Функционалдық сауаттылық
Оценка 5

Функционалдық сауаттылық

Оценка 5
Педсоветы
doc
русский язык
11 кл
03.04.2017
Функционалдық сауаттылық
Статья" Функциональная грамотность" поднимает вопрос на уроке казахского языка и литературы о том,как правильно подготовить детей к овладению основами функциональной грамотности.В статье даны разработки внеклассных мероприятий,способствующих формированию функциональной грамотности у учащихся. В ней дана разработка 1 урока казахского языка по новым технологиям.
Функционалды сауаттылық.doc
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Тукенова Е.Ж. Аршалы ауданы  Волгодонов орта мектебі  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Адам ата­анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.                                                                                                                                        Абай.   білім   стандарттарын,                Қазіргі өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық  – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай­ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған   мемлекеттік   бағдарламасында   анық   көрсетілген.   Осы   бағдарламаны басшылыққа ала отырып, елімізде «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012­2016 жылдарға арналған Ұлттық іс­қимыл жоспары» бекітілді. Бұл   Ұлттық жоспар  – білім  сапасын жетілдірудің  негізгі бағдары.  Жоспарда мақсат, міндеттер   нақты   қойылған,   ағымдағы   жағдайды   талдау,   мектеп   оқушыларының функционалдық   сауаттылығын   дамыту   тетіктері,   оқу бағдарламалары   мен   жоспарларын   жаңарту,   оқыту   нысандарын,   әдістері   мен технологияларын   жаңарту,   мектеп   оқушыларын   оқыту   нәтижелерін   бағалау   жүйесін дамыту,   ата­аналардың   қатысуын   қамтамасыз   ету,   қосымша   білім   беруді   дамыту, күтілетін нәтиже, қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды  дамыған елу елдің қатарында терезесін тең ететін ­білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі  білім беру жүйесінің функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру   мәселесін алға қойып отыр. Ресми деректер бойынша,   мектеп   жасындағы   балалардың   40   пайызы   әдеби   мәтінді   түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмаған. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс   білім   беріп,   тиянақты   оқытпаудан,   оқырман   болуға   үйретпеуден   болады   екен. Сақтанбау,   ұқыпсыздық,   байқаусыздық,   апаттар:   мұның   бәрі   ережені   дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отырады.             Сонымен,     функционалдық   сауаттылық   дегеніміз   не? Функционалдық   сауаттылық  дегеніміз­адамдардың   әлеуметтік,   мәдени,   саяси   және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай  ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін   жетілдіріп   отыруы.    Ондағы   басты   мақсат   жалпы   білім   беретін   мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: ­белсенділік; ­шығармашылық тұрғыда ойлау; ­шешім қабылдай алу; ­өз кәсібін дұрыс таңдай алуы; ­өмір бойы жас ерекшелігіне қарамай білім алуға дайын тұруы.  Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.                 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алар орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман­мүддесін танытуда, оларға идеялық­ саяси, рухани­адамгершілік, этикалық­эстетикалық   жан­жақты   тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын,   мінезін,   жалпы   мәдениетін   қалыптастыруда   көркем   әдебиетті   қуатты құралдардың   бірі   ретінде   пайдалану   –   әдебиет   пәнінің   басты   мақсаты   болып есептелсе, тіліміздің  өзіндік  қалыптасқан  нормаларын,   жалпы  айтқанда  грамматикасын үйрету –қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында басылып шыққан  «Оқушылардың функционалдық   