МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ЭКСПЕРИМЕНТТІК-ТӘЖІРИБЕЛІК ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Эксперименттеу – мектепке дейінгі кезеңде балалар әрекетінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады және ол оқыту әдісі; қоршаған ортаны тануға бағытталған танымдық-зерттеуші әрекетінің түрінде болуы мүмкін.
Балалар мектепке дейінгі шақта жаратылысынан зерттеуші. Оларға эксперимент жасауға талпыныс, білімқұмарлыққа және мәселелі жағдаяттарды өз бетінше шешуге ықылас таныту тән. Педагогтардың көзқарасынша осы әрекетті жою емес, керісінше, баланың қиялы мен ойлауын мақсаттылыққа ынталандырып және белсенді түрде көмектесу, олардың түрлі мәселелерді шешуде білімін қалыптастыру қажет. Сол себепті де, ерте жастан бастап баланың табиғи қажеттілігін қолдана отырып, оны қоршаған орта құбылыстар мен заттарға көңіл аударып, ерекше тапсырмалар мен материалдарға қызықтыру, белгісіз зерттеулерге талпынысын ынталандыру, оның құпиясын ашуда қуаныш сезімін ояту керек.
Шығармашылық әрекеттің басталуын және шығармашылық ойлауын қалыптастыру балалардың өзінің әрекетін ұйымдастыруды белгілі бір мақсат, ойдан бастауға мүмкіндік беретін әрекеттерде өзін көрсете білуге ықпал етеді. Педагогтың әрекеті балалардың зейінін арнайы нәтижеге және мақсатқа жетуге, оның келешектегі әрекеттеріне қолдау мен көмек көрсетуге бағытталуы қажет.
Бұл барлық мүмкіндіктер кең спектрде эксперименттеу сияқты оқыту әдісі болып табылады. Осы әрекет түрлері жобалау әдісіндегі сияқты "жасау арқылы оқыту" тәсілін іске асыруды қамтамасыз етіп және баланың танымдық үдерісіне белсенді қатысуға мүмкіндік алып, яғни, дайын түрде берілген білім шағын тәжірибелерді жасау барысында өз бетінше білім алуға алмастырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасының мазмұнын іріктеуде кіріктірілген ықпал жасау түрі білім беру салаларының: баланы айнала қоршаған ортамен, көркем әдебиетпен, тіл дамыту, бейнелеу өнері және басқа түрлерімен таныстыруда өзара әрекеттесу негізінде оқыту үдерісінің тұтастығын сақтап қана қоймай, эксперименттеу мүмкіндігін кеңінен қолдануға жағдай жасайды.
Эксперимент әдісінің ерекшеліктері:
· балаларға зерттеп жатқан объектің басқа объектімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастар туралы нақты ұсыныстар беріледі;
· баланың есте сақтау қабілеті жақсарады;
· ойлау процестерінің (талдау және синтез жасау, салыстыру және классификациялау, жалпылау мен жүйеге асырудың) дамуы;
· сөйлеу дамытуы ерекшеленеді, табылған заңдылықтарды және қортындыстарды құрастыру;
· баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
· еңбек дағдыларының қалыптастыруы, жалпы қозғалыстын дәрежесін көтеріп денсаулықты нығайту
Педагог эксперимент жүргізу алдында балалармен интербелсенді түрде міндеттерді талқылайды:
· Не болады, егер....
· Нені қалай дәлелдеу керек...
· Қандай тәсілмен іске асыруға болады...
Әрбір экспериментте педагогтың балалармен бірге талқылайтын белгілі бір әрекеттің бірізділігін айқындауға болады:
· Мақсат, міндеттердің анықтамасы мен тұжырымдамасы (мақсаты қандай);
· Эксперимент әдісін, бірлескен әрекетті жоспарлауды ойластыру және талқылау (экспериментті қалай жүргізу);
· Жұмысты орындау;
· Нәтижені белгілеу және бақылау (қандай нәтиже алғанын);
· Қорытындыны тұжырымдау, көрген және алынған мәліметтер туралы ауызша есеп беру және сараптау.
