Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі.docx
Павлодар қаласы, №30 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ауталипова Г.С.
Тел. №87051647568
email: autalipova1977@mail.ru
Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім
беру негіздерінің бірі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған
сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және
күшқуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ойөрісін байыту»
деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа
технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру
жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда
барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің ісәрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық
қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі
топтардағы адамдармен тиімді қарымқатынас диалогына түсе алатын білімді тұлғаны
тәрбиелеу
отыр.
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты
тегеурініне төтеп бере алатын білімгерлер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің
жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы
іске асады.
мәселесін
қойып
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік тәсілді алу
ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге
бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзыреттілік жаңа әлеуметтік –экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді
және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздырады.
«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп лингвистикаға енгізген американдық
ғалым Н.Хомский. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды.
Бірақ бұл ББДның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім
және білік) ғана емес, сонымен бірге ол білімгерлердің шығармашылық ісәрекет
тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл
алынған білімдер мен біліктерді ісжүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық
және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен, оқытудағы
құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз
кезегінде кешенді әдістәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас
жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын
педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, ісәрекет
түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білімгердің хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды
танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде;
практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын
бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір
салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет
болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені
шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің
негізі бола алады» деп жазады .
Тұлға
жолдары:
К.Құдайбергенова:
білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады;
тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметікпсихологиялық сипаты көрінеді, деп
тұжырымдайды .
құзырлылығын
қалыптастыру
Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп білімгердің қазіргі көпфакторлы
әлеуметтіксаяси, нарықтықэкономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан
кеңістік жағдайында тіршілік ету қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игеруге жағдай
жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:
түйінді құзыреттер;
жалпыланған пәндік біліктіліктер;
қолданбалы пәндік біліктіліктер;
өмірлік дағдылар;
«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы
төмендегідей ажыратылады:
А) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет
формасы түрінде байқалады.
Ә) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды
шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.
Б) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес,
керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну. Қазіргі кездегі білім берудегі оқытушының мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны
өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген
мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің білімгерлердің алдына
қойылатын талаптар да күнненкүнге, жылданжылға өсуде. Заман талабы білімгерлердің
бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Білім беру жүйесінде білімгерлердің бойында коммуникативтік құзыреттілікті
қалыптастыруда ақпараттықкоммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл
технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу
шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын
жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.Білімгерлердің қазіргі заман талабына сай
білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына
нұр құя алады» . Мұғалімнің ізденісі, жанжақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы
айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде
төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады:
Болжау
Ұйымдастыру
Бақылау
Реттеу
Үйлестіру
Сәйкестендіру
Белсенділігін арттыру
Зерттеу
Оқыту формасында білімгердің өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне
бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу
қажет. Білімгер қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл
қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.
Білімгерлердің шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік
құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу,
талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру
біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім
аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу
дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен
әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі
әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Білімгер хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза,
сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін
коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен
жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.
Білімгерлерді шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс: бағдарламалықмотивациялық;
ізденушілікзерттеушілік;
тәжірибелік;
рефлексиялық бағалаушылық;
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын
ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, білімгердің
шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, білімгер шығармашылығын дамытуда
«шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,
біріншіден, білімгерлер дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек
адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын
ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Білімгерлерді келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулуға болады деп есептеймін:
сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;
жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
нақыл сөздердің мәнін ашу;
мақалмәтелдер негізінде әңгіме жазу;
жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;
достарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;
автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу;
өлең құрастыру;
жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
ұжым болып ертегі құрастыру;
ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
ақынжазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;
оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу;
қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;
баспасөз материалдары бойынша пікір айту;
өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;
ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
іс қағаздары үлгілерін жаздыру;
тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
автордың көзқарасы туралы айта білу;
көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б. Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны
құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және
күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік
және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар
аударылып отыр.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт
талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор
жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп
отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің
шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Білімгерлердің
шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай
туындайтын қажеттілік. Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Тұрғанбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында
дамыту: теория және тәжірибе. Aлматы, 2005.
2. Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі. Алматы, 2008.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.Алматы2008.
4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.