Баяндама "БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ"
Оценка 4.8

Баяндама "БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ"

Оценка 4.8
docx
21.01.2022
Баяндама "БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ"
46 Баяндама Бала денсаулығы.docx

 

 

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

 

Еліміздің кемел болашағы алдымызда отырған бүгінгі өскелен ұрпақтың қолында. Ал, болашақ тізгінің ұстаған бүлдіршіндеріміздің денсаулығы мықты, дене бітімі нық болып өсуі біздің ортақ мүддеміз.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал» деген. Оның негізгі осы кезден қаланатын болса, өмірге «өскелең ұрпақ келер еді» деп атап өтті. Жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті, салауатты өмір құндылықтарын енгізу – біздің басты міндетіміз.

Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Дені сау бала ақылды, өз - өзіне сенімді, жан - жағына қуанышымен шаттана қарайтыны айқын. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалысты дене құрлысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. 

Біздің балабақшада да өзге мектепке дейінгі мекемелерде сияқты баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері қолданылады.  Сондай-ақ денсаулық сақтау және ынталандырудың жаңа технологияларын ұтымды пайдаланамыз.                       

Яғни аурудың алдын-алу мақсатында шынықтыру шараларын жүйелі, тиімді өткізуге негізделген. Мысалы, өз жұмыс тәжірибеме сүйенсем майтабандылықты болдырмау мақсатында, күннің екінші жартысында балаларды ұйқыдан тұрғызу барысында жалаңаяқ денсаулық жолдарымен жүргізу алға қойылған. Бұл шынықтыру шарасы жайлы айтпас бұрын майта-бандылыққа медецина тілімен түсінік беріп кетейін.

Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірлерден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді. Ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен.

Майтабандылыққа әсер етуші факторлар: баланың артық салмағы. Сапасы төмен аяқ киім кию (тым жұмсақ немесе қатты табанды аяқ киім, резеңке аяқ киім, өкшесі тым биік немесе өкшесі жоқ аяқ киім). Баладағы мешел ауруы және кальций мен фосфор алмасуының бұзылуы.

Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасу үшін, аяқкиімнің сапасы өте маңызды. Сірісі қатты, өкшені нық ұстайтын, астындағы тақасы (каблук) жарты сантиметрден кем немесе көп болмауы керек. Сонымен қатар, ішкі бетінде серпімді жұмсақ ұлтарағы болу керек.

Емделу тәсілі: емдік гимнастиканы, массаж, аяқ ванналары, физиотерапия, дұрыс ортопедиялық жолмен жасалған аяқ киім немесе ұлтарақ кию.

Яғни тәрбиеші ретінде өз тарапымыздан емдік гимнастиканы негізге ала отырып, дұрыс денсаулық жолдарын тігу, дайындау деген шешімге келдік.

Бұл тұста айтып кететін жайт, біздің балабақшамыз «Тәй-тәй» техноло-гиясымен жұмыс жасайтындықтан ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орна-тылған. Денсаулық жолдарын тәрбиеші өз тобына ата-аналардың белсенді ат салысуымен дайындайды. Әрине, туында жасауда әр тәрбиеші өзінің қиял ұшқырлығымен,  шығармашылық қабілетіне сүйенеді.

Мен денсаулық жолдарын жасауда балаларды ысырапшылдыққа жат болуға, үнемшілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында  тастанды материалдарды қолданамын. Мысалы пластикалық бөтелкелерді, түймелерді, бөтелке қақпақта-рын, киндер тәттілерінен шығатын сопақшаларды, түрлі-түсті қарындаштарды т.б. қолданамын.  Осындай өз қолымен дайындалған жолдармен жүріп өткен балалардың көздерінен таңданыспен, қызығушылықты көрген кезде бойымды қуаныш сезімі кернейді.

Арнайы жолдармен, 

Жалаң аяқ жүреміз. 

Табанға біз нүктелі, 

Массаж жасау білеміз. 

Жоғарыда айтылған тақпақты балаларға айтқыза отырып, айтып өткен тастанды материалдарды пайдалана отырып, табандарын уқалатқан жөн.

Денсаулықты нығайтудың түрлі әдістері сабақтан тыс уақытта ғана емес сондай-ақ міндетті түрде ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданылып, жүзеге асырамын. Құрал- жабдықтарды заман талабына сай түрлендіріп отырамын.

Сонымен қатар табан бұлшық еттерін уқалауға арналған түрлі жабдықтарды балалар өз қолымен тәрбиешінің басшылығымен жасайды. Балалалар белсенділік, қызығушылық танытады. Сонымен қатар танымдық қабілеттері артып, қол моторикасы дами түседі.

Массаж сөзі араб тілінен шыққан, арабша  «масе» - жақындау, сипалау ұғымын білдіреді. Ол осыдан 4 мың жыл бұрын Египетте пайда болған. Оған айғақ 1841 жылы Египетте массаж тәсілдері табылған. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Ал оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың  жұмсарту тәсілін кеңінен қолданады.

Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық жер шарына кеңінен таралған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгісі болып табылады. Массаж адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру.

Массаж (уқалау) жасауға арналған жабдықтарды қарағай жаңғақтарын, киндер тәттілерінің қапшаларынан, сүт, айран, шырынның бұрандалы қақпақтарынан дайындадық. Уқалау жаттығуларын алдымен үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады. Тіпті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сергіту сәті ретінде өткізуге де өте ыңғайлы.

  Әрбір  баланың денсаулығы мықты, қайратты азамат болып өсуі барлығымызға ортақ міндет. Сондықтан  бала денсаулығын нығайтып, психологиялық сақтандыруды балабақшадан бастау алып, ары қарай жүйелі түрде жетілдіру  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ

Мен денсаулық жолдарын жасауда балаларды ысырапшылдыққа жат болуға, үнемшілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында тастанды материалдарды қолданамын

Мен денсаулық жолдарын жасауда балаларды ысырапшылдыққа жат болуға, үнемшілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында тастанды материалдарды қолданамын

Баяндама "БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ"

Баяндама "БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2022