Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Оценка 4.6
Лекции
docx
математика
3 кл
08.04.2017
Бұл мақалада сындарлы оқытудың педагогикалық қуатты құралдарын сабьақта тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту туралы ой қозғалады. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың алғышарттары туралы ғылыми деректерге сүйене отырып, сабақтарда шығармашылыққа баулу жолдары, жетістіктері туралы айтылады. Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы , сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік бередіБұл мақалада сындарлы оқытудың педагогикалық қуатты құралдарын сабьақта тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту туралы ой қозғалады. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың алғышарттары туралы ғылыми деректерге сүйене отырып, сабақтарда шығармашылыққа баулу жолдары, жетістіктері туралы айтылады. Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы , сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып.docx
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып,
оқушылардың шығармашылығын дамыту
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
.
Мектеп қабырғасында өзінің қабілеттеріне орай барлығын тез ұғып
алып, өзін тек жақсы жағынан көрсетіп жүрген оқушыларымыздың үлкен
өмірге аяқ басқанда үмітімізді ақтамай, өмірге дайындығын байқатып алатын
оқушылар кездесіп қалатыны жасырын емес. Себебі, олар мәселені өз бетімен
шешіп, кедергілерден өтуде табандылық танытуға төселмеген. Қазіргі
педагогикалық тілмен айтар болсақ, осындай жақсы оқушылардан
функционалдық сауаттылығы төмен адамдар пайда болады.
Осы олқылықтардың орнын толтырып, өмір сүруге қабілетті
шығармашыл тұлға тәрбиелеу мақсатында қазіргі кезде елімізде сындарлы
оқыту үрдісі енгізілді.
Сындарлы оқыту – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытады, алған
білімдерін сыныптан тыс жерде, кезкелген жағдайда тиімді пайдалана білуін
қамтамасыз етеді. Мұғалім сындарлы оқыту арқылы оқушылардың қалай
оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі
дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде
қалыптасуына ықпал етеді.
Интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол – білім алушыларды өз
бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым
– қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған
өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады.
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы.
Сондықтан биылғы оқу жылында мектебіміздің алып отырған басты өзекті
тақырыбы Оқушылардың түйінді біліктерін дамыту
мақсатында оқу мотивациясын арттырудың әдіс-
тәсілдерін, түрлерін жетілдіру болып отыр.
«Балаға күштеп білім беруден гөрі. Баланың білімге деген құштарлығын
ояту ең маңызды мақсат» деп көрнекті педагог К.Д.Ушинский атап өткендей
оқушылардың сабақтағы шығармашылығын арттырудың ең алғы шарты
баланың білімге деген мотивациясын ояту. “Қазақстан2050” стратегиялық
бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарымқатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз
керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа
білім беру бағдарламасын енгізу арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өзінөзі
дамытуға қабілетті шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін:
Оқушылардың білім алу кеңістігінде шығармашылық белсенділігін
дамыту;
Оқушыларды шығармашылық әрекетке енгізу;
Оқу үрдісінде мәселелік оқытуды кіріктіру;
Шығармашылық ойлауды дамыту;
Өзіндік оқу ортасын құра отырып, айналаға, өзіне сыншыл көзқараспен
қарайтын, өз кемшілігінен сабақ алып, өзінөзі дамытуға құлықты
болатын қасиеттерді тұлға бойына дарыта алумыз қажет.
Оқушы шығармашылығын дамытуды:
1 Шығармашылық әрекетке қызығушылық принципі;
2 Өз білімін жетілдіруге, өзін өзі тәрбиелеуге ынталылық;
3 Шығармашылық әрекет етудің басымдылығы;
4 Педагогикалық үрдіс пен оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін
үйлестіру;
5 Оқушылардың өзіндік іс әрекеті мен шығармашылықтарын дамытуда
оқытудың формасын дұрыс таңдап алу қағидаттары арқылы жүзеге
асыруға болады.
