Бұл сындарлы оқыту технологиясы балалардың білім алуына тиімді болуы үшін барлық пән ұстаздары қолданса игі болар еді. Ол үшін мына Бағдарлама жайлы түсінігі бар, білікті де білімді мамандардан, тренерлерден дәріс алған біздер – ұстаздар – өзіміздің бойымыздағы көшбасшылық қабілеттерімізді дамытып, өзгелерге үлгі болып, нәтижелі жұмыс барысында өзгелерді осы бағытқа тарта, қызықтыра алуымыз керек. Тек нәтижені көрген кезде, оқушылардың, ата-аналардың аузынан біздің білім беру бағытымызды естіген кезде ғана бізге деген көзқарастары өзгереді деп ойлаймын. Сондықтан тынбай еңбек етіп, бізге артылып отырған сенімді ақтай білейік дегім келеді.бұл мақала деңгейлік оқыған ұстаздарға өзгерістер туралы жазуға көмектеседі
соңғы нұсқа С.docx
Досжанова Аягуз Жаксыбаевна мұғалім портфолиосы С есебі
І топ ІІІ деңгей
Орал қаласы
Тәжірибедегі өзгерістер туралы рефлексивтік есеп
«Күн өткен сайын ағыммен бірге өзгеріп келе жатырған оқушыларды сабаққа
қалай қызықтыруға болады?». Осы сұрақ төңірегінде көптеген ұстаздар
ойланатын шығар. Егер мұғалімнің дәстүрлі ұстанымы «оқушы берген білімді
жаттап алу керек» деген болса, қазір ұстаздардың алдына мүлде басқаша
талаптар қойылып отыр. Ол: мұғалім баланың білім алуына қолайлы орта
жасап, өздігінен білім алуға жетелеп, алған ақпаратты талдап, алмасып
отыруды үйрету, барлық оқушыларды сабаққа тарта отырып, нәтижені
нақтылау. Нәтижелі білім үшін біз ылғи да ізденіс үстінде жүреміз. Мұғалімге
арналған нұсқаулықпен таныса отырып, мен сабақтарымда 7 модульді
ықпалдастыруды көздедім.
Барлық сабақтарымда ынтымақтастық
атмосферасын құра отырып, Бағдарламаның басты міндеттері жайлы да естен
шығармауға тырысып бақтым. Ол дегенім: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді
игере отырып, оны жүзеге асыру, «Диалог арқылы оқытуды» пайдалану,
оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра отырып, таланттыдарынды
балалардың оқу үдерісіндегі жетістіктерін басқа да оқушыларға ашық түрде
үлгі ету, оларды жалықтырып алмау, тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне сай
бере отырып қалай оқу керектігін үйрету, алған білімді түсініп қана қоймай өз
өміріне пайдалана алуды қалыптастыру болды. Ол үшін бетпебет кезеңінде
танысқан Бағдарлама модульдерін тиянақты меңгеріп, тәжірибе барысында
орынды қолдануды мақсат еттім. Бұл Бағдарлама тек жаңа білім беріп қана
қоймай сонымен қатар мұғалімге қойылатын талапты да күшейтеді. Сол
себепті менің көздеген мақсатым үлкен еңбекті талап етті. І бетпебеттен
кейін Бағдарлама ұсынған идеяларды өзімнің мектебімде қолдана отырып,
бұның шынымен де деңгейлері төмен оқушылар үшін де, деңгейлері жоғары
оқушылар үшін де нәтижелі жұмыс болатындығына көзім жете бастады.
Солған гүл секілді кеуік боп кеткен оқушылар күн өткен сайын гүлдеп шыға
келді. Осы аз да болса өзгерісті көре бастаған соң менің де сенімім арта түсті.
Ерекше бір ғажайыптар жасап, сырттай жұмысымның жемісін бақылап жүргім
келді. Күн сайынғы рефлексиялар, оқушылардың тілектерінен кейін, сабаққа
басқа көзбен қарайтын болдым. Біліктілік көтеру курсынан кейін мен сабақ
берудегі өз көзқарасымды, ұстанымымды өзгерттім. Өзім үшін көптеген
жаңа әдістердің есігін аштым. Кембридждік университеттің ұсынып отырған
жаңа әдістәсілдерімен, соның ішінде 7 модульмен таныса отырып, мен
сабақтың құрылысына, оқушыларды қызықтыра білу жолдарына, тиімді білім Досжанова Аягуз Жаксыбаевна мұғалім портфолиосы С есебі
І топ ІІІ деңгей
Орал қаласы
беруге көбірек мән беру керек екен деген шешімге келдім. Мен үшін ең
қызығы, сол берген білімнің нәтижесін сабақтың соңындаақ көру болды.
