Физическое воспитание в детском саду
Оценка 4.7

Физическое воспитание в детском саду

Оценка 4.7
docx
20.01.2022
Физическое воспитание в детском саду
2 Статья Физкультура в детском саду.docx

 

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

Кошанова Ардак Дамировна

Мектепке дейінгі дене тәрбиесі – халық ағарту ісінің алғашқы сатысы. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуге бағытталған. Жас ұрпақты жан–жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы.

Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады»-деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.

Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала ағзасының қызметін жетілдіру қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің дұрыс жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығы тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет. Сондай-ақ, баланың қозғалысын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділігін, шапшандық, күштілік төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға, тұрмыста және дене тәрбиесі сабақтарында қажетті жеке және қоғамдық гигена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. 

Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай:

балалардың негізгі қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, спорттық жаттығулар мен ойындарды үйрету және сол үйренгендерін өз еркімен топ болып орындауға әрекеттендіру;

қимыл-қозғалыс түрлерін меңгеруге  көмектесе отырып, шамалары келетін қимыл-әрекеттерге қызықтыра түсу арқылы батыл, белсенді, ұстамды болуға тәрбиелеу;

жаттығу мен басқа да қимыл-әрекеттер жасау кезінде ықшам, икемді, тез және төзімді болуға тәрбиелеу. Жасалатын жаттығулардың пайдасы жөнінде қысқаша түсінік беріп, тазалық сақтауға, тәртіпті болуға үйрету.

Екінші сәбилер тобынан бастап дене  шынықтыру сабағы аптасына 3 реттен өткізіледі. Оның екеуі сабақ түрінде, үшіншісі серуен кезінде өткізіледі. Оның екеуі сабақ түрінде, үшіншісі серуен кезінде өткізіледі. Оқу жылының басындағы сабақтар көбінесе алдыңғы топта өткен жаттауларды қайталау мен солардың күрделенген түрлерін меңгеруге бағытталады.

Екінші сәбилер тобынан бастап жүргізілетін дене шынықтыру сабақтарын өткізгенде есте болатын жағдай, оның мазмұны көбінесе жоспарда көрсетілген спорттық жаттығулар мен ересек топта қосылатын спорттық ойындарды қамтиды. Сабақтың алғашқы дайындық бөлімінде көбінесе жүгіру және бұлшық еттерге арналған жан-жақты дамытатын жаттығулардың 4-5 еуінжасау арқылы 2-3 минутқа дейін денені қыздырып, сабақтың негізгі бөлімінде шұғылданатын спорт түріне бірден кірісіп кеткен жөн.

Таңертеңгі гимнастика.

Таңертеңгі гимнастиканың мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтып, денесінің дұрыс қалыптасуы үшін омыртқа, табан бұлшық еттерін жетілдіру. Балалардың денсаулығын сақтаудағы таңғы гимнастиканың рөлі Соңғы жылдары физикалық жағынан әлсіз балалардың санты күрт көбейуде. Олардың бұлшықеттеріне жүктеме белгілі бір себептермен түсіп отырады. Сондықтан да балабақша қабырғасында балаларға жан-жақты физикалық жағынан тәрбие беру қолға алынып отыр. Бала өмірінде таңғы гимнастика үлкен психологиялық рөл атқарады. Бала өзіне әдет ете отырып таңын таңғы гиманстикадан бастауды күнделікті жұмысына айналдырады.

Негізгі бөлімде – 4-5 жан-жақты дамытатын жаттығуларды 5-6 реттен қайталап өткізіледі. Кубик, доп, құрсау және жіптер көп қолданылады.

Тәрбиеші балаларды 3-4 топқа бөліп, олардың арасынан бастаушылар сайлайды. Тәрбиеші саптың аяқ жағына таман тұрып, жаттығулары бастап жасап, соңғы жағын басқарып тұрады.

Таңғы гимнастиканы қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биімен де алмастырып отырған дұрыс.

Сол кезде физиологиялық процестер тыныс алу, қан айналым, зат алмасу белсене түзеді. Сүйек бұлшықет жүйесі қатаяды физикалық және ақыл ой қабылеттерінің даму жағдайы туындап балада ауруларға деген тойтарыс реакциялары пайда болады.

Сабақ ұзақтығы 20-25 минутқа жетіп, жаттығулар күрделене түседі. Осы топтан бастап ұлдар қазақша күрес әдістерін үйрететін жаттығуларды бастайды. Бұл топта балалар саптағы өз орындарын таба алулары қажет.

Қимылы нашар жетілген балаларға ескерту жасай бермей, керісінше, болымсыз жетістіктерін мадақтап, қимыл жасауға деген ынтасын арттыру қажет.

Шынықтыру шараларын жүргізу кезінде қоршаған ортаның сыртқы факторларын қолдану қажет ( ауа ,су , күн ) оны жеке және кешенді іс – шара түрінде қолдануға болады. Шынықтыру шарасын баланың жеке денсаулығын ескеріп жасау қажет. Табиғи факторлардың күшін біртіндеп ұлғайту. Шынықтыру жүйелілгі Шынықтыру шарасы кезінде баланың денесі босаңсулы , көңіл – күй жақсы болуы шарт.

