Дүниетану пәнінен сабак жоспары."Жануарлар калай коректенеді? "(2 сынып)

  • Разработки уроков
  • docx
  • 04.05.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Мақсаты: 1. Оқушыларға жануарлардың қорек тауып жеуге қалай бейімделетіндігі, қысқа қалай дайындалатындығы туралы түсінік беру; 2. Қоршаған әлемді танып білуге деген ынталарын,экологиялық білімдерін, дүниетанымдарын дамыту. 3. Табиғатты және жануарларды қорғауға тәрбиелеу. Сабақ түрі: топпен жұмыс Сабақтың типі:Жаңа ұғым беру Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,өздік жұмыс,талдау ,жинақтау
Иконка файла материала №1.docx
Сынып: 2 «А»        Пән. Дүниетану  Тақырыбы: Жануарлар қалай қоректенеді?  Мақсаты:  1. Оқушыларға жануарлардың қорек тауып жеуге қалай бейімделетіндігі, қысқа қалай  дайындалатындығы туралы түсінік беру;  2. Қоршаған әлемді танып білуге деген ынталарын,экологиялық білімдерін,  дүниетанымдарын дамыту.  3. Табиғатты және жануарларды қорғауға тәрбиелеу.  Сабақ түрі: топпен жұмыс  Сабақтың типі:Жаңа ұғым беру  Сабақ әдісі: сұрақ­жауап,өздік жұмыс,талдау ,жинақтау  Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақтада, жазылған тапсырмалар,үлестірме  материалдар, жануарлардың суреттері.  Сабақтың жоспары:  І. Ұйымдастыру кезеңі.  Психологиялық дайындық.(деректі фильм)  ІІ. Өткен материалды қайталау.  Үй тапсырмасын сұрау.  1­топ. Жануарларға ауа қажет екенін дәлелдеу.  2­топ. Жануарларға жылу мен жарық қажет екенін дәлелдеп айту.  3­топ. Жануарлар үшін судың қажеттілігіне дәлел келтіру  ІІІ. Жаңа тақырып.  Мұғалім В.Бианкидің «Қысқа дайындық» әңгімесін оқиды.  Кейін әңгіменің мазмұны талданады.  1­топ. Жануарлар қысқа қалай дайындалады?  2­топ.Тоқалтіс қалай дайындалады? Тоқалтістің іні қандай?  3­топ.Олар қай кезде ұйықтайды?  ІҮ. Оқулықпен жұмыс  .Мәтін мазмұнымен таныстыру.  ­Мұғалімнің оқуы.«Түртіп алу»стратегиясы  ­Оқушылар мәтінді оқи отырып, бірден «Түртіп алу» кестесін толтырып отырады.  Мәтіннің ішінен білетіндерін «Білемін» бөліміне,жаңадан нені үйренгенің «Білдім»  бөліміне, тағы да осы тақырып көлемінде не білгісі келсе, «Білгім келеді» бөліміне  жазады.  2.Әр топ сурет бойынша жануарлар немен қоректенетінің туралы айтады