.

 

9- тапсырма. Отбасында ұстанып жүрген салт-дәстүрлер туралы айтыңыз.

 

№ 2 СӨЖ  тапсырмасы

Тапсырма. «Отбасы және ұлттық дәстүр» тақырыбына эссе жазыңыздар.

-                     эссе тақырыбының өзектілігіне тоқталу;

-                     эссе көлімі 130 сөзден кем болмауы тиіс;

-                     интернеттен көшірілмеуі тиіс.

 

3- модуль.  МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ

 

1- сабақ

Лексикалық тақырып: Менің мамандығым – менің болашағым

Грамматикалық тақырып:Есімдіктер, олардың түрлері және септелу ерекшеліктері. Іс-қимыл, оқиға, зат, адамдарға эмоциялыққатынастың және көзқарастың, бағалаудың берілуі.

 

ОҚЫЛЫМ

1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Мамандық– қызметкердің кәсіби   қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды.

Кез-келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі.

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

Маман- ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер,-геолог, инженер,математик, механик,-техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б. Мамандардың негізгі міндеті – өздеріндегі арнаулы кәсіби даярлық негізінде жекелеген өндірістік, әлеуметтік немесе басқарушылық мәселелер бойынша шешімдердің нұсқаларын, ұсыныстар әзірлеу, қорытынды жасау және орындау. Қайсыбір істі жақсы білетін қызметкерді де, белгілі бір мамандықтың өкілін де маман деп атайды.

Ж. Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке қажет» .

(Ғаламтор материалдарынан)

 

ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.

Білім, мамандық таңдау, қызметкер, кәсіби білім, жұмыс істеу, қаражат, болашақ, жоспарлау, іс-шара, ұйым, ынтымақтастық, дәрежелер, жоғары білім беру жүйесі, еңбек.

 

грамматикалық түсініктеме

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

 Жіктеу есімдіктер;

Сілтеу есімдіктер;

Сұрау есімдіктер;

Өздік есімдіктер;

Белгісіздік есімдіктер;

Болымсыздық есімдіктер;

Жалпылау есімдіктері.

 

3-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар.

Мамандық, кәсіпкер, білім ордасы, тәжірибелер, еңбек, мақсат, жұмыскер, өндіруші, ұйымдар, университет.

 

СӨЙЛЕСІМ

4-тапсырма. Ойталқы. Берілген сұрақтарды қарастырыңыздар.

 

Мамандық таңдау – жасөспірімдік жастағы ең маңызды шешімдердің бірі......

Әлемде қанша мамандық бар?

Ең сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан, жаңа пайда болған мамандық түрлері туралы қандандай мәліметтерің бар?

 

2-сабақ

Тақырып: Менің мамандығым – менің болашағым

 

ТЫҢДАЛЫМ

 

1- тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыздар:

Айту- говорение

Ақыл тереңдігі- глубина ума

Әңгімелесу әдісі- метод беседы

Әрекет түрткілері- мотивы действия

Әсер, ықпал-влияние

Әсерлі ойлау- мышление действенное

Байқағыштық- наблюдательность

Басқа тілде ойлауышление иноязычное

Басқару жүйесі- система управления

Біліктілік, мамандық- квалификация

Білім беру деңгейі- уровень образования

Ғылыми ойлау- мышление научное

Дағдылану, жаттығу-  выработаться

Дәлелдеу-  аргументировать 

Жағдаяттық сөйлеу- речь ситуативная

Жалпы қабілеттілік-  способность общая

Жан-жақты тексеру-  проверка фронтальная

Сырттан келетін- (здесь: ) привезенные из других стран.

 

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма.Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

 

Профессия - род трудовой деятельности человека, обычно его источник существования. Профессия требует владения теоретическими знаниями и практическими навыками, приобретаемыми в ходе специальной подготовки или получения специального образования.

Окончив школу, человек должен сделать самый ответственный в своей жизни шаг – выбрать профессию. Профессия – это осознанно избранное русло, в которое ты будешь вкладывать много сил и времени. Очень важно, чтобы способности и черты характера соответствовали твоему виду деятельности.

Каких только профессий в мире не существует. Встречаются самые обычные, как например, врач, продавец, водитель, но есть и очень необычные. Каждая из этих профессий безусловно нужна людям. Иначе бы они просто не появились.

С началом индустриализации появилось множество новых профессий, связанных с разработкой и обслуживанием машин: инженеры, машинисты и т.п. Из-за возросших потребностей цивилизации в новых видах и больших количествах ресурсов также расширились списки добывающих профессий: появились шахтёры, нефтяники и другие.

Новый виток развития профессионального деления людей возник с появлением централизованного государства. Правителям требовались воины для охраны своих владений и управляющие для управления ими. Так начали формироваться военные и управленческие профессии. Человечество окончательно встало на путь профессионального разделения труда.

 

ЖАЗЫЛЫМ

3-тапсырма. «Менің мамандығым – менің болашағым» деген тақырыпқа ойтолғау жазыңыз.

 

СӨЙЛЕСІМ

4-тапсырма. Берілген сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1. Мамандық деген не?

2. Неге мен осы мамандықты таңдадым?

3. Немен бұл мамандық маған ұнайды?

4. Бұл маман адамдарға қандай пайда әкеледі?

 

3-сабақ

Тақырып: Мен таңдаған мамандық

ОҚЫЛЫМ

1- тапсырма . Мәтінді оқыңыз.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12% қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы кәсіби қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? 

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күн көру, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

(Ғаламтор материалдарынан)

 

ЖАЗЫЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтін бойынша бес-алты сұрақ құрастырыңыздар.

3- тапсырма. Мына сөздерге тәуелдік, септік жалғауларын жалғаңыздар:

Мамандық, талап, еңбек, қабілет.

5. Ой бөлісіңіз.

Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

6 Мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңыз. Жасалу жолын түсіндіріңіз. Әр сөзбен бірнеше сөз тіркесін құрастырыңыздар.

7. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз. «Білім» тақырыбына қатысы бар бір-екі мақал-мәтелмен әңгіме құрастырыңыздар.

ә) Өнер – ағып жатқан бұлақ,

Ғылым – жанып жатқан шырақ.

б) Кітап – оқығандікі,

Білім – тоқығандікі.

в) Қатесін түсінген адам – данышпан.

г) Жақсы бастама – жарым ырыс.

ғ) Әділ істің – арты игі.

 

8. Мәтіннен сілтеу есімдігін табыңыз.

Сол аяғым ұйып жүре берді. Ол жиналыстың аяғын күтпей үйіне қайтып кеткен. - Апыр-ау, мынау солар болмағай еді. Көптен бері олардың бетпе – бет кездесулері осы болатын. Мына бір сурет оған соншалық ыстық – та. Біз де соларға еліктеп, қалай да солардай болсақ дейміз. Осынау әсем көріністерді бақылап тұрмыз.

 

№ 3 СӨЖ 

Тапсырма. Мамандық туралы мақал-мәтел тауып, жаттаңыздар.

 

 

4- модуль.  ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

 

1- сабақ

Лексикалық тақырып: Қоғам және жастар

Грамматикалық тақырып: Ақпарат алмасуға бағытталған ниеттер (интенциялар), әртүрлі жағдаяттардағы әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болу, қозғау салу формалары,салыстыру құрылымдарын беру тәсілдері

 

ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысып, олардың орысша баламасын айтыңыз.

Қажеттілік, ерекшеліктер, еңбек ету, шығармашылық, дарынды, ұмтылушылық, білім, құндылық, болашақ, қоғам, өркендеу, еңбек, маман, нәтиже, байланыс, үздіксіз ізденіс, ғылым.

 

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Жастар – жас адамдардың әлеуметтік жағдайы, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы олардың орны мен атқаратын іс-әрекеті, ерекше қызығушылықтары мен құндылықтарының жас мөлшерімен анықталатын әлеуметтік-демографиялық топ.

Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан. «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сеніміде солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.

Елінің болашағын ойлау үшін жастардың бойында отаншылдық сезім болу керектігі жөн. Егемен елдің ертеңгі тағдыры барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Сондықтан, алдыңғы буын ағалар ел ертеңі – жастардың ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.

 

3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап жазыңыздар.

 - Біздің елімізде жастарға жағдай жасалған ба?

 - Спорт саласында жетістікке жеткен қандай жастарды білесіз?

 - Өнерпаз жастардан кімдерді ерекше атар едіңіз?

 - Білім, ғылым саласында елімізді шетелге танытып жүрген жастар бар ма?

 - «Білімді жас ұрпақ – болашақтың кепілі» дегенді қалай түсінесіз?

 

2-сабақ

Жастардың қоғамдағы орны, іс-әрекеті

 

1-тапсырма. Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

 

Во все века будущее страны было за молодежью. Именно молодые люди были двигателями революций, прогресса и развития. И это именно на них могло положиться государство во время войны, в послевоенный период, во времена кризисов. Ведь это молодые, здоровые люди поднимали целину, возводили могучие постройки, загорались безумными мечтами и воплощали их в жизнь.

Все, что государство вложит в молодежь, воздастся ему сбольшой степенью. Образованные молодые люди – это те столпы, на которых всегда будет держаться страна. Если со школьной скамьи удастся привить молодым чувство патриотизма и любовь к своей родине, то они в свою очередь вложат душу в ее развитие и благополучие.

Среди основных направлений реализации Концепции «Казахстан 2020: Путь в будущее» на первом месте – обеспечение доступного и качественного образования для молодежи. Поскольку образование – основа конкурентоспособного государства. Инвестиции в образование – это не просто затраты на социальные нужды, они способствуют существенным отдачам для экономики и общества.

 

2-тапсырма. «Қоғамның өркендеуі – дарынды жастарда» деген тақырыпқа ойтолғау жазыңыз.

 

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

качественное образование –

самодеятельность –

социальная группа –

направление –

специалист –

высококвалифицированный –

молодежная политика –

независимая молодежь;

 

 

3- сабақ

Тақырыбы: Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі туралы мәлімет

 

ТЫҢДАЛЫМ

 

Сөздермен жұмыс істеңіздер: жастар, қоғам, өркениет, қозғаушы күш, ел тізгіні, бәсекеге қабілетті, адамгершілік-этикалық нормалары, біліктілік, ұлт болашағы, патриот.

 

ОҚЫЛЫМ

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.

Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.

Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мемлекеттің барлық бағдарламаларында  жастар мәселесіне баса мән берілген. Жастар ел дамуының негізгі күші. Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес, ол ел болашағы.

Жастарсыз- болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған.

Бүгінгі жас- ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы-жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ қолында.

Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан ой жүйелесек,  келешек ел тізгінін ұстайтын жастардың өң бойынан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз төгіліп тұруы қажет-ақ. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.

Н.Ә. Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру жастардың қолдарыңда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

(http://yznaika.Ғаламтор материалдарынан).

АЙТЫЛЫМ

«Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі» туралы нақты мысалдар келтіріңіз.

 

ЖАЗЫЛЫМ

Жастарға Елбасының атынан ашық хат жазыңыз.

 

№4 СӨЖ

Тапсырма: Қоғамдық орындардағы этика (эссе).

 

 

5- модуль.  БІРІНШІ БАЙЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ

 

1-сабақ

 

Лексикалық тақырыбы:Денсаулық сақтаудың маңыздылығы

Грамматикалық тақырыбы: Бейімделген, баяндау және пайымдау элементтері бар мәтіндердің сипатталуы, жалқы және жалпы, деректі және дерексіз ұғымдардың анықталуы.

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.

Салауатты өмір салты, жаттығу жасау, спорт үйірмелері, қан қысымын өлшеу, тазалық сақтау, таза ауа, ыстығы көтерілуі, дәрі қабылдау.

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Денсаулық

Денсаулық - адам өміріндегі ең үлкен байлық. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етеді, жетістікке жетеді және бақытты өмір сүреді. Денсаулық - адамның өмірге қанағаттанып, өз ағзасының жағдайын жақсы сезінеді. Денсаулықты сақтау, оны нығайту әрбір адамның өзіне ғана байланысты. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, спортпен айналысуға көп қөңіл бөлу қажет.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

 

3-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ауырмау үшін денсаулықты қалай күту керек?

2. Денсаулыққа  не зиян келтіреді?

3. Денсаулығы жақсы адам өзін қалай сезінеді?

4.Салауатты өмір салтын қалыптастыружолдары.

5.Салауатты өмір салтынын тәрбиелікмәні.

6.Атақты спортшылардың өмірлікұстанымдары.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма.Берілген мәтіннен септік жалғауларын көрсетіңіз.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

 

СӨЙЛЕСІМ

5- тапсырма. Сұхбатты оқыңыздар:

-   Сәлем, денсаулығыңқалай?

-   Нашар.

-   Қай жеріңауырады?

-   Жүрегім ауырып тұр.

-   Дәрігерге негебармайсыз?

-   Уақытымжоқ.

-   Оның дұрыс емес. Денсаулықты сактаукерек.

-   Жүр бірге дәрігерге барамыз.

-   Жақсы барайық.

-   Қай жерім ауыратынын анықтадыңыз ба, дәргер?

-   Мен сізді тыңдап көрейін. Деміңізді ішке алып, сыртқа шығарыңыз.

-   Қазір сізге рецепт жазыпберемін.

-   Дәріні қалай ішукерек?

-   Дәріні дәріханадан алып, күніне үш рет тамақтан кейінішесіз.

-   Жақсы.

-   Дұрыс, ауырмаңыз. Денсаулық - зорбайлык....

 

2- сабақ

Тақырыбы: Спорттың денсаулыққа пайдасы, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығы

 

ОҚЫЛЫМ

1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқыңыз, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілеңіз.

Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, өзін cау сезінуі, сергек жүруі, өмірге құштарлығы, ұзақ өмір сүруі. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», «Бірінші байлық - денсаулық» дейді халық. Бұл ұғымдар босқа айтылмаған, яғни өзіңді күтіп, спортпен шұғылданып жүрсең, ешқашан ауырмайсың. Адам денсаулықтың қадірін ауырғанда ғана біледі. «Ауырған мың күніңнен сау жүрген  бір күнің артық» деп бекергеайтылмаған.

Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену - әрбір адамның басты міндеті. Ерте тұрып, таңертеңгі спорт жаттығуларын жаса, суық сумен жуын, уақытылы тамақтанған дұрыс. Аурудың алдын алу үшін жылына екі рет дәрігердің қарауында болып тұру артық етпейді.

Жемістерді жумай жей саламыз. Қайнамаған су ішеміз. Даладан келген бетте қолымызды жумаймыз. Осының барлығы біздің денсаулығы мыздың нашарлауына әкеліп соғады. Сондықтан да салауатты өмір салтын сақтағыңыз келсе, денсаулығыңызды жас күніңізден сақтап, оны үнемі нығайтып күте білуіңіз керек.

 

ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.

4 -тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

- ..........................................?

-   Мен емханаға терапевткекелдім.

- .....................................................?

-   Иә, қабылдайды. Терапевт сағат төрттен он жетіге дейін қабылдайды

- .....................................................?

-   Бесінш ібөлмеде.

- ......................................................?

-   Дәрігер тамағымды тексерді, қызуымды өлшеді, жүрегім мен өкпемді тыңдады.

- ......................................................?

-   Сонан соң дәрігер рецепт жазып берді.

- ………………………………...?

-   Күніне үш рет ішу керек.

-………………………………...?

-   Тұмаумен ауырыппын.

- ....................................................?

Жедел жәрдем қызметі

 

-        Алло, бұл «Жедел жәрдем қызметі»ме?

-        Иә, тыңдап тұрмын.

-        Менің анам ауырыпқалды.

-        Қай жері ауырады?

-        Оның басы, тамағы ауырып тұр. Қызуы дақатты.

-        Мекен-жайыңыз?

-        Пушкинкөшесі,17үй,65 пәтер.Қарсы алыңыз,қазір келеміз. Жақсы,күтіпаламын.

-         

5- Тапсырма.Халық медицинасы туралы айтып, ой бөлісіңіз.

 

3- сабақ

Ұлттық сусынның пайдасы

 

ОҚЫЛЫМ- АЙТЫЛЫМ

1- тапсырма. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Денсаулық– баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан,әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.  Әл-Фараби: «Адам денесінің жетілуі- оның денсаулығы,егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек»- деген.

Атақты Ибн Сина:

«Дәрігердің қолында үш түрлі құрал бар. Біріншісі – сөз. Екіншісі – дәрі. Соңғысы – пышақ» - депті. Ибн Сина жоғарыдағы сөзді неліктен айтқан? Ойланып көріңіздер...???

 

 

ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

салауатты өмір –                                   көмектеседі-

ұлттық тағам –                                     талма ауыру-

зиянды әдеттер –                                   жайсыз сезінуі-

дені сау –                                                таза ауа-

спортпен айналысу-                               сары уайым-

қағиданы ұстаны-                                     қан қысымы-

 

3-тапсырма.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Казахская кухня отличается своими особенностями, что образовались под культурным и историческим развитием народа. Среди национальных блюд, казахи также выделяют и напитки, а именно: кумыс и айран. Что касается чая, то на восточных землях, он пользуется особой популярностью.

Кумыс на казахском языке звучит как "кымыз" и подразумевает под собой кисловатый напиток. Получают его в результате брожения, изготовляют из молока молодых кобыл. По своей консистенции кумыс может быть разным - от крепкого бодрящего напитка до расслабляющего и легкого, от которого клонит в сон.

Этот напиток очень полезен и способен излечить от многих заболеваний. В свое время, кумыс помогал справиться с туберкулезом, когда остальные лекарства были бессильными.

Первооткрывателями айрана считаются кочевые народы; в дальних походах был необходим напиток, который можно не только пить, но и есть. Именно поэтому настоящий тюркский айран очень густой. Для кочевников айран был не только сытной пищей в дороге, которая могла разнообразить скудный рацион в дикой степи, но также этот напиток – ценнейший источник кальция и фосфора.

Полезные свойства айрана: утоляет жажду, подавляет гнилостную микрофлору кишечника, стимулирует секреторную функцию кишечника и желудка, избавляет от похмельного синдрома, понижает холестерин в крови, нормализует давление, способствует снижению веса, приводит в норму водно-солевой баланс.

(М.Ж.Еркебаев . Азық- түлік шикізаты және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі )

 

 

АЙТЫЛЫМ

 

1. Денің сау болсын десең қандай негізгі ұстанымдарға сүйену керек?

2. Ұлттық сусынның пайдасы қандай?

3. Салауатты өмір салтын жетілдіру үшін  қандай ақпараттарды білу маңызды деп ойлайсыз?

4. Спортпен айналысу денсаулыққа маңызды ма?

5.  Атақты спортшылардан кімді білесіздер?

 

6- МОДУЛЬ. АДАМ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

 

1- сабақ

Лексикалық тақырып: Экологиялық таза өнім

Грамматикалық тақырып: Іс-қимылдың объектісі, табыс септік жалғауының түсіріліп қолданылуы,           күрделі сөздер(сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта). Оларға қосымшалардың жалғану ерекшеліктері.

 

ОҚЫЛЫМ

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

Экология - қоршаған орта туралы ғылым. Бұл адам және басқа ағзалар үшін өте маңызды ғылым. Біз ауамен дем аламыз, су ішеміз және жемістерді жейміз. Біздің өміріміз бен денсаулығымыз оларға байланысты. Тек жақсы және таза экологияның арқасында таза су ішетін боламыз, пайдалы және дәмді көкөністер, жемістер бар, сондай-ақ өзіміз де сау боламыз.

Сонымен қатар экологияның тазалығына табиғат өмірі байланысты.  Егер біздің экология жаман болса, онда адамдар ғана емес,өсімдіктер бар жануарлар да көз жұмады. Егер адам өзінің табиғатқа деген көзқарасын өзгерте алса, планетадағы экологиялық жағдай жақсаруы мүмкін. Табиғатта демалу өте жиі, адамдар өздерінен кейін қоқыс үйіндісін қалдырады.

Егер біздің әрқайсымыз шағын адамнан бастаса - өзінен бастап, табиғатқа мұқият әрі саналы түрде қарайтын болсақ, онда жағдай жақсы жолға қарай бастайды.

Адам өз планетасында өз үйіндегідей тазалықты сақтау қажет екенін, ал ол үшін үнемі тазалап, қоқыс тастамау керек екенін түсінуі керек.

(http://yznaika.Ғаламтор материалдарынан ).

 

АЙТЫЛЫМ

 

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Адам экологиясы пәні нені зерттейді?

2. Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.

3. Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.

 

ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ.

Күрделі сөз деп кемінде екі я онан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз.

Күрделі сөздер 4 топқа бөлінеді:

Қосарлы сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосарлы сөздер

Мысалы:

ата-ана

жан-жануарлар

Біріккен сөздер

Мысалы:

Бәйтерек

Белбеу

Бүгін

Қысқарған сөздер

Мысалы:

ҰБТ

БАҚ

Тіркесті (тіркескен) сөздер

Мысалы:

Балалар бақшасы

Ауыл шаруашылығы.

 

ЖАЗЫЛЫМ

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.

Табиғи, таза өнімдер, экологияны қорғау, экологияны сақтау, таза экология, жақсы экология, таза көшелер, қоқыстарды жинау, табиғатты күту.

 

4-тапсырма.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Несмотря на промышленный и технический прогресс человек над природой не властен. На биологическом уровне она влияет путем изменения атмосферного давления, магнитных бурь и т.д.

Естественные процессы в земной коре и атмосфере, провоцирующие землетрясения и цунами, тайфуны и разрушительной силы ураганы, наносят существенный урон возведенным городам и поселениям, полям, садам и т.д.

Загрязненная химической и тяжелой промышленностью, а также токсичными отходами земля, растения и атмосфера также влияют на население планеты, провоцируя развитие недугов, снижая иммунитет и ухудшая качество жизни, в целом.

 

2- сабақ 

Тақырыбы: Табиғи таза өнімдер және оған сұраныс

 

ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ

 

1- тапсырма. Мәтінді оқып,  өз ойыңызбен бөлісіңіз.

Экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс. Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:

1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;

2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім. Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.

Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930–1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады, Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды.

Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда. «Био» сауда белгісі тұтынушыға өнімнің нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Табиғи таза өнімдер сұраныс көп болады (Ғаламтор материалдарынан).

 

АЙТЫЛЫМ

2- тапсырма. Ой түрткі:

1.  Экологиялық таза өнім дегеніміз не?»

2. Экологиялық таза өнімі өндірісінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері?

3. Қазақстан экологиялық таза өнімдер проблемалары?

кологиялық таза өнімге қойылатын талаптар ?.

 

ЖАЗЫЛЫМ

3- тапсырма . Мәтін бойынша төрт- бес сұрақ құрастырыңыз.

4- тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар.

Ұлы дала, экологиялық таза, құнды, емдік қасиеті мол, энергетикалық құнды, ас-тағамдары, сұраныс, табиғи, тағам өнімдері, дайындау, қолданбалы технологиясында,  пайдалана отырып, маңызды,  тағам өнімдерін,  заманауи технология, мал шаруашылығы, тікелей байланысты, тамақтану факторына, табиғи маңызды,  ас-тағамдарына, күн сайын,  өсіп келеді. 

 

3- сабақ

Таза өнімнің денсаулыққа пайдасы

 

ЖАЗЫЛЫМ

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар. Табыс септігі жалғауын  көрсетіңіздер:

Экологиялық таза өнімді, таза тамақты, өнімін өндірісінің қалыптасу, кезеңдері мен ерекшеліктері, өнімдер шығаруды, айқындау, жолдарын қарастыруды, қойылатын нормаларды.

 

ОҚЫҢЫЗ және  АЙТЫҢЫЗ

2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын өз ойыңызбен  жалғастырыңыз.

 

Адамдардың табиғи өнімдерге деген сұранысы артып келеді

 

Бүгінде адамдар дұрыс тамақтану мен табиғи өнімдерді пайдаланудың денсаулыққа пайдалы екендіктерін түсініп келеді. Түрлі азық-түлік өндірушілер де тұтынушыларға сапалы өнім беруге ұмытылып келеді. Мұндай ықылас қазақстандық өндірушілер тарапынан көбірек байқалып келеді. Бірақ, сырттан тасымалданатын сапасыз өнімдер отандық өндірісіміздің алға жылжуына көп кедергі келтіріп отыр.

Миллиардтаған қаржыға сырттан сатып әкеліп отырған сол өнімдердің сапасы сын көтермейді. Май, ірімшік деп жеп отырған өнімдеріміздің денсаулығымызға білдірмей себіліп отырған у екендігін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ал Еуропада жалған өнім жасаушыларды бірден өндірістен алып тастайды. Ал біз болсақ, өзге елдің өндірісінен сауда орындарындағы сөрелерінен алынып тасталған өнімдерді тұтынып отырмыз. Біздің Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі комитет бұл тұрғыда баяу жұмыс істеп отыр. Адамның ең үлкен байлығы – денсаулығына зиян келтіретін азық-түлік, киім-кешек шекарадан өткізілмеуі тиіс. Ал енді сол денсаулықты қалай сақтау керек, қалай тамақтансақ, ұзақ өмір сүруге болады? Деген сауал кім-кімді болсын ойлантатыны анық.

Ал мен бұған табиғи өнімдерді, өзіміздің жергілікті жердің шикізатынан жасалған өнімдерді пайдаланыңдар және дұрыс тамақтану тәртібін меңгеріңдер дер едім. Қазаққа жылқының еті мен бие сүтінен пайдалы ас жоқ. Мен жақында Швейцарияда болып, ондағы сиыр сүтінен шокалад жасайтын зауытта болып, олардың тәжірибелерімен танысып қайттым. Бұйыртса, біз бие сүтінен биылдан бастап түрлі өнімдер, атап айтқанда, шоколадтың 15 түрін, балмұздақ, сары су, құрт және ірімшік жасауды қолға алдық. Барлық өнімдеріміз таза табиғи түрінде, еш қоспасыз, тіпті, қантсыз жасалады.

Өйткені, бие сүті қайнатылмайтындықтан, оның құрамындағы денсаулыққа пайдалы дәрумендер мен денсаулыққа пайдалы заттар сол қалпында сақталып қалады.

(Ғаламтор материалдарынан)

 

3- тапсырма. Мәтін бойынша бес-алты сұрақ құрастырыңыз.

4- тапсырма. Берілген мәтінді түсініп оқыңыздар:

Сүт тағамдарын халық «ақ» деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тағам түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сүт тағамдарын көбінесе сиыр сүтінен жасаған. Сөйтіп, бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдарын жасап шығарған.

Сүт құрамы жағынан тамаша тағам. Адам сүт тағамдарын күнде тамақтану жүйесіне еңгізу қажет. Себебі, оның құрамында адам ағзасын тазартатын заттар бар. Сүт тағамдарын басқа тағамдарды дайындауда оларды қосып дайындайды. Мысалы: ботқаларды сүтке пісіргенде өте дәмді болады. Оған сары май қосса, ботқа пайдалы,әрі жұмсақ болады.

Сиырдың сүті қою, сіңімді, майлы болу үшін, малға өте дұрыс күтім қажет. Оған уақытында жемін, суын, шөбін беріп отырса сиыр сүтті көп береді. Оны маған әжем айтқан.

Сүт және сүт тағамдарына байланысты ырымдар мен тыйымдар да бар екен.

Олар:

1.Жерге төгілген сүтті басуға болмайды.

2.Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Себебі, қоқым түсіп кетуі мүмкін.

3.Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгуге болмайды.

2. Сүттен жасалатын тағамдардың түрлері

Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен айтқанда «ақ» деп атайды.

Сүттен жасалатын тағамдардың түрлері: қатық, қойыртпақ, шалап, қаймақ, айран, құрт, сары май, уыз, сүзбе, іркіт, ірімшік.

 

 

 

7-модуль.  МОДУЛЬ.САЯХАТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ

1- сабақ

Лексикалық тақырып: Саяхат және туризм

1. Саяхат және туризм

2. Туған жерге саяхаттау; туған өлке, оның байлығы, табиғат көріністері;

3. Еліміздің туризм саласы.

Грамматикалық тақырып:

Жалпы және жалқы зат есімдер, деректі және дерексіз ұғымдардың атауы. Күрделі атауларда тәуелдік жалғауының қолданылуы.

 

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыз.

Еліміздегі туризм, дамып жатқан, қалыптастыруға және дамытуға, ауа-райы, аумағы, ұйымдастырылған, географиялық картасы, орналасу аумағы, табиғаты, түрлі, кең байтақ жер, жоғалтып алмау,пайда табу көзі, қамқорлық, әр өлкеде, инфрақұрылымдық салалар, көптеген бағдарламалар.

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

Туризм – мемлекеттің жарнамасы. Ол әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археология­лық қазбалардың, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленеді. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша туризм әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-ыншы жұмыс орнын қамтамасыз етедi. Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады.

Сондықтан да елімізде бұл саланы дамыту кезек күттірмес мәселелер қатарына қосылды. Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді. Сексен елдің туристік фирмаларымен келісім жасалған. Елімізде Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында туризм жақсы дамыған. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88 пайызын құрайды.

Елімізде туризмді насихаттау жұмыстары жүргізілмей отырғаны анық. Шындығына келсек, елдегі туризмнің дамымай отырғандығына ең басты себеп – Үкіметтің бұл саланы дамытуға бел шешіп кіріспей отырғандығы. Бұған биліктің туризмді экономиканың кірісті бір саласы деп қарамай келе жатқандығын, осы салаға бейімделген білікті мамандардың тым аздығын, аталған салаға қажетті инфрақұрылымдардың әлсіздігін қосуға болады. Осыдан қарап-ақ мәселенің қаншалықты өзекті әрі уақыт күттірмей қолға алуды қажет ететін маңызды шаруа екенін бағамдар едік. Өкінішке қарай, елімізде туризм саласынан түсетін салық көлемі бір пайызға да жетпейді.Туризм – әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан ауқымы кең сала (Ғаламтор материалдарынан).

 

ЖАЗЫЛЫМ

3 –тапсырма. Мәтін бойынша бес-алты сұрақ құрыңыз.

 

Атап айтқанда, Еуропа елдері, Оңстүстік Америка, Шығыс Азия және теңіз, мұхиттармен шектесіп жатқан аралтектес мемлекеттер. Қазақстандағы туризм әлі дамып жатқан, енді қарқын алып келе жатқан сала. Себебі тәуелсіздік алғанымыз кеше. Соған қарамастан жиырма бес жылдан аса уақыт ішінде бүгінгі күнге жету үлкен жетістік. Бұған септігін тигізіп отырған туризм саласы десек, артық айтқанымыз емес. Еліміздегі туризм саласын қалыптастыруға және дамытуға географиялық картасы да, орналасу аумағы да, табиғаты да сай келеді.

Арысы мұнаймен, құмды даламен шектесетін, берісі Арқа, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларымен шектесетін елдің орталығы да, солтүстігі де ең керемет байлыққа байып жатыр. Ол, әрине, орманды алқаптар. Қазақстанға туристердің келу үрдісі жалғасып жатыр. Елімізге келетін туристердің, жиһанкездердің айтуынша Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтау және қанша ма мың жылдық тарихы бар Түркістан қаласы Қазақстандағы ең керемет туристік қалалар қатарына жатады. Бұдан өзге елдің туристік және мәдени дамыған қаласы ретінде Шымкент, Тараз қалаларын да атап өтеді. Туристік саланың дамуы тек бір табиғат ортасымен шектелмейді.

Инфрақұрылымдық салалар бойынша дамыған, мәдени ошағы кең, қонақжайлығы және көз тартатын жәдігерлерімен де ерекшеленеді. Елдің туристік саласын дамыту үшін көптеген бағдарламалар қолға алынды. «Жасыл әлем» түсінігі тек қана таза ауа, таза қала емес, сонымен қатар туристік бағытты дамытуға арналған бірден-бір құндылық. Қазақстандағы туризмнің дамуы – елдің ішкі экономикасының өсуіне әсер етеді. Сондықтан әрбір ел азаматы өз қаласының, ауданының осы саладағы мехнизімін құрып, дамытуға үлес қосуға міндетті.

(«Қазақ күн парағы»,2007 ж)

 

4- тапсырма. Табиғат туралы он мақал-мәтел жаттаңыз.

5- тапсырма. «Туған жерге саяхат» тақырыбына таныстырылым дайындап, қорғаңыз.

 

 

2- сабақ

Тақырып: Туған өлке, оның байлығы, табиғат көріністері

ТІЛДЕСІМ

1- тапсырма. Берілген моноголгті диалогке айналдырыңыздар:

 

Табиғат -дегеніміз біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс, әсем дүние. Қазақ даласы дәнге де, малға да кенге де бай-дархан дала. Ендеше , сол ерекше даламыздың жон ортасы- Қарқаралы. Біз үшін туған өлке табиғаты ,ең қасиетті де қастерлі ұғым. Жердің қасиетін сақтау жер жомарттығын жойып алмау-ұрпақ қолыда . Бұлақтың көзін ашу, айналасына жасыл желек егу- ата- бабадан қалған мұраның бірі. Туған өлке табиғатын қорғау және тиімді пайдалану, оны ластану мен бүлінуден қорғау үшін біз ат салысуымыз керек. Себебі Қарқаралы өлкесі - Орталық Қазақстанның алтын ұясы, құтты қонысы, өсіп-өнер мекені. Біздің жер киелі жер. Біздің жерден оқымысты ғалымдар, ақындар шыққан. Осындай киелі жердің табиғатын оқын білуге оны қорғауға міндеттіміз.

 

2- тапсырма:  Берілген сөздерге ассоциация құрыңыздар:

туризм...................

өлкем..................

табиғат................

қорғау.................

ОҚЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар:

 

Қазіргі таңда елімізде аймақтық туризмді дамытудың бастамалары байқалады. «Ақтау-Сити», «Кендірлі», «Жаңа Іле», «Бурабай» сынды мемлекеттік әрі экономикалық маңызы жоғары жобалар – соның айғағы. Республикамыздың аймақтары мен жекелеген өңірлерін дамытудың, соның ішінде ауылды көтерудің бір жолы ретінде аймақтағы туризмді дамыту жобасына арқа сүйеген абзал. Себебі аймақтағы туризм дамуының жолға қойылуы қосымша жұмыс орындарының пайда болуына, туризммен сабақтас өзге де инфрақұрылымдардың жетіліп, бірқатар әлеуметтік мәселелердің өз шешімін табуына септігін тигізеді. Менің туған жерім- қасиетті.

Қазақстанның табиғаты мен жәдігерлер табылған тарихи орындарға қызығатыны ақиқат. Сондықтан әлі де ашылмаған тарихи жәдігерлерімізді археологиялық іздестіру жұмыстарына да көңіл бөлу уақыт талабы болып тұр. Ал табылған ежелгі тарихи орындар мен жәдігерлердің тізімі нақтыланып, олар мемлекеттің қорғауына алынса бұл өз кезегінде туризмді дамытуға үлесін тигізеді. Менің елім- мақтанышым. Көрнекті жерлерімізді ірі туристік өңірге айналдырсақ, туризм саласында бәсекелестік пайда болып, сапалық көрсеткіштер де арта түседі. Осының нәтижесінде отандық туризм саласы шетелдік туристерді тарта аларлықтай қабілетке ие болар еді. Бұны айтып отырғанымыз, ішкі туризм дамымай, сырттан туристерді де елге тарта алмаймыз.

Туризм саласы – мемлекеттің бет-бейнесі, тұрмыс-тіршілігінің, мәдени мұралары мен тарихи ескерткіштерінің айнасы. Шетелдіктер Қазақстан туралы нақ осы туристік компаниялар арқылы біледі. Бізде туристік бизнес, негізінен, турагент ретінде ғана жұмыс істейді. Олар өзінің төл туристік өнімін шығармайды. Сондықтан салық заңына турагенттер мен туроператорлардың аражігін ажыратып, олардың іс-әрекетін бір-бірінен бөле-жара қарайтын әрі олардың көрсеткен қызметтерінің бағасын шектейтіндей ереже енгізу керек тәрізді.

(Ғаламтор материалдарынан).

 

4- тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар. Қарамен жазылған сөздерге назар аударыңдаыңыз:

 

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

 Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.

 Менің байтақ республикамтаулары

Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,

Көлді көрсең секілді бір түскі аспан

Менің байтақ республикам даласы

Менің көлім теңізбен қол ұштасқан.

Сырбай Мәуленов.

5  – тапсырма.. Кестедегі сөздерді сәйкестендіріңіз.

