Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Оценка 4.8
Семинары
doc
информатика
Взрослым
19.12.2018
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізі білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу .
Баяндама БКО Неткалиева Г.Б..doc
Неткалиева Гульмира Бисеновна
ЗКО, г.Уральск, СОШ №43
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен
технологияларын жаңарту
Обновление содержания, методов и технологий обучения по
информатике
«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің
орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін
және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.»
Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз
ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. Қазақстандағы білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай
бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізі білім беру
бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу .
Қазіргі кезде елімізде жаһандық проблемаларға жауап бере
алатындай деңгейдегі жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу
бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту
әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен
мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондайақ
инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды
дамыту арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және
ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған
міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту,
«Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасын әзірлеу осы үдерістің
құрамдас бөлігі .
Информатика саласы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын
қалыптастыру мектеп бағдарламасында жетекші орын алады.
Қазіргі заман талабына сай адам ісәрекетінің барлық салаларында
еркін қолданысқа енген ақпараттық технологиялар біздің күнделікті
өміріміздің ажырамас бөлігі . Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану
сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу
үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Білім берудің басым бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылардың компьютерлік дағдылар мен
құзыреттіліктерді меңгеруі, бір жағынан, уақыт талабы болса, екінші
жағынан, бұл талап ақпараттық технологиялардың өзге оқу пәндерін
оқытудың тиімді құралы ретінде қолданылып, әртүрлі білім беру
салаларымен байланыстыруға арналған ресурстар мен техникалық құралдар
ұсынуына байланысты туындап отыр. Басқа пәндердегідей информатика
пәнінде де бағдарламаны жаңартудың басымдықтары:
Рухани құндылықтар мен дағдылар;
Спиральді (шиыршық) оқу бағдарламасы;
Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;
Тілдік дағдылар;
Информатиканы табысты меңгерту мұғалімнің кәсіби тәжірибесі мен
құзыреттілігіне тікелей байланысты .
«Информатика» пәнін оқу оқушылардың:
информатиканы оқу барысында меңгерген дағдыларын өмірлік
жағдайларда қолдануға болатынын түсінуіне;
жүйелер алгоритмдердің және бағдарламалаудың көмегімен
модельденетінін түсінуіне;
информатика пәнінен алынған білімді ғылым, техника, медицина, білім
беру және мәдениет саласында тиімді қолдануға болатынын ұғынуына
мүмкіндік береді.
Жаңатылған
бойынша 511сыныптар информатика
курсын «Информатика» пәні ретінде оқиды, информатика курсын 34
сыныптар «АКТ» пәні ретінде және 511сыныптар «Информатика»
пәні ретінде меңгереді.
бағдарлама
«АКТ» пәні негізінен қолданбалы болып келеді, оқуда және күнделікті
өмірде ақпараттықкоммуникациялық құралдарды (ұялы телефондар,
компьютерлер, сандық фотоаппараттар, бейнекамералар және т.б.) дұрыс,
әрі тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру мен нығайтуға бөлінеді.
Информатика оқу бағдарламасы «спиральділік» ұстанымынң
негізінде жасалған, бұл ұстанымға сәйкес көпшілік оқу мақсаттары мен
тақырыптар белгілі мерзімдердің өтуімен тереңдетіліп, күрделеніп, қайта
қарастырылады.
Оқушы тақырыпты қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып
бекітіліп отырады; спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым
идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға
мүмкіндік береді; оқушыларды межелеген оқу мақсаттарына қол жеткізу
үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.
Программалауды меңгерудің ерекшеліктері
Бөлім 5ден 11сыныпқа дейінгі оқу мерзімі бойы оқылады. Білім
алушылар программалаудың ойын ортасын (56 сыныптар), бағдарлама жасаудың кіріктірілген ортасын (79сыныптар), нысандыбағытталған
программалауды (1011сыныптар), webпрограммалауды (1011сыныптар),
мобильді қосымша жасауды (1011сыныптар) меңгереді.
