Әдеби-сазды кеш "Поэзия падишасы - Фариза"
Оценка 4.8

Әдеби-сазды кеш "Поэзия падишасы - Фариза"

Оценка 4.8
Повышение квалификации
docx
воспитательная работа
9 кл—11 кл +1
17.02.2020
Әдеби-сазды кеш "Поэзия падишасы - Фариза"
Қазақ халқының біртуар қызы , ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерін насихаттау, оқушыларды кітап оқуға тарту және поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
СЦЕНАРИЙ.docx

«Поэзия падишасы – Фариза»

әдеби сазды кеш

 

Мақсаты: Қазақ халқының біртуар қызы , ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерін насихаттау, оқушыларды кітап оқуға тарту және поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: ақын суреті,ақын туралы бейнероликтер,шығармаларынан бұрыш ұйымдастыру, еңбектерін қою.

Қатысқан оқушылар: І-ІІ-Ш курс студенттері.

Кештің ашылуы Фариза Оңғарсыноваға арналған бейнебаяннан басталады.

 

Мұқағали Мақатаев «Фаризаға». Оқитын Нұрғалиев Беркін.

 

1 жүргізуші (Байқұл Әділ):

-       Армысыздар, қадірменді  ұстаздар мен студенттер!

 

2 жүргізуші (Алибаев Заманбек)

-       Қайырлы күн, құрметті жыр сүйер қауым!

 

Әділ:

-       Өмірде ана – бұлақ, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Талай жыр жазып кеткен біздер үшін

Ақын қыз, ақындардың анасы – Фариза - дей келе жақында ғана арамыздан өткен ақындардың анасы атанған Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Жыр падишасы - Фариза»  атты әдеби-сазды кешіне қош келдіңіздер.

Заманбек:

-       Фариза апамыз ер мінезді,айбарлы,шындықты,әділдікті жақтаушы, қазақтың поэзия аспанында қалқыған жыр падишасы іспетті.

Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: махаббат,замана,уақыт тынысы, туған жер, туған ел болды.

 

Әділ: (Ф.Оңғарсынованың өмірбаяны туралы презентация жіберіледі)

-       Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Атырау облысының Новобогат ауданындағы Манаш ауылында дүниеге келген.

 

Заманбек:

-       1961 жылы  Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

19661968 жылдары Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің АқтөбеГурьевОрал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

Әділ:

-       1970–1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

20002004 жылдары ҚР мәжілісінің депутаты болды.

2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті. 

 

Заманбек:

-       Фариза Оңғарсынованың алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы,тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Әділ:

-       Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Заманбек:

-       1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

 

Фариза Оңғарсынова «Уақыт». Оқитын Абдирахманов Сәуірбек

 

Әділ:

-       Әкем біреу, анам да біреу менің.

Мен жығылсам; сүйенер тіреулерім.

Олар барда – мереке.

Көрген емен

Қабақтарын шытқанын, түнергенін.

 

Заманбек:

-       Әке –білек, саусағы – балалары,

қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана – тамыр бойымен бәріне де

тіршіліктің жылуы таралады.

Әділ:

-       Ақын өзінің балалық шағын еске алғанда әкесін көрмегенін, бірақ әкесінен қалған ер-тұрманды қадір тұтып,қастерлегенін айтты. Әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін адам болған. Ақынның бірнеше өлеңдері әке, ана тақырыбына арналады. Ендеше,ақын өлеңдеріне кезек берейік.

 

«Перзент сөзі». Оқитын Алпанова Гүлбақыт

«Ана». Оқитын Өтегенов Жандәулет

 

Заманбек:

-       Жақсы адамның белгісі

Адалдықтан аттамас,

аңқауларды даттамас,

Қара бастың қамы үшін

Жазықсыздан намысын

Біле тұра таптамас,

Білгенін сескеніп

Біліктіні жақтамас...

Әділ:

-       Ақылдының белгісі

Жас та болса,бас болар.

