Бейнелеу өнері 4 сынып. "Ою-өрнектер". Бұл сабақта оқушылар қазақтың ою-өрнектерімен танысады. Жануарлар, өсімдік, геометриялық және аспан, ай, жұлдыздармен байланысты ою-өрнектермен. Оқушыларды топқа бөлуге болады. Оқушылардың білімін тексеру үшін тест сұрақтары да берілген. Оө-өрнек құрастыру жолдары көрсетілген. Оқушылар түсті қағаздан жапсырма түрде ою-өрнектер құрастырады.
Бейнелеу өнері 4 сынып Ою өрнектер.doc
Бейнелеу өнері 4 сынып
Сабақ тақырыбы: Ою – өрнек құрастыру
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушыларға ою өрнек, оның түрлері, жасалу жолдары туралы малұмат
беру. Оюдың мағынасын түсініп, жаңа үлгілірін өз шығармашылығында орындау, оюды
оя білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту;
шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру;
3. Тәрбиелігі: ою – өрнек оя отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу;
эстетикалық талғамын арттыру; қолөнерге, еңбекке баулу.
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: «Ою – өрнек түрлері» буклетті, «Ою – өрнектің қолданылуы» суретті
плакат, сөзжұмбақ – «Қолөнер», тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: еңбек.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Жұмыс орынын ұйымдастыру.
Құрал – жабдықтарын түгендеу.
Қоңырау соқты тағы да,
Бізді шақырды сабаққа.
Кел балалар, отырайық,
Сурет сабағын бастайық!
2. Жаңа сабақ.
Қазақтың «Ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген
ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою – өрнек бір затты ою,
кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, киылған оюды екінші
бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем,
сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін,киім – кешектерді, ыдыс – аяқтарды, қару – жарақ,
зергерлік бұйымдарды безендіруде қолданылады.
Ою – өрнек түрлері мен атаулары көп.
Ғылымда ою – өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес;
геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.
Оюдын әрбір элементінде құрамында терең мағына, үлкен мән бар. Ою –
өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш,
сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, теекмет,
сырмақ, сандық т.б. қолданылады. Қабырғаға ілінген түс киіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер
салып қарасақ, әрбір ою – өрнектің мағынасы бар екенің байқаймыз.
Ою – өрнектің мағынасы жайында мынанадай аңызәңгіме бар екен.
Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім
бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде
ұшқан құс пен, жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата
анасы:
Е, қызымыз әуедегі құстай емінеркін, жайрандап өмір сүріп жүр екен,деп мәз
болысады.
Бірекі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағыда бір бет орамал әкеледі. Онда
орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп тұрған ер адам мен жүресінен
отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген атаанасы:
Қызымыз бұрынғы сауықсайраннан, бас бостандығынан айырылып, торға түскен
торғайдай болыпты, бейшараның күйеуі қатал адам екен, өзінен төмен ұстайтын
көрінеді, деп қынжылыпты.
Міне, оюөрнектерді «сөйлетіп», ою арқылы ойымызды білдіруге болады екен.
Оюөрнек ойып үйренуге түрлі түсті қағаз, қайшы, қарындаш,желім сияқты
құралдарымызды дайындаймыз.
Қағазды бүктеу, оюды дұрыс сызу, сызылған оюды дұрыс қию тәсілдерін көрсету.
Қағазды бір бүктеу тәсілін көрсету. Жұмыс барысында қағазды үнемдеп пайдалануды
ескеру.
3. Тапсырма.
Түрлітүсті қағаздан өз киялдары бойынша оюөрнек құрастыру, қиып, жапсыру.
Тақтаға бірнеше үлгілерін көрсету, іліп қою.
4. Топпен жұмыс.
Оқушылыларды үш топқа бөлу.Әрбір топқа тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарына
оқушылар бірлесіп жауап береді.
1 топ
1. Оюөрнектер неше топқа бөлінеді?
а. 5
ә. 3
б. 4
2. Геометриялық оюөрнектерге қай ою жатады?
а. Қошқармүйіз ә. Тұмарша
б. Бүршік
3. Ағаштан жасалған ұлттық ыдыс?
а. Торсық
ә. Ожау
б. Саба
2 – топ
1. Жануар тектес оюөрнек?
а. Ирек
ә. Айшабибі
б. Сынық мүйіз
2. Ыдысаяқ салатын тұрмыстық бұйым?
а. Аяққап
ә. Абдыра
б. Адалбақан
3. Аспан әлеміне байланысты оюөрнек?
а. Шұғыла
ә. Жіліншік
б. Өркеш
3 – топ
1. Өсімдіктік оюөрнекке қай өрнек жатады?
а. Айшық
ә. Балдақ
б. Бүршік
2. Қыздарға арналған ұлттық бас киім?
а. Сәукеле
ә. Кимешек
б. Тақия
3. «Оюөрнек» атауы қай сөзден шыққан?
а. Живопись
ә. Орнамент
б. Натюрморт
Оюөрнек туралы мақалмәтелдерін сөздерінің орнын тауып жалғастыру.
1. Үйренгенің өзіне құт,
Істегенің еліңе кұт.
2. Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
3. Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық ішуге сән. 5.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта оюөрнек туралы мағұлмат алып, оны
қиып үйрендік. Оюөрнек өнері қазақ халқында ертеден ақ өнердің барлық түріне арқау
болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір
саласына арналған.
6. Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
Қағазды екі бүктеп, ою үлгілерін қию, түсті қағаздарға жапсыру.
Бейнелеу онери 4 сынып "Ою-орнектер"
Бейнелеу онери 4 сынып "Ою-орнектер"
Бейнелеу онери 4 сынып "Ою-орнектер"
Бейнелеу онери 4 сынып "Ою-орнектер"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.