Шынықтыру шараларының әдістері мен құрамдары жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Кеңінен қолданатын шынықтыру әдістері : - серуен ережесін сақтау - таңғы гимнастика мен шынықтыру сабақтары - ауамен шынықтыру Шынықтыру серуені. Жалаң аяқ жүру .

Сумен шынықтыру, кеңінен толық шомылу, тамақты шаю, дымқыл сүртін, аяққа су құя отырып жалаңаяқ жүру, арықта , өзенде шомылу. - Күнмен шынықтыру. Күн мен ауа ванналары, күн ваннасы мен көлеңкедегі демалыс «Денсаулық» жолдарымен жүру. «Нүктелі массаж» жасап уқалау.

Шынықтыру жұмыстарын отбасының тығыз байланыссыз өткізу мүмкін емес. Іс – шара жоспарланған жоспар бойынша балабақша жұмысының жоспарынан тыс жүргізіледі. Егер де сауықтыру шынықтыру жұмысы жүйелі және дұрыс ұйымдастырылған болса: - бірінші топтағы денсаулығы бар балалар саны өседі. - балаларда салауатты өмір салты туралы ойлары қалыптасады.

Таңғы гимнастика жылы кезде таза ауада өткізіледі. Қысқа уақыттағы балалар ойыны. Мақсаты: Балалардың спортқа, салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын ояту. Толық физикалық дамуы. Жеке ерік – жігерлерін дамыту.

Ортаңғы тобындағы балаларды аптасына 1-2 рет көгалға, мектеп стадионына, паркке қажетті спорттық құралдарды бірге ала барып 20-30 минуттай ойнап, демалып қайту қажет. Бұл серуенді тәрбиеші алдын-ала жоспарлап, балабақша басшыларының келісімі бойынша өткізеді.

Ересектер тобындағы жалпы білім беретін үш сабақтың арасында 10 минуттан 2 рет  үзіліс беріледі. Сабақтардың үстінде 2-3 минуттан сергіту сәттері өткізіледі. Бұл топтағы балалар тәрбиешінің нұсқауымен жиналып, керекті құралдарын алып, бірнеше қатар болып сап түзеп тұра алады.

Сумен шынықтыру:

Балабақшада сумен шынықтыру түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін бірінші сәбилер тобынан бастап, ересектер тобына дейін бірыңғай әдіспен ұйымдастырылады.

Тұзбен шынықтыру:

Тұзбен шынықтыру арнаулы тұзды су сіңірілген жолмен жалаңаяқ жүргізу арқылы іске асырылады. Тұзды жол былайша әзірленеді: еденге бір-бірінен арақашықтығы 10-40 см-дей болатын, ені 25-30 см, ұзындығы 2 метр екі тақтайды қатар жатқызады. Біреуіне резеңке жауып, оның үстіне тұзды суға малынған (5 литр шым-шым ыстық суға 1 кг тұз салынады) кенеп төселеді. Екінші тақтайдың жартысына дейін құрғақ кенеп жауып, қалған жартысына  арасына ұсақ тастар салып, тігілген қапшық төселеді.

Күтуші балаларды алдымен тұзды су сіңірген тақтайдың үстімен екі аяғын бір-біріне тигізе көлденең басып жүріп шығуын қадағалап тұрады. Екінші тақтайға өтерде балалар жер баспауы үшін, сәбилер тобында екі тақтайдың ара-қашықтығы 10 см-ден аспау керек. Құрғақ кенепке 10-ға дейін табандарын 10 рет үйкелей сүртіп, ұсақ тас салып тігілген қапшықтың үстін өкшесімен басып жүріп өтеді. Тақтайдың шетіне шыққанда жер баспау үшін, жүруді алғаш бастағанда аяқ-киімдерін тақтайдың шетіне жақын қоюды естен шығармау керек. Аяғын кенепке құрғатып сүрте алмаған балаларға орамал беріп, құрғаттырады.

Сондықтан да балабақшада осы денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.

 

 


БАЛАБАҚШАДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ

Таңертеңгі гимнастика. Таңертеңгі гимнастиканың мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтып, денесінің дұрыс қалыптасуы үшін омыртқа, табан бұлшық еттерін жетілдіру

Таңертеңгі гимнастика. Таңертеңгі гимнастиканың мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтып, денесінің дұрыс қалыптасуы үшін омыртқа, табан бұлшық еттерін жетілдіру

Сумен шынықтыру: Балабақшада сумен шынықтыру түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін бірінші сәбилер тобынан бастап, ересектер тобына дейін бірыңғай әдіспен ұйымдастырылады

Сумен шынықтыру: Балабақшада сумен шынықтыру түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін бірінші сәбилер тобынан бастап, ересектер тобына дейін бірыңғай әдіспен ұйымдастырылады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022