Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Оценка 4.7
Руководства для учителя
docx
окружающий мир
Взрослым
25.06.2018
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік! Тәуелсіздік! ...Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асылы. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Қазақ әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті..docx
Қазақ әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері пән мұғалімінің
басты міндеті.
Мектеп қабырғасынан бастап кітап оқығанбала болашақта да
қызығушылықпен жаңа шыққан туындыларды оқиды. Өз басымнан мысал
келтіріп айтайын, мектепте оқып жүрген кезде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
сабақ беретін апайымның ықпалымен, біршама әлем және төл әдебиеттің озық
туындыларымен танысқан болатынмын. Есесіне, жастайымнан оқыған
түйгендерім бүгінде мол пайдасын беруде. Мектепті тәмамдап, қара шаңырақ
ҚазҰУдыңфилология, әдебиеттану және әлем тілдеріне факультетіне
түскенім сол оқыған кітаптарымның әсері десем артық айтқандық емес.
Кредиттік жүйенің өзартықшылықтары мен кемшіліктері өз алдына,
студенттік өмір баршаға белгілі, көп нәрсеге уақыт жете бермейді. Осы ретте,
көптеген шығармамен бұрын таныс болғандықтан, оқығандарымды еске
түсіріп, уақытымды үнемдеуге қоғамдық өмірге белсене араласуға, зор
мүмкіндік туды. Түсінгенім: әрнәрсенің өз кезеңі, уақыты болады. Негізінде,
көркем шығарманы мектеп кезіндекөптеп оқу керек, себебі жас ұлғайған
сайын адамның істейтін шаруасы да, жауапкершілігі де үлкейе береді
екен...Көркем әдебиетті оқыту – пән мұғалімінің басты міндеті. Әдебиетті
оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса
қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін
оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда
әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр
алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
«Әдебиет әдістемесі
педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның:
қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту
сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарымқыатынасы болып
табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне
сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқутәрбие
мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену
негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз
шеңберінде алып баяндайды», — деп жазды көрнекті әдіскерғалым
А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика
ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы
ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге
ене
айқындап
айтқан.«Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың
жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал
жеке әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда,
қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады.
Ж.Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі
жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер», деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет
алатынын көрнекті
педагог
Ж.Аймауытұлы Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың
негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің
мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған
оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай
келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл
жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен
алу керек. Мұғалімнің қызметі өздігінен алатын … білімнің ұзақ жолы үшін
… балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген
мақсатқа қарай түзеп отыру», — деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы
бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың
білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау әдістеменің басты міндеті мен
қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф
ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер
ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың
бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген.
Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият
дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі
әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскерғалым ретінде төрт
жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін
дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған. Аса көрнекті әдіскерғалым
М.А.Рыбникова «Әдістеме дегеніміз уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін
жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді
таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі
жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдынала ұйымдастыру»,деп әдістеме
ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында
В.В.Голубков былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық
әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін
құрастырумен өзара ұқсас, сондайақ олар не үшін, нені және қалай деген үш
негізгі
Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі әдебиет пәні сабақтары мен
әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік
оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында
жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының оқутәрбие ісінде
өзара қарымқатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің өзін
әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде оқып үйрену
негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие
беру мен білімбілік дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын ашуоның
қарастыратын
мәселесі.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін,
ойлауын, көңілкүй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын
қалыптастыруда ерекше орын алады.Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу
үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу
бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды
сұрақтарға жауап береді.
басты жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды. Әдебиет пәні
оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы,
табиғаттағы, адамдар қарымқатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға
білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен
бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынтаықыласты оята
отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады. Әдебиет пәні оқушыны өнер
туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып,
онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн
мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада
кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын
шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік,
идеялықкөркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын
талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу
біліктерін қалыптастыруды көздейді. Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті
пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық
пән деген тұжырымға келеміз.
Қоғамның және мәдениеттің даму
өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны
оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық
әрі әлемдік
ең
алдыменмұғалімнің шығармашылық әрекетінің жүйелі болуына қызмет
ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші
мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек.
Сондайақ
ғылыми әдістемелерін
жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы
арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға
тиіс»,дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
туындыны талдаудың
негізделеді.
тәжірибеге
Әдістеме
көркем
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен
дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы
қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму
бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар:
— әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап,
тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; VІХ сыныптарды негізгі базалық
біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке
сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық
бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін
жарыспалы
жасау;
— әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілікэстетикалық сарынын
күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені
ашуды, ұлттық әдетғұрып, салтдәстүрлерді танытуды, сол арқылы
бағадарламалар қол
арттыру
оқырман
мұғалім
ізденісін
ретіндегі
мәдениетін
нәтижелігіне
ете
алатын
стандартқа сай білім,
оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
— оқушының көркемдікассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер
табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялықэстетикалық мән
мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына
ортақтасуына жағдай жасап,
біліктілікпен
қаруландырып,
көтеру;
— оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі
ой дербестігін, оқутанымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ
тиімділігін
жеткізу;
— оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында
бірлескен мақсатты қарымқатынас, субъектсубъект дәрежесіндегі еркін
диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін
қамтамасыз
қолдау;
— әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім
салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл
мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ
бағдарлама
жасау;
— әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми
дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім берудің жаңа
технологиясын
ендіру.
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдебибілім
тұжырымдамасының негізгі
Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік
тәжірибеге
болады.
«Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқутәрбие үрдісін
ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондайақ жеке әдістемелердің
интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне
жақын келуі,
сабақтардың жаңа
технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру
болып табылады».
вариативті бағдарламалардың,
ұстанымдары.
сай
де
келеді
деуге
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму
бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім
кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. –
А., 1969.
2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп,
1969.
3. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998. 4. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
5. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбіп мәселелері. – А., 1994.
6. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған
бағдарлама. V – IX, X – XI сыныптар, — А., 1999.
7. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.
8. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993.
9. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. – А., Мектеп, 1979.
10. Жұмажанова Т.
Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың ғылыми — әдістемелік негіздері. А., 1995.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.