Бейнелеу өнері
Оценка 5

Бейнелеу өнері

Оценка 5
Разработки уроков
docx
искусство
4 кл
02.03.2017
Бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаты: білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, жылы және суық түстер жайлы білімдерін жетілдіру. дамытушылығы: Көркем ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу. тәрбиелілігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: аралас Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы жазылған қағаз, түстік шеңбер суреті, жылы және суық түстерге арналған натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті, «Ғажайып кемпірқосақты боя» атты сұрақтар, жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше суреттер, акварель, гуашь, қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар.
бейнелеу сабақ жоспары.docx
Сабақтың тақырыбы: Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау. Сабақтың мақсаты: білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, жылы және суық түстер жайлы  білімдерін жетілдіру. дамытушылығы: Көркем ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту,  шығармашылыққа баулу. тәрбиелілігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: аралас Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы жазылған қағаз, түстік шеңбер суреті, жылы және  суық түстерге арналған натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті, «Ғажайып  кемпірқосақты боя» атты сұрақтар, жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше  суреттер, акварель, гуашь, қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: ІІ.Жаңа сабаққа даярлық. ІІІ.Жаңа сабақ. Іv.Жаңа сабақты қорыту. v.Бағалау. І.Сәлеметсіздер ме, балалар! Сыныпта кезекші кім?Сыныпта жоқ оқушы бар ма?Сабақты бастамас бұрын сабаққа  қажетті құрал жабдықтарымызды алып сабаққа әзір отырайық. ІІ.Жаңа сабаққа даярлық. Ертегіге барар жолда Бақыт құсын табарсың. Суретіңнің бояулары­ Мың құбылған жарасым. Бізде одан көріп тұрмыз Жаңбырда да бір барын. Бізде одан көріп тұрмыз,  Желде де бір түс барын. Бізде одан сезіп тұрмыз Түсін бүкіл әлемнің. Бізде одан сезіп тұрмыз,  Тыныштығын бар елдің. Міне, балалар мен оқыған бұл өлеңнен нені аңғардыңдар? Бұл өлеңде табиғаттағы  кездесетін бояу түстері, желде де, суда, бүкіл әлемде бояу түстерінсіз ештеңе білінбейді де сезілмейді де екен. Олай болса бүгін біз сабағымыздың түстер, жылы және суық түстер  жайлы өтетінімізді ескертемін. Жылы және суық түстер жайлы кеңінен мәлімет ала  отырып, жылы түсте натюрморт орындауымыз керек. ІІІ.Жаңа сабақ. Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен  түрлі­түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі  үш түске бөлінетінін білеміз.Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады.  Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге  қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер  кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде  көбірек суреттер салып үйренуіміз керек. Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен  көгілдір аспан және Антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан  сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді. Реңк ­ бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері  болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда  реңктер жылыға жатады. Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын  көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады. Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа­райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді. Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап,  елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды! Балалар, мен сіздерге жаңа сабақты түсіндіре отырып, жылы түске натюрморт орындауға  тапсырма бердім. Сабақ таңдай отырып натюрморт салуға кірісейік. Бұл, жылы түске натюрморт орындай отырып«Ғажайып кемпірқосақты боя» атты  кемпірқосақ түрлерін, түсін анықтап бояуды үйренейік. Кемпірқосақтың түстері қалай орналасқан? Бұл сұраққа жауап ретінде кемпірқосақты бояп көрейік. Кемпірқосақ түсінен жеті түрлі түсті көруге болады. Олардың үшеуі­негізгі түс, ал қалған  төртеуі­солардың қоспасынан алынған түстер. Міне біз табиғаттағы жылы және суық түстерді жайлы біршама мәлімет алдық деп  ойлаймын. IV.Қорытындылау. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Өз біліміңді тексер» атты сұрақтарға жауап  берейік. 1.Кескіндеме деген не? 2.Қатені түзет: Кескіндеменің басты әсерлегіш құралы­штрих, бояу дақтары. 3.Артық сөздерді алып таста:«Негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл». 4.Негізгі түстерді анықта: V.Сабақты бағалау. Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды  бағалау. VІІ.Сабақты бекіту. ­ Сабақ аяқталды,  Сау болыңыздар! Тақырыбы:____________________________________________ Сабақтың мақсаты: а) Білімділік:                      Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру.  ) Дамытушылық:             Түстерді бір­бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.  б) Тәрбиелілік:                  Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.  Құрал­жабдықтар, көрнекті құралдар:     Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар,  бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар. Негізгі бояу түсі: қызыл, көк, сары.  Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тапсырмаларды орындау. Сабақты бекіту. Үйге тапсырма.  Сабақтың барысы:Ал енді шеңберде керісінше қарама­қарсы орналасқан түстерге қара.  Қызыл түс жасылға, қызғылт сары түс көкке, сары түс күлгінге қарсы орналасқан. Оларды  қарама­қарсы түстер жұбы деп атайды. Бүл түстер бір­біріне мүлдем ұқсамайды. Қызыл  жасылға,  қызғылт сары көкке, сары күлгінге қарама­қарсы түстер. Тағы бір тәжірибе  жасап көрейік. Тәжірибе жасау үшін саған үлкендігі мен түстері бірдей, мысалы, қызғылт  сары түсті екі дөңгелек және түстері әр түрлі, ал өлшемі бірдей екі шаршы керек. Бір  шаршыны сары қағаздан, екіншісін көк қағаздан қиып ал. Дөңгелектерді шаршылардың  бетіне орналастыр. Дөңгелектердің қайсысы саған ашық түсті болып көрінеді? Әрине, көк  шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек анағұрлым айшықты. Ал сары шаршы бетіндегі  қызғылт сары дөңгелек әлдеқайда қоюлау. Мүмкін, бір дөңгелектің түсі екіншісіне  қарағанда ашықтау шығар?! Оларды шаршы бетінен алып, ақ қағаз бетіне орналастыр.  Екеуінің де түсі бірдей екеніне көз жеткіз. Оларды қайтадан шаршылардың бетіне қой, тағы да көк шаршы бетіндегі дөңгелек ашық болып көрінеді.Осылайша басқа қарама­қарсы түс  жұптарына да тәжірибе жасауыңа болады. Жасыл шаршы бетіндегі қызыл дөңгелек күлгін шаршы бетіндегі қызыл дөңге­ лекке қарағанда әлдеқайда айшықты. Сары шаршы бетіндегі күлгін дөңгелек көк шаршы бетіндегіге қарағанда айшықты болып  көрінеді. Нәтижесінде қарама­қарсы түс жұптары жақын түс жұптарына қарағанда  әлдеқайда айшықты екендігіне көз жеткізесің. Жақын түстер үйлесімділігіне қарағанда,  қарама­қарсы түстердің үйлесімділігі әрқашан жарқырап көрінеді.  Үйге тапсырма беру:  Жылы және суық түсте табиғат көрінісін бейнелеу. Сабақтың тақырыбы: Түс натюрморттың көңіл –күйін қалай өзгертеді?  Сабақтың мақсаты: білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, жылы және суық түстер жайлы  білімдерін жетілдіру. дамытушылығы: Көркем ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту,  шығармашылыққа баулу. тәрбиелілігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: аралас Сабақтың көрнекілігі: түстік шеңбер суреті, жылы және суық түстерге арналған  натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті, жылы және суық түстерге арнап салынған  бірнеше суреттер, акварель, гуашь, қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: ІІ.Жаңа сабаққа даярлық. ІІІ.Жаңа сабақ. Іv.Жаңа сабақты қорыту. v.Бағалау. І.Сәлеметсіздер ме, балалар! Сыныпта кезекші кім?Сыныпта жоқ оқушы бар ма?Сабақты бастамас бұрын сабаққа  қажетті құрал жабдықтарымызды алып сабаққа әзір отырайық. ІІ.Жаңа сабаққа даярлық. Жылы және суық түстер жайлы кеңінен мәлімет ала отырып, жылы түсте натюрморт  орындауымыз керек. ІІІ.Жаңа сабақ. Сен Күзгі жапырақтардың түсін білесің, Олардың түстері, пішіндері алуан түрлі. Алдымен  қандай гүл шоғын салатынынды ойлан.Ол жақын гаммада мүңды немесе нәзік болуы  мүмкін Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап,  елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды! Балалар, мен сіздерге жаңа сабақты түсіндіре отырып, жылы түске натюрморт орындауға  тапсырма бердім. Сабақ таңдай отырып натюрморт салуға кірісейік. IV.