Бұл берілген материалда 5 сынып оқушылары арасында сыныптас тыс жұмыстың бағдарламасы қарастырылған. Бұл жұмыс оқушылардың ой- өрісін кеңейтуге, топпен жұмыс жасауға, жан-жақты логикалық ізденімді қалыптастыруға ықпал тигізеді. Жұмыста логикалық тапсырмалар, күрделілігі әртүрлі деңгейдегі есептер оқушының біліктігін және білімін, дағдысын қалыптастыруға бағытталған.Разработка внеклассного урока
Білімділер додасы- 5 сынып.doc
Тақырыбы: «Білімділер додасы»
Сыныбы: 5 «А», «Ә», «Б»
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,
математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, топ
болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге,
шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру. Оқушылардың мақсатқа жету барысында
жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктерге жетуге
тәрбиелеу.
Барысы: («Білімділер додасы» сайысына 5 «а», 5 «ә» және 5 «б» сынып оқушылары 3
топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және
төсбелгі ойлап табады.)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысармыз.
Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.
Олай болса, бұл не тұрыс,
Кешімізді біз бастайық.
Жүргізуші: Әділ бағаға қалтасы толы, әділ – қазылармен таныс болайық. (Әділ – қазы
алқасымен таныстыру)
Жүргізуші: Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – дей келе бүгінгі өткізілетін «Білімділер
додасы» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс
болыңыздар.
Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе, 5 «А» сынып оқушыларынан
құралған «Жалын» тобын қарсы алайық.
Жүргізуші: Қол соғып қарсы алайық!
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсатын.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты – деп 5 «Ә» сынып оқушыларынан құралған
«Алғырлар» тобын ортаға шақырамыз!
Жүргізуші: Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.
Еркін билеп барынша,
Жарыстан сірә қалыспайтын – деп ортаға 5 «Б» сыныбы «Тапқырлар» тобын
шақырамыз!
(Топтарын таныстыру) Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 6 турдан тұрады.
І тур: Математикалық сұрақтар
ІІ тур: Логика
ІІІ тур: «Сиқырлы шаршы»
ІV тур: «Арифметикалық домино»
V тур: «Көңілді санау»
VI тур: Жұмбақтар
Олай болса, сайысымызды бастайық.
(Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады « К
» әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда бірінші
бастайды.)
Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз
математикалық сұрақтарға береміз. (Әр топтың мүшелері ұсынылып отырған
геометриялық фигуралардың біреуін таңдап, бірінен соң бірі сұрақтарға жауап беру
керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).
Үшбұрыштың сұрақтары:
1. Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған өрнекті не деп
атаймыз? Санды өрнек
2.Қандай бұрышты тік бұрыш деп атаймыз? Градустық өлшемі 90 қа тең бұрыш
3.Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп атайды? а санына қалдықсыз
бөлінетін натурал санды айтады.
4. Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы? Төртбұрыштың периметрі
5. 24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24
6.Қандай сандар 5ке бөлінеді? Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын
натурал сандар
Төртбұрыштың сұрақтары:
1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады? Әріпті өрнек
2.Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз? Градустық өлшемі 90 тан кіші бұрыш
3.Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай табамыз? Берілген натурал санның
бөлгіштер жұбының көбейтіндісі сол санның өзіне тең.
4. S= ab қандай фигураның формуласы? Тіктөртбұрыштың ауданы
5. 27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27
6.Қандай сандар 10ға бөлінеді? Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар
Шеңбердің сұрақтары:
1. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады? Теңдеу
2. Қандай бұрышты доғал бұрыш деп атаймыз? Градустық өлшемі 90 тан үлкен, бірақ
180 тан кіші бұрыш
3.Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайды? а саны қалдықсыз
бөлінетін натурал санды айтады.
4. V=abc қандай фигураның формуласы? Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі
5. 32 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 4, 8, 16, 32
6.Қандай сандар 9ға бөлінеді? Цифрларының қосындысы 9ға бөлінетін натурал сандар
Жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті сайысымыз «Логика». Сайыс
шарты мынадай: сіздерге 15 ұяшық берілген. Ұяшықта логикалық тапсырмалар берілген.
