Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Оценка 4.9
Раздаточные материалы
doc
естествознание
Взрослым
27.01.2018
"Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік" сабақ барысында қолданылатын жаңа терминдер мен түсініктерді өз бетінше оқып үйренуге арналған. «Халықаралық менеджмент» пәнінде халықаралық бизнестің даму тенденцияларын және заңдылықтың негіздерін, халықаралық компанияларды басқару әдістері мен қағидаларын ұйым құрылысын, ұйымда өтетеін процесстерді, негізгі қағидаларын және менеджмент әдістерін оқу қарастырылған."Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік" сабақ барысында қолданылатын жаңа терминдер мен түсініктерді өз бетінше оқып үйренуге арналған. «Халықаралық менеджмент» пәнінде халықаралық бизнестің даму тенденцияларын және заңдылықтың негіздерін, халықаралық компанияларды басқару әдістері мен қағидаларын ұйым құрылысын, ұйымда өтетеін процесстерді, негізгі қағидаларын және менеджмент әдістерін оқу қарастырылған
термин создик халык менеджмент.doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АКАДЕМИК СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕКІБАСТҰЗ ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЕКИБАСТУЗСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИНЖЕНЕРНО ТЕХНИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА ИМЕНИ
АКАДЕМИКА САТПАЕВА
0515000 Менеджмент
мамандығына (мамандықтар тобына) арналған
«Халықаралық менеджмент»
пәні бойынша
Терминологиялық сөздік.
Курс
Курс
3
Семестр
Семестр
5
Құрастырған : Самалбай С.С 20142015 Терминологиялық сөздік.
өнеркәсіптегі
Автаркия – бір немесе бірнеше елдің экономикалық дербестігі.
Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) – тұрақты, ұзақ мерзімді өндірістік және
коммерциялық қызметпен байланысты ауыл шаруашылық, егіншілік
және мал шаруашылығы, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу мен дайын
өнімдерді өткізу үшін жасалатын құрал жабдықтар өндірісін қамтитын,
ауыл шаруашылық және өнеркәсіп салалары мен кәсіпорындардың
қалыптасқан біртұтас жүйесі.
Азия – Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) – Азия
тынық мұхит аймағының 21 мемлекетін біріктіруші және 1989 жылы
құрылған үкіметаралық форум.
Оңтүстік Азия аймақтық ынтымақтастық ассоциациясы (ОААЫА) –
субаймақтың бүкіл елдері: Индия, Пакистан, Банглидеш, Непал, Шрии-
Ланка, Бутан, Малдаваны біріктіретін, топ.
Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (ОШАЕА) – қазіргі
уақытта Оңтүстік-Шығыс Азияның тоғыз елін біріктіретін және 1967
жылы құрылған, субаймақтық сауда-экономикалық тобы. Құрылу
мақсаты – мүше елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына
көмектесу,
және ауыл шаруашылығындағы
ынтымақтастық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Халықаралық есеп айырысу банкі (ХЕБ) – ұлттық банктердің іс-
әрекетін үйлестіру үшін халықаралық банк ретінде ұйымдастырылған,
бірінші мемлекетаралық банк.
Әскери (қорғаныс) өнеркәсіп – қару мен қару-жарақтар шығарумен
басым айналысатын сала.
Қорғаныс саласының жіктелуі
(классификациясы)
(әуе
зымырандары, бронетанк артиллериялық, әскери кеме жасау, қару-
жарақ және т.б.) негізделеді.
Әскери-өнеркәсіп кешені – қару мен әскери техникалар шығаруды
қамтамасыз ететін өндірістік кәсіпорындардың жиынтығы, зерттеу
ұйымдары, байланыс құралдары, көлік коммуникациялары, басқару
органдары.
Әскери бюджет - әскери қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
белгіленген мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі. Әскери шығындар
кең мағынасында өзіне соғыс пен әскери қажеттіліктерді қамтамасыз
етумен байланысты тікелей және жанама шығындарды енгізеді.
Болыстық және кенттік (поселкелік) кәсіпорындар – тікелей
ауылдық жерлерде құрылатын Қытайдағы өнеркәсіп кәсіпорындары
мен қызмет көрсету салалары. Деревнядағы артық жұмыс күшін
еңбекпен қамтумен қамтамасыз ету - оның басты функциясы болып
саналады.
Сыртқы сауда квотасы – елдердің экспорт және импорт сомаларының
ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қатынасы.
