Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Оценка 4.6
Руководства для учителя
docx
администрации
5 кл
26.12.2018
В этом материале изложены эффективные методы работы с текстом. Чтение текста, выполнение различных заданий к этому тексту: словарная работа, выявление незнакомых слов и выражений, применение инновационных методов обучения. Грамматический материал учащийся изучают с помощью авторской технологии Н. Оразахыновой. Спасибо за ваш труд!
публикация.docx
Тақырыбы: «Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары».
Тәжірибеге аңдатпа:
Берілген әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік тілді
жеделдетіп үйрету, соның ішінде мәтінмен тиімді жұмыс істеу жолдарын
қарастырады. Аталмыш мәселе өзге ұлт өкілдерімен мемлекеттік тілді үйрену
барысындағы мәтіннің алатын орны, мәтін мазмұнын игеруде қолданылатын
қызықты әдістер арқылы оқушылардың тіл үйренуге деген құлшыныстарын
арттырудың бірден –бір құралы екенін айқындап, сонымен қатар жаңашыл
технологияларды пайдаланып, сабаққа дайындық ретінде қолдануға
мүмкіндік береді.
Тәжірибе мазмұнының толық сипаттамасы:
КІРІСПЕ
Әлемдік жаһандану дәуірінде еліміздің халықтарын біріктіруші
фактор – мемлекеттік тілді оқыту технологияларын жетілдіріп, өзге ұлт
өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасау болып табылады.
Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудағы басты мақсат – оқушылардың
сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып айта білуге,
берілген мәтінді қысқаша әңгімелеп беруге дағдыландыру, ойын қазақша
олардың функционалдық
жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу,
сауаттылығын
арттыру.
Әдістемелік жұмысымның тақырыбын «Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді
жолдары» деп алу себебім, тіл үйренуде мәтіннің атқарар рөлі орасан зор,
оны
ететіні.
Тәжірибенің маңыздылығы: Бұл мәселені маңызды деп санайтын себебім,
бұл мәселе үстінде жұмыс жасау:
еңбекті
түсіне
көп
білу
талап
Мәтінді түсініп оқу арқылы оқушылардың оқуға деген құлшынысын
арттырады.
Оқушылардың сауаттылығын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау
қабілетін дамытады.
Материалды белгілі бір жүйемен беруді ұйымдастырады.
Оқу процесін орындау қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.
Әрбір оқушыны сабақтың барлық кезеңінде де жұмысқа белсендіреді.
Оқушының білім, білік, дағдысын қалыптастырады.
Тәжірибенің пайда болу және қалыптасу жағдайлары: Мұғалімнің орта
мектептегі қызметі, оқу орнында мемлекеттік тілді жеделдете оқыту
әдістерін пайдалану мүмкіндіктері.
Тәжірибенің теориялық негізі: Жұмыс жүйесі мұғалімнің көпжылдық
еңбегінің салдары, жаңашыл педагогтардың тәжірибесіне сүйене отырып,
оқу процесін іске асыру.
«Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары» Тіл – адамдардың бірбірімен қарымқатынас жасау құралы болса,
адамдар тіл арқылы қарымқатынас жасау үшін, ең алдымен сөзді түсініп,
сонан соң сөйлем құрастыра білуі шарт, тілді үйренудің негізгі мақсаты –
өзара сөйлесе, пікірлесе білуді үйрену. Қазіргі таңдағы заман талабы
мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды жанжақты қолданып, жаңаша
оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру болып
табылады. Осыған орай, қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту
әдістемесін жетілдіре түсу керек деген талап қойылады. Кезінде бір ғұлама :
«Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара»,деген
екен. Ендеше, ертеңгі ел тірегі жас ұрпақ, біздің шәкірттеріміз, еліміздің
болашағы жарқын болуына бірден бір себепкер күш. Елбасының «Еліміздің
болашағы жастардың қолында», деген сөзі де, өскелең ұрпақ алдындағы
ұстаздардың жауапкершілігін арттыра түседі . Шәкірттерімізге заман
талабына сай, тәлімтәрбие беруді, оқыту сапасын одан ары жетілдіре түсуді
міндеттейді. Байрақты елдің болашағы тілін, салтдәстүрін жоғалтпай, ұлттық
ерекшелігін сақтай отырып, дамудың даңғыл жолында сенімді, батыл
қадамдар жасауға шақырады. Себебі, елдік, ұлттық бірліктің бірденбір
айғағы мемлекеттік тіл. Бұл жайында Елбасымыз: «Мемлекеттік тіл елдің
барша азаматтарын біріктіретін, Ту, Елтаңба, Әнұраны секілді нышан.
Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе мемлекеттік
тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. Қоғамға біздің тіл
саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің
ұлт саясатының өзегі», дейді. Осы мақсатта қазақ тілін оқытатын өзге тілді
мектеп мұғалімдерінің де, көтерер жүгі жеңіл емес. Орыс мектебінде
оқытылатын қазақ тілі пәні – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға
үйрету, қазақ халқының әдетғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу
мақсатын көздейді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында сабақта
өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – мәтінмен жұмысты тиімді
ұйымдастыру болып табылады. Мәселенің өзектілігіне қарай мен өзімнің
әдістемелік
арнадым.
Мәтінмен жұмыс – сабақта жүргізілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан
құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс;
2. Сөздіктермен жұмыс;
3. Сөздік қорларын жетілдіру;
4. Тіл дамыту;
5. Ережемен жұмыс;
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру;
Мәтінмен жұмысты үш кезеңге бөлуге болады:
1. Мәтінді оқығанға дейінгі кезең;
2. Мәтінмен жұмыс кезеңі;
3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;
жұмысымды
тақырыпқа
осы Мәтін алдындағы жаттығулар және соған сәйкес жұмыс түрлері
мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде
танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды меңгерту болып
табылады.
Мәтінмен жұмыстың келесі кезеңінде мәтіннің тілдік материалы мен
құрылымына айрықша назар аударылады. Мұнда мәтін ішінен қажет мәліметті
бөліп алу, айыра білуге машықтандыру, жаттығуларды әртүрлі тәсілдермен
орындау тапсырылады.
Мәтiнмен жұмыс iстеу кезiнде жұмыс iстеудiң алғашқы қадамы (түрi)
оқушыларды мәтiндi дұрыс оқи бiлуге дағдыландыру керек. Ол үшiн
төмендегiдей қағидаларға сүйену қажет:
1) қазақ тiлiне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуы;
2) мәнерлеп оқуы;
3) дауыстап оқуы;
4) сөйлемдi мазмұнына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқуы;
5) кезекпен, араласып оқуы.
Дұрыс оқу дегеніміз – әрбір әріпті, буынды, сөзді бұрмаламай, сөздің
соңғы буынын «жұтып қоймай», анық оқу, әрбір сөзге екпінді дұрыс түсіру.
Түсініп оқу – тіл үйренуде қажетті әдіс. Оқушы сөзді, сөйлемді, тұтас
мәтінді түсініп оқымаса, ол жай механикалық түрдегі іс болып, оқушы сөз
де, тіл де үйрене алмайды. Қазақ тілін бірнеше жылдан бері оқитын өзге ұлт
оқушылары, «ежелеп» буынға бөліп тұрмай, орташа екпінмен оқуы қажет.
Мәнерлеп оқу дауыс екпінін дұрыс түсіріп, анық және түсініп оқу, яғни
оқушы әрбір сөзді анық айтып, тиісті тыныс белгілеріне тоқтап, басқа
біреудің сөзін оқығанда дауысты өзгертіп, сөзді анық, бұрмаламай оқиды.