сауаттылығын   қалыптастыруда   12   жылдық   білім   беру   мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы» әдістемелік құралында   оқушылардың   тіл мен  әдебиет саласындағы     функционалдық   сауаттылығын   қалыптастыру   үшін   білім   беру деңгейлеріндегі   тіл   және   әдебиет   пәндерінің   мазмұнына   әрекеттік   сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет екендігі көрсетілген:  қазақ тілін мемлекеттіліктің  негізгі көрсеткіші және отансүйгіштікті, азаматтық жауапкершілікті арттыру, полилингвистикалық білім беру мақсатында жүргізу;  шынайы   өмірмен   байланысты,   табиғи   қарым­қатынас   тудыратын   аутентикалық оқыту мен әрекеттікті қалыптастыру;      лингвомәденитанымдық  аспектілер   бойынша  әлеуметтік­тұрмыстық,   әлеуметтік­ мәдени,   оқу­еңбек   шеңберлерінде   лексикалық   тақырыптарды   бөлу   және   әр тақырыпты   тілдік,   қатысымдық­сөйлесімдік,   мәдениетаралық   қарым­қатынас бөлімдеріне жіктеу; қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша коммуникативтік, тілдік, лингвистикалық және әлеуметтік мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыру; сауатты жазбаша және ауызша сөйлеуді дамыту; әдебиеттердің адамгершілік және гуманитарлық құндылықтарын пайымдау арқылы белсенді азаматтық борышты қалыптастыру; оқушылардың   оқуға   қызығушылықтарын,   эстетикалық   талғамдарын,   бейнелік ойлауларын   дамыту   және   оларды   өздігінен   мәтін   жасауда   қолданып шығармашылық қабілетін дамыту;  оқушылардың ойындағысын пәннің мазмұнындағы функционалдық сауаттарымен байланыстырып, жазбаша жұмыстарды: эссе, мазмұндама, шығармалар т.б. жазып немесе жаңа нысандар жасап шығару;        Демек, менің ойымша,  функционалдық сауаттылық дегеніміз — сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдарын өзімше   іздестіріп     көрдім.   Олардың   ертең   дамыған   қоғамда   емін­еркін,   байсалды   да сауатты   ғұмыр   кешуі   үшін   қалай   жаттықтыруға   болатын   қырларын   қарастырдым. Семинар мен конференциялардан алған мәліметтер мен әдістемелік құралдардан оқыған білімімді   ұштастырдым.   Балалардың   кітап   оқуға   қызықпайтын   басқа   себептерін қарастырдым, яғни, әр сабағымның соңында қосымша әдеби пікір сұрап және оның қай кітапта,   нешінші   бетінде,   электронды   кітапты   оқымағандығын   тексеру   мақсатында баспаның аты мен баспадан шыққан жылын, авторы мен тақырыбын арнайы уақыт бөліп тексеріп   отырдым.   Нәтижесі   жаман   болмады.   Оқушылар   құрбы­құрдастары   мен сыныптастарының алдында ұятқа қалмау үшін біртіндеп оқуға кірісті. Ал егер де мен сұраған   оқушы   оқымай   келген   болса,   қосымша   сабаққа   шақырып,   оқытып   отырдым. Мысалы,   5   сыныпта   М.Әуезовтің   «Абай   жолы»   романынан   алынған   «Ақын   достар» үзіндісін өткен кезде, сабақ соңында балаларға «Абай жолы» эпопеясын   кітапханадан алып, осы үзіндіні тауып келуді тапсырдым. Олар үздіксіз ізденіп, шығарманың қай бетте басылғанын,  сонымен  қатар автор туралы,  шығарма  жайында  қысқаша  түсініктерін  де айтып өтті. Жоғарыда айтылған тапсырмаларды түгелімен дерлік орындады. Осылайша әр сабақта осы тәсілді үздіксіз қолданып отырдым. Сол сияқты  « басқа да   оқушыларым кітап оқи ма, не оқиды, нені оқығысы келеді?» деген ой туындап, оқушыларымның көркем шығарма оқу қабілетін анықтау мақсатында 6­сынып оқушыларымен сауалнама жүргіздім. «Кітап оқуды қай кезден бастадың? Сенің отбасыңда көркем әдебиет оқырманы бар ма? Оқитын кітабыңды қалай таңдайсың? Оқыған кітаптарыңның ішінен ерекше ұнағаны бар ма?  Көркем   әдебиет   оқуға  сені   не  итермеледі?»   Осы  сұрақтарға   оқушылардан   жауап алдым. Нәтижесінде Карина, Ақмарал, Жандос есімді оқушыларымның көркем шығарма оқуға қызығушылықтары басым екенін анықтадым.  Карина:  «Мен   кітап   оқуды   2­сыныптан   бастадым.   