Грамматикалық тапсырмалар "Болымсыз етістік"
Оценка 5

Грамматикалық тапсырмалар "Болымсыз етістік"

Оценка 5
Рабочие листы
docx
20.05.2020
Грамматикалық тапсырмалар "Болымсыз етістік"
Грамматикалык тапсырмалар Болымсыз етістік.docx

Болымсыз етістік. Емес пен жоқ сөздерінің қолданылуы

 

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

 

Шенген визасы

 

Бүгін Шенген келісімінің ережелері толыққанды түрде Шенген аймағының 26 елінде (Шенген ел): Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Дания, Греция, Исландия,  Италия,  Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция және Эстонияда қолданылады. Бұл елдер визаға қатысты бірыңғай саясатты ұстанады. Шенген визасын алып, Сіз Шенген аймағының бүкіл аумағында  кедергісіз жүре аласыз.

Ал, ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады? Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі.

 

v  Берілген сөйлемдердің  қайсысы мәтін мазмұнымен сәйкес келетінін анықтаңыз.

 

ü  Жолға шықпас бұрын құжаттарыңызды реттеп алыңыз.

ü  Жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалған жағдайда жаңа куәлік алуы қажет.

ü  Сапар барысында сыйкәделер сатып алуыңыз мүмкін. 

ü  Жұмысқа орналасу кезінде басшылық  қандай да бір медициналық анықтаманы талап етуі мүмкін. 

 

v  Сөздерді сәйкестендіріңіз.

 

құжат

шығу

жолға

рәсімдеу

қызметіне

тоқтау

қонақүйге

жүгіну

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 09.PNGГрамматикалық түсініктеме

 

Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады да, жүзеге аспауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады. Әдетте, етістіктің болымды түрі етістіктің түбір, туынды және күрделі формалары арқылы білдірілсе, болымсыз түрі соларға -ма/ме (барма)  қосымшасы жалғану арқылы жасалады.

                Етістіктің болымсыздық мәнін беретін басқа да аналитикалық жолдары бар, атап айтқанда, есімшенің –-ған/-ген тұлғасынан кейін – «жоқ» модаль сөзі, есімшенің  -ған/ген, -атын/етін, -мақ/мек, -ар/ер тұлғалы негізгі етістіктерге  «емес» көмекші етістігі тіркесіп жасалады.

 

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 16.PNG2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен танысыңыз, сөздіктің көмегімен мағынасын түсініңіз. Төменде берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

Картинки по запросу цон алматы

Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО)

Құжат жинау

Төлқұжат

Жеке куәлік

Жеке куәліктің мерзімі

Электронды кезекке тұру

Анықтама алу

Жоғалған куәлікті қалпына келтіру

Қызмет түрлері

Қызмет көрсету

Тұрғындар

Тұрғылықты мекенжай

Тіркеуге тұру

Тіркеуден шығу

 

Үлгі: Алматы қаласында жеті  Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бар.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барлық қала ______________ белгілі бір құжат түрін алу үшін барады.

Халыққа қызмет көрсету орталығында көптеген  ____________ ________  бар.

Шетелге шығу үшін ______________ қажет.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барсаң, ең алдымен ____________ _________ аласың.

Орталықтарда __________ ___________ жылдам әрі сапалы жүргізіледі.

Дайын құжатты алуға барғанда, өзіңмен бірге _______ ___________   ұмытпауың керек.

Тұрғылықты мекенжайға тіркелу үшін алдымен _______ _______ керек.

 

3-тапсырма. Жағдаятты оқыңыз да кейіпкерге не істеу керектігін айтыңыз.

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 14.PNG

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 11.PNGОсы жазғы демалыста отбасымызбен бірге демалатын болдық. Әкем туристік агенттік арқылы Дубайдағы демалыс орнына алдын-ала тапсырыс беріп қойыпты. Анам құжаттарды жинастыра бастады. Анамның төлқұжаты жарамсыз болып шықты. Мерзімі өтіп кетіпті.

Кеңес беріңіз, анасына не істеу керек?

Біріншіден, ...............................................................................................................................

 

***

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 14.PNGАлмат бірінші курста оқиды. Оқу жылы аяқталуға аз қалды. Алда рейтингілік тапсырмаларын тапсырып, емтихандарын сәтті тапсырса, Ақтауға үйіне қайтады.

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 11.PNGРейтингілік апта да жылдам өтіп кетті. Сессия басталды. Бүгін ол 2 сабақтан компьютерлік тестілеуден өтеді. Емтиханға кірердің алдында ID-құжатын таппай қалды.