Осылай, эксперимент жүргізу әрекетінің алгоритмі балалардың біртіндеп монолог пен диалогтық сөйлеуі, түрлі синоним мен антонимді қолдану арқылы сөздік қорын кеңейтіп, бақылау жүргізу және қорытынды шығару, өзінің ойын білдіруге, қорытындылауға, сараптауға үйренуге, яғни, білімін толықтыруын, белсенді сөздік қорының дамуын, коммуникативті қатынас дағдыларын қалыптастыруын қарастырады.
Эксперименттің нәтижесі және оның барысы педагогтың басшылығымен құрастырылған түрлі сызбаларда, қарапайым кестелерде, балалардың жоспарланған және спонтандық сипаттағы бақылау кезінде алған әсерлерін бейнелеген суреттерінде көрінеді.
Бақылау кез келген эксперименттің бөлігі болып табылады, себебі, оның көмегімен жұмыс барысы және оның қорытындысын қабылдау жүзеге асырылады. Бақылау мен эксперименттеудің сипатына қарай талаптар өзгеше болады. Тәрбиеші мұны ескеріп, балалармен жұмысты жоспарлауда, ең алдымен өз тобындағы тәрбиеленушілердің жеке ерекшелігі, практикалық тәжірибесінде даму деңгейінде сүйенуі қажет.
Балаларды түрлі нысана мен құбылыстарды бақылауға үйрету қажет: бұл кезде жоспарланған нысана мен құбылыстарды ғана бақылау міндетті емес. Кездейсоқ эксперимент арнайы дайындықты талап етпейді. Балалар табиғатта қызықты нәрселер көрген кезде, сол жағдаяттардың сәттердің пайда болуына байланысты бақылауды дайындықсыз өткізеді. Мұндай жағдайларда бақылау кездейсоқ және күтпеген жағдайда болады, осындай мүмкіндіктерді үлкендер жіберіп алмаулары керек. Педагогтан жаңа, қызық заттарды көре білуге психологиялық дайындықты ғана емес, осындай жағдайларда икемді әрекет ете білу ісерлігі талап етіледі. Ол балалардың әуестігін ынталандырып, табиғаттың өзгерісін көрсетуге, өз бетімен қарапайым қорытындыны жасауға, арнайы әрекетті қолдана білуге, жаңа білім және өмірлік тәжірибе ала білуге үйретуі керек.
Эксперименттеудің қанғаттанарлықтай нәтижесіне жету үшін бақылаудың барлық түрінің жалпы талаптарын ескеру және сақтау қажет.
· Бақылаудың мақсаты мен міндеттері нақты және мақсатқа жетерліктей болуы керек. Тапсырманы орындау әрекеті танымдық сипатта болып, баланың қойылған сұраққа жауап іздеуге, ойлауға, еске түсіруіне жағдай жасауы керек.
· Әрбір бақылау балаларға жаңа мәлімет пен білім беріп, біртіндеп алғашқы түсініктерін тереңдетіп және кеңейтеді.
· Балалардың алған білімдерін жұмыстың басқа түрлері мен әдістері: педагог пен балалардың әңгімесі, тақырыпқа қатысты қосымша ақпаратты оқу, көргенін әңгімелеу, сызба құрастыру, сурет салу мен мүсіндеу, ұжымдық жұмыс арқылы бекітіп, нақтылап, жүйелеп және қорытындылау керек.
Ақыл-ой әрекетін белсендіру түрлі тәсілдермен; бақылаудың нақты және мақсатқа жетерліктей міндетін қою, тексерудің әрекетін бақылаудың тәсілі ретінде қолдану, балалардың тәжірибесін қолдану, бақылаудың нәтижесін бірнеше рет қайталап айту, бір нысананы басқалармен салыстыру, әр түрлі дәрежедегі түрлі сұрақтарды қою арқылы жүзеге асады.
Осындай жолмен тұтастай бақылау және экспериметтеу барысында балалардың алған білімдері іс-тәжірибеге нық бекітіліп меңгеріледі, өйткені ол осы және басқа да ақпараттардың өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасқан.