Отаным -------Оның

Елі -------Сіздің

Еліңіз ------------Менің

Туған жерің ---------Олардың

Ордасы ------------Біздің

 

6 – тапсырма. Сөздерді жекеше түрде тәуелдеңіз..

Тау, күн, халық, бақыт, Отан.

Жақ-------------Тау

І Менің

ІІ Сенің

Сіздің

ІІІ Оның

 

3- сабақ

Тақырып: Еліміздің туризм саласы

 

 

ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ

1- тапсырма. Тақырыпқа қатынасты лексикалық қормен танысыңыз.

Ұтқыр жарнама,  стратегиясын әзірлеу, туризмді дамыту,  негізгі бағыттары, жетістіктер, инфрақұрылымын дамыту, қызмет көрсету, аймақ,  көрікті жерлер.

 

 

АЙТЫЛЫМ

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша ой бөлісіңіз.

1. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту проблемалары?

2. Туризмге сұранып тұрған аймақтар және туризмді дамытуға деген қажеттілік.

3.  Жазғы еңбек демалысы немесе қазақ жұртының туризмге көзқарасы.

 

ОҚЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспарын құрыңыздар:

 

Елімізде туризм саласын дамытуға көптеген табиғи кедергілер жетерлік. Дегенмен мемлекетіміздің ұстанған саясатының арқасында бұл сала дамып келе жатыр. Мысалы 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың бекітілген Тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылаған. Олар «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын жандандыру», «Каспий қақпасы», «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің біртұтастығы».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын дамытудағы туризмнің ықпалын «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады.

«Экспо-2017» көрмесі елімізге ағылған туристер санын күрт арттырды деуге болады. Осыны ескергенде елордада ең алдымен елорда қонақтарын қабылдауға дайын бөлмелер саны бір жылдың ішінде бірден +43,8%, 2017 жылдан бастап 8,96 мыңға дейін өсті. Сондай-ақ, Астана қонақ үйлер, отельдер мен басқа да орналастыру орындары санының өсімі бойынша үш көшбасшының қатарына кірді: +28,2%, 209 дейін.

Жалпы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 1,5% өсіммен 314,8 мың адамды құрады.

Соңғы жылдары туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны тұрақты өсімді көрсетеді.Ал Туристік саланы дамыту туристік қызмет көрсетуде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін ҚР мемлекеттік шекара арқылы өтетін өткізу пункттерін (автомобиль, авиациялық, теміржол, инженерлік-коммуникациялық, «жеңіл» инфрақұрылым) қайта жөндеуді есепке алғанда, қажетті инфрақұрылымнан тұратын заманауи бәсекеге қабілетті туристік кешен құруға тікелей байланысты.Сол себепті Үкімет туризмді дамытуға баса мән береді. «Дүниежүзілік саяхаттар және туризм кеңесінің» бағалауы бойынша, Қазақстан алдынғы жылдары туризм индустриясы мен туризмде үздік жетістіктерге жеткен Топ-10 елдің қатарына енгенін де айтып өткен жөн болар.

(Ғаламтор материалдарынан).

 

Қазақстанда  туризмді дамытуда төрт кластерқарастырылған.

 

  -Жаз мезгіліндегі экскурсия

  Туристтік экскурсия

  Жағажай туризмі

  Демалыс орындары.

 

3- тапсырма . Ой бөлісіңіз:

1. Неліктен Қазақстанда туризмді дамытуда төрт кластерді қарастырды?

2. Қалай ойлайсыз туризмді дамытуды қанша түрге бөліп қарастыруға болады?

3. Туризмді дамытуда өз демалысыңызды Қазақстанда өткізу үшін қанша қаражат қажет деп ойлайсың? Диаграмма жасаңыз.

 

4- тапсырма. Топпен жұмыс:

Тақырып«Өз өлкеңді білесің бе ?»

Жергілікті жердің табиғаты туралы сұрақтар. Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын табу, әрбір дұрыс жауап  5 ұпай.

3 бағыт бойынша өткізіледі.

1.                  Жануарлар әлемі;

2.                  Аумақ өсімдіктері;

3.                  Табиғат байлықтары.

 

 

8- модуль: АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

1- сабақ

Лексикалық тақырып: Табиғат құбылыстары

Грамматикалық тақырып: Мезгіл мағыналы сөздер (қыс, көктем, түсте,кеш батқанда), салыстыру құрылымдарын берудегі қолданысы (Алматыға қарағанда Астана суық; бұған қарағанда, соған қарағанда, осыған қарағанда).

 

ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ

1- тапсырма. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.

Халық қазынасы, жер беті, тамаша табиғат, шалғынды жер, табиғат,өлкесі, табиғатын жете білу, туған жер, табиғатын қорғау, негізгі мәселелер, қазба байлықтары, денсаулық, қажеттілік, су ресурстары.

 

ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерді сөйлем құрастырыңыз.

Шағын кәсiпкер, қайнар көзi, кәсiпкерлiктi дамыту, оңтайлы ролі, жекеменшік салалар, басты басымдығы, өзектi мәселелер, өсу деңгейi,өтпелi кезең, индустриялық-инновациялық стратегия, негiзгi өндiрiс, инновациялық қолдау.

 

3- тапсырма. Мәтінде оқып ой бөлісіңіз.

Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, жер, ай мен күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғатдеген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет  тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екенін білеміз.Табиғат-қандай  керемет.

 

4- тапсырма. Мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыздар:

Табиғат пен адам тығыз байланыста болып келеді. Себебі, адам табиғаттағы барлық заттарды өмірінде пайдасына жаратады. Мысалы: суын ішеміз, жемісін жейміз, ауасын жұтамыз. Суды тіршілік көзі дейді. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл желек, орман.....

 

5- тапсырма. Мақал- мәтелдерді жаттап алыңыздар:

1. Жері байдың - елі бай.

2. Туған жердің топырағы да ыстық

3. Көлдің көркі – бұлақ

    Таудың көркі – құрақ

4. Сулы жер - нулы жер.

5. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

6. Жас бұтақты сындырма

7. Көкті таптама.

 

АЙТЫЛЫМ

6- тапсырма . Ой түрткі:

1. Қазақстанның өзен, көлдері туралы не білесіз?

2. Қазақстанның ең ірі көлдеріне Марқакөл, Алакөл, Балқаш  осы көлдер туралы қысқаша сипаттама беріңіз.

 

2- сабақ

Тақырыбы: Табиғатта болып жатқан өзгерістер

ЖАЗЫЛЫМ

1- тапсырма. Орыс тіліне аударыңыздар.

 

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай біліуміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде Халықаралық қорғау қоғамы құрылды. Оның басты мақсаты – саны сирек, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады.

 

2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Халықаралық қорғау қоғамы не үшін керек?

2. Қандай кітапты Қызыл кітап деп атайды?

 

ОҚЫЛЫМ

 

3- тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз және түсінгеніңізді баяндаңыз.

 

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстарыфизикалық құбылыстардеп аталады.

Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.

Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.

(Ғаламтор материалдарынан)

 

3-сабақ

Тақырыбы: Табиғат құбылыстарының адам өміріне әсері

 

ОҚЫЛЫМ

1- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, жоспар құрастырыңыз және сол бойынша мәтінді мазмұндап беріңіз.

 

Қазақстанның әр аймағында ауа райы әр түрлі болады. Солтүстік жақта күн салқындау әрі суығырақ болса, оңтүстік аймақта күн райы жылы болады. Яғни, ауа райы әр аймақта, әр уақытта өзгеріп тұрады. Және бұл өзгерістер ауа райының басты қасиеті болып табылады. Бұрынғы кезде ауа райын болжайтын орталықтар, термометрлер болмаған. Сондықтан ата-бабаларымыз күн райын жан-жануарлардың, құстардың іс-әрекетіне, ауа райының өзгерістеріне қарап, болжайтын болған. Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрекеті үшін қажет. Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді.

Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеоррлогиялық станса бар.

Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Қазақстан жерінде күннің кенет суыту мәнісі көбінесе арктикалық суық ауа массасының баса көктей кіруінен. Бүгінгі күні ауа райын ғарыштан бақылауға болады, бірақ жалғыз адамның қолынан келмейді. Ауа райы - жеріміздің алып күшінің бірі. (Ғаламтор материалдарынан).

Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер:

·                     Будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, қайта көбейіп, қалыңдай түседі.

·                     Ертеңгі және кешкі күн шапағы қызғылт түсті болады.

·                     Түнгі және күндізгі температураның айырмасы азаяды.

·                     Кешке қарай жел тынбайды, қайта күшейеді.

·                     Шық және қырау түспейді.

·                     Күн немесе Ай қораланады.

·                     Ауа қысымы төмендейді.

·                      

ЖАЗЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтін бойынша бес-алты сұрақ құраңыз.

3- тапсырма. Ауа райы туралы өз пікіріңізді жалғастырыңыз.

Адамның өзін қалай сезінуі және соған сәйкес көңіл күйі, жұмысқа қабілеттілігі, қоршаған ортаның (ауа райының) параметрлеріне яғни көрсеткіштеріне байланысты.

Ауа райына байланысты адамның өзін қалай сезінетіні, оның жеке ерекшеліктеріне байланысты және ол санқырлы болып келеді, біреуге жақсы әсер еткен күн райы, келесі бір адамға жағымсыз әсер етуі мүмкін!....

 

№ 8 СӨЖ тапсырмасы

Табиғат құбылыстарынан келетін қиындықтар. (сауалнама дайындау)

 

9-модуль.  АДАМ ЖӘНЕУАҚЫТ

 

1-сабақ

Лексикалық тақырып:Адам жәнеуақыт

Грамматикалық тақырып: Іс-қимылдың басталу, аяқталу мерзімі, адам жасының кезеңдерін білдіру, объектілік/субъектілік қатынастарды салыстыру.

 

ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, түсінгеніңізді айтыңыз және өзіңіз ой қосыңыз.

Уақыт. Қандай да бір нәрсенің болмасын, белгілі бір уақытпен санасып, нақтылы бір өлшемдермен белгіленетіні белгілі. Адам баласының, күллі жаратылыстың азды-көпті ғұмырлары уақыт деген ұғыммен тығыз байланысты.

Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі - уақыт. болмақ. Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады.

Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін, жетістіктерге жету үшін аз ұйықтап, көп шапқылауға да мәжбүрлі жайымыз бар.

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша негізгі ойға қатысты үш сұрақ құраңыз.

3-тапсырма. Төмендегі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар.

Кеш, қадір, құндылық, өзгерте алмау, бағыну, қысқа, тәуелділік, қуанышты сәт, бағалау, кешірімді болу.

4-тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1.Сіз уақытты қаншалықты тиімді пайдаланып жүрсіз?

2. Күнделікті іс-әрекеттеріңіз күнтізбе арқылы жүзеге аса ма?

3. Болашаққа жоспарларыңыз бар ма?

4. «Уақыт-емші» сөзінің астарын қалай түсінесіз?

5. Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

 

2-сабақ

 

Тыңдалым және айтылым

 

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыз.

Жақсы, келісім шарт, көңілді адамдар, сөйлесіп отырсаңыз,  уақыт, бос сөз, талап, кездесу, жүру, көп айтатын, уәде, жұмыс, демалыс,  адамға жетіспейді, жалқаулық, еңбектену.

 

2- тапсырма.Төменде берілген сұрақтарға өз пікіріңізді айтып оқытушымен бірге талқылаңыздар

*Уақыт бұл өмірде маңызды ма?

*Өз уақытыңызды ұтымды пайдалана аласыз ба?

*Уақыт адамның құндылығына жатады ма?

ТІЛДЕСІМ

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар:

Тыңдай білмеу, айта алмау, асығыс шешімдер;бәрін бірден орындау, ұмтылу; ұмытшақтық,толық ақпарат, болмау, өзімшіл, тәртіптің жоқтығы, жоспарлай білмеу, тосын шешімдер, бастаған іс,  аяғына дейін, мақсат,  жеткізбеу.

 

Оқылым

3-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз және түсінгеніңізді баяндаңыз.

Уақыт- бұл адамдар үнемі «жетпейді» деп шағым айтатын ерекше ресурс. Бұл рас нәрсе. Тәулік 24 –ақ сағат, ал сен біраз нәрсе атқарып, үлгеруге тиіссің.

Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. 

Есейген сайын уақыттың тезірек өтетінін байқамайтын адам жоқ. Алайда соңғы кездері айдың апталап, аптаның күндеп өтіп жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіретіндердің қатары көбейіп келеді. Біреулер мұны дініміздегі қиямет күнінің жақындауымен байланыстырса, біреулер бүгін 24 сағат кешегі 18 сағатқа тең дейтін дәлелденбеген ғылыми «фактілерге» сүйенеді.

(Ғаламтор материталдарынан).

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 1. Күніне неше саған ұйқыға бөлу керек?

2 Сіз уақытты үнемдей білсіз бе?

3. Өз кунінізге жоспар құрастырасыз ба?

4.Күніне неше сағат уақытыныз босқа кетеді?

 

3-сабақ

Тақырыбы: Уақытты тиімді пайдалану және оны үнемдеу тәсілдері

 

ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ

1- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға жетіспейді. Уақыт ойымыздан да жүйрік. Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз. Уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді. Сәбидің бір сағаты, қарттың бір күнінен қысқа. Уақыт – керемет ұстаз, алайды шәкірттерін өлімге қиятыны жаман. Уақытым бос өтті деп күлмеген күніңізді айтыңыз. Әр күнің – жаңа өмір.

Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. 

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Күніне неше саған ұйқыға бөлу керек?

2. Сіз уақытты үнемдей білсіз бе?

3. Өз кунінізге жоспар құрастырасыз ба?

4.Күніне неше сағат уақытыныз босқа кетеді?

Артық болмас білгенің!

3- тапсырма. Маңызды фактілерді жазып алыңыздар. Уақытты үнемдеудің  мәнін түсіндіріңіздер:

1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударға кедергі болады.

2. Уақытты бағалаңыз. Ол да біздің қолымыздағы байлықтың бір түрі.

3. Немен айналысу керектігін күнделікті біліп отыру үшін істелінуге тиісті істердің тізімін жасап отырыңыз.

4. Мүмкін болған жағдайда жұмысты басқаларға тапсыру керек.

5. Сіз айналысуға тиісті емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.

6. Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алып, ысырап етулеріне жол бермеңіз.

7. Өте қысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз.

8. Тек өз жеке басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Бұған сіздің хақыңыз бар.

9. Біреу сізбен кездесуге келгенде, оны орныңыздан тұрып қарсы алыңыз.

10. Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болу керек.

11. Кездесуді кейінге қалдыруды ұсыныс етіңіз. Өз уақытыңызды тиімді қолдана біліңіз.

12. Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.

13. Басқа адамдардың уақытын алмаңыз. Бұл үшін олар сізді құрметтеп, сізге одан да жақсы қарайтын болады.

14.  Кездесуді өткізерден бұрын оны қалай өткізетініңізді жоспарлаңыз.

 

4-тапсырма.Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар дайындаңыздар:

Уақыттың әрқилы өтуі жастың ұлғаюымен қатар, қоршаған ортаның өзгеруіне де байланысты. Қайнаған мегаполистен интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғай ауылға барып, бір ай өмір сүрген адам уақыттың лезде баяулағанын сезеді. Уақыттың осылай құбылуын жасыңыздың өтуінен көре алмайсыз, қалаға қайта оралсаңыз бұрынғы күйге оп-оңай түсесіз. Қоршаған ортаның өзгеруі дейтініміз, қазір тіпті баланың өзі «ішім пысты, далаға шығып ойнайықшы» деуін азайтқанын көреміз. Бұл қалай болғаны? Жастардың өзі күндердің өтуін сезбесе бұл нені білдіреді?

Адам сағатты сағат, минутты минут ретінде сезінуі үшін оның миы бос болуы тиіс, яғни миға жүктеме беретін ешқандай нәрсемен айналыспауыңыз қажет. Осыдан 20-30 жыл бұрын миымыз салыстырмалы түрде бос болатын жағдай жиі болатын. Сапарға шықсаңыз, кезекте тұрсаңыз немесе бір айдан кейін болатын қызықты оқиғаны күтсеңіз уақыт өтпей кететін. Ондайда әрбір минутты санап, ішіңіз пысатын.

Қазір адамның, әсіресе, қала тұрғындарының іштері оңайшылықпен пыса бермейді. Тіпті 3-4 сағаттық кезек те бізді жалықтыруы екі талай, егер қолымызда смартфон болса. 4 сағаттың бір-екеуін туыстарымыз бен достарымызға қоңырау шалып өткізсек, қалғаны Фейсбук, Инстаграм, Уатсап секілді әлеуметтік желілер мен түрлі мобильді қосымшаларға кетеді. Ешқандай пайдалы іс атқармасақ та, миымыз бос емес, тұрақты түрде ақпарат қабылдаумен болады.

 

№ 9 СӨЖ 

Тапсырма.Уақытыңды бағалай білесің бе? (ойталқы)

 

10- модуль. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР

1- сабақ

 

Лексикалық тақырып: Театр     және   кино өнері

Грамматикалық тақырып: Бірлескен іс-қимылдың берілуі, қимылдың тәсілі, амалы. Жалпылау есімдіктері.

 

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Тыңдаңыздар, айтуға жаттығыңыздар:

дәстүрлі өнер-традиционное искусство

ән-песня

тарихи-исторический

ойналады-исполняется

зерттеуші-исследователь

халық әндері-народные песни

тұрмыс-быт

тақырып-тема

мазмұн-содержание

ұлттық музыкалық аспаптар- народные музыкальные инструменты

 

ЖАЗЫЛЫМ

 

2 тапсырма. Мақал-мәтелдері жаттап алыңыздар:

1. Ел іші- өнер кеніші.

2. Өнер алды- қызыл тіл.

3. Жігітке жетпіс өнер де аз.

4. Өнерлі өрге жүзер.

5. Ән-көңілдің ажары.

6. Күмбірлеген күй- өмірдің базары.

 

ОҚЫЛЫМ

3 тапсырма. Мәтінді оқыңыз және аударыңыз.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІ

Қазақ халқының дәстүрлі өнеріне ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады.

Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері :Арқа әншілік дәстүрі, Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, Сыр өңірі әншілік дәстүрі болып бөлінеді.Өнер адамдары ерекше келеді.

Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ежелден ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Қазақтың фольклортанушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс –салтқа байланысты ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр.

Ғұрыптық әндердің өзі – бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып, тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері- халық әндері (анонимды-авторлық) және кәсіби халық композиторларының әндері болып саналады.

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. XIX ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.

Қазақ халқының әнші,күйші,композиторлары: Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дина Нұрпейісова, Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Мәди Бәпиұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Әсет Найманбаев, Балуан Шолақ, Абай Құнанбаев, Иман Жүсіп, Кенен Әзірбаев, Мұхит Мералыұлы, Майра Уәлиқызы. Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлеңдер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көтеріңкі айтылады, неше түрлі сарынға соғып, құйқылжиды.

Даналық белгісі:( "Өмірдің үлкен тастары")

 

4- тапсырма. Есте сақтаңыздар

дәстүрлі өнер-традиционное искусство

ән-песня

тарихи-исторический

ойналады-исполняется

зерттеуші-исследователь

халық әндері-народные песни

тұрмыс-быт

тақырып-тема

мазмұн-содержание

ұлттық музыкалық аспаптар- народные музыкальные инструменты

СӨЙЛЕСІМ

5- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері қалай бөлінеді?

2. Дәстүрлі өнер дегеніміз не?

3. Ғұрыптық әндерді атаңыз?

4. Қазақ халқының қандай әнші-күйшілерін білесіздер?

 

6- тапсырма.  Берілген өлең жолдарын түсініп оқыңыздар:

 

Жігіттің көркі- өнері,

Талап –кісі мұраты.

Өнер қалмақ артында-

Дүниенің өшпес шырағы. (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)

Өзгеге көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың. (Абай Құнанбаев).

 

 

 

2- сабақ

Қазақтың танымал өнер қайраткерлері

 

ОҚЫЛЫМ

1- тапсырма.  Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

М. Әуезов атындағы академиялық драма театры қазақтың алғашқы кәсіби  театры 1925 жылдың аяғында ұйымдасты.

1926 жылы 13-қаңтарда М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен тұңғыш театр шымылдығы ашылды. Алғашқы ашылған жылдары мұнда қазақтың халық ішінен шыққан өнерпаздары Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Жұмат Шанин, Қалибек Қуанышбаев және т.б. ойнады. Театрдың алғашқы режиссері және басқарушысы Ж. Шанин болды. Б. Майлиннің «Некеқияр», «Шаншар молда», Ж. Шаниннің «Торсықбай қу», «Арқалық батыр» сияқты шығармалары театрдың алғашқы репертуарын құрады. Қазақ драма театрынан 1934 жылы қазақтың опера және балет театры бөлініп шықты. Қазақтың кино өнері тарихындакиноактерлер: Жұмат Шанинның, Шәкен Аймановтың, Әмина Өмірзақованың, Асанәлі Әшімовтың, Меруерт Өтекешованың т.б есімдері ерекше зор құрметпен аталады. Шәкен Айманов атындағы киностудия Алматы кинохроника студиясы (1934) базасы негізінде құрылды.

«Қазақфильмнің» қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш. Аймановтың қосқан үлесі елеулі. Ол осы киностудияның 1953 жылдан 1970 жылға дейін көркемдік жетекшісі болды. 1952 жылы «Жамбыл» атты толық метражды түрлі-түсті көркем фильм тұңғыш рет жасалды, ал 1965 жылы«Алдар көсе»атты алғашқы кең экранды көркем фильм түсірілді.

 Тұңғыш рет халықаралық дәрежедегі жүлдеге ие болған қазақтың көркем фильмі «Ана туралы аңыз»1964 жылы экранға шықты. Көрермендердің ерекше ілтипатына бөленген «Қыз Жібек Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Шоқан»кинофильмдері осы «Қазақфильм» студиясында жасалды.

(Ғаламтор материалдарынан ).

 

ТЫҢДАЛЫМ

 

2- тапсырма. Мәтінге қатысты сөздердің аудармасымен танысыңыздар.

алғашқы- первый

ұйымдасты-организован

ашылды-открыт

басқарушы-руководитель

атындағы-имени

өнерпаздар-таланты

шығармалар-произведении, сочинении

көркемдік жетекші-художественный руководитель

толықметражды- полнометражный

түрлі-түсті- цветной

халықаралық-международный.

 

3- тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

4- тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Қазақтың алғашқы кәсіби театры қай жылы ұйымдастырылды?

2. Театр шымылдығы кімнің және қандай шығармасымен ашылды?

3. Театрдың тұңғыш режиссеры кім?

4.  Театрдың алғышқы репертуарын атаңыз.

5. Қазақфильм киностудиясы қай жылы құрылды?

6. Киностудияның көркемдік жеткешісі кім болды?

7. Толықметражды, түрлі-түсті көркем фильм тұңғыш рет қай жылы жасалды?

 

5- тапсырма. Театр өнері туралы ұлағатты сөздерді оқып, аударыңыз:

Театр- сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. (М.Әуезов)

Жақсы пьеса- сапалы әдебиет белгісі. (М.Әуезов)

Театр ісі нәзік, күшке салуды көтермейді. Қайтадан өңдеп, істеуге болмайды. (Жұмат Шанин)

Біздің өмірімізде театр бос думан емес, тіршіліктің ісі,  қоғамның өсуіне көмектесетін өнер, жаңа өмірдің насихатшысы. (К.С.Станиславский).

 

6- тапсырма

1.Өнер алды ...

2.Өнерлі...

- ...

Өлеңшінің - ...

4.Өнер - ...

Білім - ...

5.Ақыл - ...

Өнер - ...

 

VI кезең:Сөздік ойыны. «Кім көп сөз біледі?»

 

Полуостров – түбек

Шелк – жібек

Виноград – жүзім

Список – тізім

Характер – мінез

Быстро – тез

Смех – күлкі

Лиса – түлкі

Знай – біл

Язык – тіл

Критика – сын

 

11-модуль. МІНЕЗ ЖӘНЕ КЕЛБЕТ

 

Лексикалық тақырып: Мінез және келбет

Грамматикалық тақырып: Есімдіктер және олардың септелу ерекшеліктері, жіктеу есімдіктері. Құранды етістіктер (жақсы көру, көңіл бөлу, іске асыру).

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыз.

Қымбат, өнеге, өзге адамдармен, ерекшелік, қатынас , адамгершілік қасиеттері, қалыптастырады, шыншылдық, әділеттілік, жоғары, тұрақты, келбетті, ақыл, қоғам, мінезі жайлы.

 

Грамматика

Заттың құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына  қолданылатынсөз табын есімдік деп атайды.

Местоимение – самостоятельная часть речи, которая указывает на предметы, признаки, количество, но не называет их.

 

Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

І. Тұлғасына қарай (По способу образования)

1. Негізгі (Непроизводные)

мен, сен, сіз, ол, осы, сол, бұл, міне, кім, не, өз, т.б.

2. Туынды (Производные)

біреу, мынау, барлық, кейбіреу, әрқалай, өзім, т.б.

ІІ. Құрамына қарай (По составу)

1. Дара (Простые)

мен, сен, сіз, ол, кім, бәрі, әне, міне, бұл, сол, өз, т.б.

2. Күрделі (Сложные)

бірнеше, кейбіреу, әрқашан, ешкім, барлық, бірде-бір, қай-қайсысы, кімде-кім, т.б.

ІІІ. Мағынасына қарай (По значению)

1. Жіктеу (Личные)

Мен, сен, сіз, ол, біз, (біздер), сендер, сіздер, олар

2. Сілтеу (Указательные)

Бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, осынау, міне, әне, сонау, әнеки, ана, анау

3. Сұрау (Вопросительные)

Кім? не? неше? Қанша? қай? қандай? қалай? қашан? қайсы? қайда? Нешеу? нешінші? қайдан?

4. Өздік (Возвратные)

өз, өзім, өзің, өзі, өзіміз, өздеріңіз, өздерің, өздері

5. Белгісіздік (Неопределенные)

Бір, біреу, бірдеңе, бірнеше, кейбір, кейбіреу, қайбір, қайсыбір, әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрдайым, әрқашан, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әрқалай, әлдеқашан, т.б.

6. Болымсыздық (Отрицательные)

Еш, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайда, ештеңе, дәнеме, ешқайсысы, ешқандай, т.б.

7. Жалпылау (Определительные)

Бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, барша, түгел, бар, бүткіл

 

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді оқып, өздеріңіз білетін ақпаратпен толықтырыңыздар

.

 

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Жақсы мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі құрметке, сыйластыққа апармайды. Демек, мінезді еркінсітпей, қашанда, ақылға жүгіндіру қажет.Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық «адамның екінші табиғаты – әдетке» айналады. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие жинаған адамға айналасындағылар қызыға қарайды.Кейбір адамның жан дүниесі және сыртқы келбетіне үйлесіп тұрады.  Жақсы мінезді, адамгершілік қасиеті жоғары адамдардан үлгі алу керек.

 

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

 

Замандас келбеті

Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы  басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.

Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да жақсы болуға тиіс. Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті, киімі, тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында, әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.

Мен Көкшетау мемлекеттік университеті экономикалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 17 студент оқиды. Біз бәріміз құрдаспыз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.

Жанар, Нұргүл, Балнұр, Қарлығаш, Құралайдың ұлты - қазақ,  олар ұзын бойлы, шаштары қалың, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар. Балнұрдың шашы бұйра, ұзын. Айгүл, Қарлығаш, Бота аққұба, ал Алтынай мен Рысгүл қараторы.

Ал, Настя мен Светаның ұлты – орыс, олар да ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған. Оляның көзі үлкен, ал, Светаның көзі көкшіл кішкене. Альмираның ұлты – татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз.

Луиза мен Даянаның ұлты – әзірбайжан. Олар қараторы келген, ұзын бойлы, қастары қиылған, кірпіктері ұзын, шаштары қара, көрікті қыздар. Олар өз ана тілінде сөйлей алады. Біздің топтың қыздары өте  ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.

Тобымыздағы ұлдар  байсалды, салмақты, ақжарқын. Мысалы, Тимур мен Әділет мектепте бірге оқыған. Олар ұзын бойлы, қой көзді, аққұба келген, екеуінің де шаштары толқынды бұйра.

Андрей, Олег, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі,  көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді.

Ал, Романның ұлты – татар. Ол ұзын бойлы, қараторы, көздері үлкен әдемі, шашы қалың қысқа, сымбатты жігіт. Ол қазақ тілін жақсы біледі.

Сөздік

Қараторы - смуглый   

Ақсары - блондинка

Ақкұба - светлоликая (ий)  

Дөңгелек жүзді - круглолицая (ый)

Сопақ - продолговатая(ое)

Маңдай - лоб

Кең - широкий

Ұзын - длинный

Қысқа - короткий

Қалың - густой

Сирек, селдір - редкий

Сары - светлый

Қара - черный

Ақ - седой

Боялған - крашенный

Бұйра - кудрявый

Тік - прямой

Көкшіл - голубой

Қой көзді - карие

Қара - черный

Үлкен көз- большие глаза

Сымбатты – стройный (ая)

Денелі – крупного телосложения

Кең иықты  -  широкоплечий

Толық  - полный, толстый.

 

2-тапсырма. Досыңызға мінездеме жазыңыз. (Алдымен оның бойындағы жақсы қасиеттеріне тоқталыңыз).

3-тапсырма. Топтық жұмыс:

I топ: Адамның жан дүниесі қандай болу керек?

IIтоп:  Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс?

ЖАЗЫЛЫМ

4- тапсырма.Сөздермен сөз тіркестерін қатыстыра отырыпсөйлем құрастырыңыздар.

Ақкөңіл, ойланады, жауап береді, достарына көмектеседі, ұнатады,  мінезді, қайырымды, жаңа ортада, қатты қысылады, тым қозғалғыш,орынсыз сөйлемейді.

 

2- сабақ

Тақырып: Мінез-құлық мәдениеті

ОҚЫЛЫМ

1- тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Мінез ерекшеліктері жайлы мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.

Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік – адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайдытайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.

Адамгершілік және коммуникативті мінез сапалары мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеті болып табылады. Адамның еңбекке қатынасынан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік қалыптасады. Қарсылықтарды жеңуден тұратын еңбек пен оқу әрекеті ерікті мінез сапаларының дамуын қамтамасыз етеді, ол: мақсатқа бағыттылық, табандылық, шыдамдылық.

 

СӨЙЛЕСІМ

2-тапсырма.  Адамның сырт келбетіне қарап баға бергеніміз дұрыспа? Әңгімелеп беріңіздер:

3-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыздар:

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. - Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы. - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы. - Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы. - Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

Ы. Алтынсарин.

1. Мәтіндегі нақты ақпаратты  анықтап,мәтін мазмұнын түсіне отырып рөлге бөліп оқыңыздар.

2. Мәтін идеясына өз көзқарасыңызды білдіріңіздер.

4- тапсырма. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті, олардың үйлесімділігі туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

 

3- сабақ

Тақырыбы: Жастардың қазіргі келбеті

АЙТЫЛЫМ

1- тапсырма. Мәтіннен түсінгендеріңізді айтыңыздар:

Жастық шақ – жігер қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Замана өзгерді, уақыт ағымы өзгерді. Қоғамдағы бір топ арзан атаққа құмар, екіншісі өмірлік сапары басталмай жатып-ақ түңіліп, қараңғы түнекке кіріп барады. Өзінің қолынан келмегенді өзгеден көріп, өмір сүруін қиындатып, жегідей жеп, мәнсіз өмір кешуде. Бос мақтанға еріп өзін-өзі шамадан тыс бағалауға көшті. Адамдардың қарапайымдылығының ізі бірте-бірте жойылып барады. Байқасаңыз, имандылық, еңбек пен білім, теңдік пен шынайылық сынды ұлттық темірқазығымыздан айырылып бара жатқандаймыз. Жақсы, білімде, адамгершілігі мол,  жастарымыздың қатарын көбейтуіміз керек. Ата-анамыз анау көршінің баласындай болсаң қайтеді деп ескертеді.

«Талапты ерге нұр жауар» деген құлагер қазақтың даналары.

 Ғұмырын тиімді пайдаланып, жетістіктің асқар шыңын бағындырып, «Нағыз елдің тізгінін ұстайтын бала ғой» деп сүйсіне қарап жүргендерді түгендемес бүрын осы тақырыпта ой қозғадым. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегенді ұстанғаным болар. Әйтпесе, Қазақстанның жұлдызын қай додада болсын жарқыратып жүргендер қаншама. Сол себепті, ешкімнің өміріне қызықпаңыз, еңбек етуден жалықпай, ынта мен ықыласты әрқашан бірінші жұмсау қажет екенін ұмытпайық.

Біз де замана жастарының өзгерудегі себебі мен салдарын таразылап, бағамдап көрейік.

https://massaget.kz/blogs/20123/

 

2-тапсырма. Оқып, мазмұндаңыздар:

Мінез-құлық мәдениеті

Ол өзін қоғамдық ортада ұстай білу және әдептілік ережелерін сақтай білу ғана емес. Ол баланы үлкендерді сыйлаудан,жоғары адамгершіліктен, ұжымда өмір сүріп еңбек ете білуінен көрінеді. Кейде ұнамды қылықтар көрер көз үшін ғана жасалады. Сыртқы мәдениеті адамның мінез-құлықпен сыртқы бейнесінен көрінсе, ішкі мәдениеті адамның білімінен, нанымынан, жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра білуінен тұрады.

Адамның қоғамда сыйлы болуы және бағалануы ішкі мәдениетіне байланысты. Сондықтан мінез- құлық мәдениетін тәрбиелеу адамның моральдық бейнесін қалыптастыруымен бірге адамгершілік, азаматтық, ұжымшылдық, достық жолдастық рухында тәрбиелеуге, ұйымдастыруға үйретумен тығыз байланысты.

Мәдениетті мінез-құлық ережелерін түсіндіру. Жаман әдеттерді жоюда түсіндіру, талап қою, күн тәртібін орнату сияқты амалдар қолданылуы тиіс.Ұнамсыз әдетті түбірінен жою мұғалім мен ата-аналардан барлық амалдар жүйесін ұштастырып, дұрыс қолданылуын талап етеді.

3-тапсырма. Өткен мәтіндерден есімдіктерді тауып жазыңыздар.

4- тапсырма. Төмендегі есімдіктермен сөйлем құрастырыңыздар.

Бәрі, бүкіл, барлық, күллі, біреу, мынау, кейбіреу, әрқалай, өзім, бұл, сол, ол, мынау.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

Киіміне қарай қарсы ал, мінезіне қарап шығарып сал. (ойталқы)

 

12- модуль : КИІМ. СӘН. ТАЛҒАМ

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Киім.Сән.Талғам.

Грамматикалық тақырып: Сын-бейне үстеулері (әрең, бірте-бірте, ақырындап), мөлшер үстеулері (біраз, айтарлықтай, бірен-саран). Анықтайтын, нақтылайтын сөздердіңберілуі

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық

Бас киім, көйлек, сән көрсету, ателье, дизайнер, сән әлемі, киім стилі, қазіргі сән, бас шебер, әшекей, белдемше, тәж, корона, белдеме, дамыту, пайдалану, қолданбалы өнер, бояу.

 

ОҚЫЛЫМ

 

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

Қазіргі уақытта кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Адамдар сәннен қалыс қалмауға тырысады Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған.

Киім түрлеріне қарай бас киім,сырт киім, аяқ киім, ұлттық киімт.б бөлінген. Ұлттық киімдер арқылы адамның қай ұлт екенінде білуге болады.

Сән – киім кию мәдениеті, ол талғамға байланысты. Сән қоғамға, заманға қарай өзгеріп отырады.

Дизайнер-сәннің бағытын, талғамын, қандай матадан тігілетінін, көркемдеп әшекей түрін ескере отырып шығаратын адам.

АММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ

Үстеулер –ең алдымен, етістіктің /баяндауыштың/ белгілерін білдіреді. (Наречие – это лексико-грамматический класс слов, обозначающих признак процесса, признака, предмета. Наречия,в первую очередь, обозначают признаки глагола /сказуемого/.

Қимыл-сынүстеуі (наречия образадействия ивремени) қалай? – как? қалайша? –каким образом? қайтіп? – как? әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, сөйтіп, келе-сала, емін-еркін, лезде, қаннен-қаперсіз, дереу, жедел, шапшаң, тез т.б.