                Алматқа енді не істеу керек екенін айтып жіберіңіз.

Ең алдымен, .............................................................................................................................

 

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 16.PNG4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін  ретімен жазып, сөйлемге айналдырыңыз.

 

Шетелдік төлқұжатының, Шенген визасын алуға,  2002 жылдан кейінгі, берілген мерзімі, жылдар болуы керек, арыз берген азаматтың.  

Төлқұжаттың, екі беті, болуы тиіс, таза, кем дегенде, толтырылмаған.

Мен, айқындайтын құжаттар, сапар мақсаты, болуы тиіс, барысын.

Болуы керек, ақша, қаражаттары, жеткілікті.

Сақтандыру куәлігі, қажет, халықаралық медициналық, міндетті түрде.

Толтырылуы, сауалнама, тиіс.

5-тапсырма. Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттармен танысып, бұл құжат түрлерін қайдан алуға болатынын айтып көріңіздер.

 

Шетелдік төлқұжат;

Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;

Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;

Валюталық шотыңыз туралы анықтама;

Авиабилет;

3,5х4,5 фотосурет (2 дана);

Ата-анаңыз, әйеліңіз (күйеуіңіз) және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 05.PNG- Машина сатып алғалы өміріңде не өзгеріс болды?

- Жаяу жүргінші жолынан абайлап өтетін болдым.

 

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 03.PNGТәртіпке бас иген құл болмайды.

Б. Момышұлы

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 15.PNG3-тапсырма. №30 мәтінді мұқият тыңдап, мәтіннен кейінгі тапсырмаларды орындаңыз.

 

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын сәйкестендіріңіз.

А

16 жас

1

дүйсенбі – сенбі

Ә

Жұмыс күндері

2

істі болған-болмағандығы туралы

Б

Жұмыс уақыты

3

800-1000

В

Бір күнде қызмет көрсету саны

4

сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін

Г

Анықтама

5

Жеке куәлік

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 07.PNG

 

Студенттердің жиі қолданылатын сөз орамдарын жаттап алыңыз.

Апай, мен бүгін ID-құжатымды жоғалтып алдым.

Жеке куәлігімнің көшірмесін әкелдім.

Апай, сізбен сөйлеспек едім.

ЖСН нөмірі керек пе?

Өзіміз туралы мәліметті кімге өткіземіз?

Толық мәліметті эдвайзер жинап жатыр ма?

 

 

Өзіңді тексеріңіз.

 

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\АЛАКАЙ 2013\знаки для лк 2013\знаки для лк 2014 - новый+ 08.PNG  1. Сөйлемді толықтырыңыз: «Тұрғылықты      мекенжайға тіркелу үшін алдымен ... керек».

 а) тіркеуден шығу

 b) тіркеуге тұру

 с) офис тіркеушісіне бару

 d) жеке куәлік алу

 

 

 

2. Халыққа қызмет көрсету орталығы тақырыбына қатысты тіркес қатарын көрсетіңіз.

а) құжат алу, көшірме, тұрғылықты мекенжай

b) шашты сәндеу, тырнақ өсіру, көз бояу

с) қан өткізу, дәрігерге көріну, дәрі ішу

d) киім өлшеу, тауар сатып алу, бағасын түсіру

3. Дұрыс берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) қызмет көрсету           

b) терезе №31 

с) тіркеушісі офис

d) алу анықтама

 

 

4. Пойызға жол жүру билетін алу үшін қандай құжат керектігін көрсетіңіз.

а) жеке куәлік

b) көшірме

с) анықтама

d) құжат

 

Глоссарий

 

қазақ тілінде

орыс тілінде

ағылшын тілінде

мәлімет

сведение

information

жеке куәлік

личное удостоверение

personal ID card

төлқұжат

паспорт

passport

кезекке тұру

встать в очередь, занимать очередь

get in line

көшірме

копия

copy

жылжымайтын мүлік

недвижимость

real estate

тұрғын

житель

habitant

құжат

документ

document

тіркеу

регистрация, зарегистрировать

registration, to register

тіркеуші

регистратор

registrar

 


 

Болымсыз етістік. Емес пен жоқ сөздерінің қолданылуы 1-тапсырма

Болымсыз етістік. Емес пен жоқ сөздерінің қолданылуы 1-тапсырма

Халыққа қызмет көрсету орталығында көптеген ____________ ________ бар

Халыққа қызмет көрсету орталығында көптеген ____________ ________ бар

Студенттердің жиі қолданылатын сөз орамдарын жаттап алыңыз

Студенттердің жиі қолданылатын сөз орамдарын жаттап алыңыз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.05.2020