Ертегілер   оқуды   ұнататынмын. Отбасымызбен барлығы қолдары бос болса, кітап оқығысы келеді. Олар, көбінесе, мен алып келген қызық кітаптарды өздерінің талғамына сай оқиды. Мен кітапханаға жаңадан түскен,   өзіме   сыйға   тартқан   және   көп   естіген   кітаптарды   таңдап   оқимын.   Оқыған кітаптарымның   ішінде   маған   ұнағандары   М.Әуезовтің   әңгімелері,   Абай   Құнанбаевтың өлеңдері, Ә.Кекілбаевтың әңгімелері, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі, т.б. кітаптар. Осы шығармалардың кейіпкерлеріне қызықтым, кітап оқуға ынтам арта түсті. Абайдың өлеңдерін үнемі жаттап жүру үшін екі томдығын мұғалімнің айтуымен сатып алдым.»      Ақмарал: «Мен кітапты 3­сыныптан бастап оқи бастадым. Алғашқы оқыған кітабым «Қазақ ертегілері» жинағы болды. Біздің отбасымызда анам, өзімнен үлкен апам кітап оқығанды жақсы көреді. Біз оқып жатқан әдебиет пәнінен ақын­жазушылардың өмірін, шығармашылығын өткенде сол авторлардың басқа да шығармаларымен танысқым келеді. Кейде біреулерден естіген кітаптарды іздеп жүріп оқимын. Оқыған кітаптарымның ішінде ерекше ұнағаны­ З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабы. «Жақсы, мазмұнды бір кітап оқыған­бір мектепті бітіргенмен тең»,­деп қазақтың батыр ұлы  Б.Момышұлы айтқандай, кітап   оқудан   ешқашан   жалықпаймын.   Кітап   қызықты   болған   сайын   өзіңді   сол кейіпкерлермен   бірге   жүргендей,   сол   жандардың   замандасындай   сезінесің.   Бауыржан атадай батыр болуға, ел қорғаны болуға өзіңді тәрбиелейсің. «Шуақты күндерді» оқыған Ә.Кекілбаевтің   «Шыңырау»   әңгімесі   бойынша   соң,  алдағы уақытта халқымыздың  батыр ұлы Бауыржан  туралы кітаптарды іздеп оқуды мақсат етіп отырмын.» Жандос: «Мен кітапты 4­сыныптан бастап оқи бастадым. Кітапты қолым бос кезде ғана оқимын. Оқыған  кітаптарымның ішінде  маған ұнағаны­  Жюль  Верннің «Он бес  жасар капитан» романы. Бұл кітапты маған ағам сыйлаған. Кітаптарды ауыл кітапханасынан алып   оқимын.   Маған   саяхатшылар   өмірі   туралы,   кездейсоқ   кездесетін   шым­шытырық оқиғалы кітаптар ұнайды. Біздің үйде қарындасым екеуіміз ғана кітап оқимыз.»    Оқушыларымның   сауалнамаға   берген   жауаптарына   қарап   осы   және   басқа   да оқушыларымның көркем әдебиетке қызығушылығын одан әрі дамыту үшін алдымен осы сыныпта     әдебиет   сабағын   СТО технологиясының  «Әдебиет үйірмесі» стратегиясымен    өткізуді жоспарладым.  Ондағы мақсат: 1. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгерту; 2. Өз бетінше ізденуге баулу. 3.  Кейіпкерлер   әрекетін  бағалай  білу;  әңгімені   бүгінгі  өмірмен  байланыстыру;  өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау; Нәтиже: өз бетінше көркем әдебиетті іздеп оқуға дағдыланды, әңгіме мазмұнын меңгерді, ақпараттарды  өз сөзімен  жүйелі  жеткізе  алды,  мәтіндегі  оқиға  арқылы  Еңсептің  ауыр еңбегі туралы біліп, су қадіріне көзін жеткізді. Құдық қазудың азабы туралы мағлұмат алды.   Әңгімені   талдай   отырып,   еңбекқорлыққа,   шыдамдылыққа,   адамгершілік   пен төзімділікке,   қайырымдылыққа   үйренді.   Әңгіме   оқиғасын   өмірмен   байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытты.        Сабақ соңында Аида деген оқушым: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал Еңсепке арналмапты. Ол өзінің бейнетінің зейнетін көрген жоқ. Еңсеп сияқты адамдар қазір біздің де арамызда бар. Біреулердің жұмысын істеп, тапқаны күнделікті тамағына   ғана   жететін   ағалар   кездеседі.   Бірақ   Еңсеп   заманын   қазірмен   салыстыруға болмайды. Қазір жұмыс өте көп, бірақ көп адам ауыр жұмыс істегісі келмейді... Мен жазушы   айтқан   қараңғы   мен   жарықты   былай   түсіндім:   кітапты   көп   оқып,   біліміңді көбейтіп отырсаң, қараңғылықта қалып қоймай, жарыққа жетесің, ал күнделікті біліміңді толықтырмай, оқу оқымасаң, шыңырау түбінде қалып қойғандай боласың.»       