Беседа с родителями на тему "Баланың бас ұстазы- ата- ана"
Оценка 4.9
Работа с родителями
doc
родителям +1
Взрослым
03.06.2017
Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны жанұя болып табылады. Бұл болашақ жеке тұлғаның тәрбиесі жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дэстүрлерінен бастау алады. Бұл туралы халық ауыз әдебиетінде де айтылады, көптеген ғасыр ойшылдары да көңіл бөлген.Ата- аналармен осы орайда мұғалімдер тығыз байланыста болған жөн.
Баланың бас ұстазы- ата- ана.doc
Баланың бас ұстазы – атаана
Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны жанұя болып табылады. Бұл
болашақ жеке тұлғаның тәрбиесі жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дэстүрлерінен
бастау алады. Бұл туралы халық ауыз әдебиетінде де айтылады, көптеген ғасыр ойшылдары да
көңіл бөлген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27бабының бірінші тармағында: «Неке мен отбасы,
ана мен әке жэне бала мемлекеттің корғауында болады», ал екінші тармағында «Балаларына
қамқорлық жасау жэне оларды тәрбиелеу атаананың етене құқығы әрі міндеті» деп атап
көрсетілген.
Құқық бұзушы көптеген жасөспірімдер баласы аз және толық емес жанұяларда
тәрбиеленгендер. Жанұя бұл ұжым. Жанұя ұжымдық белгілерін жоғалтса өзінің тәрбиелік рөлінің
көп бөлігінен айрылады. Үш немесе одан да көп баласы бар жанұяда баланың тәрбиеленуі мен
дамуына жақсы жағдай қалыптасады. Бұл жерде бала өзінің тілегі және жанұяның басқа балалары
мен мүшелерінің талаптары, қажеттіліктерімен арақатынасын белгілеуге үйренеді. Үлкен жанұяның
өмірі балаға адамдық қатынастардың әр түрінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Көп балалы жанұяда
өскен балалар қоғамның белсенді мүшелері болып оңай қалыптасады. Ал бала жалғыз болып өссе,
ол өзіне зейін аударғанға үйреніп, өзімшіл болып өседі.
Жастар арасында заң бұзушы әрекеттердің деңгейі атааналардың білімі мен мәдениет деңгейіне
тікелей байланысты. Мәдениеті төмен жанұяларда балалар қылмысы мәдениеті жоғары
жанұялармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Балалар үлкендерге, ең алдымен өз атааналарына
еліктейді, сондықтан олардың мінезқұлық тәртібі балалардын тәртібін қалыптастыратын маңызды
фактор.
Балалардың қараусыз қалуына жеткізетін негізгі себеп атааналардың жұмысбастылығы. Олар
жүмыстарына толықтай берілетіндігі сонша, балаларының тәрбиесіне көңіл бөлмейді, олардың
қажеттілігін, қызығушылығын білмейді, үйден тыс уақытта немен айналысатынына бақылау жасай
алмайды. Мұндай атааналардың балаларымен байланысы әлсіз болады.
Жанұяның балалардың жеке тұлғасына әсер етуінін маңызды факторы туыстық байланыс, жанұя
мүшелерінің бірбірімен сезімдік байланысы болып табылады. Ең бастысы, баланың атаанасымен,
басқа да жанұя мүшелерімен қарымқатынасы оның бойында махаббат сияқты сезімнің
қалыптасуына әкеледі.
Дегенмен, жанұянын әсері балаға үнемі жағымды бола бермейді. Жанұялық қарымқатынастары
қаталдыққа, ұрыскеріске құрылған жанұялар да аз емес. Кейбір жанұяларда ішімдікке салыну,
жалпы жұрт қабылдаған адамгершілік құндылықтарын құрметтемеу орын алған болса, басқа бір
жанұялар балаларға қоғамға қарсы мінезқұпық үлгілерін керсетіп, оларды заң бұзушылыққа,
әлеуметке қарсы ісәрекетке тартады.
Жалпы жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалыңа еруі
мектеп пен атаананың кінәсі. Егер атаана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен
шүғылданып жүргенін бақылап отырған болса, өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың
достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау атаана тарапынан күнделікті дағдыға
айналса, бақылаудың барын сезінген бала қүқық бұзушылыққа сирек барар еді. Бала тәрбиесіне
байланысты құқық атааналардың ең маңызды жеке құқықтары болып табьлады. Сонымен бірге
бала тәрбиесі олардың міндеттеріне де жатады. «Неке жэне отбасы туралы» заңның 62бабы ата
аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті екенін, олардың денсаулығына қамқорлық
жасауға, орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екенін көрсетеді.