Қорытындылау. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтарға жауап берейік. 1.Қарама –қарсы гаммада салынған гүл шоғы қандай кқңіл –күйді білдіреді?  2. Жақын түсті гаммадағы ше? V.Сабақты бағалау. Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды  бағалау. VІІ.Сабақты бекіту. ­ Сабақ аяқталды,  Сау болыңыздар! Сабақтың тақырыбы: «Күзгі гүл шоғы» натюрмортының композициясы Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Пән бойынша білім ­ білік дағдыларын қалыптастыру. ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту.б) Тәрбиелілік Сұлулық тәрбиесі. Құрал ­ жабдықтар, көрнекті құралдар: Түрлі ­ түсті қарындаштар, фломастер, акварель,  қылқалам, палитра, күз көрінісі бейнеленген натюрморт композициялары, ақ қағаз, және  тағы басқа. Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4. Тапсырмаларды орындау. 5. Сабақты бекіту. 6. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: Оқушыларға түстік тон, түстердің үйлесуі жайлы тереңірек мағлұмат береміз.  Живописьтік шешім – бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен қатар ол түрлі түсті заттардың  бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік. Живописьтік шығармада  түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады, «колорит» ­ латын сөзі,  ол «бояу түсі» деген мағынаны білдіреді. Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз  тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның  колориті болады. Сенің композицияңның сәтті шығуына парақтың өлшемі мен пішімін дұрыс таңдау  қаншалықты маңызды екенін білесің. Ол үшін түрлі пішімге бірнеше нобай салып көр. Пішіні мен өлшемдері әр түрлі құмыра суретін сал. Олар парақтың пішіміне сәйкес болуы  тиіс. Гүл шоқтарының әр түрлі болуын қадағала. . Бірте ­ бірте қайшы келді ­ ау деген түстердің өзін суретші бояулардың үйлесім табуы  үшін біртұтас жүйеге келтіреді. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып,  ойлағанда бір ­ біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол  түстердің қиылысып келуін көздеп, қарам ­ қайшы түстерді қолданады. Қажет болған түсті  тапқан суретшілер өз суреттерінің көрушіге әсерін мейлінше күшейтуге мүмкіндік алады.  Суреттердің живописьтік шешімі тек реңге түс арқылы ғана белгіленбейді, суретшінің  түпнұсқасында өз өнерінің әсер, ықпалын күшейтуге керекті өзге де құралдар бар. Сабақ барысында оқушыларға олардың күзгі бояу яғни, бау ­ бақша өсімдіктерімен,  көкөніс түрлерімен таныстырамын, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын. Ол мақсат  – балаларға таныс күзгі ағаш жапырақтары мен бау ­ бақша өсімдіктерінің жапырақтарын  бейнелеу. Сабақтың мақсатына байланысты негізгі бөлімін мына төмендегідей жалғастырамын: ­  балалар, сендер күзгі ағаштар, бау ­ бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен танысып,  суреттерін салдыңдар. Енді солардың түстерін айқындап, бейнелейік. Ол үшін, ең алдымен,  осы сабақтың тақырыбына байланысты көрнекі құралдарды қарап көрейік. Мына суретте  өсіп тұрған күзгі жемістер бейнеленген ­ деп балалардың көңілін жалпыдан нақтыға  аударамын. Бұдан да басқа суретші жұмыстарын көрсетуге болады. Нобайларды мұқият қарап шық. Ішіндегі ен жақсысын таңдап ал. Өзіңе ұнаған нобайды  көшіргі қағаз арқылы бірнеше қайтара салып шық. Олардың әр түрлі түстер гаммасындағы  бірнеше нұсқасын жаса. Әрбір нобайдың көңіл күйін анықта. Ол үшін қарама ­ қарсы  немесе жақын түстер гаммасын таңдағаның дұрыс. – Ал енді осылардың ішінен жүзімнің жапырағын ерекше қарап ал, суретін салуға  дайындал, ең алдымен қағаз бетіне дұрыс орналастыруды ойла. Содан кейін барып  қарындашпен жеңіл сызықтар арқылы жапырақтың жиектерін, негізгі тармақтарын  белгілейсіңдер, ­ деп дайындаймын. Түсті нобаймен жұмысты аяқтаған соң, композицияларды тағы талқыла. Өзіңе ұнаған  нұсқаны таңдап ал. Үлкен өлшемді натюрморт жаз. Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып күзгі гүл шоғы  натюрмортын бейнелеу Сабақтың тақырыбы: Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеменің әсерлегіш құралдары,  суретші шеберлігі жайлы мағлұмат беру. ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу, көру қабілеттерін  жетілдіру. б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу, көргенін  бейнелеуге құлшындыру. Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т. б Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4. Тапсырмаларды орындау. 5. Сабақты бекіту. 6. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: Кескіндемедегі басты құрал ­ бояу түстері болып табылады. Кескіндемеші үшін негізгі  әсерлегіш құрал түс екенін біз білеміз. Алайда суретші тек түстің көмегімен ғана әсерлі  туындылар жазбайды. Қазақ суретшісі Ж. Шәрденов «Каспий жағалауы» теңіз толқынын, құм, жағалауды  дақтардан «қалап» шыққан сияқты. Суретші дақты бірде тігінен, бірде көлденең, бірде  көлбеу жағады. Кескіндеме – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Ал мына жұмысқа қарасаң, наурыздың тамаша бір күні елестейді. Айнала жарқырап,  құлпырып, аяқ астындағы қардың сықырын естігендей боласың. Суретші бұл жұмысын  суық және жылы түсті ірі дақтармен салған. И. Грабарь «Наурыздағы қар». Суретшілер дақтың көмегімен әр түрлі материалдардың үстіңгі бетін – фактурасын береді.  Онымен түрлі көңіл күйді көрсетуге болады. Дақ сан алуан – екпінді әрі кең, алымды,  қысқа да нәзік, өткір де қуатты бола алады. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат  жанры. Тапсырманы орындау: Тақырып бойынша сурет салу. Түстік шешім, дақтарды алу, оларды  қолдану жолдарын игеру. Сабақты бекіту: Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар  аламын. ­ Сендер қандай суретшілерді білесіңдер? ­ Олардың қандай шығармалары сендерге таныс? ­ Өзіңнің салған жұмысыңды талдап бер. Сабаққа қортынды жасап бағалау. Үйге тапсырма беру: Кескіндеме өнерінің жанрларының біріне сурет сал. 1. Сабақтың тақырыбы: Пуантилизм деген не?  2. Сабақтың мақсаты:  а) Білімділік: пуантилизм туралы түсінігін тереңдету; акварель, гуашь бояуларын  мақта таяқшалары арқылы нүктелеп сурет салуға үйрету;  ә) Дамытушылық: оқушылардың көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту;  шығармашылық ойлау қабілетін, ой­қиялын арттыру;  б) Тәрбиелік: эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;  3. Сабақ әдісі: сұрақ­жауап, түсіндіру.  4. Сабақ көрнекілігі: пуантилизм техникасымен салынған шығармалар, суретші  шығармалары көрсетілген слайд­шоу, «Нүктемен сурет салуды кезең бойынша  орындау» әдістемелік кестесі, бояумен салынған суреттер.  5. Қажетті құрал­жабдықтар: акварель және гуашь бояулары, су құйылған құтылар,  мақта таяқшалары, сурет дәптері.  6. Сабақ барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушыларды сабаққа даярлау.  Сабаққа қажетті құрал­жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.  2. Үй тапсырмасын тексеру  Үйге берілген тапсырма – пуантилизм. Фломастер арқылы нүктелеп сурет салу.  Оқушылардың жұмыстарын қарап шығып, талқылау. Бағалау.  3. Жаңа сабақ  Өткен сабақты еске түсіру.  Өткен сабақта пуантилизм – кескіндемедегі сурет салудың ерекше әдісімен  таныстық, жалпы мағлүмат алдық.  Сұрақтар қою:  ­ «Пуантилизм» сөзінің мағынасы не?  ­ «Пуантилизм» сөзінің француздың «пуант» ­ «нүкте» сөзінен шыққан, яғни  нүктелермен сурет салу дегенді білдіреді.  ­ Сонымен қатар «пуант» сөзі «пуанта» яғни балерина аяқ киіміне де қатысты  мағынаны білдіреді. Балет бишісінің қауырсындай жеңіл қимылмен билеген іздері  нүктедей екендігі даусыз.  ­ Пуантилизм сөзінің екінші бір атауы бар. Ол дивизионизм – бөлінген, майдаланған  дегенді білдіреді.  ­ Пуантилизм бағытының негізін салушы кім?  ­ Бұл бағыттың негізін салған француз суретшісі – Жордж­Пьер Сера (1859­1891).  Кескіндемедегі бұл бағыт 19 ғасырдың 2 жартысында пайда болған. Пуантилизм  бағытымен жұмыс жасаған суретшілер кенеп бетіне таза араласпаған бояуларды  жағып отырған. Бөліктермен қатарлап жағу арқылы сурет салған. Олардың түрлі  түсті боп араласып көрінуі картинаға жалпылай қарағанда білінеді. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады.  Біз өткен сабақта пуантилизм техникасын үйрену үшін фломастерлерді қолданған  едік. Енді акварель немесе гуашь бояуларын қолданып нүктемен сурет салып  көрейік.  Үлгі суреттер көрсету.  Бізге қажетті құрал­жабдықтар:  1. сурет дәптері  2. Жай қарындаш  3. Өшіргіш  4. Акварель немесе гуашь бояулары  5. Су құйылған құты  6. Мақта таяқшалары  Пуантилизм техникасын бояу және мақта таяқшаларымен сурет салу кезеңдерін  түсіндіру.  