Ойтолғаныс кезеңінде кейіпкерге (Еңсепке) 1­топ атынан Еламан хат жазды: «Еңсеп, елі   үшін   тау   көтерген   Толағайды   халқы   ұмытқан   жоқ,   сол   сияқты   «Еңсеп   қазған» шыңырауын қалдырған сені де елің ұмытпайды. Шөл далада су аңсап келе жатқан адамдар сен   қазған   құдықтан   мейірлерін   қандырып,   мөлдір   су   шығарып   берген   саған   мың алғыстарын   айтып,   ерлігіңді   еске   алып   отырады.   «Ер   ел   үшін   туады,   ел   үшін өледі»дегендей, сен де қазақ халқының бір батыр ұлысың!»            Сабақ өткізгеннен кейін оқушыларыма оқитын кітаптарын таңдауға көмектестім. Өзімнің жеке кітап қорымнан да кітаптар оқуды ұсындым. Оқушылардың күннен­күнге кітап оқуға деген ынтасы арта түскенін бақылай бастадым. Олар әрдайым өздері оқып жүрген кітаптары жайлы әңгімелесіп, пікір таластырып отырды.         Мен оқушылардың бұрынғыға қарағанда кітап оқуы қандай дәрежеде болғандығын анықтау   мақсатында   ақпан   айында   тағы   да   сауалнама   жүргіздім.   Нәтижесінде   үш оқушымның оқыған кітаптары көбейгеніне көзім жетті. Енді осы үш оқушымның кітап оқу арқылы жеткен жетістігін  басқа сабақ беретін сыныптарыма үлгі ету мақсатында Оқу күнінөткіздім. Тақырыбы: Кітап­ең жақсы       дос. үшін өткізу   кітапханасына   мектеп 5­9­сынып Оқу күнін   жиналдық. Қатысушылар: оқушылары. Оқушылармен   өткізілген   оқу   күнінің   мақсат­міндеттері:   Көркем   әдебиет   оқуға құштарлықтарын  ояту, сол  арқылы  өмірді  түсінетін, жан­жақты  дамыған,  адал  ұл­қыз тәрбиелеу.    Кітапқа сүйіспеншілігін арттыру және дамыту, ойлау және шығармашылық қабілеттерін,   қиялын,   есте   сақтау   қабілетін   дамыту   және   пікірін   қалыптастыру,   ойын еркін   жеткізуін   қолдау.   Кітап   оқу   арқылы   өз­өзіне   баға   беруге   үйрету.  Осындай мақсатпен   өтілген   оқу   күні   барысында   оқушыларым   өздері   оқыған   кітаптарындағы кейіпкерлерге талдаулар жасады.  Жанерке. Оқырман кестесі. Оқыған кітаптың авторы, аты Фариза Оңғарсынова «Шашы ағарған қыз» Бұл   кітапты   не   үшін алдың? Сүйікті кейіпкерің? Оқыған   кезде   не сездің? Жасаған қорытындың?   Фаризаны   ақын   ретінде танимын, эссе, повестерін   де   оқығым келді. Кітаптың аты да өзгеше көрінді. Фаризаның   өзі, Шынар,   Жахия, Әлия, т.б.   Фаризаның   өмірі, өнері,   өзі   құштар болған әлемі туралы жазғандары маған қатты әсер етті.  Ақынның   өзі,   туған жері   туралы,   оны қоршаған қарапайым   еңбек адамдарының   қиын да   қызық   тағдыры   туралы білдім. Білімділік, махаббат, сұлулығын сездім. жан     Кейіпкер   әрекетіне баға Өте жоғары Тоғжан. Концептуалдық кесте Кейіпкер Адамгершілік қасиеті Өмірге көзқарасы О.Бөкеевтің «Апамның астауы» әңгімесіндегі Апа     сөйлемейтін, өсек­аяңды, Көп дүниеде қулық­сұмдықты білмейтін,өз   ісімен   ғана жүретін,   қақ­соғы   жоқ, инабатты   жуас   жан.   Тірі пендеге   тілі   тимеген, ораза­намазы бұзылмаған, өте таза да тәкаппар әйел. Саусағынан   өнер   тамған. Мықты да ақылды еді.   балаларды, ауыл Апам   келіндерін, адамдарын құрметтеп,жақсы  көрді. 190­бетте апам балаларына   болашақ туралы өз ойын айтады. Балаларының   болашағы жақсы болатынын   болжаған. Әлібек. «БҮҮ» кестесі             Білемін            Үйрендім Үйренгім келеді   Т.Әлімқұловтың   «Қараой» әңгімесін   оқи   отырып, Махамбеттің   басынан   өткен қиындықтарды білемін. Махамбеттің   Ықылас   деген туысының   қолынан   мерт болғанын білемін. Махамбеттің ел қамын ойлаған азаматығын, ерлігін, қайсарлығын білемін.       Батырдың өмірінің соңғы кезін Қараойда   жалғыз   үй   отырып себебін   білдім. өткізуі ерлік   пен Махамбеттің   қиындыққа   толы   өмірі, батырдың сенгіштігі, Ықыластың   арамдығы   маған қатты   әсер   етті.   Махамбеттің бойындағы жақсы қасиеттердің   өз   бойымда болуын қалаймын.     Отағасынан   айрылған   ана   мен жетім   қалған   Нұрсұлтанның Қараойдағы   кейінгі   тағдыры туралы   келеді. Махамбеттің   басын   кескен Ықыластың кейінгі өмірі қалай өткенін білгім келеді. білгім   Оқушылар   оқыған   кітаптары   туралы   әңгімелеумен   қатар   өздері   жазған   эсселерін, шығармаларын оқыды. Ақгүл:  «...