Кез келген баланың ең алғашқы тэрбиешісі атаана, яғни жасөспірімді сапалы тәрбиелеуге ықпал
етуші негізгі субъект. Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу ойдағыдай жүзеге асуы үшін тек
жанұяның әсері болатынын ескергеніміз жөн. Сондықтан да, баланың уақыты көбіне мектепте
өткендіктен мектеп пен жанұя тәрбиені сапалы жүзеге асыру үшін тығыз байланыста болулары
қажет. Балаларды тәрбиелеу құқықтық қана емес, адамдық және заңдылық міндет те. Осымен
байланысты балаларды қалай трбиелеу керек деген заңды сұрақ туады. Бала тәрбиелеу ісіне әр
халықтың өзінде ғасырлар бойы қалыптасқан әдетғүрып, салтдэстүріне байланысты әдістері бар.
Атаана өз баласын ең алдымен ұлттық дәстүрге, инабаттылыққа тәрбиелейтіні табиғи нәрсе.
Әке мен шешенің құқығы теңбетең. Сондықтан екеуі де өзінің кәмелетке толмаған балаларының
заңды өкілі болып табылады. Атааналар өздерінің міндеттеріне былай да теріс қарамайтыны табиғи
нәрсе. Дегенмен, өкінішке орай, өмірде басқа да кездесетіні жасырын емес. Тәрбиеден қате
жіберілсе, оның салдары атаананың өзіне тиеді. Тәрбиесіздік пен адамгершілікке жатпайтын тәртіп
балаға оңайға соқпайды. Қоғам, басқа адамдар да мұндай қылықтан зиян шегеді. Мұның арты
құқық бүзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар. Сондықтан өзінің борышын дұрыс атқармаған
атаанаға заңның да қолданатын шарасы болады. Кейбір сирек жағдайларда атаана (әкесі не
шешесі) өзінің атааналық құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмкін. Кейбір сирек кездесетін
жағдайлар дегеніміз не?
Біріншіден, егер атаана адамгершілік, әдептілік тәрбиесімен айналыспаса оқуы мен қалыпты
дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен
жалтарғандыққа жатады
Екіншіден, мұндай жағдайда атааналар өздерінің құқығын теріс пайдаланған (оқуға баруға бөгет
жасау, сабаққа дайындалуына мүмкіндік бермеу, қайыр сұрауға мәжбүр ету, баланы басқа да теріс
қылықтарға ұрындыру) болып табылады;
Үшіншіден, егер атаана ылғи да ұрыпсабаса, қорқытса, тамақ бермесе, үйден қуып жіберсе, қадір
қасиетін қорласа;
Төртіншіден, атаана өзінің адамшылыққа жатпайтын, қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде
ықпал етсе;
Бесіншіден, үнемі маскүнемдікке, нашақорлыққа салынса, ондай атааналарды атааналық
қүқықтан айырады. Атааналық құқықтан айырғаннан кейін атаана мен бала арасындағы байланыс
тоқтатылады. Соттың шешімімен атааналық құқығын жойған адамға енді баласын тәрбиелеу
құқығы болмайды, сондайақ ол атаананың басқа да құқығы жойылады. Бірақ атааналық құқығы
жойылған адам баланы материалдық жағынан қамту міндетінен босатылмайды.
Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:
• баланы бар қалпында сүю, қүрметтеу қажет;
• балаға әсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;
• баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер
арасындағы даудамай туындамайды да, ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;
• баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
• жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз
(еш уақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман);
• бала жөнінде басқалар тарапынан (мұғалімдер, көршілер) айтылған сын пікірлерден қорытынды
жасаудан бұрын, баланың өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған
жөн. «Жұрт алдында өз беделімді жоғалтып аламын » деп шошынудың қажеті шамалы, өз
балаңның сенімінен айрылып қалмаған дұрыстау;
• балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп ал;
• өз балаңызға қаншама рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан қорытынды
шығарыңыз;
• бала атаанасына түгелдей тәуелді, бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді.
Атаанасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады;
• бала табиғатынан атаанасын сүйеді;
• баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып
құтыла алмайды;
• баланы қиындықтар құрсауында жападанжалғыз қалдыруға болмайды. Құқықтық тәрбие, сана
сезімнің қалыптасуы жастардың өзін азамат есебінде сезінуіне көмектесуі қажет. Тек қана өз басы
заңды бұзбай, оны орындаумен шектелмей, әр азамат өзін қоғамның мүшесі, мемлекет пен қоғам
ісіне белсене қатысатын азамат екенін түсінуі керек. Тек сонда ғана қүқықтық тәрбие берудің қоғамдық мәні барын байқаймыз. Ал құқықтық тәрбие беру жанұядан басталып, мектепте
жалғастырылса, құқықтық сананың қалыптасуында табысқа жетуге болар еді.
Беседа с родителями на тему "Баланың бас ұстазы- ата- ана"
Беседа с родителями на тему "Баланың бас ұстазы- ата- ана"
Беседа с родителями на тему "Баланың бас ұстазы- ата- ана"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.