Мәтінді оқығанда дұрыс, түсініп, жылдам, мәнерлеп оқу жеке – жеке
қолданылатын әдістер емес, қайта олар бір – бірімен тығыз байланыста,
бірлікте болады.
Мiне,
осындай қағидаларды пайдалана отырып,
дағдыландыруға және шапшаң оқуға жаттықтыруға болады.
Мәтiн оқушыларды оқуға үйретудiң негiзгi құралы, ол олардың ойын,
тiлiн дамытады, тәрбиелейдi, қазақша сөйлеуге үйретедi. Осыған орай,
пайдаланылатын мәтiнге мынадай талаптар қойған дұрыс.
1. Мәтiн оқушылардың бiлiмiне, түсiнiгiне сай алынуы қажет. Ол жеңiлден
ауырға бiртебiрте күрделенiп берілуі шарт.
2. Мәтiннiң мазмұны оқушыларды қызықтыратындай болуы тиiс, сонда ғана
оны оқушы тез меңгередi.
3. Мәтiндердiң тәрбиелiк мәнi болуға тиiсті. Оқушыларды достыққа,
бiрлiкке, адамгершiлiкке тәрбиелейтiн мәтiндердiң мәнi өте зор.
4. Мәтiндер қазақ халқының мәдениетiмен, әдетғұрыптарымен таныстыру
қызметiн атқаруы тиiс.
дұрыс оқуға Сондықтан да мәтiнмен жұмыс iстеу мұғалімнің жанжақты iзденуiн,
дайындалуын қажет етедi. Мұғалім барлық жұмыс түрлерiн қадағалап
отыруы тиiс.
Мысалы, мәтінмен жұмыс барысында оқушыларыма мәтiндi оқи отырып,
оларға таныс, бiлетiн сөздерiн бөлiп алып, олармен
сөз тiркестерiн
құрастырып, сөйлемдердi жазуын тапсырамын. Оқушыларым бұл тапсырманы
толық орындайды. Жазған сөйлемдерiн оқып береді.
Келесi кезекте мәтiндi қайтадан оқып, оқушыларыма енді түсiнiксiз, таныс
емес сөздердi тапқызып, оларды оқып, тақтаға (кейiн дәптерге) жазғызамын.
Бұл таныс емес сөздердiң аудармасын беріп, мағынасын түсiндiремін.
Таныс емес сөздердiң айтылуын, жазылуын, мағынасын түсiндiргеннен
кейiн, оқушыларыма бұл сөздермен сөз тiркестерiн, сөйлемдердi құрастыруды
тапсырамын.
Осы жұмыс барысында өткен сабақта берiлген сөздердi де қатыстырып,
байланыстырып отыруға тырысамын. Бұл жерде байланыстылық қағидасы
сақталады.
Мәтінмен жұмыс істеудің тағы бір түрі мәтiн бойынша сұрақтар қойып,
оларға жауап алу арқылы мәтiндi диалогқа (сұхбатқа) айналдыру. Мәтiн
бойынша жоспар құру өте тиiмдi. Себебi, жоспар жасау мәтiндi жақсы
түсiнуге, ойды жүйелi түрде жеткiзуге көмектеседi.
Мәтiннiң мазмұнын толық түсiну оның құрамында таныс емес күрделi
лексика мен тiркестер болмауын қажет етедi. Мұнда мәтiннiң мағынасы
оқушыларға түсінікті болып, оқушы оны сөйлеу процесiнде қолданады.
Мәтiндi толық түсiну үшiн арнайы тапсырмалар берiледi, олар оқылады.
Мәтінмен жұмысты төмендегі үлгіде ұйымдастыруға болады: мәтінді түсініп
оқу, оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар
жасау, бірнеше бөлімге бөліп оқу, негізгі және жанама ойды табу, мәтін
бөліктеріне ат қою, қорытынды жасау.