Тек белгілі бір программалау тілін оқу деген талап жоқ. 5, 6
сыныптар программалаудың ойын ортасы (Лого, Scratch и др.), 7, 8, 9
сыныптар – жоғары деңгейлі программалау тілдері (С/С++, Python, Delphi,
Lazarus және т.б.), 10, 11 сыныптар – жоғары деңгейлі программалау
тілдері (С/С++, Python, Delphi, Lazarus және т.б.), вебпарақшаларды жасау
орталары.
5 сыныптағы «Scratch ойын программалау ортасы» тақырыбымен
жұмыстануда оқушылардың қызығушылығы жоғары, оқулық жаңа
бағдарламаға сай, оқушылардың жас ерекшелігі ескерілген.
Сабақ беру ерекшеліктері: Оқу мазмұнының тәжірибелік жағына,
тақырыптарды меңгерудің спиральділігіне, информатиканың қолданбалы
рөліне басты назар аударылады.
«Информатика» пәні бойынша спиральділік қағидатына негізделген
оқу бағдарламасында төмендегідей мақсат, міндеттер қарастырылған:
«Информатика» пәнін оқытудың мақсаты – оқушыларды қазіргі
заманауи технологиялармен тиімді жұмыс істеу үшін базалық білім, білік
және дағдымен қамтамасыз ету болып табылады.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
оқушыларда ақпараттық үдерістердің қоғамдағы ролінің түсінігін,
ақпараттық технологияларды адам ісәрекетінің әртүрлі салаларында
пайдаланудың техникалық мүмкіндіктерін қалыптастыру;
оқушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде,
оқуда және келешек еңбек ісәрекетінде тиімді қолдануын қалыптастыру;
оқушыларды жүйелерді талдауға, шешімдерді, бағдарламалық
қосымшалар жасауға, оларды дамытып жетілдіруге, өздерінің өнімдерін
бағалауға мүмкіндік беру, олардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі
қағидаларын түсінуін дамыту;
талдау, модельдеу мен бағдарламалау арқылы оқушыларға әр түрлі
тапсырмаларды шешуді үйрету;
оқушыларда логикалық, алгоритмдік, жалпылау мен үйлестік,
тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді тәсілдер табу мүмкіндіктерін
дамыту;
оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;
оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық
аппаратты байытуға септік жасау.
Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттар «Информатика» пәнінің
мазмұны оқыту тілі арқылы баяндалады. Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі
бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық
тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын
ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып
табылады. Оқушылардың академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі
үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Екінші немесе
үшінші тілдер арқылы білім алатын оқушылардың басым бөлігі
академиялық тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін бүкіл оқу барысында
қолдауды қажет етеді.
Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудың маңызы «Информатика»
пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі жеке тұлғаны
әлеуметтендіру, яғни әртүрлі қоғаммен тиімді қарым қатынас орнатуға
қабілетті азаматтарды тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін
оқушының өз ойын еркін айтуына ықпал ететін дағдыларын дамытуды
ынталандыратын және қолдау көрсететін орта қалыптастырылуы тиіс.
«Информатика» пәнін оқытуда
сабақтарымда мынадай
педагогикалық тәсілдер қолданамын:
саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау қабілеттерін белсенді дамытады, басқа әдістәсілдер табуына
мүмкіндік береді;
ісәрекет тәсілі – оқушылардың барынша өзбетінше танымдық әрекеттер
негізінде ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
жеке тұлғаға бағытталған тәсіл – білім беру мақсаттарын іске асыруда
мұғаліммен оқушы арасында тең әрекеттесуді көздейді.
Оқушы мен мұғалім арасындағы кедергіні бұзып, диалогтық қарым
қатынасты орнайды, шығармашылық қабілетке, ынтымақтастыққа және
әлеуметтік белсенділіккке талпынуға көмектеседі.Осы бағытта білім
алған оқушыларым өз ойларын еркін айтып, білім ала отырып,
көшбасшылыққа ұмтылуда.
құзыреттілік тәсілі – оқушылар білім мен білікті тұтас бірге меңгеруге
ұмтылады.
