бұл есепте мұғалімнің әдістемелік тақырыбы бойынша жасалған жұмыстары, болашаққа жоспарланған жұмыстары мен осы тақырып бойынша жеткен жетістіктері, оқушылармен тиімді және тиімсіз жұмыстар туралы есеп беріледі. аналитикалық есеп бир оқу жылына немесе бирнеше оқу жылының жұмыстарына сүйене отырылып жазылады. осындай есептер ұстаздың мамандық бойынша жетістігін, әр жасалған жұмыс бойынша кері байланыс жасауға ыңғайлыхимия-биология пәні мұғалімінің өткізген жұмыстарына аналитикалық есебі
аналитикалық есеп.doc
«Мектеп жанындағы интернатымен № 8 орта мектебі» КММ
химиябиология пәндерінің мұғалімі
Айтпаева Гаухар Мырзагуловнаның
өткізген жұмыстарына аналитикалық есебі
Мақсаты:
1. Оқушылар жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химиябиология
пәндерінің алатын орнын көрсетуге дағдыланады.
2. Оқушылар пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, заттардың
химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физика пәнінің әдістері
мен теориялық көзқарастарын, минералдар мен тау жыныстарының,
күнделікті өмірдегі болып жатқан химияның пайдасы мен зияның, өзгерістерін
олардың құрамына кіретін заттар деңгейін, ағзалардың тіршілік әрекеттерінің
мәнін химиябиология, микробиология, экология заңдылықтарына сүйене
отырып зерттейді.
3. Оқушылар табиғаттың тұтастығын, онда жүріп жатқан құбылыстардың бір
бірімен байланыстылығы мен шарттылығы жөніндегі ғылыми көз қарас
қалыптастырып, химиябиология пәндеріне деген қызығушылықтарын
арттырады.
Міндеттері:
1. Оқушылар химиябиология пәндерінің негізін игеріп, үздіксіз білім алуға,
сарамандық жұмыстарға араласуға, әзірлеуге дағдыланады;
2. Оқушылар химиябиология зертханасында, өндірісте, табиғатта және
күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылап, түсіндіруге
дағдыланады;
3. Оқушылар химиябиология пәндерінен алған білімдерін басқа пәндерден
алған білімдеоін байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік көз
қарас қалыптастырады;
4. Оқушылар заттармен, құралдармен, көрнекті құралдарымен жұмыс істей
білудің біліктіліктері мен дағдыларын игереді. химиябиология кабинетіндегі
қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып, тәжірибелерінде дұрыс
қолдана білуге үйренеді;
5. Оқушылар химиябиология пәндерін оқу барысында қалыптастырған білім,
білік дағдыларын өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйренеді;
6. Оқушылар химиябиология пәндері бойынша білім мен білік алу дербестігі
мен табандылығына тәрбиеленеді;
7. Оқушылар химиябиология пәндеріне деген құштарлықтары мен
қабілеттерін дамытып, кәсіптік бағдар алады;
Өзіндік білім көтеру тақырыбым: «Химиябиология сабақтарында
оқушыларды сындарлы оқу мен ойлауға, сыныпта белсенді ісәрекет
жасауға дағдыландыру» тақырыбында 20142018 оқу жылында 8,9,10,11 сынып оқушыларына химия пәнінен және 6, 7, 8,9,10,11 сынып оқушыларына
биология пәнінен сабақ беріп келемін. Жалпы сыныптағы оқушылардың
білімге деген құштарлықтары мен, белсенділіктері әртүрлі. Оқушылармен
үнемі күнтізбеліктақырыптық жоспарға, жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі
тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сарамандық зертханалық жұмыстары,
топсеруендер мен тест тапсырмалары, ашық журнал, семинар сабақтар
өткізілді. Оқушылар жаңа технология талаптарына сай топта, жұпта, жеке
жұмыстар жасауға, өзін, сыныптастары мен топтағы оқушыларды бағалауға
дағдыланады. Тоқсан сайын әкімшілік бақылаулар орындалып, сол жұмыстар
тандалып, қатемен жұмыстар жүргізіліп отырылды. Химиябиология пәндері
бойынша кездесіп отырған әр мәселені аудан мұғалімдерімен бірге талқылап,
тиімді шешім тауып отырдық: мысалы, PISA тапсырмалары, пән бойынша
деңгейлік жұмыстар мен деңгейлік курс бойынша (үш айлық курс) ашық
сабақтарды құру, өткізу, талқылау және сараптау. Жаратылыстану бағыты
пәндерінің онкүндігінде 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Тұздар» тақырыбында
химия пәнінен ашық сабақ, 6 сыныпта «Минералды тыңайтқыштар» (ӘБ
онкүндігінде) биология пәнінен ашық сабақ, 9 сыныпта «Кальций»
тақырыбында химия пәнінен ашық сабақ, 8 сыныпта «Су – табиғи әмбебап
еріткіш» тақырыбында (Атбасар ауданы ББ кеңесінде) химия пәнінен ашық
сабақ және 7 сыныпта (Деңгейлік курс бітірген ұстаздардың аудандық
семинарында) химия пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша ашық
сабақтар өткіздім.
