Использование здоровьесберегающих технологий в детском саду.
Оценка 4.6

Использование здоровьесберегающих технологий в детском саду.

Оценка 4.6
doc
20.01.2022
Использование здоровьесберегающих технологий в детском саду.
8 Статья Здоровье.doc

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын нығайтуда инновациялық технологияларды қолдану»

     Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес. Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады.

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 52% оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының балаларын дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 64% ауру екендігі, олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті.                   

         Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Соңғы жылдардағы статистика мәліметтері бойынша  балалар денсаулығы  күрт төмендеп кеткендігі байқалып отыр. Бұның барлығы  балалар денсаулығын сақтайтын технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне  қолдануын туғызып отыр. Бүгінгі таңда ясли-бақшада  денсаулықты сақтайтын технологиялар қолданылады. Мектепке дейінгі жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарты бойынша білім беру мазмұны білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.  «Денсаулық» білім беру саласының мақсаты: өз денсаулығына саналы көзқарасын  тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиетін қалыптастыру.

      Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы. Денсаулық – бұл баланың физикалық және психикалық мүмкіндігін толықтай анықтайтын негізгі жағдайлардың бірі. Денсаулық дегеніміз – аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі. Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте бала ең құнды дүние болып табылады. Балалар денсаулығы келесі факторларға тікелей байланысты болады:

·        ата- ана денсаулығы;

·        экология;

·        өмір сүру жағдайы;

·        баланың мектепке дейінгі ұйым және отбасындағы тәрбиесі.

      Баланы кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару еліміздің  мектепке дейінгі мекемелерінің  тәрбие-білім беру ісінде басты мақсатқа айналып отыр. Бүгінгі күні  баланың  денсаулығын сақтай оқыту жаңа технологиялардың бірі ретінде тәрбие-білім беру үрдісіне еніп те кетті. Бұл оқыту технологиясы баланың  ақыл – ойын  дамытуды көздейтін басқа технологиялармен  терезесі  тең,  мақсат-мүддесі ортақ. Тіпті технология -  олардың мазмұнын жинақтайтын,  бағыттарын айқындайтын өзегі де бола алады. Ендеше, тәрбие-білім беру жұмысының ұйымдастырылуы алдымен баланың  денсаулығын сақтай  жүргізуге бағытталуы тиіс. Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білім мен тәрбиеге    ынтасы  бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүрміз. Балабақшада  әр баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл күйі жоғары болады. Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. 

          Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады: 

-Мектепке дейінгі мекемелермен. 
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы. 
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы. 
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар. 
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі. 
-Балалардың денсаулық көрсетілімі. 

       Денсаулық сақтау технологиясы топтарға жіктеледі: 
Медициналық-профилактикалық
: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу. 

Сауықтыру-шынықтыру: балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсартуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады. 
Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету: денсаулықты сақтау және денсаулықты нығайту; педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.

Сонымен қатар мәдени кәсіби денсаулық: салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану, көзге арналған және тыныс алу жаттығулары); динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика.

Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты: мектепке дейінгі мекеме балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіре отыра, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.

          Баланың тұлғалық ерекешелігін ескере, күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге тек қана шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізіп қана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні, оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп, ас мәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл-әрекетті үйлесімді ұйымдастырылады. Тіпті, баланың қимыл-белсенділіктерін арттырудың апталық кестесін туғыздық. Таңертең және кешкі мезгілдерде допты домалату, лақтыру, тебу, еңбектеу, өрмелеу, сеіру-жүгіру, кеңістікті бағдарлау қабілеттерін жаттықтыру және де танымдылық қабілеттерін дамытуға арналаған ойын-жаттығуларды еңгіздік. Ал күндізгі серуендегі қимыл ойындарын негізгі қимыл-белсенділік әрекеттер түрлеріне бөлінді (эстафеталық ойындар, қызықты-ермекті ойындар)

        Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек: дені сау баламен шынықтыруды жүйелі де оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп ұзартылып, медбике мен педагогтың қадағалауында болуы керек. 
Денсаулық сақтау жұмысының бағыттары:

1.     Медициналық  (медициналық қызметкерлердің емдік-дене тәрбиесі, витаминотерапия, фитотерапия, су процедуралары)

2.     Педагогикалық  (амалдар, әдіс-тәсілдер және адымдар жүйесінің бірізділігі, яғни әрекеттің жүйесін анықтау, педагогикалық процесіндегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу, кепілдемелі нәтижеге қол жеткізу болды)

    Денсаулық сақтау технологияларын өзіміздің қалыпты балабақшаға сәйкес және алдын-ала әр педагогтың кәсіби-шеберліктерін жетілдіргеннен кейін ғана таңдап алдық. Олар: ынталандыру, салауатты өмір салтын үйрету, түзету (коррекциялық) технологиялар.