Ақылсыздың белгісі –

Қарны тойса,мастанар.

Тату-тәтті жүргенге,

Қара су да ас болар.

Жақсы азамат – елінің

Көзін ашар күрегі,...

Қолдар ондай жігітті

ел-жұртының тілегі.

 

Заманбек:

-       Ол өз буынының, жас құрдастарының жан сырын жеткізе білумен шектелмей, аға ұрпақтың, жалпы адам баласының қуанышы мен сырын, қайғысы мен мұңын түгел қамтып айта алды. Өзі тұйықтау болғанмен, өлеңінде ой мен сезім мол еді. Шыншылдықты, әділеттілікті ту етіп ұстады. Оның өлеңдерін үлкендер де, жастар да, өз замандастары да жатқа айтты.

 

«Жағымпаздық». Оқитын Төлесінов Исламбек

«Мінез». Оқитын Қосжанов Құралбек

«Тақ пен тіл».Оқитын  Жарылғасов Ерлеш.

 

Әділ:

-       Фариза, тіпті, ешкімге ұқсамайтын дара талантымен танылды. Ол жаны сүйгенді, сүйсінгенін, түйсінгенін, көңілі қалып жерінгенін жазды. Оның отаншылдығы, патриоттығы жалаң патетикадан емес, жер мен ел туралы ойынан, сезімінен туды. Ол қазақ тарихын жүрек көзімен саралады. Олар «Толғау», «Арман» сынды өлеңдері.

Заманбек: 

-       Ол биік рухтың ақыны болды. Оның рухтылығы да, туған топырағы мен Отанына деген шынайы сезімнен жаралған. Табиғат оның егізі еді. Ол табиғат пен адамның құпия сырларын жақсы түсінді. Олардың тазалығын, пәктігін ардақтады. Соны бойына, жырына дарыта білді.Әсем табиғатты адам өз қолымен құртып жатырған жағдайлар да ақын жүрегіне инедей батады. Сондай тақырыпты жазған жырларының бірі «Арал» өлеңі.

«Толғау». Оқитын Қарасаева Ақмарал

«Арман». Оқитын Кульчикова Гүлдана

                  «Арал». Оқитын Нұрғалиев Беркін

Әділ:

-       Кім айтты саған,
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?


Кім айтты саған
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...

Заманбек:

-       «Қазіргі адамның көңіл күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі қат-қабат, шытырман да күрделі. Жүрек жылуы азайып, суыну, тасбауырлық алаң алып бара ма?» - дейді ақын тебірене.

Сондайда ақынның көзіңе жас үйрілтер мұңлы,кейде өзегіңді өртердей ащы, кейде селт еткізер жігерлі, сан алуан қияпатты жырлары алдыңнан шығады. Оның бірі «Жетімхана» және «Намазшы» өлеңі.

 

«Жетімхана». Оқитын Аманова Гүлмира

«Намазшы». Оқитын Балқиев Нұрғали

Әділ:

-       Бал сезім баурап алды бүгін мені,

нұр шашып Күн де маған күлімдеді.

Дүние таңғажайып әнге айналып,

тұрғандай жүрегім де жүгіргелі.

Заманбек:

-       Әнімді ұғын сен де, кел, ардағым,

жанымның жалын күшін жеңе алмадым,

көрмеген көгілдір бір алыстарға

жетелеп бара жатыр мені арманым!

Әділ:

-       Фариза: "Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім - әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы" дейтін.

Заманбек:

-       Фариза адам есебінде де, дарын-талант есебінде де ірі, кесек мінезді, ерке, батыр қыз еді. Ол өмірдің ұсақ-түйегіне алаңдамады. Ірілікті, мәрттікті сүйді. Ол махаббатты ұлы сезім санады. Оған бас иді. Оны сүйе білудің азабы деп ұқты. Сезім нәзіктігін паш етті. Онда жасандылық жоқ еді. Олай болса ақынның лирикалық өлеңдеріне тоқталайық.