Егер сіздің таңдаған ұяшығыңызда
«Қара мысық» түссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.
«Лотерея билеті» керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.
«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
«Алтын сандық» олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.
«Өрмекші торына» түссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Әрбір дұрыс жауапқа 10
ұпай. Олай болса сайысымызды бастайық.
1: Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? 100 саусақ
2: Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде
шабдалы ма? Алмұрт
3: Қара мысық
4: Төртбұрыштан бір бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады? Бесбұрыш
5:Өрмекші торы
6:Алтын сандық
7:От
8: Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус
көрсетеді? 3
9: Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызының басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда
барлығы қанша қой қалды? 9
10: Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?
11: Лотерея билеті
12: Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан
қалды? 3
13: Натурал сандарды 1ден бастап қатарынан жаза бастады. 1992 орында қандай цифр
тұр? 1992
14: Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша
бала бар? 6
15:Қамал :15 санының оң және сол жағына бірбір цифрдан тіркеп жаз, сонда шыққан сан
15ке бөлінетін болсын.
Жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сиқырлы
шаршы». Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді. Ойын
алаңы 2 торкөзден тұратын кішігірім шаршыларға бөлінген 4х4 мөршерлі шаршы болып
табылады. Сонымен барлық ойын алаңы 16 тордан тұрады. Торларда бастапқы күйінде
"сыбырлама" деп аталатын цифрлер (1 ден 4 дейін) тұрады. Ойыншыдан бос торларды 1 ден
4 дейінгі цифрлармен толтыру талап етіледі, сондағысы әр жолда, әр бағанда және әр 2х2
шаршыларда әр цифр тек бір рет қана кездесуі керек.
«Жалын» тобы: «Алғырлар» тобы:
«Тапқырлар» тобы:
Жүргізуші: «Арифметикалық домино». Ойынды қолында ең кіші сан жазылған карточкасы
бар ойыншы бастайды. Қойылған карточкаға ойыншылар амал дұрыс орындалатындай
өзінің карточкасынан сәйкес келетінін жалғастырып қояды. Егер ойыншыда қажетті
карточкалар жоқ болса, ойын кезегін келесі ойыншы алады. Осылай ойнай отырып, кім
бірінші болып өзінің барлық карточкаларын қойып бітірсе, сол 10 ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Сонаусонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсымсырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика — Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл деп отырып — келесі
кезең «Көңілді санау» сайысы. Кестедегі сандарды тез санауға оқушыларды шығарады.
Оқушының кестедегі сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын
есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы 5 ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Келесі кезекті «Жұмбақтар» сайысына береміз: (Әр топтың
топбасшылары қатысады, әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі, егер
топбасшысы шеше алмай жатса топ мүшелері көмектесе алады, бірақ та ұпай саны
2ге кемиді)
«Жалын» тобына:
1)6 алманың 2ін Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
Жауабы: 4
2) Портфелде әуелі
13 жаңғақ бар еді
Науат пен Маратқа
Самат пен Сағатқа
Апасына Қанаттың
Екі — екіден тараттым
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы ал жаным
Жауабы: 3
«Алғырлар» тобына:
1)11 түйе, 5 жылқы.
2 сиыр, 1 ешкі
2 қоян, 3 түлкі,
Неше болды барлығы?
Жауабы: 24
2) Өткізген тырна сабаққа,
Қатысты жеті сауысқан,
Үшеуі ғана олардың,
Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан
Қатысқан осы сабаққа?( 4)
«Тапқырлар» тобына:
1) Қолымда 55 алма
5ін бердім апама,
5ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде?
Жауабы: 45 алма
2) Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма? (24)
Жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс
нәтижесін әділқазылар хабарлайды)
"Білімділер додасы" ( 5сынып)
"Білімділер додасы" ( 5сынып)
"Білімділер додасы" ( 5сынып)
"Білімділер додасы" ( 5сынып)
"Білімділер додасы" ( 5сынып)
"Білімділер додасы" ( 5сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.