Сыртқы экономикалық саясат – елдердің халықаралық еңбек
бөлінісіне қатынасуын оңтайландыру және сыртқы экономикалық
байланыстарды реттеу тәртібін анықтау бойынша мемлекет пен оның
органдарының мақсатты бағытталған іс-әрекеті. Сыртқы сауда саясаты
(экспорт және импорт саясатын қоса алғанда), шетел инвестицияларын
тарту саласындағы саясат пен шет елдердегі ұлттық капитал
шығаратын өнімдердің сипатына нарықтарды қорғаумен айналысушы,
жұмсауды реттейтін валюта саясаты осы саясаттың негізін құраушы
болып саналады.
Интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (ИМБҰ)
-
өнертапқыштық, тауар белгілері, өнеркәсіп үлгілері, моделдер және
т.б.
БҰҰ-ы жүйесінің
мамандандырылған мекемесі.
Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) – көп жақты сауда- экономикалық
ұйым, (1994 жылғы редакциядағы ТАТТ), қызметтермен сауда жасау
бойынша Бас келісім (ГАТС) және интеллектуалдық меншік құқының
сауда аспектілері бойынша келісім (ТРИПС) – оның құқықтық негізі
болып саналады. Бұған мүше елдер үшін бірдей күші бар ондаған
келісімдер, шарттар, шешімдер, хаттамалар мен декларациялар кіреді.
Экономиканың қайталама секторы - өнеркәсіп пен құрылыс.
Тарифтер және сауда бойынша Бас келісім (ТАТТ) – бүкіләлемдік
сауда ұйымының (БСҰ) орнын басушы бұл өзара байланысты сауда
қатынастарында оған қатынасушы елдер басшылыққа алатын
принциптерден, құқықтық нормалардан және ережелерден тұратын
көп жақты келісім.
Бас (негізгі) жүктер – данамен саналатын жүктер, яғни дайын
өнеркәсіп өнімдері.
Бас компания - өз елінде, сол сияқты шет елдерде олардың
капиталына қатысу үлесін иелену жолымен трансұлттық
корпарацияларға кіретін кәсіпорындар қызметін бақылаушы компания.
Дамытуға мемлекеттік көмек – жеңілдіктер жағдайында дамушы
елдерге берілетін трансферт немесе мемлекетаралық бағдарламалар
шеңберіндегі өтеусіз (қайтарусыз) қаржылық және басқа ресурстар.
Ғаламдану (глобализация) - әлемдік шаруашылықтың біртұтас
тауарлар, қызметтер, жұмыс күші мен капитал нарығына (рыногына)
айналу процесі.
Ғаламдық проблемалар – дамудың жалпы әлемдік, жалпы
адамзаттық проблемалары. Ғаламдық категорияларға бір-бірімен өзара
тығыз байланысты, адамзат үшін өркениетті құртып жіберуге дейінгі
сипатқа ие және өзінің жедел шешімін табуы үшін бүкіл әлемдік
қауымдастықтың бірлескен іс-қимылын талап етуші проблемалар
шеңбері жатады.
Грант-элемент - әртүрлі қарыздар берудің жеңілдік деңгейін анықтау
үшін пайдаланылатын және коммерциялық қарыздар беруге қарағанда,
неғұрлым жеңілдік жағдайларда қарыздар беру нәтижесінде
қарыздарды өтеу есебінен, кредитор несие беру төлемдерінің қандай
бөлігін ала алмайтындығын білдіретін көрсеткіш.
Демографиялық жарылыс – халықтың өсу деңгейінің күрт нашарлау
процесі, бұл әсіресе халықтың өсім санының күрт төмендеу
қарқынынан, бірқатар жағдайларда оның табиғи шығынынан, сондай-
ақ халықтың демографиялық қартаюынан көрінеді.
Дефолт – сыртқы қарызды қайтару бойынша міндеттемелерден
берешек елдердің бас тартуы.
Дамудың қуып жетуі – жетекші және артта қалушы елдер
арасындағы
деңгейіндегі
айырмашылықтарды жою мақсатын көздейтін экономикалық стратегия.
Қарыз ілгегі (долговая петля) – жаңа сыртқы қарыз алудың үлкен
бөлігі бұрын алынған займдар, несиелер мен саудаларды қайтаруға
пайдаланылатын ахуал.
әлеуметтік-экономикалық
даму Пайдалы қазбалардың сенімді қорлары – теника дамуының осы
заманғы деңгейімен белгілі бір аумақта сандық және сапалық
параметрлер бойынша анықталған қазбаларды алу.
Көрсетушілік (демонстрациялық) әсер – негізінен тұтыну түрінде
адамдардың мінез-құлқы мен мотивациясына (мәселіне) шетелдік өмір
салтының әсер етуі.