кіріктірілген тәсіл – «Информатика» пәнің басқа оқу пәндерімен тығыз
байланыстырады.Мектепте информатика пәнін барлық пәнмен де тығыз
байланыстыруға болады.Мысалы математика пәнімен кіріктіріле
өткізілген сабақтарымнан көрініс: Бұл тәсілдер:
топпен жұмыс барысында оқушылар жалпы жобамен жұмыс істеуді
көздейді. Жобамен жұмыс жасау ісәрекетінде бірлесіп жұмыс жасау
маңызды рөл болып табылады, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің
қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз үлестерін қосады.
Топпен жұмыс жасағанда оқушылар қызығушылығы өте жоғары.
Бірлескен талдау ортақ пікірге келудің жолы. Оқушыларым керекті
материалдарын интернет желісінен іздеп , жұмыстануда. Көріністерден
ақпарат құралдарын, бүкіләлемдік кітапхананы барлық пәндерде
қолдануымыз уақыт талабы. Әр оқушы осы жұмыста өз үлесін қосуға
ұмтылады.
ғылымизерттеу ісәрекетіне ынталану;
ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан
ойлауды қолдану;
жобалық жұмыс – әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі
дерек көздерден қажетті ақпаратты алу, болжам ұсыну және дәлелдеу,
эксперимент жүргізу, істелінген жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау
және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғайды;
алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталанды; «Информатика» пәнінің қолданбалық сипатын көрсету мақсатында, басқа
білім беру салаларымен кіріктірілген міндеттерді пайдалану арқылы жүзеге
асырылады.
Информатиканы тиімді оқыту жолдары:
Оқыту мен оқу өзара тығыз байланысты үдеріс. Мұғалімдер
оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту
тәжірибесін жақсартқан сайын, балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті
соғұрлым арта түспек. Оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдістәсіл
ретінде төмендегі әдістәсілдерді атауға болады:
белсенді оқу;
кері байланыс;
сенімін нығайту, мадақтау;
оқыту сапасы, саралау тапсырмалары;
Сонымен қатар мұғалімдер төмендегідей әдістәсілдерді де қолдана
алады:
бағдарламалаудағы «жылдам» жаттығу әдісі, яғни ұзақ
түсіндірместен, бірден тәжірибеге және жаттығуды орындауға көшу
арқылы оқушылар жана мағлұматты меңгереді;
шығармашылық тапсырма, мультфильм жасау, бейне ролик жасау;
жоба әдісі – бірнеше бағдарламалық қосымша мен бағдарламалау
тілін қамтитын жоба жасау;
жеке тұлғаға бағдарланған оқу: мысалы, жоба тақырыбын,
пайдаланатын қосымшасын, бағдарламалау тәлін өздеріне таңдауға
мүмкіндік беру;
жеке, жұптық, топтық және жалпы сыныптық және ұжымдық оқу
жұмысын қоса алғанда, бүкіл сыныптың жұмысын ұйымдастыру өзінөзі
және өзара оқыту;
проблемалық оқыту: оқушы алдында тұрған проблемалық
жағдаяттың шешімін өз бетінше іздейді;
оқушылар өз бетінше ақпаратты зерделеп, топта талқылайды ,
сыныпқа таныстырады; оқушы алған білімін қай жерде қолдануға
болатынын шешеді, топта талқылайды;
зерттеуге негізделген тәсіл (мен не білемін, нені білгім келеді, не
үйрендім);
саралау тәсілі, оқушыларға тақырыпты терең зерделеуге мүмкіндік
береді;
дәстүрлі және жаңа әдістәсілдерді тең қолдану;
оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау);
оқушыларды өзінеөзі баға беруге, өзінің даму бағыттары мен
мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасау.
Информатика сабағындағы белсенді оқу түрлері:
Топтық жұмыс барысында үш, төрт оқушыдан құралған оқушылар тобы
жобаны белгіленген ортақ мақсатпен жүзеге асырады. Бірлескен жұмыс «Информатика» пәніне өзге пәндердің ықпал ететіні сияқты
информатиканы оқытудың маңызды бөлігі болып табылады, себебі топтың
барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз
үлестерін қосады.
Түйінді сөздерді жазуда, бағдарламалық кодтар мен алгоритмді
құрылымдауда ұқыптылық пен нақтылыққа назар аударылады.