Сыныптағы балалар топпен жұмыстанған кезде бірбірінен білім алады.
Әлеуметтік қарымқатынас та бұл жерде үлкен рөл атқарады. «Оқушы мен
мұғалім», «оқушы мен оқушы» арасындағы әңгімелесу олардың түсіну
дәрежесін дамытады. Ал бұны тәжірибеде қолданып көруде мен бұл жұмыс
түрінен ешкандай нәтиже шықпайтын шығар деген күмәнда болдым. Қалайша
оқушы өзі тақырыпты білмей тұрып біреуді оқыта алады, өз білімін толықтыра
алады? Мен сыныптағы басты тұлға мұғалім деп ойлаушы едім. Сабақты
түсіндіретін, балаларды бағалайтын, оқушының жұмысын талдап, қорытынды
шығаратын мұғалім емес пе? Бірақ мен қателесіппін! Менің зерттеуім
бойынша бұлай жұмыстану балаларға ұнайды. Ал диалог арқылы оқытуды
қолдану барысы тіл үйренуші оқушыларға өте тиімді боп шықты. Балаларға
өздерінің құрастырған сөз тіркестері, сөйлемдері ұнайды. Бұл сөз орамдары
кішкентай болса да, оны өздері құрады емес пе? Бұл сыни тұрғыдан
ойлаудың басты аспектісі. Оқушыларға сұрақ қою арқылы олардың ауызша
да, жазбаша да сөздік қоры көбейеді. Сұрақжауап жүргізу арқылы оқушы
сабақта мұғалім жеткізе алмаған ақпаратты ала алады. Осы үдерісті бақылай
отырып, келесі жайттарды белгілеп алдым: диалог арқылы балалар бірбіріне
жақындай түседі, топтың өзге мүшелерін тыңдауға тырысады, өз ойларын
анық жеткізуге талпынады, әр оқушының атқаратын міндеттері бар екендігін
түсінеді. Балаларға ылғи да : «Қанша адам, сонша ой» деген сөз орамын айтып
отыруды жөн санадым. Осы бағытта құрылған сабақ мақсатынан олар көп
нәрсе алатын сияқты, соның ішінде шыдамдылық пен мұғалім тарапынан
қойылған күрделі
шешу жолдарын үйренеді.
Тәжірибеге барған кезімді ең бірінші зерттеуге алған сыныбымның
уәждемелерін анықтау мақсатында сынып жетекшісімен, психологтармен
ақылдасып, оқушыларымды сырттай бақылай бастадым. Сауалнаманың
мақсаты оқушылардың мектепке, сабаққа деген көзқарастарын анықтау
болды. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың мотивациялары анықталды. 13
оқушының 75% мектепке асқан қызығушылықпен, еш кедергісіз келетіні, ал
қалған 45% мектепте өтетін мерекелер, түрлі үйірмелер, достарымен бірге
өткізетін қызықты үзілістердің тартатыны анықталды. Содан бастап мен
сыныпты топпен жұмыс жасауға үйрете бастадым. Жеке ойлап, дара сөйлеп,
түсіндірме сабақтарға үйреніп қалған, тек мұғалімнің айтуымен, сұрауымен
мәселелерді Досжанова Аягуз Жаксыбаевна мұғалім портфолиосы С есебі
І топ ІІІ деңгей
Орал қаласы
жүретін оқушыларымды кері бағытқа бұру қиындық тудырды. Алдағы
уақытта мен олармен серіктес ретінде жұмыстанып, тек бағытбағдар беруші
болуым керектігін өзіме І бетпебетте түйіп алған болатынмын. Осыдан
бастап оқушыларыма топтық ережені, мәдениетті үнемі естеріне салып
отырумен болдым. Топпен жұмыс кезінде үлгерімі төмендеу оқушыларға
қолдау көрсетіп отыру керектігін де ескерттім. Бірақ бастама уақытта
деңгейлері жоғары оқушылар өздері жұмыстанып, қол көтеріп, бәрінен бұрын
