Ағылшын пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру- әдістемесінің бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі екенін ұғындыру.доклад
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі.docx
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі.
Қазірігі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы
және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін,
ойлауға қабілетті болуңын талап етеді. Ағылшын пәнін оқыту процесінің негізгі
мақсатыарнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып
оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен
белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып
табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
тұрғысынан тиімділігін арттыру әдістемесінің бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі.
Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу
әрекеті. Жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қаблетінің
дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан2030» атты еліміздің стратегиялық
бағдарламасындағы ең негізгілерінің біріжоғары интелектуальды жастарды жан
жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес
қосу.Сондықтан ұстаздар қауымының алдында өте үлкен міндет жүктеледі.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың біріжаңа технология
негіздері болып табылады. Солардың бірі оқушы қызметін активтендіру негізінде
педагогикалық технологияның бірідеңгейлеп саралау технологиясы.
Ддеңгейлеп оқудың мақсаты оқушының өзінше қабілетін арттыру, жұмыс
істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін қалыптастырыу. Тақырып
бойынша деңгейлік тапсырма деңгейлеп оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол
оқушының ойлауын, елестетумен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім
саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және тиімділігін арттыру
негізгі тәсілдердің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру. Педогогика
ғыымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараев оқушылардың оқу материалын
меңгеру деңгейін 4 түрге бөлді.
1. Репродуктивтік деңгей жалпыға бірдей стандартты білім негіздеріндегі
тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың сабақтарда алған
білімдеріне және оқулықта бар мәселерге байланысты құрылады. Сондықтан
оқушы бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындауда аса ойлауды қажет етпей,
тез жауап бере алуы тиіс.
2. Алгоритмдік деңгей оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа
ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3. Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді
орындауда
пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды
оқушылардың ой белсенділігін негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей
оқушы таза өзіндік шығармашылығын
байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде
өздігінен меңгеруі қажет. Әр деңгейдің өз бағалануы бар, білім берудегі демократиялық критерийлер
сақталуы керек.
Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамымалы түрде болады. Мақсат оқушыларға
ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту және осы тарауда алған білімдерін жетілдіру,
жинақтау және пысықтау, жүйеге келтіру және негізгі ұғымдарды санада бекіту,
таным әдістерімен қаруландыру.
Сабақта қолданылатын оқыту тәсілдері:
Түсіндірмелі – иллюстрадциялық тәсіл
Репродукциялық тәсіл
Деңгейлік тапсырма
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар оқушының алған білімін жанжақты
көрсетуін, тарауды қайталау, ережелерді айту немесе түсініктеме беруін қажет
етпейді.
Екінші деңгейдегі тапсырмалар бойынша өз бетерімен анализ жасай алатын
болуы керек.
Үшінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жүйелі
ойлай алуымен алғырлығы сынға түседі. Мұнда қазіргі замандық электрон
оқулықтары арқылы компьютермен зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Төртінші деңгейде оқушы өз бетімен сыныптан тыс оқулықтармен жұмыс
жасайды, мектеп курсында қарастырылмайтын тақырыптарды өз бетімен оқитын
болады. Мұндай оқушылар олимпиадаға қатысып, шығырмашылық ізденісте болды.
Егер сабақта қайталау сабағы болсын, жаңа тақырып болсын оқушы
шығармашылық ізденіс үстінде меңгеріп көптеген қосымша әдебиеттерден іздейді.
Қазіргі ғашықтық ғылыми зерттеулер барысындағы жаңалықтармен оқушылар
интернет арқылы ізденуге болады немесе ғарыш кеңестігін зерттеу барысындағы
ғарышкерлер өмірі жайында мәліметтерді іздену арқылы қарастыруға болады.
Деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары:
1) Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әрі
оқушының белсенділігін оятады.
2) Оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі
тиянақтылыққа, төзімділікке,
ұстанымдылыққа тәрбиелеп, жауакершілігін оятады. Жауапкершілікті сезіне
отырып, оқушы ізденімпаздылығын, шығармашылығын, дарының, талантын
тәрбиелейді.
"Деңгейлеп оқытудың тиімділігі".
"Деңгейлеп оқытудың тиімділігі".
"Деңгейлеп оқытудың тиімділігі".
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.