Ал үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе
білу. Мәтінді оқығаннан кейін мынадай жұмыс түрлерін орындауға болады:
1. Фонетикалық жаттығулар орындау;
2. Сөздік жұмыстарын жасау;
3. Логикалық сұрақтар құрастыру;
4. Сөйлем құрастыру; жай сөйлемнен сұраулы сөйлем жасау жұмысы;
5. Мәтінге жоспар құру;
6. Аударма жұмысын жүргізу;
7. Мәтінге ат қою;
8. Диалог, ситуация құру, сұраулы сөйлемдерге жауап беру;
9. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.
Мәтін бойынша келесі жұмыс логикалық сұрақтарды қоя білу және
сұрақтарға дұрыс жауап беруді оқушыға үйрету. Мысалы: бір оқушы
интерактивтік тақтадағы сұрақтарды оқып аударса, екіншісі оған жауап
сөйлемді осы әдіспен жалғастырады. Осылайша берілген сұрақ – жауапты әрі оқып, әрі аударып, түсініп алған соң, келесі оқушылар сұрақ – жауапты
аудармайақ оқып шығуына болады. Тақтадағы жаңа сөзді, сұрақжауапты
бірнеше оқушы оқып шыққан соң, кейбір сөздерді, сөйлемдерді хормен
оқытуға болады.
Мәтінмен байланысты тіл дамыту жұмыстарының бір саласы – жатқа айта
білуге үйрету. Жатқа тек өлең ғана емес, сонымен бірге мәтіннің аты, оның
ішіндегі жаңа сөздер, сөз тіркестері, кейбір сөйлемдер, жұмбақтар, мақал –
мәтелдер, грамматикалық анықтамалар алынады. Сол себепті сабақ сайын
қадағалап, оқушыларға жатқа айтуға тапсырманы үнемі беріп отырамын.
Жатқа айту арқылы оқушының тілі ширайды, сөздік қоры молаяды, сөзді, сөз
тіркестерін, сөйлемді бірнеше рет қайталау арқылы қазақ тілінде дұрыс
сөйлеп, қатесіз жазуды, сөздерге екпінді дұрыс түсіруді үйренеді. Оқулықта
берілген тапсырмалар мен жаттығуларды үйге берерден алдын сыныпта
бірнеше рет оқытып, айтқызып барып берген дұрыс деп ойлаймын.
Тіл дамыту жұмысының тағы да бір маңызды түрі – сөздікпен жұмыс.
Сөздікпен жұмысты тек мәтінмен жұмыс кезеңінде емес, сонымен бірге
грамматикалық анықтамаларды, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста,
өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға – жауап бергенде де жүргізіп
отырамын. Олай жасайтын себебім, орыс мектептеріндегі қазақ тілінің әр
сабағында жаңа сөз, жаңа ұғым түсіндіріледі. Сондықтан сөздікпен
жүргізілетін жұмысқа көп назар аудару керек.
Мысалы: «Бурабай» деген тақырып бойынша жұмысқа тоқталайық.
Интерактивтік тақтаға мына сөздерді жазамын:
Сабаққа байланысты меңгерілетін сөздер:
Таза ауа – чистый воздух
жарамсыз – непригодный
дем – дыхание
көңіл – настроение
ерекше – особенно
көл озеро
Табиғат – природа
Сондай – ақ, сұраққа жауап беру бойынша мынадай сұрақтарды тақтаға
жазамыз:
1. Көкшетаудағы ең әдемі көл қалай аталады?
Көкшетаудағы ең әдемі көл Бурабай деп аталады.
2. Бурабайдың суы қандай?
Бурабайдың суы тұщы, мөлдір.
3. Ауасы қандай?
Ауасы өте таза.
Сабақта тақырыпқа байланысты суреттерді қолданып, онымен жүргізілетін
жұмысты жоғарыда көрсетілген сөздік, сұрақтар бойынша жүргіземін.