аяқтауды көздеп, жеке жұмыстануға бет бұрып кетіп жүрді. Ол біз оларға
сеніп, ылғи соларды жетелеп жүргендігіміздің жемісі. Қалғандары да
осыларға арқа сүйеп қалған. Бұл менің дәстүрлі сабақтарда жасап жүрген ең
бірінші қателігім болды деп ойлаймын. Осыны байқаған соң: «Тобыңның бәрі
болды ма?», «Кәне, өз тобыңды алға сүйре» деп айтып, топта өзгелерге қол
ұшын беріп, өзгелерді оқытуын айтып жүрдім. Бұл жұмыстың бірден нәтижелі
болмайтынын, оқушылардың бұл бағытқа бірден төселмейтінін түсініп,
оларды, бір жағынан, асықтырмауға да тырыстым. Топтық жұмыста балалар
бір шешімге келеді. Мысалы, «Көктем» деген тақырыпты өткен кезде «миға
шабуыл» стратегиясы бойынша балаларға осы тақырыпқа кластер құруға
бердім. Яғни, балалар көктем деген сөзді естігенде қандай сөздер ойларына
келетіні жайында ойланулары керек болды. Бірлесе отырып олар тапсырманы
тез орындап шықты, бұл кезде мен бұрынғыдай бір тапсырмаға көп уақыттың
жұмсалмайтындығын көрдім. Оқушылардың арасындағы диалог
барысында мұғалім модератор рөлінде болуы керек. Сол кезде оқушылар
берілген сұрақ төңірегінен шықпайды, басқа бағытқа ауытқымайды. Ал бұл
кезде мұғалім «сендер дұрыс бағытта келе жатырсыңдар», «бұл сенің
қолыңнан келеді», «дұрыс аңғарғансыңдар» деп қолпаштап отырса, әр оқушы
осы жауаптың шешімін тапқанша жұмыстанады. Бұл кезде сыни тұрғыдан
ойлау модулінің оқудағы көшбасшылық модулімен ықпалдастығы айқын
көрінеді. Курсқа дейінгі менің қателігімнің бірі ол оқушыға өз ойын толық
айтуға мүмкіндік бермеуім, уақыттан ұтылам деген оймен оларды
асықтыруым болды. Бұл жерде Харгривс пен Гэлтонның идеялары менің
оқушылардан
жауап алудағы түсінігімді молайтты. Тәжірибе кезінде
оқушыларымның жауаптары мені таңғалдыратын, ал оларды мадақтап
«жарайсың», «өте қызық екен» деген сөздерді көбірек қолдансаң, онда олар
сабақ бойына осы сөздерді жиі есту үшін одан да жақсы бағытта
жұмыстанады. Біз, мұғалімдер, дұрыс емес жауаптар көп боп кетеді, өз ойын Досжанова Аягуз Жаксыбаевна мұғалім портфолиосы С есебі
І топ ІІІ деңгей
Орал қаласы
дұрыс айта алмай қалады деп мақтау сөздерді көп қолданғымыз келмейді, бұл
оқушылармыздың уәждемелерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Ал психологтар
мен педагогтердің ойынша білім сапасы мен нәтижесі жеке тұлғаның
қажеттілігі мен талабынан туындайды, уәждемелері жоғары болған оқушылар
алдына қойған мақсатқа жету жолында белсенділік танытады. Табыс жоқ
кезде, уәждеме сөне бастайды, бұл жігерлілікке кері әсерін тигізуі ықтимал.
Сыни тұрғыдан ойлау модуліне тағы тоқталар болсам, бұл оқушылардың
ойлау, дәлелдеу, талдау, синтездеу, бағалауын қамтитын жаңа тәсілдің бірі.
Шынымен де бұған дейін бұл тәсілдерге көп мән берілмейтін. Негізінен
оқушыларға белгілі бір бағаға сай жұмыс түрі берілетін. Оқушы арасындағы
диалог та өте аз жүргізілетін. Оқушы мен оқушы арасындағы қарымқатынас
орнаса, көмек сұрап, қол ұшын берсе, біз оны «көшіріп алу» деп түсінуші едік.