Мен елу жылдығымды  тойлауға  қатыса алмаймын,  бірақ өмірден кеткенше қысылмай жететін жырлар жазып кеткем. Ол сендерді асырайды, туған жерім Қарасаздың да атын әлемге жаяды. Сол өлеңдерді шашау шығарма, соларды күт, балаларға бас ие бол, мықты едің ғой, одан да мықты бол!» Қалай дәл айтылған.    Білемін, керемет бір күн келеді! Жайнайды, жасыл бағым, гүлденеді. Көремін, керемет бір күн кешемін, Болашағым, сенімен бірге өсемін. Мен сенің үніңменен үндесемін, Мен сенің тіліңменен тілдесемін. Сауық құрып бойында бір көшенің Болашағым, сен тұрсаң, мен де өсемін! Мен Мұқағали өлеңдеріне ғашықпын... Қазақ халқының Хантәңіріне айналған Мұқағали елі­жұрты аманында халқымен қанаттасып, мәңгі жасайтынына сенем.» Ержан:  «Мен   қасқырлар   туралы   кітаптарды   жақсы   көремін.   Сондықтан   М.Әуезовтің «Көксерігін»   оқыдым.   Табиғат   тепе­теңдігі   бұзылса,   адамдарға   жамандық   келетінін қасқырдың   өз   иесі   Құрмашты   өлтіргенінен   көруге   болады.   «Дала   тағысы   қолға үйренбейді»,­ деген атамның сөзіне дәлелді осы кітаптан таптым. Енді шетелдік «Ақ азу» кітабын тауып оқуды мақсат етіп отырмын.» Кері байланыс парағында Еркегүл: «Бүгінгі күннен түйгенім көп. Жүрегіме жылу беріп, санама  ой  туғызған, бойыма  сезім  ұялатқан   Фариза  Оңғарсынованың  өлеңдерімен  оқу күнінде танысқаныма ризамын. Тағы да осындай күн болса екен.» деп жазғанынан оқу күні текке өтпегенін сездім.       Әдебиет пәні адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез­құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік,   жақсылық,   жамандық   секілді   ұғымдардың   мәнін   оқушы   терең   аңғарады.  Дөрекілікке,   бойкүйездікке,   жамандыққа   аяқ   баспайды.   Қазақ   әдебиетіндегі   көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері көп.             Пән мұғалімі ретінде сабақ кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді, мысал өлеңдерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыруды мақсат етіп отырамын. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолданып, сұрақ­жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық   мәселелерге   жауап   беру,   нақтылы   және   жалпылама   тапсырмалар   беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін­бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі,   баяндама   жасауы,   ғылыми   зерттеу   жазып   қорғауы   т.б.  алуан   түрлі   әдіс­ тәсілдерді   қолдануды   жүзеге   асырып   отырамын.   Осындай   әдіс­тәсілдерді   түрлендіріп, жүйелі   түрде   пайдаланып,   шәкірттерім   өз   бетімен   жұмыс   істеуге   тез   үйренеді   деп ойлаймын. 2013ж. оқушым Хибатдолда Ж. «Қазақ ақындары шығармаларындағы Астана тақырыбы»   ғылыми   жұмысымен   ауданда   І   орын   алып,   облыстық   кезеңнен   жүлдемен оралса, 2015ж. Баймағанбетов А. «Әдебиеттегі қасқыр бейнесі» жұмысымен ауданда ІІІ орынға   ие   болды.   Осы   жылы   Қапышева   А.   «Қазақтың   қара   өлеңі»   жұмысымен ынталандыру   сыйлығын   иеленді.   2016ж.   Егінбай   А.   «Ақжол.   Атымның   тарихы» тақырыбымен   жұмыс   жасап   жатса,   Досжан   А.   «Абай   өлеңдеріндегі   антонимдер» тақырыбын алып, Абай өлеңдеріндегі антонимдер картотекасын жасады, Кенжеғалиева М. «Ата   салтым­асыл   қазынам»   жұмысын   қолға   алып,   қазақ   халқының   той­думанында айтылатын  тұрмыс­салт өлеңдерін  жинақтауға  кірісті.  Үнемі өздері  қолданып  жүретін орта   буын   оқушыларының   арнайы   ереже   дәптерлері,   сөздіктері,   конспектілері, хронологиялық   кестелері   бар.   Сонымен   бірге,   шығармашылық   дәптері   бөлек. Оған оқушылар  өздеріне ұнаған мақал­мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып   жүруге   дағдыланған.   