Шығармашыл тұлға болып қалыптасуы үшін адамда қандай қасиеттер
болу керек? деген сұраққа өткен ғасырдың 80жылдары кеестік
зерттеушілер Г.С. Альтшуллер мен И.М. Верткин мыңдаған шығармашыл
тұлғалардың бойындағы қасиеттерді зерттей отырып, алдына мақсат қойып,
сол мақсатқа жету жолында бар ынтажігер, қажыр қайратын жұмсайтын, өз
іс әрекетін жоспарлап, өзінөзі бақылай алатын қасиеттері бар адамдар деген
қорытындыға келген.
Шығармашыл тұлғаның ең басты қасиеттерінің бірі – өз өзіне талап қоя білуі.
Осы талап қойғыштық қасиетінің арқасында ,мәселен,ұлы өнертапқыш
Т.Эдиссон мыңдаған тәжірибелер жасап, аккумулятор ойлап тапан;
М.Горький өзінің жазғанына көңілі толмай , «Ана» кітабының қолжазбасын
жеті рет өзгерткені белгілі.
Міне, осындай өзөзіне талап қоя білетін, алған білімін өмірдің кезкелген
жағдайында қолдануға бейім, кезкелген жағдайда тығырықтан шыға білетін,
функционалды сауаттылығы жетілген тұлғаны даярлаудың іргетасы
мектепте, оның ішінде білім берудің бастауыш сатысында қаланатыны белгілі. “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең
бастысы жағдайлар жасау қажет”. Мұндай жағдайларға не жатады? Біз бұл
сұрақтың жауабын оқу үрдісінде деңгейлі бағдарламаның қуатты құралдары
жеті модульді ықпалдастырудан тапқандаймыз.
Оқушы шығармашылығын дамытуға арналған стратегиялар
пән тақырыбы
стратегиялар
модульдер
сабақ кезеңдері
Дифференциация:
блум таксономиясының қолдану, деңгейлерінде * оқушылар
қабелеті жақсы
алғыр оқушылар
нашар
ашып жазу
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта «Дәстүрлі стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге
білімдерімен сіңісіп кете алмайды. Сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын
алады. Дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша
терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудара
бермейтінін» тілге тиек етеді. (МАН, 6 бет). Ал Джон Хетти (2009) «Орта білім беру жүйесінде әлемдік
жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті)
теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған» деп, сындарлы оқыту теориясының идеясы оқушылардың
шығармашылығын дамытудың бірденбір қуатты құралы екенін тілге тиек етеді.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бұл жеті модульде қарастырылатын оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту
керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль. Сабақ
барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушы мен мұғалімнің арасындағы
байланыстың негізгі құралы бұл диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында
тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан жақты, еркін айтуына,
дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін
есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге
мұғалім қандай іс әрекет жасауын қарастырады.
Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды
қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге
асатынын көрсетті» [1, б. 39] Сабақтың өн бойы оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы
арасындағы диалог негізінде құрылатындығы анық. Сабақтағы тиімді диалог
жүргізілген топтық жұмыс жасау барысында көрініп отырылады. Жаңа сабақты
меңгеру барысында сабақтың тақырыбына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
сабақтарда «Постер», «Кластер», «Бес жолды өлең», «Бір айналым сөйлесу», «Ментальді карта», «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Аялдама», түсіну дәрежесін байқау
мақсатында «Шындық детекторы», «6 неліктен», «SWOT талдау», «Кейіпкерге хат»,
«РАФТ» стратегиялары, білімдерін тексеру кезінде «Қос шеңбер», «Броундық
қозғалыс», «Аквариум», «Бумеранг», «Уақыт шеңбері», «Қарлы кесек» т.б.
