Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"
Оценка 4.8

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Оценка 4.8
Научно-исследовательская работа
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
05.03.2018
Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"
Баяндама аймақтық конференцияда оқылып, жүлделі орынға ие болған. Баяндамада ұлттық құндылық, оның адам өміріндегі алатын орны жайлы және қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалай дәріптеуге болатыны жазылған. Мектеп тәрбиесінен айтылатын-ұлттық тәрбие туралы мәселе қозғалады. Қазіргі замандағы ең өзекті тақырыптардың бірі
баяндама.docx
ОҚУ­ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Қапасова Гульжан Қамбарқызы   Мынау   ғаламдастыру   кезеңінде   ұлттық   және   жалпыадамзаттық құндылықтарды менталитет өзегіне айналдырудың маңызы ерекше болып отыр. Сондықтан бүгінгі әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында жас ұрпаққа Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының   тілінде   кездесетін   құндылық   бағдарлы   лексиканы   меңгерту арқылы ұлттың өзіндік ерекше қасиетін, салт­санасын, тарихы мен мәдениетін, рухани құндылықтарын танытуды, жеке тұлғаның ішкі құндылықтары қатарын ғаламзаттық құндылықтармен байытуды көздейтін білім берудің аксиологиялық негіздерін айқындау аса өзекті мәселе болып табылады.    Елбасы   Н.Ә.   Назарбаев   Қазақстан   халқына   Жолдауында   жас   ұрпақтың бойында   адамгершілік,   ар­ұждан,   патриотизм,   рухани   даму,   халықаралық келісім мен толеранттылық сынды құндылықтарды қалыптастыру мәселесін айта келіп, жастармен нақты осы мәселелер бойынша жұмыс атқаратын оқытушылар да,   осы   бағыттағы   оқулықтар   да   жоқ   екендігін   атап   өтті.   Сондықтан аксиологиялық лексиканы зерттеудің өзектілігі дау тудырмайды. Құндылықтар   дегеніміз   –   ұнатқан   игіліктер   мен   оларға   қол   жеткізу тәсілдері   туралы   қорытындылаған,   белгілі   көзқарастар,   орнықты   ойлар,   үлгі аларлық   объектінің   озық   тәжірибелері,   сыннан   өткен   пікірлер   арқылы   өзінің мінез­құлқын анықтайды.  Ұлттың мәдени құндылықтарын екіге бөліп қарасақ, рухани: тіл,   (әдет­ ғұрып,   салт­дәстүр),   дін,   өнер,   тарих,   тәрбие,   рух   (психология),   ұлттық мейрамдар т.б. материалдық: жері, үй­жайы, малы, тұрмыс­мүлкі, киімі, т.б. Бұл – қазақ халқының ұрпағын отбасылық өмірге даярлауға өзек болар этномәдени құндылықтар. Құндылық мазмұнын талдай келе төмендегідей қорытынды жасауға болады: құндылық зат та, нәрсе де, мәселе де емес, олардың қасиеттері де емес, ол адам ойының қандай да бір жоғары түрі екендігі анықталады.  Құндылықтар бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері   ретінде,   өз   тарихын,   мәдениетін,   әдет­ғұрпын,   салт­дәстүрін   игеру нәтижесінде   орнығады.   Сондықтан   жұмысымның   келесі   бөлімінде   оқушы тұлғасының   құндылық   бағдарын   қалыптастырудың   маңызы   мәселесіне тоқталамын. Ғаламдық   жаһандану   жағдайындағы   жаңа   қоғамда   орын   алған   iрi экономикалық   өзгерiстер   мен   технологиялық   жетiстiктер   –   қоғам   дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ   мүддеге   барынша   әрекеттенуi   –  жалпыадамзаттық   және   ұлттық құндылықтарды   бойына   сiңiрген  саналы   да   парасатты   тұлғаны   тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы   болатын   демократиялық   қоғамды   құратын   парасатты   және   бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм­тәрбиенiң атқаратын жұмысы зор екенi даусыз.   Озық   жетiстiктерге   негiзделген   бiлiм   нәрiмен   қатар,   ұлттық   тәрбие құндылықтарын   бойына   сiңiрген   ұрпақтар   ғана   ұлт   тағдырын   тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын қоғам сұраныстарына жауап беретін және барынша әлеуметтенген тұлға ретiнде танылатыны анық. Адамның ішкі құндылықтары әлемі оны дара тұлға ретінде ерекшелейді. Білім   берудегі   ізгілендіру,   дамыту   ұстанымдары   дара   тұлғаның   құндылық бағдарын   қалыптастыруға   қызмет   етеді.   