Еуроакциялар – еродоллардағы қысқа мерзімдік облигациялар.
Еуродолларлар – бір елдің банкісінен екінші елдің банкісіне түсетін
және айрықша түрде халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет
көрсететін, сондықтан да өзінің ұлттық сапасын жоғаотып алған
қаржылық ресурстар. Негізінен, бұл қаржылар долларларда және
Еуропалық валюталар түрінде Еуропада депозиттер түрінде сақталады.
Еуроблигациялар (еуробондар) – халықаралық банк консорциумдары
(банктердің бірлестіктері) шетел қарыз алушыларының (эмитенттердің)
өтініштері бойынша шығаратын қарызға беретін бағалы қағаздары.
Еуронесиелер – басым түрде синдицияланған (синдицированные)
еуронесиелар, яғни қарыз алушылар осы несиелер үшін банктер
синдикатымен жасалған еуродолларлар түрінде алатын несиелер.
Еуропалық келісім – Еуропа одағы мен Еуропаның бұрынғы бірқатар
социалистік елдері арасындағы, соңғысының болашақта Еуропалық
одаққа кіру ниетімен одақ пен осы елдер арасындағы тығыз
қоғамдасуды (ассоциациялануды) қараушы келісім.
Ұайта құру және даму Еуропалық банкі (КДЕБ) – орталық және
шығыс Еуропа және бұрынғы КСРО елдеріне нарықтық қайта
жаңарулар кезеңінде көмек көрсету үшін арнайы құрылған
халықаралық валюта несие ұйымы.
Еуропалық одақ (ЕО) - әлемдегі неғұрлым дамыған интеграциялық
топ: өзінің негізі бойынша 15 мүше мемлекеттің экономикалық, валюта
және саяси одағы болып саналады.
Еуропалық экономикалық кеңістік – Еуропалық одақ пен ЕАСТ
елдерін (1994 жылдан) кіргізетін, тауарлардың, қызметтердің
капиталдардың және жұмыс күшітерінің ерікн қозғалу аймағы.
Трансұлттық компаниялардың (ТҰК) шетелдегі филиалы – басқа
елдің резиденті бас компания, оның қызметін бақылауға мүмкіндік
беретін (негізінен 10%-тен асатын акция немесе олардың эквиваленті)
кәсіпорын.
Еркін сауда аймағы – интеграциялық бірлестікке қатысушы елдер
арасындағы сауда шектеулері алынып тасталатын және кеден бас
салықтары төмендетілетін немесе алынып тасталатын халықаралық
экономикалық интеграция формасы.
Импорталмасуды индустриаландыру
– импорт өнімдерді
алмастырушы және ішкі сұранысты қамтамасыз етуші жергілікті
өнеркәсіп өндірісін ынталандыру (демеу) мақсатында ішкі нарықты
жоғары тарифтермен және тарифсіз шектеулермен қорғауға
бағытталған бағыт.
Интеграциялық бірлестіктер
– қатысушы елдер арасындағы
интеграциялық процестерді реттеу үшін құрылған, шаруашылық
топтары.
Экономиканы интеграцияландыру
елдердің әлемдік
шаруашылыққа қатысуын күшейту.
Кариб қауымдастығы және Кариб ортақ рыногы (КАРНКОМ) –
Кариб бассейні негізгі елдерінің ұйымы.
– Елдердің бәсекеге төтеп бере білушілігі (ұлттық бәсекеге төтеп
бере білушілік) – фирмалар мен салалардың әріптестерін басып озып,
шет ел нарығындағы позициясын нығайту арқылы жеңіске жету
қабілеті.
Контрактіліқ бірлескен кәсіпорын – мүліктік кешендердің заңды
тұлғаларсыз құрылуын болжаушы, табыстарды бөлу жарғылық
капиталдағы үлестеріне сәйкес түрде емес, тараптардың келісімдеріне
сәйкес жүзеге асырылатын Қытай мен басқа елдерге шетел
инвестицияларын тарту формасы.
Сауда және даму бойынша БҰҰ конференциясы (ЮНКТАД) – Бас
ассамблясының органы түрінде әрекет етуші, неғұрлым өкілді
жанжақты сауда-экономикалық ұйымы.
Сыбайлас жемқорлық (коррупция) – жеке баю мақсатында,
лауазымды тұлғаның қызметі бойынша берілген құқықты тікелей
пайдалануынан тұратын қылмыс; лауазымдық тұлғаларды сатып алу,
сондай-ақ сыбайлас жемқорлық (коррупция) деп аталады.