Мектепке дейінгі балалардың эксперименттеу дағдыларын дамыту эксперименттеудің іздену әрекетіне ертеңгі оқушының көзқарасымен белсенді қатысу рөліне дайындалуға жағдай жасайды. Осылай, әрекеттің жаңа үлгісін қалыптастыру үшін шығармашылық әрекетіне ауысу сипатында болатын алғы шарты туады. Демек, бала әрекеті шығармашылық сипатта болады:
· Зерттеуге қызығушылығын тудырады;
· Ой операциясын дамытады;
· Танымдық белсенділігін, білімқұмарлығын ынталандырады.
Осылай, эксперименттеу оқытудың дәстүрлі түрлері және әдістерімен, басқа балалар әрекетінің түрлерімен үйлесуі:
· Мақсат, міндеттерді және оларды шешу құралдарын өздігінен тыңдай білуге ынталандыру;
· Жаңа танымдық қызығушылығын, қарсылық сезімдерін, оларды саналы түрде жинақтап және көрсету іскерліктерін қалыптастыру;
· Қоршаған әлемді тұтастай қабылауын қалыптастыру;
· Шығармшылық әлеуетін дамытуға және балалардың дербестік, бастамашыл, білімқұмарлық, өз күшіне сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Балалардың эксперимент жасау ерекшеліктері:
· Балалар эксперимент жасауы міндеттіліктен босатылған. Әрқайсы экспериментте баланың ішкі еркіндік сезімі сақталуы керек.
· Зерттеу жалғастыруын тәртіпке салуына қажеті жоқ. Егер де бала жұмысты қызығушылықпен істесе, оның ісін бөлеуге болмайды.
· Балалар эксперимент жасау процесінде алдын ала белгіленген жоспар бойынша жұмыс істеуі қажет емес. Егер сабақтың мақсатына кедергі болмаса және тірі жәндіктерге зиян келтірмесе, онда балаларға зерттеудің шарттарын өзгертуге рұқсат беріледі.
· Балалар сөйлемей жұмыс істей алмайды. Сол үшін осындай эксперименттерді енгізу жолында бала-бақшада балаларды бір бірімен қарым-қатынас жасау және еркіндікті дамыту үшін жағдай жасауы қажет.
· Осындай эксперименттерді өткізгенде балаларға жеке жақындау принциптерін сақтау керек.
· Эксперименттің нәтижелерін аса тіркеудің қажеті жоқ.
· Эксперимент өткізілгенде баланың қателесу құқығы саналады. Балаларға практикада болатын өз болжамдарының қателіктерін көзімен көргені жөн.
· Балаларды жұмысқа қызықтыру адекваттық тәсілдерін қолдану қажет. Бұл өз қолымен жасау, бір процедурасын басқа әрекеттерге бөлшектеу, тәрбиеші мен балалардың бірлескен жұмысы, тәрбиешінің балаға көрсеткен көмегі, балалардың нұсқауы бойынша тәрбиешінің жұмысы.
· Балалардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін шектемей, педагог экспериментке белсенді қатысу керек.
· Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
· Баланы тұтас педагогикалық процесімен таныстыру тәсілдері. Эксперименттер балалардың барлық іс-әрекеттеріне енгізілуі мүмкін.
· Эксперименттің соңғы кезеңі – ең мағыналы, ол: нәтижелерді талдау жасау және қорытындарды құрастыру кезеңі. Балалар тәрбиешілерімен зерттеуді ашу қуанышымен еркін түрде бөлісе алады, жалпылама сөзбен емес, бейнемен көрсетілуі керек.
· Эксперимент талдаудың нәтижелерін балалардың жұмысқа деген тәртібімен ауыстыруға болмайды. Эксперимент жасаудан бас тартып және қате жіберіп қортындысын шығара алмаған теңбе-тең жағдайларда баланы ешқашан жазалауға болмайды.
Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамның өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет болса, онда баланың қабілеттерін түрлі әрекеттерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.