Сонымен қатар «Химиябиология сабақтарында оқушыларды
сындарлы оқу мен ойлауға, сыныпта белсенді ісәрекет жасауға
дағдыландыру» тақырыбымен байланысты аудандық тамыз
конференциясында бірнеше баяндамалар оқыдым: 20142015 оқу жылында
«Көшбасшылық және оқуды басқару», тақырыбына баяндама оқыдым.2014
2015 оқу жылында Атбасар аудандық олимпиада нәтижелері: Химия пәнінен:
3 орын 8 «Ә» сынып оқушысы Асқарова Қалима, 1 орын 9 сынып оқушысы
Түрекеш Ботагөз, 3 орын – 10 сынып оқушысы Базылбекова Мадина
20142015 оқу жылының аудандық тамыз конференциясында «Көшбасшылық
және оқуды басқару» тақырыбына баяндама оқыдым. 20152016 оқу
жылының тамыз конференциясында «Сындарлы оқытудың әдістәсілдерін
биологияхимия пәндеріне тиімді пайдалану» тақырыбына баяндама оқыдым.
20142015 оқу жылындағы Атбасар аудандық олимпиада нәтижелері: Химия
пәнінен: 3 орын 8 «Ә» сынып оқушысы Асқарова Қалима, 1 орын 9 сынып оқушысы Түрекеш Ботагөз, 3 орын – 10 сынып оқушысы Базылбекова Мадина
20152016 жылы облыстық «Есірткіге «ЖОҚ!» салауатты өмірге «ИӘ!»»
атты бейнеролик түсіру байқауына мектеп оқушыларымен қатысыптық.
Әр оқу жылының жаратылыстану бағыты пәндерінің онкүндігіне белсенді ат
салысып, ашық сабақтар, суретшілер және қабырға газеттері сайысын,
көрмелер ұйымдастырып, онкүндікті нәтижелі өткіземіз. Сонымен қатар,
сынып жетекші ретінде қашықтық байқауларға оқушылармен қатысып
жүремін.
05.12.2014 жылы «Реализация компетентностного подхода на
уроках химии и биологии
арттырып, құжат алдым.
» №0013762 курсында өз біліктілігімді
Осы облыстық апталық курстың тәжірибелік кезеңінде биология пәнінен
8 сынып оқушыларымен «Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек
сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек» тақырыбына, Облыстық тірек (ресурс)
орталығының семинарында химия пәнінен 11 сыныпта «Майлар» тақырыбына
ашық сабақтар өткіздім. Жыл бойы химиябиология пәндері бойынша
аудандық, облыстық семинарларға қатысып тәжірибе алмасып жүремін.
Халықаралық педагогикалық жәрмеңкеге химия пәнінен «Өмірмен
байланысты қарапайым тәжірибелер» атты жұмысыммен қатыстым.
Қорыта келгенде әр оқу жылына жоспарланған барлық жұмыстар
жоспарға сәйкес орындалып, қорытынды жасалады. Сонымен қатар, әр оқу
жылына мектеп маңындағы шағын бақшада оқушылармен көктемгі жұмыстар
орындалып отырылады.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.