«Білімділер сайысы» информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара.
Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
информатика
5 кл
31.03.2017
Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: «Білімділер сайысы»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер, интерактивті тақта.
Жоспары :
І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)
ІІ кезең. «Ғажайып алаң» сайысы (топтық сұрақ – жауап)
ІІІ кезең. «Кім жылдам» сайысы
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Білімділер сайысы 16-17.docx
«математикаинформатика апталығы»
Сыныптан тыс ісшараның тақырыбы: «Білімділер сайысы»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу
дағдыларын жетілдіру. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс сайыс түрінде
өтеді.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер, интерактивті тақта.
Жоспары :
І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)
ІІ кезең. «Ғажайып алаң» сайысы (топтық сұрақ – жауап)
ІІІ кезең. «Кім жылдам» сайысы
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Мұғалім сөзі:
Балалар! Бүгін сендер білімділер сайысының жұмбақты да, тартымды
әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткізесіңдер.
Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың
басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға
өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды
орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ бал алады.
1жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар. 1жүргізуші: Есепті түрлітүрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2 жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазыларды таныстырайық.
1жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әр командына ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.
1. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).
«Алғырлар тобы»:
Шақырып жарыстарды сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы зер салады !
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады !
Тапқырлар биіктерде қалықтасын !
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
«Әділқазыларға сәлем»:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем !
Әділдікке бас иеді күллі әлем !
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !
«Тапқырлар тобы»:
Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда женгенге – не?
Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар, Тілейміз ізгі тілек сендерге де !
Құрметпен алғырларда ой – саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ән салады.
«Әділқазыларға сәлем»:
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін «Тапқырлардың» әділ сына.
1жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, деп
Келесі сайысты бастайық бұл бөлімде топтар «Ғажайып шеңбер»
сайысының шеңбердегі түсті таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді, әр
сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай беріледі. 2 жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер
Келесі сайыс
Кім епті, еркін ойлы?».
Бұл бөлімде оқушылар практикалық тапсырманы орындайды. «Шет жүрсем –
сағынарым» атты Қайрат Жұмағалиевтің сөзіне жазылған М.Омаровтың әні
бәрімізге белгілі деген оймен, сіздерге сол өлеңнің мәтінін тез теру сұралады және
де әннің сөйлемдері шатасқан, сол сөйлемдердің орнын тауып, қатесіз теру қажет.
Шет жүрсем сағынарым
с. Қ.Жұмағалиев ә. М.Омаров
Шет жүрсем сағынарым,
Анашым, бір өзіңсің
Жабықсам шағынарым
Табынарым
Анашым, шалқып күлсең
Көңілім ортаймайды
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды Ұшырған сұңқарыңмын
Бәйгеге өзің қосқан
Қияға шырқарыңмың
Тұлпарыңмын
Анашым, шалқып күлсең
Көңілім ортаймайды
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Қорғаным өзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...
Жан дауа сөзің деймін
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Анасы бар адамдар
Көңілім ортаймайды
Жүрегім жыр толғайды
Ешқашан қартаймайды
Қорытынды: әділқазылар шешемдерін шығарғанша «Шет жүрсем – сағынарым»
әні орындалады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына, деп
Математика мен Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз
береміз.
(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды,
марапаттау рәсімі). 2жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
10.Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
«Білімділер сайысы» информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара.
«Білімділер сайысы» информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара.
«Білімділер сайысы» информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара.
«Білімділер сайысы» информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара.
«Білімділер сайысы» информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара.
«Білімділер сайысы» информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара.
«Білімділер сайысы» информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.