«Алғашқы сезім». Оқитын Ініспек Ақмоншақ

«Бақыт». Оқитын Нахибадин Ясин

«Қыздар ай». Оқитын Балабатыров Нұрлан

 

Әділ:

-       Халқымыздың аңыз - жырларын жаттап, оның дәстүрі мен мәдениетін сүйіп,ұлтын құрметтеп өскен Фариза апамыздың шығармашылығында кездесетін тағы бір ерекшілік – халқының салт-дәстүрі. Сондай тақырыпта жазған өлеңдерінің  бірі «Жар-жар» өлеңі.

 

 

Заманбек:

-       Дәстүр бойынша қыз-жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады,тілектестік білдіреді. Ендеше  Фариза апамыздың «Жар-Жар» өлеңіне кезейік берелік.

«Жар-жар». Шағын сахналық қойылым.Орындайтын қыз-жігіттер тобы.

Әділ:

-       Сүрінбес шапқан аты жыры барда,

Сөнбейді жаққан оты ұлы барда!

Қазақтың аяулысы, перизаты,

Өшпейді ешқашан да Фариза аты!

Халқының жүрегінде жүрер мәңгі,

Өлеңмен жазып кеткен шариғаты!..

Фариза, Фариза жан,Фариза қыз....

Заманбек:

-       Өмірден Фариза Оңғарсынова озды. Аяусыз тағдыр деген осы. Халқының ардақтысы болып, оқырманның жылы алақанының лебінен басқаны сезіне білмеген ақынын тағдыр алды да кетті Өле-өлгенше азабымен ұстамдылықпен, табандылықпен алысты. Фариза біздің заманның, адамзаттың биік үлгідегі ақыны болып қалды.

 

«Бауырластарыма». Оқитын Аханов Қыдырхожа.

Әділ:

-       Фариза соңына өлмес, өшпес мұра қалдырып кетті. Әрлі де нәрлі өлеңдерін қалдырды. Аяулы ақынға деген ел махаббаты үстеген үстіне үстей бермекші. Мәңгілік ғұмырын бастаған ақын даңқына бәріміз бас иеміз.

 

Заманбек:

-       Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте қателеспейміз.

Әділ:

-       Қадірменді ұстаздар,оқушылар,қонақтар! Халқының сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға,поэзия падишасы атанған Қазақ халқының жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иесі Фариза апамыздың шығармашылығына арналған әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

Заманбек:

-       Келесі кездескенше сау-саламатта болайық ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

 

 

 

 

http://el.kz/media/images/tiny_images/8af5cd9d1eb17f87c9382f14ebcd4131.jpg

«Поэзия падишасы – Фариза»

әдеби сазды кеш

 

 

Дайындаған: Жайбергенова Б.А.,кітапхана меңгерушісі

                                           Бөлекбаева Б.М.,орыс  тілі мен әдебиеті

                                                           пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

2015/2016 оқу жылы

       

  


 

Скачано с www.znanio.ru

Поэзия падишасы – Фариза» әдеби сазды кеш

Поэзия падишасы – Фариза» әдеби сазды кеш

Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп,

Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп,

Заманбек: - Әке –білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары

Заманбек: - Әке –білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары

Жағымпаздық». Оқитын Төлесінов

Жағымпаздық». Оқитын Төлесінов

Бал сезім баурап алды бүгін мені, нұр шашып

Бал сезім баурап алды бүгін мені, нұр шашып

Сүрінбес шапқан аты жыры барда,

Сүрінбес шапқан аты жыры барда,

Жа ң а ө зен қ ызмет к ө рсету ж ә не жа ң а технологиялар колледжі «Поэзия падишасы –

Жа ң а ө зен қ ызмет к ө рсету ж ә не жа ң а технологиялар колледжі «Поэзия падишасы –

Әдеби-сазды кеш "Поэзия падишасы - Фариза"

Әдеби-сазды кеш "Поэзия падишасы - Фариза"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2020