Баяндама "ҮШТІЛДІК - МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ НЕГІЗІ"
Оценка 5

Баяндама "ҮШТІЛДІК - МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ НЕГІЗІ"

Оценка 5
doc
21.01.2022
Баяндама "ҮШТІЛДІК  -  МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ НЕГІЗІ"
50 Баяндама Үштілдік.doc

ҮШТІЛДІК  -  МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ НЕГІЗІ

 

Қазіргі заманның талабы – үштілдік. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Яғни, жақсылық та - тілден, жамандық та - тілден. «Тілменнен түйілген, тіспенен шешілмес» демекші, әр адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін, ой өрісін жан-жақты дамытуы керек. Сол себепті, болашақ ұрпағымызға үштілділікті қажетті деп ұғындыру ұзтаздың ең басты міндеті болып саналады.

Қазіргі уақытта еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта үштілділікті еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі ең басты міндетіміз. Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, «Өнер алды ــ қызыл тіл» деп, сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған.

Сондықтан тіл - мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. Өмірде өзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады.

Үш тілді білім беру дегеніміз - оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Үш тілді оқыту- жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет.   

Балабақшада балаларға тілдердің үштұғырлығын үйретуде келесі әдістемелерін қолданамыз: (ағылшын тілін үйрету әдістемесін таңдау барысында балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет):

1. Ойын әдістемесі балаларды да, педагогтарды да қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді: тәрбиеші тілді үйрету және жетілдіруді бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы – ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.

2. Зайцевтің әдістемесі. Үш жастан бастап балаларға арналған. Бастапқыда әдістеме қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға әзірленген болатын. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. «Зайцевтің белгілі текшелерінде» ағылшын алфавитінің де әріптері пайда болды.

3. Глен Доманның әдістемесі сәбилерге арналған. Бұл әдістемеде баланың көру есі қатыстырылған, атаулары жазылған суреттер есте сақталады және оқуға үйрету үдерісін одан әрі жеңілдетуге көмектеседі, карточкаларын қолдан жасауға болады. Карточкалармен сәбилермен ғана емес, сонымен қатар, ересек жастағы балалармен  жұмыс жасауға болады.

4. Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған. Тілді үйретуші сабақтар жүйесі үшін тақырып таңдайды, берілген тақырып бойынша қызықты бір нәрсе білуде балаларға көмектесетін әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады. Балалар дербес орындауы үшін (немесе ата-аналарының көмегімен) тапсырмалар алады. Қорытынды сабақтың уақыты келгенде балалар жобаның тақырыбына ауқымды шығармашылық жұмыстарымен келеді.

5. Аралас әдістеме – бұл жерде таңдауы бойынша түрлі әдістемелерді құрастыруға болады. Мысалы, ойындар ойнауға, тақпақтар мен әндер жаттауға, жобаларды әзірлеуге және т.б. болады. Әдістеменің құндылығы – әртүрлілігі. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.

Дербес шығармашылық іс-әрекет. Заттық-дамытушы ортаның тілдік кеңістікке енуі үшін:

- таспа, диск және басқа да тасымалдағыштарда музыкалық аудио материалды;

- сөздік үстел үстіндегі–баспа ойындары, құралдар, кітаптар;

- жағдайға байланысты рөлдік, лексикалық мазмұны бар сахналандырылған ойындар;

- ертегілерді сахналау мен тақпақтарды мәнерлеп оқуда балалар өздерінің жетістіктерін көрсете алатын ертеңгіліктер, мерекелер өткіземіз.

Үштілді білім беру ісінде атқарылып жатқан жұмыстардан шығатын қорытынды мынадай: 

билингвалды білім беру - оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын екі тілде іске асыру, педагогикалық үрдісте екі тілді оқыту құралы ретінде пайдалану; 

әрбір мектеп бітірген Қазақстан Республикасының азаматы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біліп шығады; 

көптілді меңгерген балалар өзгермелі кезеңде еркін әрекеттер жасауға бейім болады; 

көптілді меңгеру еңбек нарығында да жоғары бағаланады; 

алыс және жақын шетелдерде тілдік көмекті керек етпейді. 

«Тілі бірдің - тілегі бір», «Тіл тағдыры - ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі - тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу - басты міндетіміз.


ШТІЛДІК - МЕКТЕП ЖАСЫНА

ШТІЛДІК - МЕКТЕП ЖАСЫНА

Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған

Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2022