Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс
Оценка 4.8

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Оценка 4.8
Лекции
docx
родителям
Детсад
05.12.2017
Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс
Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың тең дәрежеде білім алуы қолға алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деген болатын. Әр мүмкіндігі шектеулігі бар бала өзінің жарық дүние есігін кемтар болып ашуын қалаған емес, мүмкіндігі шектеулі болып дүниеге келгені үшін кінәлі емес. Олар да ел қатарлы өмір сүріп, білімнен нәр алып, дені сау азамат болуды қалады. Бірақ әр сәбидің маңдайына жазылған өз тағдыры бар. Олар біздің аяушылығымызға тіптен зәру емес. Баланың аты – бала. Тағдыры қиын болғанымен, балалық бақыттың дәмін сезініп өсуге, ел қатарлы, тең дәрежеде білім алып, ешкімнен кем болмай өмір сүруіне әр бала лайықты. Әр ата-ана баласы ауру болып туады деп күтпейді, ешкім де балалардың жетілуіндегі түрлі текті шектеулерге себеп болатын кездейсоқ қасіреттен және өмірдің шым-шытырығынан сақтандырылмаған. Әр отбасы кез келген материалдық, әлеуметтік және білім деңгейіндегі сынға тап болуы мүмкін. Даму мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) сәбидің дүниеге келуі – отбасы үшін беріктікке сын, әрине ол ата-анаға өте ауыр соққы болып тиеді. Ол үйреншікті өмір желісін бұзып, болашаққа деген жоспарларды өзгертуге, құндылықтарды қайта бағалауға мәжбүрлейді. Осы жағдаят негізінде ата-аналар арасындағы қарым-қатынастар бұзылады, кейбір жағдайларда ата-аналар ажырасады немесе баладан мүлдем бас тартады. Кеміс баланың дүниеге келуі барлық ата-анаға бірдей әсер етпейді, бірақ басым көпшілігін күшті психологиялық күйзеліске ұшыратады, сөйтіп психиканың бұзылуына әкеліп соқтырады. Кемістігі бар бала ата-ана үшін теріс эмоционалдық сезімдер туғызып қана қоймайды, ол отбасының үйреншікті тұрмысын, өмір сүру жағдайын өзгертеді, отбасындағы басқа балаларға деген көзқарас пен олармен қарым-қатынасты да өзгертеді. Кейбір отбасылар ел көзіне түспеуге тырысып тасаланады, аяушылыққа немесе мазаққа тап болудан қорқады, басқа туыстарымен қарым-қатынастарын шектейді. Мұның барлығы қоғамның кеміс балаларды қабылдауға даярлығының деңгейіне байланысты, өкінішке орай, қоғам әлі де бұған дайын емес. Қоғам қоғам болғалы дені сау адамдар мен даму мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында болатын «психологиялық бөгет» әлі де жоғалған жоқ. Бұл жағдайдан адамдардың моральдық қатігездігі арта түседі, өзге адамдардың бақытсыздығы мен қасіретіне деген сезімталдық жоғалады. Мысалы, Еуропада мүмкіндігі шектеулі деген түсінік жоқ, оларға бала күнінен қалыпты қоғамға бейімделіп, ортада өзін еркін, толыққанды мүше сезінуіне жағдай жасалған, тіпті сол сатыдан сәтті өткен баладан мектеп жасына келгенде мүмкіндігі шектеулі, мүгедек, кемтар деген статусын алып тастайды. Міне, теңдік деп осыны айтамыз. Ал, біздің қоғамда қалай? Керісінше, біз мүмкіндігі шектеулі балаларды барынша бөлек оқытып, қоғамнан, ортадан тығып ұстаймыз, содан келіп оған көзі үйренбеген қалыпты адамдар ол әлемді түсінбейді және қабылдай алмайды. Біреу оларға аянышпен қарайды, біреуге ол ерсі көрініп бойын одан аулақ ұстайды, біреулер тіпті оларды кемсітеді. Ал инклюзивті қоғамда барлығы тең және барлығының мүмкіндігі бірдей. Дамуында қандай да бір ауытқуы бар бала өсіріп отырған ата-аналардың мінез-құлқының бірнеше түрін ажыратады: – Ата-ана баланы оның кемістігімен бірге қабылдауы – баланың кемістігін