 

3-тапсырма. Берілген үстеулерден сөйлем құрастырыңыздар:

Әрең, бірте-бірте, ақырындап, мөлшер үстеулері:  (біраз, айтарлықтай, бірен-саран).

 

4- тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды жазып алыңыз.

 

Қазіргі кезде адамдар сәннен қалыс қалмауға тырысады. Олар дүкенге барады, өйткені соңғы сән киінгісі келеді. Тіпті оқушылар сән бар екенін біледі және кроссовкаларда өзгереді. Дегенмен, біз әдетте, джинсы, юбка және футболка сияқты негізгі киімдерді модельерлер жасаған киім үлгілерінен ерекшелейміз. Сәнде сән тітіркендіреді деп ойлайтын өз сындары бар, ол оңай, тираникалық және аморальды.  Бұл олай емес. Сән өзі өзгереді, өйткені көптеген адамдар жаңа стильдерді іздейді.

Дресс-код сияқты нәрселер туралы білу өте маңызды. Бұл белгілі бір әлеуметтік топта киіну дегенді білдіреді. Сіздің іскерлік кездесу костюміңіз талғампаз, жаңа және заманауи болуы керек. Сіз ескі және түсініксіз көрінуі мүмкін емес.

Жұмыс киімін дұрыс таңдау оңай емес. Ол кеңсе киімінің көптеген түрлеріне қолайлы болуы керек. Егер сіз мейрамхана немесе түнгі клубқа барсаңыз, онда стильді және еркін киіну керек.Кейбір адамдар сәнге ерекше көңіл бөледі. Сәннің де көптеген сыншылар бар. Біз өзімізге жарасымды киімді киюді білуіміз керек.

 

5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

 

2-сабақ

Тақырып: Киім үлгілері пішіндерінің алмасуы, стиль ерекшеліктері.

 

ОҚЫЛЫМ

  1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз.

Сән (франц.сөзі Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі) киім кию.Сән мәдениеті әртүрлі сферада жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.

Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісін денесіне жапқан жабулардан алады.

Костюм (Франц. Costume – киім-кешек) белгілі бір ұлттың, дәуірдің әртүрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі.Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.

 

СӨЙЛЕСІМ

2- тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар:

Стильдің түрлерін зерттеу. Стил (лат. Stilus) мәнер, сипат, ерекшелік.Стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін тұрақты, анық ерекшеленген дәуір тілі.

Классикалық стиль – қатал, іскерлік, элегантты, салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері.

Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсетуі, мінсіздігі, беріктігі.Классикалық стильге костюм шалбар, ағылшын пальтосы, белдемше, жакет, жейде жатады.

Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер.Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмысының элементтерін кеңінен пайдаланылады.

Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, шілтерлер, желбіршектер жиынтығынан тұрады.

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер.Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.

3- тапсырма. Ортақ жұптық жұмыс:

1.     Сәнге деген көзқарасыңыз қандай? _ _ _ _ _ _ _ _ _

2.     Қазіргі қандай сәнгерлерді білесің?_ _ _ _ _ _ _ _ _

3.     Сән дегеніміз не?

4.     Костюм дегеніміз не?

5.     Стиль, сән сөзіне анықтама беріңіздер.

АЙТЫЛЫМ

4 тапсырма. Өзіңізге ұнайтын киімдер туралы ой бөлісіңіз.

 

3- сабақ

Тақырып : Қазақстаннның қазіргі сәнгерлерінің киім үлгілері

 

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар:

Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады.

Адамзат қоғамы дамыған сайын көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең  тараған анықтамалардың бірі- әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты. Киімге деген талғампаздық адамның өзіне  сын көзбен қарайалатынының белгісі болып табылады.

 

ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. Берілген Сын-бейне үстеулерінен сөйлем құрастырыңыздар:

 (әрең, бірте-бірте, ақырындап), мөлшер үстеулері (біраз, айтарлықтай, бірен-саран).

3- тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Таза ұстау, пайдалы, көп,  қорғау,  күннің сәулесі,  ыңғайлы,  мата,  шыдамды, жуған кезде, тері киімдері, құнды, мұра, заман талабы.

4- тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар:

Киімнің негізгі қасиеттері: ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы тағы басқа да ерекшеліктері бар. Киімнің тозуы адамның күтіп ұстауына байланысты. Мысалы: жуған кезде киімнің оңып, созылып кетуі, тері киімдерінің суыққа төзімді болуы тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан, суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады.

Гигеналық қасиет деп киімнің адам денесінен бөліп шығатын заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға пайдасы өте мол материалдарды атаймыз. Қоғамдық дамудың қазіргі сатысында өсімдіктен, теріден, жасанды материалдардан тігіп адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын, ағзаның қалыпты температурасын сақтайтын, сонымен бірге әртүрлі көрік беретін  киімдер көп.

Киімнің ерекшеліктері: ол тікелей матаға және киілетін орынға байланысты. Киімнің  тағы бір қасиеті жуған кезде тар немесе қысқа болып қалатындығын ескерген жөн.

 

5- тапсырма. «Ұлттық киімдер» диаграммасын толтырыңыздар.

 

№ 2 СӨЖ тапсырмасы:

Тренд қандай? Сән үрдістері мен тенденциялары (жобалық жұмыс)

 

 

13-модуль:

ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР

 

Лексикалық тақырып:Проза және поэзия

Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар, ыңғайластық жалғаулықтар (бастап,бері, кейін, сонымен, сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті, алайда, қарағанда, салыстырғанда).

 

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма.Жаңа сөздермен танысыңыздар:

Әдебиет, өнер, ең қымбат, қазына, тұрақты, мәдениет, ойлау, қабілет, күш, марапаттау, шығармашылық, бәсекелес, таңдаулы, жоғары.

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

 

Өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.

Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Өнер адамдары ерекше келеді.

Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет,музыка,мүсін, кескіндеме, театр,кино,би,сәулет өнері, т.б. түрлері бар.

Өнер- жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді.

 

3-тапсырма: Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Творчество, талант, песня, стихотворение, писатель, танцор, художник, литература, сочинение, рассказ, роман, пьеса, баллада, легенда.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4- тапсырма. Берілген себеп- салдар, ыңғайластық жалғауларымен сөйлем құрыңыздар:

Себеп-салдар, ыңғайластық жалғаулықтар (бастап,бері,кейін, сонымен, сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті, алайда, қарағанда, салыстырғанда.

 

 

2-сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының    рухани,          мәдени мұрасы

 

1-    тапсырма. Мәтінді оқыңыздар:  

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында мәдени мұра ішінде қазақ әдебиеті ерекше орын алды. Ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің бір бөлігі ретінде қалыптасты. Қазақ әдебиетін жанрлық жағынан көркейтіп, мазмұнын кеңейткен әдебиет тарихында жаңа серпін, тың тақырып идеясымен келген ақын-жазушыларымыз көп еді. Өнер саласы да бұл жылдары үлкен жетістіктерге жетті.

Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген.

Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі.

Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Бұл қазақ халқының ертеден дана халық екендігін мойындаттырады. Қазақ қауымында «жеті» саны қадірлі болып саналады. Осыған орай, жеті санына байланысты көптеген салттар мен жоралғылар бар. Олардың қатарына: «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті жоқ», «Жеті ата», «Жеті нан» немесе «Жеті шелпек», «Жеті керемет», «Жеті күн», «Жеті ғашық», секілді түрлері көп. Бұл «жеті» санының қасиеттілігін айқындай түседі деп ойлаймыз. қазақтың асыл мұрасы жетерлік. Олардың күнделікті өмір сүру ережесіне де байланысты екенін ұмытпаған жөн. Қазақ елі-асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана халық.

 

2 – тапсырма.  Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударрыіыздар:

 

Төле би Әлібекұлы

Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауыңда дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Төле бидің әкесі Әлібек те билік  айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле жас кезінен хат танып, сауатын ашқан. Ол арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз әңгімелерді көп оқыған.

Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Төле би, Орта жүздің төбе биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған.  Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді.

Сөздік:

қайраткер – деятель

 атағы жер жарған - он прославлен

әулет – династия 

 қарапайым шаруа – простой человек

сауатты- граммотный 

тәлім алу – учить пример

билік – власть 

біріктіру – объединять

бұғау – кандалы, цепи 

байланыс – связь.

 

2-      тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

 

Қазыбек би Келдібекұлы

 Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Ол 1764 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

Ол Тәуке ханның «Жеті жарғы» заң жобасын жасаушылардың бірі. Өз заманында білімді, озық ойлы, әділ, батыл да батыр адам болған. Қазыбектің аталары да би болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Төбе биі еткен. Ол - жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Ол - парасатты елші, дипломат атанған.

XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына қарсы болған.

Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген.

Сөздік

көрнекті – видный

қайраткер – деятель

кесене – мавзолей

озықойлы - прогрессивномыслящий

батыл – смелый, храбрый

 басқыншылық–захватничество

 

3-      тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар:

 

1.      Қаз дауысты Қазыбек би кім?

 

 

15- модуль. БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

 

Лексикалық тақырып:

1. Білім, ғылым және жастар саясаты. Қазақстан жастары. Ел болашағы – білімді ұрпақта.

2. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық.

3. Қазіргі білім беруді дамыту, білімді ұрпақ тәрбиелеу туралы мәлімет.

Грамматикалық тақырып:

Заттың (жақ, тарап) анықтамасы, салыстыру құрылымдарының берілуі, іс-қимылдың мекені (елімізде, оқу орындарында).

 

 

1-сабақ

Білім, ғылым және жастар саясаты. Қазақстан жастары. Ел болашағы – білімді ұрпақта

 

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Оқу жүйесі – система обучения

бастауыш мектеп – начальная школа

мектепке дейінгі тәрбие – дошкольное воспитание

әліппе – букварь

балабақша – детский сад

мемлекеттік емтихан – государственный экзамен

сынып – класс

тереңдетіп оқыту – углубленное обучение

аса дарынды балалар особо одаренные дети

талапкер – абитуриент

жеделдетіп оқыту – ускоренное обучение

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

 

Қазақстан Республикасында оқу жүйесі қалыптастырылған заң негізінде жүзеге асырылады. Білім берудің алғашқы баспалдағы жеті жастан басталып, бала бастауыш мектепке барады. Арнайы мектепке барудан бұрын бала мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің алғашқы әліппесін балабақшадан алады. Бастауыш мектеп бірінші – төртінші сыныптар аралығын қамтиды.

Орта білім 5-сыныптан басталады. Яғни 5-сыныптан бастап балалар әдебиет, тарих, жаратылыстану, жағрафия, химия, физика сияқты жаңа пәндерді оқиды. Мемлекеттік емтиханды оқушылар тоғызыншы және он бірінші сыныптарда тапсырады. Кейбір оқушылар өз қалауынша 9-сыныптан кейін кәсіптік-техникалық лицейлерде оқуын жалғастыра алады. Қазақстанда мемлекеттік негізгі типтік мектептен басқа орта типтік мектептер де бар. Сонымен қатар жеке бір пәнді, мысалы, шет тілін, физиканы, математиканы т.б. пәндерді әрі тереңдетіп, әрі жеделдетіп оқытатын арнаулы орта мектептер де бар.

Қазіргі уақытта заман талабына сай мамандандырылған музыкалық, балет, көркемсурет, спорт мектептері де бар. Мұндай мектептерде аса дарынды балалардың болашағына жол ашады.

Орта білім алу біздің мемлекетімізде тегін және міндетті. Елімізде жаңа типті орта мектептер – гимназия, колледж, лицейлер де көп. Бірақ олардағы білім алу жүйесі ақылы.

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі де кең ауқымды.

Жоғары білім беру жүйесінің аясында институт, жоғары білім беру мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді. Бұл оқу орындарына түсу үшін талапкер арнайы міндетті сынақтан (тестіден) өтуі керек. Білім министрлігі бөлген арнайы гранттар мен кредиттерді конкурс (байқау) бойынша сынақтан ең жоғарғы балл жинаған талапкерлер иемденеді. Олар жоғарғы оқу орнында тегін оқиды. Басқа жағдайларда талапкер оқуы – ақылы. Жоғары оқу жүйесі бүгінгі таңда батыс елінің жоғары білім беру үлгісімен оқытады. Бұл үлгі бойынша студент төрт жыл оқып бакалавр, қосымша екі жыл оқып магистр дәрежесін алады. "Егемен Қазақстан" газеті. 11.09. 2019 ж.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Берілген мақалдарды талдаңыз, жаттап алыңыз.

Білімнен асар байлық жоқ.

Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.

Ұсталардан зат қалар, Оқығаннан хат қалар.

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліңіз. Әрбір бөліктегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді тауып жазыңыз. Мәтінге сұрақты жоспар құрыңыз, қысқаша мазмұндаңыз.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Білім саласындағы реформалар туралы хабарлама дайындаңыз.

 

2-сабақ

Білім беру жүйесіндегі  жаңашылдық

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Әлемдік білім кеңістігі – мировое образовательное пространство

білім алу – получить образование

сапа – качество

бәсекеге қабілетті – конкурентоспособный

білім үрдісін ұйымдастыру – организация образовательного процесса

жүйе – система

қоғам – общество

қызмет сапасы – качество услуг

инновациялық әдістемелер – инновационные методики

енгізу – внедрить

ақпараттық базасы – информационная база

еңбек нарығы – рынок труда

даму мүмкіндіктері – возможности развития

қамтамасыз ету – обесречить

алдыңғы қатарлы - передовые.

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамда түбегейлі өзгерістер болды. Әлеуметтік-экономикалық сала нарықтық жағдайда дамып жатыр. Қазақстан мемлекеті дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше болмақ, сондықтан экономиканың барлық саласында жұмыстың ұйымдастырылуы әлемдік талаптарға сай болуы қажет. Білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болуда.

ҚР білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеу. Ол үшін сапалы, бәсекеге қабілетті білім орындарын қалыптастыру қажет.

Еліміздің білім беру жүйесінде білім берудің барлық деңгейінде әлемдік талаптарға сай өзгерістер енгізу көзделген. Мәселен, жастарды білікті маман, озық ойлы азамат етіп қалыптастыру үшін, оларға бала күнінен жүйелі тәрбие беру қажет. Сондықтан мектепалды тәрбие мен оқтуды жетілдірудің жаңа тұстары айқындалған.

ҚР білім беру жүйесінде орта білім мәселелеріне зор назар аударылған, себебі бұл сала үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны.

Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік негізгі талаптардың бірі – жоғары сатыларда жастардың жеке қабілетін дамытуға жағдай жасау үшін дербес пәндерді тереңдете оқыта отырып, оқушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіретін оқыту жүйесін қалыптастыру. Бұл ұсыныстың негізінде біздің еліміз 1997 жылы қабылдаған Лиссабон конвенциясының талаптары жатыр.

Жоғары білім беру саласында да бірқатар жаңалықтар ұсынылған. Оның барлығы – тұлғаның сапалы жоғары білім алуына барлық жағдай жасау. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі енгізілген. Сондай-ақ, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа технологиясы енгізілді; оқытудың несиелік жүйесі жүзеге асырылуда. Бұлардың бәрі білім сапасын жетілдіруге жол ашады және оқытушылардың да жауапкершілігін күшейтеді.

Білім беруді іске асыру үшін оқу орындарының материалдық-техникалық базаларын нығайтып, жаңа ақпараттық жабдықтармен жұмыс істеу қажет. Жаңа оқулықтар дайындап, педагогтердің біліктілігін жетілдіру де қажет. "Егемен Қазақстан" газеті. 17.08. 2018 ж.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Өз ойларыңызбен бөлісіңіздер:

1. «Егер мен білім министрі болсам...»

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінді аяқтаңыз.

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде білім беру қызметінің сапасын анықтайтын рейтингтер өткізіліп жүр. Рейтингтер елдегі жоғары білім беру сапасын жақсартуға көмектеседі.  Бұл рейтинг қандай жоғары оқу орындарының әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті екендігін, ал қандай жоғары оқу орындарына білім үрдісін ұйымдастырудағы жағдайды толтыру қажеттігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық аккредиттеу орталығы  2006 жылдан бастап, еліміздің жоғары оқу орындарын саралау рәсімін өткізіп жүр. Оқу орындарын саралау жүйесі талапкерлерге, олардың ата-аналарына, жалпы қоғамға жоғары оқу орындарының (жоо) қызметі, олардың ерекшеліктері, көрсететін қызметінің сапасы, инновациялық әдістемелер мен технологияларды енгізуі, материалдық-техникалық және ақпараттық базасының жағдайы, халықаралық бағдарламаларды дамытуы, түлектерінің еңбек нарығындағы қажеттілігі, даму мүмкіндіктері жайында  ақпаратттар береді. Сонымен қатар, қазақстандық дипломдардың танымалдығын, олардың әлемдік  еңбек нарығындағы қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. 

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақ халқының ұлы ағартушы ғалымдары туралы реферат жазыңыз.

3-сабақ

Қазіргі білім беруді дамыту, білімді ұрпақ тәрбиелеу туралы мәлімет

 

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

ғылым – наука

бағыттау – направить

басты нышан – главный признак

халықтың болашағы – будущее народа

басты талап – главное требование

білім беру реформасы – реформа образования

мәдениет – культура

алтын қор – золотой фонд

білімді болу – быть образованным

қабілет – способность

ғұламалар – ученые

зейін – внимание

ақыл-ой – ум

жауапкершілік - ответственность

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек («Егемен Қазақстан» газеті).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Білім қалай бәсекеге түседі?

2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?

3. Білімді болу деген не?

4. Жас мамандар қандай болуы қажет?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. «Ұстаздық еткен жалықпас...». Бүгінгі ұстаз қандай болуы керек? Шағын эссе жазыңыз.

 

3 СӨЖ тапсырмасы: Шет елдердегі білім беру жүйесі туралы презентация дайындаңыз.

 

 

16-  модуль. БІЛІМДІ ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ

 

Лексикалық тақырып:

1. Білімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы.

2. Мен жастарға сенемін. Жастарға арналған білім беру бағдарламалары, бәсекелестікке қабілетті ұрпақ туралы мағлұмат.

3. Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі жаңашылдығы, жоғары оқу орындарындағы тәжірибе.

Грамматикалық тақырып:

-дағы/-дегі, -тағы/-тегі формасы (анықтауыштық мағынасы): Диалогты бастау, жалғастыру.

 

1-сабақ

Білімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Білімді ұрпақ – образованное поколение

қазіргі таңда – в настоящее время

ел дамуы – развитие страны

енгізу – внедрить

әдістемелік жүйе – методическая система

талпыну – стараться

пайдалану – применять

басты талап – главное требование

ерекшелік – особенность

оқыту үрдісі – процесс обучения

білім мен білік – знания и умения

біліктілік – квалификация

мамандық пен кәсіп – профессия и специальность

бәсекелестікке қабілеттілік – конкурентоспособность

белсенділік – активность

әлемдік өркениет – мировая цивилизация

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі» демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.

 ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын, ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда басты мәселе – бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоғамның әрбір даму кезеңі ең алдымен сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды көздейтіні – ешқашан маңызын жоймайтын тарихи құбылыс. Қазіргі таңда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік тың ізденістерге сүйене отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет екендігін айтады.

Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу – XXI ғасырдың басты талабы. Жастар білікті маман болса және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қосса дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Сұрақтарға жауап беріңіздер

1) Білімді маман дегенді қалай түсінесіздер?

2) Білім алудың формуласы бар ма?

3) Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет?

4) Кәсіпкерлік пен бәсекелестік деген не?.

 

4-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін аскерсек, қай заманда болмасын  олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. «Сөйлемдегі сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен  ауыстырыңыз.

1. Жоғары білім беру жүйесіндегі реформа Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі (алғашқы) 10 жылда жүргізілгені белгілі. 2. Ол реформа негізінен әлемдік білім беру кеңістігіне (шығу) және халықаралық білім стандарттарына барынша сәйкестендіруге бағытталған. 3. (Орта) білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру. 4. (Дамымаған) елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономикалардың өсуі мен дамуы білім, ғылым жүйелерінің (ескіруімен), халыққа білім беруді дамытумен, кәсіптік білім беруде халықты кеңінен тарту арқылы жүргізілгендігін байқаймыз. 5. Елімізде 2005 жылы 181 жоғары оқу орны мамандар даярлаумен (айналыспаған). 6. Өткен жылдың қорытындысы бойынша (кеше) 2000-нан астам жас азамат АҚШ, Қытай, Ұлыбритания сияқты, Еуропа мен Азия елдерінің ең (нашар) жоғары оқу орындарына түсіп, білім алып жатыр.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Ғылым-білім туралы 10 мақал-мәтел жазып келіңіз.

2-сабақ

Мен жастарға сенемін. Жастарға арналған білім беру

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Қозғаушы  күш – движущая сила

Қағидат – принцип

өмірлік  ұстанымдар – жизненные принципы

рәсуа – напрасная трата

нық  қадам – уверенный шаг

қисынды  қорытынды – логическое заключение

жалын – пламя

өршіл – целеустремленный

намыс – честь

рух – дух

өркенді - процветающий

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

ЕЛБАСЫ  ЖӘНЕ  ЖАСТАР

Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, қазақстандық компаниялардың менеджері болатын студенттер мұны жақсы түсінуі тиіс.

Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді.

Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер  өте көп, бұл  туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. “Жастық шақ – бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс... ”, - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.

“Қазақстан” сөзі көне еліміздің жаңа жастық шағын, халқымыздың жаңа тарихтағы нық қадамын бейнелей отырып, әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанда өсті, олардың көз алдында мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Олардың ана сүтімен бойында патриотизм және өз тәуелсіз Отандарына деген сүйіспеншіліктің терең сезімі дарыған.

Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ойлар мен жоспарларды қисынды қорытындысына жеткізетін де жастар болмақ. Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенім мол.

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады (Н. Ә. Назарбаевтың “Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына” атты лекциясынан ықшамдалып алынды. Егемен Қазақстан, 27 мамыр, 2006 жыл).

 

ЖАЗЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтінмен  танысып,  өзіңіз  оқитын  білім  ордасында  қандай  үйірмелер  бар  екені  туралы   сұхбат  құрыңыз.

Білімнің алтын ордасы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі студенттерге шынайы өнер арқылы әсер ететін тәрбие ошақтарының бірі – студенттер клубы. Студенттер клубы түрлі мәдени қажеттіліктерді қарастыру, студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың, дайындық бөлімі тыңдаушыларының өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту үшін құрылған.

Студенттер клубының мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбеу, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың бос уақытын әсерлі ән, әсем күй, мың бұралған би әлемімен қауыштыру. Клуб университет өмірінде барлық мәдени шараларды өткізу жұмыстарын жүргізеді. Студенттер клубы барлық қалалық және республикалық байқауларға белсенді түрде қатысады.

 

АЙТЫЛЫМ

4-тапсырма.  Мәтінді оқып, түсінгеніңізді қысқаша баяндап беріңіз.

Қазақстанның мұнайы мен газын ғана емес, білім мен ғылымын да дүниежүзіне танытатын уақыт жетті. Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етті. Ендігі мақсат – білім мен біліктілікті бәсекеде көрсете білу. Ол үшін мемлекет тарапынан 2012 жылға дейін ғылымды дамытуға салынатын инвестициялар мөлшерін 25 есе ұлғайтып, жылына 350 мл. теңгеге жеткізу, ғылымды басқару жаңа кезеңіне көшу, жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ҚР Ғылым және білім министрлігі арқылы қаржыландыру, ғылым жөнінде комитет құру, зертханалар ашу, шет елдік мамандармен байланыс жасау, білімнің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушы-профессорларға грант тағайындау сияқты мәселелер бүгінде көкейкесті болып отыр.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.

Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.

“Қазақстанда ұлттық зияткерлік әлеуетінің дамуына қыруар қаржы құйылуда. Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.

Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

 

5-тапсырма. Өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.

1. Ауылыңның жастарын көрсет, еліңнің болашағын айтып берейін (Дана қарияның сөзі).

2. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер (Абай).

3. Бізге ешқашан  болмаған нәрсе туралы армандауға қабілетті адамдар керек (Джон Кеннеди).

4. Елдік мұрат жолында біздің жастарымыз өз Отанына қызмет етуден басталатын асыл қасиеттерді университеттер қабырғасынан қалыптастырғаны аса қажет (Н.Ә. Назарбаев).

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Өз университетіңіздегі студенттік өмір туралы шығарма жазыңыз.       

3-сабақ

Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі жаңашылдығы, жоғары оқу орындарындағы тәжірибе

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Ғылыми ізденіс – научный поиск

ақпарат алмасу – обмен информацией

ортаға бейімділік – склонность к среде

мамандыққа сұраныс – спрос на специальность

сараптама – экспертиза

насихаттық жұмыс – агитационная работа

сабақтастық – преемственность

мүдделілік – интересованность

басым бағыт – приоритетное направление

көкейкесті мәселелер – актуальные проблемы

қолданысқа енгізу – введение в действие

бастамалар – инициативы

әлемдік білім кеңістігі – мировое образовательное пространство

ықпалдастықты арттыру – повышение интеграции

сапаны көтеру – повысить качества

бағытталған – направленный

өзара мақұлдау – взаимное одобрение

білім құрылымы – структура знания

бірізділік - последовательность

қолдау – поддерживать

қамтамасыз ету – обеспечить

бекіту – закрепить; укрепить

жандандыру – активизировать

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

БОЛОН  ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ  НЕГІЗГІ  ҚАҒИДАЛАРЫ

Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда интеграциялық үдеріс кеңінен дамып келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.

Болон процесінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы студенттердің оқыту процесін ұйымдастырудың осындай бір формасы белгілі мерзімде бір жоғары оқу орнындағы студенттің басқа жоғары оқу орнындағы оқуын заңды түрде бекіту болып табылады («Егемен  Қазақстан»  газетінен)

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Мәтінмен оқып танысып, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.

БАКАЛАВРИАТТАҒЫ  КРЕДИТТІК  ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

Бакалавриатқа түсу үшін біртұтас ұлттық тесті сәтті тапсыру керек. Оқу барысы 4 жыл, оқу пәндерінің саны 40- тан кем болмайды. Бакалавриаттың төменгі сатысында оқу 2 жылға созылады. Мұнда студент 68 кредит алуға тиіс. Төменгі сатының аяғында студент мемлекеттік аралық бақылаудан өтуі керек. Одан сәтті өткен студент жоғарғы сатыға көтерледі. Ал өте алмаған жағдайда, оқу орны оған ассоциацияланған дәреже береді де, тиісті үлгідегі сертификат тапсырады.

Бакалавриатта оқуды аяқтаудың міндетті шарты – теориялық оқу бойынша студенттің жинаған кредиті 128- ден кем болмауға тиіс: оның 42- 60-ы міндетті компоненттер, ал 68-86- сы таңдаған пәндер бойынша. Сонымен бірге міндетті оқуда 68 кредит ағылшын тіліне бөлінеді. Жалпы білім беретін (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары циклі) пәндер 35-45 кредитті құрайды. Оның ішінде Қазақстан тарихы, әлементтану, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, математика, информатика секілді 7 пән міндетті болып табылады. Дене тәрбиесі пәні қосымша білім беру шеңберінде жүзеге асады да, жалпы кредит көлемінің ішіне кірмейді. Қосымша жаратылыс пәндерінің элективті пәндерін студент мамандығына қарай өз еркімен таңдайды. Тәжірбиенің барлық түрі және оқытудың басқа да формалары қосымша білім беру бағдарламасы шеңберінде қарастырылып, жалпы кредит ауқымына енгізілмейді. Бір семестр ішінде күндізгі оқу бөлімінің әрбір студенті 12-18 кредит жинауы керек.

Міндетті және ерікті түрде таңдалатын компонентер бойынша, тиісті мөлшердегі несиені жинап, мемлекеттің стандарт талаптарын орындаған студент бакалавриатта диплом жұмысын қорғап, емтихан тапсыру түрінде өтетін мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Диплом жұмысын жазуға 2-4 кредит бөлінеді.

Студентке жоғары кәсіби білім құжатын (диплом) тапсыру және бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы мәселе мемлекеттік қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша шешіледі. Барлық емтихандарды “А”, “А-”, “В+”, “В” және “В-” бағаларына тапсырған, қорытындысында өту балын 3,25-тен кем жинамаған, сондай-ақ дипломдық жұмысын “А”, “А-” бағасына қорғаған немесе осындай бағаға мемлекеттік емтихан тапсырған студентке үздік диплом беріледі.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен мәтін құрастырыңыз.

Стратегиялық міндеттер, ұлттық білім берудегі жетістіктер, сәйкестендіруге негізделеді, жандандыруға бағытталған, жаңа арнаға салу, ықпалдасу, сынақ бірліктері, шеберлік пен іскерлік, желілік емес түрі, үзіліссіз білім беру, ерікті түрде, жалпыға міндетті стандарт, біртұтас ұлттық тест, ассоциацияланған дәреже, тиісті үлгідегі сертификат, міндетті шарты, әлеуметтану, таңдаған пәндер, қосымша білім беру шеңберінде, өз еркімен, тәжірибе түрі.

№3 СӨЖ тапсырмасы:    

1. «Кредиттік  оқыту  жүйесінің  тәсілдері» тақырыбына реферат дайындаңыз.

17- МОДУЛЬ.  ӨНЕРТАБЫС ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Лексикалық тақырып:

1. Өнертабыс және жаңашылдық

2. Өнертабыс, өнертапқыштық ұғымы

3. Бүгінгі таңдағы өнертабыс түрлері мен оларға сипаттама.

Грамматикалық тақырып:

Етістік шақтарының жіктелуі. Етістік+-ма-й-ын-ша, -ме-й-ін-ше, па-й-ын-ша, пе-й-ін-ше, ба-й-ын-ша, -бе-й-ін-ше тіркестері арқылы қолданылуы

 

1-сабақ

ӨНЕРТАБЫС ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

 

ТЫҢДАЛЫМ

 

1-тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Өнертабыс – изобретение

жаңашылдық – новизна

өнеркәсіп - промышленность

шығармашылық – творчество

техникалық шешім – техническое решение

жаңалық – новость

өнертапқыштық деңгей – изобретательский уровень

техникалық әдістер мен құралдар – технические методы и средства

өнім - продукция

ғылыми-зерттеу – научно-исследовательская

өндірістік қызмет – производственная деятельность

инновациялық қызмет – инновационная деятельность

инновациялық үрдіс – инновационный процесс

нәтиже – результат

интеллектуалды шығармашылық – интеллектуальное творчество

іскерлік – деловой

кәсіпкер – предприниматель

бәсеке – конкуренция

ғылыми-техникалық прогрес – научно-технический прогресс.

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқыңыз

ӨНЕРТАБЫС

Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, ҚР Патент Заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген: 1. Жаңалығы; 2. Өнертапқыштық деңгейдің болуы; 3. Өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.

Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған ҚР Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды

 

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Жаңашылдық (инновация) – бұл шығармашылық ғылыми-зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің нәтижесі. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс, және т.б.

Инновация – қандай да бір нәтижеге қол жеткізетін, адам өмірінің барлық салаларына енгізілген жаңашылдық.

«Инновация» термині, көптеген зерттеушілердің пікірінше, XV ғасырдың бірінші жартысында ағылшынның «innovation» сөзінен пайда болған, ол сөз «қайта жаңғырту» немесе «бұйымдарды жасаудың жаңа жолы» дегенді білдіреді.

Австриялық ғалым Джозеф Шумпетер XX ғасырдың 30-жылдарында инновациялар түсінігін экономикалық ғылымға енгізді, және оны тұтынушылық тауарлардың жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, өнеркәсіптегі ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу және қолдану мақсатында өзгеріс ретінде түсіндірді. Дж. Шумпетер бойынша, инновация – бұл тек қана жаңашылдық емес, ол кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндірістің жаңа функциясы.

Инновация – инновациялық қызметтің, инновациялық үрдістің нәтижесі, оның барысында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылады, мысалы: ғылыми-техникалық зерттеулер, өндіріс, маркетинг және менеджмент. Егер өнертабыстар инновацияларға айналмаса, олардың әлеуметтік немесе экономикалық құндылығы болмайды,. ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында инновация деп экономикалық айналыста жүрген жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс немесе жаңа немесе жетілдірілген тауар ретінде жүзеге асырылған интеллектуалды шығармашылық еңбек нәтижесі түсіндіріледі.

Сонымен, экономикалық талдау үшін «инновация» категориясының төрт маңызды аспектісі маңызды: 1. Инновация – кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы инновациялық өнім түрінде нақты өмірге жүзеге асырылған интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде; 2. Инновация – бұл нарықтық тепе-теңдікті бұзатын бәсекелік күш; 3. Инновация пайдалы тиімді қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде; 4. Инновация экономикалық өсу факторы ретінде.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Өнертабыс, жаңашылдық, инновация ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?

2. Инновация термині қашан пайда болды?

3. Инновация терминін кім қолданысқа енгізді?

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Өнертабыс, жаңашылдық, инновация ұғымдарының мәнін ашатындай нақты мысалдар жазыңыздар.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері» тақырыбына баяндама жасаңыз.

 

2-сабақ

Өнертабыс: өнертапқыштық ұғымы

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

патент иесінің құқықтар көлемін анықтау – определение объема прав патентообладателя

өнертабыс – изобретение

құралдар – инструменты

заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау – контроль за использованием охраняемого законом изобретения

жетілдірілген – усовершенствованный

патенттік қорғалу – патентная защита

тәсіл – способ

әдіс – метод

құрам – состав

қоспалар – примеси

химиялық қосындылар – химические соединения

жоғары молекулярлық қосындылар – высокомолекулярные соединения

патент қабілеттігі – патентоспособность

өнертабыстың сапалық деңгейінің көрсеткіші – показатель качественного уровня изобретения

өнеркәсіптік үлгі – промышленный образец

көркемдік-конструкторлық шешімдер – художественно-конструкторские решения

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық кажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты, текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады. Өнертабыс объектілерін нақтылау, патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретіндіктен, құқықтық маңызы зор.

Құрылғы – өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері сияқты құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар – мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар – «Магнит өрісі датчигі»; механизмдер – «Шарнирорычажный механизм». Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.

Тәсіл – өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету процестері жатады. Тәсіл – белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы. Өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған өнімге де таралады.

Әдіс өнертабыс объектісі ретінде келесі белгілермен сипатталады: белгілі бір әрекеттің немесе әрекеттер жиынтығынын болуы; әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі (кезекпен, бір уақытта, әр түрлі жолдармен т.б.); әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары (температура, қысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.); заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикізат, реагенттер, катализаторлар, микроорганизмдер тектері және т.б.); құрылғыларды (құралдар, жабдықтар т.б.) пайдалану.

Зат – өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі сипатындағы заттарға: жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар, жоғары молекулярлық қосындылар және гендік инженерия өнімдері (рекомбинантты нуклеидтік кышқылдар, векторлар т.б.) жатады.

Бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты, текті жаңа мақсатта қолдану. Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрі бұрыннан белгілі болған құрылғы, зат, әдіс, тектің жаңа мақсаттарда қолданылуы болып табылады, осыған байланысты өзге қажеттілікті қанағаттандырады. Мысалы, бояу ретінде қолдану үшін арнайы синтезделген белгілі «А» заты белгілі бір жағдайда зиянды бактериялар үшін күшті әсер ететін у ретінде қолданыла алады. Белгілі заттың жаңа қасиетін анықтау нәтижесінде зиянды бактерияларды жою үшін жаңа құрал ретінде ұсынылады. Бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты, текті жаңа мақсатта қолдану – заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер т.б.) тән, құрылғыларға аса тән емес, себебі олар белгілі бір қызметті атқару үшін жасалады және олардың мақсаты айқын болады. Сондықтан құрылғыға қандай да бір өзгеріс енгізбей өзге мақсаттарда қолдану, көбінесе, мүмкін емес.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Өнертабыс объектілеріне нелер жатады?

2. Өнертабыстың патентке қабілеттігіне қойылатын талаптар қандай?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Төменде берілген сөздерді пайдаланып, өтандық өнертапқыштар туралы шағын мәтін құрастырыңыз.

Патент иесінің құқықтар көлемін анықтау, өнертабыс, құралдар, заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау, жетілдірілген инструмент, патенттік қорғалу, конструктивтік элементтер, тәсіл, әдіс, композициялар, құрамдар, қоспалар, химиялық қосындылар, жоғары молекулярлық қосындылар, өнертапқыштық деңгейі, патент қабілеттігі, өнертабыстың сапалық деңгейінің көрсеткіші, өнеркәсіптік үлгі, көркемдік-конструкторлық шешімдер.

