Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3С Фигураларды түрлендіру |
Мектеп: «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ |
|||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Чекетаева ЖА |
|||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақ тақырыбы: |
Фигураларды түрлендірулердің түрлері |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.3.4.19 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін және түпбейнелерін сала біледі, сонымен қатар программалық жасақтаманы қолданады; 9.3.4.20 қозғалыстардың түрлеріне, сонымен қатар теңдеулермен берілген қозғалыстардың түрлеріне есептер шығарады; 9.3.4.17 тепе-тең түрлендіру және түрлендірулердің композициялары ұғымдарын біледі; |
|||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушы: - Фигураларды түрлендіру түрлерін анықтайды; - |
|||||||
ЦПР |
Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту. |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушы: Түрлендірудің түрлерін анықтайды. Осьтік және центрлік симметрияны қолданып фигураның бейнесін салады |
|||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: - Түрлендірілген фигураның салыну барысын сипаттайды; - Есептің шешімін дәйектейді; - Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын қолданады Пәндік лексика мен терминология Фигураларды түрлендіру; Қозғалыс, ұқсастық; Центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру, гомотетия; Центрлі-симметриялы фигуралар. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Нүктелер арасындағы қашықтық сақталады; Нүктелер арасындағы қашықтық бірдей сан есе өзгереді; … әртүрлі жақтарында; … бір жағында; … түзуіне ортақ перпендикулярында; … бірдей қашықтықта; фигура өз-өзіне көшеді; берілген фигураның симметрия осі; - О центрімен α бұрышқа бұрылу. |
|||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Өмірмен байланысты есептерді шығару барысында қоршаған ортадағы түрлендірулерді түсінеді |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
Физика , сызу пәнімен |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация. ActivInspire қолданып сызбаларды сызу |
|||||||
Бастапқы білім
|
Үшбұрыштар теңдігінің қасиеттері туралы білімі; вектор ұғымы туралы білімі; үшбұрыштардың ұқсастық қасиеттері туралы білімі. Фигураларды бейнелеу кезінде сызба әрекеттерін қолдана алу дағдысы. |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 3 мин
|
- Ұйымдастыру. - Оқушылармен амандасу - Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару Үй тапсырмасын тексеру. |
|
||||||
Сабақтың ортасы 5 мин |
Миға шабуыл: C-1: Қозғалыс дегеніміз не? С-2: Ұқсастық дегеніміз не? С-3: Қозғалыстың түрлерін ата. С-4: Центрлік симметрия дегеніміз не? С-5: Осьтік симметрия дегеніміз не? С-6: Бұру дегеніміз не? С-7: Параллель көшіру дегеніміз не? С-8: Парраллель көшірудің формуласы |
Әр түрлі смайликтермен мадақтау |
||||||
20 мин |
Жаңа тақырыпты ашу: 9.3.4.19 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін және түпбейнелерін сала біледі, сонымен қатар программалық жасақтаманы қолданады;
Оқушыларға программалық жасақтаманы қолданып, фигураның қозғалысын қалай орындауға болатынын көрсетіңіз, мысалы GeoGebra программалық жасақтамасы көмегімен. Оқушыларға GeoGebra бағдарламасын ашып, онда А, В, С нүктелерін белгілеңіз, АВ кесіндісіне С нүктесіне қарағанда симметриялы болатындай етіп, НК кесіндісін салыңыз. Әрі қарай оқушыларға жеке жұмысты ұсыныңыз. 1. А(2;3), В(-1;1), С(3,-1) нүктелерін белгілеңіз 2. үшбұрышын салыңыз 3. Координаттар бас нүктесіне қарағанда симметриялы болатындай үшбұрышын үшбұрышына бейнелеңіз. 4. үшбұрышының координаталарын табыңыз. 5. Координаттар бас нүктесіне қарағанда симметриялы нүктелердің координаталары қалай өзгерді? Қорытынды жасаңыз. Координаттар бас нүктесіне қарағанда симметриялы нүктелердің координаталарының таңбалары қарама-қарсы болатындығына назар аударыңыз. Дәл осылай қозғалыстың басқа түрлерін де қарастырып шығыңыз. Қарастырыңыз: a) Абсцисса осіне, ордината осіне қарағанда осьтік симмтерияны. b) 180, , -90 бұрыштарына бұруды. Оқушылардың назарын 180-қа бұру центрлік симметрия болатынына аударыңыз. c) Векторға параллель көшіру 9.3.4.20 қозғалыстардың түрлеріне, сонымен қатар теңдеулермен берілген қозғалыстардың түрлеріне есептер шығарады; Оқушыларды топқа біріктіріңіз, олар топтың тапсырмасын орындайды, бірақ әрқайсысы жеке. Оқушыларға мысал үшін GeoGebra бағдарламалық жасақтамасын қолданып орындауын ұсыныңыз. 1-топ. 1. Центрі А(4; 3) және радиусы 2 болатын шеңбер сызыңыз. 2. Берілген шеңберді А центріне симметриялы етіп салыңыз. 3. Қорытынды жасаңыз. 2-топ. 1. АВ кесіндісін салыңыз, мұндағы А(4; 3), В(-8; 11). 2. Кесінді ортасының координаталарын есептеңіз. 3. Кесіндіні оның ортасына қарағанда симметриялы болатындай симметриялы етіп салыңыз. 4. Қорытынды жасаңыз. 3-топ. А(2;1), В(-1;2), С(-2;-1) және D(1;-2) нүктелері берілген. 1. Салуды орындамай, АВСD төртбұрышының түрін анықтаңыз. 2. АВСD төртбұрышын салыңыз. 3. АВСD төртбұрышын координаттар бас нүктесіне қарағанда симметриялы етіп бейнелеңіз. Осы түрлендіруден шыққан фигураны салыңыз. 4. Координаттар бас нүктесі АВСD төртбұрышы үшін не болып табылады? 5. Қорытынды жасаңыз. 9.3.4.17 тепе-тең түрлендіру және түрлендірулердің композициялары ұғымдарын біледі. Тізбектес орындалған екі түрлендіру қайта қозғалыс болатынына назар аударыңыз. Оқушыларға мысалы келесі тапсырманы орындауға ұсыныңыз. Тапсырма. 1. Берілген фигураны у = 3 түзуіне қатысты симметриялы бейнелеңіз, одан кейін алынған фигураны х = 3 түзуіне симметриялы бейнелеңіз. 2. Бірінші фигураны соңғы алынған үшінші фигураға тепе-тең түрлендіретін бір ғана түрлендіру қандай болады? |
|
||||||
20 мин |
Сыныппен жұмыс: Тапсырма №1. Салуды орындамай, К нүктесінің координаталарын табыңыз, егер ол М(1;-5) нүктесін келесі түрлендірулер арқылы алынса: 1. Координаттар бас нүктесіне қарағанда симметриялы. 2. ОХ осіне қарағанда симметриялы. 3. Ордината осіне қарағанда симметриялы. 4. Координаттар бас нүктесімен 90-қа бұру арқылы. 5. Координаттар бас нүктесімен 180-қа бұру арқылы. 6. векторына параллель көшіру арқылы. Тапсырма №2. Келесі фигуралардың симметрия осін жүргізіңіз.