Осы модульді сабақ бөлімдерін қолдану арқылы мен оқушыларымды жаңа
қырынан танып, оқытудың тиімділігін ұғындым. Менің түсінігімде сыни
тұрғыда аз да болса ойлай алатын оқушы басқа модульдермен ықпалдастықта
жанжақты дами алады. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі ең алдымен
баланы сыни ойлау білуге, топта жұмыстануға, қызығушылығын арттыруға
көмектеседі. Ал енді бір модульдің басқаларымен ықпалдастығын
оқушылардың сыныптағы жұмсытарынан байқауға болады. Мысалы, сыни
тұрғыдан ойлауы арқылы бала өзін және өзгелерін критериалды бағалау
арқылы бағалай алады. Бұл жерде тек мұғалім баланың критерий арқылы
қалай жұмыстануы керектігі жөнінде бағыт беруі керек. Осындай кері
байланыстың көмегімен бала өзінің білім деңгейінің қай сатыда екенін және өз
білімін көтеру үшін қай бағытта жұмыстану керектігін білетін болады. Ең
нашар жұмыстың өзінде жақсы бағаға ұмтылуы үшін бағдар беріліп, оны
дұрыстауына мүмкіндік беріледі. Курсқа дейін балаларды бағалау мен үшін ең
қиын жұмыстың бірі еді. Себебі менің тәжірибемде оқушыға қандай баға қою
керектігі жөнінде қиындықтардың туындағаны рас. Ол кезде мен олардың
пікірімен санаспайтынмын, сабақтың аяғында үй жұмысы бойынша не болмаса
сыныптағы орындаған тапсырмасы бойынша баға қоятынмын.
Енді
бағалаудың бұл түрін үйренгеннен кейін маған оқушыларды бағалау аса үлкен
қиындық тудырмайтын болды. Бірақ бағалауды балаларға түсіндіргеніменен
бірден бәрі әділ бағаланды деп айта алмаймын. Топтық бағалау кездерінде
балалардың бағаға көңілі толмай жүрді. Содан бағалау критерийлерін
нақтылап алғаннан кейін жұмыс алға басты. Оқыту үшін бағалау және оқуды Досжанова Аягуз Жаксыбаевна мұғалім портфолиосы С есебі
І топ ІІІ деңгей
Орал қаласы
де оң әсер етті.
жоспарлап,
Оқушылардың
бағалау әдісімен оқушыларды сыни тұрғыда ойлана отырып бағалауға
үйреттім. Алғашқы сабағымда бағдаршам арқылы өздерін бағалаған
оқушыларым келесі сабақтарда критерий арқылы топ басшыларының
бағалауымен жүрді. Өзінөзі, өзара бағалау нәтижесінде балалар жауаптарды
мұқият тыңдай білуді, өз көзқарастарын, пікірлерін қорғай білуді, бақылап,
қорытынды шығара білуді үйренді. Ал мен болсам, бағалау оқушының білімін
әрі қарай дамытып, олардың алдағы білім игеру әрекеттерінің деңгейін
қалайша жақсарту жолдарын біліп,
оқушыны соған
ынталандыруды үйрендім. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың
мақсатына жету үшін жоғары дәрежеде пайдалана білген АКТ құралдарының
мүмкіндіктері
ізденімпаздығын,
қызығушылығын арттыру мақсатында
төрт сабағымда да АКТ
мүмкіндіктерін қолдандым. Сабақтың тақырыбына қатысты материалдарды
аудиовизуалды қабылдау мен көрсетілім оқушылардың алған ақпаратты
сақтауының 20%30% на ғана әсер етсе де, оқушылар өздеріне берілген
тапсырмаларды талқылау, тәжірибе барысында бірбіріне үйрету, білім беру
және үйрену барысында жоғары нәтижеге жете алды. Интерактивті тақта мен
компьютердің сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізген әсері ерекше
болды. Бірақ, өкінішке орай, АКТ құралдарын толықтай пайдалану
мүмкіндіктері бола бермейді. Олай дейтінім, оқушыларыммен әңгімелесу
кезінде мен олардың компьютерді тек ойнау үшін қолданатынын білгендіктен,
интернет желісіне шығып, мәлімет жинау секілді тапсырмаларды бермедім.
Болашақта атқарылатын, қолға алатын ісімнің бірі деп ойлаймын.
Мен өзімнің өткізген сабақтарымның барлығында да тек бақылаушы ғана
болды. Айта кетейін дегенім, барлық балалар өздігінен жұмыстануға тырысты,
ал сұрақ туындаған кезде олар мұғалімнің емес, сыныптасының көмегіне
жүгініп отырды. Өз деңгейлеріне қарай әр оқушы алдында тұрған мақсатқа
жетуді көздеді. Өзінөзі реттеу қабілеттері жоғары оқушылар тапсырмаларды
орындап болған соң өзінөзі реттеу қабілеттері төмен оқушыларға көмектесті.