Экономиканы либерализациялау (дерегуляция) – шаруашылық
қызметін мемлекеттік реттеудің азайту процесі.
Макроэкономикалық (қаржылық) тұрақтандыру
– макро-
экономикалық шаралар, ең алдымен инфляцияны ауыздықтау, ақша
бірлігін нығайту және валюта бағасының (курсының) тұрақтылығына
қол жеткізу.
Халықаралық үкіметтік емес ұйыдар – үкіметаралық келісімсіз
құрылған кез-келген халықаралық ұйым.
Үкіметаралық (мемлекетаралық) ұйым – белгілі бір мақсаттарды
орындау үшін мемлекеттер арасында шарт негізінде құрылатын,
халықаралық ұйым.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) – жұмыспен қамтуды және өмір
деңгейінің өсуін қамтамасыз етуді, еңбекшілердің денсаулығын қорғау,
кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы ынтымақтастықты арттыру
мәселелерін шешуге көмектесетін, БҰҰ жүйесінің мамандандырылған
мекемесі.
Халықаралық кеден ұйымы (ХКҰ) – бұрын кеден ынтымақтастығы
кеңесі деген атаумен әрекет еткен (КЫК) көп жақты сауда–
экономикалық ұйымы. Әлемдік сауда айналымын жеделдету, кеден
қызметінің бақылау және фискалдық қызметін қамтамасыз ету кезінде,
кеден шекаралары арқылы жеке тұлғалардың тауарларын орна-
ластыруды жеңілдету және жүйеге келтіру мақсатында біртұтас кеден
қағидалары мен ережелерін жасау және оны таратумен айналысады.
Халықаралық сауда палатасы (ХСП) - әлемдегі неғұрлым беделді
жеке кәсіпкерлердің органы болып саналатын, дамыған және дамушы
елдер кәсіпкерлерінің компаниялары мен ұлттық одақтарын біріктіруші
және сауданы, инвестицияларды, ашық рыноктарды, капиталдардың
еркін қозғалуын ынталандыру (демеуші) жолымен айналысатын,
үкіметтік емес ұйым.
Халықаралық (сыртқы) еңбек миграциясы
– мемлекеттік
шекаралар арқылы басқа елдердегі жұмыс берушілермен еңбек
катынастарына түсу мақсатында халықтық аумақтарға орналастыру.
Халықаралық экономикалық интеграция
– компаниялар
арасындағы терең және берік экономикалық қатынастар негізінде
көрші еледр экономикасының біртұтас шаруашылық кешеніне ұласу
процесі. Атом энергиясы бойынша халықаралық агнеттік (МАГАТЭ) – БҰҰ-
ның жүйесіне кіруші, дербес үкіметаралық ұйым: атом энергиясын
дамытуға және оны бейбіт мақсаттарда тәжірибеде қолдануға, сондай-
ақ осы салада зерттеулер жүргізуге снталандырады және көмектеседі.
Халықаралық еңбек бөлінісі - әртүрлі елдер бір-бірімен алмаса
отырып, жекелеген елдердің белгілі бер тауарлары мен қызметтерін
өндіруге мамандануы.
Тауарлар мен қызметтердің халықаралық өндірісі – трансұлттық
компаниялардың (ТҰК) қамқор компаниялары мен олардың шетелдік
филиалдарының мемлекеттік шекаралар арқылы технологиялық
циклдерді біріктіру жолымен, өндірісті интернационалдандыру
негізінде өнімдер өндірісі және әртүрлі елдердегі трансұлттық
компаниялардың (ТНК) жүйесіне кіретін кәсіпорындар арасындағы өнді-
рістік байланыстардың географиялық бағыттарын кеңейтуі.
Халықаралық экономикалық ұйымдар – екі үлгідегі (типтегі)
ұйымдар: қатысушылары тікелей мемлекет болып саналатын
үкіметаралық (мемлекет аралық) және құрамына өндіруші бірлестіктер,
компаниялар мен фирмалар, ғылыми қоғамдар мен басқа ұйымдар
кіретін үкіметтік емес ұйымдар.
Қайта құру және даму халықаралық банкі (ҚОХБ) - өзінің назарын
дамушы елдерге және өтпелі экономикалы, оның ТМД Елдеріне,
олардың ұзақ мерзімдік экономикалық дамуына көмек көрсетуге
шоғырландырушы халықаралық валюта-несие ұйымы.
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ)
– макроэкономикалық
дағдарыстар кезеңінде несие беру негізінде мүше-елдерге көмек
көрсетуді жүзеге асырушы, жетекші халықаралық қаржы-несиелік
ұйымдардың бірі.