Осы   ретте,   шығармашылыққа   жақын   кейбір   оқушылар   сол дәптерге   қысқа   әңгіме,   мақала,   күнделік,   пікір   жазып   үйренуіне   мүмкіндіктері   туып, аудандық   «Аршалы  айнасы»,  облыстық   «Лидер»   газетінде,  республикалық  «Айгөлек», «Ақ   желкен»   журналдарында,   «Ұлан»   газетінде     шығармаларын   жариялап   тұрады. Оқушым Қуандық А. республикалық «Айгөлек» журналының меншікті тілшісі болғаны соның дәлелі.              Қазақ тілі сабағында да оқу және жазу сауаттылығына   қол жеткізіп отыру үшін оқыту барысында ең озық, ең тиімді технологияларды   пайдалану керек деп ойлаймын. Жаңа технологиялар көмегімен оқыту барысында тіл үйретудің негізгі төрт бөлігі: оқу, жазу,   тыңдау,   сөйлеу   толық   сақталады.   Өзім   сабақ   беретін   сыныптарда   балалардың қабілетін   ашу,   шығармашылығын   шыңдау,   іздендіру,   пәнге   қызығушылығын   арттыруда тиімді   деп   саналатын     «Оқу   мен   жазу   арқылы   сын   тұрғысынан   ойлауды   дамыту» технологиясын   басшылыққа   ала   отырып   жұмыс   істеймін.   Мұнда   әр   оқушының   ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. 6­сыныпта «Бейнелеуіш сөздер»   тақырыбында   өткен   қазақ   тілі   сабағында  еліктеу   сөз   түрлерін   бір­біріне салыстыра   отырып,   анықтамасын   оқушылардың   өздері   ойлап   шығаруына   бағыт беру,оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық   жеткізе   алуға   баулу,   ойлау   қабілетін   арттыру   мақсатын   қоя   отырып, «Тұжырымдамалық карта» (постер); ББТЗО кестесі; Диалог әдісі; Сұрақ­ жауап әдісі; АКТ ны қолдану;Тілдік талдау; Көзбен көретін айғақтар бойынша сыни ойлау сияқты әдістерді   пайдаландым.   «Қызығушылықты   ояту»   кезеңінде   интербелсенді   тақтадан видеосюжеттен   Астананың   бір   күнін   көрсетіп,   өткен   сабақпен   байланыстыра,   еліктеу сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрату. Тұжырымдама картасына салады. «Мағынаны тану»   кезеңінде   Көзбен   көретін   айғақтар   негізінде   сыни   тұрғыдан   ойлау   мақсатында топтарға   суреттер   таратылады.   1   топқа   құстардың   суреттері   беріледі.   2­топқа жануарлардың   суреті   беріледі.   «Миға   шабуыл»   әдісі   арқылы   ықтимал   сұрақтар   қою, суреттердің айналасына жазу. 1.Қадағалау сұрағы: Бұл суреттен не көрдіңдер? 2.Сараптамалық сұрақ: Суреттегі құс/аң қалай қозғалады? 3.Проблеманы шешетін сұрақтар: Бұл аң/құстың адамға пайдасы бар ма? Қандай? 4.Ерекшеленетін сұрақтар: Аң/құс қозғалысы еліктеу сөздің қай түріне жатады? СТО   жобасының   келесі   бір   құрылымы­ой   толғаныс.   Бұл   кезеңде   мәтінді   («Балапан торғай»,«Қазға еліктеген қарға» )топпен талдап, оны көріністеу арқылы оқушылардың шығармашылығын   ұштауды   мақсат   еттім.   Оқушылар   рөлдерді   бөліп   алады,   еліктеу сөздерді қолдана отырып, рөлдерін қорғады. Немесе   «5 минуттық эссе» жаздыруға да болады. Мұндағы мақсат­ оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа   қабілеті   төмен   оқушының   өзі   5­6   сөйлемнен   тұратын   ойын   жазса,   соның   өзі оқушыны     сабаққа   тарта   білгенімізді   көрсетеді.   Бұдан   соң   оқушылар   алдын­ала таратылған   бағалау   парақтарын,     ББТЗО   кестесін   толтырды.   Үйге   дене   тәрбиесі сабағында жасалатын қимылдарды бейнелеуіш сөздермен беру арқылы әңгіме құрастырып келу тапсырмасы берілді.        Инновациялық білім алу арқылы қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның   кез­келген   саласында   қиналмай   жұмыс   істеп,өзінің   функционалды сауаттылығын   көрсете   алады.  Оқушының   қазақ   тілі   сабағында   функционалдық сауаттылығын   қалыптастыру   үшін   қолданатын   бірер   әдістерім   туралы   айтып   кетейін. Мысалы   «Акционерлік қоғам » тәсілі арқылы оқушыларға түсінік беру үшін «акция» әдісін  пайдалауға болады.  