Организимді шынықтыру бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Шынықтыру дене тәрбиесінің маңызды бөлігі, ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі жаттығулар арқылы орындалады.
Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы,бітімі үйлесімді,әрі сымбатты келеді және ауа-райының кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде серуендей алады. Шынықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.Үзу немесе тоқтату салдарынан организмді шынықтыру барысында қалыптасқан бейімделу реакциялары жойылады.Сондықтан да,шынықтырудың жүйелілігі,яғни шынықтыру әрекеттері күнделікті кез келген мезгілде жүргізілуі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың денсаулығын нығайтудағы жаттығу
құрылғылары. Денсаулық - адамның негізгі
және нағыз жетістігі. Балаларды салауатты өмір салтына
бейімдеу ерте жастан бастап, Қазақстан халқының
мәдени салт-дәстүрлерінің негізінде күн
тәртібінің процесстерін тиімді ұйымдастыру арқылы
жүзеге асырылады және балаларды шынықтырудың тиімді
тәсілдері мен денсаулық сақтау технологиясы негізінде
құрылады.
Жас ерекшелігіне байланысты маңызды міндеттері: балалардың денсаулығын нығайту, олардың ағзаларын шынықтыру, негізгі қимыл түрлерін дамыту. Қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға мүмкіндік беретін, жай күйін сергек ұстайтын жағдай құру, балалардың шаршауларының алдын алуы болып табылады. Денсаулықты сақтау, салауатты өмір салты шараларына балалардың қызығушылығы артуда.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің “Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау” жөніндегі нұсқауы жүйелі орындалуда. Әрине, денсаулық тек қана адамның ғана емес, сонымен бірге қоғамның да ісі. Қазіргі уақытта бала денсаулығы білім беру процесінің мақсаты мен нәтижесі ретінде ғана емес, педагогикалық іс-әрекеттің сапасын және тиімділігін бағалау критериясы ретінде де қарастырылады. «Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайту бойынша жұмыс түрлері мен әдістері, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауды қалыптастыру, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру, дене және ерік күші сапаларын дамыту қарастырылған.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері жаттығу құрылғыларымен ойнай отырып, денсаулықтарын түзеп, денелерін шынықтырады.Балабақшамызда балалардың спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға жақсы жағдай жасалынған,спорт залымызда түрлі төсеніш, доп, кегель, гантель, текше, таспа т.б. спорттық құралдар бар. Мысалы: жаттығу құрылғылары «Жүгіретін жол», «Шағын-ровер», «Толқынды жүгіру жолы», «Велотренажер», «Шағын-твистер».
Құрылғыларды салқын мезгілдерде спорт залдарда ягни іште, ал жылы мезгілде сыртта құрастырамыз. Жаттығу құрылғылары жүзу қауызы, жол жиегінде, төбешіктерде, баспалдақтарға жақын қойып пайдалануға болмайды. Бұндай жаттығу құрылғылары 4жастан 8жасқа дейінгі балаларға арналған. Балаларға арналып жасалғандықтан олардың түстері ашық,әдемі және тартымды. Жаттығу құрылғыларын пайдалану үшін баланың салмағы 60 кг аспауы керек. Жаттығу құрылғыларын қолданар алдында балалар дәрігерімен кеңесіп, ақылдасамыз. Жаттығу құрылғылары балалардың жүрек-қан айналымын реттейді,аяқ пен қол,дене бұлшық еттерінің қалыпты дамып,жетілуіне жақсы әсер етеді. Құрылғылар арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ептілік,шыдамдылық қасиеттері қалыптасады. Бұл жаттығу құрылғыларын пайдаланбас бұрын, бірінші баланы таныстырамыз,қалай тұрып-отыру керектігін, қол мен аяқты қалай қозғалтуын көрсетіп,түсіндіреміз. Жаттығу құрылғыларымен баланың өзі айналыспайды, міндетті түрде қасында көмектесіп тұрамыз.
әрқайысысымен жеке танысайық:
Шағын твистер. (Мини-твистер)
Твистер шағын, екі қолымен ұстап, аяғын
нық бірге қосып бірінші ыңғайлы тұрғызамыз,
денесін түзу дұрыс ұстауын қадағалаймыз. Содан
кейін барып аяғын қозғамай,табанға тіреле тұрып,денесін
еркін оңға-солға айналдырып қозғауға
үйретеміз. Шағын-твистер аяғының асты бұдыр
болғандықтан, майтабандылықты алдын алады, дене
бұлшық еттерінің қалыпты дамуына әсер етеді.
Жаттығу құрылғысын пайдаланғанда көркем
сөздер айтып қызықтырып дене қимыл-
қозғалысын дамыта түсеміз.
Мысалы: Оңға,оңға түзу тұр
Солға,солға түзу тұр.
Оңға қарай бір бұрыл,
Солға қарай бір бұрыл.
Велотренажер (Велотренажер)
Бұл жаттығу құрылғысына
үш аяқты велосипедке отырғандай отырады, денесін түзу
ұстайды. Аяғымен кезек-кезек қимыл жасай отырып, аяғын
және аяғының бұлшық еттерін шынықтырады.
Баяу орындауды жылдам орындаумен алмастырады.
Мысалы: Ойын «Баяу-жылдам»
Шарты: Баяу деп белгі бергенде, аяқпен жәй
қимыл жасайды, жылдам деп белгі бергенде тез орындайды.
Жүгіретін жол.
Жаттығу құрылғысы
жүгіретін жол деп аталады, басқа құрылғылар
сияқты өте пайдалы. Пайдаланған кезде екі қолмен еркін
алға қарай тіреле ұстап, аяқтарын кезек-кезек
қозғап жүгіргендей қимыл жасау керек,денені түзу
ұстап, баяу және жылдам қимылды орындайды.
Мысалы: Добым менің, добым менің,
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың қутыңдайсың,
Бірақ менен құтылмайсың.(жолмен жүгіреміз)
Шағын –ровер. (Мульти-ровер)
Баланы жаттығу құрылғысының
орындығына отырғызамыз, екі қолымен ұстатып, аяғын
тезегішке саламыз, отыратын орындығының қозғалатынын
ескертіп, көрсетеміз. Орындығын қозғамай тек қана
қолдарын қозғап, қол бұлшық еттерін
дамытуға болады, немесе аяқ пен қолды бірге
қозғап аяқ-қол ,арқа жалпы барлық дене
мүшелерін шынықтыруға болады
Толқынды жүгіру жолы.
Толқынды жүгіру жолы жаттығу
құрылғысы бала денесін жаттықтыруға
арналған таптырмас құрал. Бала құрылғымен
ойнай отырып, денесін жаттықтырып, шұғылданады.
Толқынды жүгіру жолы жаттығу құрылғысын
пайдаланғанда жүректің қан айналымы жақсарады,
дененің аяқ,арқа,иық бұлшық еттерінің
дұрыс дамып жетілуіне көп көмегін тигізеді.
Мысалы: «Мекен-жай» ойыны.
Тепе-теңдік жолменен,
Арасында мен келем
Бір, екі ,үш,төрт,
Келе жатқан жете алмай,
Мынау біздің мекен-жай.
Жаттығу құрылғылары тартымды, балалар қызығушылықпен шұғылданады. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын нормативті-құқықтық (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, бағдарламалар) жетілдіру жағдайында педагогикалық процесті ғылыми-әдістемелік жағынан жаңарту көкейкесті мәселе болып отыр. Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтудағы жаттығу құрылғыларын пайдалану тиімді деп ойлаймын.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.