Баяндама «Тәй-тәй» технологиясы бойынша отбасымен қарым-қатынас стратегиялары"
Оценка 5

Баяндама «Тәй-тәй» технологиясы бойынша отбасымен қарым-қатынас стратегиялары"

Оценка 5
doc
21.01.2022
Баяндама  «Тәй-тәй» технологиясы бойынша отбасымен қарым-қатынас стратегиялары"
45 Баяндама Отбасымен жұмыс.doc

 

 «Тәй-тәй» технологиясы бойынша отбасымен қарым-қатынас стратегиялары

 

          «Тәй-тәй» технологиясының айрықша бір ерекшелігі - отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысуы. Ата-аналар өз балаларының ең алғашқы ұстаздары мен адвокаттары. Себебі отбасы мүшелері өз балаларынан үлкен үміт күтеді және де бар жақсылықты тілейді. 

 

          Особенности технологии «Тәй-тәй» - участие родителей в процессе воспитания и обучения детей. Родители являются первыми учителями и адвокатами своих детей. Потому что семья хочет самое лучшее для своего ребенка.

 

        Features of technology “Step by step” – the participation of parents in the open class. Parents are children`s first teachers and lawyers. Because family members have high expectations.

 

 «Ата-аналар өз балаларының басты тәрбиешілері болып табылады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деді халық даналығы. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайды – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады.

Қазіргі заманның ата-аналарына көмек көрсету қажет, өйткені педагогика мен психология жөніндегі білімдердің болмауы қателіктерге, түсініспеушілікке демек, тәрбиенің нәтижесіздігіне әкеліп тірейді. Сондықтан да балабақша педагогтарының негізгі күштері ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

 «Тәй-тәй» технологиясының отбасыны педагогикалық ағарту бойынша жұмыс нысандарының бірі ата-аналар жиналысы болып табылады. Ол қандай болуға тиіс? Осындай жиналыстарда шаршаған ата-аналардың көңілін жандандыратын және сұхбаттардың мәнін анағұрлым жеңіл есте сақтауға жәрдемдесетін, жылы көңіл, ашық және іскер әңгіме үшін ерекше көңіл-күй жасайды.

 «Тәй-тәй» технологиясының айрықша бір ерекшелігі - отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысуы. Ата-аналар өз балаларының ең алғашқы ұстаздары мен адвокаттары. Себебі отбасы мүшелері өз балаларынан үлкен үміт күтеді және де бар жақсылықты тілейді. Балаларының алдарына қойған мақсаттарын жете біліп азамат болып өсуін қалайды, сондықтан да «Тәй-тәй» технологиясы әр ата-анаға балабақшадағы оқу-тәрбие процесіне араласып, өз пікірлерімен ұсыныстарын ендіруге мүмкіндік береді. Демек, бағдарламаға ата-аналардың қатысуын ынталандыру қажет.

Ата-ананың топта болып қатысуына әр түрлі жағдайлар жасалған:

·         Отбасы мүшелерінің топта болып, оқу әрекетіне қатысып, ассистенттік қызмет атқаруына.

·         Балалардың денсаулығы мен дамуы, тәртібі және де оларды алаңдататын басқа да мәселелер жөнінде хабар алмасып тұруына.

·         Отбасы бөлмесінде балаларымен бірге ойнап, тәрбиешілермен пікір алмасуға.

·         Отбасы мүшелерімен қарым-қатынас орнату. Оған қарым-қатынас дәптері, күнделік, ата-аналар үшін тренинг, анкета, тест сұрақтарын пайдалану.

·         Отбасы кеңес комитетін құру. Оның міндеті- педагог қызметкерлермен бірлесе бағдарламаны талқылап жүзеге асыру болып табылады.

Зерттеулерде көрсетілгендей, балаларды отбасынан бөліп қарауға болмайды, отбасындағы тәртіпке үйренеді және оны табиғи түрде қабылдайды. Әрине, әрбір ата-ана өз баласын ең жақсы, ақылды, талантты деп есептейді және бұл дұрыс та, талантсыз еш нәрсеге қабілеті жоқ бала болуы да мүмкін емес. Балалардың іс-әрекеттері бақыланып және басқа тән ерекшеліктерін байқап, оларға жағдай жасап, отбасымен тығыз байланыста боламыз.

Ата-анамен жұмыстың маңыздылығы неде?

·         Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру.

·         Отбасын білім беру ісіне арасалтыру, балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу, оның өз бетінше оқып үйренуге үнемі талпынысын қалыптастыру.

·         Ата-ананың, баланың психологиялық ерекшеліктеріне, көңіл-күйіне мән беруге бағыттау.

·         Бүгінгі бала ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететіндігін атап өту.

·         Сабаққа қатысып, бірлесіп өткізген семинарлар арқылы ақпарат алмасып, тығыз қарым-қатынас орнатуға атсалысу.

Отбасы мүшелерінің топта болуы, отбасы үшін маңыздылығы:

·         Бағдарламаға жеке қатыстылығын сезінеді.

·         Балаларының басқалармен қалай қарым-қатынас жасайтынын көреді.

·         Балаларының дамуы туралы көбірек түсіне бастайды.

·         Педагогтік ұжымды жақсырақ біледі және оны көбірек сыйлай бастайды.

·         Балаларымен үйде рахаттана айналысатын қызмет түрлерін үйренеді.