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Заманауи өнертабыстар туралы ақпараттармен танысып, 2-3 өнертабыс объектілері туралы әңгімелеп беріңіз.

3-сабақ

Бүгінгі таңдағы өнертабыс түрлері мен оларға сипаттама

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

тәжірибе – опыт

мүмкіндіктер – возможности

гендік инженерия – генная инженерия

биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесі – проблемы охраны биотехнологических изобретений

тектер – порода; происхождение; род

биотехнологиялық әдіс – биотехнологический метод

микроскопиялық өлшем – микроскопический размер

микроскопиялық өлшемдегі өмірге қабілетті әр түрлі организмдер – различные жизнеспособные организмы микроскопических размеров

жасанды жолмен алынған – полученные искусственным путем

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

БИОТЕХНОЛОГИЯ ОБЪЕКТІЛЕРІСоңғы жылдар ішінде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан биология тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды. Өнеркәсіпті «биологизациалау» өрісі байқалуда. Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжірибелік мүмкіндіктері гендік инженерия арқылы адамдарды емдеу әдістерінен қоршаған ортаны қорғау әдістеріне дейінгі әр түрлі биологиялық обьектілерге байланысты өнертабыстар санының артуына алып келді.Патенттер биология және биотехнологияны «коммерциялизациялау» ісінде және биотехнологиялық өнімді сату нарығы үшін күресте аса маңызды құрал болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесі әлі де ұлттық, халықаралық деңгейде талқыланып жатыр.Биотехнология саласына, сонымен қатар, микроорганизмдер тектерін, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері, антиботиктерді, нуклеин қышқылдарын пайдаланумен әр түрлі әдістер, вакциналар өндіру әдістері т.б. жатады.Аталған объектілер тірі – тектер, тірі емес – заттар бола алады. Тірі объектілер: микроорганизмдердің жеке тектері; өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектері. Тірі емес объектілер: биотехнологиялық әдіспен алынған қосындылар, антибиотиктер, ферменттер, вакциналар және т.б.; гендік инженерия өнімдері ДНК мен РНК кезектілігі, гендер, плазмидтер, векторлар, белоктар т.б. «

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Биотехнология ғылымындағы соңғы жаңалықтар туралы өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз, жаңа ақпараттарды өзіңізге жазып алыңыз.

Гендік инженерия немесе генетикалық инженерия – генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу; молекулярлы биологияның бір саласы. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т. Берг (Нобель сыйлығының лауреаты) іске асырды. 1973 - 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды.

Гендік (генетикалық) инженерия – молекулалық және клеткалық инженерия, белгілі бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен ағзадағы тұқым қуалаушылық туралы ақпаратты көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгілеген жоспармен қайта құруға болады. Гендік инженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып, басқа организмге көшіріп орналастыру.

Гендік инженерияны пайдалану. Гендік инженерияда гендерді тасымалдау арқылы түраралық кедергілерді жойып, қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады.

Инженерия түсінігінің өзі құрастыру деген мағынаны береді. Олай болса, гендік инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияны ауыл шаруашылығында, медицинада пайдалану арқылы өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қажетті гендерінің қызметін басқаруға мүмкіндік туды. Соңғы жылдары гендік инженерияның көмегімен бактериялық клеткадан вирустық ауруларды емдеуге қолданылатын интерферон және өсу гормоны – соматотропин нәруыздарын алуға қол жетті. Қант диабеті ауруын емдеуге қолданылатын инсулин гормонын алудың арзан жолы табылды. Бұрын инсулин жануарлардың ұйқы безінен өте қымбатқа түсетін жолмен алынатын еді.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Заманауи биотехнологиялық өнертабыстар туралы фильмдер мен телехабарларға шолу жасаңыз.

 

 

18-  модуль: ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР

 

Лексикалық тақырып:

1. Танымал тұлғалар.

2. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы, оның мақсаты, жоба жеңімпаздары.

3. Елімізге ең танымал есімдер туралы мәлімет.

Грамматикалық тақырып:

Есімшенің анықтауыштық қызметі (айтылған ой, айтқан ұсыныс, таңдаған кәсіп). Шектік (тежеу) демеуліктері (ғана, тек қана).

1-сабақ

Танымал тұлғалар

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

қайраткер – деятель

көрнекті – видный

кеңшар – совхоз

түсті металдар – цветные металлы

зерек – понятливый; сообразительный; смышленый; способный

тығыз – тесно

байланысты – связанный

болжам – версия; гипотеза

негізін салушы – основоположник

кеніш – рудник

енгізу – внедрить

үлес – вклад

жер қойнауын қорғау – охрана недр

пайдалы қазбалардың болжам карталары – прогнозные карты полезных ископаемых

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

Аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Лениндік /1957/ және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақ Ғылым Академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы кеңшарда дүниеге келді.

Қаныш бала күнінен-ақ зерек, ауылдағы құрбы-құрдастарының арасында ерекше бала болып өсті. Ол ауылдық мектептен кейін Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училищесін, одан соң 1914 жылы Қаныш Семей педагогикалық семинариясына түсті. Оқытушылар семинариясында Қаныш үлгілі әрі озат оқыды. Осында топ жарған жастардың қатарында Мұхтар Әуезов те бар еді. Олар экономика, мәдениет саласынан мағыналы да саналы білім алуға өте құштар болды.

Одан кейін Қаныш Сәтбаев Томскінің технологиялық институтына түсіп, оны 1926 жылы бітірді. Қаныш Имантайұлы еңбек жолын Атбасар түсті металдар трестінде инженер-геолог болып бастады. Кейіннен Қарсақбай кен комбинатында геологиялық барлау бөлімінің бастығы, бас геолог қызметінде болды. 1941 жылы Алматыға қызметке шақырылып, геологиялық ғылымдар институтының директоры болып тағайындалды.

Қ.И. Сәтбаев геолог ретінде ең алғашқы зерттеу жұмыстарын Қарсақбай, Темір, Жезқазған, Атбасар, Спасск кен орындарын зерттеуден бастады. Атасу, Аят темір кенін, Қорғасын, Үлкен Жезқазған полиметалын, Кендірлі аймағының қоңыр көмірі мен Қаратаудың ванадий кеніштеріне барлау жасап, Ұлытаудың ұлан-ғайыр даласын аралап, өзендері мен оның құяр сағаларын зерттеді.

Негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясына, минералдық қорларын зерттеуге, пайдалы қазбалардың болжам карталарын жасауға арнады. Ол 640-тан аса ғылыми еңбектің авторы. Қаныш Имантайұлы – рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасу, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы. Сәтбаев еңбектері ғылымға зор жаңалықтар енгізді. Қазақстан геологиясын осы заманғы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлына 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Сәтбаевтың қолдауымен 1948 жылы Алматыда Орта Азия геофизика тресі ашылды. 1956 жылы Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі ұйымдастырылды. Академик Сәтбаевтың ауыр өнеркәсіптің материалдық базасын нығайтудағы ересен еңбегін бүкіл елі мақтан етеді. Ғұлама ғалым Қазақстан мәдениеті мен өнерінің, әдебиетінің зор қамқоршысы, ақылшысы болды.

Геология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қаратаудан табылған, бұрын ғылымда белгісіз болып келген минералға "Сатпаевит" деген ат берілді. Сонымен қоса Жоңғар Алатауындағы биік шың мен мұздық, ҚР ҰҒА Геологиялық ғылымдар институты, Жезқазған кен металлургия комбинаты, Орталық Қазақстандағы бір қала, бірнеше мектеп пен көшелер, өзі туған ауыл Сәтбаев есімімен аталады (А.Асқаров. Ұлы Тұранның ұлдары)

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Қаныш Сәтбаев кім?

2. Қаныш Имантайұлы қандай еңбектерін білесіз?

3. Қаныш Имантайұлының ғылымға қосқан үлесі туралы айтып беріңіз.

4. Қаныш Имантайұлының еңбегін ескеріп, еліміз оны қандай марапаттарға ұсынды?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Өмірбек Жолдасбеков қатарында тағы қандай ғалымдарды білесіз?

а) Қоғамдық ғылымдары саласында;

ә) Жаратылыстану ғылымдары саласында;

б) Техника ғылымдары саласында;

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбектеріне шолу жасаңыз.

2. Қаныш Имантайұлының өмірі мен қызметін негізге ала отырып, «Нағыз ғалым» тақырыбына шығарма жазыңыз.

 

2-сабақ

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы, оның мақсаты, жоба жеңімпаздары

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

тәуелсіздік – независимость

үлес қосу – внести вклад

білім – знание

ақпараттық қолдау – информационная поддержка

мақсат – цель

сан алуан – разнообразные

жоба – проект

жүзеге асыру – осуществить

рухани жаңғыру – духовная модернизация

жаңа есім – новые имена

қабылданды – был принят

басты – главный

мүмкіндік – возможность

үміткер – кандидат .

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

Елбасының қолдауымен еліміздің рухани-мәдени әл-ауқатын дамыту мақсатында «Жүз жаңа есім» жобасы қолға алынғаны белгілі. Бұл – жастардың қоғамдағы ролін арттырып, ұлттық руханиятымызға серпін беретін бірегей жоба. Байқаудың бірінші кезеңінде спорт, қоғам, бизнес, ғылым, медицина, мәдениет, өнер сынды салаларда көзге түскен үміткерлер өз қабілеттерін ортаға салды. Белгіленген шартқа сәйкес, олардың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер түсіріліп, теле-радио бағдарламаларда насихатталды. Ел арасында олардың ісі қызу талқыланып, еңбектері еленгенін көрдік.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау.

Жобаның барлық шарттары 100esim.el.kz сайтында жарияланған. Мұндай шаралар жастардың өзін көрсетуіне таптырмас мүмкіндік. Біріншіден, аталған тұлғалар өзін танытса, екіншіден, сол арқылы кейінгі буын өкілдеріне үлгі болады. Ең бастысы – егемен елдің ертеңін, жарқын болашағын ойлайса дейміз.

Жобаны ұйымдастырушылар көптен бері кенжелеп қалған ғылым саласына басымдық беріпті. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылым саласы 5 бағыт бойынша дамып келеді. Ол энергетика, шикізат пен өнімді тереңнен өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациалық технологиялар, өмір туралы ғылым мен ұлттық ақыл-ой әлеуеті. «Білім-ғылым-инновация» үштігі – ҚР саясатының негізгі діңгегі. Ғылым мен білім беру ісін және инновациялық технологияларды біріктіру үшін ел Президентінің ұсынысымен ашық зертханалар (ұжымдық қолданудағы ұлттық ғылыми зертханалар) ашылды. Олардың барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталған, ол жерде кез-келген республика азаматы өз зерттеулерін жүргізуге мүмкіншілігі бар. Білім мен ғылымды ұштастырған тағы бір үлкен мысал – Назарбаев Университеті. Бұл білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы барлық 3 аспектті басын қосқан елбасымыздың қолдауымен ашылған оқу орны. Әлемдік стандартқа сай 3 деңгейлік ғылыми орталық жұмыс істейді. Міне, осы бағытта Қазақстан әлемде көш бастауы керек.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Топпен талқылаңыздар:

1. Сіздер қалай ойлайсыздар, «Жүз жаңа есім» жобасы мақсатына жетті ме?

2. Еліміздің рухани-мәдени әл-ауқатын дамыту мақсатында өздеріңіз қандай шаралар ұйымдастырар едіңіздер?

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Жауап бергенде мәтіннің мазмұнын ашатындай сұрақтар дайындаңыз.

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1-тапсырма. Елімізге танымал есімдер туралы мәлімет табыңыз.

 

3-сабақ

Елімізге ең танымал есімдер

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

қамқорлық – забота

қайырымдылық – благотворительность

танымалдылық – популярность

адамгершілік – человечность

үлгі – пример

тұлғалар – лица 

ұсыну – предложить

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Елдегі меценаттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценат тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. «100 жаңа есім жобасын қолдаймыз» атты тақырыпта пікірлесу жүргізіңіздер.

2. Өз өңіріңізден шыққан танымал тұлғалар жайлы айтыңыз.

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Егер сіз  «100 жаңа есім» жобасына қатысатын болсаңыз, қандай баяндама жасайсыз? Осы жайлы ой-толғаңыз.

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. «100 жаңа есім» жобасын туралы ой-толғау.

 

20- модуль:  БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

 

Лексикалық тақырып:

1. Бұқаралық ақпарат құралдары, оның түрлері. БАҚ – өмір айнасы

2. БАҚ-тың ақпараттық және білімдік қызметі. Бүгінгі таңдағы БАҚ-тың қоғамдық рөлі туралы мәлімет.

3. Ақпарат көздеріне сілтеменің берілуі.

Грамматикалық тақырып:

Предикаттың күрделенген түрі («... деп», «... екен», «... -уға болады», «... -у керек», «... деді»); Етістік+ -са(-се) да, де түрінде қолданылуы

 

1-сабақ

Бұқаралық ақпарат құралдары, оның түрлері. БАҚ – өмір айнасы

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

мерзімдік басылым – периодическое издание

бұқаралық ақпарат құралдары – средства массовой информации

оқиға – событие

мақала – статья

мәлімет – информация

бағдарлама – программа 

жергілікті - местный

ресми - официальный

ақпарат - информация

сәйкес – соответствующий

тіркелу – зарегистрироваться

жинау – собирать 

қайта өндеу – переработка

сілтеме – ссылка

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. Де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

Жанрдың ең басты белгісі нақты өмірлік материалдың таралуын ескеруі. Белгілі бір газет-журнал материалдардың, радио, ТВ, хабарларының көріну өмір сүру формасы. Баспасөз жанры үш топқа бөлінеді:

Ақпараттық жанрлар: заметка, есеп, сұхбат, репортаж, интервью. Ақпараттық жанрдың ерекшелігі – қоғам өміріндегі әлеуметтік маңызы бар.

Талдамалы жанрлар – корреспонденция (хат-хабар), мақала, баспасөзге шолу, рецензия жатады. Бұлардың өзіндік ерекшелігі тақырыпқа қатысты бірнеше фактілерді қамтиды.

Көркем-деректі жанрлар – фельетон, памфлет, очерк, көркем публицистика енеді. Бұлардың басты белгісі сөз етіп отырған өмір оқиғаларын суреттей отырып, елестетіп көрсету. Тақырыпты талдау үстінде көркем әдебиетпен, сатира, юморлық, публицистикалық құралдарды қатар қолданады.

Баспасөз жанрлары бір-бірімен тығыз байланысты. Әр журналист бұны міндетті түрде білуі қажет.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Оқып, ойды жалғастырыңыздар:

Мерзімдік басылымдар бұқаралық ақпарат құралдары деп аталады. Мерзімдік басылымдарға газет-журналдар жатады. Газет-журналдардың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз, қызықты жайларды білеміз. Сонымен бірге тарихи оқиғалар жайында, атақты адамдар жайында мақалалар оқимыз. Көптеген газеттерде міндетті түрде теледидар бағдарламасы, ауа райы жайында мәліметтер басылады.

Газет-журналдардың түрі көп: орталық, жергілікті, ресми, жеке меншік, балаларға, жасөспірімдерге, спортқа, музыкаға арналған. Бұл күнде елімізде 1500-ден астам газет-журнал шығады.

Әркімнің өзінің сүйікті газет-журналы бар. Маған ұнайтыны – «Ұлан» мен «Жас алаш» газеттері. «Ақ желкен» журналын қызығып оқимын.

 

ЖАЗЫЛЫМ

 

4-тапсырма. «Газет-журналдардың жіктелісі» мәтінін оқып, сұрақ құрастырыңыз.

 

Газеттер мерзімді шығуы жағынан күнделікті, айлық басу сипатына қарай тиражды, форматты, көлемді; таралу маштабына қарай жалпұлттық, аймақтық, жергілікті, республикалық, қалалық, аудандық; көп тиражды мақсаты мен бағытына байланысты: жалпы саяси, мамандандырылған, ведомстволық, корпоративті; сипатына қарай сауықтық, жарнамалық, коммерциялық, мекемелеуші типіне қарай жекеменшік, редакциялық, саяси партиялық болып бөлінеді. Бұлардың барлығы қалыптасқан заң, жүйе, ережелермен жұмыс істейді. Ақпаратты тарату барысында ресми газеттер жұмыс істейді. Олар тақырыптық жағынан, аудиториясымен ерекшеленеді.

Бұқаралық қоғамдық-саяси немесе әдеби көркем журналдар болады. Онда ақпараттық, публицистикалық, көркем шығармалар, танымдық, сәндік сипаттағы материалдар, фотосурет, бейнелеу өнерінің туындылары; ал ғылыми көпшілік, ғылыми, ақпараттық журналдарда ғылыми зерттеу мақалалары, аннотациялар, ғылыми хабарлар беріледі. Сондай-ақ, спорттық, өндірістік, техникалық, сатиралық журналдар бар. Дүниежүзіндегі тұңғыш журнал Фрнацияда 1665 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген «Журнал десаван» болды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында журналдың негізгі түрлері қалыптасты. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал «Айқап» (1911-1915ж.ж.), небәрі 8 саны жарық көрді. Редакторы – Мұхамеджан Сералин.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Берілген жанрлардың түрлерімен оқып танысыңыз.

Заметка – газет материалдарының ең қарапайым, ең жеңіл жазылатын түрі, ішкі-сыртқы әлеуметтік маңызы бар фактіні оқиға, құбылыс туралы хабарларды ғана, ел-жұртқа мағлұмат беруді мақсат етеді. Онда оқиға, жері, қатысқан адамдардың аты-жөні айтылады да қояды.

Есеп – хабарлама қоғамдық - әлеуметтік мәселелер сөз болған жиналыс, мәжіліс, кеңестерден, пленум, конференциядан, әр түрлі спорттық жарыстардан, мерекелерден, ресми ресми қабылдаулардан жазылады. Оның міндеті болып өткен жиындардың қалай басталып, қалай жүргізілгенінен, аяқталғанынан оқырманға мағлұмат беру.

Интервью – ағылшын сөзі әңгіме, әңгімелесу деген сөз. Оның мақсаты қоғамдық маңызы зор бір мәселе, оқиға беделді де білікті адамдардың пікірлері мен жұртшылықты салыстыру. Ол екі топқа бөлінеді: хабарлама, түсініктеме.

 

2. Мына жанр түрлеріне анықтама беріңіз.

Репортаж, корреспонденция, мақала, рецензия, баспасөзге шолу, очерк.

 

2-сабақ

БАҚ-тың ақпараттық және білімдік қызметі. Бүгінгі таңдағы БАҚ-тың қоғамдық рөлі туралы мәлімет

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

саяси үрдіс – политический процесс

бағалау – оценка 

барлық қырлары – все грани

түрлендіру – преобразование

мемлекеттік иделогия – государственная идеология

шағын елдер – малые страны

ақпараттық – информационные

мемлекеттік тіл – государсвтенный язык

негізгі құралы – основное средство

математикалық ұғымдар – математические понятия

тəжірибесін пайдалану – использование опыта

еркіндігін қамтамасыз ету – обеспечение свободы

ақпарат жүйесінің ыдырауы – распад информационной системы

эфирлік кеңістік – эфирное пространство

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б. БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар – отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғышарты болып табылады, яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық. Себебі, бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз, яғни сөз еркіндігінсіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтін  бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. БАҚ дегеніміз не?

2. Оның аса маңызды қызметтері қандай?

3. Ерекше белгілеріне нені жатқызуға болады?

4. Халықаралық құжаттарда және жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдарда не туралы айтылады?

 

5. Мәтінге ат қойыңыз.

 Қазақстан – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде таратылады. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті.

Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28 тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы заңдардың қай-қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін барынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Бұқаралық ақпарат құралдарының болашағы туралы  өз ойыңызды  жазыңыз.

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1-тапсырма. «Қазақстандағы БАҚ мәселелері және шешу жолдары» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

3-сабақ

Ақпарат көздеріне сілтеменің берілуі

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

қоғам – общество

өркениет – цивилизация

мәлімет – информация

ғаламтор – интернет

әкімшілік – администрация

жылдамдық – скорость

бұқаралық ақпарат құралдары – средства массовой информации

сілтеме – ссылка

баспасөз саласы – пресс-сфера

жаңа технология – новая технология

халықаралық желі – международная сеть

баспасөз тілі – язык печати

электрондық пошта – электронная почта

хабарлама көшірмесі – копия уведомления

хат алмасу – переписка

ақпарат беру – предоставление информации

тез – быстро 

кез келген – любой

зор – огромный

саяси күш – политическая сила

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

Қоғамда ақпарат берумен газет, радио, теледидар, журнал және сондай-ақ ғылым мен әкімшілік қызметтері айналысады. Бұқаралық ақпарат құралдары – арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.

Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты – елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.

Ақпарат құралдары қазіргі өркениетті елдердің бәрінде де үлкен саяси күш болып саналады. Интернет бүкіләлемдік өрмек немесе халықаралық желі деген сөзді білдіреді. Интернет желісінің пайдасы өте көп. Ол – күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал, мүмкiндiгi де шексiз. Себебі адам өмірдің кез келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға және басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие бола алады. Ғаламторды пайдаланушылар ақпаратты халықаралық желіден қалаған уақытыңда алып, оқып, оны жібере алады. Ғаламторда көптеген мәліметтер жинақталған. Одан балама ақпарат көзін де табуға болады.

Қазіргі кезде электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке жіберуге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан басқа да сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, бағдарлама тағы басқа да ақпарат түрлерін тасымалдай алатын мүмкіндігі бар. Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Сілтеме дегеніміз не?

2. Сілтеме не үшін қажет?

2. Сілтеменің қандай түрлері бар?

3. Ақпарат құралдарына сілтеме қалай берілуі керек?

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. «Қоғам өміріндегі БАҚ-тың орны» атты шағын эссе жазыңыз.

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Баспасөз беттері сөйлейді (БАҚ материалдарына шолу).

             2. Өткен тақырыпқа шолу.

 

2І – модуль:  КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА

 

Лексикалық тақырып:

1. Көлік, көлік қатынасы. Көліктің түрлері.

2. Көпшілік пайдаланатын көлік. Көлік логистикасының міндеттері.

3. Қазақстандағы көлік жүйесі.

Грамматикалық тақырып:

Мекендік қатынастың берілуі. Мекен үстеулері (жоғары, төмен, алыс, жақын, тысқары, ілгері). Көмекші есімдердің (бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) берілуі.

 

 

1-сабақ

Көлік, көлік қатынасы. Көліктің түрлері.

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.


көлік – транспорт

жолаушы – пассажир

жүк – багаж

байланыс – связь

хат-хабар – переписка

сым – проволока

радиотолқын - радиоволн

тасымал – перевозка

нүкте – точка

мүлік – имущество

қойма – склад

қаптама – упаковка

құрал-жабдық – оборудование

инфрақұрылым – инфраструктура

теміржол – железная дорога

жүк тасымалы – перевозка грузов

жетекші сала – ведущая отрасль

ақша аудару – перевод денег

жүзеге асыру - осуществить

тасу – перевозка

жеткізу - доставка


қалааралық тасымал – междугородные перевозки

жетістік нәтижелері – результаты достижения

көлік тасымалы – транспортные перевозки

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Көлік тасымалы – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды және экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижесінде автомобиль, пойыз, ұшақ сияқты көлік түрлері пайда болды. Көліктер жолаушыларды тасымалдау ісін жүзеге асырады.

Логистика корпорация, компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен айналысатын сала. Ол тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Логистика саласына жер, әуе, кеме, темір жол секілді тасымалдау көлік түрлерін жатқызамыз.

Автомобиль көлігі – жолаушылар мен жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала ішіндегі және қала маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді.

Теміржол көлігі көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Теміржол көлігі тасымалдау қашықтығына байланысты  жергілікті жолаушы тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы және алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы болып бөлінеді. Ал жылдамдығына қарай жай жолаушы тасымалы және жүрдек жолаушы тасымалы болады. Теміржол көлігі – вагондардан тұратын, арнайы рельс жолы арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі.

Әуе көлігі – көліктің ең жаңа және қарқынды дамыған түрі. Әуе көлігі – жолаушыларды, пошта мен жүкті таситын көлік түрі. Оның басқа көлік түрлерінен артықшылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді де тасымалдауда үлкен маңыз атқарады.

Байланыс – әртүрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау. Байланыс – почта, телефон, телеграф, радио хабарларын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай байланыс почта және электрлік байланыс болып екіге бөлінеді. Пошта байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль және тағы басқа заттарды жеткізу және ақша аудару қызметтері жүзеге асырылады. Бүгінде пошта хат-хабарларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік байланыс құрылымы бойынша сым және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып бөлінеді.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Топпен талқылаңыздар:

1. Көлік қатынасы, логистика терминдеріне түсініктеме беріңіздер.

2. Сіз жол жүрсеңіз, көліктің қай түрін таңдар едіңіз? Неліктен?

3. Көліктің қай түрінің болашағы зор деп ойлайсыз?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Көмекші есімдерді (бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) пайдаланып, тақырып бойынша 10 сөйлем құрастырыңыз.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Қазақстандағы көлік қатынасы» атты баяндама дайындаңыз.

 

 

2-сабақ

Көпшілік пайдаланатын көлік. Көлік логистикасының міндеттері

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.


өнеркәсіп – промышленность

еңбек құралы – инструмент труда

өндіріс саласы – сфера производства

кәсіпорын – предприятие

өндірушілер – производители

тұтынушылар – потребители

тасымалдау – перевозка


өндірістің шарты – условия производства

экономикалық теория – экономическая теория

көлік логистикасы – транспортная логистика

көпшілік пайдаланатын көлік – общественный транспорт

еңбекті аймақтық бөлу – региональное распределение труда

материалдық өндіріс саласы – сфера материального производства

дүниежүзілік жүк тасымалы – мировые грузоперевозки

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

Қазақстанның көлік шығарушы жүйесі өнеркәсіптен, жер бөлуден және өндіретін өнеркәсіптен кейінгі материалдық өндіріс саласы болып табылады. Экономикалық теория көліктің қазіргі қоғамды дамытудағы орыны мен рөлін анықтай отырып, оны еңбектің жалпы барлық құралы ретінде, өндірістің жалпы шартының бірі деп қарастырады. Кәсіпорын ішінде еңбек құралы мен жұмысшыларды ауыстыра отырып, көлік еңбекті технологиялық бөлумен туатын байланыстарды іске асырады. Бұл қызметтерді ішкі өндірістік көлік орындайды. Өндірушілер мен тұтынушылар арасында өнімнің әр түрлі түрінің орынын ауыстыра отырып көлік еңбекті аймақтық бөлу нәтижесінен туатын байланыстарды іске асырады. Бұл қызметтермен айналысу саласы көлік құзырында болады. Ол еңбекті қоғамдық бөлу тарихи процеске кіру кезінде жеке өндіріс саласына бөлінеді. Қазіргі жағдайдан айналу процесінде тасымалдауды көбіне жалпы пайдаланатын көліктер — темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және арнайы көліктер (құбыр өткізгіштер, электр берудің жоғары қуатты желілері және кәсіпорынның магистралды қатынас жолдарының торабымен байланыстыратын темір жол кіріс жолдары) орындайды. Көліктің осы түрлері жіктелген жүйемен бірге айналу процесінің материалдық негізін құрайды. Сонымен бірге көлікке оны халық шаруашылығының басқа салаларынан айыратын (даралайтын) кейбір ерекшеліктер тән.

Қазіргі жағдайда көліктің дамуы кез келген елдің өндірушілік күшінің өсуімен және оның сыртқы байланыстарымен байланысты. Дүниежүзілік жүк тасымалын жүзеге асыруда көліктің жеке түрлерінің үлесі шығыс еуропа елдері үшін келесі сандарды кұрайды: су көлігі — 23 %, жер бетіндегі көліктер — 64 % және көліктің басқа түрлері — 13%; өнеркәсіптік дамыған елдер үшін — 62, 27 және 11; дамушы елдер үшін — 84, 10 және 6. Жер шарының 70% территориясын алып жатқан дамушы елдерде жер бетіндегі көліктік жолдар төмен, ол дүниежүзілік инфрақұрылымның 5 % құрайды.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Көпшілік пайдаланатын көлік қандай болуы керек?

2. Болашақта көпшілік пайдаланатын көлік қандай болады деп ойлайсыз?

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мезгіл, мекен үстеулерін қолданып, тақырыпқа қатысты 10 сөйлем құрастырыңыз.

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Дүниежүзілік жүк тасымалы туралы статистикалық мәліметтер жинаңыз.

 

 

 

3-сабақ

Қазақстандағы көлік жүйесі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтары – производственные и сельскохозяйственные центры

транзиттік жүк және жолаушы тасымалы – транзитных грузовых и пассажирских перевозок

халықаралық автокөлік бағыттары – международные автомобильные маршруты

суы қатпайтын жалғыз теңіз порты – единственный морской порт без замерзания воды

халықаралық су жолдары – международные водные пути

автокөлік тас жолдары – автомобильное шоссе

халықаралық рейстер – международные рейсы

ашық су жолдары – открытые водные пути

халық тығыздығы – плотность населения

көлік жүйесі – транспортная система

әлемдік нарық – мировой рынок

автомагистраль – автомагистраль

әуе көлігі – воздушный транспорт

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

Қазақстандағы көлік жүйесі өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде.

Қазақстан үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда темір жол барлық жүк тасымалы айналымының 68%, ал жолаушы тасымалының 32% қамтамасыз етуде. Қазақстан темір жолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның темір жол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і Ресеймен, 2 Өзбекстанмен, 1 Қырғызстанмен, 2 Қытаймен). Қазақстан мен Ресейдің темір жол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км темір жол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.

2011 жылдың мамырында Қазақстанда 3 264 400 жеңіл автокөлік тіркелген. Қазақстанның автокөлік тас жолдарының ұзындығы 96 мың км-ден асады. Олардың көп бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары өтеді. Автокөлік магистральдары: Алматы – Астана – Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскіге шығады; Алматы – Петропавл, Омскіге шығады; Алматы – Семей – Павлодар (М-38 трассасы), Омскіге шығады; Алматы – Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады; Шымкент – Ақтөбе – Орал (М-32 трассаы), Самараға шығады.

2009 жылы Қазақстан аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның 2787 км-і Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) өтеді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы 80 см, автомагистральдің күрделі жөндеусіз жұмыс істеу мерзімі 25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы – 120 км/сағ. Жобада кейбір өзендер үсті арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрықтары, жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал өткізу орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір мезгілде трасса бойындағы кейбір аудандарда жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек.

Қазақстанның үлкен географиялық аумағына байланысты әуе көлігі үлкен рөлге ие және оны алмастырар басқа көлік түрлері жоқтың қасы. Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады. Әуежайлардың көбісінің қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық тасымалдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде ғана қолданылуда. Осы сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды. Air Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады.

Қазақстанның кеме жүруіне ашық су жолдарының ұзындығы 3982 км. Кеме жүруіне жарамды су жолдары: Ертіс, Сырдария, Жайық, Қиғаш, Іле және Есіл өзендері (Петропавл су қоймасынан бастап), Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балхаш және Зайсан көлдері.

Каспий теңізі арқылы Қазақстан Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстанмен байланысады. Ресей өзендері мен кеме жүретін каналдар арқылы Қара және Балтық теңіздерімен, одан ары Батыс Еуропа елдерімен байланысады. Ақтау порты Қазақстанның суы қатпайтын жалғыз теңіз порты болып табылады. Ол халықаралық су жолдарындағы стратегиялық маңызға ие.

2007 Қазақстан тарапынан Ресейге Каспий теңізі мен Азов-Қаратеңіз бассейнін тікелей қосуға бағытталған Еуразия каналын ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен болатын. Жоба жүзеге асса, Қазақстан Ресей арқылы халықаралық теңіз жолдарына шығуға мүмкіндік алып, сол арқылы теңіз державаларының бірі аталуы мүмкін.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы не білесіз?

2. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай іс-шаралар орындалып жатыр?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, оларға ат қойыңыз. Мәтінге ат ойлап табыңыз.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстандағы көлік қатынасы туралы баяндама дайындаңыз.

 

 

4-сабақ

Қазақстандағы көлік жүйесі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

көліктік-коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдау – решительная реструктуризация транспортно-коммуникационных монополий

қызмет көрсету мен сервисті камтамасыз ету деңгейі – уровень обслуживания и сервисного обеспечения

байланыс және телекоммуникациялар желілері – сети связи и телекоммуникаций

халықаралық көлік және сауда байланыстары – международные транспортные и торговые связи

отандық көлік-коммуникация кешені – отечественный транспортно-коммуникационный комплекс

транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ету – обеспечение транзитных перевозок грузов

ғылыми-техникалық прогресс – научно-технический прогресс

көлік пен байланыс саласы – сфера транспорта и связи

жүк тасымалы – перевозка грузов

инфрақұрылым – инфраструктура

жекешелендіру – приватизация

жекеменшік – частный

әуе көлігі – воздушный транспорт

су көлігі – водный транспорт

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

Инфрақұрылым, көлік пен байланыс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.

Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – теміржол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер: Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, ТрансАзия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту; «Достық» станциясын дамыту, «Достық-Ақтоғай» учаскесін нығайтуды аяқтау; барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдауды жүзеге асыру.

Автомобиль жолдары бойынша: Жекеменшік магистральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.

Әуе көлігі бойынша: Авиацияда тәртіп орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру; әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.

Су көлігі бойынша: “Ақтау” айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтыру үшін шетел инвестицияларын тарту.

Байланыс және телекоммуникациялар желілері бойынша: шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру (балаларға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын тарату).

Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.

Ғылыми-техникалық прогресті жаппай жұмылдыру процесі мына белгілерден көрінеді: ҒТП-ны қолдау; біздін қоғамда жаңа технологияның дамуын топтастыру; ҒТП жетістіктерін өндіріске енгізу жоспарын жасау; дамыған капиталистік елдердің дайын технологиясын сатып алу; жоғары білікті мамандарды дайындау.

Қазақстанның әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасуы географиялық жағынан тиімді болып отыр. Ертедегі Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде енді темір жол салынды. 1991 жылы Дружба – Алашанькоу темір жолы салынды. 1991 жылғы мамырда Теджии-Серахс-Мешхед темір жол торабы (90 шақырымдық) іске қосылды.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Ұлы Жібек жолы туралы не білесіздер?

2. Еліміздің географиялық орналасуы көлік жүйесін дамытуға әсер ете ме?

3. Еліміздің географиялық орналасуы тағы қандай салалар үшін маңызды?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінді өзіңіз білетін деректермен толықтырып жазыңыз.

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты глоссарий дайындаңыз.

 

22- модуль: ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ

 

Лексикалық тақырып:

1. Қазақстан Республикасының экономикасы, оның дамуы.

2. Қазақстанның халықаралық нарықта алатын орны.

3. Еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы.

Грамматикалық тақырып:

Себеп-салдар, қарсылықты, ыңғайластық жалғаулықтар (бастап, бері, кейін, сонымен, сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті, алайда, қарағанда, салыстырғанда). Анықтауыштық қатынас (нарықтық экономика); кеңістіктік қатынас (Еуразия төрінде).

 

 

1-сабақ

Қазақстан Республикасының экономикасы, оның дамуы

 

ТЫҢДАЛЫМ

1- тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

халықаралық сауда ұйымы – международная торговая организация

экономика заңдылықтары – законы экономики

отандық өндірушіні қорғау – защита отечественного производителя

экономиканы гүлдендіру – процветание экономики

экономика мәселесі – вопросы экономики

экономиканы дамыту – развитие экономики

отандық экономика – отечественная экономика

отандық өндіріс - отечественное производство

отандық өндіруші – отечественный производитель

отандық тауар – отечественный товар

кәсіподақ – профсоюз

инфляция – инфляция

жұмыссыздық – безработца

кедейлік – бедность, нищета

конъюнктура – конъюнктура

ішкі рынок – внутренний рынок

әлемдік рынок – мировой рынок

бағалау – оценка

күнделікті тұрмыс – повседневная быт

ұрпақ – поколени

некелік контракт – брачный контракт

табиғат заңдары – законы природы

салыстыру – сравнение

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

Біз жүйелік экономикалық реформалардың күрделі кезеңінен өтіп, ТМД-ның басқа елдерінен көп нәрседе алда келеміз. Бүгінде Қазақстанда нарықтық экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған. Жүргізілген реформалардың нәтижелері ашық та айқын. Қазақстандағы экономиканы еркін  дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған.