қабылдайды, адекватты бағалайды және балаға шынайы адалдық көрсетеді, оның кемістігіне деген жағымсыз көзқарас немесе өзін де, баланы да кінәлау сезімі болмайды. – Теріске шығару, мойындамау реакциясы – баланың кемістігі мен мүмкіндіктерінің шектелуі теріске шығарылады, сондықтан баласының қабілетінің жоғары болуын талап етеді. – Шектен тыс қорғау реакциясы – бұл тым күшті қамқорлық жасау, балаға аяныш сезімімен қарау және шектен тыс жақсы көру. Баланың орындайтын істерін өздері орындайды, нәтижесінде бала өздігімен әрекеттенуге дәрменсіз, өмір бойы инфантильдік деңгейде қалып қояды. – Баладан жасырын бас тарту, шеттету – мұнда кемістік масқара, ұят болып саналады. Ата-аналар өздерінің жиреніш, жеккөрініш сезімдерін шектен тыс қамқорлықпен бүркемелейді. – Баладан ашық бас тарту, шеттету – мұнда ата-аналар өздерінің жауығу, жеккөру сезімдерін жасырмайды. Ата-аналар өздерінің бақытсыздығына қоғамды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кіналайды, балаға да оның кемістігіне де адекватты емес көзқараспен қарайды. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-ана баласының дамудағы кемістікті жөндеймін деген үмітпен медицина мамандарының, психолог мамандардың көмектеріне жүгініп, оңалту мақсатында маңдай тер төгеді. Ал кейбір ата-аналар балаларының кемістігін мойындағысы келмесе, кейбіреулері баласын жұрт көзіне көрсетуге ұялып, баласына зәру көмектерден құр қалып, өте кеш қозғала бастайды. Бұлар баланың дамуын тежейді немесе дамуға кедергі жасайды. Ата-аналардың көпшілігі баланы мемлекеттік мекемеге орналастыруға бала 2-3 жасқа келгенде қамданса, ал басқалары баланың жасы 5-6 жасқа келгенде шешім қабылдайды. Біздің балабақшаға ата-ана баласын орналастыруға келгенде, өмірге деген өкніші, реніші толы, баласының тағдырына ашулы жанды көремін. Бұл ата-ана балабақшамызға келгенде бізге үлкен міндет артып, денесі инеге толы кірпі секілді сезіледі. Бар өкпесін менен алғысы келіп, өз әлемінде күйзеліске ұшырап келеді. Мен бірден мүмкіндігі шектеулі баламен дұрыс жұмыс жүргізіп, сонымен қатар, ата-анасымен де тіл табысып, үлкен ортаға қосу үшін еңбек етемін. Мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді. Қалыпты балалармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызамын. Қалыпты балаларға мүмкіндігі шектеулі балаларға аяушылық танытпай немесе жиіркеніш, менсінбеу, өзін сол баладан алшақ ұстау сезімдерін жойдыртып, оның орнына бұл балаларға қол ұшын созып, көмек беріп, білмеген жерлерін көрсетіп жіберу керектігін түсіндіремін. Бұл ерекше балалардан бауырмалдылық, сүйіспеншілік, басқаға қамқор бола білу қасиеттерін өз бойларына сіңдіріп, осы балалар секілді мейірімді бола білуді үйретемін. Менің міндетім – бар күшімді салып, білім деңгейіне сай оқытып, қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туады. Қалыпты балалар ата-аналарына – біз мүмкіндігі шектеулі балалардан қорқып немесе аянышпен қарамауымыз керек, керісінше қол ұшын созуымыз, ықпалдастық қажет екенін түсіндіремін. Осыны өз балаларына да айтып, жанашыр бола білу керектігін түйсігіне жеткізсін деймін. Бір сәтке өзімізді сол кемтар балалардың орнына, сол балалардың ата-аналарының орнына қойып көрейікші, бұл балалардың қаншама қиыншылықтарға төзіп, тағдыр тауқыметіне көніп, бой ұрмай, төтеп беріп келе жатқанын елестеткенде, кішкентай сәби бойында не деген батылдық, батырлық, қайсарлық, төзімділік, тағдырын кінәламай өсіп келе жатқан өжет азамат немесе азаматша бар екеніне таң қаласыз. Балаларыңыз да осындай ерекше балалардан үлгі