Факультатив «Ғажайып математика»
Тақырыбы: Санды
өрнектеп қосу,азайту амалымен шығарылған есептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.
Оқушыларды ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ,ертегі есеп, өлең есеп
Сабақтың барысы:
Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып,мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«....Жасыл дала,құлпырған қып-қызыл гүлдер,..сарқырап аққан мөп-мөлдір су....,жайқалған ағаш...,ашық
аспан..,жарқырап күлімдеген күн сәулесі.......»
Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық.
-Қандай көрініс көрдіңдер? /Әсем табиғаттың./
Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр.
Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады.Асқар мен Болат суға шомылып,күнге қызды-
рынып болған соң,анасы оларды тамақтануға шақырады.Тамақтанған соң
ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді.Қарбызға тойған соң,
олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады.Анасы тамақ ішкен ыдыстарын
салып алды да,тамақтың қалдықтарын көлге,лақтырып қалған қоқыстарын
жинамастан балаларына:
-Тез машинаға отырыңдар,үйге қайтамыз- деді.Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған,ластанған.Соны тазалау үшін ,өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін сіздер тез-тез осы сұрақтарға жауап беруіңіз керек:
1) 1.Ең кіші бір таңбалы сан. 1
2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3.Екі таңбалы сан. 10
4.Ең үлкен бір таңбалы сан. 9
5.Кеміту амалы. Азайту
Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.
Жолдау.
Міне оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында : «Қазақстан ауасы таза, суы-мөлдір,жасыл желекке айналуы тиіс»,-деген болатын.
- Балалар ,біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса
қоса аламыз?
- Қоқыстан тазалаймыз,ағаш отырғызамыз,гүл егеміз.
Ендеше ,балалар,табиғатымызды таза ұстап,қамқорлыққа алу,гүлдер егіп,даламызды жасыл желекке айналдыру-болашақ ұрпақ сендерге байланысты. Сондықтан өз үлесімізді қосайық.
2) «Ағаш отырғызамыз»
Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ,ол дұрыс өспей қалады.Ал сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың , тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.
1- ағаш тапсырмасы:
«Санамақ» ойыны:
Алдында 3 балапан, Артында 3 балапан. Ақ тауық пен балапан Айтшы санын,балақан. /8/ |
Көлден ұшты 7 қаз, Қайтып қонды 2 қаз. Қонбады оның нешеуі, Қане,кім тез шешеді? /5/ |
Аулады 5 үйрек, Қорада 3 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек? /6/ |
2-ағаш тапсырмасы:
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
, Қаз Ай Ту (Азайту) Мысық ,Етік, Р (Метр)
Сергіту сәті.
- Тағы қандай үлес қосамыз.
- Гүл егеміз.
- Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Оны баптап күту қажет.
3) Қызғалдақ тапсырмасы.
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен ,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрылардыосылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
Раушан гүл тапсырмасы.
Математикалық санамақты жаттау.
4-дегенім жақсы баға,
1-дегенің жаман баға,
-Алады оны жаман бала.
2-дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3-дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.
4) Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді,қәне құстарымызды шақырайық.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
«Аққу» тапсырмасы
-Кел балалар ,ойнайық
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу,топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу,есепкер
(Бес торғай)
Көлден ұшты 5 қаз, 6 аламаның 2-уін
Қайтып қонды 2 қаз Досың сұрап алады.
Қонбады оның нешеуі, Айтшы сонда нешеуі
Қане кім тез шешеді? (3 қаз) Өз қолыңда қалады. (4)
Табақта 5 алма 10 асықтың 3-уін,
Қолымда 5 алма Досым сұрап алды
Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (10 алма) Өз қолымда қалады. /7/
1-ін бердім апама,
2-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (7 алма)
Математика
Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
5) Суреттегі фигураларды анықтау
ІІІ. Мадақтау.Қорытыңды:
-Балалар! Мен сендердің іс-әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім.Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.