Қазақстан экономикасы әлемдегі ең жедел дамушы экономикалардың біріне айналды. Біз еліміздің экономикалық өсуі негізінен өндіруші секторлардың дамуына байланысты. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғары қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.

Бірақ та біздің экономика, негізінен, экстенсивті тұрғыда дамып келе жатыр, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән. Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдері сыртқы рыноктарда сұраныс туғызатын жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр. Ал бұған жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше, қол жеткізу мүмкін емес.

Біз Қазақстанда өмір сапасы мен стандартын бәсекеге барынша қабілетті болудың деңгейіне жақындатуға ұмтылуға тиіспіз. Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары білікті, жұмылған адами капитал, сондай-ақ инновацияларды тұрақты ендіру болуы тиіс.

Біздің негізгі міндетіміз – жоғары технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру және өз тауашамызды алу. Елдің географиялық жағдайы бізге өңірлік рынокқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді, мұнда Қазақстан болашақта өңірдің сервистік-технологиялық орталығына айналуы тиіс. Ол үшін бізге өз ғылымымызды дамыту керек.

Жаңа ғылыми-техникалық бағыттар – биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ғарыштық қызмет пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – бұлар отандық және трансұлттық бизнеспен әріптестік жағдайында нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар салалар.

Нақ осы бағыттар бойынша бізге мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады (Н.Назарбаев).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  ә) Мәтінді бірнеше мағыналық бөліктерге бөліңіз. б) Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

 

 

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Нарықтық экономика азаматтар мен қоғамның қалай өмір сүруге және экономикалық жағынан қалай гүлденуге тиіс екенін айқындап береді. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктері бар. Ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы сол – оның  орталығы болмайды.

Нарықтық экономика қолайлы болуы мүмкін, бірақ ол да жеке адам бостандығының мынадай басты принципіне негізделеді: тұтынушылардың тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны кеңейту, жұмысшының жұмыс және мамандық таңдау, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.

Нарықтық экономиканың басқа бір басты сипаттамасы сол – дүкендерде сатылатын көйлектердің және басқа бұйымдардың бағасын мемлекеттік жоспарлау комитеті белгілемейді.

Керісінше, экономикалық конъюнктураны ескере отырып, әрбір сатушы бағаны еркін түрде арттыра, не кеміте алады. Мәселен, көйлектің белгілі бір түрі уақытша сұранысқа ие болса, онда тым болмаса осындай көйлектердің жаңа тобы түскенше, оның бағасы арттырылады. Нарықтық экономиканың осындай да заңдылықтары бар. Сонымен бірге, нарықтық экономика бүгінгі дүниежүзілік экономиканың инфляция, жұмыссыздық, айналадағы ортаның ластануы, кедейлік және халықаралық сауданың шектелуі сияқты көкейкесті мәселелеріне тоқтап отырады.

Сонымен нарықтық экономика дегеніміз – бәсеке, пайда іздеу жолындағы күрес. Нарықтық экономика екі түрлі қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді. Микроэкономиканың мақсаты – табыс табу. Макроэкономика – бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз, «экономика» сөзімен байланыстырып, сөйлем құраңыз.

Аралас – нарықтық – халықтық – дамыған - артта қалған – құбылмалы – икемді – дүниежүзілік – қолайлы – сыртқы – ішкі – отандық – халықаралық - өркендеген – шектелген.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге туралы презентация дайындап, қорғаңыз.                   

 

2-сабақ

Қазақстанның халықаралық нарықта алатын орны

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

экономиканың заңдылықтары – закономерности экономики

халықтың әл-ауқатын көтеру – повышение благосостояния населения

экономикалық тәуелсіздік – экономическая независимость

нарықтық экономика – рыночная экономика

саяси тәуелсіздік – политическая независимость

егемендік – суверенитет

еңбек өнімділігі – производительность труда

қоғамдық өндіріс – общественное производство

қоғамдық мүдде – общественные интересы

әлеуметтік мүдде – социальные интересы

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК

Егемендік, тәуелсіздіктің екі жағы бар. Бір жағы саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік алу – өз алдына ұлттық мемлекет болу, жеке ел болу. Екінші жағы – экономикалық тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Экономикалық тәуелсіздігі жоқ елдің саяси тәуелсіз болуы екіталай. Елідің экономикалық тәуелсіздігі үшін не қажет? Ол үшін ең алдымен, ел экономикасын көтеру, экономика тиімділігін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру қажет.

Экономиканың табиғат заңдылықтарындай заңдылықтары бар, сол заңдылықтарды сақтау керек. Ол қандай заңдылықтар дейсіз ғой? Ол: еңбек өнімділігін арттыру, уақыт үнемдеу техникалық прогрессті пайдалану, т.б. мысалы табиғат заңдылағы бұзылып жауын жаумаса, егін шықпайды. Экономиканың заңдылықтары бұзылса, экономика дамымайды.

Нарықтық экономика туралы әңгімелейтін болсақ, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыттағы демократиялық, азаматтық қоғамның экономикасы болу керек. Нарық әдістерін тиімді пайдалану керек, қоғамдық өндірісті дамыту керек. Нарық қоғамның қажетіне қызмет ете алмайды. Қоғамды біртұтас шеңбер деп алсақ, сол шеңбердің бір бөлігі - нарық, екінші бөлігі -әлеуметтік сала. Әлеуметтік сала дегеніміз – отан қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым. Бұл саланы нарық көтере алмайды. Және іскер, саудагер қоғамдық мүддені шеше алмайды. Әлеуметтік мүддені шешетін мемлекет.   

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

 

ЭКСПОРТ

Қазақстан өнімдерінің негізгі тұтынушылары – Ресей, Қытай, Италия, Швецария, Ұлыбритания, Германия, Эстония, Нидерланды, Украина, Иран, Польша және Өзбекстан мемлекеттері. Осы мемлекеттерге еліміз көптеген өнім түрлерін экспортқа шығарады. Оның негізгілері мыналар: астық, темір рудалары, көмір, мұнай және газ конденсаты, мұнай өнімдері, алюминий гидроксиді, мақта, бағалы металдар, ферроқорытпа, қара металл, балқытылған мыс, өңделмеген мырыш, мәшинелердің құрал-жабдықтары тағы басқалар.

 

4-тапсырма. Дүние жүзіндегі атом отынын өндіріп отырған Үлбі металлургия зауыты туралы төмендегі ақпараттарды оқып шығып, мәтінге ат қойыңыз да, түсінгеніңізді айтып беріңіз.

 

- Ғарыш пен медицина металы атанған тантал өнімін өндіретін әлемде сегіз-ақ кәсіпорын бар. Соның бірі – Өскеменнің Үлбі металлургия зауыты.

- Ғалымдар жиырма бірінші ғасырдың металы деп атаған берилий өнімін өндіретін әлемде екі-ақ кәсіпорын бар. Олар – Американың «Браш Вэлман» компаниясы мен Өскеменнің Үлбі металлургия зауыты.

- Атом-электр стансаларына отын дайындау жөнінде бүкіл Шығыс Еуропа мен Азиядағы ең қуатты кәсіпорын – Үлбі металлургия зауыты. Ол кезінде бүкіл Кеңестер Одағы мен Варшава Шартына қатысушы мемлекеттердің аталған өнім жөніндегі қажетінің 85 пайызын қамтамасыз етіп тұрды. Әлемдік деңгейдегі монополист кәсіпорын атанды.

- Үлбі металлургия зауытының өнімі Жер шарын қойып, аспандағы Айға дейін жеткен. Айға конған кеңестік Луноходта осы зауыттың өнімі бар.

- Ғарыш пен әскери-өндірістік кешен саласында, міне осындай үш бірдей стратегиялық маңызды өнім шығаратын ерекше кәсіпорын әзірге әлемнің еш жерінде жоқ. Демек, Үлбі металлургия зауыты – біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың бір ерекшелігі және заңды мақтанышы.

- Өткен жылы Үлбі металлургия зауыты бюджетке 1 миллиард 630 миллион теңгенің салығын төледі. Жұмысшылардың жалақысы жоғары.

 

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

ИМПОРТ

Еліміздің шет елдерге шығаратын өнімдерінен шетелдерден алатын өнімдері әлдеқайда көп. Негізінен атайық: ет және еттен жасалатын тағам түрлері, балмұздақ, шәй, сұйық май, қант, кондитерлік бұйымдар, алклгольді сусындар, темекі бұйымдары, кокс, мұнай өнімдері, табиғи газ, электр қуаты, карбонат, медициналық құрал-жабдықтар, қара металдан жасалған темір жол желілерінің бұйымдары мен құбырлар, мәшине және оның жабдықтары, жеңіл және жүк автомобильдері, жиһаз түрлері т.б.

Бұл өнімдер негізінен алғанда Ресей, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Жапония, Италия, Түркия, Нидерланды, Қытай, Украина, Польша, Франция және Беларусь мемлекеттерінен импортталады. Олардың ішінде Ресейден, Ұлыбританиядан, Германиядан және АҚШ-тан алатын өнімдер мен тауарлардың үлес салмағы басым болып отыр.

 

6-тапсырма. Сіздің ойыңызша, өз өнімдерін экспортқа шығарғысы келетін кәсіпорын үшін ең маңызды нәрсе не деп ойлайсыз? Ойыңызды жазыңыз.

4 - өте маңызды

3 – көңіл аударуға тұрарлық нәрсе

2 – маңызды

1 – маңызды емес

 

А) Озық технология бойынша шығарылған өнімдер...................................

Ә) Экспортқа шығарылатын өнімдер...........................................................

Б) Экспортқа шығарылатын елдің саяси тұрақтылығы...............................

В) Жоғары сапалы өнімдерді көптеп шығару...............................................

Г) Өнімдер нарықтағы сұранысты өтей алатын болуы керек.....................

Ғ) Ұлттық валютаның тұрақтылығы роль атқарады....................................

Д) Кәсіпорынның атақ-даңқы да ерекше роль атқарады.............................

Е) Тауарды өте арзан бағаға сату..................................................................

Ж) Арзан материалдан жасалған тауарларды өндіру.................................

 

№1 СӨЖ тапсырмасы: Төмендегі тақырыптардың біріне реферат дайындап, қорғаңыз:

1. Қазақстандағы ішкі сауда.

2. Қазақстанның сыртқы саудасы.

 

 

3-сабақ

Еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

ғаламдану – глобализация

халықаралық қатынастар – международные отношения

аймақтандыру және ғаламдастыру процестері – процессы регионализации и глобализации

халықаралық саяси жүйе – международная политическая система

геосаяси күштер – геополитические силы

әлемнің ғаламдық проблемаларын шешу – решение глобальных проблем мира

ядролық қарусыздану – ядерное разоружение

халықаралық құқықты прогрессивті дамыту – прогрессивное развитие международного права

адам құқығын сақтау саласы – сфера соблюдения прав человека

ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес – борьба с организованной преступностью и наркобизнесом

БҰҰ – ООН

ЕҚЫҰ – ОБСЕ

Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы – Организация экономического сотрудничества

сыртқы берешек проблемаларын реттеу – регулирование проблем внешней задолженности

ішкі ақша айналымын тұрақтандыру – стабилизация внутреннего денежного оборота

қаржылық ресурстар тарту – привлечение финансовых ресурсов

халықаралық ұйымдар – международные организации

Халықаралық Валюта қоры – Международный валютный фонд

Дүниежүзілік банк – Всемирный банк

Еуропалық Қайта құру және Даму банкі – Европейский банк реконструкции и развития

Азиялық Даму банкі – Азиатский банк развития

Ислам Даму банкі – Исламский банк развития

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР

Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.

1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.

Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.

БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды  нығайтуға айырықша көңіл бөлінеді.

Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.

Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді (Қ.Тоқаев).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ø  қандай халықаралық ұйымдарды білесіз?

Ø  халықаралық ұйымдар қандай мақсаттарда құрылуы мүмкін?

Ø  Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше?

Ø  халықарлық ұйымдарға мүше болу Қазақстанға тиімді ме? Ойыңызды нақты деректермен дәйектеңіз.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді аяқтаңыз:

Сауда ... сипағанша; Ақша – тиыннан, ... ; Бәлен жерде бақыр бар, ... ; Үйдегі есепті базардағы ... ; Саудаға ... жүрмейді; Базар – бай, ... ; Арзанның ... татымас.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. ҚР-дағы жалпы ішкі өнім туралы баяндама дайындаңыз.

 

 

4-сабақ

Еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

заңдылық қалыбы – юридическая форма

акционерлік қоғам – акционерное общество

жеке кәсіпкерлік – частное предпринимательство

серіктестік – товарищество

жауапкершілігі шектеулі серіктестік – товарищество с ограниченной ответственностью

жарғы қоры – уставной фонд

құн – стоимость

таза пайдаға салынатын салық – налог на чистую прибыль

заңды тұлға – юридическое лицо

құрылтайшы – учредитель

жұмыс күшін тарту – привлечение рабочей силы

еңбек шарттары мен заңдылықтарын сақтау – соблюдение условий и законности труда

салық – налог

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз.

БИЗНЕС

Сіз өз ісіңізді бастамас бұрын, оның заңдылық қалыбын (формасын) таңдап алуыңыз қажет. Заңдылық қалыпты таңдау өте маңызды, өйткені келешекте сіздің ісіңіздің ілгері басуы оны дұрыс таңдауыңызға байланысты болмақ. Бизнестің мынандай заңдылық формалары бар: акционерлік қоғам (АҚ); жеке кәсіпкерлік; серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС).

Акционерлік қоғам – жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер девиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шектелген.

Жеке кәсіпкерлік – осы бизнес толық меншігіңіз болғандықтан, оны қалай жүргізу туралы шешімді сіз ғана шеше аласыз. Бұл жағдайда осы істі бастауыңызға көп шығын кетпейді. «Жеке кәсіпкерлік» - жаңа істі бастаудың ең қарапайым да арзан түрі. Десек те, осы бизнестің ілгері басуына жалғыз өзіңіз жауап беретініңізді ұмытпаңыз. Серіктестік – егер екі немесе одан да көп адам бірлесіп жұмыс бастағысы келсе, олар серіктестік құра алады. Олар істі бірігіп жүргізеді. Серіктестік құру және оны тіркеуден өткізу жеке кәсіпкерліктен гөрі күрделірек. Бірақ сіз әріптестеріңізбен бірігіп жұмыс істеуді шешкендіктен оны жеке өзіңіз басқара алмайсыз. Егер бұл іске сіздің бейімділігіңіз және тәжірибеңіз аз болса, сіздің жаныңызда әріптестеріңіз болғаны дұрыс. Сондай-ақ, жаңа істі бастау жолында әріптестеріңіздің де қаражатын пайдалана аласыз.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін оның акционерлеріне және санына шек қойылмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру әжептәуір күрделі, әрі қымбатқа түседі. Бұл жағдайда сізге заңгерлермен ақылдасу қажет. ЖШС дегеніміз – шаруашылық қызметті бірлесіп жүргізу үшін азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бірлесуі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғы қоры тек құрылтайшылардың (учредители) салымдары (акциялары) есебінен ғана құралады.

Сіз бизнесіңізді бастап кеткенде, барлық жұмысқа бірдей жалғыз өзіңіздің уақытыңыз бен бейімділігіңіз жетпей жатуы мүмкін. Бұлай болған жағдайда сізге жұмыс күшін тарту қажет. Жұмыс күші болған жерде сізге оларды басқаруға қабілеттілік керек. Оларға сыйақы, еңбекақы төлеу де сіздің мойныңызда. Сонымен қоса сіздің еңбек шарттары мен заңдылықтарын сақтауыңыз керек.

Бизнеспен айналысатын әрбір адам заң алдындағы жауапкершілігін ұмытпауы керек. Бұл дегеніміз – салықтарды уақытында төлеу, жұмысшылар туралы ережелерді сақтау, лицензия және рұқсаттар алу. «Егемен Қазақстан».

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспарыңыз бойынша баяндап беріңіз.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Еліміздегі шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы эссе жазыңыз.

 

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1-тапсырма. ҚР кәсіпкерлік туралы заңмен танысып, конспект жасаңыз.

 

 

 

 

 

23- модуль:  ӘЛЕМ НАЗАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ

 

Лексикалық тақырып:

1. Еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарламалары, оларды жүзеге асыру жолдары.

2. «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары: қабылдануы және маңызы туралы ақпарат.

3. Коммуникативтік мақсатқа негізделген монолог.

Грамматикалық тақырып:

Қалып етістіктердің қолданылу ерекшеліктері. Етістік + -ғанда, -генде, -қанда, -кенде қосымшалары арқылы жасалуы.

 

 

1-сабақ

Еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарламалары, оларды жүзеге асыру жолдары

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

тектілік – знатность

алғырлық – хваткость

жасқану – бояться

тәкаппарлық – важность, надменность

айлалылық – хитрость

серпінді – порывистый, упругий

қаймықпау – не бояться

босаңсымау – не ослабевать

көрегендік – зоркость, дальновидность

талғампаздық – разборчивочть, требовательность

кемеңгерлік - гениальностьмудрость

қадір-қасиеті - достойнство

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз – қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенімдіміз.

Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде  өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.

Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.

Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл – өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ.

Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.

Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады.

Ендеше Қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдындағы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс.

Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз.Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.

Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Сөйлемдердегі ойды таратып айтыңыз.

1.    Барыс өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланады.

2.    Барыс серпінді болуға, семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс. Әйтпесе ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.

3.    Ол өз ұрпағының өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез-келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады.

4.    Барыстың бойына батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі тән болуға тиіс.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.    Бізде жолбарыстар жоқ, …

2.    Қар барысы ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, …

3.    Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, …

4.    Қазақстанның ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезеңде мұраты мынадай: …

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Азияның барыстары» – Корея, Тайвань, Индонезия, Таиланд, Сингапур елдерінің даму тарихынан» тақырыбына тезистер жазыңыз.

 

 

2-сабақ

«Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегиялары: қабылдануы және маңызы туралы ақпарат

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

ақпараттың еркін қозғалысы – свободное движение информации

ғылыми-өндірістік кешен – научно-производственный комплекс

интеллектуалдық өнім – интеллектуальная продукция

қолданбалы зерттеулер – прикладные исследования

шетелдік инвестициялар – иностранные инвестиции

ұлттық басымдық – национальный приоритет

валюталық операциялар – валютные операции

экономиканың дамуы – развитие экономики

элиталық университет – элитный университет

жеке тұлғаны дамыту – развитие личности

математикалық әдіс – математический метод

бәсекеге қабілетті – конкурентноспособные

жаһандану кезеңі – период глобализации


тұжырымдама – концепция

көші-қон – миграция

салдар – последствия

назар – внимание

шоғырландыру – консолидация

баламалы – альтернативный

басымдық – приоритет

қолданбалы – прикладные

білікті – квалифицированный

үздік – лучший

секіріс – прыжок

бастамашылдық – инициативность

ұмтылыс – стремление


 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рыногқа айналуы дәуірін бастан кешуде.

Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды.

Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?

Бірінші кезекте, бұл тараулардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Жаһандану жолындағы екінші қадам капиталдардың еркін қозғалысы. Мысалы соңғы 20-жылдарда дамушы елдерге тікелей шетелдік иневестициялардың ағыны жүздеген есе өсті. Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдерінде, әсіресе Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рыногтарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. Әлемдік валюта жүйесі үш ревоюцияны: реттеудің алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті. Бесіншіден, ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және салдары болып табылады. Интернеттің, электрондық поштаның, халықаралық телефон қызметтерінің, ұялы телефон мен электрондық конференциялардың ықпалымен дүние әлдеқайда өзара байланысты бола түсті.

Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет – таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.

Бұл үрдістер қандай екен?

Әлемдік деңгейдегі өте маңызды технологиялар шоғырына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қасиеттері алдын-ала белгіленген жаңа материалдардың алынуы, биотехнологиялар, энергия үнемдеу, энергияның баламалы көздерін жасау жатқызылады.

Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістерімен сипатталады. Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасының жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Ақыр соңында білім берудің халықаралық интеграциясы дамуда. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде.

Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, қуатты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендер болып табылатын элиталық университеттер қажет. Осы тәжірибені ескере отырып, Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университет құру туралы шешім қабылданды. Уақыт өте келе Алматыда да жаңа унивесритет құру жоспары бар. Елдің осындай деңгейге көтерілуге қабілетті қазіргі бар аса университеттердің әлеуетін зерттеу керек. Біздің университеттердің құрылымында химия, физика, химиялық технология, экономика саласындағы жоғарғы білікті мамандар болуы тиіс. Мамандардың осындай байланысы Массачусетс, Калифорния және Токио институттарының әлемдегі үздік институттарға айналуына мүмкіндік берді.

Барлық жоғары оқу орындарында математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейін сапалық тұрғыда өзгерту керек. Мәліметтерді талдаудың математикалық әдістерін бәрі де – инженерлер, экономистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруі тиіс. Әлемдік практика көрсеткеніндей, кадрлардың математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз етеді.

Білімді, салауатты адамдар бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгіқозғаушы күші. Реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс, нақ осы жастардың күш-жігерімен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысын көп ретте біздің бастамалар табыстылығының кепіліне айналды (Н.Назарбаев).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Мына сөйлемдердің мазмұнын мәтіннің көмегімен ашыңыз.

1) Бүгінгі таңда бүкіл әлем жаһандану кезеңін бастан кешуде.

2) Жаһанданудың дамуына бірнеше факторлар ықпал етеді.

3) Ғылым мен технологиялардың дамуының әр түрлі үрдістері бар

4) Жаһандану дәуірінде ғылыми кешен болып табылатын университеттер ерекше рөл атқарады.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді белгілеңіз.

1) Жаһандану дәуірінде біртұтас ақпараттың (хабардың, сәлемнің) еркін қозғалысы дамиды.

2) Әлемде елеулі көші-қон (айырбастың, бір жерден екінші жерге көшудің) өзгерістері жүріп жатыр.

3) АҚШ пен Канадаға мигранттар ағыны (толқыны, ағысы) күшейді.

4) Жаһанданудың бір белгісі – халықаралық валюта рыногының серпінді (біртіндеп, серпілмелі) дамуы.

5) Интеллектуалдық өнімнің еркін қозғалысы жаһанданудың салдары (міндеті, нәтижесі) болып табылады.

6) Білім мен ғылымды дамытудың жаһандандық үрдістеріне жіті назар (көңіл, ақыл) аударуымыз керек.

7) Массачусетс, Калифорния және Токио институттары әлемдегі ең үздік (үлкен, озық) институттардың бірі.

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Мен өзім 2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін?» деген тақырыпта ақпарат дайындаңыз.

 

 

3-сабақ

Коммуникативтік мақсатқа негізделген монолог

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Ұлттық қауіпсіздік – Национальная безопасность

ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты

сақтау – сохранение внутриполитической стабильности и национального единства

аумақтық тұтастық – территориальная целостность

шетел инвестициялары – иностранные инвестиции

нарықтық экономика – рыночная экономика

инфрақұрылым – инфраструктура

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ

 ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

3. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары

 Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:

1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.

3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Барлық қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.

5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.

7. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары туралы ойларыңызбен бөлісіңіздер.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. «Қазақстан - 2050» стратегиясынан өзіңізге ерекше маңызды деп санайтын тұстарын конспектілеңіз.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламалары туралы БАҚ мәліметтеріне шолу жасау, баяндау.

 

4-сабақ

Коммуникативтік мақсатқа негізделген монолог

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

қоршаған табиғи орта – окружающая природная среда

тазалық пен санитария шараларын сақтау – соблюдение чистоты и санитарии

салауатты өмір салты – здоровый образ жизни

насихат – пропаганда

кәсіпкерлік – предпринимательства

санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары – санитарно-эпидемиологические службы и органы стандартизации

экологиялық нашар ахуал – плохая экологическая ситуация

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ

 ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

 

4-Ұзақ мерзімді басымдық: Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі», қазақтың халық мақалы. Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Бұл мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкоголді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған. Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жургізілуі қажет. Ол мыналарды қамтуға тиіс:

Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есірткіні әкелу мен таратуға қолданылатын жазаны қатайту және осыған байланысты бірқатар елдердегідей, оның ішінде Малайзия мен Сингапурдегідей өлім жазасын енгізу керек пе деген мәселені қоғамның талқысына шығару керек. Есірткі – өте ерекше және түпке жетегін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның „көмегімен" қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр.

Темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту. Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жургізудің алкоголь мен темекіге салық енгізу, сондай-ақ маскүнемдіктен емделуге арнайы салық салудан бастап, бірнеше сабағын усынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек. Контрабанданың ағыны мен қылмыскерліктің өсуі сияқты кері нәтижеге душар болмас үшін бұл арада барлығын салмақтап, бірнеше қайтара есептеп шығу керек. Бастапқы кезде алкоголь мен темекіні жарнамалауға барлық жерде және түпкілікті тыйым салынуға тиіс. Шылым шегу терең ойластырылып, асыра сілтеушілікке ұрынбай, біртіндеп қоғамдық орындардан ығыстырылуы қажет. Мұны басқаларға үлгі болу үшін мемлекеттік үйлер мен мекемелерден бастау керек.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені кәсіпкерлік – денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады.

Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.

Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады. Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін, қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауыз судың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Еліміз болашақта қандай даму жолына түсуі тиіс деп ойлайсыз?

2. Қандай дамыған мемлекеттердің даму стратегияларын қарастыруды ұсынар едіңіз?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Өзіңізді депутат ретінде елестетіп көріңіз. Халық салауатты өмір салтын ұстануы үшін қандай шаралар ұсынар едіңіз? (сайлауалды жоспарыңызды жасаңыз).

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Егер мен президент болсам...» тақырыпқа байланысты эссе жазыңыз.

 

 

24- модуль:  ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ. ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ

 

Лексикалық тақырып:

1. Еліміздің Қарулы Күштері, оның түрлері, Қарулы Күштердің әлеуеті, құрылымы мен қызметі.

2. Республика Ұланы, ұландықтардың әскери міндеті.

3. Әлеуметтік-саяси, ресми салалардағы қатысымға негізделген мәтіндердің берілуі. Монолог, диалог түріндегі ақпарат.

Грамматикалық тақырып:

Мақсат мәнді сөйлем: етістік+у+ үшін тіркесі арқылы жасалуы

 

 

1-сабақ

Еліміздің Қарулы күштері, оның түрлері. Қарулы күштердің әлеуеті, құрылымы мен қызметі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Қарулы Күштер – Вооруженные Силы

Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi – Внутренние войска Министерства внутренних дел

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi – Пограничная служба Комитета национальной безопасности

аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары – органы управления и формирования территориальной обороны

аумақтық тұтастық – территориальная целостность

егемендік – суверенитет

әскери құрылымдар – воинские формирования

әскери доктрина – военная доктрина

әуе кеңiстiгiн күзету – охрана воздушного пространства

мемллекеттік шекара – границы мемллекеттік

лаңкестік – терроризм

қару мен есiрткi саудасына қарсы күрес – борьба с торговлей оружием и наркотиками

әскери қақтығыстар – военные конфликты

жағдайды тұрақтандыру – стабилизация ситуации

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Қазақстанның Қарулы Күштері – ҚР-ның әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Соғыс уақытында құрамына Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Міндеттері: «ҚР-ның қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» ҚР-ның Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «ҚР-ның қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» ҚР-ның Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.

Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген: әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, ҚР-ның мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау; әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу; маңызды әскери нысандарды күзету; елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу; халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.

Қазақстан аэроұтқыр әскері. Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядролық мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.

2007 жылғы 21 наурызда ҚР Президентінің №299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін ҚР-ның жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.

Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, ҚР-ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.

Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, ҚР-ның бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.

Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Қарулы күштердің маңызы жайлы ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыз.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Кесетені соңғы мәліметтермен жаңалаңыз.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ

Қазақстан қарулы күштері

Coat of arms military-of-kazakhstan.svg

Қазақстанның Қарулы күштерінің рәмізі

Құрылғаны

1992

Күштер тараулары

Құрлық күштері

Әуе қорғанысы күштері

Әскери-теңіз күштері

Аэроұтқыр әскерлері

Ракета әскерлері мен артиллериясы

Арнайы әскерлер

Басшылық

Жоғарғы Бас Қолбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қорғаныс министрі

Иманғали Тасмағамбетов

Штаб бастықтары комитетінің төрағасы

Мұхтар Алтынбаев

Әскери қызметі

Әскери қызмет жасы

18

Әскери қызметке шақыруы

12 ай (ең кемінде)

Әскери қызметке
қ
атынаулылар

3,758,255 ер, жасы 15– 49 (2005 сараптама),  3,822,845 әйел, жасы 15– 49 (2005 сараптама)

Әскери қызметке
жарайтындар

2,473,529 ер, жасы 15– 49 (2005 сараптама.), 3,168,048 әйел, жасы 15– 49 (2005 сараптама.)

Шақыруға жасы жеткендер, жыл сайын

173,129 ер (2005 сараптама.),
168,697
әйел (2005 сараптама.)

Шығындары

Бюджеті

1 498 999 781 (FY01)

ЖІӨ пайызы

3.5% (2010 сараптама.)

Қатысты баптар

Дәрежелер

1

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Қазақстанның қарулы күштері» тақырыбына презентация дайындаңыз.

Презентация дайындауға қойылатын талаптар:

Презентацияны дайындауда интернет көздерін пайдаланыңыз.

Презентация 10-15 слайдтан тұруы қажет, слайдтар міндетті түрде суретті болуы керек.

Презентацияны бағалауда тақырыпты қорғау (қазақ тілінде қорғап, қойылған сұрақтарды түсініп, оларға дұрыс және толық жауап беру) тақырыптың ашылуы, сауаттылығы, эстетикалық ресімделуі ескеріледі.

 

 

2-сабақ

Республика Ұланы. Ұландықтардың әскери міндеті

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Ішкі әскерлер – Внутренние войска

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы – Указ Президента Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы - Республиканская гвардия Республики Казахстан

мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік – государственная и общественная безопасность

төтенше жағдай режімі – режим чрезвычайной ситуации

Қазақстан Республикасы республикалық ұланының алғаш қолбасшысы – Первый командующий Республиканской гвардией Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – Вооруженные Силы Республики Казахстан

күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – обеспечение безопасности охраняемых лиц

аса маңызды мемлекеттік объектілер – особо важные государственные объекты

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

1992 жылдың 16 наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданы Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде ҚР  Республикалық ұланы құрылды.

1992 жылы Республикалық ұланға өз қызметіне байланысты мынадай міндеттер жүктелді: Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Вице-Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын Республика аумағында және сырт жерлерде күзету; ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; шетел мемлекет басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау; мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату; ҚР аумағындағы конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату; ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезіндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

1992 жылдың 14 қазанында ҚР республикалық ұланының алғаш қолбасшысы болып Сейілбек Алтынбекұлы Алтынбеков тағайындалды. 1993 жылдың 21 шілдесінен 1995 жылдың 9 қазанына дейін генерал-майор Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 1997 жылдың 3 наурызынан 1999 жылдың 9 желтоқсанына дейін генерал-лейтенант Сәт Бесімбайұлы Токпақбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 2001 жылдың 14 наурызынан 2001 жылғы 31 қаңтарға дейін генерал-майор Болат Бақытжанұлы Жанасаев Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 1999 жылдың 14 желтоқсанынан 2000 жылдың 19 желтоқсанына дейін және 2002 жылдың 31 қаңтарынан 2006 жылдың қаңтарына дейін генерал-майор Болат Ғазизұлы Ысқақов ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды. 2006 жылдың 23 қаңтарынан бастап Абай Бөлекбайұлы Тасболатов ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы.

1995 жылдың 5 желтоқсанда ҚР Президенті Заң күші бар "Респуликалық ұлан туралы" Жарлыққа қол қойды. Онда Республикалық ұланның тікелей ҚР Президентіне бағынатыны және ҚР-ның Қарулы Күштер құрамына кірмейтіні айқындалды. Республикалық ұлан Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жоралғылық рәсімдерге қатысады, тізбесін ҚР-ның Президенті бекітетін аса маңызды объектілерді, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.

1992 жылы 16 наурызда ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрама және Қарулы Күштердің резерві ретінде құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 25 маусымдағы Жарлығымен Республикалық ұланның ұйымдық құрылымынан жеке рәсімдік батальон мен жеке оқу батальоны шығарылды. ҚР 2004 ж. 8 қаңтардағы Заңымен ҚР Республикалық ұланның мәртебесі және оның міндеттері белгіленді. ҚР Президентінің Республикалық ұланы — ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, ҚР ұлттық қауіпсіздіғін қамтамасыз ететін күштерге жататын және осы Заңмен белгіленген құзірет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсізідігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Республикалық ұлан әскери құрама болып табылады.

ҚР Республикалық ұланына мынадай негізгі міндеттер жүктелді: ҚР Презңдентінің Күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ҚР Мемлекет басшысының, экс-президенттері мен олардың отбасыларының және ҚР Президенті бекіткен тізбе бойынша мемлекетгің лауазымды адамдарының, сондай-ақ шет елдердің мемлекет, үкімет басшылары және халықаралық үйымдар басшылары ҚР аумағыңда болған кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тізбесін ҚР Президенті айқындайтын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ күзетілетін тұлғалардың болуы үшін бөлінген үйлерді, құрылыстарды, ғимараттар мен оған іргелес жатқан аумақтар мен су айдындарын, әуе кемелерін, жер бетіндегі көлікті және су көлігін, олардың тұрған жерлерін күзету; өз құзіреті шегінде терроризмге қарсы операдияларға қатысу; ҚР Мемлекетгік туы мен ҚР Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; хаттамалық іс-шараларды өткізу кезінде ҚР мерекелері мен салтанаттарында дәстүрлік рәсімдердің атқарылуына қатысу; әскери және төтенше жағдай режимі кезінде ҚР заңдарында көзделген тәртіппен іс-шараларды жүзеге асыру жүктелді.

ҚР Президентінің 2004 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен ҚР Республикалық ұланы туралы жаңа ереже бекітілді. Республикалық ұланы - ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, әскери құрама болып табылатын, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және қызметін "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. ҚР Президенті Республикалық ұланының негізгі міндеттері күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік жоралғыларды атқаруға қатысу; тізбесін ҚР Президенті айқындайтын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй жайларды күзету; ҚР Мемлекеттік туының және ҚР Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; соғыс және төтенше жағдай режимі жағдайында ҚР заңнамасында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру; ҚР Президенті белгілеген өзге де міндеттер болып табылады.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының құрамында кімдер қызмет ете алады?

2. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының негізгі міндеті қандай?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтін мазмұнын ашатындай 5-6 сұрақ құрастырыңыз.

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы реферат дайындаңыз.

 

 

3-сабақ

Әлеуметтік-саяси, ресми салалардағы қатысымға негізделген мәтіндердің берілуі. Монолог, диалог түріндегі ақпарат

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті – Комитет Национальной Безопасности

жеке адамның қауіпсіздігі – безопасность личности

қоғамның қауіпсіздігі – безопасность общества

мемлекеттің қауіпсіздігі – безопасность государства

саяси – политические

экономикалық құрылымдар – экономические структуры

құқықтық мемлекет – правовое государство

мемлекеттік шекара – государственная граница

ішкі істер – внутренних дел

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Мемлекет дамуының алғы шарты – оның Ұлттық Қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Демек, тәуелсіздік пен бостандық алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғау қажет. Елдің қауіпсіздігін қорғау шараларын ҚР-дың Қарулы Күштері, Ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары мен сыртқы барлау органдары, әскери және салық полициялары, ҚР-дың Президентін қорғау қызметі, салық және кеден қызметі, төтенше жағдайлар салдарын жою қызметі атқарады. Осы органдардың құрылымы мен қызметін  реттей отырып, құқықтық базаны жетілдіріп, оын нығайту аса маңызды. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді.