Оқытудың бұл түрі балалардың нәтижелі жұмыстанатынын көрсетті, яғни әр
оқушы менің пәнім бойынша өз білімін көтере алды. Барлық сабақ бойында
оқушылар өздерін табысты оқушы ретінде танытты. Тіпті деңгейлері төмен
оқушылар жеке, топтық жұмыста өздеріне жүктелген жұмысты атқара алды.
Ең соңында олар топ боп жұмыстану барысында мақсатқа жетуді үйренді.
Тәжірибемді
қорытындылай келе, балаларымның жұмысына толықтай Досжанова Аягуз Жаксыбаевна мұғалім портфолиосы С есебі
І топ ІІІ деңгей
Орал қаласы
қанағаттандым дей аламын. Жұптық жұмыста да, топтық жұмыста олар бір
бүтін бола білді. Әрбір сабақ үдерісінде оқушыларыммен қоса мен де
барымды салдым. Себебі сабақтарымда тек балаларым дамып қана қойған
жоқ, бұл сабақтың барысын құруда, оны талдауда мен де біршама өсіп
қалдым. Төрт сабақтың төртеуінде де қойылған мақсат пен нәтиже жеттік.
Бұл жұмыстарды оқушылар да, мен де өз тарапымнан бағалай алдым деп
ойлаймын. Тізбектелген төрт сабағымның бәріне де Бағдарлама модулін
кіріктіруге тырыстым. Сабақтарыма тағы бір көз сала отырып, бұл әдістер
бойынша жұмыс жасау әлдеқайда тиімді әрі ұтымды екенін түсіндім. Балалар
тек қана өздіктерінен білім алып қана қоймай, жанжақты ойлай алды,
ақпараттарды сараптап, өздеріне керектерін өмірлерін жарата алды деп
ойлаймын. Осылайша мен Бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыру арқасында
әр баланың өзін түрлі тапсырмада көрсете алуына жол аштым. Ал өзіме сабақ
құру барысында мынадай ой түйдім:
Өзімнің педагогикалық біліктілігімді көтеру
7 модульдің идеяларын сабақта қолданып, сонымен қатар басқа
ұстаздардың да тәжірибесіне енгізулеріне түрткі болу
Келесіде осы кезде жіберілген қателерді болдырмау мақсатында сабақты
тереңнен талдай білу.
Өткізілген сабақтардағы басты нәрсе бұрын сабақтарымда көрініс таппаған
сынып оқушылары және менің бір топ болып жұмыстана білгендігіміз. Мен де
олар да мақсатқа жетіп, олар өздері білім не үшін керектігін түсінді. Көптеген
менің оқушыларым сабағыма асқан қызығушылықпен келіп, белсенді түрде
сабақтың өн бойында қатысып отырады. Болашақта осы тәжірибе барысында
жетілдіре алмаған тұстарымды, әлі де қолданып үлгермеген әдістәсілдерімді
тереңнен зерттеп қолданысқа енгіземін деп ойлаймын. Бұл сындарлы оқыту
технологиясы балалардың білім алуына тиімді болуы үшін барлық пән
ұстаздары қолданса игі болар еді. Ол үшін мына Бағдарлама жайлы түсінігі
бар, білікті де білімді мамандардан, тренерлерден дәріс алған біздер –
ұстаздар – өзіміздің бойымыздағы көшбасшылық қабілеттерімізді дамытып,
өзгелерге үлгі болып, нәтижелі жұмыс барысында өзгелерді осы бағытқа
тарта, қызықтыра алуымыз керек. Тек нәтижені көрген кезде, оқушылардың,
атааналардың аузынан біздің білім беру бағытымызды естіген кезде ғана бізге
деген көзқарастары өзгереді деп ойлаймын. Сондықтан тынбай еңбек етіп,
бізге артылып отырған сенімді ақтай білейік дегім келеді. Досжанова Аягуз Жаксыбаевна мұғалім портфолиосы С есебі
І топ ІІІ деңгей
Орал қаласы
Есебімді аяқтай келе, осы Бағдарламаның барлық идеяларын қолдану
арқылы біздің шәкірттеріміз бәсекеге қабілетті, сенімуәждері жоғары,
тәуелсіз, жауапкершілігі мол, сыни тұрғыда ойлай алатын, өз білімдеріне
формативті және суммативті баға бере алатын, сандық технологияларды
қолдануда құзырлылық танытатындай боп шығады деп сенемін!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
Үшінші (негізгі) деңгей
2. Интернет ресурстары
Изменения в практике
Изменения в практике
Изменения в практике
Изменения в практике
Изменения в практике
Изменения в практике
Изменения в практике
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.