ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛІ.docx
Павлодар қаласының №30 жалпы білім беру мектебі
Ауталипова Г.С.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
email: autalipova1977@mail.ru
тел: 87051647568
ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – БІЛІМ БЕРУДІҢ
ЖАҢА САПАСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛІ
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең
дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар
аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім
беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол
білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп
немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің
тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз –
алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең
бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы –
мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал
бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жанжақты
дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың
ұлттық әдетсалты, көзқарасы шыққан түптамырында жататыны белгілі. Сол
ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл
десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып
кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында бытшыты
шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен
шеберлікті қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бейжайлық
танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің
біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма?
Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың
әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жанжақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс
қажет.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін
объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін,
ынтасын оятар ісәрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным
белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру
көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік ісәрекетке
оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ
мазмұнының түрлерін, оқытудың амалтәсілдерін түгелдей өзгерту қажет,
қазір жалпылама баяндау, сұрақжауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз
нәтижесін бере алмайды.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім
мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп,
алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді
түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері
істегеннің 90% қалады.
болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың
белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды),
М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың
интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған),
Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік
тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады). Сонымен
қатар, деңгейлеп саралап оқытуға тоқталып өтсем, әдетте сабақты жақсы
оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 3040%
құрайды, олар тапсырманы жүйежүйесімен дәйекті түрде белгіленген уақыт
ішінде орындап шығады, ал үлгерімі орташа немесе төмен оқушылар қосымша
тапсырмаларды ысырып қойып, әуелі негізгі элементтерді орындайды да,
оларды әбден меңгерген соң барып, қосымша тапсырмаларға қайта айналып
соғады. Оқушылар тапсырманың негізгі бөлігін белгіленген уақытта, яғни 15
17 минутта орындап шығуы үшін мен тапсырманың саны мен күрделілігін
мұқият іріктеп аламын. Сабақ кезінде интерактивті тақтамен жұмыс істеуді
дұрыс ұйымдастыру, оқытудың әр деңгейлі әдісін қолдануға жағдай жасайды.
Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы
оқушылардың материалды игеру қарқынының мүмкіндіктерін ескере отырып,
оларға әр түрлі көмек көрсетуге жол ашады. Осы мақсатпен Ж.А.Қараевтың
деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланамыз. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
1.Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі
тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарда алған
білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3.Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана
отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой
белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4.Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының
дамуын қамтамасыз етеді.
Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем
шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,» деп түсіндіріледі.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасыжаңарту процесі,
жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық
табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен
дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс
деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген
кезде дамуға өріс ашылады.
Л.В.Занков ақылой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық ісәрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақылойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту
барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге
келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық)
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге
көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға,
есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі
білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта
ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда
төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған
жүйесінің негізгі компоненттері.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.
Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады.
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім
табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр
оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады.
Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала
жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Мұндай көзқарасты ұлы Абай да
уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын
мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын
айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын
біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз
таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш
түрлі жан құбылысын әдебипублицистикалық тұрғыдан көрсеткенін
байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда
да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы
өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде
жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше
шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің
жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары
оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді
шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің
деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы”
ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады,
құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің
әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді
жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын
қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарымқатынасы арқасында ғана өз жемісін
береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз,
оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін
ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын
тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы тұлға болып
табылады.
арналған
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру
үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Сондайақ оқушының танымдық ісәрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды
тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі –
электрондық оқулық.
Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа
информацияларды жеткізуге, сондайақ игерілген білім мен біліктерді тесттік
бақылауға
құрал.
Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға
жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі
жақты білім алады: біріншісіпәндік білім, екіншісікомпьютерлік білім.
Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық
жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік
береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы:
ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек сигналдар арқылы оқыту, т.с.с.
Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады,
осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіндежақсы сақтайды, өз
бетінше
қалыптасады.
программалық
қабілеті
жасау
жұмыс Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту және Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі «Elearning» электронды
оқытуды
керек.
Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды
пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби
өсуінің тура жолы. Біздің мақсатымыз заман талабына сай білімді де білікті
маман тәрбиелеу.
кету
айта
да Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
2. Республикалық ғылымиәдістемелік журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті»
2012 ж. №5
3. Құдайбергенова К.С.
Инновациялық тәжірибе орталығы –
педагогикалық технология көзі //Алматы 2001 75 б.
4. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. //
Қазақстан мектебі, №6–2006.
5. Насимов М.Ө. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді
инновациялық дамытудың өзекті мәселелері // «Инновациялық ойшыл
мамандарды кәсіби даярлау тұрғысындағы Қазақстан Республикасының
стратегиясы»
ғылымитәжірибелік
конференцияның материалдары. – Алматы: Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университеті, 2013. – 3436 бб.
республикалық
атты
6. Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері»,
Қызылорда, 2004 ж.
7. Нағымжанова Қ.М. Оқу процесінде инновациялық ісәрекеті. Өскемен:
МедиаАльянс,2004.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Казак әдебиеті пәнін инновациялык оқыту әдістері - пән мұғалімінің басты міндеті.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.