1.     Ынталандыру. Бұл технология өзінің атына сәйкес, яғни баланың ағзасын шаршатпай, қалжыратпай үнемі қызықтырып, алға тарту.

2.     Салауатты өмір салтын үйрету. Бала өзбетімен дербес әрекеттеніп, бір мәселені шешіп барып, өз ағзасын бекітеді, жетілдіреді. Нақты бір талапты орындауға тырысады. Осыған балабақшада арнайы жағдайлар туғыздық. Яғни, топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залында дене тәрбие ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп,  балабақша алаңында спорт алаңы жабдықталған.

3.     Түзету (коррекциялық) технологияларда баланың әліде жаңа жетіліп келе жатқан ағзасындағы жағымсыз мінез-қылықтарына кедергі болу, баланың тұйықтық, өз-өзіне сенімдіздік, гипербелсенді, дөрекілігін жоя отыра, оның эстетикалық-шығармашылық талғамдарын тәрбиелеу, жетелеу.

     Және де баланы сауықтыру және аурудың алдын-алу емді жұмыстарының жүйесін өңдеп құрастырдық:

·        Нүктелі және қарындашпен уқалау.

·        Ұйымдастырылған оқу-әрекеттер үстінде көзге арналған жаттығулар кешені.

·        Статикалық  тұру  қалпы.

·        Жалпақ табандықтың алдан-алу кешені (денсаулық жолдарын пайдалану).

·        Сымбаттың бұзылуының алдан-алу кешені (жастықсыз ұйықтау).

·        Тыныс алу жаттығулары.

·        Арттерапия.

·        Ұйымдастырылған оқу-әрекеттер үстінде ақыл-ой шаршауын жою (релаксациялық үзіліс, психогимнастика, саусақ гимнастикасы, артикуляциялық гимнастика, сергіту сәттері, құлақ шеттерін уқалау, стретчинг).

·        Серуен + динамикалық сағат, даладағы қабылдау.

·        Шынықтыру шаралары (майкасыз ұйықтау, жалаң аяқ жүру, жуыну, ауамен шынықтыру).

·        Күн тәртібінде ұтымды қимыл-қозғалыстар: жаттығулар, жүгіру, сазды- би қимылдары, гимнастика, сауықтыру және алдын алу жаттығулары.

·        Дәстүрден тыс спорттық құралдарды қолдану.
   Әлбетте, баланың денсаулығы мен қимыл белсенділіктерін дамытуда дене тәрбие ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ерекше орын алады.
Ясли-бақшада өткізілетін дене тәрбие ҰОІӘ-інің түрлеріне нақтырақ тоқталып кетейік. Мынадай түрлерін қолданамыз:

·        Дәстүрлі сұлба бойынша.

·        Өсімталдығы үлкен, орташа және баяу ойындар жиынтығы.

·        Негізгі қимыл түрлерін үйрету.

·        Ырғақты гимнастика.

·        Жарыс (балалар екі топқа бөлініп, әртүрлі жарыс арқылы жеңімпаздарды айқындайды).

·        Сынақ – сабағы (балалар дене тәрбие мөлшерін тапсырады).

·        Мазмұнды ойын немесе дәстүрден тыс ҰОІӘ-і.
Ескерілетін жағдайлар: 

·        Мекемеде жылу және ауа тәртібін нақты ұйымдастыру.

·        Балаларды ұтымды үзіліссіз киіндіру.

·        Жылдың барлық маусымында серуен тәртібін сақтау.

·        Дене тәрбиесі мен ертеңгілік гимнастиканы жалаң аяқ өткізу

     Сонымен қатар, осындай денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша жүргізілетін жұмыс бағыттарын балабақшаның негізгі күн тәртібі немесе қимылдық күн тәртібі толықтырады. Тәңертеңгі даладағы қабылдаудан бастап, ертеңгілік қимыл жаттығулары, ҰОІӘ арасындағы ойындар, әр ҰОІӘ кезіндегі сергіту сәттері, серуен, түскі ұйқы, түстен кейінгі өткізілетін түрлі шаралар, кешкі серуен, қимылды ойындарға дейін  балалар  үнемі жоспарланған – мақсатты қозғалыста болады. Денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша жүргізілетін тәрбие- білім беру жүйесінде отбасына үлкен орын беріледі.