Салып көрсету  Балалар түстер жайлы білеміз бе?  Негізгі түстерді атаңдаршы (қызыл, көк, сары)  Олай болса осы үш түске сәйкес үш топқа бөлінейік.  1 топ – қызыл түс тобы  2 топ – көк түс тобы  3 топ – сары түс тобы  Топтарға тапсырма беріледі.  4. Өзіндік жұмыс  Тапсырма – нүктелермен сурет салу, пуантилизм әдісімен әр топ тапсырма  орындайды.  1 топ – гүлдер суретін салу  2 топ – жемістер суретін салу  3 топ – ыдыстар суретін салу  5. Сабақты қорытындылау  Балалар сабағымызды тест сұрақтармен қорытындылайық.  1. “Пуантилизм” сөзінің мағынасы  а) бояумен сурет салу  ә) нүктемен сурет салу  б) тырнап сурет салу  2. Пуантилизм бағытының негізін салушы  а) Жорж Сера  ә) Анри Матисс  б) Ван Гог  3. Пуантилизм бағыты қай уақытта пайда болды?  а) 17 ғасырда  ә) 18 ғасырдың аяғында  б) 19 ғасырдың ІІ жартысында Оқушылардың дайын жұмыстарына шолу жасап, үздік жұмыстарды мадақтау.  6. Үйге тапсырма.  Жұмысты аяқтап келу Тақырыбы:________________________________________________ Сабақтың мақсаты Сілтеме Негізгі идеялар Қолданылатын құралдар Оқыту әдісі Дерек көзі Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып сурет салуға баулу. 3 сынып бейнелеу өнері «Атамұра» Өз бетінше ойлау ,есте сақтау,оқу,сөйлеу қабілеттерін дамыта алады.Өз ойын жинақтап,қағаз бетіне бейнелеуді үйренеді.Тақырып бойынша білімдерін жетілдіре алады. Оқулық, ақ парақ,суреттер,қаранаштар,маркерлер. Топтық және жұптық жұмыс,диалогтік оқыту,СТО Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар Кезең Білу Түсіну Сабақ бөлімдерінің мақсаты Бастапқы рефлексиялық кезең Үй тапсырмасын сұрау Жаңа сабақты тереңірек түсіндіру Оқулықпен жұмыс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу топқа бөлу. Түрткі сұрақтар қою. —Перспектива дегеніміз не? Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы қарым қатынасқа түседі. Түсінгендерін айтады. Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім. Перспектива латынның «perspicere» — «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Сызықтық перспективаның ережелері: 1. Көлемі бірдей заттар әр Оқу. Түсіну. Ережелерді Оқиды. Алманың суретін қарап, екі алма бірдей ме?- түрлі қашықтықта орналасса, онда алыста орналасқан затқа қарағанда жақындағы зат үлкен болып көрінеді. Демек жақындағы затты үлкендеу етіп бейнелеу керек. 2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады. Машықтық жұмыс. (практикалық бөлім) — ендеше бүгінгі салатын суретіміз бөлменің іші болмақ, -бөлменің ішінің салыну кезеңдерін көрсету. «Гуми,гуми » биі Қолдану Сурет дәптермен жұмыс Сергіту сәті Талдау Суретпен жұмыс,талдау жасау. Топтарға өз жұмыстарын талдау. Жинақта у Алған білімдерін жинақтау «Сезімтал саусақтар» ойыны. Тақтаға бір оқушы шығады. Оның көзін байлап, қолына бір затты ұстатып, сипалап көргіземіз. Сонан соң затты алып қойып, көзінің байлауын шешеміз. Оқушыдан сол заттың суретін тақтаға перспективалық бейнелеу талап етіледі. соны салыстырып, ережені талдайды. К. Зеленцовтың картинасын қарау. Ойларын дәлелдеу. Оқушылар бір-біріне көмек көрсету, Перспектива заңдылықтарын пайдалана отырып, сурет салуға машықтанады. Биден үзінділер қайталайды. Әр топ берілген тапсырма аясында өз жұмыстарын қорғайды,талқылайды, әңгімелеседі,диалогтік сөйлеуді қолданады. Бейнелеп, ойын толықтырып, бекітеді. Бағалау Үйге тапсырм а Рефлекс ия Сабақ барысында оқушы пікірін ескеру Формативтік бағалауды сабақ бойы жүргіземін. Жиынтық баға шығару. Топтар бір-бірін бағалау.Үш рет шапалақтау. 1.Оқулықтан 44-49 бет түсініп оқу. 2. перспектива ережесі бойынша өрнектер салып бояп әшекейлеп келу Оқушылар бүгінгі сабақтан не алғандарына кесте бойынша қорытынды жасайды. Оқушылар жауап жазып,өз пікірлерін білдіреді. Білдім Білгім келеді Үйрендім Пейзаждағы кеңістік перспективасы.   Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі пейзажбен қысқаша танысу.  Перспектива жайлы жалпы мағлұмат беру. ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне пейзажды бейнелеуде кеңістік перспективасын анықтауға  үйрету.  б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу. Құрал­жабдықтар, көрнекті құралдар:   көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.   Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық  Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тапсырмаларды орындау. Сабақты бекіту. Үйге тапсырма.Сабақтың барысы:Шығармада кеңістікті көрсету үшін сызықтық  перспективаның тәсілдерін қолдану кейде жеткіліксіз болады. Саған орман пейзажын  бейнелеу керек болды делік. Алдыңғы қатарда діңдері жіңішке, ал артқы қатарда жуан  діңді ағаштар орналасқан. Ағаштардың кейбіреуі жақын, ал кейбіреуі алысырақ  орналасқанын көрсететін пейзажды қалай жазуға болады? Жақындағы заттар үлкен, ал  алыстағы заттар кішірек болып көрінетінін сендер сызықтық перспективаның заңдары  бойынша білесіңдер. Мынадай композициялық шешім таңдайық. Ағаштардың түбіріне  қарап біз олардың қайсысы жақын, ал қайсысы алыста өсіп тұрғанын байқаймыз. Ал мына  суретте тереңдік көрсетілмегендіктен ағаштардың кайсысы жақын, қайсысы алыс орналасқандығын анықтау мүмкін емес. Бұл жерде бізге сызықтық перспектива көмектесе  алмайды. Мұндай пейзаждан кеңістік пен тереңдікті сезіну де қиын. Пейзажда кеңістікті  көрсетудің сызықтық перспективадан басқа кандай тәсілдері бар? Оны білу үшін біз  табиғатты бақылауымыз керек.Артқы шепте орналасқан ағаштар түсінің қанық емес екенін  көріп тұрсың. Олардың түсі алдыңғы шептегі ағаштар сияқты анық емес. Бұл құбылыстың  себебі, бізді қоршаған денелер алыстаған сайын жарық пен ауа кеңістігінің әсерінен  түстерін өзгертеді. Біз алыстағы заттарды көгілдір түске боялған ауа қабаты арқылы  көреміз. Бұл құбылыс ауа перспективасы деп аталады. Мына суреттердегі алдыңғы  шептегі ағаштардың түсі қанық, тіпті қара. Алыстаған сайын ашық сүр түске өзгере  бастайды. Мұнда да ауа перспективасының кұбылысын байқаймыз. Демек графикалық  жұмыс істеу барысында қара түстің қанықтығын азайта отырып, ауа перспективасын беруге болады.Ауа перспективасы — бұл заттар алыстаған сайын пішіндерінің анықтығын  жоғалтып, түстері суық тарта бастайтын құбылыс.Алыстағы таулардың қалай құбылатынын байқаған боларсың. Шыңын қар басқан таулар өте алыстан ұлпа бұлттардай жеңіл, көгілдір болып көрінеді, ал жақындаған сайын — егер орманды тау болса жасыл түске, қарлы тау ақ түске енеді. Ал кешке күн батар мезгілде таулар күлгін түске боялады. Ауа кеңістігінің  перспективасын тұманды күні жақсы бақылауға болады. Егер жақындағы денелердің  түстері мен пішіндері анық көрінсе, олар алыстаған сайын түстерінің анықтығын жоғалтып, тым алыстағылары мүлдем тұманға «батып» кетеді.ауа перспективасы сызықтың  перспективамен салыстырғанда денелердің өлшеміне емес, олардың түстерінің  қанықтығына әсер етеді. Сызықтың және ауа перспективалары бір­бірімен тығыз  байланысты. Оған төмендегі фотосуреттерге қарап көз жеткізуге болады. Алыстағы  денелер өлшемі жағынан кішкентай пішіндері анық емес, түстері қанықпаған және  анағұрлым суық реңкті болып көрінеді. Сондықтан шығармада толық кеңістік әсерін беру  үшін сызықтық және ауа перспективаларын қатар қолдану қажет.Әдетте, сенің жасыңдағы  балалар денелерді бір жазықта бейнелейді. Ал кейбіреулері қазірден­ақ кеңістікті  сызықтық және ауа перспективалары арқылы көрсетуге тырысып жүр. Сен де байқап көр.  Табиғат көрінісін сызықтық немесе ауа перспективасы арқылы ғана бейнелеуіңе болады.  Сызықтық және ауа перспективасының екеуін бірдей бере отырып, пейзаж салуға  тырысыпкөр. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Бірінші пейзаж туралы сызықтық  немесе ауа перспективасы берілген деп айтуға бола ма?Екінші пейзаж туралы не айтасын,?Пейзаждардың қайсысында  сызықтық перспектива жақсы берілген?Қай пейзажда ауа перспективасы жақсы байқалады? Жауабыңды түсіндір.Үйге тапсырма беру: Пейзаждағы перспективалық кеңістікті  бейнелейтін көрініс сал. Сабақтың тақырыбы: Күзгі пейзаждың композициясы. Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерін дәріптей отырып, балалардың ойлау қабілетін дамыту, өнерді, табиғатты сүюге, әсемдік пен әдемілікке баулу. Білімділік: Оқушылардың пейзаж туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатта болатын өзгерістерді, олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты  ерекшеліктерін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын, ой қиялын дамыту. Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында, табиғат құбылыстарының өзгеріп  отыратынын түсінуге жағдай туғызу. Танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа баули отырып, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ, топпен жұмыс Сабақтың әдісі: Сұрақ ­ жауап, түсіндіру әдісі. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, күз туралы өлеңдер, сөзжұмбақ, «кім шапшаң»  ойыны. Техникалық құралдар: Суреттер, жапырақтар, кілей, суретшілердің суреттері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық. Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге, Тәрбиенің ізеті Ал, қанекей бәріміз Сәлемдесейік үлкенге. Сәлеметсіздер ме, апайлар! Балалар кәзір жылдың қай мезгілі? Қыс дұрыс айтасыңдар. Онда сендер қыс туралы өлең  шумақтарын білеміз бе? Онда тыңдап көрелік. І топ: Тағы да қыс түсті де, Тон жамылды қырқалар. Қайың, терек үстіне Қона қалды ұлпа қар. ІІ топ: Қар жауып тұр себелеп, Қалтыраған бауларға... Бейне құйттай көбелек Қонып жатыр талдарға. ІІІ топ: Адырға бар, жарға бар, Алыпты қар бүркеніп. Қарға, қарға, қарғалар Қар үстінде жүр тоңып. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Оқушылардың ашық және тұйық композицияға салған суреттерін тексеру ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау Сұрақ қою арқылы І топ: Ашық композиция дегеніміз не? ІІ топ: Тұйық композиция қалай болады? ІІІ топ: Композициядағы басты нәрселер Тұйық немесе жабық композиция дегеніміз не? ІV. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту ­ Сәлеметсіңдер ме, балалар!. Мен сендермен жүздескеніме  қуаныштымын. Бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Өлең жолдары арқылы бастаймын Бұл қай кезде болады? Бұлттар төніп, Жерге шөгіп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, Өңі тайып, Дала сұры қашады. Бой жаза алмай, Ойнай алмай, Денең мұздап, тоңады. Айтыңдаршы, балаларым. Бұл қай кезде болады? (Күз айы) Міне, күздің соңғы айы келді. Тағы да қолға қалам алатын шақ. Күз тақырыбына арналған өлең шумақтарын білеміз бе? Онда тыңдап көрелік Күз тақырыбына арналған өлеңдерді балалар оқиды. І топ: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан – алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. ІІ топ: Сары алтындай сары күз ­ Қамбадағы дәніміз. Шелек – шелек балымыз, Ағыл – тегіл ағымыз. ІІІ топ: Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы ен далам Дариядай шалқып жүр. Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Күзгі пейзаждың композициясын  жасаймыз Мұғалімнің түсіндірмесі. Композиция (латын сөзі ­ kompositio ­ құрастыру, тәртіпке келтіру) ­ көркем шығарманың  құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та, әр алуан сюжетке  құрылады. Сюжет дегеніміз ­ шығармадағы адамдардың бір ­ бірімен байланысы, қарым ­  қатысы, күрес ­ тартыстары ­ шығармадағы оқиғаның дамуы.. «Күзгі композиция» Пейзаж ­ француз сөзі, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда,  Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай ­ ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр  алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері  суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың  мінез ­ құлқын айнытпай беруге тырысады. Күзгі көрініс Ұшты талдан жапырақ Сары көбелек секілді. Аспанда жай шатырлап, Тамшы жерде секірді. Барын беріп халыққа, Жұмыстан соң қалжырап, Дала ұқсайды алысқа, Дамыл алған маужырап Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар  облысыШарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Мұзафар Әлімбаев ­ қазіргі  Әл ­ Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі (1965),  Сабақтың тақырыбы: Пропорция туралы түсінік.Таңғажайып  жануарлар.  Сабақтың мақсаты:  Білімділігі: Оқушыларға пропорция туралы түсінік беру Құстардың, жануарлардың  пропорциялық ерекшеліктерімен таныстыру. Олардың пропорцияларын дәл  беріп, бейнелеуге үйрету.  Тәрбиелілігі: Құстар мен жануарлардың түсі, пішіні мен дене бөліктерін сәйкестендіру  арқылы олардың айырмашылығын байқауға тәрбиелеу.  Дамытушылығы: Оқушылардың бейнелі ойлау, қол икемділігі, пропорциямен жұмыс  істеу қабілеттерін қалыптастырып дамыту.  Сабақтың түрі: топтық  Пәнаралық байланыс: Дүниетану. Ана тілі.  Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сурет салу, кітаппен жұмыс, топтық жұмыс.  Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, «Сергіту сәті», суретті карточкалар,құстың  бейнесі, үнтаспа.т.б.  Қажетті құралдар. Карандаш, сурет дәптер, түрлі түсті бояулар, бояу тақта, су құятын  сауыт, қол орамал т.б. заттар.  Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.  Сурет салған кезінде оқушылардың бейнелі ойлау, қол икемділігі, пропорциямен жұмыс  істеу қабілеттерін қалыптастырып дамыту, заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның  өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі.  А) Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу. Б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.  2. Үй тапсырмасын сұрау.  А) Оқушының сурет альбомын қарап бағалау.  Ә) Өтілген тақырыптан негізгі ұғымдарды еске түсіру.  1. Композиция деген не?  2. Композицияның түрлерін ата?  3. Композицияның басты бөлігін қалай айқындауға болады?  4. Пейзаж деген не?  5.Пейзаж салудың алдында нелерді еске түсіреміз?  6.Күзгі пейзажды суреттеген қай ақынның өлеңін білесің?  3.Жаңа сабақ: а) теориялық бөлім:  Пропорция туралы түсінік.  Танғажайып жануарлар.  Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда «арақатынас» немесе «шамалас» деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде «пропорция» деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің  өлшемдік қатынасы немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік  сәйкестілігін айтады. Әр нәрсенің пропорциясы оның құрлысының ерекшеліктеріне тығыз  байланысты. Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын  биіктігінің көлденеңіне, бір бөлімінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.  Сурет салғанда жалпыдан жекеге көшу принципін ұстану керек. Оқулық бойынша  таңғажайып жануарлар мен құстардың фото суреттерін тамашалап, олардың  пропорциясының ерекшеліктері туралы айту суретшілер ойша немесе натурадан сурет  салған кезде бейнеленетін дененің пропорцияларын дәл беруге тырысады.Ал, ойыншықтың  долбарын немесе иллюстрация жасаған кезде пропорцияны сақтамайды.  Керісінше, оның жасаған кейіпкерлері мен ойыншықтары қызықты, ерекше ойда  қалатындай болуы үшін, пропорцияларын өзгертіп, әсерлі варианттар іздейді.  Ә) Машықтық жұмыс.  Оқушыларға жақсы көңіл ­ күй сыйлау мақсатында үнтаспадан музыка ойнап тұрады.  Оқулықтағы суреттерден құсты және жануарды тапсырма бойынша бейнелеу. Жұмысты  аяқтаған соң, балалар суреттерді салыстырып қай жұмыс әсерлірек шыққанын анықтайды.  5. Сергіту сәті. Бұнда біз бойымызды, ойымызды сергітіп аламыз.  Мынау сары қарындаш,  Мұнымен күнді бояймын.  Мынау қызыл қарындаш,  Мұнымен гүлді бояймын.  Мынау жасыл қарындаш,  Мұнымен жерді бояймын.  Мен суретші боламын,  Қарындашты аламын.  Неше түрлі бейнені,  Әдемілеп саламын.  6. Өзіндік жұмыс «Кім жылдам?» ойыны. Геометриялық фигуралармен жұмыс.  Фигураларды пайдаланып, түрлі бейнелердің суретін салу.  7.Қорытынды бөлім.  Сабақты «Құс ұшыру» сұрақ­ жауап ойыны арқылы қорытындылаймыз.  Оқулықтағы құстар жайлы. олардың ерекшеліктерін кім айтады?  Тукан, бірқазан, қоқиқаз, жапалақ, тауыс туралы әңгімелеп айтады?  Жануарлар туралы кім айтады?  Керік, сусиыр, түйе туралы кім әңгімелеп айтады? Құстар, жануарлар жайлы өлең тақпақ, жұмбақтар білетіндерің бар ма?  8. Үйге тапсырма.  Осы құстар мен жануарларды салған суретті аяқтап, бітіріп келу.  9.Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау.  Сабақтың тақырыбы: Материалмен жұмыс Ойыншықтың пропорциясымен жұмыс істеу. а) Материал түрлері жайында мағлұмат беру. Оқушыларға түрлі материалдармен жұмыс  жасаудың тәсілдерін үйрету. ә) Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. б) Эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту Сабақтың түрі: Тақырыпқа сурет салу Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ ­ жауап Пән аралық байланыс: Ана тілі, ән ­ әуез Көрнекілігі: Түрлі қағаздар, ермексаз, майлы бояу түрлері Сабақтың барыс: I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару II. Үй тапсырмасын сұрау ­ Ойыншық бейнесін жасау үшін қандай материалдар қажет? ­ Дизайнер дегеніміз не? Оның атқаратын қызметі қандай? ­ Қандай ертегі кейіпкерлерінен ойыншық бейнесін құрастыруға болады? III. Жаңа сабақ Материал түрлері жайлы не білесіңдер? ­ Ойыншықты әр түрлі материалдармен  құрастыруға болады. Ол үшін тері, жіп, немесе қағаз түрлерінен әдемі етіп ойыншықтар  құрастыруға болады. Әдемі ойыншықты қарағай бүрі, ағаш бұтағы және емен жаңғағы сияқты табиғи  материалдардан да жасайды. Тек нобайын сызған кезде жасағалы тұрған ойыншығымыздың неден жасалатынын ойласып алған жөн. Ең ыңғайлы материалдардың бірі – ермексаз.  