Қандай да бір мемлекеттің Ұлттық Қауіпсіздігі оның ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қатерлерден қорғалуымен сипатталады. Ұлттық мүдде деген мемлекеттің тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы, оның шекарасына қол сұғылмауы және Конституцияның мызғымастығы. Ол 3 деңгейге бөлінеді: бірінші, мемлекеттік мүдде (мемлекет басқарудың тиімді жүйесі, аумақтық тұтастық, саяси тұрақтылық, елдің қорғаныс қабідеті және халықаралық ынтымақтастық мәселесі). Екінші, қоғам мүддесі (салтты сақтау, дәстүрді дәріптеу, рухани мәдениет, қоғамдық келісім, заң мен тәртіпті сақтау). Үшінші, жеке адам мүддесі (нақты бір адамның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және т.б. мәселелері).

1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы» Заңға сәйкес ҚР Ұлттық мүдделері деп мыналар танылады: адамның, азаматтың құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету; елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау; халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту; отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу және ҚР халқының бірлігін нығайту; ҚР материалдық және рухани байлығын сақтап, молайта беру; президенттік ел басқару формасының мызғымастығы; мемлекеттік институттардың қызметін нығайтып, тиімділігін арттыру; Қарулы Күштердің, ҚР-дағы әскерлер мен әскери құрылымдардың жарақталуын және олардың ұрыс қабілетін қамтамасыз ету; заңды мүлтіксіз орындау және тәртіп сақтау; халықаралық ынтымақтастықты нығайтып отыру. «Жас Алаш» газетінен.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Сұраққа байланысты ойыңызды ортаға салыңыз.

1. Мемлекеттің қауіпсіздігі дегенді қалай түсінесіз?

2. Ұлттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінді пайдаланып кестені толтырыңыз.

Ұлттық мүдденің 3 деңгейі:

Мемлекеттік мүдде             Қоғамдық мүдде                 Жеке адам мүддесі

1. ................................           ......................................  .......................................

2. ................................           ......................................  ......................................

3. ................................           ......................................   ......................................

4. ................................           ......................................  .......................................

5. ................................           ................................... ...     ...................................

 

5-тапсырма. Мақсат мәнді сөйлем құрастырыңыз.

Грамматикалық түсініктіме

Мақсат мәнді сөйлем+у үшін тіркесі және қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1-тапсырма. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы» Заңмен танысып, конспект жасаңыз

 

4-сабақ

Әлеуметтік-саяси, ресми салалардағы қатысымға негізделген мәтіндердің берілуі. Монолог, диалог түріндегі ақпарат

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті – Комитет Национальной Безопасности

әлеуметтік институттар – социальные институты

жеке адамның қауіпсіздігі – безопасность личности

қоғамның қауіпсіздігі – безопасность общества

мемлекеттің қауіпсіздігі – безопасность государства

құқықтық мемлекет – правовое государство

азаматтық қоғам – гражданское общество

мемлекеттік шекара – государственная граница

сыртқы барлау – внешняя разведка

аумақтық органдар – территориальные органы

әскери құрамалар – воинские формирования

әскери және қаржы полициясы – военная и финансовая полиция

салық және кеден қызметтері – налоговые и таможенные службы

төтенше жағдайлардың зардаптарын жою – ликвидация последствий чрезвычайных ситуаций

шұғыл әрекет етуші мамандығы – профессия оперативного действия

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Биыл ҚР-ның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрылғанына 27 жыл толып отыр. 1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Айтулы күнге орай Ұлттық Қауіпсіздік туралы деректер топтамасын ұсынамыз. Ұлттық қауіпсіздік – қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттарын ұстану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми және тәжірибелі мәселе. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады.

Ұлттық қауіпсіздік органдары негізгі 4 бағыттарда өз қызметтерін жүзеге асырады. Олар: 1. Лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет ету; 2. Ақпараттық қауіпсіздік; 3. Экономикалық қауіпсіздік; 4. Мемлекеттік шекара.

Ұлттық Қауіпсіздік органдары: 1. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті. 2. "Барлау" қызметі (сыртқы барлау). 3. Әскери қарсы барлау органдары. 4. ҰҚК лаңкестікке қарсы орталығы. 5. Аумақтық органдар (ҰҚК облыстық департаменттері). 6. Шекара қызметі. 7. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа ұйымдар.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштеріне: 1. ҚР-ның Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары; 2.Ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, сыртқы барлау, әскери және қаржы полициясы органдары, ҚР Президентінің Күзет қызметі, салық және кеден қызметтері, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтері жатады.

ҰҚК Академиясы 1999 жылғы 6 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды, ол – ҰҚК институтының құқықтық мұрагері. Қазіргі уақытта Академия республикамыздың элиталық оқу орындарының қатарында лайықты орын алған. Оқу орнында 6 факультет, 22 кафедра бар, оның 13-і арнаулы кафедра. Білім беру мекемелері – Алматыдағы ҰҚК Академиясы және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясы. ҰҚК Академиясының түлектері міндетті түрде шет ел тілдерін меңгеру талабымен заңгер және шұғыл әрекет етуші мамандығын алып шығады.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Ұлттық қауіпсіздік органдарын атаңыз.

2. Ұлттық қауіпсіздіктің деңгейлерін атаңыз.

2. Ұлттық қауіпсіздік органдары қандай бағыттарда жұмыс істейді?

3. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштері?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінді сұхбатқа айналдырыңыз.

 

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1-тапсырма. ҰҚК арнайы мамандар даярлайтын білім беру мекемелері (реферат).

 

 

25- модуль:  АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚ. АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП...

 

Лексикалық тақырып:

1. Адамгершілік пен адами құндылықтар. Адами құндылықтың адам өміріндегі рөлі.

2. Бауырмалдық және кеңпейілділік – адамның ең бір асыл қасиеттері.

3. Адами құндылықты насихаттау. Танымдық-ақпараттық мазмұндағы мәтінді сипаттау, суреттеу, бағалау және қорытындылау.

Грамматикалық тақырып:

Етістік + а (-е,-й) алу+ модаль етістіктер шақ, жақ формалары арқылы жасалуы.

 

 

1-сабақ

Адамгершілік пен адами құндылықтар. Адами құндылықтың адам өміріндегі рөлі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

адамгершілік – нравственность

адамзаттық құндылықтар – человеческие ценности

ізгілік – гуманизм

ішкі жан дүниесі – внутренний мир

асыл қасиет – благородные свойства

жастайынан – смолоду, с малых лет

негізгі міндет – основная задача

рухани тәрбие – духовное воспитание

мінез-құлықын қалыптастыру – формирование поведения

еңбекке тәрбиелеу – трудовое воспитание

жеке тұлға – личность

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады.

Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.

Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді…

Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» – дейді.

Философ Т.Қ. Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.

Педагогикалық сөздікте  «құндылық – адамның ішкі құқығы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі», – делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз.

Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды. Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен қоса жүреді. Мәселен, адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Себебі әрбір адам – өзінше жеке тұлға.

Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер: біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды топшылай отырып, біз рухани-адамгершілік құндылықты белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе деп түсіндіреміз. Яғни, рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.

Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Құндылық дегенді сіз қалай түсінесіз?

2. Сіз үшін басты құндылық не?

3. Халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды атап беріңіз

4. Заман өзгерсе, құндылықтар жүйесі де өзгере ме?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінді өз ой-пікіріңізбен аяқтаңыз.

Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ тәрбиесінің негізі» атты презентация дайындаңыз

 

2-сабақ

Бауырмалдық және кеңпейілділік – адамның ең бір асыл қасиеттері

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

құндылық – ценность 

гуманистік дәстүр гуманистические традиции

адам – человек

тұлға – личность

мән – значение

тарихи формалар исторические формы

құндылық нысаналары – объекты ценности

эстетикалық құндылықтар – эстетические ценности

құндылықтар табиғаты природа ценностей

өмір – жизнь

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

 

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМ МЕН АДАМ ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ

Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.

Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және өзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің түрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік-саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалық материалистік философия оларды қарастыра отырып, әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады. Құндылық нысаналарының дамуы жеке тұлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.

Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз қосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға) берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі, мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады. Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семья), білім ғылым, өнер және басқа тармақтарға бөлуге болады. 

Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әрдайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.

Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен-өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана-сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.

Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз) деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. Аксиология құндылықтар табиғаты, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.

Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады... Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этика-эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтың, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Мәтінді оқып, топпен талқылаңыздар:

Рухани-адамгершілік тәрбиесі – өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез-құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты үрдіс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінді өз ой-пікіріңізбен аяқтаңыз.

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды.

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Ғаламтордан адамгершілік туралы 10 нақыл сөз табыңыз.

 

 

3-сабақ

Адами құндылықты насихаттау. Танымдық-ақпараттық мазмұндағы мәтінді сипаттау, суреттеу, бағалау және қорытындылау

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

ұлттық құндылықтарнациональные ценности

адамгершілік – нравственность

ар тазалығы – чистая совесть

жалпы адамзаттық қасиеттер общечеловеческие качества

халық педагогикасы – народная педагогика

мәдени ұлттық дәстүрлер культурные национальные традиции

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒА БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек.

Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі даңғыл қазақ еліндегі білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп, ұлы көшке еруде. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол – жеке тұлғаның және қоғамның, «Парасатты экономиканың» қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру.

«Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О. Әуезов. Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек. М. Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры – мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе». Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.

Келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелеуге тиіспіз. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.

Біз интернет жүйесімен жаңа озық технологиямен, тіпті ғарышты игерумен ғаламды таң қалдыра алмаймыз. Санаулы жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай болатынына шүбәміз жоқ. Сонда басқа елден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тіліміз, ділімізбен, қазақстандық менталитетімізбен ғана ерекшеленеміз. 2007 жылғы шілдеде қабылдаған ҚР «Білім туралы» заңының 11 бабында «Ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде сақталған. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында. Мектепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.

Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып өсіру ұстазға да байланысты. Тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастау алады. Сондықтан да ұстаздың білімді де білікті болуы керек. «Білім туралы» заңда «Педагогикалық қызметкер мәртебесі» бөлімінің енгізілуі бізді қуантады әрі үлкен жауапкершілік жүктейді.

Республикамыздың әрбір азаматы ұлтына, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасымен, ұстаған бағыт-бағдарына қарамастан, өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекеттің «Туған елім, Отаным» деп тануы керек. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану – қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Олай болса баланың сана-сезімін сол ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін меңгеру негізінде дамыту керек, ұлттық құндылықты жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегеніміз жөн болар.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтайын деген сөзді қалай түсінесіз?

2. Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз?

3. Олардың жас ұрпақ тәрбиесінде алар орны қандай?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. «Тәрбие – тал бесіктен» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Кең пейілді қазақ халқының жер аударылып келген ұлттарға деген бауырмалдылығы туралы бейнебаян дайындау.

 

4-сабақ

Адами құндылықты насихаттау. Танымдық-ақпараттық мазмұндағы мәтінді сипаттау, суреттеу, бағалау және қорытындылау

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

саясат – политика

ұстаным – принип

даму – развитие

дидактикалық шарттар – дидактические условия

ұлттық тәрбие – национальное воспитание

ұлттық мәдениет – национальная культура

халық педагогикасы – народная педагогика

әдептілік – вежливость

кішіпейілдік – скромность

қайырымдылық – отзывчивость

жанашырлық – заботливость

ізеттілік – вежливость

инабаттылық – совестливость

қарапайымдылық – скромность

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. ҚР Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізі ұстанымдарын айқындап берді. Олар: ҚР-ның барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.

Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б.

Адамгершілік – ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, елгезек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Халық педагогикасы дегенді қалай түсінесіз?

2. Халық педагогикасы қазір де маңызды ма?

3. Сіздің ойыңызша, тұлғаның рухани дамуы үшін ең басты шарт?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. «Ертегі – тәрбие құралы» (эссе жазыңыз).

 

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Қазақ халық педагогикасы» тақырыбына реферат жазыңыз.

 

 

26- модуль:  БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ДЕМОГРАФИЯ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ

 

Лексикалық тақырып:

1. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

2. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы, халық санының динамикасы, демографиялық саясаттың маңыздылығы туралы ақпарат.

3. Мәтін мазмұнындағы факт, оқиға, әрекеттерге көзқарасын, қатынасын білдіре алу, ой қорыту тәсілдері.

Грамматикалық тақырып:

Сан-мөлшер категориясының қолданысы. Жинақтық сан есімдер (1-ден 7-ге дейін), топтау сан есімдері (екі-екіден), болжалдық сан есімдердің (он шақты, жиырмаға жуық) берілуі.

 

1-сабақ

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

ұлттық код – национальный код

ұлттық сана – национальное сознание

ұлт жады – память нации

рухани жаңғыру духовная модернизация

дүниетаным мировоззрение

өзгеру – изменияться

заман ағымына икемделу – адаптация к течению времени

озық дәстүрлер передовые традиции

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы...

...Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді...

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім», - дейді Н. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында.

Осы бағыттар туралы әңгімелеп беріңіз.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы, таяу жылдардағы міндеттер, латын әліпбиіне көшу.

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Н. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының толық мәтінімен танысып, тезис жазыңыз.

 

 

2-сабақ

Қазақстан халқының демографиялық жағдайы, халық санының динамикасы, демографиялық саясаттың маңыздылығы туралы ақпарат

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

демографиялық көрсеткіш – демографические показатели

демографиялық саясат – демографическая политика

халық саны – численность населения

демографиялық әлеует – демографический потенциал

алдын ала болжау – предсказания

тарихи оқиғалар – исторические события

соққы – удар

ашаршылық – голод

дүниежүзілік соғыс – мировая война

халық тығыздығы – плотность населения

демографиялық дағдарыс – демографический кризис

халықтың демографиялық ахуалы – демографическая ситуация населения

халықтың орташа жас көрсеткіші – средний возраст населения

бала туу көрсеткіші – показатель рождаемости

демографиялық әлеует – демографический потенциал

халық тығыздығы – плотность населения

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

ҚР-да демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Алдын ала болжанғандай, тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетті.

Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық әлеуеті өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).

Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.

Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді.

Халық санының тиімді өсуі үшін туу көрсеткішінің жоғары болуымен қатар, өлім деңгейінің кемуі де қажет. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы бұл көрсеткіш 2011 жылы 8,71-ге дейін кеміді. Біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі ол елдерде біздікінен төмен: Қырғызстан – 6,9, Тәжікстан – 6,49, Түркіменстан – 6,21, Өзбекстан – 5,29.

Сонымен қатар, Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең басты үрдіс – әр түрлі этностардың әр түрлі демографиялық көрсеткіштерінде. Азиялық этностарда бала туу деңгейінің жоғары және өлім деңгейінің төмен болуы байқалуда. Керісінше, еуропалық халықтарда өлім туудан көп болып отыр.  

Сондай-ақ, жақын болашақта демографияға төнетін қатерлер бар. Мамандардың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстандағы туу көрсеткіштері төмендей бастайды. ҚР статистика агенттігің төрағасы Әлихан Смайылов 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оны қазірдің өзінде анық байқауға болады. Алғашқы екі айда туу көрсеткіші не бары 0,8%-ға өсті. Оның айтуынша, оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезіндегі дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі. Ол кезде бала саны аз туылған болатын. Осы орайда, Қазақстан үкіметі бала тууды ынталандыратын шараларды қолға алғаны жөн болады. Сонымен қатар, шетелдегі қазақтарды көшіріп алып келу қарқынын үдету орынды болатын еді. Соңғы кездері жастар арасында жанұя құндылықтарының төмендеуі де демографияға әсер ететіні анық (Нуриддин Сұлтанмұратов).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Халық санының артуы үшін отбасыда қанша бала болуы қажет деп ойлайсыздар?

2. Елімізде бала тууды ынталандыратын шараларды қолға алу қажет пе?

3. Сіз ол үшін қандай шаралар қажет деп ойлайсыз?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдайды ескере отырып, болашаққа болжам жасап көріңіз. Өз ой-пікіріңіз бен болжамдарыңызды эссе түрінде жазыңыз. Эссеге лайықты ат ойлап табыңыз.

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1.  Ұлы Отан соғысының демографияға әсері туралы ақпараттар жинаңыз.

 

3-сабақ

Қазақстан халқының демографиялық жағдайы, халық санының динамикасы, демографиялық саясаттың маңыздылығы туралы ақпарат

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

экономикалық жағдай – экономическая ситуация

бала туу көрсеткіші – показатель рождаемости

әлеуметтік жағдай – социальное положение

халықтың орташа жас көрсеткіші – средний возраст населения

елдің қартаю дәрежесі – степень старения страны

бақылаусыз бала туудың арту қаупі – риск повышения неконтролируемого рождаемости

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Біріккен ұлттар ұйымының классификациясы бойынша елдің қартаю дәрежесін көрсетудің жолдары анықталған. Ол бойынша 65 және одан жоғарғы жастағы адамдардың үлесі 4 пайыз немесе одан аз болса ол халық жас, 4-7 пайыз болса қартаюдың алдындағы халық, 7 пайыз және одан артық болса қартайған халық болып саналады. Қазақстандағы бұл көрсеткіш 6,6% деңгейінде. ҚР статистика агенттігінің болжамына сүйенсек, 7 пайыздық межеге біз 2017 жылы жетуіміз мүмкін. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 7,4 пайыз болады. Басқа елдермен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш Германияда – 24%, Ұлыбританияда – 20%, Украинада – 18%, АҚШ-та – 16%, Ресейде – 15%. Әрине біздегі көрсеткіш жоғарыда көрсетілген мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Дегенмен экономиканың дамуы халықтың орташа өмір сүру жасының көтерілуіне әсер етіп отыр. Осының арқасында бұл процесс өзінің қарқынын ала бастаған секілді.

Жалпы, демография мен мемлекет дамуының арасындағы байланысты байқауға болады. Демографиялық жағдай елге оң немесе кері әсерін тигізе алады. Қазіргі таңда біздің шығыс көршіміз Қытай экономика көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасты. Көптеген мамандардың пайымдауынша, оның қарқынды дамуына әсер еткен факторлардың бірі – халық саны. Соңғы деректерге сүйенсек, ҚХР халқы 1,3 млрд. болып отыр. Қытайға ұқсас мысалды Үндістан, Индонезия, Бразилия, Мексика, Түркия секілді елдерден көруге болады. Олардың бәрі адами ресурстарға бай.

Соңғы деректер бойынша, Еуропалық Одақтағы жалпы туылғандардың ішіндегі мигрант отбасыларынан туылған балалардың үлесі Ұлыбритания, Францияда – 11%, Испанияда – 13,8%, Австрияда – 15,2%, Люксембургте – 32,2%. Осындай жағдай Еуропаның және әлемнің көптеген дамыған елдерінде орын алып отыр. Осы елдердегі биліктер қиын таңдау алдында тұр: экономикаға ауадай қажетті мигранттардың ағымын тоқтату немесе жергілікті халықтың күннен-күнге өсіп келе жатқан наразылықтарын елемеу.

Көрсетілген мысалдардың ішінде бізге бақылаусыз бала туудың арту қаупі жоқ. Керісінше, болашақта қазіргі дамыған елдердің жағдайына келуіміз мүмкін. Яғни, экономиканың жұмыс істеуі үшін сырттан мигранттар шақыруға мәжбүр боламыз. Оның алдын алу үшін Қазақстанға жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере отырып тиімді демографиялық саясатты іске асыру маңызды болып отыр. Сондықтан қазіргі таңда елде орын алып отырған жағымды демографиялық көрсеткіштерді сақтап қалуға және оны одан әрі жақсартуға барлық шараларды жасау қажет (Нуриддин Сұлтанмұратов).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Топпен талқылаңыздар:

1. Халық санын көбейту үшін не қажет деп ойлайсыз?

2. Халықтың әлеуметтік жағдайы демографияға әсер етуі мүмкін бе?

3. Демографиялық жағдай елге оң немесе кері әсерін тигізуі мүмкін бе?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.

Демографиялық көрсеткіш, демографиялық саясат, халық саны, демографиялық әлеует, алдын ала болжау, тарихи оқиғалар, соққы, ашаршылық, дүниежүзілік соғыс, халық тығыздығы, демографиялық дағдарыс, экономикалық жағдай, бала туу көрсеткіші, әлеуметтік жағдай, халықтың орташа жас көрсеткіші, елдің қартаю дәрежесі, бақылаусыз бала туудың арту қаупі.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Ашаршылық туралы тарихи фактілерді пайдаланып, эссе жазыңыз.

 

 

4-сабақ

Мәтін мазмұнындағы факт, оқиға, әрекеттерге көзқарасын, қатынасын білдіре алу, ой қорыту тәсілдері

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

ұлттық демографиялық сана – национальное демографическое сознание

демографиялық мінез-құлық – демографическое поведение

ұлттық сана – национальное сознание

отаршылық – колонизация

демографиялық деректер – демографические данные

халық санының кемуі – снижение численности населения

тұрғындардың этникалық құрамы – этнический состав населения

табиғи өсім қарқыны – темп естественного прироста

өлім-жітім – смертность

ажырасу – развод

көші-қонды реттеу – регулирование миграции

көші-қондық теріс сальдо – отрицательное сальдо миграции

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.  

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫ

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.

Тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі Қазақстан үшін дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек.

Республикада халықтың табиғи қозғалыс процесін бейнелейтін көрсеткіштердің жалпы деңгейі артуда. Мемлекетаралық көшіп-қону байланыстарының ішінде Қазақстан үшін ТМД елдерімен айырбастау аса қарқынды болды. ТМД елдеріне кетушілердің жалпы санының 69,9 пайыз орыстар, ал ТМД-дан тыс елдерге кетушілердің 63,3 пайызы – немістер. Облысаралық алмасуда оң және аса көп өсім бұрынғыша Алматы (9,7 мың) және Астана (6 мың) қалаларының еншісіне тиеді.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56 пайызы қалаларда, 44 пайызы ауылды жерлерде тұрады.

Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімінің төмен деңгейде болуынан туындауда.

Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамында қазақтар мен орыстардың үлес салмағы басым Қазақтардың үлес салмағы жыл өткен сайын өсіп келе жатса, орыстардың саны 70-жылдардың соңынан бері қарай кемуде. Қазақтар санының көбеюі мен үлес салмағының артуы олардың табиғи өсімінің нәтижесі және елден қазақ емес ұлттардың көшуіне байланысты. Сондай-ақ оған қазақтардың алыс (Қытай, Моңғолия, Иран) және таяу (Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан) шетелдерден елге оралуы да жәрдем етуде.

Сондай-ақ қазақтар тығыз тұратын жерлердің біразы экологиялық апат аймаққа жатады. Салыстыра қарау үшін шетелдердегі орташа өмір сүру көрсеткішіне назар аударайық: ол Жапонияда – 76,1, Испанияда – 75,7, Коста-Рикада – 75,6, Андаррода – 75,3, Гонконг пен Израильде – 75,1, Австралияда – 75, Швецияда – 74,8, Грекияда – 74,6, Ұлыбритания – 73,2 жас (1)

Қазақстан тұрғындары денсаулығының нашарлауы көп жағдайда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының төмендеуінен. Мысалы, Семей ядролық полигоны аймағының радиоактивті ластануынан, Арал теңізі өңірінің агрохимиялық ластануға ұшырауынан туындауда. Көші-қондық теріс сальдо 90-жылдардың басынан бастап барлық облыстарда орын алды. Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Семей Талдықорған облыстарында жоғары деңгейге жетті. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1993 жылға қарай қысқара бастады, оның орнын табиғи өсім жаба алмады. Көші-қон процесінің барысында 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта тұрғындар саны 1637,3 мың адамға қысқарды (1) 1994 жылы 410,4 мың адам республикадан көшті.

Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Бұл – елдегі демографиялық ахуалдық жақсарып келе жатқандығын айғағы. Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдағы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Демография мәселелерімен айналысатын қандай ғалымдарды білесіз?

2. Қазақстанда тұрғындар санының азаюының басты себептерін атаңыз?

3. Қазақтардың орташа өмір сүру жасы неліктен төмен деп ойлайсыздар?

4. Индустриализация мен урбанизацияның демографияға әсері қандай?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.

Ұлттық демографиялық сана, демографиялық мінез-құлық, ұлттық сана, отаршылық, демографиялық деректер, халық санының кемуі, тұрғындардың этникалық құрамы, табиғи өсім қарқыны, өлім-жітім, ажырасу, көші-қонды реттеу, көші-қондық теріс сальдо.

 

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақстанның демографиялық жағдайына статистикалық шолу

 

 

28- модуль:  ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ

 

Лексикалық тақырып:

1. Латын әліпбиі – өркениет жолы

2. Қазақ тілінің латын әліпбиі бойынша жаңа емлесі.

3. Ғылыми термин және жаңа сөздер. Латын әліпбиі негізіндегі терминдердің қолданысы. Салалық терминдер.

Грамматикалық тақырып:

1. Ресми-іскери стиль.

 

1-сабақ

Латын әліпбиі – өркениет жолы

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

жазу – письмо

қазақ жазуы – казахская письменность

латыннегізді әліпби – латинский алфавит

жаңа мүмкіндіктер – новые возможности

тіліміздің халықаралық аренаға шығуы – выход нашего языка на международную арену

түркі әлемі – тюркский мир

ақпараттар алу мүмкіндігі – возможность получения информации

IT-технологиялардың тілі – язык IT-технологий

 

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ӨРКЕНИЕТ ЖОЛЫ

Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.

Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Зиялы қауым өкілдерінің, тіл майталмандарының, тарихшылардың, ғалымдардың, сарапшылардың, жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынды. Латын әліпбиінің түрлі нұсқалары сараланды, әліпбиді жасау барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің сақталуы, сонымен қатар ғылыми принциптер негізге алынды. Әліпбиді тіл мамандары әлі де зерттеу үстінде.

Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ. Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту керек.

Еліміздің үштілділікке көшу үдерісі жылдамдап, ғылымымыз қарыштап дамиды. Уақыт сынынан өткен өміршең латын графикасын қазіргі таңда әлем халқының 80 пайызы меңгерген екен. Әлемде көп таралған жазбаның бірі латын алфавиті екенін, әлемдік ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылатынын, ғылымның тілі, халықаралық терминдер, формулалар да негізінен латын әріптерімен жазылатынын ескерер болсақ, жаңа әліпби бізге зор мүмкіндіктер туғызады. Латын жазуына көшу бүгінгі күннің кезек күттірмес қажеттілігі екенін, латын жазуы әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол болатынын қазақстандық әр азамат білуге тиіс.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Қарағанды мемлекеттік университетінде де мұқият оқылып, жан-жақты талдану үстінде. Әсіресе ғалымдарымыз, тіл мамандары, көзі қарақты, көкірегі ояу жастарымыз латын әліпбиі төңірегінде тұщымды ой-пікірлерін білдіруде. Студент жастардың латын графикасын енгізу мәселесін ықыласпен қабылдағанын атап өткен орынды. Бірнеше тілді еркін меңгерген студенттеріміз интернет кеңістігіне еркін енуде және латын графикасын қолданудың ешқандай қиындық тудырмайтындығын аңғарып отыр (Еркін Көбеев).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Латыннегізді әліпбиге көшудің халқымызға берер артықшылықтары туралы жұбыңызбен әңгімелесіңіз.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыз:

1. Латыннегізді әліпбидің кириллицадан артықшылықтары: ..., ..., ... .

2. Латыннегізді әліпбидің төте жазудан артықшылықтары: ..., ..., ... .

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Қазақ жазуының тарихы туралы реферат дайындаңыз.

 

 

2-сабақ

Қазақ тілінің латын әліпбиі бойынша жаңа емлесі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

араб графикасы – арабская графика

латын әліпбиі – латинский алфавит

тіл тазалығы – чистота языка

алғышарт – предпосылки

әріп – буква

таңба – знак

дыбыс – звук

емле ережелері – правила правописания

сараптау – оценивать, выяснять

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Үшінші мыңжылдықта қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды. Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз. Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.

Тәуелсіз Қазақстанның үш мыңыншы жылдықтағы рухани жаңғыртудың негізі ғылым мен білімде, яғни жаңа модельды руханият әлеміне көшу қажеттігін Елбасымыз қадап айтты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Ел президенті Н.Ә. Назарбаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін атап көрсеткен болатын.

Елбасының осы тапсырмасы мен латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына орай тек тиісті мекемелер ғана емес, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары талқылау, ұсыныс беру және тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуді қажет деп санаймыз.

Елімізде латын әліпбиіне көшуге қажетті алғышарттар, ең бастысы бір әліпбиден екінші әліпбиге көшу тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан латын әліпбиіне көшу 20 күннің ішінде жүзеге асырылған. Ал латын әліпбиінен қолданыстағы кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, 1940 жылы толық аяқталған. Әрине, өткен тарихи тәжірибелердің пайдаланатын да, пайдалана беруге болмайтын жерлерін де аса мұхият сараптап, науқаншылдыққа жол бермеуге тиіспіз.

Латын әліпбиіне көшу – тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Өйткені латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екені белгілі.

Латын әліпбиіне көшу, біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, бізден де болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ (Дария Қожамжарова).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы ой бөлісіңіздер.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Жаңа әліпбиді пайдаланып, жазыңыз:

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы бастама көтерілген болатын. Онда қазақ тілі арқылы ұлт болып сақталу, орыс және ағылшын тілінде әлемдік кеңістікке, халықаралық байланыстарға шығудың мүмкіндіктері ашылатындығы айтылған. Бұл өте дұрыс ұсыныс, заманға лайықты өмір сүруге қажетті жағдайлардан туындаған қадам деп ұғуымыз керек.

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Жаңа емле ережелері» тақырыбына зерттеу жүргізіңіз.

 

 

3-сабақ

Қазақ тілінің латын әліпбиі бойынша жаңа емлесі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталық – Республиканский координационно-методический центр развития языков имени Ш. Шаяхметова

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті – Комитет по развитию языков и общественно-политической работы

әліпби – алфавит

диакритика – диакритика

диграф – диграф

емле ережелері правила правописания

қазақ тілінің дыбыстық жүйесі – звуковая система казахского языка

мүмкіндік – возможность

кепілдік – гарантия

диакритикалы таңбалар – диакритические символы

төл дыбыстар – специфические звуки

таңба – знак

ноқат – точка

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Ербол ТІЛЕШОВ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры:

– Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда, ең алдымен, ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәти­жесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теория­сы мен практикасына құрылған нұсқа ретінде осы әліпби сіздерге ұсынылып отыр. Бұл нұсқаның ерекшеліктері баяндамада көрініс табатын болады. Жаңа жазу нұсқасын қабылдау, әлбетте, бір таңбаларды екінші таңбалармен ғана ауыстыру емес, ол – бұрынғы әліпбилерде жіберілген емлеге қатысты жаңсақ жазуды дұрыстау. Осы реттен келгенде, әліпби жасау және оны енгізумен бірге жаңа жазу ережелері де қабылдануы тиіс деп ойлаймыз. Сіздерге таныстырылатын нұсқада латынның төл таңбалары ғана алынды. Оның лингвистикалық та, қоғамдық та маңызы ерекше. Себебі латын әріптеріне әртүрлі диакритикалар қою біріншіден, мұндай нұсқаны латын әліпбиі емес, әртүрлі қоспа таңбалардың нұсқасы етеді.

Екіншіден, ең бастысы диакритикалар төл дыбыстарымызды сақтауға толық мүмкіндік пен кепілдік бермейді. Себебі мобильді телефондар, смартфондар, планшеттер, ноутбуктар, компьютерлер бүгінде жазудың құралына айналғанда және олар бізге әлемнің түкпір-түкпірінен келетіндіктен, олардың пернетақтасында 26 таңбадан тұратын латын таңбалары ғана орналастырылады. Пайдаланушылар осы бар таңбаларды ғана қолданады. Егер біз латын графикасындағы жаңа әліпбиге диакритикалы таңбаларды енгізетін болсақ, онда көпшілік көп қолданбағандықтан, қазақтың төл дыбыстарын жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде Ә-ні А-мен алмастыру, Қ-ны К-мен алмастыру, сол сияқты Ғ, Ң, Ө, Ұ, Ү, І дыбыстарын жазбау, әсіресе жастардың арасында жиі байқалады.

Үшіншіден, әліпбиімізді латын графикасына негіздеуіміздің үлкен себебі – халықаралық ақпараттық жүйеге ену, әлемдік технологияны игеру екенін Елбасы айтқан болатын. Ендеше, егер әлемнің жетекші елдері қолданатын классикалық латын әліпбиінің дыбыстарына әртүрлі диакритикалар қоятын болсақ, онда біз жоғарыда айтқан мақсатқа толық жете алмаймыз.

Төртіншіден, диграфтарды қолдану арқылы біз сол дыбыстың төл табиғатын сақтаймыз. Ал кейбір әріптестер ұсынып жүрген диакритикалар арқылы ажырату ол дыбыстың табиғатын емес, өзара ұқсас әріптің тек шартты таңбалық суретін ғана береді.

Бесіншіден, бір дыбысты екі таңбамен беретін диграфтар латынның төл таңбалары болса, ал ноқаттар арқылы берілетін диакритикалар – кейін пайда болған жасанды таңбалар.

Осы жобаны жүзеге асыру барысында, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Соның нәтижесінде 25 таңбадан тұратын әліпби ұсынылады. Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауда «бір әріп – бір дыбыс, бір әріп – екі дыбыс және бір дыбыс – диграф жүйесі» принципі негізге алынды.

Осы жаңа әліпби нұсқасы негізінде Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталық қызметкерлері және сырттан шақырылған тұрғындар арасында бірнеше рет апробация жүргізілді. Оған қатысушылардың көпшілігі осы нұсқаға қолдау білдірді. Латын әліпбиіне еліміздегі көптеген азаматтардың, әсіресе жастардың көздері үйренген, яғни белгілі бір деңгейде көбіміздің көздағдымыз қалыптасқан. Ал жазу дағдысының қалыптасуы уақыттың еншісінде. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің енгізілуі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, демек, Қазақстан азаматтарының жаңа әліпбиін игеріп кетеріне сенім мол.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді қысқаша баяндап беріңіз.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінде кездесетін ұғымдардың анықтамасын жазыңыз: диакритика, диграф, ноқат, таңба, нұсқа.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Латыннегізді әліппи жайында жазылған ғаламтордағы ақпараттарға шолу жасаңыз.

4-сабақ

Ғылыми термин және жаңа сөздер. Латын әліпбиі негізіндегі терминдердің қолданысы. Салалық терминдер

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

латын әліпбиі – латинский алфавит

Жаһандану – глобализация

ақпарат алмасу обмен информацией

сауатты жазу – грамотное написание

дүниежүзілік ақпарат пен технология – всемирная информация и технология

білім мен ғылымның кеңістігіне ену вхождение в пространство образования и науки

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Әлемде 200-ден астам мемлекетте әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Олар түрлі дінде, өзгеше бір-бірінен ажыратылып тұратын тілде сөйлейді. Бұл заңды құбылыс. Ол туралы «Құран Кәрімде» де айтылған. Түрлі дін және тілді бергенде адамзат баласы бір-бірінен ажыратылып тұрсын делінген.

Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар. Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі алфавит ретінде кеңінен қолданысқа енді.

Енді, осындай жаһандану жағдайында ҚР әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр. Қазақ халқы: «Елу жылда, ел жаңа», - дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен реформалар болатындығы анық. Мысалы, Түркияда Ата Түрік 1928 жылы бүкіл елін латын алфавитіне көшірді. Ол кезде түріктер араб және парсы тілінде жазатын. Демек, өркениет заманына қарай бет бұрған деп түсінуміз керек.

Ал, 1929-1940 жылдары латын алфавиті Қазақстанда қолданыста болды. Бірақ, Кеңес Одағы заманында 1940-1941 жылдары Қазақстан Үкіметі қаулысымен кириллицаға көшті. Кириллицада қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті және тарихы жазылды. Бұл өткен тарих, оны ешкім сызып тастай алмайды. Бірақ, енді мынадай мәселелер туындап келе жатқаны белгілі: бұрын кириллицамен жазылған шығармалар қайда қалады? Оларды келешек жас ұрпақ оқи ала ма, - деген заңды сұрақ қойлып келеді. Ол мәселе қазіргі ақпарат заманында техника арқылы жүзеге асуға тиісті.

Латын алфавитіне көршілес Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжан мемлекеттері тәуелсіздік алған уақыттан бастап ерте кірісті. Олар да заман талабына сай даму үшін осы алфавитті өздеріне қабылдады. Бірақ, қай мемлекеттерді алып қарасаңыз да қиындықтар болған. Бұл латын алфавитіне өту кемінде 10 жылдық процесс екен.