алса екен. Ал ата-аналары тағдырға мойымай, балаларын жетелеп, қатардан қалдырмауға тырысып, көз жанарынан «алдыға жылжиды», «жақсарады», «менің де балам ел қатарлы оқиды» деген үмітпен өмір сүріп келеді. Менің мақсатым – осы екі жақтың ата-аналарын тіл-табыстырып, байланыстырып, қорқыныш, алшақ болу сезімдерінен арылдыру. Ортадағы үлкен қабырғаны алып тастап, бірге жүріп, бірдей болу үшін жұмыс жасаймын. Өмір бәрімізге бірдей берілген, оларға аянышты сезіммен қарап, “ол – мүгедек” деген жабайы қабылдауды тыю қажеттігін түсіндіремін. Менің жүргізетін күресім – осыны тоқтату. Мысалы, әлемге әйгілі Бетховенді алсақ, оның саңыраулығы әлемге әйгілі композитор болуына еш кедергі жасаган жоқ. Аутизммен науқастанған Билл Гейтс Microsoft жүйесін құрып миллионер атанды, аутизм ауруына шалдыққан Томас Эдисон алғаш электр шамын ойлап тапты. Жүргізілген жұмыстардың арқасында – «Балам балабақшаға қуана барады, ұжымға қосылып, балалармен ойнайды. Сөйлеуге ынталанып, өз ойын жеткізуге тырысады. Балабақша қабырғасындағы түрлі байқауларға, іс-шараларға белсене қатысатындығы қуантады. Балаларға қарап, сурет салып, ермексазбен мүсіндеуді өте ұнатады» деген қуанышты сөздерін естігенде бір марқайып қалдым. Әрине, бұл ең алдымен ата-ананың жемісі, ата-анасы қол қусырып, қарап отырмай, баласын биік шыңға шығарды, бар күшін, жігерін аямай салды. Баласы жарық дүние есігін айқара ашып, өмірге деген құлшынысы оянды. Үй жағдайында ата-анамен, ал балабақшада мамандармен жұмыс жүргізілу арқасында бүгінгі күнде бала бойында көптеген алға жылжушылық қасиеттер мен өзгерістер бар. Мысалға айтсақ, топтағы тіл кемістігі бар баламен тынымсыз жүргізілген еңбек нәтижесінде бала дұрыс сөйлеуге, өз ойын жеткізуге талпынады. Бұл әрине, қалыпты балалармен салыстырғанда көзге көрінер-көрінбес нәтиже болғанымен, мүмкіндігі шектеулі бала үшін үлкен жетістік. Қалыпты ортада мүмкіндігі шектеулі бала жан-жағына қарап талпынады, тырмысады, баланы білесіз, не көрсе, соны істейді, үйренеді, бір-біріне үйретеді, бұл дегеніміз жанындағы балаларға қарап ынталанады деген сөз. Мен біздің тәжірибемізден өтіп өз нәтижесін берген тәсіл болған соң айтып отырмын. Инклюзивті білім берудің нәтижесінде бала оқып қана қоймай, бір-біріне жанашырлық танытып, өзара ынтымақ та қалыптасады. Мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты балалармен бірге оқығанда олардың ынтасы артады, олар да қалыпты балалармен бірдей сөйлейді, қимылдайды, бірге ойнайды, осыдан келіп өмір сүруге құштарлығы оянып, өзін басқаша сезінбейді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік реабилитация жасауды оның өзінен емес, ата-анасынан бастаған дұрыс, нақтылап айтқанда олардың даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуге деген психологиялық даярлығын қалыптастырудан бастаған жөн. Мейрамкул Ораловна КУМАРБЕКОВАИнклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс
Мақала.docx
Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата­аналармен жұмыс          Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың тең дәрежеде білім алуы қолға   алынды.   Қазақстан   Республикасының   Президенті   Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан   жолы   –   2050:   Бір   мақсат,   бір   мүдде,   бір   болашақ»   атты жолдауында:   «Мүмкіндігі   шектеулі   азаматтарымызға   көбірек   көңіл   бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай   адамдарға   қамқорлық   көрсетуге   тиіс   –   бұл   өзіміздің   және   қоғам алдындағы біздің парызымыз»   деген болатын. Әр мүмкіндігі шектеулігі бар бала өзінің жарық дүние есігін кемтар болып ашуын қалаған емес, мүмкіндігі шектеулі болып дүниеге келгені үшін кінәлі емес. Олар да ел қатарлы өмір сүріп, білімнен нәр алып, дені сау азамат болуды қалады. Бірақ әр сәбидің маңдайына жазылған өз тағдыры бар. Олар біздің аяушылығымызға тіптен зәру емес.   