Елін   сүйетін   адал   перзенттерді тәрбиелеп шығару үшін оқушылардың бойына ұлттық рухани құндылықтарды дарыту   қажет.  Ал   рухани   құндылықтардың   негізгі   қайнар   көзі  –  ұлттық   тіл. Академик Ә.Қайдар: «Тілсіз адамзат қоғамының, адамзат қоғамынсыз тілдің де болмайтыны   рас.   Ата­бабалардан   ұрпаққа   аманат   болып   қалған   бай   рухани, мәдени мұрамызды өз бойына сіңіріп, сары майдай сақтап, жалғастыру арқылы тіл қауымын мәңгүрттіктен аман алып келе жатқан сирек құбылыс –  осы тіліміз ғой.   «Өркениет,   мәдениет,   салт­дәстүр,   ұлттық   менталитет»   деп   дәріптейтін құндылықтардың   бәрі   де,   сайып   келгенде,   тіл   қасиетіне   барып   тұрақтайды, тілдің құдіретті күшімен, тамаша жаратылысымен ғана бейнеленіп, бағаланып, реальді факторға айналады», ­ деп жазады [4,10 б.].  Рухани   байлық   ең   алдымен   әр   халықтың   ұлттық   әдет­салты,   көзқарасы, шыққан   түп   тамырында   жататыны   белгілі.   Сол   ұлттық   байлықты   бүкіл адамзаттың   өз   ұрпағын   тәрбиелеудегі,   білім   берудегі   озық   ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр адамның қабілеті, талантын ашу, өзіне­өзінің сенімін нығайту, өзіне­өзінің жол ашуына түрткі жасау – бүгінгі білім беру ісінің басты міндеті.  Қазіргі   қоғамда   құндылықтардың   алар   орны   ерекше.   Қазақ педагогикасында құндылықтың түрі мен маңызына, сыры мен сипатына алғаш философиялық  мән беріп, оның жан­жақты талдай білген Абайдан асқан зор тұлғаны атау мүмкін емес. Абай ­ қазақ халқы үшін парасат биіктігінің ақыл­ой толықтығының,   адамгершілік   пен   рухани   байлықтың   өлшемі.   Абайдың   қара сөздерінің   жас   ұрпақ   үшін   маңызы   зор. Қазіргі   таңда   ұлттық   рухтың   оянуы ұлттық тарих, мәдениет,салт­дәстүр жаңа көзқараспен қалыптастырды.  Елбасымыз   Н.Ә.   Назарбаевтың   «Қазақстан   жолы­2050:   бір   мақсат,   бір мүдде,   бір   болашақ»   атты   жолдауы­Қазақстанның   2050   жылға   дейінгі   даму жолын   айқындайтын,   стратегия,   Президентіміз   Тәуелсіз   Қазақстанымызды дамытудың,  әрбір  Қазақстандықтың,  әр  отбасының, жастардың  және  келешек ұрпақтың   мүддесін   қорғаудың   нақты   жолдарын   ұсынды. «Мәңгілік   Ел­жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.«Мәңгілік Ел» идеясының өзегі ­ ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар. Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының   негізгі   өзегі   түптеп   келгенде   ғасырлар   бойы   өз   өміршеңдігін дәлелдеген ұлттық, баршамызға жақын жалпы адамзаттық құндылықтар.  Қазақстан   Республикасының   баянды   тәуелсіз   ел   болуы   үшін   ұлттық құндылықтар,   тәрбие   арқылы   халық   педагогикасынан   нәр   алып   адами құндылықтардың   барлық   саласын   бойына   сіңірген,   таза   елжанды   азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт­дәстүрін,тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке   тұлға   тәрбиелеу.   Ұлттық   құндылықтар   арқылы   тәрбиелеу   дегеніміз­ халықтың   ғасырлар   бойы   жинақтап,   іріктеп   алған   тәжірибесі   мен   ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаhандану үрдісі жүріп жатқан   жағдайда   ұлттық   мүдде,   ұлттық   тәрбие,   ұлттық   құндылық,   ұлттық рухымызды   сақтап   қалу   ­   алдымызда   тұрған   үлкен   міндет.   Ұлттық   тәрбие дегеніміз ­ сана сезім мен сенім қалыптастыру. Бүгінгі ұрпағымызды бірнеше ғасырлардан   жинақталған   ата­бабамыздың   мол   мұрасымен,   ұлттық құндылықтарымен   сусындату­біздің   басты   парызымыз. Қазіргі   таңда   ұлттық рухтың   оянуы   ұлттық   тарих,   мәдениет,салт­дәстүр   жаңа   көзқараспен қалыптастырды.  «Дәстүрлік іс­әрекетіміз заман ағымына қарай қолданыста өзгеріс табады» деген пікірді әрбір ой толғаушы ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады. Ұлттық руханилық ұлттық құндылықтың мәні деп түсінеміз. Әр ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып қалыптасқан. Әрбір тұлға саналы түрде өзін басқалармен салыстыра келіп өзіндік ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырады.  