Одан кейін сол латын алфавитін балабақшаларда, орта мектептерде және ЖОО-да үйрету керек. Яғни, оны жазу мен оқуды үйретудің бірнеше сатылы мемлекеттік механизмдерін ойластыруы, олар қандай деңгейде жұмыс жасау керектігі анықталуы шарт. Осы аталған мәселелерді мемлекет тарапынан қадағалайтын, бақылайтын арнайы мекеме қызметкерлері болуы қажет.

Қазақстан соңғы жүз жылдық тархында өз әліпбиі ең көп өзгерген республика екен. Және өз еркімен емес, әуелі патшалық Ресей, онан соң Кеңес одағы билігінің талабымен соңғы 70-80 жылда бүгінгі алфавитті пайдаланып келеміз. Кешегі Кеңес одағы кезінде табандылық танытқан Балтық жағалауы республикалары, Грузия, Армения өз алфавитін сақтап қалды. Ал тәуелсіз, өркениетті Түркияның негізін қалаған қайраткер Мұстафа Кемал Ататүріктің тұсында әлемдік өркениетпен байланыста болу мақсатында латын қарпі енгізіліпті.

Қортытындылай айтқанда, әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу Қазақ еліне артық болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін қалыптастыра түседі.

Бірақ, латын алфавитіне көшуде өте асығыстық жасамай, біріншіден алфавиттің ортақ тоқтам жасалған нұсқасын анықтау керек. Екіншіден, оны үйрету мен оқытудың мемлекеттік механизімін жетілдіріп, белгілі бір жүйе қалыптастыру қажет. Үшіншіден, халықтың өзі саналы түрде оны меңгеруге талпыныстар жасауы тиіс (Қанат ЕҢСЕНОВ).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.  Жазудың шығу тарихы туралы әңгімелеңіз

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Жаһандану заманындағы жазудың маңызы жайында эссе жазыңыз

 

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1. Түркітілдес халықтардың мәдениеті жайлы хабарлама дайындаңыз

 

 

29- модуль : ТІЛДІК КӘСІБИ БАҒДАР. КӘСІБИ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Лексикалық тақырып:

1. Тілдік кәсіби бағдар.

2. Болашақ маманның тілдік құзыреттілігін қалыптастыру.

3. Мамандыққа қатысты тілдік ерекшеліктер.

Грамматикалық тақырып:

Ойды жеткізудің дәнекерлеуші тілдік құралдары (сонымен байланысты, соған қарамастан, бірақ, дегенмен, соның нәтижесінде). Мен ... етістік+барыс септік+тиісті+жіктік жалғауы тіркесінің 3 жақта түрленіп қолданылуы

 

 

1-сабақ

Тілдік кәсіби бағдар

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

ғылыми ізденіс – научный поиск

ақпарат алмасу – обмен информацией

ортаға бейімділік – склонность к среде

қозғаушы күш – движущая сила

мамандыққа сұраныс – спрос на специальность

сауалдарға сараптама – экспертиза вопросов

насихаттық жұмыс – агитационная работа

ғылыми бағыттылық – научная направленность

сабақтастық – преемственность

мүдделілік – заинтересованность

басым бағыт – приоритетное направление

көкейкесті мәселелер – актуальные вопросы

қолданысқа енгізу – введение в действие

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талайына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін аскерсек, қай заманда болмасын  олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Өзіңіздің мамандығыңыз туралы әңгімелеңіз (10-15 сөйлем).

4-тапсырма. Отбасыңыздағы адамдардың мамандықтары туралы айтыңыз.

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Сіздер болашақ мамандықтарыңызды ғылыммен байланыстырасыздар ма?

2) Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарының қайсысын таңдадыңыздар? Неліктен?

 

ЖАЗЫЛЫМ

6-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, мамандық туралы шағын мақала жазыңыз.

Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселелер, қолданысқа енгізу,  заман талабына сай, ғылыми бағыттылығы, үлкен мән,  көңіл бөлу, мүмкіндіктері қарастырылады, ақпараттық технологиялар

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мамандығыңызға қатысты 10 шақты теминнің жасалу жолын түсіндіріңіз

2. Ақпарат құралдарынан білім, ғылым туралы естіп, білген жаңалықтарыңызбен бөлісіңіз.

 

2-сабақ

Болашақ маманның тілдік құзыреттілігін қалыптастыру

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

құзіреттілік – компетенции

коммуникативтік құзыреттілік – коммуникативная компетентность

тілдік құзыреттілік – языковая компетентность

кәсіби шеберлік – профессиональное мастерство

теориялық және практикалық дайындық – теоретическая и практическая подготовка

ақпараттық құзыреттілік – информационная компетентность

регулятивтік құзыреттілік – регулятивная компетенция

жалпы құзыреттілік – общая компетентность

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Тіл құзыреттілігі құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді: 1. Грамматикалық құзіреттілік; 2. Социолингвистикалық құзіреттілік; 3. Дискурсивті құзіреттілік; 4. Стратегиялық құзіреттілік; 5. Социомәдениеттік құзіреттілік.

Стратегиялық құзіреттілік – әңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл - диалог құру және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.

Социомәдениеттік құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білуін анықтау және қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.

«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді.

Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.Бірақ бұл құзыреттіліктің түрі жоғарғы оқу орындарында кездеспейді.

Дискурсивті құзіреттілік – айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту ұстанымдарында ерекше айтылады. Онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес, синтаксистен, яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.

Құзыреттілік дегеніміз – жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.

ЖОО-да бұл өте маңызды болып табылады, себебі қандай да мамандық болмасын, студент ғылыми өз тілінде сөйлей және ұға білуі тиіс. Бұл оның мамандықты жетік меңгеруіне мүмкіндік жасайды (Rizabek Nurtayev).

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, жұбыңызбен болашақ маманның тілдік құзыреттілігі жайлы сұқбаттасыңыз.

Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті болашақ мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасындағы білім саласына қатысты тапсырмаларын жүзеге асырушы тұлғалардың әрқайсысы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі мен ерекшеленуі тиіс.

Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі екені белгілі. Қоғамға ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт нық әрі сенімді болу үшін бәсекеге қабілетті маман дайындау орта арнаулы және жоғары оқу орындарынан бастау алмақ.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, мамандық туралы шағын мақала жазыңыз.

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мәтінмен оқып танысыңыз. Мәтінге сұрақты жоспар құрыңыз

 

КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТҮСІНІГІ

Бiлiм берудi реформалауды жүзеге асырудың және бiр маңызды сипаты, қазiргi уақыттағы оқыту, бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажеттiгiне туындап отырғандығы баршаға мәлім.

Мектептерде білім беру сапасы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған айқын жұмыс жүйесі қалыптасқан. Жалпы құзыреттілік дегеніміз – белгілі бір заттар мен үрдістер және оларға деген қатынастар бойынша әрекет ету үшін қажетті тұлға бойында бар өзара байланыстағы қасиеттердің (білім, білік, дағды, іс-әрекет тәсілдері) жиынтығы.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Педагогикалық құзыреттілікке жаңаша көзқараспен қарап, заманауи электрондық оқыту жүйесіне де көшу талабы білім беру ұйымдарына зор міндеттер жүктейді. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мақсатында құзыреттілікті дамыту мен кәсіби шеберлікті жетілдіріп отыру білім беру ұйымы ұжымының нәтижелі қызметтерінің бірі болып саналады.

Жалпы білім беру саласындағы «құзыреттілік» түсінігі 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңындағы отандық әдебиеттерде кездесе бастады.

 

 

3-сабақ

Мамандыққа қатысты тілдік ерекшеліктер

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

тіл – язык

қарым-қатынас общение

тілдік қатынас языковое общение

болашақ мамандардың кәсіби білім деңгейі уровень профессионального образования будущих специалистов

тілді өз мамандығына сай меңгеру владение языком в соответствии со своей специальностью

танымдық белсенділік познавательная активность

сөздік қор – словарный запас

мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату – установление языкового общения в соответствии с специальностью

кәсіби коммуникацияның формалары – формы профессиональной коммуникации

сөйлеу тәртібінің стратегиясы мен тактикасы стратегия и тактика речевой дисциплины

кәсіби сөйлеу мәдениеті – культура профессиональной речи

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Қазір республикамызда қазақ тілін мамандыққа бейімдей оқыту даму сатысында. Қазақ тілін кәсіби салада оқыту мәселесін қоғам өміріндегі қажеттіліктер туындатып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі нығая түскен сайын, келешекте де түрлі салалардағы кәсіби қазақ тілінің маңызы арта түсері сөзсіз. Себебі, жақсы маман болумен қатар, тілдік білімі толысқан, бірнеше тілде соның ішінде мемлекеттік тілде кәсіби сөйлей алатын маманның компания, мекеме, мелекеттік қызмет және қоғам үшін де алар орны, көтерер абыройы бөлек.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі. ЖОО-да қазақ тілін практикалық тұрғыдан меңгертудің мақсаты – студенттердің әр түрлі салада еркін қарым-қатынас жасай білуін қамтамасыз ету. Студенттер үшін мұндай маңызды салалардың бірі – келешектегі кәсіби қызметі. Студенттерге бұл орайда мемлекеттік тіл – қазақ тілін кәсіби тұрғыдан оқыту мақсатында жоғары білім беру жүйесіне базалық пәндердің міндетті компоненті ретінде кәсіби қазақ тілі пәні енгізілген. Пәнді оқытудағы басты мақсат – озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін пайдалана отырып: мамандыққа қатысты кәсіби тақырыптарға арналған мәтіндерді түсіне білуге үйрету; кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру; мамандық тілінің терминологиясын үйрету; кәсіптік терминдерді пайдалана отырып, мәтін құрата білуге үйрету; cөйлеу мәдениетін дамыту; сабақтың танымдық, тәрбиелік мазмұнда ұйымдасуын ескеру; термин-ұғымдарды көркем шығарма, ауыз әдебиеті үлгілерімен ұштастыру.

 

АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Топпен талқылаңыздар.

1. «Кәсіби тілді шебер меңгеру – бәсекеге қабілеттіліктің ең басты шарты» дегенге келісесіз бе?

4-тапсырма. Мәтінмен танысып, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Студент өз саласы бойынша кәсіби бағдарлы білім алады. Мамандығына сай сөйлеуге, тілдесуге бір-бірімен ойын ашық жеткізуге үйренеді. Қоғамда болып жатқан барлық жаңалықтардар хабардар болып, өзара пікір таластыра алатын дәрежеге жетеді. Қазақ тілін ЖОО-да үйретуде тілдің қатынас құралы ретінде құзіреттілігін арттыру керек. Ол үшін тілді кәсіби бағытта оқытатындықтан әр топтың ерекшелігіне қарай мәтіндерді, тапсырмаларды ыңғайлап беру керек. Ол тапсырмалар студентті тілдік қатынасқа түсіріп қана қоймай, оның ой-өрісін кеңейтіп, өмірге көзқарасына жағымды әсер етуі тиіс. Бұл оқытушының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Оқытушының оқу материалдарын бағдарламаға сүйене отырып, шеберлікпен таңдап алуы және жобалауы, материалдың күрделілігін бағалауы және оны нақты мақсатта, демек, белгілі бір мамандыққа сәйкес бейімдеуі арқылы бекітіледі. Осыған орай, кәсіби қазақ тілін коммуникативтік-танымдық бағытта үйрету ерекше маңызды орын алады. ЖОО студенттеріне тілді қатысымдық тұрғыдан оның болашақ мамандығына сәйкестендіріп оқыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру шарт.

Коммуникативтік-танымдық бағыт дегенде студенттің сөйлем құрастырғандағы білімін, сөздік қорын, кәсіби тілдегі қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыру керек. Бұл дегеніміз болашақ мамандардың кәсіби білім деңгейінің жоғары болуы қажеттілігінен шығады.

Студенттің өз мамандығына сай тілді меңгеруінің нәтижелі болуы танымдық белсенділігіне байланысты. Ол үшін оқытушы әр студентке кәсіби бағытта орындалатын материалдарды көптеп дайындау қажет. Оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттері студенттің кәсіби қатынастық құзіреттілігін қалыптастыруда зор ықпал етеді. Өз мамандығына лайық берілген тапсырмалар мен мәтіндер арқылы көптеген ақпараттар алады. Олар тек ақпарат алып қоймайды, жазып үйренеді, жаңа сөздерді меңгереді, бір-бірімен тілдесе алады. Кәсіби бағыттағы тілдік қарым-қатынас орнайды. Ол студенттердің өз мамандығына лайықты тілді үйренуіне деген қызығушылығын арттырады.

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. «Қазақ тілі қандай тіл?» атты эссе жазыңыз.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жайлы мамандығыңызға қатысты мәлімет жинау.

 

4-сабақ

Мамандыққа қатысты тілдік ерекшеліктер

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

икемділік – гибкость

дағды – навыки

машық – умение

тілдік қатынасқа түсу – вступить в языковое общение

мәтін – текст

сөздік – словарь

құзыреттілік – компетентность

сөйлеу мәдениеті – культура речи

әріптес – партнер, коллега

келіссөз – переговоры

ресми-іскери қызмет – официально-деловая деятельность

кәсіби шеберлік – профессиональное мастерство

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

 

Студенттің мамандыққа сай тілдік қатынасқа түсуі оның сөздік қорының молдығына байланысты. Ал мәтінмен жұмыс істеу сөздік арқылы іске асады. Демек, мәтінге  берілген сөздікті меңгеру – адамдардың кәсіби тілде бір-бірімен ашық пікірлесіп, ойын жеткізуіне, тілдесуіне септігін тигізеді.

Мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату үшін сөздің лексикасын, грамматикасын және стилистикасын білу жеткілікті емес. Кәсіби бағытта қарсыласымен пікірлесіп, ойын анық жеткізе білу үшін сөзді дұрыс қолдануға үйрену керек. Қай мамандықта болмасын болашақ маман жиналыстарда, келіссөздерде, қызметтес адамды қабылдауда әріптестерімен дұрыс сөйлесе білуі парыз.

Ол үшін қазақ тілін кәсіби бағытта үйренуге талпынған әрбір тіл үйренуші мәтіндердің мазмұнына берілген тапсырмаларға үлкен мән беруі қажет. Кәсіби сөйлеу тілінің дамуы мен қалыптасуы арқылы мамандыққа қатысты білім аясы кеңейеді сонымен қатар тілдік білім құзіреттілігі қалыптасады.

Кәсіби тілді меңгеру нәтижесінде студенттердің: ауызша және жазбаша кәсіби саласындағы сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтереді; кәсіби қызмет саласында қажетті стильдік, әлеуметтік кәсіби білім қалыптасады; кәсіби коммуникацияның әртүрлі формалары, түрлері бойынша сөйлеу тәртібінің стратегиясы, тактикасы саласында шеберлік икемі болады; курс практикалық бағытта барлық мамандықтар бойынша маманның кәсіби сөйлеу мәдениеті дағдысын қалыптастырады.

Кәсіби қазақ тілі пәнінен алынған тілдік негіздердің икемділік және дағды-машықтары төмендегі қызметтерді атқару үшін: кәсіби салалар қызметінің жағдайларындағы өзара қатынасты орнықтыруға; ресми-іскери қызметінде кәсіби шеберлік мәдениетін танытуда; болашақ маманның тілдік кешенді құзыреттілігін қалыптастыруға; қажетті кәсіби сөйлеу стилін дұрыс таңдай білуді дамытуға қажет.

 

АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кәсіби сөйлеу стилін дұрыс таңдай білмейтін маманның қызметте қандай кедергілерге ұшырауы мүмкін?

2. Мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату үшін нені білу маңызды?

3. Сөздік қорды меңгеру кәсіби шеберлікке әсерін тигізе ме?

 

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мамандығыңызға қатысты терминдерден глоссарий құрастырыңыз.

5-тапсырма. Өзіңіз құрастырған глоссарийді пайдаланып, мамандығыңыз туралы шағын мәтін құрастырыңыз құрастырыңыз.

 

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Бәсекеге қабілетті маман – кәсіби тілді меңгерген маман» атты эссе жазыңыз.

 

 

10- модуль: КӘСІБИ ТІЛДІҢ ТЕРМИНЖҮЙЕСІ. САЛАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ ТЕРМИНДЕР

 

Лексикалық тақырып:

1. Тілді кәсіби бағдарлы қолдану.

2. Салалық және кәсіби терминдер. Қазақ тіліндегі термин сөздер.

3. Әлеуметтік және кәсіби салаларда қолданылатын сөздер (тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз, жол қатынасы).

Грамматикалық тақырып:

Тұрақты тілдік оралымдардың берілуі.

 

 

1-сабақ

Тілді кәсіби бағдарлы қолдану

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

сөзжасам – словообразование

терминжасам – терминообразование

морфологиялық тәсіл – морфологический подход

синтаксистік тәсіл – синтаксический подход

тілдің дыбысталу заңдылығы – законность звучания языка

орфографиялық жүйе – орфографическая система

интернационалдық терминдер – интернациональные термины

қазақ жазуы – казахская письменность

латын әрпіне көшу – переход на латинскую букву

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

 

ТІЛДІҢ ІШКІ МҮМКІНДІГІ ЖӘНЕ ТЕРМИН ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру еліміз тәуелсіздік алғалы күн тәртібінен түспей келеді. Өйткені мемелекеттік тіл ұғымының бір көрінісі – оныңәр түрлі ғылымдар саласында кеңінен қолданылатын терминдерінің болуы. Мемлекеттік тілде ғылыми жұмыстар жазылмаса, ол ғылым тілі ретінде қалыптаспаған болса, онда оның шын мәнінде мемлекеттік тіл болмағаны. Қазақ тілі ғылым тілі болуы үшін ең алдымен оның қалыптасқан терминдері болуы тиіс. Термин қалыптастырудың тәсілдері көп.

Термин қалыптастыруда кең тараған тәсілдердің бірі – ғылым, білімі дамыған алдыңғы қатарлы елдердің терминдерін тілдің дыбысталу заңдылығына икемдеп алу. Өзіміз жақсы білетін орыс тіліндегі терминдердің 70-80%-ы латын, грек, ағылшын т.б. тілдерден енген сөздер. Бірақ олар орыс тілінің дыбысталу заңдылығына бағынып енгендіктен, олардың жат сөздер екенін көп адам аңғара бермеуі де мүмкін. Ал қазақ тіліне келетін болсақ, мұндай терминдерге «интернационалдық терминдер» деп ат қойып, айдар тағып, ондай сөздерді аударуға болмайды деген ережеге тастай қатып қалған.

Академик Ө. Айтбайұлы тілдің дамуы интернационалдық сөздердің көптігіне байланысты емес, оларды сол жат қалпында қабылдай беретін болсақ, онда интертерминдер шапқыншылығына тап боламыз, онсыз да дендеп бара жатқан шетел сөздері қаптай беретін болса, ана тілімізге қатер төнді дей беріңіз дейді. Интертерминдерге тәуелді болмай-ақ, мысалы, жапон, қытай тілдерін өз тілінің байлығын қолданып отыр. «Интертерминдерге тиюге болмайды дейтін қате түсінік салдарынан бұлар да о баста белгілі бір тіл ішінде туындап, терминдік мәнді жүре келе жүктеген қарапайым сөздер екенін елемейтін болдық. «Тиіспе», «аударма» деуден бұрын бұл сөздер нені білдіріп тұр, қандай мағынаны арқалап тұр дегенді анықтау керек» - деп, интерминдерді де мүмкіндік болса аударуға болатынын айтты.

 

АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді айтыңыз

 

ЖАЗЫЛЫМ

4- тапсырма . Мәтін бойынша сұрақ  құрастырыңыз

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мамандығыңызға қатысты он бес интернационалдық термин жазып, мағынасын түсіндіріңіз.

 

 

2-сабақ

Салалық және кәсіби терминдер. Қазақ тіліндегі термин сөздер.

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

латын әлiпбиi – латинский алфавит

ұлттық стандарт – национальный стандарт

бекіту – утверждение

терминологиялық комиссия – терминологическая комиссия

лингвистикалық сараптама – лингвистическая экспертиза

аудару – перевод

салалық терминологиялық сөздіктер – отраслевые терминологические словари

жүйелеу – систематизация

терминдерді біріздендіру – унификация терминов

терминдер қоры – фонд терминов

терминдердің қазақ тіліндегі нұсқалары – варианты терминов на казахском языке

терминдердің халықаралық нұсқалары – международные варианты терминов

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

 

САЛАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТПЕН БЕКIТIЛМЕК

Сенатта қазақ тiлiндегi терминологияны жетiлдiру мәселелерiне арналған жиын өттi. Кездесуде ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы Терминком бекіткен терминдерге міндетті сипат беру мақсатында салалық терминдерді Ұлттық стандартпен бекіту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Елбасы Жолдауында айтылған үлкен мәселенің бірі – қазақ терминологиясын жетілдіру және терминдерді біріздендіру. Жолдауда Президенттің «Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет» дегені бәрімізге белгілі. Осы тапсырманы орындау мақсатында Министрлік бүгінге дейін бекітілген терминдерге мониторинг жүргізді. Қазірге дейін 21 мың термин бекітілсе, оның 40,8 проценті (8571 термин) – төл терминдер, ал 59,2 проценті (12429 термин) кірме және аралас терминдерді құрап отыр. Осы терминдерге жасалу және аудару тұрғысынан толық лингвистикалық сараптама жасалуда. Бұл ретте тіліміздің тазалығын сақтап қана қоймай, оны ғылым тіліне айналдыру үшін терминдердің принциптері мен қолданбалы терминтанудың негізгі міндеттерін айқындау мәселесі қолға алынды», - дедi А. Мұхамедиұлы.

Министрдiң айтуынша, терминдерді бекітумен тікелей айналысатын ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық Терминологиялық комиссия жоспарға сай жұмыс жасап келедi. Комиссия шет тілінен енген бірқатар терминдердің қазақ тіліндегі нұсқаларын халықаралық нұсқалармен қайта сәйкестендірді.

«Оған музей (мұражай), архив (мұрағат), абзац (азатжол), процент (пайыз), шина (құрсым), инвентарь (мұқаммал), демаркация (шегендеу), баланс (теңгерім) сынды терминдерді мысал ете аламыз. Ретіне қарай мұндай жұмыстар бұдан былай да жалғасын табады. Бір ескеретін дүние – қазір қоғамда жиі сынға ұшырап жүрген терминдердің басым бөлігі Терминологиялық комиссия тарапынан бекітілмеген. Ел арасында терминтану мәселесіне деген теріс көзқарастың қалыптасуына сондай бекітілмеген терминдер кері әсерін тигізіп жатыр. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғам арасында қолданылып жүрген қылтима, бұрқақ, сазгер сынды бірқатар терминдер 2014 жылы Терминологиялық комиссия отырысында қаралып, балкон, фонтан, композитор болып бекітілген», - дедi ведомство басшысы.

 «Қазіргі уақытта терминдердің бірізді қолданылуын қамтамасыз ету – терминология саласындағы ең өзекті мәселе. Осы ретте Терминком бекіткен терминдерге міндетті сипат беру мақсатында халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, салалық терминдерді Ұлттық стандартпен бекіту мәселесі қарастырылуда. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің терминологиялық қоры: интеграциялау, жаңғырту және стандарттау» ғылыми бағдарламасы жобасының негізінде жүзеге асырылмақ», - дедi Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 

АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

4-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді баяндап беріңіз

 

ЖАЗЫЛЫМ

5- тапсырма . Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.

 

КӘСІБИ СӨЗДЕР

Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.

Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.

Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқасалаларға қатысты болады.

Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Салалық терминологиялық сөздіктен өз мамандығыңыз бойынша қазақ тіліне бейімделген интернационалдық 15 терминді анықтамасымен жазып келіңіз.

 

 

3-сабақ

Әлеуметтік және кәсіби салаларда қолданылатын сөздер (тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз, жол қатынасы)

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

салааралық тіл – межотраслевой язык

салаларалық терминология – междисциплинарная терминология

кәсіби тіл – профессиональный язык

қолданысқа енгізу – введение в действие

ғылымның мазмұны мен формасы – содержание и форма науки

топтау – группировка

жіктеу – классификация

сөздік қор – словарный запас

мағына – значение

терминделу – терминация

бұқаралық ақпарат құралдары – средства массовой информации

жазба әдебиет – письменная литература

бірыңғай сала терминдері – термины единой отрасли

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

 

САЛААРАЛЫҚ ТІЛ ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР

Болашаққа сенімді беталысы бар Қазақстанның келер күні – тілі мен мемлекетінің өркендей түсуінде екені сөзсіз. Ертеңгі елінің өрендей ұл-қыздарының болашағы үшін ең қажеттісі – болашаққа нық аяқ басқан мемлекетінің қамқоры мен төл тілінде берілетін жан-жақты әрі сапалы білім. Бұл дегеніңіз – заманның талабына сай жоғарғы технологиялы өндірісті басқару және ел игілігіне жарату мүмкіндігі. Ал саналы білім алуда да, отандық өндірісті басқаруда да, сала термин сөздерінің орны ерекше. Мемлекеттік тілде салалық терминологияның дамуы мен нығаюы – қазақ тілінің кемелденуі мен мейлінше бай ғылым тіліне айналуына жол ашады. Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей: «арнаулы пән сөздерімізді ғылыми зерделеу өз зәрулігін жоймаған өміршең мәселе».

Табиғи жағдайда кәсіби тілден термин тууы шарт, алайда керісінше де болып жатады. Яғни термин ғылыми ортада сұрыпталып, сараланып туса, кәсіби сөз өндіріс адамдарының жұмыс ерекшелігіне байланысты туған атау сөздер. Термин сөздерді қалыптастыруда өндіріс мамандарының кәсіби тіліне зер салып жүйелеу, саралау, талдау жұмыстарын жүргізу ең дұрысы болмақ. Өйткені салалық термин сөздердің қолданысқа енуіне де сол кәсіби маманның үлесі зор. Дей тұрғанмен де өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларының кәсіби сөздерін термин дәрежесіне жеткізу үшін сұрыптау, талдау жұмыстары мен қатар ғылыми анықтама берілуі тиіс. Кәсіби маман мен салалық терминология арасындағы тығыз байланыс туралы ғалым Ө. Айтбайұлы былай дейді: «Жалпыға бірдей қарапайым сөздер қоғамдағы өзара қарым-қатынас қажетіне байланысты туындап және оны сол тілде сөйлейтін кез- келген адам жасай алатын болса, терминдер белгілі бір кәсіп пен мамандыққа тән ұғымды білдіру үшін жасалады да күнделікті практикалық мұқтаждық тудырады, сол саланың мамандары арасында ғана қолданылады».

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтін бойынша жұппен сұқбат құрастырыңыз.

4-тапсырма. Топпен талқылаңыздар:

1. Мемлекеттік тілде салалық терминологияның дамуы мен нығаюы үшін қандай шаралар ұсынар едіңіз?

2. Кәсіби тілдің болашағы туралы не айтар едіңіз?

 

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Болашақ мамандығыңызға қатысты 10-15 салааралық терминдерді анықтамасымен жазыңыз.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Кәсіби тіл мен терминология» тақырыбына баяндама дайындаңыз.

 

4-сабақ

Әлеуметтік және кәсіби салаларда қолданылатын сөздер (тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз, жол қатынасы)

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

салааралық терминдер – межотраслевые термины

қолданыс аясы – область применения

салааралық байланыс – межотраслевая связь

салааралық ерекшелік – межотраслевая специфика

бірыңғай сала терминдері – термины единой отрасли

бірыңғай емес салааралық терминдер – неоднородные межотраслевые термины

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

Салааралық терминдерді белгілі бір өндірістік іспен шұғылданатын сала тілі көлемінде қарастырып қолданыс аясын дұрыс белгілемеу де жөн емес. Бұл терминдер саланың қалыптасуына негіз болған ғылым тілінің ауқымында анықталып бекітілуі тиіс. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігі бар. Алайда жекелеген ғылымдар да олардың салалары да өзара байланыссыз болуы мүмкін емес. Өзара байланыстың, даму мен күрделенудің нәтижесінде жаңа ғылым салалары туып отыратыны заңды. Ал бұл өз кезінде салааралық байланыстың кепілі. Егер салааралық байланыс жекелеген ғылым салаларын о бастағы негізгі ғылымға жақындатып тұрса, салааралық ерекшелік алшақтатып жаңа бағыт сілтейді. Бұл табиғи процеске ешкім тосқауыл бола алмайды.

Салааралық терминдердің басты белгілері: 1. Бірнеше салада бірдей терминдік мағынаға ие; 2. Қолданысында бірдей лексикалық мағына береді; 3. Әр салада белгілі дәрежедегі ыңғайлас іс-шараларға қатысты болып келеді; 4. Жеке-дара терминдерге қарағанда жалпы халыққа түсінікті болады;

Жалпы сөзжасамның негізгі мақсаты – сөздік қорды молайту, сөздің көркем әрі әлеуметтің қолданысына икем, оңтайлы болуын реттеу. Бұл – терминологияның тіл білімі ғылымының саласы ретіндегі маңызды қызметі. Мысалы, бір кездері тек қана кәсіби мамандар мен ғылыми ортаға түсінікті болып келген автокөлік, автобус, трактор, ұшақ, тік ұшақ, пойыз секілді көлік атаулары немесе антибиотик, бактерия, вирус, вакцина сияқты медицина терминдері, сорап (насос), бұранда (винтель), шүмек (кран) сынды механикаға қатысты термин сөздер бүгінде көпшілікке жақсы таныс.

Бірыңғай сала терминдері деп – белгілі бір ғылымнан таралған салаларда қолданылатын ортақ мәндегі арнаулы сөздер. Айталық, геология ғылымына қатысты қыртыс, қабат, ұңғыма, құмайт, төбе, ой, қыр, кен орны, тақтатас, саз, сор, шоғыр т.б. термин сөздер осы ғылымнан бастау алып сабақтала түскен мұнай-газ, көмір өнеркәсібі, уран, алтын, түрлі-түсті металл өндірісі секілді салалардың барлығында дерлік кең қолданылып жүр. Бірыңғай емес салааралық терминдер деп – мағынасы жағынан саланың негізгі іс-шараларынан алыс, бір-біріне мүлде жақыншылығы жоқ салаға қатысты боп келетін термин сөздерің қатарын айтамыз.

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды жалғастырып, өз мамандығыңызға қатысты мәліметтермен толықтырыңыз

4-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді баяндап беріңіз

 

ЖАЗЫЛЫМ

5- тапсырма . Мәтінге сұрақты жоспар құрастырыңыз.

 

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1. Терминдік норма қолданысын сипаттаңыз.

 

 

30 –модуль: КӘСІБИ МӘТІННІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Лексикалық тақырып:

1. Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі

2. Жарыссөзге шығу. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі.

3. Қазақ тіліндегі терминдердің салалық бөліністері. Грамматикалық ерекшеліктері мен бірізділігі.

Грамматикалық тақырып:

Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі

 

1-сабақ

Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

кәсіби мәтін – профессиональный текст

сөз – слово

сөз тіркестері – словосочетание

техникалық әдебиет – техническая литература

тілдік құрылымдық стиль – языковой структурный стиль

ақпараттылық – информативность

қисындылық – логичность

дәлдік – точность

дұрыстық – правильность

айқындық – четкость, ясность

түсініктілік – понятность

жүйелі-адекватты аударма – последовательно-адекватный перевод

сигнификативтік мағына – сигнификативное значение

құрылымдық мағына – структурное значение

прагматикалық мағына – прагматическое значение

 

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

 

Техникалық әдебиет тілін лингвистика жағынан зерттеулер, техникалық әдебиеттің барлық түрлерінің тілдік қарым-қатынас құралы ретінде маңызды дәрежеге ие екенін, өзіне қатысты ерекшеліктері мен белгілі тілдік құрылымдық стилі бар екенін көрсетеді.

Техникалық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері оның лексикасына, грамматикасына және стилистикалық белгілеріне де қатысты. Бұл жерде ең маңызды мәселе, техникалық әдебиет барлық тілдерге тән болғанымен де, оның ерекшеліктері, тілден тілге сол күйінде берілмейді, әр тілде өзінше аударылады. Бұл өзіндік сандық және сапалық сипатқа ие. Сапалық өзіндік әр тілдегі белгілі қатынас немесе ерекшеліктері ұқсас тілдік құрал арқылы емес, лексикалық құрал грамматикалыққа ауыстырылып берілуіне, ал сандық ерекшелік лексикалық, грамматикалық немесе стилистикалық құралдардың әртүрлі жиілікте қолдануында көрінеді.

Терминдер арқылы нақты объектілер мен құбылыстарға нақты және дәл нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың берген ақпаратына бір мағыналы түсініктеме орнатуы керек. Сондықтан да осы типке қатысты сөздерге ерекше талап қойылады. Барлығынан бұрын термин дәл болуы керек, яғни берілген ғылым және техника саласындағы терминнің орнын табатын, қисынды анықтау арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға ие болуы тиіс. Ағылшын тіліндегі ғылыми техникалық материалдарда грамматикалық ерекшеліктер кездеседі. Әрине техникалық грамматика жоқ. Басқа функционалды стильдерге қолданылатын синтаксистік құрылымдар және морфологиялық формалар техникалық мәтіндерде де қолданылады. Дегенмен бұл стильде басқаларға қарағанда грамматикалық өзгерістер көп қолданысқа ие.

Сонымен, тіл білімінде термин-мағына-ұғым мәселесіне қатысты үш түрлі көзқарас қалыптасты: 1. Терминдердің лексикалық мағынасы бар, бірақ ол сол ұғыммен толық сәйкес келе бермейді; 2. Терминдердің лексикалық мағынасы бар және ол сол ұғымды толық сипаттайды; 3. Терминдер – ұғыммен сәйкес келетін лексикалық мағынаға ешбір қатысы жоқ тілдік бірліктер.

Сонымен бірге, терминнің ерекшелігі оның тұрпат межесінде емес, мазмұн межесінде, яғни, оның мағыналық сипатында. Ғылыми термин – бұл ғылыми ұғыммен байланысты мағынасы бар тілдік бірлік. Бірақ бұл мағына ғылыми ұғымның тек негізгі және маңызды белгілерін ғана көрсетеді.

 

АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Мәтін бойынша сұқбат  құрастырыңыздар

4-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді айтыңыз

Терминжасамның басты талаптарының бірі – атаудың уәжді болуы. Ендеше атау қатаң шарттылықтан аулақ болу керек, кез келген ұғымның атауы уәжді болу керек, сонда өзге тілден еніп, аударылып немесе жаңадан пайда болып жасалып отырған ұғымның мазмұн-мағынасы оның атауынан көрініп тұрады. Яғни, атаудың ар жағында тұрған ұғым аударма немесе түсіндірме сөздіксіз-ақ түсінікті болып тұру керек. Терминнің уәжділік мәселесіне мысал ретінде А. Байтұрсынұлы дәстүрін үлгі етіп алуға болады: бастауыш – сөйлемнің басында тұрып, басты тұлғаны көрсететін ұғым; баяндауыш – сөйлемнің аяғында тұрып, баяндау әрекетті аяқтайтын ұғым. Екі ұғымның да орны мен қызметі олардың атауынан көрініп тұр. Осы ретпен жасалған жалғау, жұрнақ, зат есім, сан есім, өткен шақ т.б. атаулардың сыры ұғым мен атаудың үйлесімінде, атаудың төркіні қазақтың төл сөзі болғандығында екені даусыз.

Кез келген тілде терминжасам процесі, ең алдымен, сол тілдің өз сөздік құрамы, ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асырылады. Демек, терминдер тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлерден жасалады. Осыған орай, терминдер қатарында сол тілге тән әр түрлі құрылымдық түрлер кездеседі: түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз, сөз тіркесі және т.б.

 

ЖАЗЫЛЫМ

5- тапсырма . Сөйлем құрастырыңыздар:

Сөзжасам, терминжасам процесі, морфологиялық уәжділік, семантикалық уәжділік, фонетикалық уәжділік, сема, сөздік құрам, сөздік қор, аударма

 

№1 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мәтінге ат қойыңыз.

2. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліңіз.