Тақтадағы жаңа сөздердің мағынасын, аудармасын түсіндірген соң, үшін
өте
деп
пайдалы
есептеймін:
оқушылар өздері сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды. Келесі тапсырманы
осы сөйлемдерден шағын әңгіме құрастыру деп беремін.
Осы аталған іс әрекеттерді жүзеге асыруда оқушылар өзара тілдік қарым
қатынасқа түседі. Тілдік қарым қатынасқа түсу арқылы біз оқытудың
коммуникативтік технологиясын да іске асырамыз. Коммуникативтік оқыту
технологиясын жүзеге асыру жетістіктерін СентЭкзепюридің сөзімен де
айтуға болады: «Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарымқатынас
байлығы». Шынында да, адамдардың бірінбірі түсініп, бірбірімен қарым
қатынас жасай алуы қандай керемет, бірақ бұл қатынас бізге жеткіліксіз.
Өйткені, біз балалармен тек қана 45 минут кездесеміз, сұхбаттасамыз. Сол
себепті де мәтінмен жұмысты коммуникативтік оқыту технологиясының
элементтері ретінде ерекше атап өтуімізге болады. Сабақ үстінде мәтінді
оқытудың мынадай түрлерін қолдану мұғалімдердің жеке зерттеушілік
жұмыстары
1. Оқушыларға мәтінді дауыстап оқыту арқылы оқушының сөйлеу
элементерін меңгергендерін байқауымызға болады, оның тағы да бір тиімді
жері – оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.
2. Ал, іштей оқыту арқылы біз оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін
анықтауымызға болады. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір
мәтінді беріп, қай жерге дейін оқу керектігін белгілейміз. Әркім
белгіленген жерге келгенде кітаптарын жауып, оқып болғанын байқатады.
Осылайша оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін мұғалім өзі
белгілеп
Осындай жұмыстар негізінде, оқушының құзырлылығы коммуникативтік
оқыту технологиясы арқылы дамиды деген тұжырым жасауға болады.
Соның ішінде мәтінмен жұмыс олардың танымдық қабілеттерін дамытып,
сөздік қорын молайтады, оқытуда жағымды әрекеттерді қалыптастырады.
Әрбір ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең,
дәрежесінің биік болуы. Тек сонда ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.
Әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оның пәнге деген қызығушылығын
ояту үшін, өз тәжірибемде жиі пайдаланатын жұмыс түрі – сұрақжауап
жұмысы. Мұнда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сұраққа
қайтарылатын жауап көлемі де күрделеніп отырады. Мысалы, бастауыштан
кейін бесінші сыныпқа келген оқушылардың білім деңгейін анықтап алу
мақсатында, оларға тірексызбамен жұмыс орындатамын.
отырады.
жасым
отбасым
хоббиім
МЕН
сыныбым Мекенжайым
мектебім
достарым
түсіну
қабілетін
Тірексызбаға сүйене отырып, оқушыларым өзі туралы, өзінің отбасы, сыныбы,
достары, мектебі, туған жері жайлы сөйлемдер құрастырып, жауап беруге
тырысады. Өздерінің жауаптарын оқып, жіберілген қателерін түзету
барысында оқушылар тіл үйрену саласының маңызды бөлімі тыңдалым –
естігенін
жетілдіреді.
Оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың қазақ тілінде пікір алысу
қабілетін одан әрі жетілдіру үшін, өз сабақтарымды тіл дамыту сұрақтарымен
бастағанды ұнатамын. Оған мысал ретінде сабақ басындағы кезекші есебін
келтіруге болады:
Бүгін сыныпта мен кезекшімін.
Менің атыжөнім ..... .... .
аяз.
Сонан соң сұхбатты жалғастыру мақсатында оқушыларға: «Қане, кім
айтады неге күн суық, неге аяз? Қазір жылдың қай мезгілі?» деген сұрақтар
қойылады. Бұл сұрақтарға оқушылар толық жауап беруге тырысады: Қазір
жылдың қыс мезгілі. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста ауарайы
өте суық болады. Аяз болып, боран соғады. Ал, біздің жақта қыс өте ұзақ.