Жұмыс күшінің халықаралық нарығы (рыногы)
– еңбек
эмиграциясы мен еңбек имиграциясының бірлігі.
Тауарлар мен қызметтердің әлемдік (бүкіләлемдік) рыногы – кең
мағынадағы анықтама бойынша – тауарлар мен қызметтердің ұлттық
нарықтарының (рыноктарының) жиынтығы, тар ұғым бойынша елдің
ішінде ғана сатылатын және сатып алынатын ұлттық тауарлар мен
қызметтердің жиынтығы.
Әлемдік қаржы орталықтары -
әртүрлі елдер резиденттері
арасындағы қаржы активтерімен сауда жасауы аса үлкен маңызға ие
әлемдегі орындар. Бұл ең алдымен Америкадағы – Нью-Иорк және
Чикага, Еуропадағы - Лондан, Франкфурт, Париж, Цюрих, женева,
Люнсембург, Азиядағы – Токио, Сингапур, Гонког, Бахрейн.
Көпжақты валюта-қаржылық және несие ұйымдары - әлемдік
экономикада неғұрлым салматы орыны бар және әртүрлі деңгейдегі
дамушы елдер арасындағы валюталық-есеп айырысу қатынастарын
қалыпқа келтіру үшін форум болып саналатын ұйымдар.
Көпжақты сауда – экономикалық ұйымдары – халықаралық сауда
саласында саудалық-саяси және басқа міндеттерді әзірлейтін және оны
жүзеге асырумен айналысатын ұйымдар. Әлемдік сауда тасқындарын
қалыптастыруда салыстырмалы түрде негізгі рөл атқаратын сауда-
экономикалық ұйымдардың шағын шеңбері: БСҰ (ВТО) ГАТТ, ЮНКТАД,
МТО, МТП.
Елдердің халықаралық мамандану үлгісі (моделі) – елдің
экспортында қандайда бір тауарлар мен қызметтерге тұрақты түрде ие
болу. Монетарлық алатын – ресми Алытнвалюта резервтерінің бөлігі,
сақтайтын мемлекеттік қоймалардағы алтын.
Ғылымдық көп қажетсінетін салалар – НИОКР-ға жұмсалатын
шығындардың үлесі жалпы шығындардың 3,5%-тен астамын құрайтын,
ал ғылыми қызметкерлердің саны, жұмыскерлердің барлық санының
2,5%-тейін құрайтын, осы заманғы салалар.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар
(НИОКР) – ғылыми идеяларды әзірлеу мен оны жүзеге асыру
мақсатындағы жұмыстар.
Тамақтану тепе-теңдігінің бұзылуы – тамақтану рационында мал
өнімдері белоктарының жеткіліксіздігінен көпшілік елдердегі азық-түлік
жеке тұтынудың медициналық нормаларға сәйкес келмеуі.
Мұнай долларлары – мұнай өндіруші елдерден сыртқа шығарылған
мұнай экспортынан алынатын қаржылар.
Жаңа индустриалды елдер – экономикасының негізі мен экспорттық
әлеуетін (потенциалын) 70-90-жылдародағы шаруашылықтың серпіеді
дамуы нәтижесінде өнеркәсіптің жұмысы көп қажетсінетін салалары
құраған мемлекеттер. Оңтүстік-Шығыс Азия ол мемлекеттердің
қатарына Малайзия, Тайланд, Инданезия және Филиппин, Батыс Азия –
Түркия, Латын Америкасында Чили, Бразаилия жатады.
Ноу-хау – птенттелмеген ғылыми-техникалық жетістіктер және
конфиденциалды сипаттағы өндірістік тәжірибе.
Жалпы (ортақ) рынок – шартұа қол қоюмен атап өтілетін, тауарлар,
қызметтер, капитал мен адамдар үшін мемлекеттік шекаралармен
қиылысудың «төрт реркіндігін» қамтушы, халықаралық экономикалық
интеграцияның формасы.
ОПЕК – мұнайды экспорттаушы елдердің ұйымы. Осы елдер
мүдделерінің ұжымдық қорғанысын күшейту, мұнайға бірегей бағаны
ұстап тұру, әлемдік нарықта (рынокта) оны өткізуден алынатын
пайданы арттыру, мұнайды барлау мен мұнайды өндіруге демеу
көрсету үшін 1960 жылы Азия, Африка және Латын Америкасының
басты мұнай өндіруші елдермен құрылған.
Біріккен ұлттар ұйымы – Бас Ассамблеядан, қауіпсіздік кеңесінен,
экономикалық және әлеуметтік кеңестен (ЭКОСОС), ОПЕК жөніндегі
кеңестен, халықаралық Соттан, Секретариаттан және Бас хатшыдан
тұрады.
