Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Оценка 5

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Оценка 5
Руководства для учителя
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
31.03.2017
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Дарынды оқушыларды шығармашылықты дамыту мақсатында мұғалімнің алдына қойылатын мәселелер туралы менің өз ойым. Және іс-тәжірибемнен алынған мәселелер туралы. Казіргі білімнің дамыған заманында және бүгінгі балалардың қажеттілігіне байланысты әрбір педагогтың жұмысы туралы. Осы мақала моқыған мұғалімге көп әсер қалдырады деп ойлаймын.
7 СЫНЫПТАР НАУРЫЗЫ.docx
Тақырыбы:   «Нұр себеле,  Ұлыстың ұлы күні!» Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының  Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт —  дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы  екенін ашып көрсету. Түрі:   ашық тәрбие сағаты Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар . Тәрбие сағатының жүрісі: 1. Наурыз – думан. 2. Наурыз – жыл басы 3. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі 4. Наурыздағы салт – дәстүрлер 5. Ата — салтың – қазынаң. Табиғат дауысы, ауылдың, жан­жануарлардың дауысы Бейбіт: Сүйінші! Сүйінші! Ұлыстың ұлы күні Наурыз келді! Әлибраһим:   Уа, жарандар, жарандар! Бәрің бері қараңдар, Наурыз – думан басталды Бір сәт зейін салыңдар. Ұштасқан оймен мәңгілік Біздерде бар сан ғұрып Ғасырлардан ғасырға   Нұргүл:    Аманбысың ардақты  халқым менің Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім. Мереке басы болсын берекенің Игі еңбектің жемісін бәрің жегін! Наурыз тойға жиналған халқым менің Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім. Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің, Ғажап болсын таппайтын тепе­теңің.   Көркем:   Қиыры жоқ менің байтақ  далама Әсем, көркем ауылыма, қалама Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді Келе жатқан жаңғырып Бермен жақын тұрыңдар, Сөзіме көңіл бұрыңдар, Жауқазындай Наурыздың Жарапазан жыры бар. Мадина:       Наурыз мейрам  жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн­ көктем. Жарығымен, шуағымен күн­ана Алып келді жер бетіне гүл көктем. Қош келдің, Науырызым ардақты Халқым саған бар үмітті арнапты Жылда осылай келе берсін жасарып Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.   Сырлы әніне құлақ түрмей болама? Наурыз қайтып оралды аты да аңыз, Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз, Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз. Ән «Жарапазан» Хор Сахнаға жүргізуші шығады.  Жүргізуші: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткенімді бүгінменен жалғадым. Өнерлі халық ­ өміршең халық, қазақтың әдет ғұрпына бағытталған ««Нұр себеле,   Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. ІІ  Наурыз – жыл басы Тәуелсіз биік халқымның Желбіреп туы шалқысын. Әз Наурыз келіп еліме Жер – Ана бойы балқысын. Жаңғырар дәстүр­салтымның Көзелсін бұлақ жылғасы Қастерлі менің халқымның Мереке Наурыз – жыл басы! Оқушылар осы Наурыз мерекесінің шығу тарихын  білемізбе?   Маңғыстау:  Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер  шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл  мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні  күн мен түн теңелетін, жан­жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер  үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған.  Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз — күн» деген сөздерінен қалыптасып,  жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл  басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден  Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған. ІІІ  Дүние жүзі  халықтарының  Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі   Жүргізуші: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге  елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл  бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық. Нұрлыбек: Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал –  мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң,  жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде­кім жамбыны  бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік  беріледі.   Құралай: Иран елі:  Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне  патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын.  «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек. Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі   «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт),  шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша  шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс  пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы.   Нұрболат: Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен  қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» — «кулькабаши» деп аталатын ғұрып  бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі  жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.   Құдайбергенова Асел: Араб елі:    Арабтар мейрам салтын өзгертіп, бас әрпі «ай»  сөзінің басқы әріпі–«синнен» басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен  алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.   Нұрдана: Парсы елі:  Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған.  Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге  қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық  көже «сумалақ» ұсынады. Соқа мен жер жыртады,  ат шаптырып, жамбы атысып  жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны – аяқты сындырады. Бір – біріне  гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» белгісін салады, үйдің  тіреу ағашына гүл іледі.   Алмұратов Бекзат: Үнді елі:      Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап  өткізіледі.  Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер  өрілген гүлдермен айшықталады. Наурыз мейрамын әр ел түрліше атаған. Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон»,  «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган»,  буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар  «Навасарди»,чуваштар «Норис ояхе» деп атаған. орындайтын  Би:  «Шашу» — IV Наурыздағы салт — дәстүрлер Жүргізуші: Қазағымның салт­дәстүрі жаңғырған Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған Салт­дәстүрді ардақтайық ағайын, Қазақ атты үлкен, кіші балдырған Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар Гүл­гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт­ дәстүрлерге берсек. Наурызшешек – наурыз айында  өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты  әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның  бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін,  бағалы өсімдік. Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы  құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп  шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді. Наурызнама – шат – шадыман, ойын­сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа  да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер,  наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып,  ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны  «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың,  тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай  құлпырудың, жайнай түсудің белгісі. Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп  аталатын дәм дайындалып, тартылады. Наурызша —  Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық  «наурызша» деп атайды. Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр  үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап,  оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға  келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық  тағылымы өте зор. Ән: «Қазақтың салт ­ дәстүрлері» орындайтын Бекеш Ақбаян. Жүргізуші: Шашу, шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке, бұл тойда, Керемет рәсім жасайық. «Балаға ат қою» рәсімі жасалады. Мұхтар: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.! Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын  қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой. Әке: Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!. Балаға қандай ат қойсақ  болады екен? Кыздар ат таңдай бастайды.  Айданай: Есімін Асқар деп қойайық. Асқар таудай ата анасына тіреу болсын! Аян: Жо­жоқ. Мұхтар деп атасақ қалай? Мұхтар Әуезов атамыздай білімді,  әдебиетке жақын болсын! Іңкәр: Ыбырай ше? Елінің зиялы азаматы болсын! Жадыра: Жалғас деп қойайық. Арты жалғассын! Ербол: Қыздар тұра тұрың інімнің есімін өзім таңдаймын, не дегенмен ұл бала  емеспе? Мен ініме Бейбіт деген есімді бергім келеді. Елімізде бейбітшілік болсын!  Әке оған қалай қаарайсыз? Әке: Балам қазір атаңмен ақылдасайық. Ол кісінің өз таңдауы бар шығар.  Ата: Менің ақылымды тыңдасаңыз Наурызбай деп атасақ. Жыл басы Наурызда  дүниеге келді және батыр Наурызбай атамыздай батыр болсын! Әке: Әке, сіздің айтқаныңыз болсын. Азан шақырып есімін өзіңіз қойыңыз. Ата: Олай болса немеремді алып келіңдер! Анасы баласын атасына әкеліп береді. Ата: Сенің атың Наурызбай. Сенің атың Наурызбай! Сенің атың Наурызбай! Атыңа сай бол құлыным! Еліңе сыйлы азамат бол!  Жүргізуші: Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын  сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты, сен  қалай ойлайсың? «Бесікке салу» рәсімі жасалады. Жүргізуші: Халқымның қолөнері аса көркем, Қуанады, сүйсінеді оны көрген. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді?!. Бүгінгі  кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден  көріп тон пішер, әкеден көріп оқ жанар» демекші біздің сыныптың қыздары кесте  тігіп, тоқыма тоқып, көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс  үстінде. Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрінісі емес пе?!  Жүргізуші: Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып  жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді. «тұсау кесу»рәсімі жасалады.  Әже: Жолың болсын деселік, Жолыңа нұр төселік. Жарылқасын алдыңнан, Тұсауды кесейік, Күрмеуіңді шешейік. (Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.) Жүргізуші:  Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар, Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Жауаптарын таба ма екен ата – аналар, Сол себептен қоятын сұрақтар бар. 1.    Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен?  (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып  ауылды аралаған.) 2.    Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы­қарта т.б.) 3.    Наурыз тілек деген не?  (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен  тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде  айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын  Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм  татады) 4.    Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз) 5.    Наурыз бата дегеніміз не ?   (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі  – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге»  шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға,  жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)   Жүргізуші: Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға үлкендерден наурыз бата  сұраймыз. Ата балаларыңызға батаңызды берип жіберіңіз!    Ата:  Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің. Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Наурыз  бата Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле – жала жерге енсін! Ұлы халқым тоқ болсын, Көйлектерің көк болсын! Уайым – қайғы жоқ болсын, Қуаныштарың көп болсын! Жүргізуші:  Сәулесіндей  көрінген таңғы үміттің, Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың. Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей, Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.03.2017