       Отбасы - бұл келешек жеке тұлға негізі қаланатын алғашқы институт. Ата –аналар мен мектепке дейінгі ұйымның педагогтар ұжымы балаға түсінікті, негізделген бірдей талап қоя білулері керек. Ата-аналарға үйде балабақшаның  күн тәртібін сақтау қажеттігін ескертеміз. Тәрбиелік үлгі аясында ата-аналармен мынадай жұмыс түрлерін қолданамыз: біріккен спорттық – сауықтыру шаралары, серуендер, медициналық қызметкерлердің  қатысуымен емдеу, алдын алу шаралары, ашық дене шынықтыру сабақтары, кеңестер, жиналыстар т.б.

       «Ашық есік» күндерінде ата-аналар ертеңгілік гимнастика, дене тәрбиесі сабақтарына қатысып, шынықтыру шараларын, тамақтану, ұйқының ұйымдастырылуын бақылау мүмкіндігіне ие болады. Және мұндай шаралар ата-ананың балаларының қимылдық жетілу деңгейіне деген қызығушылығын оятып, өз бос уақыттарын баламен бірге өткізуге жағдай жасап, жағымды көңіл күй туғызып, отбасы өмірлерін байыта түседі.

      Балалардың физикалық дайындығының көрсеткіштерінің даму деңгейлеріне бақылау жүргізіп,талдау жасап отырамыз. Баланың бойы, салмағы, кеуде қуысының дем алғандағы, шығарғандағы көлемі, көздің көргіштігі, нерв жүйесі, дене дамуы бақыланады. Медбикенің көмегімен дене дамуында ауытқұшылық бар және жиі ауыратын балалармен сауықтыру, шынықтыру, аурудың алдын алу шараларын жургіземіз.

·        Шынықтырудың дәстүрлі формалары - ауаны тазарту, су құю, даладағы қабылдау, күн  сәулесімен шынығу, жалпы және жартылай су процедураларын жүргізу- ылғалды сүртіну, аяққа, денеге су құйыну,тұзды алаша, жалаңаяқ жүру.

·        Ұтымды қимылды күн тәртібін ұйымдастыру: жаттығулар, жүгіру, сазды- би қимылдары, гимнастика, сауықтыру және алдын алу жаттығулары.

1.     Әдеттен тыс сауықтыру шаралары:

·        ауамен шынықтыру;

·        нүктелі сылау;

·        психогимнастика;

·        өзін-өзі сыйлау;

·        денені босаңсыту жаттығулары.

2.     Ұйқыдан ояту гимнастикасы.

3.     Сауықтыру мерекелік шаралары.

         Егер де кезінде ала алмаған білімді кейіннен толықтыруға болса, денсаулықты қайта түзету өте қиын, ал бала кездегі түзелмеген денсаулықтың ақауын  ешқашан түзету мүмкін емес. 

         Балабақша ұжымы бірнеше жыл бойы «Денсаулық» атты  бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде.  Бағдарламаның негізгі мақсаты – бала санасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, «Денсаулық» бағдарламасы бойынша алған білімі мен зейінін денсаулығын сақтауға қолдана білуі. 

           Балаларда салуатты өмір сүру салтын қалыптастырудың маңызды бағыты дұрыс ұйымдастырылған заттық кеңістік болып табылады. Ең алдымен бұл қимыл-қозғалысқа бағытталған заттық-дамыту ортасы. Балабақшада бұл дамыту бағытында көрініс табады, яғни әртүрлі, динамикалық, құбылмалы, полифункционалды.

           Денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша жүргізілетін жұмыс бағыттарының бірі - дәстүрден тыс  құралдар. Балабақшада өз қолымыздан жасалған дәстүрден тыс  құралдар қолданылады. Жаңа спортты құралдар – дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын белсендіретін стимулы деп саналады.

            Әр түрлі заттарға болжауға келмейтін екінші өмір сыйлауға беретін шығармашылық, тапқырлық және шебер қолдардың көмегі.                                                                                                           Өз қиялдарын іске асыру үшін сан буын түрлі катушкалар мен тауық жұмыртқаларын, қақпақшалар, қораптарды және тағы басқа заттарды қолданамыз. Сол жоғалып бара жатқан түрлі тұрмыстық бұйымдардың орнына біз заманауи заттарға таңдау жасадық. Олар бізді өзгеше пішіндері мен жасалған материалдарымен қызықтырады. Мәселен, «киндер-сюрприздің» футлярлары, пластик бөтелкелер, йогурттардың бәнкелері, сонымен қатар әртүрлі қапталар, рәзенке пробкалар. Алғаш көзге керегі жоқ заттар енді қызықты ойыншықтарға, түрлі жаттығуларды орындайтын құралға айналып кетті.