Себебі, біз солтүстікте тұрамыз деп жауап береді. Байқасаңыз, осының
барлығы мәтінмен жұмыс, осы сұрақжауап арқылы оқушылар белгілі бір
лексикалық тақырыпты меңгеруге тырысады. Мұндай лексикалық тақырыптар
сыныптан сыныпқа күрделеніп, өз жалғасын тауып отырады.
Сыныпта бәрі бар.
Бүгін он бесінші желтоқсан, аптаның сенбі күні.
Ауарайы
суық,
нашар.
Күн
Сондайақ сабақта мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік
мәніне байланысты мақалмәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша
дәптермен жұмыс жүргізуге болады. Одан басқа, оқушылардың назарын сол
мәтіннің авторына аударып, автор туралы да деректер беруге болады. Тағы да,
өз тәжірибеме сүйеніп, мысал келтірейін: Балалар, бүгін сендер қызығып
тыңдаған әңгімені кім жазған екен? Ол жазушыны білесіңдер ме? Автордың
қандай туындылары бар? деген сұрақтар қойып, оларды ойлануға, өз
ойларын ортаға салып, бөлісуге шақырамын. Сонымен бірге, ол автор туралы
буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасауға тырысамыз.
Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін
жаттаймыз, күйтабақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиотаспалар
тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер
арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер,
дидактикалық материалдарды іздестіріп, сабақта кеңінен қолданамын. Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдап, оқушылардың қызығушылығын
есепке ала отырып, оларды қазақша сөйлеуге жетелеймін. Сабақта әр түрлі
әдістәсілдерді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын оятып, одан әрі
жұмыс істеуге ықыласын сақтауға тырысамын. Соның ішінде әңгімелесу,
көрнекілік, техникалық құралдарды қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу
түрінде жүргізу, оқушының танымдық мәніндегі тапсырмаларды орындауы
арқылы білімпаздығын, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай
жасау, қазақша жазу, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақ тіліндегі
білімін байқауларда, конференцияларда, олимпиадаларда көрсетуге жағдай
жасауға бар күшімді салып, оларды ынталандырып отырамын.
Осындай жұмыс түрлеріне байланысты оқушылардың ойөрісін дамытуға,
терең білім алуларына мүмкіндік туады. Сабақта АКТ ды, «Алты
қалпақ», «Венн диаграммасы», «Фишбоун», «қаражапжазоқы айтып бер»,
«Веер», «Ой шақыру», «Сұрақ қою», «Кубизм», «Кластер», «Түртіп алу»,
«Бес жолды өлең» стратегиялары, машықтық, эвристикалық
әңгіме әдістерін пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды
белсендіре түседі. Қазіргі уақытта қазақ тілін жеделдете оқыту
бағдарламалары, электронды оқулықтары өте көп. Солардың ішіндегі
мәтіндерді, оған қоса берілген грамматикалық тапсырмаларды оқушылар
компьютерде көріп, тыңдап өз білімдерін жетілдіреді.
Тіл саласының әр бөлімін оқытуда Нұрша Оразахынованың «Сатылай
кешенді талдау» технологиясын асқан қызығушылықпен пайдаланамын.
Себебі, бұл технологияның грамматикалық тақырыпты меңгерудегі тиімділігі.
Талдаудың бір түрін орындау барысында оқушы белгілі бір тіл саласын толық
қамти отырып, бар білгенін еске түсіреді.
Тәжірибенің нәтижелілігі.
Сабақ барысында қолданылатын әдіс –тәсілдерімнің нәтижесі
оқушыларымның мектеп, аудан, облыс, республика көлемінде қол жеткізген
жетістіктері деп ойлаймын.
Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Казахский язык "Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді жолдары"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.