Оқушыларға әр топ бір өндіріс орнын ашуы үшін акциялары көп   болуы   керектігін   айтып,   өздерінің   кәсіпорнының   атын   қойып   алуын,   не   өндіріп шығаратынын ойласуға уақыт бөліп болған соң фирма аты, не өндіретінін біліп, енді сол жұмысты бастау үшін жер, шикізат керектігін, оны алуға акция керектігін ескертемін. Қазіргі жағдайда сабақта акция: бұл артына сұрақ жазылған үлестірме карточка. Акция алу үшін сұраққа жауап беруі керек. Акция топтап жатырмыз деп, оқушылар қазақ тілі пәні   сұрағына   жауап   іздеп   жүргендерін   ұмытып   кетеді.   Оқушы   жүрегіне   үлкейгенде «осылай » акция жинауға, сұрақ беру –жұмыс істеу арқылы өз фирмасын ашуға деген сезім   пайда   болады.   Сабаққа   деген   қызығушылығы   да   артады.   Сабақ   барысында   үй тапсырмасын   беруде:   мини   кітапша   жасау,   сөзжұмбақ     түзу,   қарсылас   топқа   сұрақ дайындап   келу   ­   бәрі   де   осы   күні   өтілген   тақырыпқа   байланысты   болу   керектігі түсіндіріледі.   Оқушылар   үй   тапсырмасына   дайындалуға   шаршайды,   ал   жарыс басқыштарына жауап дайындау қызық, әрі сыныптастары алдында өз шеберлігін көрсету үшін жағдай туылады. Ал «Мұғалім ­ оқушы» әдісінде оқушы өзін ересектей сезеді және мұғалімдік   мамандықтың   қиындығын   байқап,   ұстазын   сыйлауға   деген   мейірімі   пайда болады. Бұл әдістерді әрбір мұғалім өз сабағында өзіне сәйкестендіріп өте беруі мүмкін. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу мен тәрбие негізі ­ сабақ. Сондықтан сабақ   тартымды,   әсерлі,   мақсатты,   айқын,   қызықты   және   толық   мәнді   болуы   тиіс. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап , мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды.   Сабақтың   мазмұнын,   құрылысын,   дәлдігін,   жұмыс   жүргізу   тәсілін   мұқият ойластыруы қажет. Мысалы тіл дыбыстарын үйретерде мына әдістерді қолдануға болады. төбесі         (   күліп   тұрып     –     а,ә,е,ы,і айтатын   (   қыз Дауысты барысында дыбыстардың   жіктелуі)  Тілдің   қатысына   қарай   жуан:   а,о,ұ,ы   (   Ер   азаматтар   дауысы   жуан   ­   бұл   ұл   балалар әріптері);  Ә,е,ө,ү,і   дауысы   жіңішке   –   бұл   қыз   балалар   әріптері);  Жақтың қатысына қарай : ашық: а,ә,о,ө (қолшатыры бар әріптер­үйінің төбесі жабық); түсіндіріп өтейін : а,ә,о,ө – бұл әріптерді салу барысында төбелері домаланып тұрады.  Қысаң: ұ,ү,ы,і –төбесі ашық ,жаңбыр өтіп кететін үйде тұратын –қолшатыры жоқ әріптер, жазу ашық.ұ,ү,ы,і  Еріннің   қатысына   қарай:   еріндік:   о,ө,ұ,ү   ­   күліп   тұрып   ,   айта   алмайтын   әріптер.  Езулік әріптер.  Осы   әдіспен   үйреткенде   сынып   оқушылары   арасындағы   нашар   оқитын   оқушылар   да дауысты дыбысты тез меңгергенін байқадым. Қазақ тілін үйрету секілді үлкен міндетті жүзеге   асыру   мектептің,   оқытушылардың   қызметіне   тікелей   байланысты   және мемлекеттік   тілдің   қолданылу   аясында,   қабылданған   заңдардың   сөз   жүзінде   емес,   іс жүзінде орындалуына да байланысты. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша сөйлеу, жазбаша сауатты жазу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым­ қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт­дәстүрі , әдет­ғұрпы, болмысы танылады.        Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында жасалған осындай сабақтар нәтижесінде оқушылар ойлауға, салыстыруға, сараптауға үйренеді деп ойлаймын.  Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыру нәтижелерін жылдар  бойы  алған білім жетістіктерінен көруге болады. Оқушыларым жыл сайын аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орындарсыз оралып көрген жоқ. 2014­ 2015ж., 2015­2016­о.ж. Хибатдолда Ж. аудандық қазақ тілі олимпиадасында І орын алса, Ермағанбетова   А.ІІ   орын,   Баймағанбетов   А.ІІІ   орын   иеленді.   2014­2015­о.ж. Кенжеғалиева А.пен Қабашева Т. облыстық пән олимпиадасынан жүлделі оралды. 2013­ 2014   –о.ж   Төреқұл   Р.   І   орын,   Кенжеғалиева   А.ІІ   орын   иеленген.   «Ақбота» иннтелектуалдық марафонында Бахатов М., Ран А., Базилова К., Ардабек Н. жүлделі ІІ және   ІІІ   орындарды   алды.   Жыл   сайын   аудандық   және   облыстық   «Абай   оқуларына» қатысқан оқушыларым жетістіктерімен қуантуда. 2015 оқу жылында Ардабек Н. І орын алса,   Хибатдолда Ж. Абайдың 160 өлеңін, 2 поэмасын жаттап, облыстық жарыстан ІІІ орынмен оралды. Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында екі жыл қатарынан Кенжеғалиева А. пен Қабашева Т. ІІ орындарға ие болды. Қазақ тілі пәні бойынша жыл сайынғы ҰБТ көрсеткіші де   көз қуантады. 2015­2016­ж. орташа ұпай­ 19,5, 2014­2015­ж.­18,5­24, 2013­2014­о.ж.­20­20, 2012­2013­ж.­23­19. нәтижесін көрсетті.          Оқушылар сауаттылығын  арттыру мақсатында жасалған    «Қазақ тілі пәнінен  тіл ұстарту жұмыстары» (8­сынып),  «6­сыныптың қазақ тілі пәнінен жұмыс дәптері» көмекші құралдарым  қазақ тілінен оқушылардың оқу мен жазу   сауаттылығын жетілдіруде көп көмегін тигізуде.       Елбасы «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр. Біздің ұлттың бәсекелестікке қабілеттілік деңгейі оның білімінде» дегенін естен шығармауымыз   керек.   Қорыта   келгенде, оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы.  Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен   жауапкершілікті   ұштастыруы­   бұл   заман   талабынан   туындап   отырған   мәселе.  Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының   алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой,   яғни   үмітінің   ақталғаны,   әрбір   мұғалім   осыған   ұмтылса   ұрпақ   алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің  сабағының  өн бойындағы  негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.        Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата­анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды­дағы, сондайдан білгені, көргені   көп   болған   адам   білімді   болады»   деген   дана   сөздерінен   адам   табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу   үдерісі,   балаларға   білім,   білік,   дағдыларды   игерту   осы   ұстанымға   негізделсе, нәтижелі болатыны анық. Пайдаланылған әдебиеттер  1.«ҚР білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдаламасы».  2010ж.  2. ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары// 12 жылдық білім беру.  2012 ж.  3. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. 2010ж.  4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру        мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013ж.                                                                                  5. «Қазақ  әдебиеті ­ тұлғаның  рухани  дамуының бастауы» ­ Алматы­2005 ж. 96­148 б.        6. М.Жұмабаев, Педагогика, – Алматы, 1992. 7. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991. 8. Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2000.                       9.  Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі: мектепте, колледжде, ЖОО.1/2017                  10. Оразахынова Н. Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары//Қазақ тілі мен  әдебиеті.­2013.­№2.­18­23б.                                                                                                       11.     «Қазақ тілі мен әдебиеті».3/2016                                                                                         12.      Құрманова Ж. Оқушының шығармашылық іс­әрекетін тиімді ұйымдастыру арқылы  жеке тұлға қалыптастыру жолдары.­ Өскемен,2014.­7­10б. 13.     Әуезов М. Абай жолы: роман­эпопея.­Алматы,2002.                                                            14.  « Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы,1/2016ж.                                                                         15.  « Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы,6/2015ж Тұрғынбаева. Б. А .Ұстаздық  шығармашылық. Алматы. 2007ж

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2017