Баланың   аты   –   бала.   Тағдыры   қиын   болғанымен,   балалық   бақыттың дәмін   сезініп   өсуге,   ел   қатарлы,   тең   дәрежеде   білім   алып,   ешкімнен   кем болмай өмір сүруіне әр бала лайықты. Әр ата­ана баласы ауру болып туады деп күтпейді, ешкім де балалардың жетілуіндегі   түрлі   текті   шектеулерге   себеп   болатын   кездейсоқ   қасіреттен және  өмірдің шым­шытырығынан  сақтандырылмаған. Әр  отбасы  кез келген материалдық, әлеуметтік және білім деңгейіндегі сынға тап болуы мүмкін. Даму мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) сәбидің дүниеге келуі – отбасы үшін беріктікке сын, әрине ол ата­анаға өте ауыр соққы болып тиеді. Ол үйреншікті өмір желісін бұзып, болашаққа деген жоспарларды өзгертуге, құндылықтарды қайта бағалауға мәжбүрлейді. Осы жағдаят негізінде ата­аналар арасындағы қарым­қатынастар   бұзылады,   кейбір   жағдайларда   ата­аналар   ажырасады немесе баладан мүлдем бас тартады. Кеміс баланың дүниеге келуі барлық ата­ анаға   бірдей   әсер   етпейді,   бірақ   басым   көпшілігін   күшті   психологиялық күйзеліске ұшыратады, сөйтіп психиканың бұзылуына әкеліп соқтырады. Кемістігі бар бала ата­ана үшін теріс эмоционалдық сезімдер туғызып қана   қоймайды,   ол   отбасының   үйреншікті   тұрмысын,   өмір   сүру   жағдайын өзгертеді, отбасындағы басқа балаларға деген көзқарас пен олармен қарым­ қатынасты   да   өзгертеді.   Кейбір   отбасылар   ел   көзіне   түспеуге   тырысып тасаланады,   аяушылыққа   немесе   мазаққа   тап   болудан   қорқады,   басқа туыстарымен қарым­қатынастарын шектейді. Мұның барлығы қоғамның кеміс балаларды   қабылдауға   даярлығының   деңгейіне   байланысты,   өкінішке   орай, қоғам әлі де бұған дайын емес. Қоғам қоғам болғалы дені сау адамдар мен даму мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында болатын «психологиялық бөгет» әлі де жоғалған жоқ. Бұл жағдайдан адамдардың моральдық қатігездігі арта түседі,   өзге   адамдардың   бақытсыздығы   мен   қасіретіне   деген   сезімталдық жоғалады.  Мысалы, Еуропада мүмкіндігі шектеулі деген түсінік жоқ, оларға бала   күнінен   қалыпты   қоғамға   бейімделіп,   ортада   өзін   еркін,   толыққанды мүше сезінуіне жағдай жасалған, тіпті сол сатыдан сәтті өткен баладан мектеп жасына келгенде мүмкіндігі шектеулі, мүгедек, кемтар деген статусын алып тастайды. Міне, теңдік деп осыны айтамыз. Ал, біздің қоғамда қалай? Керісінше, біз мүмкіндігі шектеулі балаларды барынша бөлек оқытып, қоғамнан, ортадан тығып ұстаймыз, содан келіп оған көзі   үйренбеген   қалыпты   адамдар   ол   әлемді   түсінбейді   және   қабылдай алмайды. Біреу оларға аянышпен қарайды, біреуге ол ерсі көрініп бойын одан аулақ   ұстайды,   біреулер   тіпті   оларды   кемсітеді.   