Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Айна» (ертегісі) _
Мақсаты: балаларды «Айна» ертегісімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету ;
Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: керік
Қостілдік компоненет: кірпі - ёж, керік – жираф, қоян – заяц
Керекті құрал - жабдықтар: кейіпкерлердің суреттері
Әрекет Кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық- Қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Еліміз аман болсын ! Анамыз аман болсын! Деніміз сау болсын! Бақшамыз гүлдене берсін! Ғажайып сәт: - Мен жолда келе жатып, кішкентай ғана қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеді ме? Жұмбақ жасырады: Жылтырақ бір әйнек, Қарайсың сәндене. Күлсең бірге күледі, Қайталап бәрін де. Ол не? |
Жарты шеңберге кілем үстіне отырады.
Қызыға, мұқият тындайды.
Жұмбақты тыңдайды, ойланып шешуін табуға тырысады.
- Ол – айна. |
Ұйымдастыру– іздестіру |
Кіріспе әңгіме. - Балалар, менің қолымдағы қорапшаны ашып, қарап , оған жымияйықшы, ол не істейді екен. - Бүгін біз «Айна» туралы ертегімен танысатын боламыз. Жалпы мазмұнын айта кетеді. «Айна» ертегісі. - Бір күні орманда кірпі, қоян және керік келе жатады. Олар ағаштардың арасынан бір нәрсенің жылтырағанын көріп, қарамақшы болып барады. - Кірпі бірінші болып қарап: « Мынау кім? Өзінің үсті басы тікенек – тікенек , бойы да, құлақтары да кішкентай, мұрны үп – үшкір екен», - дейді. - Екінші боп қоян келеді. Ол қарап: «Жоға! Қарасашы оның құлақтары ұп – ұзын, өзі үлпілдеген, көздері қызыл , мойыны да қысқа ғой », - дейді. - Ең соңғы боп керік келеді. Ол қарап: «Қайдағы мойыны қысқа? Мойыны да, бойы да ұзын, құлақтары кішкентай ғой», - деген екен. Ертегіні қайта оқып береді. Әңгімелесу. - Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? - Қоян не деді? - Кірпі не деді? - Ал керік ше? - Олар не тауып алды? Сергіту сәті: Өн бойымды тік ұстап, Таянамын бүйірді. Бастап кетем Дұрыстап Сәйгүлікше жүруді. Бір! Екі! Бір! Екі! (С. Қалиұлы) Ертегі кейіпкерлері туралы тақпақтарын сұрайды.
|
Қызыға қарайды, өздерін айнадан көріп жымияды.
Тыңдайды, суреттерге қарайды. .
- Иә, ұнады. Әр баланың дербес жауабы.
Қимылмен бірге көрсетеді.
«Қоян», «Кірпі» туралы білетін тақпақтарын айтады. |
Рефлексивті– түзетушілік
|
Қорытынды: Балаларға әртүрлі қимылдар жасатады: Тікірейіп құлағы Мене бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті – қолын жуа ды. Диалогты сөздермен балаларға ертегіні рөлдер арқылы ойнатады Балаларды мақтап, мадақтайды. |
Қимылдар жасайды.
Рөлге бөлініп ойнайды |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ертегі мазмұнын;
Болу керек: жануарлардың ерекшеліктері, айнадан көрінетін бейне туралы түсінік;
Істей білу керек: сөйлем құрастыра білу, өз ойын толық жасқанбай жеткізе білу, рөлге бөлініп ойнауды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.