Тақырыбы: «Қазағымның қазынасы - домбыра»
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Күй тыңдай отырып ұлттық танымын көтеру, ауыз әдебиет үлгісі тақпақтар мен нақыл-сөздерді қолдана отырып білімділігін шыңдау;
Дамытушылық: Түстерді таңдай отырып, домбыраға ою-орнектерді ұқыпты безендіру арқылы әдемілікті сезіне білу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Домбыра, бас, құлақ, мойын, шанақ, қақпақ, пернелер, ішек, тиек.
Керекті құралдар: Құрманғазы ата, Дина апаның суреттері, домбыра, домбыраның сурет үлгілері, түрлі-түсті қағаздар, ою-өрнектер, желім, бояу.
Үш тілдік компонент: Домбыра-домбыра-dombra, ұлттық аспап-национальный инструмент- national instrument, ән-песня- pesya.
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Алтын күн, күліп шықты бүгін,
Қайырлы таң, балалар!
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз.
Домбырада күй ойнайды.
-Бұл ненің әуені екен?
-Домбыраның (балалардың жауабы)
Осы кезде топқа домбырамен Әсем апай қонаққа келеді, амандасады.
Жұмбақ жасырады:
Ұзын мойын екі ішек,
Қатар-қатар текпішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үні шығар күмбірлеп.
Ол не?
-Домбыра(балалардың жауабы)
Тәрбиеші:
-Домбыра, қазақ елінің қасиетті музыкалық аспабы. Ол қазақ елінің тарихы, домбырамен отбасындағы той-думандар, мерекелер,салт-дәстүрлер ән-күймен өткізілген. Бүгінгі «Қазағымның қазынасы -домбыра» тақырыбындағы оқу іс-әрекетімді мына сөздермен бастайын:
Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сөз қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Ұйымдастыру – іздестіру
Әңгімелеу:
Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл-сәл кім бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра,-деген өлең жолында айтылғандай, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен танысуды ұсынады.
Слайдтан домбыраның құрылысын көрсету арқылы түсіндіреді.
-Домбыраның құрылысы көптеген бөліктерден тұрады. Мынау домбыраның басы, құлағы, мойыны, пернелері, домбыраның беті, шанағы, тиегі,ішегі, дөңгелек дыбыс ойығы деп аталады.
Қазақ ән-күй аспаптарын үшке бөлуге болады: ішекті, соқпалы, үрмелі.
-Ішектіге қандай аспап жатады? (домбыра, қобыз)
-Сопалыға қандай аспап жатады? (дауылпаз, тайтұяқ)
-Үрмеліге қандай аспап жатады? (сыбызғы, сазсырнай)
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың ұлы күйшісі, композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Ол кісінің: «Сарыарқа», «Балбырауын», «Ақсақ киік», «Серпер», «Қуаныш», «Назым» күйлері бар.
(Көздерін жұмуды ұсынады)
«Сарыарқа» күйі тындалады.
Дина Нүрпейісова қазақтың әйгілі күйші композиторы. Күй анасы атанған атақты күйші. Ол кісінің: «Әсем қоңыр», «Сертпер», «Жеңіс», «Бұлбұл», «Тойбастар» күлері бар.
(Келесі күйді тыңдауды, көздерін жұмуды ұсынады)
«Әсем қоныр» күйі тыңдалады.
Әсем апа балалардан домбыра туралы тақпақ айтып берулерін сұрайды.
Қос қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Сөзге ұста, әнге шебер болғанымен,
Ашпайды жұмған аузын адам жоқта.
Екі ішек, екі желі, тоғыз перне,
Теңселіп тербеледі соқсаң сен де.
Қос қазық, қос құлағы, ол-домбыра,
Тыңдатар ән мен күйін тамам елге.
Серігі әншілердің домбыра ма?
Домбыра тарта білсең болдыра ма? Баппенен домбыраны қолға алып, Әнге сал қос құлағын оң бұрада.
Домбырам екі ішекті, тоғыз перне, Жарасар әшекейлеп айтсаң терме.
Тарт күйіңді домбыра, Төгіл-төгіл тәтті күй, Тау суындай сылдыра.
Сергіту сәті:
(Музыка әуенімен қосылып айтуды ұсынады)
Бабамыздың көзіндей қара домбыра,
Данамыздың сөзіндей дара домбыра.
Асқақтатып рухыңдай ағыл домбыра,
Әр қазақтың төрінен табыл домбыра.
Шанағыңда ойнаған,
Үніңе еш тоймаған,
Қасиетті домбыра.
Күмбірлеген күйіңе,
Әр дайым мен сүйінем,
Қасиетті домбыра.
Тәрбиеші:
- Үлкен жиын-тойларда, мерекелерде домбырамен айтыс өнерін көрсеткен. Осы домбырамен «Қыз бен жігіт» айтысын тамашалаңыздар.
«Қыз бен жігіт» айтысы.
Жігіт: Ата-баба дәстүрін,үйренуден қашпаймыз,
Айтыс десе сәнделіп,қыздар іздейбастаймыз.
Қыз:
Жантөре болып сен келсең, ақын Джамиляң мен болам.
Сәйгүлік боп сен шапсаң, Аққу құсың мен болам.
Жігіт:
Тойға барам деген соң, домбыра ұстап жетіп ем.
Күмбірлетіп күй шерсем, мүнда думан болады.
Қыз:
Біздің топтың ұлдары, шеттеріне ақылд-ақ.
Жұмбақ-тақпақ бұл тойға, айтып берер тақылдап.
Дидактикалық ойын: «Домбыраны әшекейлеу»
Мақсаты: Домбырға ою-өрнектерді түстерді таңдай отырып салуды үйрету.
Барысы: Әр баланың алдында домбыранын суреттері таратылады. Балалар түстерді таңдай отырып домбыраға ою-өрнектерді салуды ұсынады.
Домбыра туралы қандай нақыл сөздер білетіндерін сұрайды.
-Домбыра-еңбекқорлыққа үйретеді.
-Домбыра- шежірені білуді талап етеді.
-Домбыра- адамның ішкі- жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
-Домбыра иманды болуға жол ашады.
-Домбыра әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Рефлексивті –түзетушілік
Қорытынды сұрақтар:
-Қазақтың қандай ұлттық музыкалық аспабымен таныстық? (Домбырамен)
Слайдтан домбыраның құрылысын көрсету:
Домбыра, бас, құлақ, мойын, шанақ, қақпақ, пернелер, ішек, тиек.
-Домбырада не істейді?
- Ән салады, күй шертеді.
«Жүректен – жүрекке» шеңбері:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Тәрбиеші: Жумабекова Айгуль Оралгазиновна
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.