Ермексаз қолға ұстап, майыстыруға да өте ыңғай болып материал болып табылады. Ол  үшін біз ермексазды майыстыру арқылы ойыншықтың пропорциясын жасап аламыз. Жасап  алынған үлгімізді түрлі бояумен бояуға болатынын ұмытпаған жөн. IV. Өздік жұмысы Оқушылар тақырып бойынша сурет салады. V. Сабақты бекіту Ойланып жауап бер. ­ Материал түрлері жайында не білесің? ­ Композиция дегеніміз не? Оның неше түрі бар? ­ Сызықтық перспектива деген не? ­ Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер? VI. Тапсырма Сабақта жасаған жұмыстарын аяқтап келу VII. Бағалау Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен  таныстыру. Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, әр түрлі пішіндік композиция құрастыруды  меңгерту. Табиғи материалмен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Көрнекілігі: табиғи материалдар, дәндер, интерактивті тақта. қайшы, желім, сым темір,  ермексаз, үлгілер. Әдісі: жаңа сабақ, түсіндіру, талдау Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. II. Үй тапсырмасын тексеру. Қарағай ағашы туралы не білеміз 2. Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қажетті құрал­жабдықтар: Қол арамен ағаш кеседі. Түрпімен материал бетін тегістейді. Зімпара қағазбен материал бетін тазалайды. Пышақпен майда материалдың ұшын шығарады. Қарындашпен белгі салады. 3. Ағаш материалына қалай белгі саламыз.  Шеті түзу, жарылмаған ағаш таңдаймыз  Керекті ұзындық өлшеніп, тақтайдың бір шетінен бастап белгі саламыз.  Ағашты белгі салынған жерден қоларамен кесеміз.  Ағаш тайып кетпес үшін қосымша жабдық пайдаланамыз. III. Қызығушылықты ояту ­ Балалар, біз әр таңымызды көтеріңкі көңіл­күймен қарсы аламыз. Сүйікті Отанымыздың  көк байрағы шұғылалы күн аясында желбірейді. Арайлап тағы бір таң атты. Айналамызға  көз салаықшы. ­ Қазір жылдың қай м езгілі? Олай болса осы әсем табиғат аясында серуендеп қайтамыз деп « Тоғай сәулеті» деп аталатын көрмеге аттанамыз. IV. Жаңа сабақ. Мына заттар қалай аталады? Табиғи материалдар Органикалық (жанатын) Бейорганикалық (жанбайтын) Өсімдік тектес табиғи материалдар Сазбалшық, құм, бор, ермексаз, жұмыр тас,  қайыршақтар т. б Біздің республикамыздың әртүрлі аймағында сол жерге тән өсімдік тектес және  бейорганикалық табиғи материал бар. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдардың бөлшектерін жапсыру, біріктіру үшін  ермексаз, тіс тазалағыш, аылшын түйреуішін пайдаланамыз. Табиғи материалдардан композиция құрастырамыз. «Аққулы көлде» композициясы. ­ Аққу қандай құс? Сарамандық жұмыс • Қатырма қағазға көк түсті қағаз жапсыру. • Жұмыртқадан аққу бейнесін жасау • Құстың мойнын жұмсақ темірден иіп, денесіне ермексазбен біріктіру • Көл бетіне орналастыру • Айналасын кептірілген өсімдіктермен әсемдеу. Топтық тапсырма I топ Құмыраны әшекейлеу ермексаз, моншақ, жеміс сүйектері Құстар туралы не білеміз? II топ Кірпі жасау шемішке дәні, ермексаз o Қазақстанда құстардың 480 түрі бар o Табиғатқа сән береді o Олар ағаштағы, жердегі зиянды жәндіктерді жейді. o Ән салып, көңіліңді көтереді. o Құстар жемі азайғанда жылы жаққа топталып ұшады. o Көктемде оралады, ол жақ жылы болады, жұмыртқа шіріп кетеді. o Бақтың сәні o Құстарды атуға, жәбірлеуге болмайды. Уақытың болса тыңдап ал Құс сұлуы.................................3­4 жасқа дейін сұр қу болып өседі» ...............................30­40 жыл өмір сүреді Қардан да аппақ, үш түс бойынан табылады. .................................Өте тату құс (cid:252) (cid:252) (cid:252) (cid:252) «Бесік баласы бес түлейді».......................... Көлде жүзіп келе деген мақалға сай ол да................................жатқанда үйрек­қаз 3­4 жыл түлеп, шын....................................шетке ысырылып жолды аққуға айналады................................................береді екен Сабақты қорытындылау Табиғи материалдар туралы не білеміз? Көктемгі гүлдерден, өсімдіктерден не жасауға болады? Бағалау Үйге тапсырма «Аққулы көлде» композициясын жасау Күні: пәні:_____________________________________  Сабақтың тақырыбы: Матрицалармен жұмыс  Сабақтың мақсаты:  Матрица туралы түсінік беру және олармен жұмыс жасауға үйрету, ұйымшылдыққа,  тазалыққа, шапшаңдыққа баулу.  Еңбекке, суретке деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білу  қабілеттерін дамыту.  Сабақтың әдісі: топтық  Сабақтың өту барысы:  І. Ұйымдастыру.  – Оқушылардың сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.  – Енді бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз.  – Әр оқушы өз қолдарындағы қағазға қарап аталған бейнелеу өнерінің түрлері бойынша бір  – бірімен топ құрайды.  – Пейзаж деген не? /бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанры/  – Композиция деген не? /суреттің парақ бетінде әсерлі орналасуы/  – Гамма деген не? /белгілі бір көңіл күйді білдіретін бірнеше түстердің үйлесімділігі/ ­ Гуашь деген не? /суда еритін қоймалжың бояу/  ІІ. Сабаққа кіріспе  – Балалар біз сабағымызды бастамас бұрын, алдымызда үстелдің үстінде алма, картоп,  сәбіз тұр. Осылардың барлығы бізге пайдалы, күнделікті тамаққа қолданып жүрген  жемістер мен көкөністер. Бірақ дәл қазіргі кезде солардың ішінен бізге жеуге қайсысы  қолайлы?  – алма  – Себебі алма адам ағзасына өте пайдалы. Оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген дәрумендер бар. Олар адам бойына күш, қуат береді. Сондықтан күш, қуатымызды  арттырып алып, сабаққа жақсылап қатысатын боламыз.  ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  – Алдымен үйге қандай тапсырма берілді?  – Өзіңе ұнайтын ертегі кейіпкерлеріне иллюстрация жасау.  /оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау/  IV. Пәнаралық байланыс.  олармен біз қай сабақтарда көбіне жұмыстанамыз?  Еңбек  Олай болса бейнелеу өнері сабағы еңбек сабағымен тығыз байланысты. Өйткені бейнелеу  өнері тек сурет салуды ғана емес, сонымен қатар еңбекшіл, қолынан іс келетін икемді  болуды қажет етеді. V. Жаңа сабақпен байланыс  Балалар міне біз кез келген материалдармен, жемістер мен көкөністерден де жұмыс жасай  аламыз. Тіпті жұмыс жасап қана қоймай олармен біз сурет сала да аламыз. Ондай заттардан сурет салуды матрицалармен жұмыс деп атайды.  VІ. Жаңа сабақ. Теориялық бөлім  Ендеше бүгінгі сабақта матрицалармен сурет салатын боламыз. Ол өте қызық. Матрица  деген не? Матрица деген ол таңбалар. Алдымен осы матрицаларды, яғни таңбалар жасап  аламыз. Оларды картоптан, сәбізден, алмадан, асқабақ қабығынан жасауға болады.  /жасалған матрицаларды көрсету/. Әртүрлі суреттер салу үшін осылардан әртүрлі  фигуралармен, қарапайым пішіндер жасап аламыз. Содан соң қоймалжың су бояуды  пайдалана мыз. Алдымен бояуды өзінің тақтайшасына езіп дайындаймыз да, сол бояуға  дайын піші німізді батырып аламыз. Енді әбден жұққаннан соң алып сурет салатын  альбомға бастырамыз. Бастырғанда манағы пішініміз пайда болады. Дайын болған суреттің  сыртынан фламастер, маркерлер пайдалану арқылы жан жағын әдемілік үшін жинақтау  мақсатында сызып шығамыз. Осылайша бірнеше қайтара бастыру арқылы әртүрлі суреттер  салуға болады.  VIІ. Практикалық жұмыс.  Оқушыларға көрсете отырып, картоптан жасалған матрицамен гүлдің суретін салу  Оқушылар өздерінің салған суреттерін сыртын сызықтармен бастырып көркемдейді.  VIII.Ойын  Ойынның шарты әрбір командаға А3 қағазын беремін. Сол қағазға әр топ мен айтқан  нарсенің суретін белгілі бір уақыт ішінде салып отырады.  Күн, тал, үй, гүл.  IХ. Сабақты қорыту.  Бүгінгі сабақта не үйрендік?  Матрица деген не?  Матрицаларды нелерден жасайды?  Матрицамен жұмыс жасауда қандай жеңілдіктер мен қиындықтар болды?  Оңай жағы  Қиын жағы Х. Бағалау.  Сабақтан алған әсерлері туралы смайликтер таңдайды  Өте жақсы Жақсы Орташа Онша емес  ХІ.Үйге тапсырма:  Гуашь бояуымен түрлі түсті қағазға шығармашылық жұмыс орындау,қосымша тапсырма.  Сабақтың тақырыбы: Иллюстрация Сабақтың мақсаты: 1. Иллюстрация туралы жете түсіндіру. 2. Иллюстрациялық суреттер орындаудың мән – мағынасын орындауын үйрету. Бояу мен  қылқаламмен жұмыс істеулерін жетілдіре түсу. 3. Иллюстрациялық суреттерден әсемдікті тани білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: Іскерлікке баулу сабағы. Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, сарамандық жұмыс. Сабақ көрнекілігі: Иллюстрациялық суреттер, плакат, интерактивті тақта, қалташалар,  оқулық. Сабаққа қажетті құралдар: Түрлі – түсті бор, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, сызғыш,  тушь, альбом. Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих, математика, музыка, өмірмен байланыс. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін, әуелі осы сабаққа қажетті құралдарды түгендеу үшін «жасырынған түстер» ойынын ойнаймыз. Үстел үстінде сұрақтар жазылған дөңгелектер тұр. 1. Білім бұлағы не? (кітап) 2. Жаза – жаза батыр. Бойы қысқарып жатыр. (қарындаш) 3. Оқушы қате жазса кешіреді, Сосын өзі сүртіп – сүртіп өшіреді. (өшіргіш) 4. Түрлі – түсті бөкендер, Суреттерге сән берген. Олар егер болмаса, Суреттер қара күйге енген. (түрлі – түсті бояулар) (осыларды бірлесе отырып шешеді) Мұғалім: Сонымен бәріміздің бейнелеу өнері кітабымыз, өшіргішіміз, альбомымыз,  қарындашымыз, бояуларымыз түгел ғой, яғни бүгін сабаққа дайын екенсіңдер. «Солдат  майданға мылтықсыз бармайды» дегендей бейнелеу өнерінің өзінің құрал – жабдықтарсыз  келуге болмайды екен. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Мұғалім: Үйге не берілді? Оқушы: Композиция және бейнелеу өнерінің түрлерін қайталап, еске түсіріп келу. (Оқушыларға бір – бір сурет таратып беремін: Олар суретті тақтада тұрған қалташаларға  дәл тауып, апарып салады, әр оқушы суреттің сыртына қарындашпен аты – жөнін жазады). Қалташалардың сыртына натюрморт, пейзаж, портрет, мүсін өнері, графика деп жазылған.  (Суреттерді қалташаларға салып болған соң, сабақ соңында бағалайтынын ескертемін). Мұғалім: Енді сендерге мынандай сұрақтар қоямын. 1. Кескіндеме өнері яғни живопись дегеніміз не? 2. Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар? (портрет, пейзаж, натюрморт, анималист, композиция) т. б. 3. Портрет дегеніміз не? (адам кескінің бейнелеу). 4. Автопортрет дегеніміз не? (суретші өз суретін салуы) 5. Пейзаж дегеніміз не? (табиғатты бейнелеу). 6. Анималист деген не? (жануарлар мен аңдардың суретін салушы). 7. Композиция дегеніміз не? (композиция латынның composio, яғни ойлап шығару, «құрастыру» деген сөзінен шыққан  ұғым). 8. Композицияны салғанда суретші нені ескеру керек? (симметрия, ритм, тепе – теңдік, контраст және нюанс) 9. Симметриялы дегенді қалай түсінесің? Бұл сөзді көбірек қай сабақтан естідіңдер? (грек  сөзі заттың екі жағы бірдей, тең болып тұрады. Біз математика сабағында көп естиміз). 10. Композицияны салғанда қалай бастайды? (композицияны нобай жасаудан бастайды. Түзету оңай болу үшін сурет сызықтарын ақырын жүргізу керек). Иллюстрация жоспары: 1. Иллюстрация. 2. Иллюстрация туралы түсінік. 3. Кітап графикасы және салыну мәні. 4. Абайдың «Желсіз түнде, жарық ай» өлеңіне салынған иллюстрация туралы. 5. «Қазақ эпосындағы иллюстрациялық» суреттер туралы түсінік. ІІІ. Жаңа тапсырманы түсіндіру: Мұғалім: Жаңа біз композицияның түрлі – түсті бояуымен өте жарасымды, тепе – теңдігі  сақталған кескіндеме өнерінің түрі екенін айттық. (живопись суреттің түрлерін көрсетіп, сұрақ қою). Мұғалім: Бұл өнерінің қай түріне жатады: ­ живопись (кескіндеме) ­ неге? ­ себебі түрлі – түсті бояумен салынған. Ал, түсіндірейін деп отырған иллюстрация да түрлі – түсті бояумен салынады.  Иллюстрация латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Мысалы, кітап сыртына  иллюстрациялық суреттер салынады, ол кітаптың мазмұның аша түсу үшін керек. Кітапты  иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі. Графика туралы естеріңде ме? Графиканы салу үшін алғашқы кезде қарындаш көмір, тушь  пайдаланған дегенмін. Кітапты иллюстрациялағанда оның мазмұнына сәкестендіру.  (Мысалы, ретінде бірнеше кітаптардың суретін көрсету керек). Кітап графикасына атақты суретшілеріміз Ә. Қастеев, Қ. Қожықов, Н. Смағұловтар көп  еңбек сіңірген. Бұдан иллюстрациялық суреттерге тоқталайық Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларына кезінде суретшілер бірнеше иллюстрация  жасаған. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айтып көрейікші. Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп Ауылдың жаны – терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп, Қалың ағаш жапырағы. Сыбырласып өзді ­ өзі, Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. (интерактивті тақтадан көрсет). Ақынның бұл өлеңінен ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі – түсті бояулардан жасалған  күйлі де келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз. Желсіз, тымық түн. Айнала жым – жырт. Аспан толықсыған ай сәулесі өзен бойын алтын  түске бөлеп, діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы, маужыраған түн, жасыл шөп,  қырмызы гүл – бәрі ерекше сұлулық танытқандай. 1. Табиғаттың көрінісін суреттеуді не деуші еді? (пейзаж). 2. Абайдың тағы қандай өлеңдері бар? (қыс, күз, жазғытұрғы) т. б. Сондай – ақ, халқымыз ел қорғаны батырлары қадір тұтқан, ардақтаған. Қылқалам  шеберлері оларға да сан алуан иллюстрациялық суреттер салған. Мысалы, «Қазақ эпосы»  кітабы батырларға арналған иллюстрациялық суреттер көп. Онда зор тұлғалы, тұлпар  мінген Қобыланды батыр бейнесін салынған. Кең жазық дала, аспан. Қобыланды батырдың  басқыншылар мен күреске шығуға аттанып бара жатыр. Халық оның жеңіске жететініне  сенеді, өйткені ол батыл, ер жүрек, қайратты туған елін шексіз сүю. Сендер де Қобыландыдан өз еліңді, жеріңді. Отаныңды яғни Қазақстаныңды сүюлерін  керек. «Қазақстанның болашағы мектептен басталады» деп ел басымыз Н. Ә. Назарбаев  айтқандай еліміздің сендерсіндер, осы естеріңде болсын. (Қобыланды батырдың  иллюстрациясын көрсету) Сол сияқты иллюстрациялық суреттер қазақ ертегілер мен  аңыздарыңда да көп. Иллюстрацияны әр уақыт мазмұнға қарап салу керек. V. Бекіту кезеңі: Сарамандық жұмыс. (тақтамен жұмыс сурет салу). Оқушыларға көрсету,  салдыру. VІ. Қорытынды: 1. Иллюстрация деген не деген? 2. Кітаптың мұқабасына иллюстрациялық суретпен безендіргенде нені ескеру керек? 3. Ертегілерге салынған қандай иллюстрациялық суреттер білесіңдер? VІІ. Бағалау: Баға қою. VІІІ. Үйге тапсырма: Өз ойларынан бір – бір иллюстрация салып келу. Сабақтаң тақырыбы: «Натюрморт жанры» Сабақтың мақсаты: • Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру. • Нәрселердің әр түрлі көлемін салыстырмалы түрде елестете отырып, әр жазықтарға бөліп, геометриялық бөліктерге дағдыландыру. • Сурет салудың заңдылықтарын үйрету. Сабақтың дамытушылығы:  • Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау. • Ойлау қабілеттері мен шеберліктерін дамыту. • Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету. Сабақтың тәрбиелік мәні: • Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. • Бейнелеу өнерінің эстетикалық мазмұнын оқушылардың бойына сіңіру. Сабақтың түрі: • Затқа қарап сурет салу. Сабақтың әдісі:  • Репродуктивті әріс. Сабақтың көрнекілігі: • Слайд «Бейнелеу өнерінің­ натюрморт жанры». • Суретшілердің шығармалары, репродукциялар. • Үздік сурет салатын оқушылардың шығармалары. • Сөз жұмбақ. Сабаққа қажетті құрал­жабдықтар: • Интерактивтік тақта, электрондық маркер, бейнелеу өнері сабағына керекті құралдар.  • Натюрморт заттары.  Пәнаралық байланыс: • Тарих, қазақ әдебиеті. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны  белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау. Өткен сабақты қайталау (сұрақ­жауап арқылы): • Қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер? • Қандай әйгілі суретшілерді білесіңдер? • Қазақтың суретшілерінің қандай туындыларымен таныссыңдар? • Бейнелеу өнерінің жанрларын ата. Жаңа сабаққа кіріспе: Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау  қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай  бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері  дегеніміз не? • Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші. • Кескіндеме. • Графика. • Мүсін. • Сәулет өнері. • Сәндік қолданбалы өнер. • Дизайн өнері. Сыныпты үш топқа бөліп аламыз. І­ші топ – Қылқалам шеберлері. ІІ­ші топ – Ә. Қастеев шәкірттері. ІІІ­ші топ – Бояулар әлемінің шеберлері. ­ Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз. Осы үш топқа бейнелеу өнерін қаншалықты  білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямыз. Сендер жауап беріп ұпай жинайсыңдар. • Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс) • Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық  түстер) • Хроматикалық түстерді атаңдар. (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.) • Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр). • Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі). • Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын, күннің әсеріне байланысты  түстерлің өзгеруі). • Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы). • Түр түс туралы қандай ғылым бар? (колористика). • Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу).  • Перспективаның түрлерін ата. (жазықтық, ауа, сызықтық, жарық, көлеңке). • Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік). Жаңа сабақты түсіндіру: ­ Ал, енді, алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай  жанрына жатады? ­ Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт  т.б. жанрлары бар. Бүгін біз натюрмотр жанрына тоқталамыз. Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған  ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс­жидектерді,  өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған  көркем шығарма болып табылады. Натюрморт ­қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натбрморт екі, үш заттан аспайтын, күделікті тұрмыста қолданылатын  қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.  Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші  қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық ,  қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық баба білу  суретшілердің төл мінезі болып табылады. Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натбрмортын, мың құбылта  бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай­ақ қазіргі кездегі қазақ  суретшісі Ботакөз ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.  Сарамандық жұмыс:  • Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады. • Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі. • Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз.  • Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялықденелерге ұқсастығына талдау  жүргіземіз. • Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға  дайындаймыз. • Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз. Сабақтың қортындысы: Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп мынандай сөзжұмбақты шешейік. (үш топқа  берілетін тапсырма). Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақтың сұрақтары: 1.Түстерді зерттейтін ғылым? (Түстану). 2. Түртапқыш тақтайша. (Палитра). 3. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы? (Спектр). 4. Жаратылыстану ғылымына спектрді енгізген ғалым. (И. Ньютон). 5. Су бояуы. (Акварель). 6. Хайуанаттардың суретін салатын суретші. (Анималист). 7. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. (портрет). 8. Түстердің пайда болуын зерттеген ғалым. (Аристотель). 9. Мата бетіне сурет салу қалай аталады? (Батик). Үйге тапсырма: Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау. Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін,  натюрмортты аяқтау. Оқушыларды бағалау: Әр топтың жинаған ұпайларына байланысты бағалау. Жұмыс орындарын жинастыру. Сабақтың тақырыбы: Натюрморт салайық. Қыш ыдыс пен алманы бейнелейік. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қыш ыдыс пен алманы бейнелеуді үйрету, натюрморт туралы білімінді одан  әрі тереңдету, көлемі бар заттардың бейнелеуін бекіту. 2. Дамытушылық: өз ойын толық айта білу қабілетін арттыру, дамыту; сезімді сурет  арқылы ояту; танымдық қызығушылықты дамыту. 3. Тәрбиелік: сұлулық тәрбиесі; әр заттың көрінісіне қызықтыру; мұқиятшылықты дамыту. Көнекіліктер: сөзжұмбақ, қыш ыдыс, алма, тұрлі түсті маталар. Сабаққа қажетті құрал­жабдықтар:  А4 форматы қағаз, қарапайым қарындаш, кетіргіш, қылқалам, акварель, су. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: I. Ұйымдастыру бөлімі II. «Ой қозғау» III. Жаңа тақырып IV. Тапсырманы орындау V. Бекіту  VI. Бағалау  I. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ   Сәлеметсіз бе, балалар?   Кезекші кім? Сабақта кім жоқ? Сынып сабаққа дайын ба? II. «ОЙ ҚОЗҒАУ»   Ал қазір, балалар, сіздер сөзжұмбақ шешкенде өткен тақырыптарды қайталап, жаңа  тақырыпты табасындар.СҰРАҚТАР: 1) Сурет салатын құрал. 2) Табиғаттың суреті қалай аталады? 3) Суретті түзетеін құрал 4) Білезіктегі сурет 5) Негізгі түстердің бірі 6) Кесеге салынатын өрнектің түрі 7) Жердің түсі 8) Бояудың түрі 9) Адам бейнеленген суреті III. ЖАҢА ТАҚЫРЫП Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы  қадамы болып табылады. Натюрморт жансыз заттар мен бұйымдардан бейнелеу үшін  үйлестіріп қойылған көрініс.  Натюрмортқа қойылған заттар мен бұйымдар кейде белгілі бір тақырыпқа байланысты  іріктеледі. Мысалы, жемістерден, тұрмыстық бұйымдардан т.б. Сондықтан натюрморт  жанрларына ерекше назар аударған жөн.  Натюрморт салғанда басты нәрселердің өзара дұрыс орналасуын белгілеу керек.  Акварельмен жұмыс істегенде ең алдымен салатын заттың өңіне ұқсас бояумен бастаған  орынды.  Бояу үйлесімділігін мұқият іздеп табуды естен шығармау керек. IV. ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ Сіздердің алдарында қыш ыдыс пен алмадан құрылған натюрмортты бейнелендер. V. БЕКІТУ   Натюрморт дегеніміз не?   Натюрморт бейнелегенде неге назар аудару керек?   Бүгінгі сабақ ұнады ма? Үй тапсырмасы: тасқұман мен кеседен құрылған натюрмортты бейнелеп келіндер  (күнделіктерге жазады) VI. БАҒАЛАУ Осымен, балалар, сабағымыз аяқталды. Құрал­жабдықтар мен орындарынды жинақтандар.  Сау болыңыздар. Сабақтың жоспары I. Бейнелеу өнері Сыныбы: 3 II. Тақырыбы: Пейзаж өнері III. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғат бояуларымен таныстырып, ақынның өлең  шумағына иллюстрация жасауға үйрету. IV. Көрнекіліктер: Түрлі ­ түсті бояулар, акварель Табиғат көріністері, ақынның өлең шумағы, пейзаж өнеріне үлес қосқан суретшілер  портреті V. Қажетті құрал ­ жабдықтар: Сурет альбомы, акварель бояуы, су құятын ыдыс. VI. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, дүниетану VII. Әдіс ­ тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтамен жұмыс, сұрақ ­ жауап VIII. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың барысы: IX. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшіні тағайындап, бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру. Бояумен нәрсенің түрін, түсін, кескін – келбетін суреттеп көрсету ­ кескіндеме өнері. Ахмет Байтұрсынов портреті X. Өткен тақырыпқа шолу “Кім жылдам”? ойыны 1. Натюрморт дегеніміз не? 2. Натюрморт жанр ма, әлде өнер түрі ме? 3. Натюрморт құрастыру дегеніміз не? Сергіту сәті Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп­кішкентай ағаштар, Үп ­ үлкен болып өседі. XI. Жаңа сабақ Пейзаж өнері Егер сен өз суретіңде табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орманды, алыстағы  елдерді бейнелеген болсаң, онда сені пейзажшы ­ суретші деп атауға болады. Ал сенің  шығармаң пейзаж деп аталады. Пейзажды салып үйрену үшін табиғат аясында жиі болған дұрыс. Жан ­ жағыңда болып  жатқан өзгерістерге назар аударып, көңілге тоқи білу керек. Қазақстанның табиғаты өте  бай және алуан түрлі. Бізде теңіздер, өзендер мен көлдер, биік таулар мен ормандар бар. Суретші басқалар көңіл аудара бермейтін дүниелерді көретіндей сезімтал, байқағыш болуы керек. Мысалы аспанның түсі қандай? Әбілхан Қастеев(1904 ­ 1973)­ қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график ­ суретшісі, қазақ  бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып ­ өскен жері Алматы облысына қарасты  Жаркент төңірегі. Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік аулында дүниеге келген. Қазақ қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш игерген және халық  суретшісі атағында бірінші болып алған кескіндемеші ­ суретші. Абай Құнанбайұлы(1845 ­ 1904)­ Қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба  әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Туған жері ­ бұрынғы Қарқаралы  ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Абай біртектес өлеңдер жазуға ұмытыла  бермеген. Абайдың жылдың төрт мезгілін суреттейтін ­ “Қыс”, “Күз”, “Жаз”,  “Жазғытұрым” секілді бір топқа, циклге жататын өлеңдерінің де әрқайсысы мазмұн ­  мағынасы, суреттеу тәсілі жағынан әр түрлі болып шыққан. XII. Сарамандық бөлім: Өлеңді түсініп оқы, өлеңге қарап иллюстрация құрастыр 1. Ақын қысты кімге теңейді? 2. Абай өлеңіндегі адам бейнесінде айтылатын қысты сипатта? 3. Өлеңінде балалар туралы не делінген? Малшы туралы ше? Абай Құнанбаевтың “Қыс” өлеңіне иллюстрация құрастыру Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр мылқау, танымас тірі жанды. Үсті ­ басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды. Борандай бұрқ ­ сарқ етіп долданғанда Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті қолы домбығып үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы, Бет қарауға шыдамай теріс айналды Шидем ­ қой жүнінен тоқылған сырт киім (сөздікпен жұмыс) XIII. Сабақты қорытындылау 1. Адамның бет бейнесі бейнеленген көркем шығарма қалай аталады? 2. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график ­ суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін  салушылардың бірі? 3. Қазақ қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш игерген және халық суретшісі  атағын да бірінші болып алған кескіндемеші ­ суретші кім? 4. Егер сен өз суретіңде табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орманды, алыстағы  елдерді бейнелеген болсаң, онда сені кім дейді? 5. Жылдың 4 ­ мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың ұлы ақынын ата? 6. Көркем шығармалар жинағы қалай аталады? Сөзжұмбақ жауабы ә)“Қыс” өлеңіне құрастырылған иллюстрациялық суреттер бойынша көрме ұйымдастыру XIV. Бағалау XV. Үйге тапсырма: “Менің ауламдағы пейзаж көрінісі” атты тақырыпта бейнелеу жұмысын жүргізу. Тақырыбы: Оқушылардың танымдық процестерін дамыту арналған жаттығулар Сабақ мақсаты: Оқушылардың танымдық процестерін дамыту Сабақ түрі: психологиялық тренинг сабақ Қажетті құралдар: тоқыма жіп, А4қағаздар, себет т.б. Тренинг ережесі: Тыңдай білу Белсенді қатысу Сөзді бөлмеу Күлімсіреу Сын айтпау Уақытқа бағыну Сабақ барысы: І. Кіріспе сөз ІІ. Танысу рәсімі: «Достық торы» тренингі  Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін  арттыру. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма жіпті бір саусағымен іліп алып өз  есімінің бас әріпінен басталатын жақсы қасиетін теңеп таныстырады да өзі қалаған  қатысушыға лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек.  Соңында «Достық торы» пайда болады.  ІІІ. «Сөздерді есте сақта» Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау. 1минут ішінде 12 сөз оқылады және есте сақтау ұсынылады. Сөздер: сүлгі, қоян, теледидар, шам, жүзім, шұлық, жыртық, пісте, дәрі, көңіл­күй, ұя,  жылан.Мағынасы бойынша өзара байланыспайтын сөздерді қалай есте сақтап үйренуге  болады?Бірінші сөз МАСА. Мен оның семсердің жанынан ұшып жүргенін көремін.  СЕМСЕР­бұл екінші сөз. Келесі сөз­Мысық. Семсерге қараймын­оның қол ұстайтын жері  мысықтың басы сияқты түрде жасалынған. Мысықтардың мұрты сабын сияқты. САБАНнан мен ШАЛБАР тоқыдым және оны былғап алдым, шалбарда ДАҚ. Даққа қараймын­ол  АЮға ұқсайды. Ол, бәлкім, ҚЫЗЫЛ ШИЕні жақсы көретін шығар және сүйектерінен өзіне  САРАЙ жасайды. Сарайдың ішінен мен ПИАнино клавиштерін көремін. ІҮ. «Кім тапқыр?»  Мақсаты: Топ арасынан ойлау қабілеті ерекше оқушыларды анықтау. Қандай да болмасын зат алынады (қалам, қасық, т.б). Бұл затты шеңбер бойынша әр бала  қолдарына ала отырып оны тағы қандай зат ретінде пайдалануға болатындығы жайында  айтады. Ү. «Базар» Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін байқау.  Оқушылар қағазға сурет салады, сурет салынған қағаздарын 4бөлікке бөледі. Әр оқушы 1  бөлікті өзіне алып қалып, қалған бөлікті мұғалімге береді. Мұғалім барлық оқушының  қағаздарын араластырып, әр оқушыға қайтадан 3бөліктен таратып береді. Оқушылар өз  суреттерінің қалған бөліктерін табу керек. ҮІ. «Ойлан тап!» 1. Айгүлдің алдында 3зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға  болады? 2. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайтадан қойды. Үстел  үстінде неше алма болды? 3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді­қызыл, сары, көк. Қояндағы  жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушысы қандай? 4. Бөлмеде 2орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір­бір орындық болуы үшін сол  орындықтарды қалай қоюға болады? ҮІІ. «Айырмашылықтарды табу!»Мақсаты: Байқағыштық пен зейіннің тұрақтылығын,  бөлінуін, шоғырлануын дамыту.Оқушыларға екі бірдей суреттер көрсетіледі. Суреттердегі  айырмашылықтарды табулары керек. ІІХ. Қорытындылау Сабақтың тақырыбы: Портрет жанры Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: Портрет жанрымен танысу; графикалық қабілет пен дағдыны қалыптастыру 2) дамытушылық: Ден қою және байқампаздық қабілетін дамыту 3) тәрбиелілік: Балаларды сурет өнеріне қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау Сабақтың әдісі: баяндау, сыни тұрғысынан ойлау әдісі, практикалық. Сабақтың көрнекілігі: портрет көшірмесі, портреттік фотосуреттер, интрактивті тақта; Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, геометрия; Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі II. Өткен сабақты қайталау ІІІ Жаңа сабақ: 1) Қызығушылығын ояту 2) Мағынаны тану 3) Ой ­ толғаныс. IV. Сергіту сәті V. Адамның мінез­құлқына байланысты «Мақалды жалғастыр» ойыны VІ. Үйге тапсырма беру. VІІ. Сабақты қорыту бөлімі. І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Өткен сабақты қайталау. а) Үй тапсырмасын тексеру; ә) – Қане, балалар, өткен сабақты қайталау мақсатында мына сұрақтарға жауап берейікші: «Бейнелеу өнері нешеге бөлінеді? (5 түрге) 1. Сәндік қолданбалы өнер (Адамдардың тұрмысына қажетті әсем бұйымдар жасау өнері.  Мысалы: зергерлік бұйымдар, алқа, сырға т. б.); 2. Сәулет өнері (Архитектура. Тұрғын үйлер, тұрмысқа қажетті құрылыстар, мешіт, т. б.); 3. Мүсін өнері. (Қатты немесе пластикалық материалдардан (тас, металл, ағаш, қыш,  ермексаз) жасалған, көлемді пішінге ие бейнелеу өнерінің түрі); 4. Графика (Қаламмен штрихтау арқылы орындалатын жұмыс); 5. Кескіндеме (Түрлі түсті бояумен орындалатын жұмыс). ІІІ. Жаңа сабақ 1. Қызығушылығын ояту. – Енді, балалар, біз кескіндемеге тоқталамыз. Кескіндеменің қандай жанрларын білесіңдер? Натюрморт дегеніміз не? Пейзаж дегеніміз не? Кескін дегеніміз не? Кескіннің қандай түрлері бар? – Балалар, қандай сурет шықты? – Оны бейнелеу өнерінде қандай жанр деп атайды? – Дұрыс, портрет. 2. Мағынаны тану. Портрет – адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма. Адам баласы ерте заманнан  айналасын, қоршаған табиғатты, жан ­ дүниесін, адам бейнесін салуға қызықты. Оған тасқа  салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады. Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар  бұрын дүниеге келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан  назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап бүгінгі жас  суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен  көзге түскен. Олар Айша Ғалымбаева, Сахи Романов, Молдахмет Кенбаев, Гүлфайруз  Исмаилова т. б. (портреттері көрсетіледі) Композициялық орналасуына байланысты портрет 3­ке бөлінеді: 1. Иық бөлігіне дейінгі портрет; 2. Бел бөлігіне дейінгі портрет; 3. Толық фигуралы портрет. ­ Осы портреттер жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар. Ол қандай пән деп  ойлайсыңдар? ­ Дұрыс, ол әдебиет пәні. Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады: «Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті ­ басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сілкісе қар жауып мазаңды алды. Борандай бұрқ ­ сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды.» Бұл – өлеңмен берілген портрет. Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет: «Хамит – ұзын бойлы, жауырынды, тіп ­ тік, сұр жігіт. Қыр мұрынды, шүңіректеу көзі,  сақал мұрты бар. Жасы 25 ­ 26 шамасында». Міне, осы портретті кітап бетінен оқып ­ ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете  аламыз. ­ Енді барлығымыз да жоғарыдағы үлкен экранға қарайық. Мына суреттер портреттің қай  түріне жатады? Практикалық бөлім. Компьютерден бастың салу схемасын алып, оқушыларға түсіндіремін: ­ Қазір осы схема бойынша өзіміздің сыныптасымызды ортаға шақырып, сол қыздың  бейнесін салып көреміз. Кел, Танзира, шыға ғой. Суретімізді салғанда композициялық  жағынан дұрыс орналасуын қадағалайық. IV. Сергіту сәті. Шіркін сурет сабағы, Ауылды еске салады. Мың құбылтып бояймыз, Туып өскен даланы. Қызыл бояу қызғалдақ, Сары бояу сарғалдақ. Жасыл бояу жайлауым, Іздеп барар армандап. V. Адамның мінез­құлқына байланысты «Мақалды жалғастыр» ойынын ойнап жіберейік: 1) Атаңның баласы болма, ........ баласы бол. (адамның) 2) Адам болатын бала ......... қарайды (алысқа) 3) Адам көркі шүберек, Ағаш көркі.......... (жапырақ) 4) Тау тауға қосылмас, Адам адамға.......... (қосылады) 5) Көре – көре көсем болады, Сөйлей – сөйлей.......... (шешен) VІ. Үйге тапсырма беру. Портреттің тағы бір түрі болады, ол – автопортрет, яғни суретшінің өзін ­ өзі бейнелеуі.  Осыған байланысты сендерге үйге тапсырма өздеріңнің бейнелеріңді салып келесіңдер. VІІ. Сабақты қорыту бөлімі. Ой толғаныс. Венн диаграммасын сызу. Бейнелеу пәні мен әдебиет пәніндегі портреттің  айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.03.2017