Искусства
Оценка 5

Искусства

Оценка 5
Разработки уроков
doc
искусство
9 кл
02.05.2018
Искусства
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Искуства.doc
Пәні:  «Өнер әлемінде»       сыныбы: Тақырыбы: “Өнер әлеміне саяхат” Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін  қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып,  эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан ”, “ Алтын адам ” суреттері.  Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер: барысы: І Ұйымдастыру кезеңі      Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің  қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының  айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан –  саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал  – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп  өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны,  рухани байлығы деп бағалаған.    Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл  қазынасы.  Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ  жастарымыздың міндеті.  “Қолөнер – мол өнер”  Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу,  жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан –  ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты  тамашалаңыздар.Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын  жұмыстар. Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді. Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі. Қошқармүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың  бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз. Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.  “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні” Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз. Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір  қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды. 1  Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына,  жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған. 2  Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле. 3 Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы,  ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады. 4  Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл  жасалады. 5 Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған.  Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан. 6  Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген. 7 Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы  жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды. Қорытынды  Міне балалар, бүгінгі сабағымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық. Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір  тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан  хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам” әлемде теңдесі жоқ қолөнер  болып саналады. 600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал — Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан  Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет  саласындағы үлкен оқиға.

Искусства

Искусства

Искусства

Искусства
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.05.2018