Ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз»
Мақсаты: балаларды бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін меңгерту, түстерді ажырата білуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Дамытушылық: әңгімелесу арқылы сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: балаларды мұқият болуға, достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, қызыл, сары, жасыл.
Қостілдік компонент: бағдаршам – светофор- light , қызыл – красный- red, сары – желтый - yellow, жасыл – зеленный- green.
Керекті құралдар: бағдаршамның суреті, жол ережесіне байланысты суреттер, ноутбук
Іс - әрекет кезеңдері:
Мотивациялық- қозғаушылық кезең:
- Шеңбер құрып тұрып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз!
Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын табыңдар.
Жұмбақ жасыру.
Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Ол не?
- Ол бағдаршам.
Осы кезде есік қағылып бағдаршам келеді.
Бағдаршам балалармен амандасады.
Ұйымдастыру– іздестіру кезеңі:
Әңгімелесу:
- Балалар, бағдаршам сендердің жол ережесін қаншалықты білетіндеріңді бақылауға келіпті.
- Балалар, суреттен қандай пішінді көріп тұрсыңдар?
- Дөңгелек пішінін көріп тұрмыз.
- Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, дөңгелек екен. Осы пішіндердің түстері бір-біріне ұқсайды ма?
- Жоқ, ұқсамайды.
- Қане, түстерін атап беріңдерші.
- Қызыл, сары, жасыл.
- Осындай түстерді, тағы қай жерден көріп тұрсыңдар?
- Бағдаршамнан көріп тұрмыз.
- Балалар, бағдаршамды күнделікті қайдан көресіңдер?
- Көшеден, жолдан көреміз.
- Иә, балалар, бағдаршамды машина
жүретін жолдың шетінен көреміз.
Слайд көрсету «Жолда жүру ережелері»
«Белгілерді орналастыр» дидактикалық ойыны: карточкада бейнеленген белгілерді атап, оны сипаттап жол бойына орналастырады.
Суретпен жұмыс.
- Бағдаршам бізге жол қиылысынан өтуге көмектеседі.
- Жолдан қалай өтуіміз керек?
Абайлап өтуіміз керек.
- Балалар, бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істейміз?
Қызыл көзі жанғанда тоқтаймыз.
- Ал, сары көзі жанғанда не істейміз?
Сары көзі жанғанда дайындаламыз.
- Ал, бағдаршамның жасыл көзі жанғанда не істейміз?
Жасыл көзі жанғанда жүреміз.
Сергіту сәті:
Начинается
игра:
Мы выходим со двора.
Ножки топают: топ, топ.
Но перед дорогой – стоп!
Ищем, ищем. Где же? Вот!
«Пешеходный переход»
Переход со светофором:
Глазки ждут зелёный свет,
На другой прохода нет!
Влево, вправо посмотри!
Нет автомобилей вроде,
Строго под прямым углом.
Быстрым шагом переходим.
Быстрым шагом – не бегом
- Балалар, жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Жолдан өтер кезде алдымен сол жағыңа, содан соң оң жағыңа қарап, арнайы жаяу жүргіншіге арналған жолмен өту керек.
Сөздік жұмыс: бағдаршам – светофор- light , қызыл – красный- red, сары – желтый - yellow, жасыл – зеленный- green. Бағдаршам ойын ойнатады.
«Бағдаршам» қозғалмалы ойыны:
Шарты: жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде, балалар жүреді.
Сарыны көрсеткенде, алақандарын соғады. Қызылды көрсеткенде, тыныштық сақтайды.
Рефлексивті– түзетушілік кезең:
Қорытынды:
- Бізге қонаққа не келді?
Қонаққа бағдаршам келді.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Бағдаршамның үш көзі бар.
- Бағдаршам бізге не үшін керек?
Жол көшелеріндегі қозғалысты реттеу үшін керек.
Бағдаршам балаларға ризашылығын білдіріп, жол ережесін жақсы білетіндерін айтып, мадақтайды, қоштасады.
«Күніміз ашық болсын» шеңбері
– Ал енді, балалар, қол ұстасып, шеңберге тұрайық. Бәріміз бірге айтайық:
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: бағдаршамның жол белгілерінің атқаратын қызметтерін,
Болу керек: жолда жүру ережелері туралы мағлұмат.
Істей білу керек: бағдаршамның түстерін ажырата білу, жолда жүру ережелерін сақтай білу.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.