Ал   инклюзивті   қоғамда барлығы тең және барлығының мүмкіндігі бірдей. Дамуында   қандай   да   бір   ауытқуы   бар   бала   өсіріп   отырған   ата­аналардың мінез­құлқының бірнеше түрін ажыратады: – Ата­ана баланы оның кемістігімен бірге қабылдауы – баланың кемістігін қабылдайды, адекватты бағалайды және балаға шынайы адалдық көрсетеді, оның кемістігіне деген жағымсыз көзқарас немесе өзін де, баланы да кінәлау сезімі болмайды. –   Теріске   шығару,   мойындамау   реакциясы   –   баланың   кемістігі   мен мүмкіндіктерінің   шектелуі   теріске   шығарылады,   сондықтан   баласының қабілетінің жоғары болуын талап етеді. – Шектен тыс қорғау реакциясы – бұл тым күшті қамқорлық жасау, балаға аяныш сезімімен қарау және шектен тыс жақсы көру. Баланың орындайтын істерін өздері орындайды, нәтижесінде бала өздігімен әрекеттенуге дәрменсіз, өмір бойы инфантильдік деңгейде қалып қояды. – Баладан жасырын бас тарту, шеттету – мұнда кемістік масқара, ұят болып саналады. Ата­аналар өздерінің жиреніш, жеккөрініш сезімдерін шектен тыс қамқорлықпен бүркемелейді. – Баладан  ашық  бас  тарту, шеттету –  мұнда  ата­аналар  өздерінің жауығу, жеккөру   сезімдерін   жасырмайды.   Ата­аналар   өздерінің   бақытсыздығына қоғамды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кіналайды, балаға да оның кемістігіне де адекватты емес көзқараспен қарайды. Мүмкіндігі   шектеулі   баласы   бар   ата­ана   баласының   дамудағы   кемістікті жөндеймін   деген   үмітпен   медицина   мамандарының,  психолог   мамандардың көмектеріне жүгініп, оңалту мақсатында маңдай тер төгеді. Ал кейбір ата­ аналар балаларының кемістігін мойындағысы келмесе, кейбіреулері баласын Ата­аналардың   көпшілігі жұрт көзіне көрсетуге ұялып, баласына зәру көмектерден құр қалып, өте кеш қозғала   бастайды.   Бұлар   баланың   дамуын   тежейді   немесе   дамуға   кедергі жасайды.   баланы   мемлекеттік   мекемеге орналастыруға бала 2­3 жасқа келгенде қамданса, ал басқалары баланың жасы 5­6 жасқа келгенде шешім қабылдайды.  Біздің балабақшаға ата­ана баласын орналастыруға   келгенде,   өмірге   деген   өкніші,   реніші   толы,   баласының тағдырына ашулы жанды көремін. Бұл ата­ана балабақшамызға келгенде бізге үлкен   міндет   артып,   денесі   инеге   толы   кірпі   секілді   сезіледі.   Бар   өкпесін менен алғысы келіп, өз әлемінде күйзеліске ұшырап келеді. Мен   бірден   мүмкіндігі   шектеулі   баламен   дұрыс   жұмыс   жүргізіп, сонымен қатар, ата­анасымен де тіл табысып, үлкен ортаға қосу үшін еңбек етемін. Мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді. Қалыпты балалармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік   туғызамын.   Қалыпты   балаларға   мүмкіндігі   шектеулі   балаларға аяушылық   танытпай   немесе   жиіркеніш,   менсінбеу,   өзін   сол   баладан   алшақ ұстау сезімдерін жойдыртып, оның орнына бұл балаларға қол ұшын созып, көмек беріп, білмеген жерлерін көрсетіп жіберу керектігін түсіндіремін. Бұл ерекше балалардан бауырмалдылық, сүйіспеншілік, басқаға қамқор бола білу қасиеттерін өз бойларына сіңдіріп, осы балалар секілді мейірімді бола білуді үйретемін. Менің міндетім – бар күшімді салып, білім деңгейіне сай оқытып, қоғамның болашақ өз­өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу. Тек осы жағдайда ғана,   мүмкіндігі   шектелген   балалардың   өздерін   қоғамның   толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туады. Қалыпты балалар ата­аналарына – біз мүмкіндігі шектеулі балалардан қорқып немесе аянышпен қарамауымыз керек, керісінше қол ұшын созуымыз, ықпалдастық   қажет   екенін   түсіндіремін.   Осыны   өз   балаларына   да   айтып, жанашыр бола білу керектігін түйсігіне жеткізсін деймін. Бір сәтке өзімізді сол   кемтар   балалардың   орнына,   сол   балалардың   ата­аналарының   орнына қойып   көрейікші,  бұл   балалардың   қаншама   қиыншылықтарға   төзіп,   тағдыр тауқыметіне   көніп,   бой   ұрмай,   төтеп   беріп   келе   жатқанын   елестеткенде, кішкентай сәби бойында не деген батылдық, батырлық, қайсарлық, төзімділік, тағдырын   кінәламай   өсіп   келе   жатқан   өжет   азамат   немесе   азаматша   бар екеніне таң қаласыз. Балаларыңыз да осындай ерекше балалардан үлгі алса екен.   