ІІ кіші топқа ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру»
Тақырыбы: «Биік - аласа. Сол жақта - оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру»
Мақсаты:Биік -аласа, Сол жақ - оң жақ үғымдарын бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: Заттарды салыстыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есту қабілеттерін дамтыу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бір-көп, биік - алса.
Үштілдік компонент: биік -высокий - high, аласа-низкий - low, оң - правый - right , сол -левый - left.
Демонстрациялық материал: Үйшік ертегісі.
Үлестірмелі материал: геометриялық пішіндер.
Әрекет кезең-дері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері: Көтеріп шаңырақ, Керегелер керіліп. Өрімдей болып өріліп, Киіз үй боп көріндік.
Ғажайып сәт: Үйшік ертегісіндегі үйшікті көрсетеді. |
Шеңбер жасап тұрады.
|
Ұйымдастыру– іздестіру |
Әңгімелесу: - Мынау ненің суреті? -Үйшік бойы қандай? Үйшікте қоян, бақылдауық бақа тұрады, Қасқыр, түлкі, жертесер тышқан тұрады. Тек қана аю оған сыймай қалды. Ол үйшікке кіремін деп қиратып тастады. - Үйшік неге қирап қалды? -Ендеше, оларға біз биік үй жасап берейік. "Үй құрастыр" дидактикалық ойыны: Мақсаты: Биік - аласа ұғымдарын бекіту.
биік -высокий - high, аласа-низкий - low.
|
- Мынау үйшік. - Үйшік аласа.
- Өйткені, аю үлкен сымай қалды.
Геометриялық пішіндерден биік үй құрастырып, ақ бетке жапсырады.
Сөздерді қайталап айтады. |
|
Саусақ жаттығуы: Санайық жаңаша Бір, екі, үш! Желбіре жалауша, Достықта біздің күш. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
"Оң жақта - сол жақта" дидактикалық ойыны: Мақсаты: дайын пішіндерді оң жаққа, сол жаққа орналастыра білуге үйрету. Мына пішіндерден үй оң жағына күнді, сол жағына шыршаны құрастырып жапсырыңдар.
оң - правый - right , сол -левый - left.
Сергіту сәті: Кел, балақан, балақан, Шапалақта алақан: жай – жай – жай. Қозғап барлық денені, Қаттырақ соқ қолды енді: Сарт – сарт – сарт. Айтқан кезде өлеңді, Ақырын бас еденді: Жай – жай – жай. "Кім биік" дидактикалық ойыны: Мақсаты: Биік-аласа ұғымын өмірде қолдана білуге үйрету. - Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар, қайсың биік, қайсың аласа екенін көреміз.
|
Қимылдарын келтіріп, қайталайды.
Пішіндерден күнді оң жаққа, шыршаны сол жаққа құрастырып жапсырады.
Сөздерді қайталап айтады.
Қимылдарын келтіріп, сөздерді қайталап айтады.
- Бойларың салыстырып, жауап береді. |
Рефлексивті– түзетушілік |
Қорытынды: - Бүгін не жасадық?
|
- Үйшік жасадық
|
|
Қоштасу рәсімі: Біздің топта ұл – қыздар, Тату – тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамға, Тек жақсылық ойлаймыз.
|
Өлеңді қайталап айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Биік -аласа ұғымдарын.
Болу керек: Бір және көп ұғымдарын ажырата алу.
Істей білу керек: берілген тапсырмаларды орындайды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.