стратегияларды қолданамын. Мұндай стратегиялар оқушылардың шығармашылығын
дамыта отырып, оқуға деген құлшыныстарын да арттыратынын байқаймын. Сонымен
қатар сыни ойлауға жетелеп, оқушылардың дәлелдей алу, салыстыру, талдау,
жинақтау бағалау сынды дағдыларын дамытуда әр оқушының жеке қабілеті
ескеріліп, «Жуан және жіңішке сұрақтар», «Венн диаграммасы», «Фишбоун», «Кубизм
стратегиясы», «Суреттер сөйлейді», «ПОПС» әдісінің, сабақты қорытындылап,
рефлексия жасауға жетелеуде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Аяқталмаған сөйлем»,
«Жарық жұлдыз», «Социоетрия», «Баспалдақ» т.б. әдістерінің маңызы қомақты деп
санаймын. «Ыстық орындық», «Бұрыштар құпиясы», «Еркін микрофон» стратегиялары
арқылы оқушы-оқушы қатынастары жүзеге асырылып, өз ойын еркін жеткізе білуге,
бір-біріне сұрақ қоюға төселдіруге болады. «Бағытталған оқу», «Болжау»
стратегиялары арқылы қиялдарын дамытып, сыни шығармашылық ойлаулары
дамытылады. Ақпараттық қондырғылар арқылы сабақ мазмұны байытылып
отырылады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы әрбір оқушының өз
қабілетін ашып, мүмкіндіктерін көрсете алуларына жағдай туғызылады.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең
ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық
және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы ,
сондайақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды
дағдылар» келесі ісәрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен
қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану;
тілдік дағдылармен бірге қарымқатынастың коммуникативтік тәсілдерін
қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі –
оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір
сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл
жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық
әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет:
сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек;
тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту;
белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру;
мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс;
оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
Ынтымақтастыққа үйренеді;
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді;
Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді;
Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді; Бірбірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға
үйренеді.
Қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдістәсілдерінің алдына қоятын басты
мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп,
олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
Ал оқу мақсаттары белсенді оқыту топтық, жеке, жұптық жұмыс түрлерін қолдану
арқылы іске асырылады. Мұғалімнің іс –әрекеті оқушыны бақылауға, бақылау нәтижесін
өңдеуге, бағытбағдар беруге, күтілетін нәтижені анықтауға арналады. Оқушының іс
әрекеті өз көзқарасын салыстыруға, топтық, жұптық жұмыста бірлесе шешім шығаруға, өз
жетістіктерін бағалауға арналады.
Белсенді оқыту тілдік дағдыларды қалыптастыруда – оқытуды дамыту, өздігінен
дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзінөзі жетілдіретін тұлға қалыптастыруға негіз
болады. Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетімен ізденуін арттыру мен
шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сабақ процесі оқушыны белсенді
ісәрекетпен белсенді ойлауға, белсенді оқытуға бағытталады.
Топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда «Пирамидалық талқылау»
белсенді оқытуы өте тиімді. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ
пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек.Әр топ таратылған
флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы
бір бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына
жазып, ойларын қорғайды. [3,17б]
Топтастыру. Сабақ басында жаңа сабаққа бағыт беру үшін тақтаға жазылған сөздерге
болжау жасайды. Оқушы осы сөздерге қосымша сөздер қосады. Содан соң кезекпен
сөздердің мағынасын анықтайды. Анықталған сөздің мағынасын дауыстап оқиды, ал
басқалары жазып алады. Осы әдіспен оқушылардың жазылым, тыңдалым дағдыларын
дамытуға болады. [3,15б]
Айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «ПОПС» формуласын қолдану
өте тиімді. Тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, шешім шығарады.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... .. »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын ……»
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге
келдім ....». сонда есепті талдау, жинақтау арқылы бала есепті саналы түрде меңгеретін
болады
«Жасырын сурет» белсенді оқытуы айтылым дағдысын қалыптастыруға әсер етеді.
Топтардан бір оқушыдан шығып 20 секунд уақыт ішінде суретті есте сақтайды. Топ
мүшелеріне көрген суреті бойынша сипаттайды, олар түсінгенін суретке салады. Көрген
суретін топ жандандыруға тырысады. Суреттер тақырыпқа сай болуы керек. Оқушыда топ
үшін жауапкершілік пайда болады және бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады. [3,18б]
Қорыта келе, белсенді оқыту арқылы білім алушының жеке басының дара және
дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын
қалыптастыру болып табылады.