Ал   ата­аналары   тағдырға   мойымай,   балаларын   жетелеп,   қатардан қалдырмауға   тырысып,   көз   жанарынан   «алдыға   жылжиды»,   «жақсарады», «менің де балам ел қатарлы оқиды» деген үмітпен өмір сүріп келеді. Менің мақсатым – осы екі жақтың ата­аналарын тіл­табыстырып, байланыстырып, қорқыныш, алшақ болу сезімдерінен арылдыру. Ортадағы үлкен қабырғаны алып тастап, бірге жүріп, бірдей болу үшін жұмыс жасаймын. Өмір бәрімізге бірдей берілген, оларға аянышты сезіммен қарап, “ол – мүгедек” деген жабайы қабылдауды тыю қажеттігін түсіндіремін. Менің жүргізетін күресім – осыны тоқтату.  Мысалы,   әлемге   әйгілі   Бетховенді   алсақ,   оның   саңыраулығы   әлемге әйгілі композитор болуына еш кедергі жасаган жоқ. Аутизммен науқастанған Билл   Гейтс   Microsoft   жүйесін   құрып   миллионер   атанды,   аутизм   ауруына шалдыққан Томас Эдисон алғаш электр шамын ойлап тапты. Жүргізілген жұмыстардың  арқасында  – «Балам балабақшаға қуана барады, ұжымға   қосылып,   балалармен   ойнайды.   Сөйлеуге   ынталанып,   өз   ойын жеткізуге   тырысады.   Балабақша   қабырғасындағы   түрлі   байқауларға,   іс­ шараларға белсене қатысатындығы қуантады. Балаларға қарап, сурет салып, ермексазбен мүсіндеуді өте ұнатады» деген қуанышты сөздерін естігенде бір марқайып қалдым. Әрине, бұл ең алдымен ата­ананың жемісі, ата­анасы қол қусырып, қарап отырмай, баласын биік шыңға шығарды, бар күшін, жігерін аямай   салды.   Баласы   жарық   дүние   есігін   айқара   ашып,   өмірге   деген құлшынысы оянды. Үй   жағдайында   ата­анамен,   ал   балабақшада   мамандармен   жұмыс жүргізілу арқасында бүгінгі күнде бала бойында көптеген алға жылжушылық қасиеттер   мен   өзгерістер   бар.   Мысалға   айтсақ,   топтағы   тіл   кемістігі   бар баламен   тынымсыз   жүргізілген   еңбек   нәтижесінде   бала   дұрыс   сөйлеуге,   өз ойын жеткізуге талпынады. Бұл әрине, қалыпты балалармен салыстырғанда көзге   көрінер­көрінбес   нәтиже   болғанымен,  мүмкіндігі   шектеулі   бала  үшін үлкен жетістік.    Қалыпты ортада мүмкіндігі шектеулі бала жан­жағына қарап талпынады, тырмысады, баланы білесіз, не көрсе, соны істейді, үйренеді, бір­ біріне үйретеді, бұл дегеніміз жанындағы балаларға қарап ынталанады деген сөз.  Мен   біздің   тәжірибемізден   өтіп   өз   нәтижесін   берген   тәсіл   болған   соң айтып отырмын. Инклюзивті   білім   берудің   нәтижесінде   бала   оқып   қана   қоймай,   бір­ біріне   жанашырлық   танытып,   өзара   ынтымақ   та   қалыптасады.   Мүмкіндігі шектеулі   балалар   қалыпты   балалармен   бірге   оқығанда   олардың   ынтасы артады,   олар   да   қалыпты   балалармен   бірдей   сөйлейді,   қимылдайды,   бірге ойнайды,   осыдан   келіп   өмір   сүруге   құштарлығы   оянып,   өзін   басқаша сезінбейді. Сондықтан   мүмкіндігі   шектеулі   балаларға   әлеуметтік   реабилитация жасауды оның өзінен емес, ата­анасынан бастаған дұрыс, нақтылап айтқанда олардың даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуге деген психологиялық даярлығын қалыптастырудан бастаған жөн. Мейрамкул Ораловна КУМАРБЕКОВА

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс

Инклюзивті білім беру қағидаларының бірі – ата-аналармен жұмыс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.12.2017