Өнеркәсіпті дамыту бойынша Біріккен ұлттар ұйымы (ЮНИДО) -
өнеркәсіпті дамыту және ғаламдық аймақтық, ұлттық және салалық
деңгейлердегі ынтымақтастық мәселелері бойынша БҰҰ жүйесі
шеңберіндегі орталық үйлестіруші орган.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) – Пакистан, Түркия
және Иран құрамында 1985 жылы құрылған интеграциялық топ, 1992
жылы оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркімения, Өзбекстан
қосылды.
Ресми алтын-валюта резервтері – қаржылық, әсіресе валюталық
есеп айырысу қатынастары саласындағы міндеттемелері бойынша сол
елдердің төлемқабілетін қамтамасыз ету үшін белгіленген мемлекеттің
игілігіндегі активтер. Алтын валюта резервтерінің тағы бір маңызды
міндеті – елдегі макроэкономикалық жүйеге әсер ету.
Оффшорлық орталықтар – фирмалар шоттарын осы аумақтарда
шоғырландыратын (ашатын), бірақ шаруашылық қызметтерін басқа елдерде жүзеге асыратын резиденттер емес үшін салық, валюта және
басқа жеңілдіктер берілетін аумақтар.
Сатып алушылық қабілеттің теңдестігі (СҚТ) – ұлттық валюталар
мен олардың сатып алушылық қабілеті арасындағы ара салмағы.
Бастапқы энергоресрурстар – мұнай, газ, көмір, атом және
гидроэнергия, дәстүрлі емес қуат көздері.
Технологиялардың берілуі – ғылыми–техникалық әзірлемелерді
сатып алу-сату немесе жасалған өндірістік – технологиялық процестер.
Саяси одақ – басқарудың ұлттық институттарына қарағанда одан
неғұрлым кең өкілеттіктер мен билікке ие орталық басқару
органдарының құрылуын қоса алғандағы барлық туындайтын
салдарларымен интеграциялық бірлестіктердің конфедеративтік
мемлекетке айналуы.
Бірте–бірте жүзеге асырылатын реформалар
- әлеуметтік
экономикалық жүйелердің ұзақ және терең түрде қайта жаңаруы.
Постиндустриаландыру – дамыған елдерде ХХ ғасырдың ортасында,
ал қалған топтағы елдерде сәл кеінірек басталған индустриалды
қоғамнан постиндустриаландыруға өту.
«Баспалдақтар принципі» - жергілікті өнеркәсіптің қарапайым
тауарлар өндіруден неғұрлым жоғары техникалық және ғылыми
техникалық компоненттегі бұйымдарды игеруге бірте–бірте көшуі.
Пайдалы кен қазбаларының болжамдық (геологиялық) қорлары
– теориялық есептулер және іріктеп геологиялық іздестірулер негізінде
анықталған, бағдар алушы қорлар.
Құрылымдық бейімделу бағдарламалары – дамушы елдердің
экономикасын сауықтыру және тиімді макроэкономикалық саясат
жүргізу мақсатында бүкіл әлемдік банк пен ХВҚ ұсынған
бағдарламалар.
Біріккен ұлттардың азық – түлік ауылшаруашылық ұйымы (ФАО)
– аштықты жою, тамақтану, өмір сапасын жақсарту мақсатында
аграрлық өндірісті, орман және барлық шаруашылығын дамытуға
көмектесуші, БҰҰ жүйесінің мамандандырылғын мекемесі.
Өнеркәсіп саясаты – салалар арасындағы ресурстарды бөлуге және
өнеркәсіптің белгілі бір құрылымдарын құру мақсатымен салаларды
ұйымдастыруға мемлекеттің белсенді түрде араласуы.
Протенционизм – ішкі рынокты шетел бәсекесінен қорғаудың
мемлекеттік саясаты.
Түбегейлі жүйелік реформалар («әлсіретіп барып емдеу») –
трансформацияланудың бір секторлы жолы шеңберіне жүзеге
асырылатын шешімдері, ауқымды және жүйелік қайта жаңарулар.
Өсудің бүлдірушілігі – дамушы елдердің ауылшаруашылық және
минералдық өнімдер өндірісі мен экспортын өрістетуі, экономикалық
даму үшін қажетті шикізаттық тауарларға әлемдік бағаның одан әрі
төмендеуіне және валюталық түсімдердің қысқаруына әкеледі.
Рационалдандыру
экономикалық
байланыстарының өзіне және әлемдегі көрші аймақтарға басым түрде
бағдарлануы.