Мектептегі   білім   мен   тәрбие   жұмысын   ұлттық   ерекшеліктерге   негіздеп, мазмұнына   халықтық   ұғымдар   енгізу,   уақыт   күтірмейтін   мәселе.   Мұны   өмір талабы, заман ағымы қажетсінуде. Ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес, әр пәннің мазмұнына үйлесімділікпен енгізе білуіміз керек.  Осы   орайда   мен   де   оқыту   мен   тәрбие   ісінде   ұлттық   сипатымызды айқындайтын халықтық педагогиканы кеңінен қолданамын.  Мақсатым:   Біріншіден:  әр   оқушы   өзінің   қазақ   елі   азаматы   екенін,   қазақ елінде туып­өскенін мақтаныш ете алатындай етіп тәрбиелеу, қазақ мәдениеті мен өркениетінің ешбір елден кем болмағандығына көздерін жеткізу. Екіншіден, оқушыларға қазақ халқының тарихын, ірі тұлғаларды, олардың ел ісіне қосқан үлесін өнеге ету, солар арқылы адамгершіліктің биік шыңына жетелеу. Үшіншіден, оқыту барысында, апталықтарда, спорттық шараларда сынып сағаттарында   ұлттық   ойындарды,   салт­дәстүрлерді,   ауыз   әдебиетінің   әртүрлі жанрларын   пайдаланып,  оқушылардың   қиялын,  ой­өрісін,  әдеби   сөздік   қорын дамыту. Төртіншіден, халықтық педагогика арқылы қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалардан сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау, саналы, қоғам істеріне бейжай қарамайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеу. Өзім   беретін     қазақ   тілі   мен   әдебиет   сабақтарының   өзі,   ұлттық құндылықтарды   бала   бойына   сіңіру   мақсатында   құрылады   десем   де   болады. Атап айтсам, әдебиет сабақтарында халық ауыз әдебиеті тарауының барлық түрі (мақал­мәтел,   жаңылтпаш,   аңыз,   жырлар,   шешендік   ,   қанатты   сөздер   т.б.) ұрпағымызды адал еңбекке, өнер­білімге тәрбиелеп, өмірге бейімдеп, жанұяның, Отан намысын қорғауға жетелесе, ұлттық құндылық қасиеттерімізді дәріптейтін тағы   барлық   салт­дәстүрлеріміз,   әдет­ғұрыптарымыз,   рәміздерімізді   оқыта отырып­меймандостық,   кішіпейілділік, салауаттылық,   инабаттылық,   қайырымдылық,   ізгілік,   еркіндік,   өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани­ байлық, махаббат т.б сияқты жақсы қасиеттерді танып біліп, ұмтылу, сол бір жақсы қасиеттерге өздерін жетелеуге тәрбиелейді.   имандылық,   кісілік,   сыйластық, Мысалы:   Қазақ   тілі   сабағында   етістіктің   болымсыз   түрін   өткенде «Қыздарға кеңес» және «Ұлдарға кеңес» атты қалташықтардағы, «қатты күлме», «үйдің ішінде ысқырма», «ақты төкпе», «үлкендердің алдын кесіп өтпе» т.б.сол сияқты тыйым кеңестерді оқытып, талдау арқылы оқушының бойына ұлтымызға тән  инабаттылық,  сыпайлық,  үлкенді  сыйлау   сияқты   қасиеттерге     баулыдым. Немесе, жоғары сыныптарда  ұлттық тағамдар, ұлттық бас киімдер, ұлттық киім үлгілері   тақырыптарын   өткенде,   оқып­білу   ғана   емес,   оқушыларға   олардың қалай   жасалатыны   туралы     ізденіс   ­шығармашылық   қосымша   тапсырмалар берілді,   олардың   ішінде   үйде   жасап   көріп,   мектепке   алып   келген   әкелген оқушылар   да   болды.   Бұл   әрине,   оқушы   бойында   өз   елінің   ұлттық құндылықтарымызға деген құрметі, сүйспеншілігі мен қызығушылығының артуы деп білемін. Сыныптан тыс өткізліген шаралар да, пікір­таластар мен сайыстар болсын, спорттық   жарыстар   мен   ғылыми­зерттеу   жұмыстарын   да   болсын   халықтық педагогика және  ұлттық тәрбиемен ұштастырып отырамын. Атап   айтсам,   кәсіби­шығармашылық   тәрбие   бағытында   өткен   тәрбие сағатымда   ата­кәсібіміздің   қыр­сырына   тереңірек   үңіліп,   оны   жалғастыру   да, заманауи   тұрғыда   жаңашаландыру   да   биіктерге   жеткізетінін   ұқтырсам, эстетикалық   тәрбие   бағытында   өткен   тәрбие   сағатымда   қазақ   қыздарынан табылатын   ұяңдық   пен   инабаттылық,   адалдық,   қазақ   ұлдарынан   табылатын мәрттік пен намысқойлық ата­әжелерімізден бізге жеткен ұлттық ерекшелігіміз екендігін ұғындыруды мақсат еттім. Салауатты   өмір   салтын   насихаттауда   қазақ   халқының   ұлттық тағамдарының,ұлттық   ойындарының   адам   денсаулығына   