«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум
Оценка 4.9

«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум

Оценка 4.9
docx
09.01.2020
«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум
семинар-пр фоамиран.docx

Семинар өткізген: Ақтөбе қ. ҚТШО қосымша білім беру педагогі Нұрсеитова Ү.О.

 

«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум

Мақсаты:  мұғалімдермен тәжірибие алмасу мақсатында білімдерін жетілдіруге арналған,фоамиран материалынан гүл жасау технологиясын, әдісін меңгеру,әдемі өнер туындысын жасап шығару. Ыстық желіммен,үтікпен жұмыс істеуді,қауіпсіздік ережесін сақтай білуді есте сақтау.

Күтілетін нәтиже:      

Фоамиран материалының түрін,қажетігін түсіне біледі.

Фоамиран матасынан гүлді жасау технологиясын үйренеді.

Ыстық желіммен,үтікпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті орындай біледі.

Фоамираннан әдемі өнер туындысын жасай алады.

Қолданатын құрал-жабдықтар: Қағаздар ,маркерлер, фоамиран маталары, гүл сабағы, қылқалам,салфетка, ыстық желім, үтік, тапсырмалар.

Жоспардың басталуы:

 Қызықты мәлімет
Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзақ аялдап, қақаған аяз кетпей тұрып алады. Сол заманда тау бөктерінде орналасқан жертөледе бір шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп жер дүниені шарлап кетеді. Әйелі мен екі перзенті оны күтумен болады. Күндердің күнінде қаңтар айының аяғында ұл бала қатты науқастанып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіптің көмегіне жүгінген екен. Тәуіп әйел оның кеселінің себебін анықтайды. Ол сәбиді емдеу үшін жаңа өсіп тұрған гүлдер мен жапырақтар керек екендігін мәлімдейді. Анасы мен бауырының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге керекті өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Қараса, айналаның бәрі мұзбен шырмалып, қалың қармен көмкерілген. Бойжеткеннің бойын үрей билеп алады да, не істерін білмей, отыра қалып, қатты жылайды да, Құдайға жалбарына бастайды. Жүректен шыққан 
ыстық жастар қарды тесіп, жердің түбіне жетеді де, нәзік гүлдерді - бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын тесіп, өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне шыға келеді. Қыздың жасы тамған жерлердің бәрі әдемі ақ гүлдермен әрленеді. Сұлу бойжеткен оларды теріп алып, үйіне алып барады да, інісі аман қалады. Содан бері бәйшешек - үкілі үміттің нышаны саналатын болған екен.
1.Фоамиран деген не?

2.Фоамиранның тұрмыстағы қолданылуы?

Фоамиран, материалы немесе шеберлер ол материалды, фом (фоам) — инновациялық материал ,жаңаша шығармашылық жұмыстарға арналған,түрлі түсті бархатты резина тәріздес болып келеді,яғни түрі майда ,бархатты болады. Бұл материалды саңылаулары бар резеңке материал,көпіршік-пластик,көпіршік қағаз,иілгіш замша деп те аталуы мүмкін. Фоамиран материалынан шеберлер балаларға арналған ойыншықтар,апликациялар,жапсыру жұмыстарына негізі етіп алуға да болады.Фоамиран қытай,иран елінен шығарылады.Иран елінен шығарылған жіңішке 0,7-1,2 мм,нәзік болып келеді және 22түрлі түстері болады.Қытай елінен шығарылған фоамиран нығыз және қалыңдау болып келеді,25 түрлі түстері барМұндай фоамираннан қуыршақтар және сәндік бұйымдар жасауда пайдаланады.

Фоамиран матасы шығармашылықпен жұмысты орындайтын өнер адамдары үшін өте керемет материал болып табылады.Фоамиран өте жақсы қиылады,оны бояу арқылы көптеген сәндік қолданбалы өнерде пайдалануға болады.Ыстық температураға ұстай отыра ол материалды басқа неше түрлі пішінге өзгертуге болады.Ол өте суды жақсы ұстайды.

Фомираннан материалынан гүл жасау технологиясы

1.Үлгі бойынша гүл жапырақтарын қиып алу.

2.Жапырақтарды ыстық үтікке ұстау,пішінін өзгерту.

3.Ыстық желімді пайдаланып гүл жапырақтарын гүл ортасына қосып ұқыпты желімдеу.

4.Фоамираннан жасалған гүлді сабағына қосып ыстық желіммен жапсыру.

Ыстық желімді пайдалану қауіпсіздік ережесі.

1.Пистолет желімнің жұмыс істеуін тексеріп алу керек.

2.Пистолет желіммен өте сақтықпен жұмыс істеу керек,өйткені желім ыстық болады.

3.Сулы қолмен ұстауға болмайды.

4.Киімге,үстіңе тигізіп алмау керек.

3.Желімді ұқыпты,артық желімді салфеткаға сүртіп алу керек

2. Практикалық жұмыс.Фоамиран матасынан гүл жасау.

Технологиялық карта тарату.


Практикалық жұмыс.(Музыка үнімен практикалық жұмысты орындау.)

Аяқталуы
Қорытынды: Жалпы сұлулықты сезіне білу арқылы гүлді аялай,қорғай біледі.

Фоамиран материалының түрін,қажетігін түсіне біледі.

Фоамиран матасынан гүлді жасау технологиясын үйренеді.

Ыстық желіммен,үтікпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті орындай біледі.

Фоамираннан әдемі өнер туындысын жасай алады.  Жаңа сабақ бойынша сұрақтарға толық жауап берді. Топтық жұмыста топ басшылары бағалау критериі бойынша толық бағалады. Топтар жұмыс барысында белсенділікпен жұмысты орындады..

 

Қорытындылай келгенде семинар тыңдаушыларына алға қойған мақсатымызды түсіндіре біліп, жасата алдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум

«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум

«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум

«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум

«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум

«Фоамираннан ашықхат» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар –практикум
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.01.2020