Солтүстік–Оңтүстік - әлемдік шаруашылықтағы елдердің әлеуметтік–
экономикалық даму деңгейі бойынша дамыған солтүстікке және
қалғандарының оңтүстікке бөлінуі.
Еркін сауда туралы солтүстікамерика келісімі (НАФТА) – АҚШ-та,
Канаданы және Мексиканы біріктіруші интеграциялық топ.
елдердің
–
сыртқы Ауылшаруашылық жерлері – шамбықтар, көпжылдық отырызылған
бау-бақшалар, жүзімдіктер, плантациялар, жайылымдар.
Отбасылық мердігерлік – осы жүйе шеңберінде жер шаруаларға
жалған берілетін, астықтың белгіленген бөлігі мемлекетке өзткізіліп, ал
қалған өнімдерге өздерінің қалаулары бойынша иелік жасайтын, Қытай
Халық Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру
жүйесі.
БҰҰ жүйесі – Біріккен Ұлттар Ұйымының өзінен, оның негізгі және
көмекші органдарынан, 18 мамандандырылған мекемелерден тұрады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) - посткеңестік кеңістіктегі
Балтық республикаларынан басқа, бұрынғы кеңестік республикалардың
барлығын өзіне енгізетін интеграциялық топ.
Әлеуметтік-экономикалық үлгі (модел) – белгілі сипаттар жиынына
ие, басқа елдердің соған сәйкес үлгілерінен өзгешеленіп тұратын
қандай да бір елдердің экономикалық және әлеуметтік өмірін
ұйымдастыру формаларының жиынтығы.
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі
– халықаралық
экономикалық қызметтің белгілі бір бағыттарымен айналысушы БҰҰ-
ның құрылымдық органы.
Мамандандырылған халықаралық экономикалық және ғылыми-
техникалық ұйымдар – қызметі әлемдік шаруашылықтың алуан түрлі
секторын: өнеркәсіп дамушының күрделі проблемаларын шешуді және
әлемдегі ауылшаруашылық өндірісін тұрақтандыруды, интеллектуал-
дық меншікті қорғауды, атом энергиясын бейбіт мақсаттарда
дамытуды, еңбекпен қамтылу мен еңбек жағдайын қамтамасыз етуді
және т.б. қамтитын, халықаралық экономикалық ұйым.
Қарыз алу құқығы (ҚАҚ) – арнайы халықаралық валюта қорына
қатысушы елдердің мемлекетаралық есеп айырысулары үшін
эмитациялық халықаралық валюта қоры.
Арнайы экономикалық аймақтар – Қытайдың оңтүстік – шығыс
жағалауында өмір сүругі шетел инвесторлары үшін айрықша
жеңілдікдіктер тәртібі белгіленген аумақтық кешендер.
Арнайы экспорттаушылар және арнайы импорттаушылар – белгілі
бір тауарлармен экспорттық – импорттық операциялар жүргізу құқығы
берілген компаниялар немесе ұйымдар.
Кеден одағы – сыртқы сауда шектеуларын алып тастаумен қатар
біртұтас кеден тарифі белгіленетін және үшінші елдерге қатысты
бірегей сыртқы сауда саясаты жүргізілетін халықаралық экономикалық
интеграциялану формасы.
Тұрақты валюта – ағымдағы өкілетті операциялар бойынша (сауда,
коммерциялық емес трансферттер), сол сияқты экспорт және импорт
капиталы аясындағы операциялар бойынша басқа валюталарға толық
еркін айналым жасай алатын валюта.
Көлеңкелі экономика – ресми органдарда тіркелмеген қандайда бір
экономикалық қызмет; экономикадағы мұндай уклад шаруашылық
өмірдің құқықтық нормаларымен және заңды ережелермен
қалыптасады.
Сыртқы саудадағы абсолютті басымдылық теориясы
–
шетелдегілерге қарағанда оған деген өндіріс шығындары жоғары
тауарларды сырттан алуға, ал шетелдегі өндіріс шығындарына
қарағанда аз шығын жұмсайтын, яғни абсолютті басымдыққа ие
тауарларды сыртқа шығаруды (экспорттауға) ұсынады. Бәсекелестіктің басымдық теориясы – ұлттық салалар мен ішкі
салалардың халықаралық бәсекеге төтеп бере білушілігі өзінің елінде
қандай макроортада әрекет ететіндігіне тәуелді болады деп
түсіндіреді.
Ашық экономика теориясы – нарықтық бәсекелестік ұлттық
деңгейде, сол сияқты әлемдік экономика аумағындағы экономикалық
дамудың ең жақсы реттеушісі болып саналады деп болжайды.