          Балабақшаның әр жастағы топтарында денсаулық бұрыштары немесе дене шынықтыру бұрыштары ұйымдастырылған. Бұл жерде баланың қол жетімді деңгейінде  қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға арналған түрлі құралдар орналастырылған. Бұл бағдарламалық спорт жабдықтары, сонымен қоса көбіне педагогтар мен ата-аналар жасаған дәстүрден тыс спорттық құралдар. Бұл жерде жалпақтабандылық алдын алуға арналған әртүрлі ұқалау және денсаулық жолдары, сақина лақтыру құралдары, жұмсақ нысаналар, түрлі-түсті жалаушалар, баулар, султанчиктер және тағы басқа құралдар орналасқан.  Бұл қарапайым дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін қызықты ойынға айналдыруға септігін тигізеді.

          Жабдықтар, дидактикалық инвентарлар жаттығуды орындауды, балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын аттырып, жаттығулардың орындалу сапасын көтереді, дұрыс және әдемі дене бітімін қалыптасуына көмектеседі. 

         Осы жоғарыдағы айтылып кеткен ясли-бақшадағы денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын кешенді қолдану арқылы бақшамыздағы тәрбиеленушілердің ауру көрсеткіштерін 60-75 % көтердік. Жалпы барлық топтарда егер, қаңтар айында балабақшаға 50-60% ғана қатысса, енді 80-90%  қатысуда. Шынықтыру-сауықтыру шараларының тиімділігін осыдан көруге болады.

        Мектепке дейінгі ұйымның жұмысына жаңа технологиялар еңгізуде ең алдымен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету бұл әрбір баланың жан-жақты және қазіргі заман талабына сай дамуына, оның  көңілінің тыныштығына, денсаулығына қамқорлық жасауды басшылыққа алып, алдағы уақытта мынадай қорытынды жетістіктерге қол жеткізуді көздейміз:

·        балалық кезеңде денсаулықты жоғалтпау;

·        денсаулықтың соматикалық көрсеткіштерін жақсарту;

·        гигиеналық мәдениет қалыптастыру;

·        салауатты өмір сүру салтын ұстану қажеттілігін және оған мүмкіндік туғызу;

·        дене шынықтыру тәрбиесін  баланың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты даяралау;

·        дене  шынықтыру тәрбиесін баланың жас және жеке  ерекшеліктеріне байланысты даралау;

·        дене тәрбиесінің үздіксіз жүйесін құру;

·        мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау кеңістігін кеңейту.


Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын нығайтуда инновациялық технологияларды қолдану» Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын нығайтуда инновациялық технологияларды қолдану» Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағда йы

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағда йы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады

Тіпті, баланың қимыл-белсенділіктерін арттырудың апталық кестесін туғыздық

Тіпті, баланың қимыл-белсенділіктерін арттырудың апталық кестесін туғыздық

Түзету (коррекциялық) технологияларда баланың әліде жаңа жетіліп келе жатқан ағзасындағы жағымсыз мінез-қылықтарына кедергі болу, баланың тұйықтық, өз-өзіне сенімдіздік, гипербелсенді, дөрекілігін жоя отыра, оның эстетикалық-шығармашылық талғамдарын…

Түзету (коррекциялық) технологияларда баланың әліде жаңа жетіліп келе жатқан ағзасындағы жағымсыз мінез-қылықтарына кедергі болу, баланың тұйықтық, өз-өзіне сенімдіздік, гипербелсенді, дөрекілігін жоя отыра, оның эстетикалық-шығармашылық талғамдарын…

Дәстүрлі сұлба бойынша. · Өсімталдығы үлкен, орташа және баяу ойындар жиынтығы

Дәстүрлі сұлба бойынша. · Өсімталдығы үлкен, орташа және баяу ойындар жиынтығы

Ашық есік» күндерінде ата-аналар ертеңгілік гимнастика, дене тәрбиесі сабақтарына қатысып, шынықтыру шараларын, тамақтану, ұйқының ұйымдастырылуын бақылау мүмкіндігіне ие болады

Ашық есік» күндерінде ата-аналар ертеңгілік гимнастика, дене тәрбиесі сабақтарына қатысып, шынықтыру шараларын, тамақтану, ұйқының ұйымдастырылуын бақылау мүмкіндігіне ие болады

Балабақша ұжымы бірнеше жыл бойы «Денсаулық» атты бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде

Балабақша ұжымы бірнеше жыл бойы «Денсаулық» атты бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде

Бұл жерде жалпақтабандылық алдын алуға арналған әртүрлі ұқалау және денсаулық жолдары, сақина лақтыру құралдары, жұмсақ нысаналар, түрлі-түсті жалаушалар, баулар, султанчиктер және тағы басқа құралдар орналасқан

Бұл жерде жалпақтабандылық алдын алуға арналған әртүрлі ұқалау және денсаулық жолдары, сақина лақтыру құралдары, жұмсақ нысаналар, түрлі-түсті жалаушалар, баулар, султанчиктер және тағы басқа құралдар орналасқан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022