Ата-аналарға араналған сауалнама  қорытындысын ұсынамыз.

1.      «Сіз  балабақша туралы не ойлайсыз?» деген сауалға:

- ата-аналардың 100% «біздің ықшам аудандағы ел арасына әйгілі» деп жауап берді.

2.      «Сіздің балаңыз балабақшаға қалай барады?» деген сауалға:

- ата-аналардың 97%  «рахаттанып» деп жауап берді; 

- ата-аналардың  3%  «көбіне ризашылықпен» деп жауап берді.

3.      «Сізді «Тәй-тәй»  технологиясы бойынша педагогтардың жұмысы қанағаттандыра ма?» деген сауалға:

- ата-аналардың 100%  «толығымен» деп жауап берді. 

4.      «Балабақшаның жұмысына қатысуға ынтаңыз» деген сауалға: 

- ата-аналардың 45%  «шешім шығаруға» деп жауап берді;  

- ата-аналардың 54%  «білім беру үрдісіне» деп жауап берді. 

5.      «Жұмыс туралы мәліметті алу жолдары» деген сауалға: 

- ата-аналардың 19%  «көрнекі ақпараттан» деп жауап берді;  

- ата-аналардың 35%  «педагогтан» деп жауап берді;  

- ата-аналардың 46%  «жиналыстан» деп жауап берді.  

 «Тәй-тәй» технология бойынша ата-аналар «Отбасы газетін», кітапшалар шығаруға белсене қатысады. «Отбасы газеті» беттерінде ата-аналармен ынтымақтаса, баламен бірге орындаған жұмыстардың нәтижелерін жарияланады. Олар: отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстары,  қолөнері,  баланы салауатты өмір салтына бейімдеуі мен дәмді тағамдарды баламен бірге балабақша ұжымға арнап жасағаны сапалы нәтижелерді береді.

Бұл шаралар тұсында балалардың әке-шешесі, ата-әжесінің, әпке-ағаларының да бауырларының да өзара сүйіспеншілігі артты. Осындай іс-шаралардың арқасында ата-аналар кәсіби тәрбиеші болып, бірнеше нәтижелерге жетті. Біріншіден, ата-аналармен ауызбірлік деп аталынатын жақсы байланысқа қол жеткізілді. Балалардың бәрін, тіпті оның үй-ішін, әке-шешесінің, ата-әжесінің, аға-әпкесінің жағдайларын жақсы білетін болдық. Екіншіден, баланы бөліп-жармай бірігіп тәрбиелеуге мүмкіндік туды.

Балалар портфолиосында олардың шығармашылық жұмыстары жинақталған. Бұл баланың шығармашылық қабілетінің даму деңгейі мен балалық іс-әрекеттерді меңгеру мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі бала портфолиосы баланың кешенді дамуы аясында отбасы мен балабақшаның өзара қарым-қатынасындағы басты бағыт болып саналады. Портфолионың өзіндік құрылымы бар және әрбір бөлімнің аты бар. Сонымен қатар әрбір бөлім мазмұнының үлгісі беріледі. Барлық бөлімдер мектеп жасына дейінгі баланың жетістіктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес ақырын толықтырыла береді. Осындай папканы бір жыл бойы жүргізсе, баланың балабақшадағы өміріне қатысты да, маңызды құжаттармен жеткілікті толықтырылады.

Мектеп жасына дейінгі бала портфолиосы - өзіндік даму жолы. Жылына екі рет тәрбиеші, мамандар қажетті сұрақтар бойынша ата-аналарға кеңес береді.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара серіктестігіне және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған.

Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтан да баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен  өзара тығыз байланыста,  яғни  ынтымақтаста болуы маңызды.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. - Астана, 2008.
  2. «Тәй-тәй» технологиясы (негізгі ережелер).
  3. Алоева М.А., Бейсова В.Е. «Ата-аналар жиналысы».  - Москва, 2004.
  4. Алексеева Н. А. «Ата-аналар жиналысының жиынтығы». - Москва,  2002.
  5. «Отбасы және балабақша» журналы. 2009 ж. №5
  6. «Педагогикалық кеңес»  журналы. 2008 ж. №1

Скачано с www.znanio.ru

Тәй-тәй» технологиясы бойынша отбасымен қарым-қатынас стратегиялары «Тәй-тәй» технологиясының айрықша бір ерекшелігі - отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысуы

Тәй-тәй» технологиясы бойынша отбасымен қарым-қатынас стратегиялары «Тәй-тәй» технологиясының айрықша бір ерекшелігі - отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысуы

Зерттеулерде көрсетілгендей, балаларды отбасынан бөліп қарауға болмайды, отбасындағы тәртіпке үйренеді және оны табиғи түрде қабылдайды

Зерттеулерде көрсетілгендей, балаларды отбасынан бөліп қарауға болмайды, отбасындағы тәртіпке үйренеді және оны табиғи түрде қабылдайды

Мектеп жасына дейінгі бала портфолиосы баланың кешенді дамуы аясында отбасы мен балабақшаның өзара қарым-қатынасындағы басты бағыт болып саналады

Мектеп жасына дейінгі бала портфолиосы баланың кешенді дамуы аясында отбасы мен балабақшаның өзара қарым-қатынасындағы басты бағыт болып саналады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2022