3. Әр мағыналық бөлікке ат ойлап табыңыз

Туынды терминдердің терминжасам процесінің семантикалық нәтижелері төменде келтірілген түрлерде болуы мүмкін: 1) таза транспозиция (сөздің бір сөз табынан басқа сөз табына ауысып, мағынасының ешбір өзгеріссіз қалуы): аударылған мәтін (аударма мәтін; 2) транспозиция (туынды сөздің синтаксистік сипаты мен мағынасының бірдей өзгеруі): кеңесші (кеңесшілдік; балама (баламалық; 3) модификация (бір сөз табына жататын сөз тудыруға негіз болатын және туынды терминдер арасындағы айырмашылықтар): аударма (аудармашы. Осы орайда, біздің ойымызша, семантикалық өзгерістердің біріншісі синтаксистік деривация, екінші және үшінші түрлері лексикалық және терминдік деривация ұғымдарына сәйкес келеді. Басқа авторларға қарағанда Комиссаров В.Н. ғылыми техникалық стильдің грамматикалық ерекшеліктерін толығырақ жазды.

Техникалық мәтін когнитивті ақпарат тарату үшін қолданылады. Техникалық мәтіннің жетекші тілдік әдістеріне мыналарды жатқызуға болады: 1) бастауыштың дәйекті семантикасы. Бастауыш ретінде осы білім саласының тақырыбы аясында зат есімнің қолданылуы. Бірінші шақтағы жіктеу есімдігі сирек қолданылады; 2) бастауыш формасына қатысты ырықсыздықты білдіру тәсілі, жақсыз және атаулы сөйлемдер; 3) осы шақтың жиі қолданылуы әсіресе нақ осы шақты білдіруі, ол жеткізіп отырған ақпаратты нағыз дәйекті уақытқа тәуелді ретінде көрсетуге мүмкіндік береді; 4) күрделі сөздер мен абстрактілі мағынаның басымдылығы. Бұл тілдегі мағлұматтардың жалпылылығының, олардың дәйектілігінің жоғары деңгейін көрсетеді; 5) мәтіннің нақты дәйектілігі зат есімнің басымдылығы іс-әрекеттің етістік арқылы емес, етістіктен туған зат есім арқылы білдіру, бұл мазмұнның объективтілігін және абстрактілік деңгейін жоғарылатады. Аталып кеткен ерекшеліктерден басқа техникалық мәтінге тән белгілерді атап көрсетуге болады. Мысалы: термин және жалпы ғылыми лексика, қысқартулар, сандар, формулалар. Сызба нұсқалардың көптігі, логикалық құрылымның графикалық әдісі. Техникалық мәтіннің комуникативті мақсаты – осы білім саласындағы жаңа мағлұматты хабарлау. Ол тек түпнұсқа мен аудармаға жалпы болып табылатын базалық биіктіліктің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Сол себепті техникалық мәтін бұл саладан хабарсыз адамдарға түсініксіз.

 

2-сабақ

Жарыссөзге шығу. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

сөз мағынасы – значение слова

тіл тарихы – история языка

жазба тіл – письменный язык

ауызекі сөйлеу тілі – устная речь

екпін – ударение

сөйлеу жылдамдылығы – скорость речи

эмоционалды-экспрессивті лексика – эмоционально-экспрессивная лексика

одағай – междометие

қаратпа сөз – обращение

модаль сөз – модальные слова

сөз мағынасы – значение слова

негізгі мағына – основное значение

туынды мағына – производное значение

жай сөйлем – простое предложение

құрмалас сөйлем – сложное предложение

дауыс – звук; голос

дауыс ырғағы – ритм голоса

ым – жест, знак

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

 

АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДИАЛОГІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сөйлеу тілінің лексикасы – адамдардың күнделікті қарым-қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән сөздердің жиынтығы. Сөйлеу тілінің лексикасына жалпылама, күнделікті қарым-қатынастағы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер, қарапайым және экспрессивті сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, терминдік, бейтарап стильдегі (аспан, жер, су, адам, кітап, қағаз т.б.), сондай–ақ, ауыспалы мағынадағы сөздер де енеді. Ауыспалы мағынадағы сөздер құрамы жағынан қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылатын сөздер болып келеді. Ал жасаулы жағынан метафора (аш қасқырдай жалақтады), метономия (ауыл тынышталды), синекдоха (тігерге тұяқ қалдырмау) т.б. болып жіктеледі. Сөйлеу тілінің лексикасы әдеби тілге қарағанда сөздердің мағыналық жағынан қарапайымдылығымен, кейде тұрпайы, дөрекілігімен, сөздік қолданыста көмекші сөздер мен одағайлардың көптеп ұшырасуымен ерекшеленеді

Сөйлеу тілі диалогке құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді. Әсіресе, интонацияның маңызы ерекше болады. Диалогте айтушының көңіл-күйі, сезімі еркін, жеңіл бейнеленіп, оңай түсініледі. Ауызекі сөздің диалог түрінде жүруі репликаларды байланыстыратын тәсілдерден ғана көрініп қоймай, сөйлемдердің құрылысына да әсер ететіндігі сөйлем мүшесі, сөз тіркесі негізінде сараланады.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. «Ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық ерекшеліктері» мәтініе сұрақ құрастырыңыздар.

4-тапсырма. Мәтінді оқып, өз ой-пікіріңізді ортаға салыңыз.

Диалог сөйлеу әрекеті ретінде адамның жалпы прагматикалық әрекетімен тығыз байланысты болғандықтан, ол тек тілдік құралдарды қолдану тәсілі ғана емес, әрекеттік мәнбі ретінде қарастырылуы тиіс.

Сыпайылық. Күнделікті сыпайылық – жұмыс барысындағы ең қажетті нәрсе. Әсіресе телефонмен сөйлескенде яғни әңгімелесушіні көрмей тұрғанда байқалады. Сыпайы дауыс әрдайым жағымды естілуі керек.

Қатты дауыс. Жай ғана қатты дауыс адамның ішкі дүниесін көрсетеді. Сіздің не айтқаныңыз маңыздырақ. Дауыстың шығуы сенімділікті, шынайылықты, қызығушылықты және де шыдамсыздық пен ашушаңдықты білдіруі мүмкін.

Түсінушілік. Сөйлеу барысынды сіздің ауызыңыздың бос болуын қадағалаңыз. Міңгірлеуге болмайды. Егер сіздің дыбысыңызда басқа тілде сөйлегенде сөздерді дүрыс айтпау немесе жергілікті диалект сөздер болса, егер де ол айтылған сөздің мағынасын бұзбаса, өзгертпесе, олардан арылуға тырыспаңыз.

Жылдамдық. Әдетте, 1 минуттағы жылдамдық 140 сөз құрайды. Егер сіз өте жылдам сөйлейтін болсаңыз, онда сіздің тыңдаушыңыз сөздің мағынасына емес сіздің сөйлеу тіліңіздің жылдамдығына көп көңіл бөледі. Өте жәй сөйлеу тыңдаушыны жалықтырып жібереді. Өйткені, ол сіздің әрбір сөзіңізді тыңдап, келесі сөзді тағатсыздана күтіп отырады.

Дауыс екпіні. Әрбір сөзді нақты жеткізе біліңіз. Әсіресе «т», «д», «ф», «х» әріптерінің анық естілуін қадағалаңыз. Нақты сөйлеу сіздің жұмыс адамы екенін білдіреді. Сонымен қатар, жалғауларды жұтып қалу тыңдаушының күдігін туғызады. Өйткені, сіздің жұмысқа деген ынтаңыз сөзіңіз сияқты немқұрайлы деп ойлайды. Жалпы, осы айтылғандардың барлығы, яғни дауыстың сапалық белгілерін ауызекі сөйлеу диалогіндегі фонетикалық ерекшеліктер құрайды.

 

ЖАЗЫЛЫМ

5- тапсырма . Сөйлем құрастырыңыздар

Ауызекі сөйлеу диалогі, сөйлеу мәнбісі, дауыстың сапалық белгілері, дауыс ырғағы, ұяң дыбыс, дауыс ырғағы, сыпайылық, қатты дауыс, түсінушілік, жылдамдық, дауыс екпіні

 

№2 СӨЖ тапсырмасы:

1-тапсырма. Төменде берілген шағын мәтінді сұқбатқа айналдырыңыздар:

Ауызекі сөйлеу тілінде коммуникативті функциясы аса айқын көрінеді. Сөйлеу тілі негізінен үш түрлі шартта жүзеге асырылады:

Біріншіден, қатынас жасаушылар арасында ресмилік болмайды. Егер ресмилік туа қалса, онда мекеме басшысы қол астындағы қызметкеріне немесе адамдардың өзара әңгімесінде ауызекі сөйлеу кезінде қатынас стилі, назар аударту формасы, сөздік қоры бірден өзгереді.

Екіншіден, қарым-қатынас кезінде сөйлеушілер арасында еркіндік болуы тиіс. Мұнда адамдар өзара қысылмай емін-еркін сөйлейді. Бұл арада сөйлеу тақырыбына сай көбінесе тұрмыстық лексика жұмсалады, сондай-ақ сөйлеу тілінің басты элементтері диалект, жаргон, варваризмдер жиі ұшырасады.

Үшіншіден, ауызекі сөйлеуде сөз бұрын дайындалмаған, табан астында суырып салғандай айтыла береді. Ауызекі сөйлеу тіліндегі коммуникативті функциясында сөйлеушілер арасында еркіндіктің басым болатындығына баса назар аударуға болады.

Қарым-қатынас үдерісінде хабарлау мен қабылдау, бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, хабарлау болмаса, қабылдайтын ой да жоқ, қабылдау болмаса хабар да жетпейді. Қабылдаусыз процесс бүтін болмай, бір жақты болып қалады, қарым-қатынас, байланыс жүзеге аспайды.

Диалогтің құрамдық бөлшектері – репликалардың түрлерін анықтауда да прагматикалық аспект, қатысым жағдайлары, коммуниканттардың қарым-қатынасы және т.б. есепке алынады.

Тіл бірліктері сөйлеу үстінде қолданысқа түсіп, тілдік емес мәнбілердің ықпалына, талабына, қажеттелігіне икемделеді, жұмсалымда сөйлем мақсаты мен сөйлеуші мақсаты үнемі бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Және оның 5 түрлі шарттары бар: 1) сөйлеу жағдаяты (уақыт пен кеңістік, орын); 2) сөйлеушінің әлеуметтік-психологиялық қалпы; 3) пропозицияның референттік сипаты, яғни сөйлеу жағдайымен, шындық болмыспен ара-қатынасы; 4) қатысым мақсаты; 5) сөйлеушілердің пресуппозициясы.

 

 

3-сабақ

Қазақ тіліндегі терминдердің салалық бөліністері. Грамматикалық ерекшеліктері мен бірізділігі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз

лексикалық құрам – лексический состав

лексикалық өлшем – лексическая мера

бейтарап лексика – нейтральная лексика

қарапайым лексика – простая лексика

ауызекі диалогі – устный диалог

сөйлеу мәнері – стиль речи

әдеби лексика – литературная лексика

әдеби тіл – литературный язык

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

 

Сөйлеу диалогінің лексикалық құрамы айтарлықтай әр түрлі сипаттаулармен анықталады. Сөйлеу диалогінде бейтарап лексика кеңінен қолданылады. Бейтарап лексикадан басқа сөйлеу диалогінде лексикалық өлшем қолданылады. Лексикалық сөйлеу топтарының ішінде: одағай, үстеу сияқты шағын сөз топтары жиі кездеседі. Сөйлеу диалогінде стилистикалық мағынадағы лексиканы әр жақтағы, әр түрлі мамандықтағы, білімдері де әркелкі адамдар қолдана береді.

Қарапайым лексика ауызекі диалогінде мәнерлі, сатиралық қолданыста әр кез бола бермейді. Мысалы, кейбір төменгі білімді адамдар оны ондай мәнерлі түрде қолданбайды. Оны стилистикалық шаманы білмейтін адамдар да есепсіз қолдана береді. Демек, сөйлеу диалогінде, қарапайым лексикасының, жаргон сөздердің болуы оның еркін және айқын болуының басты көрсеткіші. Қарапайым лексика мен жаргон сөздер қолданысы жастардың сөйлеу мәдениеттілігін төмендетеді.

Зерттеушілер сөйлеу диалогінің өзгеше сипаттамасын сөйлеу мәнерінде әдеби сөздерді пайдаланумен байланыстырады. Орта есеппен әдеби лексика сөйлеу диалогінің 2% құрайды. Сөйлеу диалогінде әдеби лексиканың пайда болуының өзіндік себептері бар. Бәрінен бұрын әдеби сөздер мен ұғымдардың сөйлеу диалогіндегі қолданысы әр адамның өзіндік сөйлеу мәнеріне байланысты.

Сөйлеу диалогінде әдеби лексиканың кең етек алуы арнайы тақырыптық әңгімелердің әсерінен де болады. Әдеби лексикамен бірге филолог ғалымдардың сөздерінде жай сөйлеу лексикасы да кездеседі. Ең бастысы оның бәрі әңгімеге араласушы ұжымға байланысты. Арнайы тақырып және арнайы терминдер, әңгімелесушілердің бір-бірін жақсы түсінуіне көмектеседі және диалогті әрлендіре түседі.

Сөйлеу диалогінің біршама белгілісі – бейтарап лексика. Әдеби лексика сөйлеу диалогінде барынша аз қолданылады, ол көбінесе арнайы тақырыптармен, әңгіменің жағдайына, серіктестің бағытына байланысты қолданылады. Әдеби тілдің элементтері берілген лексикалық топтарға стилистикалық өзгерістер енгізуге болады.

Сонымен, ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық сипаттамасы бір түрлі емес. Ауызекі диалог – қысқа. Сөйлемдері көбінесе күрделі емес, сондықтан тіл біліміндегі тіл бірліктерін үнемдеу заңдылығы үлкен көрініс табады. Ауызекі диалогте сөзді қысқарту, сөзді қалдырып кету т.б. жиі кездеседі. Ауызекі диалогтің лексикалық қорының негізгі мүшелері – бейтарап стильдік сөздер, тұрмыстық қарым-қатынас сөздер, экспрессиялық, эмоционалдық сөздер, стилистикалық реңкі көбінесе кітаби емес сөздер, жаргонизмдер, диалектизмдер. Осылардың қатарында кітаби лексика да (2%) қолданылады. Бұл қолданыстардың мақсаты: диалогке қатынасқан индивид (индивидтер) өзінің (өздерінің) жоғарғы мәдениетті екендігін, оқымысты екендігін көрсету үшін пайдаланады.

 

АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыз.

4-тапсырма. Мәтінді сұқбатқа  айналдырыңыз.

 

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Жаргон, диалект, кәсіби сөз, сленг, варваризмдер және термин сөздерге мысалдар жазыңыз.

 

№3 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Тіл экологиясы» терминіне анықтама жазыңыз.

 

 

4-сабақ

Қазақ тіліндегі терминдердің салалық бөліністері. Грамматикалық ерекшеліктері мен бірізділігі

 

ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

кәсіби тіл – профессиональный язык

ақпарат – информация

интеллектуалдық даму деңгейі – уровень интеллектуального развития

бизнес тілі – язык бизнеса

лексикалық бірлік – лексическая единица

тұрақты тіркестер – устойчивые выражения

шартты белгі – условные знаки

салааралық терминдер – межотраслевые термины

 

ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар

 

КӘСІБИ ТІЛДІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары маңызды элемент болып табылады, онсыз ғылым адам қызметінің ерекше түрі ретінде жұмыс істей алмайды. Ғылым тілінің көмегімен ақпарат туындайды, сақталады, пайдаланылады және беріледі. Оқу пәнінің тілін білмей оны меңгеру мүмкін емес. Оқу пәнінің тілі ұғымдардан, терминдерден, символдардан, шартты белгілерден, математикалық аппараттардан тұрады. Терминологияны меңгеру, түсіну – арнайы кәсіби білім алудың міндетті шарты.

Кәсіби қарым-қатынас тілі (кәсіби тіл) – бұл әдеби тілдің функционалдық түрі, оларға белгілі бір өндіріс саласының, кәсіптің, сабақ түрінің өкілдері қосымша ретінде қорытады, ал лексикалық жүйе кәсіби тіл фонетикалық және грамматикалық деңгейлердің өзіндік ерекшелігі жоқ, белгілі бір тілдің лексикалық массиві болып қалады.

Сонымен, кәсіби тіл – бұл осы салада жұмыс істейтін адамдар арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз ету мақсатында коммуникацияның кәсіби шектеулі саласында пайдаланатын барлық тілдік құралдардың жиынтығы. Оның ерекшеліктері кәсіби қарым-қатынастың мақсатын, жағдайын, коммуниканттың және реципиенттің жеке қасиеттерін (тілдік құзыреттілік, жасы, білімі, интеллектуалдық даму деңгейі) алдын ала анықтайды.

Жағдайға байланысты және мақсаттарына сай орынды және дұрыс пікірін білдіруге қажетті тілдік құралдар: лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық бірліктер. Кәсіби мәтіндердің барлық лексикалық бірліктері төрт түрге бөлінеді: 1) меншікті дефинициясы бар белгілі бір саланың мерзімдері; 2) салааралық жалпы ғылыми терминологиялық бірліктер (философия, саясаттану, математика, филология және т. б. мерзімдері); 3) кәсіпқойлық; 4) дәлдікті және бір мағынаны білдірмейтін кәсіби жаргонизмдер.

Сонымен, кәсіби тіл – бұл ең алдымен ғылымның, техниканың, өнердің және кәсіпқойлықтың белгілі бір саласына тән терминология. Ол белсенді жұмыс істейтін еңбек қызметі саласына сәйкес түбі бөлінеді. Термин – ғылымдағы, өндірістегі, техникадағы, нақты білім саласындағы қарым-қатынастың арнайы саласы ұғымын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Жалпы қолданылатын лексиконмен белгілі бір саладағы қарым-қатынас саласына қызмет көрсетеді. Кәсіпқойлық – белгілі бір кәсіби ортада қолданылатын сөз немесе өрнек. Кәсіпқойлық белгілі бір кәсіби топтың тіліне тән.

 

АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Мәтін бойынша сұқбат  құрастырыңыздар

4-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді айтыңыз

 

ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыздар, өз мамандықтарыңызға байланысты терминдердің жасалу жолы туралы өз ойларыңызды жазыңыздар

Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын негізгі терминдер негізгі ұғымдар сөздігінде оқулықта келтіріледі. Жоғары білікті экономист-бухгалтер әрдайым кәсіби сөйлеу мәдениетін ерекшелейді. Әдеби тілді сауатты меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, есептік сипаттағы пәндер бойынша да, пәнаралық терминологияны кеңінен және терең білу. Көрнекті француз ғалым, философ Рене Декарт бірде былай деді: «сөздердің мағынасын анықтасаңыз, сіз қателесудің жарым жартысынан құтыласыз».

Біздің елімізде ғылыми кәсіби тілдің негізгі ұғымдары маңызды бөлігі стандартталған, яғни терминдерге МЕМСТ жүйесі бар және кеңінен қолданылады. Әрбір жаңа бастаған маманға нақты білуге тиісті ғылыми ұғымдардың кең тізімі бар басылымдар бар. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде терминдердің өзара байланысты жүйесі ретінде ерекшеленеді. Бухгалтерлік қаржылық есептіліктің әрбір халықаралық стандарты «ұғымдық аппарат» арнайы бөлімін қамтиды. Бұл халықаралық стандарттарды әзірлеу мақсаттарының бірі бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті бір іскерлік тілде оқуға болатындай халықаралық деңгейде бухгалтерлік терминдерді біріздендіру болып табылатындығымен байланысты. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік есеп ең алдымен бизнес (кәсіпкерлік) тілі ретінде қарастырылады.

Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары тұрақты қозғалыста: бір терминдер мен дефинициялардың өмірлік циклі аяқталады, олар пайдаланудан шығады, өз ғасырын жойған ұғымдармен бірге жойылады, басқалары пайда болады немесе, мысалы, «экономика» және «бухгалтерлік есеп» сияқты мүлдем жаңа ғылыми мазмұнмен толықтырылады. Қазіргі заманғы экономист-бухгалтерлердің кәсіби тілі – әлемдік экономикалық ғылымның көпғасырлық дамуының өнімі. Ол әлемнің ең беделді экономистерінің ғылыми еңбектерінен жаңа терминологияны шатастырады. Бүгін кәсіби экономикалық тілде терминдердің үш негізгі тобын бөліп көрсетуге болады: жалпы экономикалық терминология, арнайы экономикалық терминология; мамандандырылған экономикалық терминология. Экономистер мен бухгалтерлердің кәсіби тілі экономикалық ойлауды дамытуға, кәсіби құралдарды пайдалануға айтарлықтай ықпал етеді. ЖОО-да оқыған жылдары экономикалық ғылым құралдарын зерделеу, игеру және жинақтау кезеңі болуы тиіс.

 

№4 СӨЖ тапсырмасы:

1. «Кәсіби саладағы іскери қарым-қатынас» тақырыбына жазбаша хабарлама дайындаңыз.

 

Қорытынды бақылау сұрақтары

Грамматикалық тақырыптар

 

1.       Жай cөйлем. Интонация.Екпін.

2.       Бөгде  сөз.

3.       Сұрау мәнді сөйлем.

4.       Болымсыздық категориясы.

5.       Сан-мөлшер категориясы.

6.       Анықтауыштық қатынас.

7.       Көмекші есімдерқызметі.

8.       Қимыл есімдер қызметі.

9.       Міндет, жауапкершілік мәндісөйлем

10.   Тыйым мәнді сөйлем.

11.   Етістік категориясы.

12.   Есімше категориясы.

13.   Бұйрық мәнді сөйлем.

14.   Өтініш, тілек мәнді сөйлем.

15.   Шарт мәнді сөйлем.

16.   Білік, дағды мәнді сөйлем.

17.   Қалау мәнді сөйлем.

18.   Мезгіл мәнді сөйлем.

19.   Ниет мәнді сөйлем.

20.   Болжау мәнді сөйлем.

21.   Мақсат мәнді сөйлем.

22.   Қарсылық мәнді сөйлем.

23.   Себеп-салдар мәндіс өйлем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмалары

1. Сөйлемді толықтырыңыз. Адам мәселесі барлық ... зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі.

A. Физика ғылымының

B. Математика ғылымының

C. Техникалық ғылымдардың

D. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың

 

2. Адам деген ұғыммен мәндес сөздер қатарын көрсетіңіз.

A. тарих, салт, дәстүр

B. қоғам, саясат, мәдениет
C. сана, мінез, температмент
D. индивид, даралық, жеке тұлға

 

3. «Дүниетаным» сөзінің аудармасы

A. Ум

B. сознание

C. воображение

D. мировоззрение

 

4. «Құндылық» сөзінің аудармасы

A. мнение

B. культура

C. ценность

D. общество

 

5. Қазақстан Республикасында ... адамның азаматтық алуға құқығы бар.

A. еш

B. әрбiр

C. әлдекім

D. бірнеше

 

6. Сөйлемді толықтырыңыз. Қазақстан Республикасының азаматтығы ... сәйкес алынады және тоқтатылады.

A. ҚР «Тіл туралы» заңына

B. ҚР «Білім туралы» заңына

C. ҚР «Еңбек туралы» заңына

D. «ҚР азаматтығы туралы» заңына

 

7. Сөйлемді толықтырыңыз. Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның ... тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды

A. адаммен

B. қоғаммен

C. мемлекетпен

D. азаматтармен

 

8. Сөйлемді толықтырыңыз.  ... – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат.

A. өтініш

B. бұйрық

C. өмірбаян

D. мінездеме

 

9. «Маман» сөзінің аудармасы

A. профессия

B. специалист

C. промысель

D. специальность

 

10. Тиісті қосымшаны жалғаңыз. Отбасы – әр адамның алтын ұя...

A. - да

B. – ны

C. – сы

D. - мен

 

11. Сөйлемді толықтырыңыз.  ... – бір кісіден тараған аталас қауым.

A. ұрпақ

B. отбасы

C. жеті ата

D. Ата-ана

 

12. Сөйлемді толықтырыңыз. Киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі – ...

A. уық

B. кереге

C. шаңырақ

D. табалдырық

 

13. «Лауазым» сөзінің аудармасы

A. степень

B. должность

C. специалист

. специальность

 

14. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет». Кімнің сөзі?

A. Айтматов Ш.

B. Құнанбаев А.

 C. Аймауытов Ж.

Д. Байтұрсынов А.

 

15. Ең сирек кездесетін мамандық түрлерін көрсетіңіз.

A. бурлак, стенографист

B. коуч, ғарышкер-биолог

C. веб-мастер, супервайзер

D. гринкипер, титестер, кавист

 

16. Жойылып бара жатқан мамандық түрлерін көрсетіңіз.

A. көшер, пошташы

B. провайзер, блогер

C. фумилье, монстролог

D. Жұмақ аралдарын бақылаушы

17. Жаңа пайда болған мамандық түрлерін көрсетіңіз.

A. дергаль, торседор

B. бургеролог, энолог

C. экологиялық кеңесші

D. радиохирург, промоутер

 

18. «Біліктілік» сөзінің аудармасы

A. знание

B. умение

C. навыки

D. квалификация

 

19. «Аргументировать» сөзінің аудармасы

A. жаттау

B. жаттығу

C. дәлелдеу

D. дағдылану

 

20. Сөйлемді толықтырыңыз. «Ұлт болам десең, ... »

A. білім бұлағы

B. ұрпағыңды ойла

C. тәлім-тәрбие беру

D. салт-дәстүріміздің бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әдебиеттер тізімі

1. Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова Б.О., Хазимова Ә.Ж.. Қазақ тілі: ортадан жоғары деңгейге арналғаноқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана: 2017.

2. Күзекова З.С., Байтелиева Ж.Д. Қазақ тілі: ортадан жоғары деңгейге арналған оқулық. – Астана, 2016.

3. Күзекова, З.С. Қазақ тілінің функционалды практикалық грамматикасы: оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2015.- 180 б.

4. Қазақ тілі (тіл үйренушілердің В1 және В2 деңгейлеріне арналған): орыс тілді топтарға арналған оқу құралы./ Қ.С. Құлманов, Б.С.Абдуова, т.б. – Астана: - 2015.- 298 б.

5. Қарабаева Х.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014.

6. Құлманов Қ.С., Абдуова Б.С. Қазақ тілі (тіл үйренушілердің В1 және В2 деңгейлеріне арналған): орыс тілді топтарға арналған оқу құралы. – Астана:ЕҰУ. - 2015.- 298 б.

7. Сыздық С. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000. – 532б.

8. Салқынбай А., Егізбаева Н., Жұмағұлова А., Иманқұлова С., Рысбай Б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.

9. Орыс бөлімінде оқитын студенттерге арналған «Қазақ тілі-І» және «Қазақ тілі-ІІ» пәніне байланысты «Сандық білім беру ресурстары».

– Астана, 2014.

10. Қазақ тілі және ұлттық құндылықтар. Кешенді оқу құралы. 1,2,3,4 кітап. – Алматы: Еверо, 2018.

11. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі /жалпы ред.басқ. Т. Жанұзақов. - Алматы:Дайк-Пресс, 2008.– 968 б.

12. Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғарыдеңгей. Жалпы меңгеру. ҚР СТ 1925-2015 – Астана, 2015

13. Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама. – Астана, 2016

14. Орфографиялық сөздік / Алтыншы басылым. Құраст.: Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова.- Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013.- 720 б.

18. Абдрахманова А.Е., Ж.Б. Абдулла. Қазақ тілі/ Оқу –әдістемелік кешен.– Астана, 2017 .

16. Резуанова Г.К., Ақажанова А.А. Қазақ тілі/ Оқу –әдістемелік кешен.– Астана, 2017 .

17. Қазақ тілі: үш деңгейлік оқу құралы/ З.Ш.Ерназарова, Е.Е.Тілешов және т.б. – Астана: Арман-Медиа, 2013.- 294 б.

18. Ақанова Д.Х., Алдашева А.М., Ахметжанова З.Қ., Қадашева Қ.,

    Сүлейменова Э.Д. Ресми-іскери қазақ тілі. Оқулық кешені. Бірінші деңгей.

19. Бизақов С.Синонимдер сөздігі-Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.- 640 б.

20. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік – Алматы: «Арыс» баспасы.

МАЗМҰНЫ

 

Алғы сөз

1 Жеке тұлға

2 Отбасы және дәстүр

3 Мамандықтың бәрі жақсы

4 Қоғам және жастар

5 Бірінші байлық – денсаулық

6 Адам және экология

7 Саяхат және туризм

8  Адам және табиғат

9 Адам жәнеуақыт

10 Мәдениет және өнер

11 Мінез және келбет

12 Сән мен талғам

13 Әдебиет және өнер

14 Менің Отаным

15 Тұрғын үй және сәулет

16Білім және ғылым

17 Білімді жастар – болашақтың тірегі

18 Өнертабыс және жаңашылдық

19 Танымал тұлғалар

20 Бұқаралық ақпарат құралдары

21 Көлік және логистика

22 Ел экономикасы

23 Әлем назарындағыҚазақстан

24 Ел қауіпсіздігі

25 Адами құндылық

26 Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

27 Өркениет және жаңаәліпби

28 Тілдік кәсіби бағдар

29 Кәсіби тілдің термин жүйесі

30 Кәсіби мәтін ерекшелігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

А.А. Амангелді ҚАЗАҚ

А.А. Амангелді ҚАЗАҚ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ОЖ 811. 512. 122 (075.8 ) КБЖ 81

ОЖ 811. 512. 122 (075.8 ) КБЖ 81

Алғы сөз Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті, мемлекеттік тілді жетік білетін мамандарға деген сұранысы артып, қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы…

Алғы сөз Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті, мемлекеттік тілді жетік білетін мамандарға деген сұранысы артып, қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы…

ЖЕКЕ ТҰЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып:

ЖЕКЕ ТҰЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып:

Сөйлем құрастырыңыздар: Жеке тұлға, даралық, адамгершілік, зейін қою, зер салу, икемділік, көңіл бөлу, көрнекті әсерлі ойлау, қабылдау көлемі, қайталау, мәдениет, мінез-құлық, сапа, сезім, сыртқы іс-әрекет

Сөйлем құрастырыңыздар: Жеке тұлға, даралық, адамгершілік, зейін қою, зер салу, икемділік, көңіл бөлу, көрнекті әсерлі ойлау, қабылдау көлемі, қайталау, мәдениет, мінез-құлық, сапа, сезім, сыртқы іс-әрекет

Жеке адамның индивид қалпынан тұлғатұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық…

Жеке адамның индивид қалпынан тұлғатұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық…

ОҚЫЛЫМ Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан

ОҚЫЛЫМ Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан

АЙТЫЛЫМ «Университет - білім ордасы» тақырыбына әңгімелесіңіздер №1

АЙТЫЛЫМ «Университет - білім ордасы» тақырыбына әңгімелесіңіздер №1

Сөздердің аудармасын жаттап алыңыздар: қазақ халқында – у казахского народа

Сөздердің аудармасын жаттап алыңыздар: қазақ халқында – у казахского народа

Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді

Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді

Менің екі апам және інім бар. -

Менің екі апам және інім бар. -

Алтын ұясы – основа всему (фразеологизм), самое дорогое, өте маңызды, салт-дәстүрі бойынша, кең дастархан басында, алыс-жақын туыстар, басқосулар ұнайды, өзіммен болған оқиғалар, қарым-қатынастарды нығайтады, мықты…

Алтын ұясы – основа всему (фразеологизм), самое дорогое, өте маңызды, салт-дәстүрі бойынша, кең дастархан басында, алыс-жақын туыстар, басқосулар ұнайды, өзіммен болған оқиғалар, қарым-қатынастарды нығайтады, мықты…

Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді

Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді

Арнайы рәсім – специальный обычай

Арнайы рәсім – специальный обычай

Берілген сөздердің мағынасын (синонимін) мәтіннен табыңыз

Берілген сөздердің мағынасын (синонимін) мәтіннен табыңыз

ОҚЫЛЫМ 1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз

ОҚЫЛЫМ 1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз

Болымсыздық есімдіктер; Жалпылау есімдіктері

Болымсыздық есімдіктер; Жалпылау есімдіктері

Каких только профессий в мире не существует

Каких только профессий в мире не существует

ЖАЗЫЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ 2- тапсырма

ЖАЗЫЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ 2- тапсырма

Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі

Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі

Тақырыбы: Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі туралы мәлімет

Тақырыбы: Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі туралы мәлімет

Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты

Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты

Денсаулыққа не зиян келтіреді? 3

Денсаулыққа не зиян келтіреді? 3

Сондықтан да салауатты өмір салтын сақтағыңыз келсе, денсаулығыңызды жас күніңізден сақтап, оны үнемі нығайтып күте білуіңіз керек

Сондықтан да салауатты өмір салтын сақтағыңыз келсе, денсаулығыңызды жас күніңізден сақтап, оны үнемі нығайтып күте білуіңіз керек

ЖАЗЫЛЫМ 2-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз

ЖАЗЫЛЫМ 2-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз

Салауатты өмір салтын жетілдіру үшін қандай ақпараттарды білу маңызды деп ойлайсыз? 4

Салауатты өмір салтын жетілдіру үшін қандай ақпараттарды білу маңызды деп ойлайсыз? 4

Мысалы: ата-ана жан-жануарлар

Мысалы: ата-ана жан-жануарлар

Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады

Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады

Мұндай ықылас қазақстандық өндірушілер тарапынан көбірек байқалып келеді

Мұндай ықылас қазақстандық өндірушілер тарапынан көбірек байқалып келеді

Сүттен жасалатын тағамдардың түрлері: қатық, қойыртпақ, шалап, қаймақ, айран, құрт, сары май, уыз, сүзбе, іркіт, ірімшік

Сүттен жасалатын тағамдардың түрлері: қатық, қойыртпақ, шалап, қаймақ, айран, құрт, сары май, уыз, сүзбе, іркіт, ірімшік

Атап айтқанда, Еуропа елдері, Оңстүстік

Атап айтқанда, Еуропа елдері, Оңстүстік

ОҚЫЛЫМ 3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар: Қазіргі таңда елімізде аймақтық туризмді дамытудың бастамалары байқалады

ОҚЫЛЫМ 3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар: Қазіргі таңда елімізде аймақтық туризмді дамытудың бастамалары байқалады

Жақ-------------Тау І Менің ІІ

Жақ-------------Тау І Менің ІІ

Дүниежүзілік саяхаттар және туризм кеңесінің» бағалауы бойынша, Қазақстан алдынғы жылдары туризм индустриясы мен туризмде үздік жетістіктерге жеткен

Дүниежүзілік саяхаттар және туризм кеңесінің» бағалауы бойынша, Қазақстан алдынғы жылдары туризм индустриясы мен туризмде үздік жетістіктерге жеткен

Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық

Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық

ОҚЫЛЫМ 3- тапсырма . Мәтінді тыңдаңыз және түсінгеніңізді баяндаңыз

ОҚЫЛЫМ 3- тапсырма . Мәтінді тыңдаңыз және түсінгеніңізді баяндаңыз

Күн немесе Ай қораланады. ·

Күн немесе Ай қораланады. ·

Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыз

Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыз

Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен

Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен

Ешқандай пайдалы іс атқармасақ та, миымыз бос емес, тұрақты түрде ақпарат қабылдаумен болады

Ешқандай пайдалы іс атқармасақ та, миымыз бос емес, тұрақты түрде ақпарат қабылдаумен болады

XIX ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын

XIX ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын

ОҚЫЛЫМ 1- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

ОҚЫЛЫМ 1- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз

Театрдың алғышқы репертуарын атаңыз

Театрдың алғышқы репертуарын атаңыз

Грамматика Заттың құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатынсөз табын есімдік деп атайды

Грамматика Заттың құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатынсөз табын есімдік деп атайды

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Андрей, Олег, Виктордың ұлты – орыс

Андрей, Олег, Виктордың ұлты – орыс

А қкөңіл, ойланады, жауап береді, достарына көмектеседі, ұнатады, мінезді, қайырымды, жаңа ортада, қатты қысылады, тым қозғалғыш,орынсыз сөйлемейді

А қкөңіл, ойланады, жауап береді, достарына көмектеседі, ұнатады, мінезді, қайырымды, жаңа ортада, қатты қысылады, тым қозғалғыш,орынсыз сөйлемейді

Ы. Алтынсарин. 1. Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтап,мәтін мазмұнын түсіне отырып рөлге бөліп оқыңыздар

Ы. Алтынсарин. 1. Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтап,мәтін мазмұнын түсіне отырып рөлге бөліп оқыңыздар

Кейде ұнамды қылықтар көрер көз үшін ғана жасалады

Кейде ұнамды қылықтар көрер көз үшін ғана жасалады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020