Оқушыларға ашық тапсырмалар беру. Информатикадағы дизайн элементі
оқушылардың қиялдай білуін және өзінің түсіндіре алуын талап етеді.
Проблемаларды талдау, компьютерлік бағдарлама көмегімен абстракция
мен қайта құрудың негізін модельдеу. Модельдеу информатика
бағдарламасының маңызды саласы болып табылады, бұл оларға физикалық,
математикалық және графикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді.
информатика да көптеген басқа пәндерге өз ықпалын тигізеді.
Ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату барысында сын тұрғысынан
ойлау әдісін қолдану.
Жоба жұмысын орындау арқылы ғылымизерттеу жұмысын жүргізуде
оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту жүзеге асырылады.
Жоба жұмысымен айналысатын оқушылар жеке өзі немесе топта алдағы
жұмысын жоспарлап, мақсат қойып, қажетті ақпаратты іздеп, болжам жасап
және оны дәлелдеп, эксперимент жүргізіп, орындалған жұмыстың нәтижесін
көрсетіп, талдап және бағалап, сонымен қатар өзінің жобасын шеберлікпен
қорғай білуі тиіс. Оқушылар интернетті қолжетімді ақпарат алу үшін
қажетті дереккөздердің бірі екендігін біледі.
Командаларды жазу кезінде олардың нақты және қатесіз болуына назар
аударту.
Оқушылардың бір бағдарламалық жасақтама пакеті бойынша меңгерген
дағдыларын басқасында өз бетінше қолдана алуына қолдау көрсету.
Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі «Информатика» пәні бойынша оқу
бағдарламасының мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін
арттырып, еркін ойлауға үйрету болып табылады. Оқушылар жекедара
жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта
анағұрлым жақсы үйренеді.
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды
оқу ортасын қалыптастырады;
оқушылар мен мұғалім арасында сенім мен ынтымақтастық ахуалын
қалыптастырады;
сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің ісәрекетін
талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелейді;
оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен
белсенді әдіс тәсілдерлі қолданады;
алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған
сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе
жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастырады
және уақытты басқарады;
оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды
түсіндіруде және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті де анық,
қарапайым тілді пайдаланады;
оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынады ;
әр оқушының жеке пікірін тыңдайды;
мұқият таңдап алынған тапсырма мен жаттығулардың көмегімен
оқушыларды оқуға ынталандырады;
оқушылардың өзінөзі бағалау және өзінөзі дамытуына жағдай жасайды;
оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған тапсырма
әзірлейді.
Белсенді оқу үдерісінде мұғалім :
ой салып, ынталандыратын материал ұсынады;
оқушылар ғылыми жоба барысында пайдалана алатын тәжірибелік және
эксперименттік дағдыларды қалыптастырады;
оқушыларға өздері қызығатын салаға қатысты сұрақ тұжырымдауға
көмектеседі;
жұпта, шағын топта және құрамы өзгеріп отыратын жұпта жұмыс істеуге
арналған жаттығу дайындайды;
оқушыларды бірбірімен сұхбаттасуға жетелейді;
оқушыларды өз бетінше ойлануға бағыттайды;
оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді;
Бүгінгі таңда оқушыларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой–
өрісі кең, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды тәрбиелеу
қажет.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен
ізденімпаздығына
Түрлі
оқушылар
қызығушылықпен орындайды.
Оқу мен жаңа технологияларды ұштастыратын "Bilimland"
платформасындағы таныстырылымдар, жаттығулар мен тапсырмалар,
ITest, Imektep, TwigBilim.kz бөлімдерінің ресурстары оқушылардың
жаңа ұғымды меңгере отырып жұмыстануына , яғни оқушының
жаңартылған бағдарлама сай мұғалімнің бағыт беруімен жаңа ұғымды
қабылдай алуына үлкен мүмкіндік.
Жаңартылған бағдарлама аясындағы жаңа технологияларды пайдалана
отырып:
Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
Оқушыны ынталандыруға;
Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарымқатынасына;
байланысты.
тапсырмаларды
тікелей
деңгейлік
тапсырмалар Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік беретініне көз
жеткіздім.
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Информатика пәні бойынша оқыту мазмұнын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.