Тапсырма №3. Келесі фигуралардың симметрия осьтерінің санын анықтаңыз. Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, шеңбер, теңқабырғалы ∆, теңбүйірлі ∆, теңбүйірлі трапеция, жұп санды қабырғалы дұрыс көпбұрыш. Тапсырма №4. а) Р нүктесіне координаттар бас нүктесіне қарағанда симметриялы болатын М нүктесінің координаттарын табыңыз. б) Параллель көшіру кезінде А(5; 3) нүктесі В(1; 1) нүктесіне көшеді. Координаттар бас нүктесі қандай нүктеге көшеді? |
Оқу жоспары |
||||||
15 мин |
Жұппен жұмыс №1. А тобының үлестірмелерін В тобының үлестірмелерімен сәйкестендіріңіз. А тобының үлестірмелері қозғалыс түрлендіруі көмегімен алынған фигураны көрсетеді. В тобының үлестірмелері түрлендіру түрін сипаттайды. Бір суретке бірнеше қозғалыс сәйкес келуі мүмкін болатындығына назар аударыңыз. А тобы.
В тобы.
№2. Түрлендіру кезіндегі кө шу векторын анықтаңыз.
№3. Суреттегі мәліметтерді пайдаланып: a) А фигурасы қандай да бір заңдылықпен В фигурасына бейнеленді. Осы түрлендіруді толығымен сипаттап жазыңыз b) А фигурасы қандай да бір заңдылықпен С фигурасына бейнеленді. Осы түрлендіруді толығымен сипаттап жазыңыз
№4. Параллель көшіруде А(7;-4) нүктесі B(1;-9) нүктесіне көшеді. Осы параллель көшіруде Е(11:-3) нүктесіне көшетін Ғ нүктесінің координаталарын табыңдар А) Ғ(17;2) В) Ғ(-17;2) С) Ғ(5;-8) Д) Ғ(-5;8) №5. Параллель көшіруде М(-3;-1), N(5,7) болатын MN кесіндісі АС кесіндісіне көшеді, ал М нүктесі А(3;5)нүктесіне көшеді. АС кесіндісінің ортасы х нүктесінің координаталарын табыңдар. А) Х(5;3) В) Х(-5;7) С) Х(7;9) Д) Х(-7;9) Бағалау: Жұптар тапсырмаларды орындарында немесе тақтада орындайды, қалған оқушылар дұрыстығын тексереді, бағалайды. |
Шыныбеков Геометрия - 9 сынып |
||||||
15 мин |
Жеке жұмыс: №1. Табаны KM болатын теңбүйірлі KLM үшбұрышы берілген. M нүктесі KН кесіндісінде жататындай, KM түзуінің бойынан Н нүктесі алынған. a) LM кесіндісін векторына қатысты параллель көшіргенде пайда болатын (алынатын) L1Н кесіндісін салыңыз. b) KLL1Н төртбұрышы– теңбүйірлі трапеция екенін дәлелдеңіз №2. Параллель көшіруде А нүктесі А1 нүктесіне, В нүктесі В1 нүктесіне бейнеленеді. Егер АВ=10 см болса, онда А1В1 кесіндісінің ұзындығы неге тең? Жауаптарыңды негіздеңдер. №3. АВС үшбұрышынының С төбесінің төңірегінде 120о бұрғандағы бейнесін сал. №4. a) А трапециясын сағат тілінің бағытымен 900 –қа бұрыңыз және пайда болған фигураны С әрпімен белгілеңіз. b) С трапециясын Ох осіне қатысты симметриялаңыз, шыққан фигураны D әрпімен белгілеңіз. с) В трапециясын координаталар басына қатысты симметриялаңыз және шыққан фигураны Е әрпімен белгілеңіз. Бағалау: Қатар отырған оқушылар бір-бірін тексеру. |
Геометрия 7-9, Л.С.Атанасян, В.Ф.Бутузов, С.Б.Кадомцев
|
||||||
Сабақтың соңы 2 мин
|
Үйге: №279 Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет |
Шыныбеков Геометрия - 9 сынып 69 бет |
||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||
|
|
|
||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет |
||||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.