Өндіріс факторларныың арақатынас теориясы – аталмыш ел үшін
өндіріс факторлары аса кең көлемде шығаруға негізделетін
тауарларды экспортқа шығарады, мұндай тауарлар үшін өндіріс
факторлары нашарлау бөлінген елдер сол тауарды сырттан алады деп
түсіндіреді.
Сыртқы саудадағы салыстырмалы басымдылықтар теориясы –
сыртқа шығаратын тауарларға жұмысалатын шығындарға қарағанда
сырттан әкелінетін тауарларға көп шығын жұмсалатын тауарларды
сырттан әкелуді ұсынады, яғни оның салыстырмалы басымдығы жоқ.
Техникалық көмек – белгілі бір қызмет аясындағы, негізінен
экономика және басқарусаласындағы білімер мен дағдыларды алуға
көмектесу.
Техноөріс (ғылыми парк) – ғылымды көп қажетсінетін өнімдерді
әзірлеу мен өндіру бойынша ғылыми - өндірістік аумақтың кешен.
Отын – энергетикалық кешен (ОЭК) – отының барлық түрлерін
өндіру және қайта өңдеу (отын өнеркәсібі), электорэнергиясын өндіру
және оны тасымалдау (электр энергетикасы) бойынша салалардың
жиынтығы.
Тарнсұлттық корпорация (ТҰК) – бас компаниялар мен шет елдердегі
филиалдардан тұратын кәсіпорындардың бірлестігі.
Тарнсұлттық қаржы - өнеркәсіп тобы (ТҚӨТ) – ТМД-ға мүше –
мемлекеттердің юрметдинциясында болатын заңды тұлғаларды
біріктіруші қаржылық - өнеркәсіптік топ.
Үшінші әлем – жан басына шаққандағы кіріс деңгейі төмен халықтың
өсу қарқыны жоғары, дамушы мемлекеттерге технологиялық және
қаржылық тәуелділік дәрежесінің жоғары болуы ортақ белгілері болып
саналатын Азия, Африка, Латын Америкасының дамушы елдері.
Еңбек көші-қоны (иммиграциясы) – басқа елден бағытталушы
мигранттар тасқыны.
Еңбек эмиграциясы – жұмыспен қамтылу жағдайын өзгерту
мақсатымен елден басқа елдерге бағытталушы (жөңнілуші) мигранттар
тасқыны.
Еңбек ресурстары – жұмыс жасауға қажетті физикалық (дене)
дамуына, ойлай білу қабілетіне және білімге ие елдегі халықтың бір
бөлігі. Еңбек ресурстарының саны, қоғам иелік жасайтын, жұмыс
орындарына ең жоғары сұранысты анықтайтын, жұмысшылардың
әлеуетті санын сипаттайды.
«Ақылдың сыртқа шығып кетуі» - ғылыми-техникалық және басқа
жоғары білікті мамандардың тұрақты (негізінен, азаматтығын
өзгертумен байланысты) немесе уақытша (контракты бойынша ұзақ
уақыт жұмыс жасау үшін) тұруға эмиграциясы.
Қаржылық көмек – коммерциялықтан гөрі неғұрлым жеңілдік
жағдайларда шет елдерге қаржылық ресурстар беру.
Әлемдік қаржылық ресурстар – кең мағынадағы анықтама бойынша,
барлық елдердің халықаралық ұйымдардың және әлемдегі халықаралық қаржылық орталықтардың қаржылық ресурстарының
жиынтығы; тар шеңбердегі анықтама бойынша – халықаралық
экономикалық қатынастарда ғана, яғни резиденттер мен резидент
еместер арасындағы қатынастарда пайдаланылатын қаржылық
ресурстар.
Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары
(әлемдік шаруашылық байланыстары)
– тауарлар мен
қызметтермен халықаралық сауда, капиталдық халықаралық қозғалыс,
жұмыс күшінің халықаралық миграциясы,
технологиялардың
халықаралық берілуі (білімменен халықаралық сауда), халықаралық
валюталқ – есеп айырысу қатынастары.
экологиялық дағдарыс
– адамзат қоғамдағы биосфераның
ресурстық–экологиялық мүмкіндіктерімен өндіргіш күштердің және
өндірістік қатынастардың дамуындағы сәйкессіздіктерді сипаттаушы,
адамзат пен табиғат арасындағы өзара қатынастардың шиеленісті хал
– ахуалы.
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Халықаралық менеджмент пәнінен терминологиялық сөздік
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.