Александер:«Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме
күшін қолдануға мүмкіндік береді»,деп санайды. Диалогтық оқытуда біз оқыту мен оқудың
әр түрлі әдістәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың өзіндік оқу ортасын құрамыз.
Диалогтық әдістәсілдерді тәжірибемізге енгізе отырып, біз оқушыларды жекелей, жұпта,
топта бірлескен ісссәрекеттері арқылы өздері үшін жаңалық ашуларына түрткі боламыз.
Мәселен, «Бір айналым сөйлем», «Синквеин», «»
Шығармашылық жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Халқымыздың «Жігітке жеті өнер де аз» «Сегіз қырлы бір сырлы» сияқты
нақыл сөздері адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерін ескертсе керек.
Шығармашылық ойлап табу, жаңалық ашу, шығару жетістікке жету,
белсенділігін арттыру.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзінөзі тануға ұмтылу,
іздену. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл
жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың
құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем
үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп,
алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ
баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға
тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға
тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері әдебиетке тікелей қатысы
бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының
жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше.
Оқушылар таныс ертегі, ңгіме,өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазғызу;
ə деби шығармадан алынған көркем, бейнелегіш сөздерді жаздыру;
ə
ə
деби шығармадан қысқа үзінділер жаздыру;
тыңдалған ж не оқылған м тіннің, фильм немесе кітаптың қысқаша
мазмұнын ж не алған серін жазу;
ə
ə
ə
ə
ə
деби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
сыныптың қабырға газетіне шағын хабарлама/мақала жазу;
ə
деби шығарма м тініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
ə
ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру.
Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру,
мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша
сурет салу, т.б. Осы орайда 2сыныпта ана тілі сабағында баланың
шығармашылық қабілетін дамытуда пайдаланған жұмыс түрлеріне тоқтала
кетсем деймін.
Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға
болады.
Мысалы,Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру
тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар
құрастыруға тиісті
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда өлеңнің
сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұланбайтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең
ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші
жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы
төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
… байлық
… алдық
… құс біткен
… қалдық. Оқушының тапсырманы орындауы:
Әдісі: ойлау,ой шақыру,пікірлесу,жұптасу.
Бес жолды өлең
ВЕНН диаграммасы
Асықпай өз ойын айтуға мүмкіндік беру.
Бес жол өлең. Не?.......
Қандай?.....
Не істейді?.....
Сөйлем......
Мағыналас сөз.....
Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып
білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз
құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күнненкүнге дами
түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптансыныпқа
көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып,
оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
тұжырымдамасында
Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін
дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл
туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық
қарымқатынасқа көшу кезінде саясиэкономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер,
өмірге икемделген, жанжақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», –
деген
көрсеткен.
Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер
кезінде
дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде
көрсетілгендей:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
дағдыланады.
жетелейді.
болады.
үйренеді.
үйренеді.
артады.
ізденіске
сенім
көзбен
Өз
Әр
ісіне
нәрсеге
Салыстыруға,
деген
сын
қорытынды
Шығармашылық
Шығармашылдық
жұмыстануға
пайда
қарауға
белсенділік
ашып
жасауға
бетімен
көре
біліп,
Өз
оны
оқуға, істей
біліміне
деген
аламын – өз
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы,
оқуы,
ізденуі.
Мен
сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке
тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін
танып,
дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін
кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.
кедергілер:
Ондай
1.
болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі,
жалқаулығы.
3.
нашарлығы.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы
тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген
жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді
меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең
басты
міндетім.
Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жанжақты мәдениетті, іскер,
өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша
ұстаздың міндеті
Денсаулығының
жағдайының
Оқушының
әлеуметтік
біліп
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Деңгейлік бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.