тигізер   пайдасы жөнінде айтылды. Мұнан да басқа отбасы тәрбиесі, әлеуметтік­мәдени және жеке қасиеттерін қалыптастыру,   экологиялық   тәрбие,   рухани­адамгершілік   тәрбие   беру бағыттарында   өткен   тәрбиелік   шараларды   ұлттық   тәрбиемен   ұштастырып отырдым. Өткізілген   «Сәлем   –   сөздің   анасы»,   «Батамен   жер   көгерер»,   «Шипалы сусын   –   дертке   ем»   деген   тақырыптарда   өткен   тәрбие   сағатттарымда   бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке, шыншылдыққа, салаутты өмір салтын ұстануға бағыттауды мақсат еттім. Өйткені, ұлттық рух бала бойына тілмен, дәстүрмен, өнермен сіңеді. Ұлттық   құндылықтарды     оқушы   бойына   қалыптастыру   мақсатында жүргізілетін   жұмыстарға   арналған   буклеттер,   тест,   сауалнама,   видео материалдарын жасап, жинақтадым. Біздің басты міндетіміз – қазақтың еліне, жеріне,әрбір тау­тасына иелік ете білу   сезімін   жас   ұрпақтың   жүрегіне,   санасына   сіңіру.   Қазақта   қандай дүние,қандай   рухани   байлық   болса,   сонымен   мақтана   алатын   саналы, интелектуальдық   мінез­құлқы   қалыптасқан,   өз   елінің   өзге   елдермен   бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ететін парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі   жаһандану   үрдісінде   әр   ұлт,   әр   мемлекет   өзіндік   менталитетін, өзіндік бет­бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар жол­ ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызбен сусындап өскен білімді ұрпақ.   Сол   себептен   жас   ұрпақты   тәрбиелеуде   басты   ұстанар   бағытымыз   – ұлттық   құндылықтар   болуы   қажет.   Бүгінгі   таңда   жас   ұрпақты   өз   халқының тарихын,   тегін,   салт   дәстүрін,   тілін,   адамзаттық   мәдениетті,   адами   қасиетті терең   түсінетін   шығармашыл   тұлға   етіп   тәрбиелеу  –  өмір   талабы,   қоғам қажеттілігі. Мектеп табалдырығында берілген ұлттық тәрбие – қазір елімізде орын алып отырған   көптеген   жағымсыз   көріністерді   болдырмаудың   басы.   Мысалы:   ана тілін,   ата   тарихын,   ұлттық   салт­дәстүрін   білмейтін   жастар,   тастанды   жетім, «қиын»   балалар,   қарттар   үйлеріндегі   «тастанды»   әжелер   мен   аталар, нашақорлыққа,   маскүнемділікке   салынған   жастар   т.б.   Ұлттық   тәрбие   алған ұрпақ дені сау, білімді, парасатты болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге   рухани,   мәдениет,   этикалық,   эстетикалық   құндылықтарын   құрайтын ұлттық   әдет­ғұрып,   салт­дәстүрлер,   әдеби,   музыкалық,   кәсіби,   тұрмыстық фольклорлар   мазмұны   арқылы   жетіп   отыр.   Адамның   өз   халқына   деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет­ғұрып, салт­санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Ата­бабаларымыздың асыл мұрасына деген ұлттых рух, мақтаныш, намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Әдебиеттер тізімі 1. Қазақстан Республикасының Президенті­Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы. Әлеуметтік­экономикалық жаңғырту ­ Қазақстан  дамуының басты бағыты. – Ғаламтор ресурсы:  http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstan­respulikasynyn­prezidenti­n­a­ nazarbaevtyn­kazakstan­khalkyna­zholdauy­27­01­2012zh_1341124121 2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына Жолдауы «Қазастан жолы­2050: бір мақсат, бір мүде, бір болашақ»  2014ж 17 қаңтар.  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы ­ 2008.  4. Бөрібаев Т. Қазақ менталитетінің әлеуметтік­философиялық табиғаты //    Қазақстан жоғары мектебі. – 2003. – №4. – 196. ­20 б. 5. Сыдықов М.Е. Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. ­ 13.00.01 – п.ғ.к.  автореф. ­ Түркістан, 2008. – 28 б. 6. Түсіпбеков Т. Мәңгілік елдің мәңгілік ұстанымы. – Интернет ресурсы:  http://vkonurotan.kz/modules.php?name=Content&pa=showpage&pid =413

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"

Баяндама "Ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде қалыптастыру"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.03.2018